Главная страница
Навигация по странице:

  • Рульдік күшейткіштер

  • Гидрокүшейткіш

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница14 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    тарау. РУЛЬДІК БАСҚАРУ

    1. Атқаратын қызметі және түрлері

    Рульдік басқару деп автомобильдің басқарылатын дөңгелектерін бүруды іске асыратын қүрылғылардың жиынтығы аталады.

    Рульдік басқару автомобиль қозғалысының бағытын өзгертуді және үстап түру үшін қызмет«етеді. Ол автомобиль қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай дәрежеде қамтамасыз етеді.

    Автомобильдерде қозғалыс бағытын өзгерту алдыңғы дөңгелектердің рульдік басқарудың әртүрлі түрлерімен бүрылуымен іске асады (9.1 - сурет).

    Сол жақ немесе оң жақ рульдік басқарудың қолданылуы қандай- да бір мемлекетте көлік қозғалысының қабылданған бағытына байланысты. Сол жақ рульдік басқару оңжақты көлік қозғалысы қабылданған мемлекеттердің (Ресей, АҚШ және т.б.) көпшілігіндегі автомобильдерде қолданылады, ал оң жақ рульдік басқару - солжақты көлік қозғалысы бар мемлекеттерде (Жапония, Үлыбритания) қабылданған. Бүл кезде автомобильдің сол жақ немесе оң жағында орнатылған рульдік дөңгелек, қарсы жүріп келе жатқан көлікпен жүру кезінде жақсы көрінуді қамтамасыз етеді.




    9.1 - сурет. Әртурлі белгілері бойынша жіктелген рулъдік басцарудың турлері








    9.2 - сүрет. ВАЗ алдыңгы желілі жеңіл автокөліктің
    рөлдік басқарылуы:


    1. рычаг; 2-шарнир; 3, 5-тартпалар; 4, 34-гайкалар; 6-саусақ;

    1. 13-қындар; 8-жаймалар; 9, 33-серітпелер; 10, 20-болттар;

    1. скоба; 12-негізгі тірек; 14, 15-пластиндер; 16, 17-төлкелер; 18-рейка; 19-картер; 21-муфта; 22-сөндіретін қүрылгы;

    23-рөл доңгалагы; 24, 29, 31-айгөлектер; 25-білік; 26-колонка;
    27-кронштейн; 28-қақпақ; 30-тістегеріш (шестерня); 32-тіреуіш


    Әртүрлі құрылымдағы рульдік басқарудың қолданылуы (күшейткішпен немесе күшейткішсіз) автомобильдің түріне және мақсатына байланысты. Күшейткіші жоқ рульдік басқару әдетте ерекше шағын және шағын кластағы жеңіл автомобильдерде және жүккөтергішітігі шағын жүк автомобильдерінде орнатылады. Күшейткіші бар рульдік басқару барлық қалған автомобильдерде қолданылады. Бұл кезде оларды басқаруды едәуір жеңілдетеді, маневрлікті жақсартады және қозғалыстың қауіпсіздігі жоғарылайды - шина жарылған кезде автомобильді қозғалыстың берілген траекториясында үстап түруға болады.







    9.3 — сурет. Басқарылатьт дөңгелектердің тәуелсіз (а) және тәуелді
    (6) аспалары кезіндегірулъдік басцару:


    1-рулъдік дөңгелек; 2-білік; 3-рулъдік беріліс; 4, 12-цапфалар; 5, 9, 11,
    14-иінтіректер; 7-сирақиіа (сошка);


    6, 8, 10, 13, 15-тартымдар

    Рульдік басқарудың құрылымы көбінесе автомобильдің алдыңғы дөңгелектерінің аспаларының түріне байланысты. Алдыңғы баскарылатын дөңгелектердің аспасы барлық жеңіл автомобильдерде қолданылатындай тәуелсіз болса, күшейткіші жоқ рульдік басқаруға (9.3 а сурет) рульдік дөңгелек (1), рульдік білік (2), рульдік беріліс (механизм) (3), рульдік сирақша (сошка) (7), орта рульдік тартым (8), маятниктік иінтірек (рычаг) (9), бүйірлік рульдік тартымдар (6) жөне (10), бүрылмалық цапфалардың иінтіректері (5) және (11) кіреді.

    Рульдік дөңгелек (1) айналған кезде, күш одан алдыңғы дөңгелектердің бүрылмалық цапфаларына (4) және (12) білік (2), рульдік беріліс (3), сирақша (7), орта (8) және бүйірлік (6) және (10) тартымдар, иінтіректер (5) және (11) арқылы беріледі. Нәтижесінде автомобильдің басқарылатын дөңгелектері бүрылады.

    Алдыңғы дөңгелектердің аспалары тәуелді болған кезде (9.3 б сурет) күшейткіші жоқ рульдік басқарудың қүрамына рульдік дөңгелек (1), рульдік білік (2), рульдік беріліс (3), рульдік сирақша

    1. , үзына бойғы рульдік тартым (13), бүрылу иінтірегі (14), бүрылмалық цапфалардың иінтіректері (5) және (11) және көлденең рульдік тартым (15) кіреді. Рульдік дөңгелектер (1) айналған кезде онымен бірге білік (2) айналады. Біліктен күш рульдік беріліс (3) арқылы сирақшаға (7) берледі, ол үзына бойғы тартым (13) арқылы сол жақ дөңгелектің бүрылмалық цапфасы (4) бар иінтіректі (14) жылжытады. Біруақытта (5) және (11) иінтіректер және көлденең тартым (15) арқылы оң жақ дөңгелектің цапфасы бүрылады. Осылайша автомобильдің басқарылатын алдыңғы дөңгелектері бүрылады.

    1. Жарақатқа қауіпсіз рульдік басқару

    Жеңіл автомобильдерде жарақатқа қауіпсіз рульдік басқарулар кең қолданыс тапқан.

    Жарақатқа қауіпіз рульдік басқару автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғаларының салдарының ауырт- пашылығын азайту қасиетін қамтамасыз ететін конструктивті шараларының бірі болып табылады. Рульдік басқарудың рульдік механизмі кедергімен бетпе-бет соғылу кезінде барлық рульдік механизм жүргізуші жағына ауысып, автомобильдің алдыңғы бөлігі мыжылған кезде жүргізушіге айтарлықтай жарақат салуы мүмкін.

    Жүргізуші сондай-ақ бетпе-бет соқтығысудың салдарынан, қауіпсіздік белдеулері әлсіз тартылғанда жылжу 300-400 мм қүрайтын күрт жылжып кету кезінде рульдік дөңгелектен немесе рульдік біліктен жарақат алуы мүмкін. Барлық жол-көлік оқиғаларының 50% астамын қүрайтын бетпе-бет соқтығысу кезінде жүргізуші алатын жарақаттың ауырлығын азайту үшін жарақатқа қауіпсіз рульдік механизмдердің әртүрлі қүрылымдарын қолданады. Осы мақсатта соғылу кезінде салынатын жарақаттың ауырлығын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін батырылған күпшегі (ступица) және екі кегейі (спицы) бар рульдік дөңгелектен басқа, рульдік механизмде арнайы энергия жүтушы қүрылғыны орнатады, ал рульдік білікті көбінесе қүралған етіп жасайды. Мүның барлығы кедергілермен, автомобильдермен және басқа да көлік қүралдарымен бетпе-бет соғылған кезде автомобиль шанағының (кузов) ішіне рульдік біліктің аз ғана жылжуын қамтамасыз етеді.







    1. сурет. Жарақатқа қауіпсіз рульдік механизмдер: 1-кроніитейн; 2-кардандық шарнир; 3-гофраланган цилиндр; 4-перфорацияланган қубыр

    1. а суретте рульдік білігі кардандық шарнирлермен 2 біріктірілген үш бөліктен түратын жеңіл автомобильдің рульдік механизмі көрсетілген, ал энергия жүтушы қүрылғьгаың ролін рульдік біліктің автомобиль шанағына арнайы бекітілу орындайды. Автомобильдің алдыңғы бөлігі деформацияланатын бетпе-бет соғылу кезінде рульдік білік бүктеледі және автомобиль шанағының салонына біраз жылжиды. Бүл кезде рульдік біліктің бекітілуінің кронштейні (1) деформацияланады және соққы энергиясының бөлігін жүтады.

    Энергия жүтушы қүрылғысы бар рульдік механизм 9.4 б суретте көрсетілген. Рульдік дөңгелек рульдік білікпен металдан жасалған гофраланған цилиндрмен (3) жалғастырылған, ол соғылу кезінде деформацияланады, жартылай соққы энергиясын жүтады және рульдік біліктің аздап жүргізуші жағына жылжуын қамтамасыз етеді.

    1. в суретте рульдік білігінің жоғарғы бөлігі перфорацияланған қүбыр (4) түрінде орындалған рульдік механизм көрсетілген. Сондай- ақ тізбекті процесс және рульдік біліктің жоғарғы бөлігінің біршама айтарлықтай барынша көп деформациясы көрсетілген.

    Жеңіл автомобильдердің жарақатқа қауіпсіз рульдік басқа- руларында қүралған рульдік біліктерді жалғастыратын басқа да энергия жұтушы қүрылғылар қолданылады. Оларға арнайы қүрылымдағы резіңке муфталар, және де рульдік біліктің жалғанатын бөлшектерінің үштарына пісіріп жапсырылған үзына бойғы бірнеше пластиналар түрінде жасалған “жапон фонаригі” түріндегі құрылғылар жатады. Соғылу кезінде резіңке муфта бүзылады, ал жалғастыру пластиналары деформацияланады жөне рульдік біліктің шанақ салонының ішіне жылжуын азайтады.

    Автомобильдің рульдік басқарылуы екі бөліктен түрады: рульдік механизм және рульдік жетек. Рульдік механизмге рульдік дөңгелек, рульдік білік және рульдік механизмнің түрін анықтайтын рульдік беріліс кіреді. Рульдік жетекке рульдік сирақша, рульдік тартымдар, иінтіректер (маятниктік және бүрылу цапфаларының), жөне де бірқатар автомобильдерде орнатылатын рульдік күшейткіш кіреді. Бүл кезде рульдік тартымдар және бүрылмалық цапфалардың иінтіректері, рульдік жетектің түрін анықтайтын рульдік трапецияны түзеді.

    1. Рульдік механизм

    Рульдік механизм деп рульдік дөңгелектің айналуын, басқарылатын дөңгелектердің бұрылуын туындататын рульдік жетектің үдемелі жылжуына түрлендіретін механизм аталады.

    Рульдік механизм рульдік дөңгелекке жүргізуші салатын күшті көбейту үшін және оны рульдік жетекке беру үшін қызмет етеді. Жүргізушінің күшін көбейту автомобильді басқаруды жеңілдету үшін қажет. Рульдік дөңгелекке салынатын күшті көбейту рульдік механизмнің беруші санының есебінен жүргізіледі.







    1. - сурет. Рулъдік механизмдердің турлері

    Рульдік механизмнің беруші саны деп рульдік дөңгелектің бүрылу бүрышының рульдік сирақшаның білігінің бүрылу бүрышына қатынасын атайды. Рульдік механизмнің беруші саны автомобильдің түріне байланысты және жеңіл автомобильдерде 15...20 күрайды және жүк автомобильдері мен автобустарда 20...25 қүрайды. Мүндай беруші сандар рульдік дөнгелектің бір-екі толық айналымы ішінде автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің 35...45° тең барыша кеп бұрыштарға бүрылуын қамтамасыз етеді.

    Автомобильдерде рульдік механизмдердің әртүрлі түрлері қолданылады (9.5 сурет).

    Тісті бурандалы (червячные) рулъдік механизмдер жеңіл, жүк автомобильдерде және автобустарда қолданылады. Ең көп таралғаны - тісті бүрандадан және роликтен түратын тісті бүрандалы-роликті механизмдер (9.6 а сурет). Тісті бүранда (1) глобоид формасына ие: оның диаметрі орта бөлігінде үштарына қарағанда азырақ. Мүндай форма рульдік дөңгелек үлкен бүрыштарға бұрылған кезде тісті бүранданың роликпен (3) сенімді тіркесуін қамтамасыз етеді. Роликтер екі немесе үш тарақты (гребень) болуы мүмкін. Екітарақты роликтер жеңіл автомобильдердің рульдік механизмдерінде қолданылады, ал үштарақтылар - жүк автомобильдері мен автобустарда қолданылады.

    Рульдік білікке (2) бекітілген тісті бұранда (1) айналған кезде, сәт тісті бүрандадан рульдік сирақшаның білігінің (4) ойығында (паз) орналасқан осьтегі мойынтірекке орнатылған роликке (3) беріледі. Бүл кезде тісті бүранданың глобоидтік формасьіның арқасында рульдік дөңгелек үлкен бүрыштарға бүрылған кезде оның роликпен сенімді тіркесуі қамтамасыз етіледі.

    Тісті бүрандалы-роликтік рульдік механизмдердің габариттік өлшемдері көп емес, жүмыс істеуде сенімді және қызмет көрсетуге қарапайым. Олардың ПӘК-і (пайдалы әсер коэффициенті) едәуір жоғары және рульдік дөңгелектен басқарылатын дөңгелектерге күшті беру кезінде 0,85-ті қүрайды, және басқарылатын дөңгелектерден рульдік дөңгелектерге күш беру кезінде - 0,7-ні қүрайды. Сондықтан рульдік механизмдегі үйкелістен өтуге жүмсалатын жүргізушінің күші көп емес.







    1. - сурет. Рулъдік механизмдер: а-тісті бүрандалы-роликтік; б-бүрамалы рейкалы; в-рейкалы; 1-тісті бүранда; 2, 4, 9-біліктер; 3-ролик;

    5-бүрама; 6-гайка; 7-иіарик; 8-сектор; 10-тістегершік (шестерня);

    11-рейка

    Тісті бүрандалы-секторлы рульдік механизмдер азырақ таралған және олар тек қана жүк автомобильдерінде ғана қолданылады. Бүл механизмдер цилиндрлік тісті бүрандадан және спиралдық тісшелері бар бүйірлік сектордан түрады. Олар үлкен күштерді беру кезінде тісшелерге көп емес қысым түсіреді және аз ғана тозады. Дегенмен олардың ПӘК-і төмен және рульдік дөңгелектен және кері қарай күш беру кезінде сәйкесінше 0,7-ге және 0,55-ке тең.

    Бурамалы рульдік механизмдер ауыр жүк автомобильдерінде қолданылады. Ең көп қолданылатындары бүрамалы-рейкалы рульдік механизмдер.

    Бүрамалы-рейкалы рульдік механизмнің (9.6 б сурет) қүрамына бүрама (5), шариктік гайка-рейка (6) және рульдік сирақшаның білігімен (9) бірге дайындалған сектор (8) кіреді.

    Бүрамалы-рейкалы механизмде бүраманың (5) айналуы гайканың (6) үдемелі жылжуына түрлендіріледі, гайкада рульдік сирақшаның білігінің тісті секторымен (8) тіркескен рейка кесілген. Үйкелісті азайту үшін және тозуға шыдамдылықты жоғарылату үшін бұраманың гайкамен жалғасуын шариктер (7) арқылы жасайды.

    Бүрамалы-рейкалы механизмнің ПӘК-і екі бағытта да дерлік бірдей, өте жоғары және 0,8...0,85 аралығында. Сондықтан бүрамалы- рейкалы рульдік механизмде жолдың кедір-бүдырынан рульдік дөңгелекке берілетін түрткілер мен соққыларды қабылдайтын рульдің гидрокүшейткішін қолданады.

    Бүрамалы-иінтіректік рульдік механизмдер қазіргі кезде сирек қолданылады, өйткені ПӘК-і төмен, және тозуы айтарлықтай, оны реттеумен орнын толтыру мүмкін емес.

    Тісті дөңгелек рульдік механизмдер негізінен шағын және орта кластағы жеңіл автомобильдерде қолданылады. Бүл кезде цилиндрлік немесе конустық тістегершіктерден түратын тістегершікті рульдік механизмдер сирек қолданылады. Көп қолданылатындар - рейкалы рульдік механизмдер. .

    Рейкалы рульдік механизм (9.6 в сурет) тістегершіктен (10) және рейкадан (11) түрады. Рульдік білкке бекітілген тістегершіктің (10) айналуы, көлденең рульдік тартымның ролін атқаратын рейканың (11) жылжуын туындатады.

    Рейкалы рульдік механизмдер қүрылымы бойынша қарапайым, жинақы және басқа түрдегі рульдік механизмдерге қарағанда бағасы азырақ. Олдарың ПӘК-і өте жоғары, екі бағытта да шамамен бірдей және 0,9...0,95 тең.

    Кері ПӘК-нің үлкен шамасына байланысты күшейткіштері жоқ рейкалы рульдік механизмдерді ерекше шағын және шағын кластардағы жеңіл автомобильдерде орнатады, өйткені тек осы жағдайда ғана олар жолдың кедір-бұдырынан рульдік дөңгелекке берілетін түрткілер мен соққыларды жүтуға қабілетті.

    Рейкалы рульдік механизмі бар жоғарырақ кластағы жеңіл автомобильдерде жол тарапынан түрткілер мен соққыларды жүтатын рульдің гидрокүшейткіші қолданылады.

    1. қолында ұстап қала алады және автомобиль қозғалысының бағытын сақтап қала Рульдік жетек

    Рульдік жетек деп автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің рульдік механизммен байланысын іске асыратын тартымдар мен иінтіректердің жүйесі аталады.

    Рульдік жетек рульдік механизмнен басқарылатын дөңгелектерге күшті беру үшін және дөңгелектердің дүрыс бүрылуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

    Автомобильдерде рульдік жетектердің әртүрлі түрлері колданылады (9.7 - сурет).

    Рульдік жетектің негізгі бөлігі болып рульдік трапеция табылады.

    Рульдік деп көлденең рульдік тартымдармен, бүрылмалық цапфалардың иінтіректерімен және басқарылатын дөңгелектердің осімен түзілген трапецияны атайды (9.3 - сурет). Трапецияның негізі болып дөңгелектердің осі, төбесі болып - көлденең тартымдар (6),

    1. , және (10), ал бүйірлік жақтары болып - бұрылмалық цапфаның иінтіректері (5) және (11) табылады. Рульдік трапеция басқарылатын дөңгелектерді әртүрлі бүрыштарға бүру үшін қызмет етеді.

    Ішкі дөңгелек (автомобильдің бүрылу орталығына қатысты) сыртқы дөңгелекке қарағанда үлкенірек бүрышқа бүрылады. Бүл, автомобиль бұрылған кезде дөңгелектердің бүйірлік сырғусыз және ең аз кедергімен дөңгелеуі үшін қажет. Олай болмаған жағдайда автомобильдің басқарылуы нашарлайды, отын шығыны және шиналардың тозуы көбейеді.

    Рульдік трапеция алдьщғы және артқы болуы мүмкін. Алдыңғы деп алдыңғы басқарылатын дөңгелектердің (9.3 а сурет) осінің алдында орналасқан рульдік трапеция аталады. Артқы деп алдыңғы басқарылатын дөңгелектердің (9.3 б сурет) осінің артында орналасқан рульдік трапеция аталады.

    Автомобильдерде алдыңғы және артқы рульдік трапециясы бар рульдік жетектерді қолдану автомобильдің қүралуына және оның рульдік басқарылуына байланысты.







    1. сурет. Әртүрлі белгілері бойынша жіктелген рулъдік жетектердіц түрлері

    Бүл кезде рульдік жетектің тілікті және тіліксіз рульдік трапециясы бар болуы мүмкін. Тілікті немесе тіліксіз трапециясы бар рульдік жетекті қолдану автомобильдің алдыңғы басқарылатын дөңгелектерінің аспаларына байланысты.

    Тіліксіз деп басқарылатын дөңгелектерді жалғастыратын түтас көлденең рульдік тартымы бар рульдік трапеция аталады (9.3 б сурет). Тіліксіз рульдік трапеция жүк автомобильдерінде және автобустарда алдыңғы басқарылатын дөңгелектердің тәуелді аспасы кезінде қолданылады.

    Тілікті деп басқарылатын дөңгелектерді жалғастыратын көпбуынды көлденең рульдік тартымы бар рульдік трапеция аталады (9.3 а сурет). Тілікті рульдік трапеция жеңіл автомобильдердегі басқарылатын дөңгелектердің тәуелсіз аспасы кезінде қолданылады.

    1. Рульдік күшейткіштер

    Рульдік күшейткіш деп сүйықтықтьщ немесе сығылған ауаның әсерінен автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің бүрылуы үшін қажетті рульдік жетекке қосымша күш туындататын механизм аталады.

    Күшейткіш автомобильді басқаруды жеңілдету үшін, оның маневрлігін жоғарылату үшін және қозғалыстың қауіпсіз болуы үшін қызмет етеді. Ол сондай-ақ жолдың кедір-бүдырларынан басқарылатын дөңгелектерден рульдік дөңгелекке берілетін түрткілер мен соққыларды азайтады.

    Күшейткіш жүргізушінің жүмысын едәуір жеңілдетеді. Ол бар болған кезде жүргізуші, рульдік дөңгелекке күшті күшейткішсізге қарағанда, 2-3 есе азырақ жүмсайды, күшейткіш болмағанда, мысалы, орта және үлкен жүк көтергіштігі бар жүк автомобильдері мен автобустарды бүру үшін 400 Н дейін және одан көп күш қажет. Бүл едәуір елеулі, өйткені жүргізушінің автомобильді басқаруға жүмсайтын энергиясының барлығының 50% дейінгісі рульдік басқаруға келеді.

    Рульдік күшейткіші бар автомобильдің маневрлігі оның әрекетінің жылдамдығы мен дәлдігінің салдарынан жоғарылайды.

    Қозғалыс қауіпсіздігі жоғарылайтындығының себебі, күшейткіш бар болған кезде алдыңғы басқарылатын дөңгелектердің шинасындағы ауа қысымы күрт төмендеген кезде (тесілген немесе шина жарылған кезде) жүргізуші рульдік дөңгелектерді алады.

    Дегенмен күшейткіштің болуы рульдік басқарудың қүрылымының күрделі болуына жөне бағаның жоғарылауына, шиналардың тозуына, рульдік жетектің бөлшектеріне көбірек жүк түсуіне және автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің түрақтануының нашарлауына алып келеді. Бүдан басқа, автомобильде күшейткіштің болуы жүргізушінің бейімделуін талап етеді.

    Рульдік күшейткіштерді жеңіл автомобильдерде, орта және үлкен жүк көтергіштігі бар жүк автомобильдерінде және автобустарда қолданады. Мүнымен қатар, гидравликалық және пневматикалық күшейткіштер кең тарала бастады. Бүл күшейткіштердің жүмыс істеу принципі үқсас, бірақ оларда әртүрлі жүмысшы зат қолданылады: гидравликалықта - май (турбиналық, үршық біліктік (веретенное)), ал пневматикалықта - автомобильдің пневматикалық тежегіштік жүйесінің сығылған ауасы.

    Гидравликалық күшейткіштер көбінесе қолданылады. Мысалы, күшейткіштері бар барлық автомобильдердің 90% гидравликалық күшейткіштермен жабдықталған. Олар өте жинақы, іске қосылуға аз уақыт талап етеді (0,2..0,4 с) және 6...10МПа қысымында жүмыс істейді. Дегенмен мүқият күтімді және ерекше сенімді тығыздалуды талап етеді, өйткені сүйықтықтың ағып кетуі олардың істен шығуына алып келеді.

    Пневматикалық күшейткіштердің қазіргі кезде таралуы шектелген. Оларды негізінен пневматикалық тежегіштік жүйесі бар жүккөтергіштігі үлкен жүк автомобильдерінде қолданады. Пневматикалық күшейткішті жүргізуші іске қосады және тек ауыр жол жағдайларында ғана.

    Пневматикалық күшейткіштер қүрылымы бойынша гидравликалықтан қарапайым, өйткені автомобильдің тежегіштік пневматикалық жүйесінің жабдықтарын қолданады. Бірақ олардың габариттік өлшемдері үлкен, бүл жүмыс қысымының жоғары еместігіне (0,6...0,8 МПа) байланысты, және іске қосуға көбірек уақыт талап етеді (гидравликалыққа қарағанда 5-10 есе көбірек), бүл бүрылу барысында автомобильді басқару кезінде азырақ дәлдікке алып келеді.

    1. Гидрокүшейткіш

    Гидрокүшейткіштің келесідей негізгі элементтері бар (9.8 - сурет): бак Б бар гидросорғы ГН, гидроүлестіруші ГР және гидроцилиндр ГЦ.

    Гидросорғы қорек көзі болып табылады, гидроүлестіруші - ‘үлестіруші қүрылғы, ал гидроцилиндр - орындаушы құрылғы болып табылады. Автомобиль қозғалтқышынан іске қосылатын гидросорғы ГН, басқарылатын дөңгелектің (5) бүрылмалық иінтірегіне (7) бекітілген үзына бойғы рульдік тартымда (6) орнатылған гидроүлестірушісі ГР бар айдаушы (2) және төгуші (3) майөткізгіштермен жалғанған. Гидроүлестірушінің корпусының ішінде рульдік механизммен РМ байланысқан золотник (1) орналасқан. Золотниктің үш белдеуі бар, ал гидрокүшейткіштің корпусында - үш терезе бар. Корпустың ішінде золотниктің белдеулерінің арасында екі камера а және б түзіледі. Бүдан басқа, корпуста а және б осьтік арналарымен жалғасқан, золотниктің шеткі белдеулерінде жасалған тағы екі реактивтік камералар в және г бар. Реактивтік камераларда алдын ала сығылған орталаушы серіппелер

    1. бар.




    9.8 - сурет. Гидрокүшейткіштің сүлбасы:

    1-золотник; 2, 3, 11-майөткізгіштер; 4-серіппе; 5-дөңгелек;

    6, 9-тартымдар; 7, 8-иінтіректер; 10-поршень; А,В-қуыстар; а-г-камералар; Б-бак; ГН-гидросоргы; РМ-рулъдік механизм;

    ГЦ-гидроцилиндр; ГР-гидроүлестіруші




    Гидроүлестіруші майөткізгіштер (11) арқылы автомобильдің көтеріп түрушы (рама, шанақ) жүйесінде орнатылған гидроцилиндрмен ГЦ жалғанған. Гидроцилиндрдің поршені (10) соташық (шток) арқылы басқарылатын дөңгелектердің бүрылмалық цапфаларының иінтірегімен (8) жалғанған көлденең рульдік тартыммен (9) байланысқан. Поршень гидроцилиндрдің ішкі көлемін екі қуысқа А және В бөледі, олар майөткізгішпен гидроүлестірушінің а және б камераларымен сәйкесінше жалғасқан. Гидроцилиндрдің екі камерасы да, гидроүлестірушінің барлық камералары және майөткізгіштер маймен (турбиналық, үршық біліктік) толтырылған.

    Гидрокүшейткіш келесі түрде жүмыс істейді:

    Автомобильдің түзу сызықты қозғалысы кезінде золотник (1) орталаушы серіппелердің (4) және май қысымының әсерінен в және г реактивтік камераларында гидроүлестірушінің барлық үш терезелері ашық түратын бейтарап жағдайда үсталып түрады. Май гдиросорғыдан айдаушы майөткізгіш (2) арқылы гидроүлестірушінің а және б камераларына келіп түседі, олардан төгу майөткізгіштерінің бойымен Б багына, ал одан гидросорғыға келіп түседі. а және б камераларындағы орнаған майдың қысымы майөткізгіштерінің (11) бойымен гидроцилиндрдің А және В қуыстарына беріледі, бүл жерде олар бірдей.

    Автомобиль бүрылған кезде күш рульдік механизмнен золотникке беріледі. Орталықтаушы серіппелердің (4) кедергісінен өткеннен кейін күш золотникті автомобильдің бүрылу бағытына қарай 1 бейтарап жағдайдан 1...2 мм-ге бір жаққа немесе екінші жаққа жылжытады. Айдаушы майөткізгіш гидроүлестіруші арқылы гидроцилиндрдің қуыстарының бірімен жалғасады, ал оның екінші қуысы - майөткізгішімен жалғасады. Май гидросорғыдан айдаушы майөткізгішінің (2) бойымен гидроүлестірушіге келіп түседі, одан кейін гидроцилиндрге келеді және поршенге (10) әсер етеді.

    Жылжитын поршень тартым (9) және иінтірек (8) арқылы басқарылатын дөңгелекті (5) бүрады, ал май гидроцилиндрден төгу майөткізгішінің бойымен бакқа Б және одан гидорсорғыға келіп түседі.

    Біруақытта иінтірек (7) және тартым (6) арқылы байланыстың (кері байланыс) болуынан гидроүлестірушінің корпусы золотник ығысқан жаққа қарай жылжиды. Бүл кезде гидроцилиндрдің А және В қуыстарында майдың қысымы теңеледі, жөне басқарылатын дөңгелектердің бүрылуы тоқтатылады. Басқарылатын дөңгелектердің бүрылу бүрышы рульдік дөңгелектің бұрылу бүрышына дәл сәйкес болады, - гидрокүшейткіштің жылжыту жөніндегі бақылаушы әрекеті осы болып табылады.

    Сондықтан, гидрокүшейткіш рульдік дөңгелектің бүрылуын бақылайды. Және егер жүргізуші рульдік дөңгелекті тоқтатса, онда гидроүлестіруші кері байланыс есебінен гидроцилиндрдің поршенін сәйкес жағдайда бекітілуін қамтамасыз етеді. Бүл кезде гидроцилиндрге майды қосымша беру тоқталады. Кері байланыстың көмегімен автомобильдің түзусызықты қозғалысына сәйкес келетін рульдік дөңгелектің бейтарап жағдайына қайтып келуі кезінде гидрокүшейткіш өшеді.

    Күшейткіші жоқ рульдік басқаруда жүргізуші жолды басқарылатын дөңгелектердің бұрылуына кедергі көбейген кезде көбейетін рульдік дөңгелекке қосылатын күш бойынша жөне керісінше сезеді. Гидрокүшейткіш кезінде жүргізуші жолды рульдік дөңгелектегі салынатын күштің өзгеру күші бойынша гидрокүшейткіштің бақылаушы әрекетінің есебінен сезеді. Бұл үшін гидроүлестірушідегі в және г реактивтік камералары арналған, олардың әрқайсысында май қысымы а және б камераларындағыдай.

    Автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің бүрылуына кедергі көбейген кезде реактивті камералардың бірінде май қысымы көбейеді. Қысым золотникке беріледі және одан рульдік механизм РМ арқылы рульдік дөңгелекке беріледі. Бүл кезде рульдік дөңгелектің бүрылуы үшін күш басқарылатын дөңгелектердің бүрылуына кедергіге пропорционал көбейеді. Осылайша, гидрокүшейткіш, жүргізуші жолды сезуі үшін басқарылатын дөңгелектердің бұрлуы үшін қажетті күшке бақылау жасайды, яғни жақсы жолда оған бүру оңай болады, ал бүрылу үшін қиьш жолда - біршама қиынырақ болады.

    Автомобильдерде қолданылатын гидрокүшейткіштер негізінен келесі үш нүсқамен жасалады: рульдік механизм, гидроүлестіруші және гидроцилиндр гидроруль деп аталатын агрегатта орналасады. Гидрорульдың қүрылымы күрделі, бірақ жинақы, майөткізгішінің үзындығы және іске қосылу уақыты аз.
    1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта