Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІневматикалық тежеуіш жеткергіші

  • Автомобильдің тежегіштік жүйесінің қүрылымы

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница15 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    тарау. ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

    1. Бағыты мен түрлері

    Тежеуіштік деп қозғалыс пен тоқтаған кездерінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін автомобиль басқару жүйелерін айтады.

    Тежеуіштік жүйе қозғалыс жылдамдығын азайту үшін, автомобильдің тоқтауы мен оны бір орында үстап түру үшін қажет.

    Қазіргі заманғы автомобильдер түрлі қызмет атқаратын, бірнеше тежеуіш жүйелермен жабдықталады. Төменде автомобильдерде қолданылатын, тежеуіштік жүйелердің түрлері келтірілген.

    Жумысшы тежеуіштік жуйесі. автомобильдің қозғалыс жылдамдығын азайту үшін, тіпті оны толықтай тоқтатуға арналған. Ол барша тежеуіштік жүйелердің ішіндегі ең тиімдісі болып келеді, автомобильдің барлық дөңгелектеріне әсер етіп, автмобильді қызметтік және жедел (апатты) тежеу үшін қолданылады. Жүмысшы тежеуіштік жүйесін көбінде аяқ тежеуіші дейді, себебі, ол

    жүргізушінің аяғымен педалді басу арқылы әрекетке түседі.

    Турацтаушы тежеуіш жуйелері қозғалыссыз түрған автомобильді бір орында үстап түру үшін қажет. Ол автомобильдің тек артқы дөңгелектеріне немесе трансмиссия білігіне ғана өсер етеді. Жүргізуші қолымен тежегішті басу арқылы әрекетке түседі, сондықтан түрақтаушы тежегіштік жүйесін көп жағдайда қол

    тежеуіші деп атайды.

    Қосымша тежеуіштік жуйесі резервтік болып келеді де,

    жүмысшы тежеуіштік жүйесі істен шыққанда, автомобильді тотатауға арналған. Автомобильде жекелеген қосымша тежеуіштік жүйелер жоқ болса да, оның қызметін жүмысшы тежеуіштік жүйесінің жүмыс істеп тұрған бөлігі (алғашқы немесе екінші нүсқа) немесе түрақтаушы тежеуіштік жүйесі атқарады.

    Қосалцы тежеуіштік жуйесі автомобильдің үзын да созылмалы еңкіш жолмен түскендегі қозғалыс жылдамдығын шектеуге арналған. Ол басқа тежеуіштік жүйелерге тәуелсіз атқарылып, әдетте

    трансмиссия білігіне әсер ететін тежеуіш-баяулатқыш болып келеді. Қосалқы тежеуіштік жүйесі көбінде жүмысшы тежеуіштік жүйесінің тозуын азайту мақсатында және тау жағдайларындағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін, автомобильді жиі тежеп тоқтатқанда, дөңгелектердің тежеуіш механизмдері тез қызып, істен шығатын жағдайларда, қызметтік тежеу үшін қолдыналады. Сонымен, жүк автомобилінде тежелулер саны жолдың 100 км қала сыртындағы жолда 125 қүраса, тау жағдайларында ол 1000 есеге артып кетеді.

    Тіркемелі тежеуіштпік жүйелер қозғалыс жылдамдығын азайтуға, тіркеменің тоқтауы мен оны бір орында үстап түруға , сондай-ақ автомобиль-сүйретпеден ажыраған кезде оның автоматты түрде тоқтауына арналған.

    Жұмысшы, түрақтаушы және қосымша тежеуіштік жүйелермен барлық автомобильдер жабдықталады, ал қосалқы тежеуіштік жүйелермен - толық салмағы 12 т. асатын, үлкен жүк көтергішті жүк автомобильдер мен толық салмағы 5 т. асатын автобустар жаб- ықталады. Тіркемелі тежеуіштік жүйемен автопоездар қүрамында жүмыс істейтін тіркемелер жабдықталады.

    Барша тежеуіштік жүйелердің бірігуін автомобильдің тежеуішті басқаруы деп атайды.

    Әрбір тежеуіштік жүйе бір немесе бірнеше тежеуіштік механизмдерден (тежеуіштерден) және тежеуіштік жеткергіштен түрады. Тежеуіштік механизмдер автомобильдің тежеу процесін жүзеге асырады, ал тежеуіш жеткергіші тежеуіштік механизмдерді басқарады.

    1. Тежеуіштік механизмдер

    Тежеуіштік деп, автомобильдің тежелу процесін жүзеге асыратын механизмдерді айтады. Тежеуіш мезанизмдері автомобильді күштеп баяулату үшін қажет. Қазіргі заманғы автомобильдер тежеуіш механизмдердің көптеген түрлерімен жабдықталады (10.1 сурет).

    Тежеуіш механизмдері автомобильді түрлі тәсілдермен күштеп баяулата алады: механикалық (фрикционды), гидравликалық,

    электрлі және дөңгелектен тыс тежеумен.

    Фрикциондық тежеуіш механизмдері (дискілі және барабанды) автомобильдерде кең тараған. Дискілі тежеуіш механизмдері үлкен класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы және артқы дөңгелектерінде және шағын және орта класты автомобильдердің алдыңғы дөңгелектерінде қолданылады. Барабанды тежеуіш механизмдерді жүк көтергішітігіне қарамастан, дөңгелекті және трнасмиссиялық ретінде жүк автомобильдерінде қолданады және шағын және орта класты жеңіл автомобильдердің артқы дөңгелектері үшін қолданады.




    10.1-сурет. Турлі белгілеріне қарай бөлінген, тежеуііи механизмдердің турлері




    Гидравликалық тежеуіш-баяулатқыш - бір дөңгелегі қозғалыссыз етіп бекітілген, ал екіншісі трансмиссия білігіне (берілу қорабы артындағы) орнатылған, білікпен бірге айналатын, қарапайым гидромуфта болып келеді. Гидравликалық тежеуіш-баяулатқыштың тежеуіштік сәті жұмысшы дөңгелектің айналу жылдамдығына және берілетін сұйықтың мөлшеріне байланысты болады. Гидравликалық тежеуіш-баяулатқыштардың салмағы үлкен болып келеді де автомобиль қозғалысының үлкен жылдамдығында тиімдлігі аз болмақ.

    Электрлі тежеуіш-баяулатқышты әдетте берілу қорабының артында орнатады. Ол трансимиссия білігіне бекітілген және қозғалыссыз электрмагниттерге қатысты білікпен бірге айналатын, көлемді болат диск болып келеді. Автомобильдің тежелеуі айналатын дискі мен электрмагнит арасындағы магнитті өз ара әсер етуін жоюға кететін жұмыс есебінен болады. Электрлік тежеуіш-баяулат- қыштардың тиімділігі аса жоғары және автомобильдің баяу тежелуін қамтамасыз етеді. Алайда олардың салмағы үлкен, жасалау құңы қымбат және аккумуляторлық батареялардың энергиясын қосымша шығын етеді.

    Компрессорлық тежеуіш-баяулатқьіш компрессорлық тәртіпте жұмыс істейтін қозғауыштың жұмысы кезінде шығатын қысымға қарсы пайдаланатын, моторлы тежеуіш. Моторлы тежеуіштің механизмі (10.2 сурет) сөндіргіштің қабылдаушы құбырына орнатады. Механизмнің 1 корпусында білікке 4 жапқыш 3 пен жеткергіш тежегіш 2 бекітілген. Автомобиль тежелуі кезінде қысымға қарсылықты болдыру үшін сөндіргіштің қабылдаушы құбыры жапқышпен 3 жабылады. Осымен бір мезетте қозғауыш цилиндріне жанар-жағар май беру тоқтатылады да қозғауыш компрессор тәрізді жұмыс істейді. Нәтижесінде қозғауыштың тежеуіштік сәті қозғауыштың әдеттегі тежеуіш кезімен салыстырғанда екі есеге артады. Компрессорлық тежеуіш- баяулатқыш құрылысы бойынша қарапайым және үлкен шығынды қажет етпейді. Алайда ол жоғарғы берілісті қозғалып келе жатқан автомобиль тежелісі кезінде тиімділігі тым төмен. Сонымен қатар, осы тежеуіш-баяулатқыш үшін сығылған ауаның ауа сүзгісіне түсуіне байланысты қозғауыштың ауа сүзгісіндегі майдың шашырауын болдырмайтын арнайы құрылғы қажет.







    1. сурет. Моторлы тежеуіш механизмі:

    1- корпус; 2- тежегіш; 3- жапқыш; 4-білік

    Аэродинамикалық тежеуіш-баяулатқыштар арнайы қалқандар, парашюттер мен жабылмалар түрінде жасалады. Олармен жоғары жылдамдықта қозғалатын, жылдамдығы биік жөне спортты автомобильдер жабдықталады. Аэродинамикалық тежеуіш механиз- мдер ауа кедергісін арттырып, автомобильдердің дөңгелексіз кенеттен тежелуі үшін қолданылады.

    1. Тежеуіш жеткергіштері

    Тежеуіш жеткергіші деп педал мен басқару тежегішінің тежеуіш механизмдермен байланысын атқаратын, қүрылғылардың бірлесуін айтады.

    Тежеуіштік жеткергіш тежеуіш механизмдерін әрекетке түсіріп және басқару үшін қажет.

    Автомобильдерде бағыты мен түріне қарай түрлі тежеуіш жеткергіштері қолданылады.

    Механикалық тежеуіш жеткергіші жүргізушінің күші теже- гіштен немесе басқару педалінен тежеуіш механизмдеріне берілетін тартпалар (тяга), тежегіштер мен тростар жүйесі болып табылады. Автомобильдерде механикалық жеткергіш міндетті жеткергіш ретінде түрақтаушы тежеуіштік жүйелерде қолданылады. Жеңіл автомобильдерде механикалық жеткергіш артқы дөңгелектердің тежеуіштік механизмдеріне әсер етеді, ал жүк автомобильдерінде - берілу қорабының екінші білігіне орнатылған трансмиссиялық тежеуішіне әсер етеді. Үлкен класты жеңіл автомобильдерден басқа барлық автомобильдерде, механикалық жеткергіш басқару тежегішінен әрекетке түседі. Үлкен класты жеңіл автомобильдерде жеткергіш басқарудың арнайы аяқ педалінен әрекетке түседі. Механикалық тежеуіш жеткергіші автомобиль түрақтаған кезде оны үзақ уақыт бойына үстап түрған кездегі жүмысында өзін жақсы көрсетті, шағын, қүрылысы бойынша өте қарапайым. Алайда оның ПЖК төмен, 0,4 тең, және жиі реттеп түруды қажет етеді.

    Гидравликалық тежеуіш жеткергіші гидростатикалық болып келеді, ондағы энергия берілуі қысылмайтын сүйықтық қысымымен жүзеге асады (қысым 220МПа болғанда сүйықтық қысылады). Гидравликалық жеткергіш шағын және орташа жүк көтергішті жеңіл және жүк автомобильдерінде қолданылады.

    Гидравликалық тежеуіш жеткергішінің жүмысын қарастырайық (10.3 сурет). Жеткергіш тежеуіш сүйықтығымен толтырылған. Тежеген кезде тежеуіш педаліне басқанда педалмен байланысты итергіш 1 басты тежеуіш цилиндріндегі 3 поршеннің 2 орнын ауыстырады. Поршень сүйықтыққа салмақ түсіреді, қақпақ 5 ашылады да, сүйықтық қүбыр арқылы дөңгелектің тежеуіштік цилиндрлеріне 6 түседі.







    1. - сурет. Гидравликалық тежеуіш жеткергішінің жумыс

    схемасы:

    а - тежелу; 6- толықтай тежеу; 1- итергіш; 2, 7 - поршендер;

    3, 6 - цилиндрлер; 4, 10- серіппелер; 5, 11 - қақпақтар; 8 - негіз;

    9- тежеуіш барабан

    Сұйықтық берген қысымнан дөңгелекті цилиндрдегі поршендер 7 серппелердің кедергісін 10 жойып, ажырап кетеді де фрикционды қоспалары бар тежеуіш негіздерін 8 дөңгелектермен байланысты тежеуіш барабандарына 9 қарай қысады. Нәтижесінде дөңгелектер мен автомобиль тежеледі. Қызметтік тежелгенде жеткергіштегі сұйықтық қысымы 2..4 МПа құрайды, ал жедел (апатты) тежегенде -

    1. .10 МПа , ал кейде одан да жоғары болады. Тежелу аяқталғаннан кейін қайтарма серіппенің әсерінен итермесі 1 бар тежеуіш педалі мен 4серіппенің өсерінен поршень 2 бастапқы қалпына келеді. Жеткергіштегі қысым төмендеп, серіппелер 10 негіздерді 8 қысады, негіздердің әсерінен поршендер 7 сұйықтықты дөңгелекті цилиндрлерден шығарады, ол ең басты тежеуіш цилиндріне 3 құйылады. Сонда шығаратын қақпақ 5 жабылады. Сұйықтық қысымымен енгізуші қақпақ 11 ашылып, сұйықтық бас Цилиндрге өтеді. Енгізуші қақпақ 11, жеткергіште ауаның гидрожеткергішке

    өтуін болдырмайтын және тежеуіш жүйесін қайталап тежеуге дайындығын қамтамасыз ететін, артық қысымнан азғантай қалғанда (0,05 МПа) жабылады. Гидрожеткергішке ауа түскенде тежеудің нәтижелілігі төмендейді, себебі, тежеу кезінде бас цилиндрден шығаратын сүйықтық, жеңіл қысылатын ауаның көлемін ғана азайтады.

    Гидравликалық тежеуіш жеткергіші бірнүсқалы (бөлінбейтін) және екінұсқалы (бөлінетін), сондай-ақ күшейткіші бар және күшейткішсіз болып келеді.

    ІІневматикалық тежеуіш жеткергіші жүк көтергіштігі орта және үлкен болатын автопоездар мен автобустарда қолданылады. Жеткергіш автомобиль басқаруын жеңілдетеді, басқа жеткергіштерге қарағана әлдеқайда тиімді және қысылған ауаны автомобиль түрлі мақсатта (автобус есіктерін ашу-жабу, шиналарды қысыммен толтырып, ондағы қысымды үстап түру, шыны тазартқыш жеткергіші және т.б.) пайдалануға мүмкіндік береді, Алайда пневможеткергіштің көлемі тым үлкен, құрылысы жағынан және қызмет көрсету түрғысынан күрделі, құны жоғары және жүмысты бастау уақыты тым үзақ ( гидрожеткергіштке қарағанда 5-10 есе көп).

    Пневматикалық тежеуіш жеткергішіне келесідей қүралдар кіреді:

    Қуат беретін - компрессор, ресиверлер (ауа баллондары); басқаратын - тежеуіш крандары, тіркеме мен жартылай тіркеменің тежеуіш механизмдерін басқару қақпағы;

    Орындаушы - тежеуіш камералар, тежеуіш цилиндрлері; реттейтін - компрессор қысымын реттеуіш, тежеуіш күштерін реттеуіш және т.б.;

    Игеру сапасы мен тиімділігін жақсартқыш - дымқыл бөлгіштер, қорғаныс, жылдамдатқыш және басқа да қақпақтар; белгі беру - түрлі типтегі белгі бергіштер (сигнализаторлар). Пневможеткергіші бар автомобильдің тежеуіш жүйесінде тежеуіш механизмдері қысылған ауа энергиясы арқылы әрекетке түседі, ал жүргізуші тек қана басқаратын қүралдарға ғана (ауа тарататын) әсер етеді.

    Автомобильдің пневматикалық тежеуіш жеткергішіне (10.4 сурет) мыналар кіреді: компрессор 1, қысым реттеуіш 8, ауа баллондары 3, тежеуіш краны 6, алдыңғы және артқы дөңгелектердің 2 және 4 тежеуіш камералары, тежеуіш педалі 7, манометр 9 және құбырлар (трубопроводы) 5. тоқтап тұрған жағдайда компрессор 1 қысым реттеуіші 8 арқылы ауа баллондарына 3 қысылған ауаны жібереді, ал тежеуіш камералары 2 және 4 қоршаған ауамен байланыста болады. Баллонда жеткілікті мөлшерде қысылған ауа жинақталғанда, қысымды реттеуіш компрессорды өшіріп тастайды. Тежеуіш педаліне 7 басқанда, ауа баллондарындағы қысылған ауа тежеуіш камераларындағы тежеуіш крандарына 6 бағыт алады, тежеуіш кран оларды қоршаған ауамен байланысын жоғалтады. Ауа қысымының әсерінен тежеуіш камералары автомобильдің алдыңғы және артқы дөңгелектерінің тежеуіш МПа құрайды. Құбыр (трубопровод) автомобильдің тежеуіш жеткергішін тіркеменің пневможабдығымен байланыстырады.







    1. сурет. Пневматикалық тежеуіш жеткергіші:

    1 - компрессор; 2, 4 — тежеуіш камералары; 3 — ауа баллондары;
    3 — қубырлар; 6 - кран; 7 - педаль; 8 - қысым реттеуіш;


    9 - монометр

    Ең күрделі пневможеткергіш автопоездарда болады. Оған ондаған қүралдар кіреді. Қолданатын пнемо жабдығына қарай автомобиль-сүйретпе мен тркемеде біржеткергішіті немесе қосжеткергішті гидравликалық жеткергіштер болуы мүмкін.

    1. - суретте гидравликалық жетегі бар колодкалы тежеу механизмінің қүрылысы көрсетілген. Мүндай жүйе автомобильдің әрбір жүріс дөңгелектерінде қойылған колодкалы тежегіш қондырғылар (4) мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргізуші педалінен (1), басты гидроцилиндрден (2), таратқыштан (3), вакуумдық күшейткіштен (5) және кері клапаннан (6) қүралады.







    Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесі мына төмендегідей жүмыс істейді. Автомобильді тежеу үшін жүргізуші педальді (1) белгілі бір күшпен (О) итереді. Сол кезде басты гидроцилиндр ішіндегі толып түрған сүйық түтіктер арқылы тежегіш қондырғыдағы жүмысшы гидроцилйндрге келеді. Ондағы жүмысшы поршендері сүйықтың кысым күшімен екі жаққа қарай жылжиды-да оған жанаеып түрған тежегіш колодкаларды сыртқақарай кереді. Бүл колодкалардың сыртында жүріс дөңгелектерімен бірге айналатын барабан киіліп түрады. Енді колодкалар сол барабандарға жанасып, үйкеліс күшін тудырғандыктан, автомобильдің жүріс дөңгелектерінің кедергілері артып, жылдамдықтары азаяды. Сонымен тежегіш жүйе автомобильдің кинетикалык энергиясын үйкеліс арқылы жылу энергиясына айналдырып, қоршаған ортаға таратып жібереді.

    Осы жоғарыда айтылған тежеу жүйесіндегі автомобильді тежеу күші колодкалардың барабандарға итерілу күшіне байланысты. Олай болса, жүргізушінің аяқ күшімен жасаған тежеу күші кейде жеткіліксіз болуы мүмкін әрі жүргізушіні шаршатады. Сондықтанда осы жетекпен қатар істейтін пневматикалық күшейткіш қолда- нылады. Оның жүмыс схемасы 10.6-суретте көрсетілген.







    1. - сурет. Вакуумдык кушейткіштің жумыс схемасы

    Вакуумдық күшейткіштің қүрылысы вакуумдық камерадан (18) клапандық механизмнен (8) және гидроцилиндрдең (14) түрады. Вакуумдық камера екі жартыдан жасалып ортасы диафрагма (2) арқылы екі қуысқа (А және Б) бөлінген. Диафрагма (2) серіппе (17) арқылы үнемі Б-қуысына карай итеріліп түрады. Оның ортасында шток (16) бекітіліп, поршеньге (21) киліп түрады. Штоктың сол поршенге киілген үшында жазық кесік жасалып, оған жалпақ итергіш (24) бос кіріп түрады. Поршеньнің (21) ішінде шарикті клапан (20) орналасқан. Оның жабылуы өз серіппесі аркылы, ал ашылуы жалпақ итергіш (24) арқылы болады.

    Клапанды механизмде (8) екі клапан бар: ауа (5) жэне вакуум (9) клапандары. Екеуі бір оське (6) жалғастырылған. Ондағы екі қуыс (В мен Г) диафрагмамен (10) бөлінген. Диафрагманың тарелкасына (11) поршень (12) бекітілген. Сол тарелканың (11) ортасындағы тесік аркылы В мен Г куыстары жалғасып түрады, ал сол тесікті вакуумды

    1. клапан ашып-жабады.

    Осылайша күрылған тежегіш күшейткіші мына төмендегідей жүмыс істейді. Автомобильді тежемей двигатель жүмыс істеп түрған кезде ауа клапаны (5) серіппенің (7) көмегімен жабық үсталады. Онымен бір оське бекітілген вакуум клапаны бүл кезде ашық болады. Сонда В - қуысына ауа келуін тоқтатып, А мен Б қуыстары вакуум

    1. клапаны арқылы двигательдің сору каналымен (19) жалғасып, олардың ішінде бір мөлшердегі вакуум пайда болады. Олай болса вакуум камерасының диафрагмасы (2) серіппенің (17) көмегімен цилиндр поршенін (21) ең сол жақтағы шетінде үстап түрады. Поршень шетінде түрғандыктан жалпақ итергіш (24) кораптың қырына тіреледі де оны екінші үшына шарик (20) тіреледі де серіппесін қысып, ашық түрады.

    Автомобильді тежеген кезде, басты цилиндрден түтікпен (1) келген сүйық ашық түрған шарикті клапан (20) арқылы түтік (15) арқылы дөңгелектердегі тежегіш цилиндріне беріледі. Осыған қосымша, басты цилиндрден келген сүйық қысымы поршень (12) арқылы диафрагманың (10) тарелкасына (11) беріледі. Егер қысым онша көп болмаса, онда диафрагманың (10) серіппе (4) күшін жеңе алмайды да диафрагма мен тарелкасы қозғалмайды. Ал қысым көбейсе, тарелка жоғары көтеріліп, оның ортасындағы тесік вакуум (9) клапанымен жабылады. Енді А мен Б куыстары бір-бірінен ажырайды. Диафрагманың әрі қарай көтерілуі ауа клапанын (5) да ашады. Сонда А-қуысы двигательдің сору жүйесіндегі вакууммен жалғасқан күйінде түрады, ал Б-қуысы ауа клапаны (5) арқылы сыртқы ауамен жалғасады. Енді вакуум камерасындағы диафрагманың екі жағында екі түрлі қысым болады. Б-қуысында қысым көп, А-қуысында аз. Олай болса диафрагма (2) серіппе (17) күшін жеңіп поршеньді (21) оңға қарай қозғайды. Сол кезде шарикті клапан (20) итергіштен (24) алшақтығандыктан серіппесінің көмегімен жабылып қалады. Енді поршенді (21) диафрагма (2) мен бас цилиндрден "келген сүйық қысымы бірігіп итереді де оның оң жағында қысым көбейеді. Осылайша тежеу күші артатын болады.

    Алғашқы кезде В мен Г қуыстарында бірдей мөлшерде вакуум болады. Ал жоғарғыдағыдай тежеу кезінде вакуум клапаны (9) жабылып, ауа клапаны (5) ашылғандықтан диафрагмаға (10) серіппе

    1. күшінен басқа осы екі қуыстағы В мен Г қысым айырмашылығының салдарынан тағы да итеретін күш пайда болады. Сөйтіп диафрагма төмен жылжиды. Егер оны итеретін күш жеткілікті болса, онда ол ауа клапанын (5) жапқанша жылжи береді. Ауа клапаны жабылған кезде В мен Г қуыстарындағы қысым айырмашылығының өзгерісі тоқталады. Онымен бірге диафрагмада тоқтайды. Сөйтіп поршеньді (21) белгілі бір қысыммен үстап түрады. Сонда ол қысымның мөлшері жүргізушінің тежеу жүйесіне жасалған қысымына пропорционал болады. Себебі диафрагма (10) төмен қозғаларда оны итеріп түрған поршендегі (12) сүйық қысымын да жеңуі керек. Қысым көп болса, ауа клапаны жабылады немесе керісінше.

    Гидравликалық жетегі бар автомобильдің тежеу жүйесінің басқа тораптарының қүрылысы мен жүмысы оншалықты күрделі болмағандықтан оларға түсінік берілмейді.

    Көптеген автомобильдерде пневатикалық жетегі бар тежегіш жүйе қолданылады. Оның жүмыс принципі гидравликалык жетегі бар тежегіш жүйенің жүмыс принципінен айырмашылығы жоқ десе де болады. Тек гидравликалық тораптардың орнына ауаның қысымымен іске қосылатын пневматикалық тораптар қолданылады. Сондай пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйенің бір түрі 10.7 - суретте көрсетілген.

    Пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйе дөңгелектерге қойылған тежегіш тораптарға қоса компрессордан (5), тежеу кранынан (1), тежеу камераларынан (2, 6), ауа ыдыстарынан (10) және басқа реттегіш, сақтандырғыш тораптардан қүралған.

    Мүндағы компрессор (5) двигательден белдікті беріліс арқылы қозғалыс алады да ауа қысымын тудырып, қысылған ауаны ыдыстарға (10) айдап кіргізеді. Ауа ыдыстары қысылған ауаның автомобильді бірнеше рет тежеуге жететін қысылған ауа қорын жасау үшін қолданылады. Ол өте толып кеткен жағдайда, сақтандырғыш клапан (3) арқылы қысылған ауаны сыртқа шығарып жібереді.

    Ыдыстардағы (10) қысылған ауамен түтік арқылы тежеу краны (1) жалғасқан. Ол жүргізушінің тежегіш педалі арқылы іске қосылады, яғни педальді басқанда ол ашылып, ыдыстағы қысылған ауаны түтіктер арқылы тежегіш камераларға (2, 6) жібереді. Тежегіш камераларға келген ауа қысыммен оның диафрагмасын итереді де онымен жалғасқан тежегіш торапты іске косады. Тежеу аяқталғаннан кейін, қолданылған ауа кран (1) аркылы сыртқа шығарылады.




    10.7 — сурет. Пневматикалыц жетегі бар тежеу жүйесі




    Осындай пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйенің негізгі •кемшілігіне оның іске қосылу уақытының көбірек екенін жаткызуға болады. Мысалы гидравликалық жетектің іске қосылу уақыты шамамен 0,2 с. болса, пневатикалық жетекте 0,6 с. дейін жетеді. Себебі мүндағы тежегіш камералар мен түтіктерді қысылған ауамен толтырғанша біраз уақыт кетеді.

    1. Автомобильдің тежегіштік жүйесінің қүрылымы

    Өтімділігі жоғары ВАЗ жеңіл автомобильдерінің жүмысшы тежегіштік жүйесінің (10.8 а сурет) қүрамына алдыңғы (10) және артқы (3) тежегіштік механизмдер және гидравликалық екіконтурлы тежегіштік жетек: алғашқы (7) (алдыңғы тежегіштік механизм) және екінші 6 (артқы тежегіштік механизм) кіреді.

    Алдыңғы жетектік ВАЗ жеңіл автомобилінің жүмысшы тежегіштік жүйесіне (10.8 б сурет) алдыңғы (11) және артқы (14) тежегіштік механизмдер, және де контурлары диагоналдық бөлінген гидравликалық тежегіштік жетек кіреді. Гидрожетектің контуры (12) автомобильдің сол жақ алдыңғы және оң жақ артқы, ал гидрожетектің контуры (13) - оң жақ алдыңғы және сол жақ артқы дөңгелектердің тежегіштік механизмдерінің жүмысын қамтамасыз етеді. Жүмысшы тежегіштік жүйенің гидрожетегінің контурын диагоналдық бөлу қозғалыс қауіпсіздігін айтарлықтай жоғарылатады.

    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің алдыңғы тежегіштік ме- ханизмдері дисктік, автомобильдің алдыңғы басқарылатын дөңгелектерінде орналасқан, тежеу қалыптары (колодка) мен дисктің арасындағы саңылауы автоматты түрде реттеледі. Тежегіштік механизмдердің айналатын және үйкелетін бөлшектері болып жақсы салқындатылатын тежегіштік дисктер табылады. Сондықтан дисктік тежегіштік механизмнің жүмысының тиімділігі автомобильдің қозғалыс жылдамдығы үлкен болған кезде жиі тежеген кездің өзінде төмендемейді.

    Өтімділігі жоғары ВАЗ автомобильдерінің алдыңғы тежегіштік механизмінде (10.9 - сурет) шойын тежегіштік диск (4) алдыңғы дөңгелектердің күпшегіне (3) шпилькалармен (2) бекітілген. Алдыңғы жағынан автомобильдің қозғалу барысы бойынша тежегіштік диск суппортпен (1) қамтылады, суппорт тежегіштік қалыптың бағыттаушылары (10) мен бағыттаушы қисаюлары бар серіппелері бар қысушы иінтіректердің (7) арасында қысылған бағыттаушы қисаюлары бар П-тәріздес қапсырма (скоба) болып табылады. Суппорттың мүндай бекітілуі тежелу кезінде оның иінтіректердің бағыттаушы қисаюларының (7) және бағыт- таушылардың (10) бойымен жылжуын қамтамасыз етеді. Суппорт беріктігі жоғары шойыннан қүйылған және оның қорғаныс қаптамасы (11) бар.











    1. - сурет. ВАЗ жеңіл автомобильдерінің тежегіштік жүйелері: а-өтімділігі жогары; б-алдыңгы жетектік; 1-реттеуші; 2-торсион; 3, 8, 10, 11, 14-тежегіштік цилиндрлер; 4-педаль; 5-вакуумдық күшейткіш; 6, 7, 12, 13-гидрожетектердің контурлары; 9-кішкене бак


    6 51615110




    1. - сурет. Өтімділігі жогары ВАЗ жеңіл автомобилъдерінің алдыңгы тежегіштік механизмі:

    1-суппорт; 2-шпилъка; 3-күпшек; 4-тежегіштік диск; 5-цилиндрлер блогы; 6-цалыптар; 7-иінтірек; 8-қалқан; 9-ось; 10-багыттаушы;

    11-қаптама; 12-поршенъ; 13-багыттаушы қисаю; 14-серіппе;

    15-қорганыс қақпагы; 16-тыгыздаушы сақина

    Беріктігі жоғары шойыннан құйылған және бүрылмалық жұдырықшаға бекітілген бағыттаушыда (10), жапсырылған үйкелістік жапсырмалары бар тежегіштік қалыптар (6) орналасқан. Осьтердің (9) көмегімен тежегіштік қалыптардың бағыттаушыларына шарнирлі түрде суппорттың екі қысушы иінтіректері (7) қосылған. Суппортта (1) алюминий қорытпасынан қүйылған тежегіштік цилинрлердің блогы престелген. Блокта үш цилиндрлер бар, олардың ортаңғысы мен төменгісі өзара арнамен жалғасқан және алдыңғы тежегіштік механизмнің жетегінің контурымен байланысқан, ал жоғарғы цилиндр артқы тежегіштік механизмдердің жетегінің контурымен байланысқан. Әрбір тежегіштік цилиндрде қүрыштан жасалған хромдалған поршень (12) және әрбір цилиндрдің шүңқырларында - резіңке тығыздаушы сақина (16) орнатылған. Бүл сақина тежегіштік цилиндрдегі поршеньді ғана тығыздамайды, сондай-ақ өзінің серпімділігінің нәтижесінде тежеуден кейін тежегіштік қалыптан поршенді алып кетуді қамтамасыз етеді. Осылайша, резіңке



    тығыздаушы сақина (16) тежегіштік диск пен қалыптардың арасындағы саңылаудың автоматтық реттелуін қамтамасыз етеді. Барлық цилиндрлердің поршендері ішкі тежегіштік қалыптармен жанасады және ол жагынан резіңке қорғаныс қақпақтарымен (15) жабылған. Ішкі жағынан алдыңғы тежегіштік механизм тежегіштік қалқанмен (8) жабылған.

    Тежеу кезінде гидрожетектегі сұйықтық қысымының әсерімен поршендер ішкі тежегіштік қалыпты бағыттаушыға (10) және суппортқа (1) қатысты жылжытады және оны тежегіштік дискке (4) қысады. Біруақытта сұйықтық қысымының әсерімен цилиндрлер блогы (5) суппортпен (1) бірге бағыттаушылардың (10) және қысушы иінтіректердің (7) қисаюларының бойымен жылжиды. Бұл кезде суппорт сыртқы тежегіштік қалыпты бағыттаушыға қатысты жылжытады және оны тежегіштік дискке қысады. Тежегіштік қалыптардың екеуі де тежегіштік дискке бірдей күшпен қысылады, өйткені поршендегі және цилиндрлер блогының түбіндегі сұйықтықтың қысымы бірдей. Тежеу тоқтатылғаннан кейін поршендегі және цилиндрлер блогының түбіндегі сұйықтық қысымы күрт төмендейді. Резіңке сақиналардың (16) серпімділігінің есебінен поршендер осы кезде тежегіштік дисктен оның соғуына байланысты алыстайтын ішкі тежегіштік қалыптан алып кетіледі. Сыртқы тежегіштік қалып суппортпен (1) бірге біруақытта тежегіштік дисктің соғуының нәтижесінде одан алыстайды.

    Тежегіштік қалыптардың үйкелістік жапсырмалары тозған кезде жапсырмалар мен тежегіштік дисктің арасындағы саңылау көбейеді. Тежеу кезінде сұйықтық қысымының әсерінен поршендер тығыздаушы сақиналарға (16) қатысты жылжиды және цилиндрлерде жаңа орынға ие болады, мұнымен үйкелістік жапсырмалардың тозуы теңгерілетін болады. Тежеу тоқталғаннан кейін қалыптар тежегіштік дисктен резіңке сақиналардың (16) деформациясымен анықталатын бірдей қашықтыққа алыстайды. Осылайша, тежегіштік қалыптар мен дисктің арасындағы тұрақты саңылау автоматты түрде ұсталып түрады. Осыған байланысты тежегшіктік қалыптар мен алдыңғы тежегіштік механизм дискісінің арасындағы саңылау пайдалану кезінде реттеуді қажет етпейді. Тежеу кезінде қалыптар тежегіштік диск бетін ауамен тиімді желдетілетін етіп көп бөлігін ашық қалдырып, салыстырмалы аз ғана бөлігіне әсер етеді. Нәтижесінде

    т
    9



    11


    ежегіштік диск өте тез салқындатылады, бұл үлкен жылдамдықта жиі тежеген кезде де тежегіштік механизмнің тиімділігін қамтамасыз етеді.

    1. сурет. ВАЗ жеңіл автомобильдерінің артқы тежегіштік

    механизмі:

    1, 9-серіппелер; 2-трос, 3-баган; 4-қалып; 5-иінтірек; 6-қалқан;

    7-болт; 8-цилиндр; 10-тақтайша;

    1. -эксцентрик; 12-тіреу

    Өтімділігі жоғары ВАЗ автомобильдерінің артқы тежегшітік механизмінде (10.10 - сурет) құрыштан жасалған штампталған тежегіштік қалқан (6) артқы көпір арқалығының фланеціне болттармен (7) бекітіледі. Тежегіштік қалқаннның төменгі бөлігінде тіреу (12) орнатылған, оған төменгі ұштарымен тежегіштік қалып тіреледі, тежегіштік қалыпқа үйкелістік жапсырмалар жапсырылған. Қалыптардың жоғарғы ұштары дөңгелектік цилиндрдің поршендерімен (8) жанасады. Тежегіштік қалыптардың төменгі және жоғарғы ұштары (1) және (9) серіппелермен қатайтылады. Қалыптардың бүйірге жылжуы серіппелері бар бағандармен (3) шектеледі, олар тежегіштік қалыптарды тежегіштік қалқанға қысады. Тежегіштік қалқанда тежегіштік қалыптардың мұндай бекітілуі тежеу кезінде тежегіштік барабанға қатысты еркін өзі орнатылуға мүмкіндік береді. Тежегіштік қалыптар өздерінің қабырғаларымен тежегіштік

    қалқанға бекітілген эксцентриктерге (11) тіреледі. Бүл эксцентриктердің көмегімен қалыптар мен тежегіштік барабан арасындағы саңылау реттеледі. Тежегіштік барабан (1) алюминий қорытпасынан қүйылған. Барабанның ішінде, барабан бетінің жүмысшы бөлігі болып табылатын арнайы ендірме (2) (шойын сақина) қүйылған. Тежегіштік барабанның сыртқы бетінде оның қаттылығын көбейтетін және салқындатылуды жақсартатын қабырғалар бар. Терезелер (32) тежегіштік қалыптар мен барабанның арасындағы саңылауды тексеру үшін қызмет етеді. Тежегіштік барабан жартылай осьтің фланецтеріне болттармен (29) және автомобиль дөңгелектерімен бірге шпилькалардың және сфералық гайкалардың (31) көмегімен бекітіледі.

    Тежеу кезінде сүйықтық қысымының әсерінен тежегіштік жетекте дөңгелектік тежегіштік цилиндрдің поршендері қалыптарды тежегіштік барабанына қысады. Бұл кезде тежегіштік қалыптардың қысып буатын серіппесі (9) (10.10 - сурет) созылады. Тежеу тоқталған кезде поршенде сүйықтық қысымы күрт төмендейді, және серіппенің (9) әсерімен қалыптар тежегіштік барабаннан соңына дейін реттеуші эксцентриктерге (11) жылжып кетеді.

    Артқы тежегіштік механизмдер, жүмысшы тежегіштік жүйенің элементтері бола отырып, автомобильдің түрақтық тежегіштік жүйесінің тежегіштік механизмдерінің функцияларын біруақытта орындайды. Осы мақсатта олар қосымша қүрылғылармен жабдықталған, оларға артқы тежегіштік қалыптағы осьте бекітілген жазылмалы иінтірек (5), және жазылмалы иінтірек пен алдыңғы тежегіштік қалыптың арасында орнатылған тіреулік тақтайша (10) жатады. Түрақтық тежегіштік жүйені қолдану кезінде жазылмалы иінтіректің (5) төменгі үшы тростың (2) әсерімен алдыңғы тежегіштік қалыпқа жылжиды. Бүл кезде жазылмалы иінтірек, осьтің бойымен бұрылып, тіреулік тақтайша (10) арқылы алдымен алдыңғы тежегіштік қалыпты, одан кейін артқы тежегіштік қалыпты тежегіштік барабанға қысады.

    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің гидравликалық тежегіштік жетегіне (10.8 а сурет) тежегіштік педаль (4), вакуумдық күшейткіш

    1. , басты тежегіштік цилиндр (8), алдыңғы (10) және артқы (3) тежегіштік механизмдердің тежегіштік цилиндрлері, алғашқы (7) және екінші (6) контурлардың құбырлары, тежегіштік кішкене бак (9) және торсионы (2) бар артқы тежегіштік механизмдердің тежегіштік күшін реттеуші (1) кіреді.

    Гидрожетектің алғашқы контурына алдыңғы тежегіштік механизмнің екі цилиндрлері, ал екінші контурға - алдыңғы тежегіштік механизмдердің бір бірден цилиндрлері және артқы тежегіштік механизмнің цилиндрлері кіреді. Тежегіштік гидро- жетектің мүндай сүлбасы контурлардың бірі істен шыққан кезде толығымен дүрыс жүмыс істейтін жүмысшы тежегіштік жүйенің 50%-дық тиімділігін, және сондықтан, қозғалыстың қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Гидравликалық тежегіштік жетек тежегіштік сүйықтығымен толтырылады.

    Алдыңғы жетектік ВАЗ автомобильдерінің гидравликалық тежегіштік жетегінің (10.8 б сурет) қүрамына тежегіштік педаль (4), вакуумдық күшейткіш (5), басты тежегіштік цилиндр (8), алдыңғы (11) және артқы (14) тежегіштік механизмдердің тежегіштік цилиндрлері, автомобильдің сол жақ алдыңғы және оң жақ артқы дөңгелектерінің тежегіштік механизмдерінің контурының (12) және оң жақ алдыңғы және сол жақ артқы дөңгелектердің тежегіштік механизмдерінің контурының (13) қүбырлары, тежегіштік кішкене бак (9), торсионы бар тежегіштік күштердің реттеушісі (1) кіреді.

    Вакуумдық кушейткіш тежеу кезінде тежегіштік педальға түсірілетін күшті азайтады, жоне жүргізушінің жүмысын жеңілдетеді. Вакуумдық күшейткіштің күшейтуші әсері жүмыс істеп түрған қозғалтқыштың кіргізуші қүбырында вакуумды қолдануға негізделген.

    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің вакуумдық күшейткіштерінде (10.11 - сурет) қаптары (13) бар қақпақтың (9) және корпустың (7) арасында орналасқан резіңке диафрагма (19), вакуумдық күшейткішті екі қуысқа бөледі: вакуумдық I және атмосфералық II. Вакуумдық қуыс қозғалтқыштың кіргізуші қүбырымен саптамасында (5) клапан

    1. орналасқан шлангпен жалғасқан. Қозғалтқыш жүмыс істеп түрғанда және тежегіштік педаль жіберілген кезде күшейткіштің вакуумдық және атмосфералық қуыстарындағы қысым бірдей, өйткені вакуум қозғалтқыштың кіргізуші қүбырынан шланг және саптама (5) арқылы I және II қуыстарға берілеід. II қуысқа вакуум I қуыстан II арна, клапан (12) мен корпустағы (18) оның ершігінің арасындағы саңылау, және IV арна арқылы беріледі. Тежеу кезінде







    1. - сурет. ВАЗ жеңіл автомобильдерінің вакуумдық күшейткіші: 1, 16-серіппелер, 2, 11-болттар; 3-цилиндр; 4, 5-саптамсиіар;

    6, 12-клапандар; 7, 18-корпустар; 8-соташық;

    9-қақпақ; 10-поршенъ; 13-қаптама; 14-итеруші; 15-сүзгі;
    17-буфер; 19-диафрагма


    Итеруші (14) ары қарай жылжыған кезде поршень (10) клапаннан (12) алыстайды, және пайда болған саңылау, IV арна және ауа сүзгісі арқылы атмосфералық қуысқа ауа келіп түседі. Бүл жағдайда I қуыста вакуум сақталады, ал II қуыста атмосфералық қысым орнатылады. Күшейткіштің вакуумдық және атмосфералық қуыстарындағы қысымдардың әртүрлі болуы қосымша күшті туындатады, ол жүргізушінің тежегіштік педальға басу күшімен бірлесіп диафрагмасы (19) бар клапан корпусын (18) жылжытады. Бүл кезде буфер (17) арқылы саптамасы (4) бар соташық (8) жылжиды, ол басты тежегіштік цилиндрдің (3) поршендеріне әсер етеді. Тежегіштік педальға басуды тоқтатқан кезде және оны тежелген жағдайда тоқтатқан кезде корпус (18) оған қысылған клапанмен (12) бірге I және II қуыстардағы қысымдардың әртүрлілігінің әсерінен, клапан (12) тоқтаған поршеннің (10) бүйіріне тірелгенше жылжитын бол^ды. II қуысқа ауаның келуі бүл жағдайда тоқталады, және корпус (18) белгілі жағдайға енеді. Егер бүл жағдайда тежегіштік педальді жіберсе, онда поршень (10) клапанды (12) корпустан (18) алыстатады, II қуыстағы қысым азаяды жөне серіппенің (1) көмегімен корпус (18) клапанмен (12) жанасқанған дейін жылжиды.

    Тежегіштік педальға үлкен күш түсірілетін төтенше (апаттық) тежеу кезінде, поршень (10) мен клапаннның (12) арасында саңылау сақталады, және күшейткіштің II қуысына ауаның келуі жалғасады. Тежеу тоқталғаннан кейін, тежегіштік педаль жіберілген кезде, итеруші (14) поршенмен (10) бірге қайтару серіппесінің (1) әсерінен бастапқы жағдайға қайтып келеді; бұл жағдайда поршень (10) клапанды (12) корпустан (18) кері итереді, ауаның бөлігі II қуыстан I қуысқа келіп түседі, күшейткіштің қуыстарындағы қысым теңеледі. Бүл кезде диафрагмасы (19) және соташығы (8) бар корпус (18) серіппенің (1) әсерінен күшейткіштің қақпағына (9) жылжиды және бастапқы жағдайға қайтып келеді. Вакуумдық күшейткіш тежегіштік педальдің және тіркесу педалінің кронштейніне болттармен (11) бекітіледі, ал болттармен (2) басты тежегіштік цилиндрмен (3) қосылады.

    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің басты тежегіштік цилиндрі (10.12 - сурет) екікамералы, жүмысшы тежегіштік жүйенің гидрожетегінің екі контурын да біруақытта іске қосады. Басты тежегіштік цилиндрдің корпусында (3) гидрожетектің әртүрлі контурларын іске қосатын 5,7 поршендер бар және олар өз қүрылымдары бойынша бір бірінен аз ғана ерекшеленеді. Тығыздаушы сақинасы (8) бар поршенге (7) тежегіштік жетектің вакуумдық күшейткішінің соташығы тіреледі. Поршендер цилиндрде екі камераларды I жөне II қүрайды, олар тесіктер (2) арқылы алдыңғы және артқы тежегіштік механизмдердің дөңгелектік тежегіштік

    цилиндрі бар қүбырмен жалғасады. Тесіктер (4) арқылы тежегіштік цилиндр тежегіштік кішкене багы бар қүбырлармен жалғасқан. Тежегіштік педаль жіберіліп түрған кезде қайтарушы серіппе (13) поршенді (5) шеткі оң жақтағы (бастапқы) жағдайға жылжытады. Бұл кезде поршень шектеушіге (12) тіреледі, ал поршень (7) шайбасы (6) бар серіппенің (10) әсерінен шектеушіге (9) тіреледі. I және II камералар бір бірінен поршенге (5) кигізілген манжетамен 11 бөлінеді. Поршендердің сақиналық шүңқырларына резіңке тығыздаушы сақиналар (16) және тіреулік сақиналар (18) қойылған. Бастапқы жағдайда тарелкасы (14) бар серіппе (15) тығыздаушы сақинаны тіреу сақинасына қысады, соның салдарынан тығыздаушы сақинаның, тіреу сақинасының және поршеннің арасында саңылаулар (17) түзіледі. Бүл саңылаулар мен тесіктер (19) арқылы I және II камералар тежегіштік кішкене бакпен жалғасады, соның нәтижесінде алдыңғы және артқы тежегіштік механизмнің жетектеріндегі контурларда тежегіштік сүйықтық артқы қысымға үшырамайды.







    1. - сурет. ВАЗ жеңіл автомобшъдерінің басты тежегіштік

    цилиндрі:

    1-тыгын; 2, 4, 19-тесіктер; 3-корпус; 5, 7-поршендер; 6-шайба;

    1. 16, 18-тыгыздаушы сақиналар;

    2. 12-шектеушілер; 10, 13, 15-серіппелер; 11-манжета;

    14-тарелка; 17-саңылау

    Тежеу кезінде поршень (7) жылжиды, сақиналық саңылау (17) жойылады, және поршеннің буртигі тығыздаушы сақинаға (16) қысылады. Бүдан кейін сүйықтық басты тежегіштік цилиндрден дөңгелектік тежегіштік цилиндрге итеріліп шығарылады, және алдыңғы тежегішгік механизмнің жетегінің контурында тежеуге

    қажетті сұйықтық қысымы түзіледі. Поршеньмен (7) бірге (5) поршень артқы тежегіштік механизмнің жетегінің контурында сұйықтық қысымын көбейте отырып, біруақытта жылжиды. II камерада пайда болатын сүйықтық қысымы I камерада орналасқан сұйықтық поршені (5) арқылы беріледі. Сондықтан гидрожетектің контурлары дұрыс жұмыс істеген жағдайда сұйықтық қысымы екі контурда да бірдей. Алдыңғы тежегіштік механизмнің жетегінің контуры зақымдалған кезде жөне тежеу кезінде одан сұйықтық ағып кеткен кезде (7) поршень (5) поршенге тіреледі. Нәтижесінде I камерада артқы тежегіштік механизмді іске қосатын сұйықтық қысымы түзілетін болады. Артқы тежегіштік механизмнің жетегінің контурынан сұйықтық ағып кеткен кезде поршень (5) тежегіштік цилиндрдің тығынына (1) тіреледі, соның салдарынан II камерада алдыңғы тежегіштік механизмдерді іске қосатын сұйықтық қысымы жасалады.

    Артқы дөңгелектік тежегіштік цилиндр артқы тежегіштік механизмнің тежегіштік қалқанында бекітіледі және оның тежегіштік қалыптарын іске қосады.

    1 2 3 4 5 6 7 8 9 10







    10.13- сурет. ВАЗ жеңіл автомобилъдерінің артқы дөңгелектік
    тежегіштік цилиндрі:


    1-тіреу; 2-қаптама; 3-корпус; 4-поршенъ; 5-манжета; 6-табақ;

    1. серіппе; 8-қатырма; 9-сақина; 10-бүранда

    Алдыңғы жетекті ВАЗ автомобильдерінің артқы тежегіштік цилиндрі (10.13 - сурет) қорганыс қаптамалары (2) бар корпустан (3), тіреулері (1) бар поршеннен (4), тіреу табақтары (6) және серіппелері.

    1. бар тыгыздаушы манжетадан (5), жөне де тежегіштік қалып пен барабанның арасындагы саңылауды автоматтық реттеуге арналған құрылғыдан тұрады. Реттуші құрылғының құрамына кесінділік тіреу сақиналары (9), тіреулік бұрандалар (10) және өрқайсысы екі жартылардан түратын қатырмалар (8) кіреді. Тіреулік сақина цилиндрде қатайтып орнатылған, және оны жылжыту үшін тежегіштік қалыптарды тартып қатайтып тұрған серіппелер жасайтын күшке қарағанда көбірек күш қажет. Тіреулік сақинаның ішкі буртигінің (9) және поршенге (4) бүралған және қатырмаға (8) тірелетін бұранданың (10) бүршігінің арасында аздаған саңылау бар. Бұл саңылау тиімді тежеу үшін поршень жүрісін қамтамасыз етеді және поршеннің жылжуын шектейді. Тежегіштік қалыптардың үйкелістік жапсырмалары тозған кезде сақина буртигінің (9) және бүранда бүршігінің (10) арасында саңылау таңдалады, және тіреу сақинасы сүйықтық қысымының әсерінен поршеннің артынан тозу шамасына жылжиды және жаңа орынға ауысады. Тежеу тоқталған кезде поршендер тежегіштік қалыптардың тартып түрған серіппелерінің әсерінен қатырмалардың (8) тіреу сақиналарының буртигіне дейін соңына дейін қайтып оралады. Осылайша, пайдалану кезінде тежегіштік қалып пен барабанның арасындағы түрақты саңылау автоматты түрде үсталып түрады, және оны реттеу қажет емес. Артқы тежегіштік цилиндрдің екі штуцері бар: біреуі

    тежегіштік сүйықтықты жеткізуге арланған, ал екіншісі тежегіштік жетектен ауаны кетіруге арналған.

    Тежегіштік күштердің реттеушісі артқы тежегіштік механизмдердің жетегінде сүйықтық қысымын автомобиль кузовының артқы көпірге қатысты орналасуына байланысты орнатады. Реттеуші сүйықтықты артқы тежегіштік механизмге беруді автоматты түрде тоқтататын клапан ретінде жүмыс істейді. Соның нәтижесінде артқы дөңгелектердің сырғуы (юз) болмайды, автомобильдің орнықтылығы жөне қозғалыс қауіпсіздігі жоғарылайды.

    1. сурет. ВАЗ жеңіл автомобильдерінің тежегіштік куштерін реттеуші:

    1
    ю


    -корпус; 2-сацина; 3-шеңбер;
    4-серіппе; 5-тарелка;
    б-тыгыздаушы; 7-төлке;


    1. поршенъ; 9-төсеме;
      10-тыгын; 11-торсион


    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің тежегіштік күштерінің реттеушісі (10.14 - сурет) артқы тежегіштік механизмдердің гидрожетегінің контурына енгізілген. Реттеушінің корпусында (1) соташығы реттеушінің жетегінің торсионына (11) тірелетін поршень (8) орналасқан. Корпуста төлке (7) бар, оның және поршеннің цилиндрлік бүршігінің арасында сақиналық саңылау түзіледі. Төлкеге (7) поршень бүфшігінің резіңке тығыздаушысы (6) қысылған. Поршеннің соташығына кигізілген серіппе (4) бір үшымен тарелкаға

    1. тіреледі, ал екінші үшымен шеңбері (3) бар тығыздаушы резіңке сақинаға (2) тіреледі. Реттеуші корпусының ішінде I және II екі қуыстар бар. II куыс басты тежегіштік цилиндрмен қүбырмен жалғасқан, ал I қуыс - артқы тежегіштік механизмнің дөңгелектік тежегіштік цилиндрлерімен жалғасқан. Егер автомобиль тежелмесе реттеуші жүмыс істемейді. Бүл жағдайда поршень (8) торсионның (11) және серіппенің (4) әсерінен төсемемен (9) тығыздалатын реттеушінің тығынына (10) тіреледі. I және II қуыстар өзара поршень арасында төлкемен, төлкемен (7) және тығыздаушымен (6) жалғасады. Поршеннің соташығына торсион (11) жағынан әсер ететін күш, автомобиль кузовының және артқы көпірдің өзара орналасу жағдайына тәуелді. Ол кузов көпірге жақындағанда көбейеді және ол артқы көпірден алыстағанда азаяды.

    Тежеу кезінде сұйықтық басты тежегіштік цилиндрден алдыңғы және артқы тежегіштік механизмдердің дөңгелектік тежегіштік цилиндрлеріне келіп түседі. Мұнымен қатар артқы дөңгелектердің тежегіштік цилиндрлеріне ол реттеуші арқылы келіп түседі. Реттеушінің корпусында тежегіштік сұйықтық II қуыс, поршеннің, тығыздаушының (6), төлкенің (7) арасындағы саңылаулардан және I қуыс арқылы өтеді. Тежелу басталған кезде, сұйықтыққа қысым аз болған кезде сүйықтық артқы тежегіштік механизмдерді іске қосып реттеуші арқылы еркін өтеді. Сұйықтыққа қысым жоғарылаған кезде тежегіштік жетек іске қосылған кезде, автомобиль шанағының артқы бөлігі сәл көтеріледі және поршен соташығына торсион 11 жағынан әсер ететін күш азаяды. Поршенге төменгі және жоғары жағынан көрсетілетін қысымдардың әртүрлі болуының салдарынан ол соңына дейін тығыздаушыға (6) төмен түседі. Бүл жағдайда реттеушінің I және II қуыстары бір бірінен бөлінеді және тежегіштік сүйықтықтың артқы тежегіштік механизмдерге келуі тоқтатылады. Бүл кезде шанақтың артқы көпірге қатысты әрбір орналасуына артқы тежегіштік механизмдердегі белгілі шектелген сүйықтық қысымы сәйкес болады. Сондықтан, тежелу кезінде автомобильдің артқы дөңгелектеріне түсетін жүктеменің әрбір мәніне белгілі тежегіштік сәт сәйкес болады. Бүл автомобиль тежелген кезде артқы дөңгелектердің сырғу ықтимапдығын азайту үшін қажет. Тежелудің соңында, автомобиль шанағының артқы бөлігі төмен түскен кезде, поршен соташығына торсион (11) жағынан әсер ететін күш көбейеді. Реттеушінің поршені өзінің бастапқы жағдайына келеді, және түзілген саңылау арқылы I және II қуыстар бір бірімен жалғасады, ал артқы тежегіштік механизмдердің дөңгелектік тежегіштік цилиндрлері - басты тежегіштік цилиндрмен жалғасады. Тежегіштік күштің реттеушісі (1) (10.14 а сурет) шанақтың кронштейніне бекітіледі және артқы көпірдің арқалығымен тартымы бар торсион арқылы жалғанады.

    ВАЗ жеңіл автомобильдерінің турақтық тежегііитік жуйесі

    1. суретте келтірілген. Жүйеге артқы тежегіштік механизмдер және механикалық тежегіштік жетек кіреді.







    1. - сурет. ВАЗ жеңіл автомобилъдерінің түрақтық тежегіштік жүйесі

    1-қаптама; 2, 14-тростар; 3, 8, 13-иінтіректер; 4-батырма;
    5, 11-серіппелер; 6-тартым; 7-кронштейн;


    1. багыттаушы; 10-төлке; 12-тақтайша; 15, 16-гайкалар

    Өтімділігі жоғары ВАЗ автомобильдерінің механиклық тежегіштік жетегіне қол иінтірегі (3), алдыңғы трос (2), бағытташуы (9), артқы трос (14), босатушы иінтіректер (13) жөне тірек тақтайшалары (12) кіреді. Иінтірек (3) шарнирлі түрде қаптамасы (1) бар кронштейнге бекітілген және автомобиль шанағының еденінде алдыңғы орындықтардың арасында орнатылған. Иінтіректі жоғарыға жылжытқан кезде күш одак иінтірек (8), алдыңғы трос (2), бағыттаушы (9) және артқы трос (14) арқылы босатушы иінтіректерге

    1. , тіреу тақтайшасына (12) жөне олардан - артқы тежегіштік
      механизмнің тежегіштік қалыптарына беріледі. Иінтірек (3) тартым

    1. арқылы тісті секторға серіппемен (5) түрақты қысылатын ілгешекпен берілген орында бекітіледі. Ілгешек (4) батырмаға басу арқылы босатылады. Серіппе (11) алдыңғы және артқы тростардың түрақтық тежегіштік жүйенің иінтірегін (3) жіберген кезде бастапқы жағдайға қайтып келуін қамтамасыз етеді. Алдыңғы және артқы тростарды басу және сондықтан қол иінтірегінің жүрісі (3) контргайкамен (15) тоқтатылатын төлкесі (10) бар гайкамен (16) реттеледі.
    1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта