Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
5 - сурет. Бөлушісі бар қосымша берілістер қорабының сүлбасы - II 19 1 2 3 * сурет. Гидротрансформатордың сулбасы - сурет. Екісатылы гидромеханикалық берілістер қорабының сулбасы Қосымша берілістер қорабын - бөлушілерді, демультипли- каторларды - негізгі қораптың картеріне қосып, жүк автомобильдерінде қолданады. Бөлушіні тіркесу мен негізгі берілістер қорабының арасында орнатады, демультипликаторды - негізгі қораптың артына орнатады. Сүлбасы 4.16 суретте көрсетілген екісатылы бөлушінің қүрамына: ішінде негізгі қораптың жетекші білігінің тіреуі орналасқан жетекші білік (8); негізгі қораптың аралық білігімен шлицтік қосылыстың көмегімен қосылған аралық білік (7); берілуші саны (4), (5) жүптың берілуші санынан аз түрақты тіркесудегі тісті дөңгелектердің (1), (6) жүптары; тісті муфта (синхронизатор) (2) кіреді. Бөлушінің жүмыс режимі және “төменгі-жоғарғы” берілістер - тісті муфтаның (2) орналасуына байланысты анықталады. Төменгі беріліс іске қосылған кезде (муфта оңға жылжыған) айналдырушы сөт бөлушінің жетекші білігінен (8) негізгі қораптың жетекші білігіне (3) өзгеріссіз беріледі. Жоғарғы беріліс іске қосылған кезде (муфта солға жылжыған) айналдырушы сәт тісті дөңгелектері (1), (6) бар жетекші біліктен (8) бөлушінің аралық білігіне (7) беріледі және ары қарай - негізгі берілістер қорабының аралық білігіне беріледі. Осылайша, бөлушіні қолдану негізгі қораптың берілістер санын екі еселеуге мүмкіндік береді. Гидромеханикалық берілістер қорабы гидротрансформатордан (сатысыз беріліс) және сатылы механикалық берілістер қорабынан түратын құралған берілістерге жатады. Гидротрансформатор (4.17 - сурет) жетекші (сорғылық) дөңгелектен (1), жүргізілетін (турбиналық) дөңгелектен (2), қозғалмайтын (3) дөңгелектен (реактордан) және реактор мен қозғалмайтын біліктің (5) арасында орнатылған еркін жүрістің роликтік механизмінен (4) түрады. Гидротрансформаторда, гидромуфтадағыдай, сүйықтық ағыны екі қозғалысқа қатысады, бірақ айырмашылығы сонда, гидро- трансформаторда энергияны сорғылықтан турбиналық дөңгеллеке беру кезінде айналдырушы сәттің өзгеруі жүреді. Бүған дөңгелек қалақшаларының арнайы қүрылымының есебінен және дөңгелектің (3) реактивті сәт жасауымен қол жеткізіледі. Турбиналық дөңгелектегі айналдырушы сәттің сорғылық дөңгелектегі айнал- дырушы сәтке қатынасы трансформация коэффициенті К деп аталады. Турбиналық дөңгелек қозғалыссыз болғанда К=2..4 (шекті мәні); турбиналық дөңгелектің айналу жиілігінің көбеюімен К коэффициенті сатысыз бірге дейін азаяды. Турбиналық <вт және сорғылық сон дөңгелектердің айналу жиіліктерінің мәндері жақын болғанда реактор роликтік муфтаның көмегімен біліктен (5) ажыратылады және еркін айнала бастайды, яғни гидротрансформатор гидромуфта режимінде жұмыс істейді. Айналу жиіліктерінің айырмашылықтары көбейген кезде реактор тоқтайды, сонымен гидромуфта режимінен гидротрансформатор режиміне автоматты түрде ауысу іске асады. суретте гидротрансформатордан (18), механикалық берілістер қорабынан және басқару жүйесінен түратын гидро- механикалық берілістер қорабының сүлбасы келтірілген. Үшбілікті екісатылы берілістер қорабы жетекші (19), жүргізілетін (5) және тісті дөңгелектері бар аралық (12) біліктерді, көпдискті үйкелістік тіркесулерді (2), (3), (17) (фрикциондарды), жетегі бар тісті муфтаны іске қосады. Басқару жүйесіне алдыңғы (15) және артқы (14) гидросорғылар және сыртқа тепкіш реттеуші (8) жатады. Сүлбада келтірілген гидромеханикалық берілістің қүрылымы төмендетуші (бірінші), тікелей (екінші) берілістерді және артқы жүрісті қамтамасыз етеді. Бейтарап жағдайда айналдырушы сәт білікке (5) жеткізілмейді, өйткені барлық фрикциондар іске қосылған. Төмендетуші берілісті алу үшін фрикцион (2) іске қосылады және муфта (4) солға жылжиды, бүл кезде айналдырушы сәт гидротрансформатор (18), фрикцион (2), тісті дөңгелектер (1), (13), (11), (10) және тісті муфта (4) арқылы жүргізілетін білікке (5) беріледі. Тікелей берілісте біліктің (16) айналдырушы сәті жүргізілетін білікке (5) тікелей беріледі. Ауыстырып қосу автоматты түрде, біруақытта фрикционды (2) өшірумен және фрикционды (3) іске қосумен жүргізіледі. Артқы жүрісті іске қосу муфтаның (4) (ол оң жаққа жылжиды) және фрикционның (2) көмегімен жүргізіледі; айналдырушы сәт гидротрансформатордан (18) фрикцион (2), тісті дөңгелектер (1), (13), (9), (7), (6) жөне муфта (4) арқылы жүргізілетін білікке беріледі. Айналдырушы сәттің гидротрансформаторға келмей, тікелей берілістер қорабына берілуін фрикцион (17) іске асырады. суретте ЗИЛ-ІЗО автомобилінің үшбілікті бессатылы механикалық берілістер қорабы келтірілген. Біліктер картерде (21) мойынтіректерде орнатылған; жүргізілетін біліктің (11) сол жақ тіреуінің мойынтірегі жетекші біліктің (23) қырнауына орналастырылған. Түрақты тіркесудің (22), (20), төртінші (18), (25), үшінші (17), (4) және екінші (15), (7) берілістердің тісті дөңгелектері қисықтісті болып табылады; бірінші берілістің (14), артқы жүрістің (16) тістегершіктері, дөңгелек-каретка (9) және артқы жүрістің тістегершіктер блогы (13), (26) түзутісті. Тістегершік (22) жетекші білікпен бірге жасалған; бірінші берілістің тістегершігінен (14) басқа, аралық біліктің (19) тісті дөңгелектерінің барлығы шпонкаларға орнатылған; қалған тісті дөңгелектер жүргізілетін білікте еркін айналады. Картердің жоғарғы бөлігінде берілістерді ауыстырып қосу механизмі орналасқан. Жүргізілетін білікте спидометр жетегінің тістегершігі (12) және түрақтық тежегіш (10) орнатылған. - сурет. ЗИЛ-ІЗО автомобшъінің берілістер қорабы Бірінші берілістің және артқы жүрістің іске қосылуы дөңгелек- каретканың жылуымен іске асады; екінші, үшінші, төртінші және бесінші берілістер қүрылымы бойынша бірдей синхронизаторлармен , (24) іске қосылады; бесінші беріліс тікелей. Синхронизатор (4.20 а сурет) үштарында тісті қатарлары бар және берілістерді ауыстырып қосудың айырымен байланысқан дискісі (10) бар жылжымалы каретка болып табылады. Дисктің бекіткіштің (1) салаларына арналған оны екі конусты сақиналармен (3) жалғастыратын үш тесіктері бар, және конустың сақиналарды қатаң байланыстыратын бүғаттаушы салаларға (9) арналған үш тесіктері бар. Бүғаттаушы саланың ортасында конустәрізді қырнау жасалған. Конустық сақиналар (3) бүғаттаушы салалармен бірге каретка дискісіне қатысты жылжи алады. Бейтарап жағдайда синхронизатордың корпусы тісті дөңгелектердің арасында орналасқан. Берілістер қосылған кезде каретка, бекіткіштің (1) салаларын жылжыта отырып, конустық сақинаны (3) қосылатын берілістің тісті дөңгелегінің конусына қысады. Жүргізілетін біліктің шлицтеріне орнатылған каретканың және аралық білікпен байланысқан тісті дөңгелектің айналу жиіліктері әртүрлі. Айналу жиіліктері әртүрлі болғандықтан, үйкеліс күші пайда болады, оның әсерімен екі конустық сақина да картотека дискіне қатысты біршама бүрышқа бүрылады, бүл кезде салалардың конустық фаскалары дисктің конустық тесіктерімен бүғатталады (4.20 в сурет). Муфтаның және тісті дөңгелектің айналу жиіліктері теңелмейінше, муфта тісті дөңгелек жағына қарай жылжи алмайды. Айналу жиіліктері теңелген кезде үйкеліс күштері жоғалады, салалар диск тесіктерінен шығады (4.21 б сурет) және каретка жеңіл жылжиды, бүл кезде оның тістері тістегершіктің тісті қатарымен тіркесуге бірқалыпты енеді. Ауыстырып қосу механизмі (4.19 - сурет) қақпақтан (2), ауыстырып қосу иінтірегінен (1), айырлары (8) бар сырғымалардан , бекіткіштерден (3) және қүлыптан тұрады. Сырғыманың (6) көмегімен (4.21 - сурет) дөңгелек-каретка жылжиды және бірінші беріліс немесе артқы жүріс іске қосылады; сырғыма (4) екінші және үшінші берілістер синхронизаторының кареткасын жылжытады; сырғыма (5) төртінші және бесінші берілістер синхронизаторының кареткасын жылжытады. Шариктік бекіткіштер (1) іске қосылған ж V 3 10 3 87 в) г әне өшірілген жағдайларда тісті дөңгелектердің дәл орнатылуын қамтамасыз етеді. Екі берілістің біруақытта іске қосылуын болдырмайтын қүлып, екі жүп шариктерден (3) және ортаңғы сырғыманың тесігінде орналасқан штифттен (2) түрады. Сырғымаларда арнайы шүңқырлар бар. Сырғымалардың бірінің бейтарап жағдайдан жылжуы шариктер мен штифттің жылжуына алып келеді және басқа екі сырғымалардың жылжуына жол бермейді. - сурет. ЗИЛ-ІЗО-дың екінші жөне үшінші берілістерінің синхронизаторы (а): 1-бекітуші саланың бөліктері; 2-серіппе; 3-конустъщ салалар; 4-конустъщ бет; 5-жүргізілетін білік; б-екінші берілістің тісті дөңгелегі; 7-тісті қатар; 8-тісті қатарлары бар жылжымалы каретка; 9-бүгаттаушы сала; 10-каретканың дискісі; 11-үшінші берілістің тісті дөңгелегі; б және в: бүгаттаушы саланың жагдайлары — сәйкесінше бейтарап және бүгатталган - сурет. ЗИЛ-ІЗО автомобшінің берілістер қорабының бекіткіш қулпы Берілістер қорабының картері трансмиссиялық маймен толтырылған. Тіс бөлшектерінің үйкелетін беттерін, жүргізілетін біліктің шлицтерін және басқа бөлшектерді майлау, май шашудың және картердің ішінде май тұманына жасаудың есебінен жүргізіледі. Үлкен жүккөтергіш автомобильдерде берілістер қорабының бөлшектерін майлау тістегершіктік сорғының көмегімен мәжбүрлеп жасалады. Бақылау сүрақтары Трансмиссияның белгілері қандай? Неліктен двигательдегі айналу кезеңі мен жетекші дөңге- лектердің қуаттылыгындағы трансмиссия әсеріне автомобиль қозғалысқа келеді? Автомобильдің дөңгелек формулалары нені сипаттайды? Дөңгелектері әр түрлі формулалы автомобильдердің механи- калық трансмиссияның.негізгі механизмы қандай? Автомобильдің қандай пайдалану қасиеттері трансмиссия мен оның техникалық жағдайына тәуелді? Кардандық білікті берілістің құрылымы. ЗИЛ жүк автокөліктерінің кардандық білікті берілістерінің қүрылымын қарастырып өтейік. (4.22 - сурет). Беріліс - қос білікті, үшшарнирлі, әртүрлі бұрыштық жылдамдықтарымен тең емес білікті шарнирлермен орналасқан. Беріліс өзіне негізгі (6) және де қосымша аралық (1) беріліс білігін қамтиды, олар өзара берліс қорабымен және де кардандық шарнирлердің артқы белдіктерімен (5), аралық тірек (3) пен орын толтыратын қүрылғымен (10) байланысты. - сурет. Шектеулі өткізгіш мүмкіндікті жүкті ЗИЛ автокөлігінің кардандъщ берлісі: 6-кардандыц біліктер; 2-төлке; 3-аралық тірек; 4-кронштейн; 5-кардандық білік; 7-оқсауыт; 8-мойынтірек; 9-қақпақ; 10-орнын толтыратын қүрылгы Аралық тіректің негізіне шар тәрізді мойынтірек (8) бар, ол аралық кардандық білікке орнатылған. Мойынтірек екі киізден жасалған қалпақпен (9) жабылған және де қатты резеңке оқсауыттың ішінде орналасқан. Бүлар (4) кронштейннің ішінде, автокөліктің рамасына мықтап бекітілген. Мойынтіректің резеңке оқсауыты вибрацияны азайтады және аралық кардандық біліктегі жүктемені азайтады. Бүл автокөліктің рамасының майысуы мен тірек монтажының дөлсіздігіне негізделеді. Кардандық білікті берілістің орнын толтыратын қүрылғы (10) осьтің бойымен қозғалмалы бағытта байланыс үстайды. Ол аралық кардандық білік пен карданды шарнирдің (5) айырының оймакілтектің ұшына дәнекерленген оймакілтекті төлкеден тұрады . Осылардың барлығы да білікті байланыстыруға әсер етеді. Орнын толтыратын құрылғы жинақ жинау кезінде майланады және киізден жасалған манжетпен қалындатылады өрі резеңкеден жасалатын қынмен мықтап тұрып сақталады. - сурет. ВАЗ жеңіл автокөлігінің кардандың берілісі: 1-муфта; 2-кронштейн; 3, 7-кардандьщ біліктер; 4-аралық тірек; 5-арқалық; 6-кардандық шарнир; 8, 9-фланцтар; 10-манжеттер; 11-уштар; 12-тыгырық; 13-гайка; 14-білік; 15-жастық; 16, 20-серелер; 17-жүзікше; 18, 22-мойынтіректер; 19-манжеттер; 21-крестовина Карданды білікті берілісі бар ВАЗ жеңіл автокөлігі (4.23 - сурет) алдыңғы (3) және артқы (7) біліктерінен тұрады, екі карданды шарнирден (6), эластикалық муфта (1) мен (4) аралық тіректен тұрады. Резеңкелі эластикалық муфта беріліс қорабының екінші білігін алдыңғы карданды білікпен байланыстырады. Муфтаның алдыңғы фланцы (8) беріліс қорабының екінші білігінің оймакілтегінде (14) орнатылған және онда гайка (13) бекітілген, ол муфтаның артқы фланцы (9) алдыңғы біліктің (11) оймакілтегінде орнатылған. Үштық пен фланцтың оймакілтекті байланысы автокөліктің қозғалысы барысында карданды білік берілісінің ұзындық өзгерісінің орнын толтырады. Ол тығындатылған саңылау арқылы (12) майланады да және (10) манжетамен қорғалады. Алдыңғы (3) және артқы (7) карданды біліктер жұқаланған болат құбырдан жасалған. Алдыңғы карданды біліктің екі бірдей шеті оймакілтекті ұштарымен бекітілген, ол артқы біліктік айырларында карданды шарнирлер бар. Алдыңғы карданды біліктің артқы ұшы шар тәрізді мойынтіректе (22) қыздырып орнатылған. Ал осы болат қораптың ішінде аралық тіректің (4) резеңкелі жастықшасында вулкандатып орнатылған. Резеңкеден жасалған жастықша(15) аралық біліктің кронштейніне ысытылған, ол барып арқалыққа (5) бекітіледі. Осының барлығы автокөлік қорабының өрісімен байланысты. Резеңкеден жасалған жастықшаның формасы алдыңғы карданды біліктердің кейбір уақыттарда аралық тіректе ось бойымен орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Резеңкеден жасалған жастықша карданды білікті берілістің жұмыс жасау барысында пайда болған вибрациясын сорып алады. Алдыңғы карданды біліктің артқы оймакілтекті ұшында білікті шарнирдің 6 айыры (16) бекітілген. Алдыңғы карданды біліктің астында (2) қауіпсіздік кронштейні орнатылған, ол эластикалық муфтаның (1) қирауындағы біліктің құлауы мен автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылатады. Артқы кардандық білік (7) алдыңғы карданды білікпен және басты берілістегі жетекші тістегерішпен карданды шарнирлердің (6) көмегімен байланысады. кардандық шарнир екі середен түрады (16) жөне (20), крестовиндер (21), инелі мойынтіректер (18), әрі тығыздағыш манжеттер (19) мен инелі мойынтіректердің (17) тіректі детальдарынан тұрады. Крестовиндердің мойынтірегін жинақтау кезінде майлаймыз, ал эксплуатация уақытында майлауды қажет етпейді. Бақылау сұрақтары Кардандық беріліс не үшін қажет? Кардандық берілістің негізгі бөліктері? Кардандық берілістегі оймакілтекті қозғалмалы қосылыстар не үшін қажет? Тең және тең емес бүрыштық жылдамдығы бар кардандық шарнирлердің маңызы және ол автокөлік трансмиссиясынның қай жерінде қолданылады? С' 4.1.5. Белдік Белгілері мен типтері. Белдік деп отырғанымыз автокөліктің доңғалақтардың металдан жасалған бағанасын айтамыз. Белдік доңғалақтың негізгі бөлігі бола отыра жетекшілік рөлге ие бола алатын да доңғалақтың жетекші қозғалысын қамтамасыз ететін ең басты нысан болып саналады. Автомобильдерде белдіктердің әртүрлі типтері қолданылады. (4.24 - сурет) Жетекіиі белдік дегеніміз двигательдің айналу моментіне алып келетін жетекші доңғалақтары бар белдіктерді атаймыз. Автомобильдерде ең басты жетекшілік орынға шығатын ең бірінші орынға белдік тек қана алдыңғы, тек қана артқы, тек ортаншысы мен артқысы немесе бір уақытта да барлығы тегісімен. Қатты жабдықталған және де қүрғақ грунтты жолдар үшін неғүрлым кең түрде таралған автомобильдіңдай кең таралған (4) және (2) соңғы доңғалақтары мына болып табылады. Басқарушы рөлге двигательдің айналу моментіне алып келе бермейтін сонымен қатар басқарушы қозғалысты тудыруға себепкер доңғалақ белдікті айтамыз. Автомобильдер үшін ең басты басқарушы рөлге ие болатын ол алдыңғы доңғалақтың белдіктері болып табылады. Комбинирленгеи деп жол бойымен бірдей уақытта басқарып келе жатып та және де жетекшілік рөлге ие бола алатын доңғалақтың белдігі айтылады. Комбинирленген белдіктер көбінесе шектеулі мүмкіндікті алдыңғы желілі жеңіл автокөліктерде, жоғары мүмкіндікті толықжелілі автокөліктерде қиын жол жағдайына бейімделген жоғары мүмкіндікті автокөліктерде алдыңғы белдік ретінде қолданылады. — сурет. Әртурлі белгілері бойынша классифицирленген автомобилъдің доңгалац белдіктерінің түрлері Бір цалыпта устап туратын болып не жол жүру барысында жетекшілік рөлге ие болмайтын және басқару қабілетін түтастай өз мойнына алмайтын доңғалақтың белдіктері жатады. Бір қалыпта үстап түратын белдіктердің көбіне толық тіркемелі және де жартылай тіркемеде қолданылады. Олар сонымен қатар көп осьті жүк автокөліктері үшін де және алдыңғы доңғалақтары жетекші рөлге ие жеңіл автокөліктерінің артқы белдігі үшін қолданылады. . Жетекші белдік. Оның құрылымдық негізі қатты бағана болып табылады және де жетекші рөлге ие болатын доңғалақтарының мойынтіректерінің соңғы жағында күпшек орнатылған, ал ішкі жағында басты беріліс дифференциал және жартылай ось бар. Жеңіл автокөліктер үшін жетекші доңғалақтың рөліне алуан түрлі болып келетін жетекші белдіктер қолданады. (4.40 - сурет) Жетекші белдіктің картері (4.41 а сүрет) негізі қыздырып соғылған шойыннан ажыратылады, өйткені ол өзара бір-бірімен байланысқан екі бөліктерден (2) және (3) түрады. Картердің екі бөлігі де қылтадан түрады, олардың негізіне жартылай осьтік (1) болаттан жасалған қүбыршалы тері жабыстырылып престелген. Бүлардың негізіне сонымен қатар тағы да рессор (4) тірек аландары мен доңғалақтың тежеуіштік механизміндегі тірек дискітерін бекіту үшін (5) фланцы дәнекерленіп жасалған. Көлемді жетекші көпірлер жеңіл автокөліктер үшін жөне аз немесе орташа жүк көтеру қабілеті бар жүк машиналары үшін қолданылады. Көлемді емес штамп дәнекерленген жетекші көпірдің картері (4.26 б сүрет) түтастай бағана (9) қалпында жарамдылыққа енгізілсе, ал оның негізгі объектісі дөңгелек формалы дамыған орталық бөлінде орнатылған. Бағананың құбырша тәрізді қиылысы мен екі штампталған жартылай болаттан тұрады. Осының барлығы да автомобильүшін неғүрлым қашық жолға шыдамды қылынып жасалған. Бағананың ортаңғы бөлігі басты беріліс картерінің және дифференциалдың бір жағына бекітілген, ал енді бір жағы үшін қақпақты орнату үшін. - сургт. Әр түрлі белгілеріне царай классификацияланган жетекші белдіктердің типі Белдіктің бағаналарына (7) тірек тегенелері дәнекерленіп жасалған, тежеуіштік механизм үшін тірек дискілерін бекітуге арналған фланцтар (6) және де бағана детальдарына бекіту үшін (8) кронштейндер (10) бекітіліп жасалған. Ажыратылмайтын штамп дәнекерленген жетекші белдіктер жоғары да жазылғандай көбінесе жеңіл автокөліктерде және жүк тасымалдығы орта және кіші жүк көліктері үшін жарамды болып табылады. Беріктілігі мен қаттылығы жағынан бүл белдіктер ажыратылмалы қүймалы көпірмен салыстырғанда массасы жағынан да аз және де дайындалу әзірлігі де шамалы болып табылады. - сурет. Жетекші белдіктер: а-ажыратьілмалы; б, в-ажыратылмайтын; 1-қаптама; 2, 3-картердің бөліктері; 4-алаң; 5, 6, 12-фланцтар; 7-тегене; 8, 10-кронштейндер; 9, 13-баганалар, 11-қубырлар Ажыратылмайтын құймалы жетекші белдікті (4.26 в сурет) шойын мен болаттан дайындайды. Белдік бағанасы (13) тік бүрышты қиылыстарға ие. Жартылай осьті білектерде соның ішінде қүбырларда (11) болаттан жасалған престелініп жасалады, олардың сондарына қарай доңғалақтарының күпшіктері орнатылады. Тежеуіштік механизмде фланцтар (12) тірек дискілерін бекіту үшін қолданылады. Ажыратылмайтын қүймалы жетекші белдіктер жүк автокөліктерінде үлкен жүк тасымалды деңгейінде қолданылады. Мұндай белдіктердің де беріктігі мен мықтылығы өте жоғары әрі массасы мен көлемі жағынан да өте үлкен деңгейде. Ажыратылмайтын жетекші белдіктер қызмет көрсету жағынан келгенде ажыратылған белдіктермен салыстырғанда анағұрлым ыңғайлы, басты беріліс пен дифференциалға қол жеткізу үшін автомобильдің белдігін шешу талап етіле бермейді. Басты беріліс. Автомобиль трансмиссиясының беріліс санын арттыратын тістегеріш механизмді басты беріліс деп атаймыз. Басты беріліс двигательдің айналдыру моментін үнемі үлғайтып отыру үшін қолданылады және де қажетті белгілеріне қарай айналдыру жылдамдығын азайтуға да қолданылады. Басты беріліс автомобиль қозғалысының максималды жылдамдығын қамтамасыз етеді әрі оның беріліс санының сәйкесіне қарай май шығынын реттеп отырады. Басты берілістің беріліс саны да автомобильдің белгілері ен типіне байланысты әрі двигательдің тезжүргіштігі мен қуатына да мол әсері бар. Басты берілістің беріліс санының көлемі де әртүрлі болып табылады, ол 6,5...9,0 жүк көліктерінде болса, ал жеңіл автокөліктерде 3,5...5,5. Автомобильдерде басты берілістің әртүрлі типтері қабылданады (4.27 - сурет). 4.27- сурет. Басты берілістің типтері Біртекті басты беріліс бір жұп тістегеріштен тұрады. Цилиндрлік басты беріліс жеңіл автокөліктер үшін двигательдің жазықтық орналасуында қолданылады жөне де беріліс қорабының ортақ картерінде сыйғызылады. (4.26 - сүрет). Оның беріліс саны 3,5...4,2 тең, ал тістегеріш тура айыл тісті, көлденең тісті немесе шевронды болып келеді. Цилиндірлік басты берілістің ПӘК-те жоғары 0,98-ден кем емес, бірақ ол өте шулы автокөліктің әлсіз сәулесін азайтады. Коникалъщ басты беріліс. (4.28 а сүрет) Кіші және орта жүк көтерімділігі бар жеңіл және де жүк автокөліктерінде қолданылады. Коникалық басты берілістің бір жазығында жатып және де қиылысатын жетекші (1) және келісілген (2) тістегеріштің негізінде жатады. Беріліс тістегерішінің жоғары беріктілігі бар, кішкене ғана көлемі бар жөне де автомобильдің ауырлық орталығын төмендетуге қабілетті. Коникалық басты берілістің ПӘК спиральді тістерімен 0,97 0,98. Коникалық басты берілістің беріліс саны 3,5... 4,5 жеңіл автокөліктер үішн,ал жүк автокөліктері үшін 5...7. Гипоидтік бастьі беріліс. (4.28 б сүрет) жеңіл жөне де жүк автокөліктерінде өте кең түрде қолданылады. Гипоидтік басты берілістің келісілген (2) және жетекші (1) тістегеріштерінің осьтері коникалық беріліспен салыстырғанда бір жазық бойында болып табылмайды және де қиылыспайды. Тек айқасып келеді. Беріліс жоғары не төменгі гипоидтік е араласумен де келе алады. Жоғары араласып келетін гипоидтік басты беріліс көп ості автомобильдерде қолданылады, жетекшіде түрған тістегеріштің білігі барлық машина түрлері үшін қоладнбалы болып табыла бермеуі де мүмкін. Ал, төменгі гипоидтік араласып келетін басты беріліс жеңіл автокөліктерде кең қолданылады. Салыстырғанда өте мығым да берік болып табылады және де шуы ең азы да осы беріліс түрі. Ол жүк көліктерінің берілістерінің орнына қос негізді қылып салса да өз жүмысын атқара береді. Габариті аз. Оның ПӘК шамасы 0,96...0,97. Төменгі гипоидтік араласуда кардандық берілісті төменге орнату мүмкіндігі бар, автомобильдің берікігі мен түрақтылығын үстай отыра автомобильдің ауырлық отралығын азайтуға да болады. Алайда, гипоидтік берілісте жинақтарды жинауда немеес оны өндеу мен реттеуде өте мұқияттық пен нақтылық ты талап етеді. Тістегеріштерінің айқасуының тым жоғарылығы үшін де арнайы гипоидтік майларды қолдануды талап етеді. Қорғасынды, фосфорлы және басқада арнайы майлардың әсерімен тістегеріштердің мықтылығын мығымдау үшін пайдаға жаратады. - Басты берілістер: а, в-біртекті; г, д-цостекті; е-редуктор; 1-жетекші тістегеріш; 2-келісілген тістегеріш; 3-қурт; 4-қурт тәрізді тістегеріш; 5-коникалъщ тістегеріш, 6-цилиндірлік тістегеріш; 7-жартылай осъ; 8-кунді тістегеріш; 9-сателлит; 10-өсі; 11-корондъщ тістегеріш; е-гипоидтік араласу Қүрт тәрізді басты беріліс (4.28 в сүрет). Қүрт тәрізді тістегеріштің қатысына қарай төменгі не жоғары жағына қарай орналасвды. Оның беріліс саны 4...5 және қазіргі кездің өзінде өте сирек қолданыста. Оны көпосьті және көптеген автомобильдердің түрлерінде қолданады. Басқа берілістермен салыстырғанда қүрт төрізді беріліс өлшемі жағынан анағүрлым кіші болып табылады, шуы азырақ, минималды динамикалық жүктемеге ие және тіркегіштік байланысты камтамасыз етеді. Алайда, ең аз ПӘК (0,9...0,92) дайындау күрделілігі мен қолдану материалы тарапынан ең қымбаттардың бірі болып табылады. Қоснегізді басты беріліс үлкен және орта жүккөтерімділігінің толыққабілетті үшосьті автомобильдерде және автобуста транс- миссияның беріліс санын үлғайту үшін қабылданады. Қоснегізді басты берілістің ПӘКшамасы 0,93.. .0,96 аралығында болады. Қоснегізді басты берілістердің қос тісті сыңары бар. Көбінесе олар коникалық тістегеріштердің спиральді тістері мен тік және қиғаш тісті цилиндрлік тістегеріштердің сыңарынан түрады. Цилиндрлік тістегеріштердің сыңарларының бар болуы басты берілістің беріліс санының үлғаюына әсер етеді, сонымен қатар коникалық тістегеріштердің сыңарының үзақмерзімділігі мен беріктігін арттырады. Орталъщ басты берілісте (4.28 г сүрет) коникалық және де цилиндрлік тістегеріш сыңарлары жетекші белдіктің орталық картерінде орналасады, ал цилиндрлік тістегеріштер доңғалақ редукторында. Сонымен қатар цилиндрлік тістегеріштер коникалық тістеге- ріштердің сыңарларымен дифференциал арқылы да бай-ланысады. Сонымен қатар басты берілістің негізіне кең түрде қолданылатын біртекті планетарлық доңғалақ редукторлары қабылданады. Осындай редуктор (4.28 е сүрет) тіктісті тістегеріштерден тұрады және де күн тәрізді формасының (8), корондық (11) және де үш сателлитті (9) болып табылады. Күнтәрізді тістегеріш жартылай осьтің (7) бойымен айналады және де үш сателлитпен ілінген байланыста тұрады. Осының барлығы да ось бойында өте еркін орналасқан (10) және белдік бағанамен тығыз түрде байланысқан. Сателлиттер корондық тістегеріштермен (11) байланысып доңғалақтың күпшегіне мығым орналасады. Орталық коникалық сыңарлардан (5) айналдыру моменті жетектегі доңғалақтардың күпшектеріне дифференциал, жартылай ось (7), күнтәрізді тістегеріш (8), сателлит (9) және де корондық тістегеріштер (11) арқылы беріледі. Басты берілісті тең екіге бөлген жағдайда дифференциал деталі мен жартылай осьте жүктеме анағүрлым азаяды, әрі жетекші белдіктің орталық бөлігі мен картердің өлшемі азаяды. Нәтижесінде жол бойындағы әлсіз сәуле жарығы үлғаяды да сонымен қатар автомобильдің жүктелу қабілеті арта түседі. Алайда тіркемелі басты беріліс анағүрлым өте күрделі әрі көлемді және де қызмет көрсету жағынан да қымбатқа түседі. Дифференциал. Автокөліктердің жетекші доңғалақтарының арасы мен жетекші белдіктің арасындағы айналу механизмін трансмиссияның механизмі реттейді әрі ол дифференциал деген атқа ие. Тегіс емес жолдар мен айналыстарда автокөлік қозғалысының әртүрлі жылдамдығына байланысты жетекші доңғалақтарды қамтамасыз ету үшін дифференциал қызмет етеді. Жетекші доңғалақайналу сәтіндегі әртүрлі жылдамдықтары бұрылыстардағы әртүрлі жолдар мен тегіс емес жолдарда тайғанақтау мен түрып қалуды болдырмау үшін қажет. Әйтпесе кері жағдайда автокөлік қозғалысының кедергісі жоғарылап кетеді және отын шығыны үлғаяды әрі шинасы тез істен шығып қалуы да мүмкін. Автокөліктердің белгілері мен типтеріне қарай оған әртүрлі типтегі дифференциалдар қолданылады. (4.29 - сурет). Жетекші автокөліктің доңғалақтарының арасындағы дви- гательдің айналу моментін реттейтін дифференциал доңғалақ аралық деп аталады. Двигательдің айналу моментін автокөліктің жетекші белдіктерінің арасында реттейтін дифференциал осьаралық деп аталады. Көптеген автокөліктерде аз үйкелісі бар коникалық симметриялық дифференциал көп қолданысқа ие. Симметриялық дифференциал айналу моментін тең екіге бөледі. Оның беріліс саны мына бірлікке тең (и=1), яғни жартылай осьті тістегеріштер (3) жөне (4), (4.31 а, б сүрет) бірдей диаметр мен тең тіс сандарына ие. Симметриялық дифференциалдар көбінесе авто-көліктер үшін доңғалақ арасында қолданылады, ал осьара- лығында анағүрлым сирек. Симметриялық дифференциалдың мүндай қ олданысқа енгізілуінің өзінің мәні де жетекші көпірлер арасын- дағы тең айналу моментін реттеу үшін қажетті болып отыр. — 2 1 2
б
г сурет. Әртүрлі белгілеріне царай классификацияланган дифференциалдардың типтері — сурет. Тістігеріиіті дифференциалдар: а, б-симметриялъщ; в, г-симметриялық емес; 1-корпус; 2-сателлит; 3, 4-тістегеріштер Симметриялъщ емес дифференциал айналу сәтін тепе-тең бөле алмайды. Оның беріліс саны бірлікке тең емес, бірақ түрақты (и^1=сопз1), яғни жартылай осьті тістегеріштер (3) және (4) (4.30 в, г сурет) бірдей емес диаметрлер мен әр түрлі тіс сандарына ие. Басты салмақ түсетін белдіктерге қатысты айтатын болсақ, жүктемелердің әсерінен айналу сәтін тәртіп бойынша ось аралығында қолдану үшін симметриялық емес дифференциалдар қолданады. Доңғалақ аралығындағы конникалық симметриялық диф- ференциал (4.30 а сурет) автокөліктің басты доңғалағымен байланыстырушы (1) корпустан, (2) сателлиттерден, (3) және (4) жартылай осьті тістегеріштерден ң түрады. Жеңіл автокөліктің дифференциалы дифференциал корпус-ында бекітілген осьтерде орнатылған еркін айналушы екі сателлитке ие. Ал жүк көлігінде болса, крестовин шипіндегі әрі сонымен қат ар дифференциал корпусында бекітілген төрт сателлитке ие. -сурет. Автокөліктің қозгалысы жагдайындагы дифференциал жумысьтың сызбасы. а-тузу жолт бойымен; б-бурылыста; 1, 4-тістегеріште; 2-корпус; 3-сателлит; 5-жартылай осъ Автокөліктің түзу жол бойымен бірсызықты қозғалысы бір белдіктің жетектегі доңғалағы қозғалыстың бірдей кедергісіне ие және бірдей жылдамдықта айналады. Осының салдарынан дифференциал корпусы, сателлит пен жарлылай осьті тістегеріш бірдей айналады. Осының әсерімен сателлиттер (3) өзнің осьнің бойымен айналмайды, жартылай осьті тістегеріштерді (4) жанайды әрі екі доңғалаққа да бірдей айналыс моментін туғызады. Автокөлік бұрылған кезде (4.31 б сурет) ішкі орталыққа қарай бұрылу жағдайында доңғалақ қозғалыс тарапынан туындайтын үлкен кедергіге ие болады, ал сыртқы доңғалақтың кедергісі бұдан әлдеқайда кем, ішкі доңғалақтың жартылай осьті тістегеріші өзінің айналысын сонымен бірге ақырындатады. Сонымен (3) сателлиттер өздерінің осьтерінің бойымен айнала отыра сыртқы доңғалақтың жартылай осьті тістегерішінің де айналу жылдамдығын тездете түседі. Нәтижесінде жетекші доңғалақтар әртүрлі жылдамдыққа түсе отыра бүрылыс қозғалысына қажетті жағдайды туғызады. Автокөліктің тегіс емес жолмен қозғалысы барысында доңғалақтары әртүрлі кедергіге ие болады және де әртүрлі жолға түседі. Осыған сәйкесінше дифференциал оларды әртүрлі айналу жылдамдығы мен сырғанау мен түрып қалудан алып қалатындай жағдаймен қамтамасыз етеді. Бірдей уақытта айналу жылдамдығының өзгерісімен бірге жетекші доңғалақтарда айналу моментінің өзгерісі туындайды. Осының әсерімен үлкен жылдамдықта айналып түрған доңғалақтағы айналу моменті азаяды. Симметриялық дифференциал жетекші доңғалақтардағы айналу моментін тепе-теңдікке реттеген соң, осы жағдайда да доңғалақтағы жылдамдықтың азаюымен айналу моменті де азаяды және үлкен жылдамдықтағы доңғалақтың айналу сәті тең сәтке қүрылады. Нәтижесінде үлкен айналу моменті мен доңғалақтағы ауырлық күші жетектегі доңғалақтарға түседі де, ауырлық қасиеті мен автокөліктің жарамдылығы нашарлайды. Әсіресе бүл жетекші доңғалақтардьщ бірі сырғанақ жол аумағына түсіп, ал екіншісі қатты жерге тап болғанда болып жатады. Егер де автокөліктің қозғалысы үшін үлкен айналу мңменті жеткіліксіз болса, онда машина тоқтап қалады. Соның өзінде қүрғақ жолдағы доңғалақ тұрып қалады да, ал сырғанақ жердегі доңғалақ бір орында айналып еш қозғалыс тудырмайды. Бүл жағдайды реттеу үшін дифференциалдың блокировкасын қатал түрде дифференциал корпусының жарты осьмен жалғай отыра қабылдау керек. Дифференциалды блокқа енгізген жағдайда айналу моментін туғызып түрған доңғалақ үлғаяды. Нәтижесінде екі автокөліктің де жетекші доңғалақтарындағы үлкен дәрежедегі үлкен ауырлық күші пайда болады. Осының әсерімен нақты жол шарттары кезінде үлкен ауырлық күші 20...25%-дейін үлғаяды. Ішкі үйкелістің аз болғандығынан коникалық симметриялық дифференциал аз үйкелістің дифференциалы болып табылады. Дифференциалдағы үйкеліс автокөліктің жарамдылығын арттыра түседі, түрып қалмаған доңғалағы үшін үлкен айналу моментін бере отыра, ал түрып қалған доңғалақ үшін азырақ беріп, сөйтіп машинаны алып шығады. Сонымен жетекші доңғалақтардағы үлкен ауырлық күші максималды жағдайға дейін жетеді. Алайда, аз үйкелістегі дифференциалдағы жетекші доңғалақтар үшін үлкен ауырлық күші 4...6%-ға дейін үлғаяды және де ауырлық қасиетінің жоғарылауына себепкер болмайды. Коникалық симметриялық дифференциал аз үйкелісті әрі құрылымы жағынан да қарапайым, массасы мен өлшемі жағынан да шамалы, жоғары КПД-ға ие әрі сенімді. Ол жақсы басқарулар мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, шинаның жарамсыздығын және де майдың шығынын азайтады. Бұл дифференциал қарапайым дифференциал деп аталады. Көпжелілі автокөліктер үшін жетекші белдіктегі басты берлілістің арасындағы айналу моментін осьаралық дифференциал реттеп береді. Дифференциалды басты берілістің желісінде орнатады. Осьаралық дифференциал көбінесе тегіс жолда қозғалатын автокөліктің трансмиссиясының қуаттылығының циркулясын болдырмайды. Автокөліктер үшін осьаралық ретінде коникалық, цилиндрлік дифференциалдар қолданады. тарау. АЛЫП ЖҮРУШІ (КӨТЕРГІШ) ЖҮЙЕСІ Қызметі мен сипаты Автокөліктің кузовы немесе рамасы көтергіш жүйе деп аталады. Көтергіш жүйе автокөліктің барлық бөлшектерін орнату және бекіту үшін қызмет атқарады. Көтергіш жүйе - автокөліктің ең көп материалдан тұратын және қымбат жүйесі. Егер автокөліктің барлық 100 пайыздық материал көлеміне: қүнын және оның көлікті дайындау күрделігі жатса, соның 50 пайызын көтергіш жүйе қүрайды. Көтергіш жүйенің төзімділігі автокөлікті күрделі жөндеуден өткізу мерізімін анықтайды. Автокөліктің жалпы эксплуатациядағы жүріп өткен жолы соған байланысты. Көтергіш жүйе автокөліктің көптеген эксплуатациялық қасиеттеріне ықпал етеді. Автокөліктердің әр түрлі көтергіш жүүйелері болады. Ол көбінесе автокөлік түрін және қүрылымын анықтайды. Көтергіш жүйесіне қарап автокөліктерді рамалы және рамасыз деп жіктейді. Рамалы автокөліктерде көтеру қызметін рама атқарады (рамалық көтергіш жүйе) немесе рама кузовпен бірге (кузовты-рамалы көтергіш жүйе). Рамасы жоқ автокөліктерде көтергіш жүйе қызметін кузов атқарады (кузовты көтергіш жүйе). Рамалы көтергіш жүйе барлық жүк автокөліктерінде, прицептерде және жартылай прицептерде, ірі және жоғары кластағы жекелеген автокөліктер мен автобустарда болады. Самосвал - автокөлігінің көтергіш жүйесінде негізгі рамадан басқа қосымша қысқа рамасы - рама асты тетігі болады. Оған жүк кузовы қойылады да, кузовты көтеру механизмі бекітіледі. Рамалы көтергіш жүйенің қүрылымы қарапайым, өндіру мен жөндеу техникасы жақсы, сондай-ақ жан-жақты, себебі қарапайым және арнай автокөліктерге де бірдей пайдаланылады. Сонымен қатар, рамалы көтергіш жүйе бір шассиде кузовы әр түрлі автокөліктерді шығаруға мүмкіндік береді. Кузовты көтергіш жүйе өте ықшам, ықшам және орташа кластағы жеңіл автокөліктерде және соңғы үлгідегі автобустарда қолданылады. Кузовты көтергіш жүйесі автокөлік салмағын, оның жалпы биіктігін азайтуға, салмақ түсу орталығын төмендетуге ықпал етеді, соған сәйкес тұрақтылығын өсіреді. Бірақ кузовты көтергіш жүйе жолаушылар салонын дірілден, жұмыс істеп түрған агрегаттар мен механизмдердің, шиндердің шуынан қорғай алмайды. Рамалық-кузовты көтергіш жүйе тек автобуыстарда ғана қолданылады. Рамалы-кузовты көтергіш жүйе бойынша автобус кузовының негізі болмайды. Рама мен кузов негізі (қаңқасы) бір қүрылымға біріктіріледі. Кузов қаңқасының шпангоуттары көлденең рамаларға мықтап бекітіледі. Рамам мен кузов қаңқасы барлық жүкті бірдей қабылдап, бірге жүмыс істейді. Рамалы-кузовтық көтергіш жүйесінің қүрылымы қарапайым, өндіріс технологиясы жақсы жөне жөндеуге қолайлы. Рамалы көтергіш жүйеге қарағанда рамалы- кузовты жүйенің салмағы біршама төмен және едені төмендеу. Рама Рама автокөліктің кузовын және барлық жүйесін, агрегатары мен механизмдерін қондыруға қызмет етеді. Рама автокөліктің ең жауапты және металы көп бөлігі болып табылады. Рама барлық жүк автокөліктерінде, ірі және жоғары кластағы жеңіл автокөліктер мен автобустарда, прицептерде және жартылай прицептерде болады. Автокөліктерге түрлі типтегі рамалар қойылады (5.1 - сурет). Ең көгі қолданылатыны лонжеронды рамалар. 5.1 - сурет. Рамалардың түрлері 5.2- сурет. Жук көліктерінің лонжеронды рамасы: 1-лонжерон; 2, 4-поперечинсиіар; 3-буксирлі қурылгы; 5-буфер; 6-крюк Жүк көліктерінің лонжеронды рамалары (5.2 - сурет) екі лонжероннан түрады (1) (көлденең балкалар - тіреуіштер), олар бір- бірімен біріктіріліп қосылған. Лонжерондар қүрыш кесінділерінен жасалады және швеллер ауыспалы пішінді қиындысы бар. Пішім биіктігі лонжер бөлігінің орта шенінен келеді. Автокөліктің түріне және қүрылымына қарай лонжерондар бір-біріне паралел немесе бүрытап, сондай-ақ вертикалды немесе горизантальді жазықтықта орналастырыла алады. Әдетте лонжерондарға кузовты, дөңгелек аспаларын, трансмиссия қүрылыстарын, басқару жүйесін ұстатуға арналған әр түрлі кронштейндер жапсырылады. Поперечиналар да лонжерондар сияқты қүрыштан жасалған кесінділерден жасалады. Олар қажетті агрегаттар мен механизмдерді рамаға бекітуге қолайлы формада жасалды. Мысалы алдыңғы поперечина (4) двигательдің алдыңғы бөліктерін бектігу лайықталған. Лонжерондар мен поперечиналар өзара желім арқылы немесе балқытып біріктірілген. Раманың алдыңғы ұшында буфер (5) және буксир (6) орналасқан. Буфер қозғалыс кезіндегі, соғылған кездегі соққы мен қозғалыстарға қарсы түруға арналған. Крюктер автокөлікті тартуға (буксирге алуға) қызмет етеді. Жүк автокөлігінің рамасының артқы жағында автокөлікті тіркемемен қосуға, тоқтап қалған көлікті сүйреуге арналған тіркегіш қүрал болады (3). Буксир (тіркегіш) қүралы ілгектен, резина амортизатордан түрады, олар тегіс емес жолда көліктің қозғалысын, түрлі соққыларды, тоқтағанда және орнынан қозғалған кезде болатын соқтығыстан сақтайды, жеңілдетеді. Жеңіл автокөліктің рамасының қүрылысын қарастырайық. Баспалдақты рама (5.3 - сурет) екі лонжерден түрады. Лонжерондар қүрыш кесінділерінен жасалады және жабық типті профильде болады. Лонжеронға автокөлік кузовын, трансмиссия механизмберін, алдыңғы және артқы аспаларды, басқару жүйесін орнатуға және бекітуге арналған әр түрлі кронштейндер (2) жалғанады. Атвокөліктің алдыңғы және арқы дөңгелектері орналасқан түстарында раманың ойығы болады. Олар көлік деңгелектерінің еркін қозғалуына ықпал етеді және түсетін салмақты жеңілдетеді, жоғары жылдамдықпен жүрген кездегі оның түрақтылығын қамтамасыз етеді. X тектес рама дөңгелектердің бұрылу аумағын кеңейтеді, автокөліктің бүрылу радиусын азайтады және оның маневрін жақсартады. Сонымен қатар, рама кузов еденін төмендетіп, түсетін салмақты жеңілдеті жөне оның түрақтылығын арттырады. Перифериялы лонжеронды рама (5.3 - сурет) көбінесе жеңіл автокөліктерде қолданылады. Ол түйықталған лонжерондардан түрады, ол автокөлік кузовының перифериясы арқылы өтіп, оған табиғи табалдырық қүрайды. Бұл кузовқа бүйірінен тиітін соққыларға пәрменділігін арттырады. Раманың ортаңғы тұсы бос болады, кузовтың еденінің төмендетуге ықпал етеді, автокөлік салмақ түсу орталығын жеңілдетеді және оның төзімділігін арттырады. Дөңгелектердің жүрісін жақсарту үшін алдыңғы және артқы дөңгелектердің түсында лонжеронды рамалардың вертикальді ойығы болады. Ал раманың орта түсы бүл ойықтардан төмен орналасқан. Дөңес ажыратылмайтын рама (5.3 - сурет) орталық үзын балкадан (9) түрады, оған көлденең темірлер бекітілген (10) және түрлі кронштейндер орналастырылған. Лонжерондардың алдыңғы жағының үштарында буферға бекітілетін кронштейндер орналасқан (1). Раманың ортадағы балкасының қүбырлы кесіндісі болады, оның ішіне карданды өткізгіш орналасады. Рама айналдыруға қатты болады, ал дөңес қүбырдың ортасына карданды өткізгіштің орналасуы қүрылымның ықшамдығын қамтамасыз етеді. 5.3 - сурет. Жеңіл автокөліктерінің рамалары: а - сатыльі; б-Хтектес; в - перифериялы; г - ажыратылмайтын дөңіс; 1, 8 - ланжерондар; 2, 6 — крониітейндер; 3, 10- поперечиналар; 4, 7 — вилка; 5,9- балка |