Главная страница

Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады


Скачать 419.33 Kb.
НазваниеЖалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
АнкорЖалпы Тәжірибиелік дәрігер тест
Дата06.08.2022
Размер419.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест ЖДП ответ.docx
ТипДокументы
#641555
страница4 из 24
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
=эзофагогастродуоденоскопия

=Тренделенбург қалпында контрасттаумен өңеш рентгеноскопиясы

=өңеш ішілік рН-метрия

= электрокардиография

= қан сарысуының липидограммасы
Емханаға физикалық күштемемен байланыссыз және тамақтанғаннан кейін дереу пайда болатын, нитроглицерин ішкеннен басылмайтын төс артының күйдіріп ауыруына шағымданып келген науқасқа аспаптық зерттеуден кейін гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, ІІ дәрежесі диагнозы қойылды. Осы науқасты емдегенде таңдалатын антисекреторлы дәрі:
=протон помпасының ингибиторлары

=селективті емес холинолитиктер

2-гистамин рецепторларының блокаторлары

=селективті холинолитиктерді

=антацидтер
Физикалық жүктемемен анық байланысы жоқ, тамақ ішкеннен кейін бірден пайда болатын және нитроглицерин қабылдағаннан басылмайтын төс артындағы шыдатпайтын ауру және қыжылға шағымданып емханаға келген науқасқа аспаптық тексеруден соң соңғы диагноз қойылды: ІІ дәрежедегі гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру және антисекреторлы зат ретінде бейтараптау және сөл шығаруға қарсы заттар тағайындау шешімі қабылданды. Бұл жағдайда таңдалатын препараттар:
= антацидтер+ Н2-блокаторлары

=прокинетиктер

=антацидтер

2-блокаторлары

=ППИ
40 жастағы науқас тамақ ішкеннен кейін қыжыл, асқазан үсті төңірегі мен төс артындағы ауыру, қышқыл кекіру, кейде "ауызы тола" тамақпен кекіруге, еңкейгенде және физикалық жүктемеде кекіру мен кері лоқсудың күшеюі, жүрек тұсындағы шыдатпайтын ауруға шағымданады. 2 жыл бойы ауырады. Қарап тексергенде: тілі ақ-сары өңезбен жабылған. Сипап тексергенде асқазан үсті тұсында біркелкі ауырсыну айқындалады. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:

1.өттас ауруы

2.гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру

3.асқазанның кардиалды бөлімінде орналасуымен ойық жара ауруы

4.асқазанның кардиалды бөлімінің обыры

5.жүректің ишемиялық ауруы
=2

=1, 2

= 3, 4

= 3

= 4
40 жастағы науқас тамақ ішкеннен кейін қыжыл, асқазан үсті төңірегі мен төс артындағы ауыру, қышқыл кекіру, кейде "ауыз қуысы тола" тамақпен кекіруге, еңкейгенде және физикалық жүктемеде кекіру мен кері лоқсудың күшеюі, жүрек тұсындағы шыдатпайтын ауруға шағымданады. 2 жыл бойы ауырады. Қарап тексергенде: тілі ақ-сары өңезбен жабылған. Сипап тексергенде асқазан үсті тұсында біркелкі ауырсыну айқындалады. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы диагнозы қойылды. Қойылған болжам диагнозды дәлелдейтін зерттеу әдісі:

1.эзофагогастродуоденофиброскопия

2.асқазан мен өңешті контрастты затпен рентгенологиялық зерттеу

3.өңеш ішілік рН-метрия

4.өңеш ішілік манометрия
=1, 2, 3, 4

=1

=2

=1, 2

=3, 4
40 жастағы науқас тамақ ішкеннен кейін қыжыл, асқазан үсті төңірегі мен төс артындағы ауыру, қышқыл кекіру, кейде "ауыз қуысы тола" тамақпен кекіруге, еңкейгенде және физикалық жүктемеде кекіру мен кері лоқсудың күшеюі, жүрек тұсындағы шыдатпайтын ауруға шағымданады. 2 жыл бойы ауырады. Қарап тексергенде: тілі ақ-сары өңезбен жабылған. Сипап тексергенде асқазан үсті тұсында біркелкі ауырсыну айқындалады. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы диагнозы қойылды. Эндоскопиялық зерттеуде өңештің төменгі үштен бір бөлігінің шырышы айқын гиперемияланған, ісінген, көптеген эрозиялар мен 0,5 х 0,6 см өлшемді ойық жара бар. Кардия толық жабылмайды, алдыңғы жоғары тістерден 37 см қашықтықта жатыр. Өңешті контрастты затпен рентгенологиялық зерттегенде өңеш қатпарлары қалыңдаған, перистальтикасы әлсіз, Тренделенбург қалпында асқазан қуысындағы заттардың өңештің төменгі бөлігіне қарай өтуі байқалады. Асқазан көтеріңкі, өңештің абдоминальді бөлігі диафрагманың өңеш тесігінен жоғарыда орналасқан. ЭКГ -патологиясыз. Сіздің қорытынды диагнозыңыз:
=ІІІ дәрежедегі гастроэзофагеальды рефлюкстік ауру

=кардия ахалазиясы

=өңеш обыры

=ІІ дәрежедегі гастроэзофагеальды рефлюкстік ауру

=жүректің ишемиялық ауруы
Науқас, 29 жаста, соңғы 5-6 ай бойы жауырын астына берілетін төс артының толып тұрғандай сезімі және тамақтанғаннан кейін сол жердің ауыруы мазалайды. Жиі жұтынудың қиындауы, 1 күн бұрын қабылдаған тамағы ауыз қуысына қайта оралуы, әсіресе алға қарай еңкейгенде және горизонтальді қалыпта күшеюі байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады, соған байланысты адамдармен сөйлескенде өзін ыңғайсыз сезінеді. Соңғы 2 айда жүдей бастады. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Ас қорыту жүйесі жағынан ешқандай патологиялық белгілер жоқ, тек тілі қалың ақ түсті жабындымен қапталған. Осы жағдайда ойлауға болатын патология:
= кардия ахалазиясы

=диафрагмальді жарық

= дуоденостаз

= гастростаз

=кардиоэзофагеальді аймақтың зақымдануымен Крон ауруы
Науқас, 29 жаста, соңғы 5-6 ай бойы жауырын астына берілетін төс артының толып тұрғандай сезімі және тамақтанғаннан кейін сол жердің ауыруы мазалайды. Жиі жұтынудың қиындауы, 1 күн бұрын қабылдаған тамағы ауыз қуысына қайта оралуы, әсіресе алға қарай еңкейгенде және горизонтальді қалыпта күшеюі байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады, соған байланысты адамдармен сөйлескенде өзін ыңғайсыз сезінеді. Соңғы 2 айда жүдей бастады. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Ас қорыту жүйесі жағынан ешқандай патологиялық белгілер жоқ, тек тілі қалың ақ түсті жабындымен қапталған. Жоғарыда аталғандардың негізінде асқазан-өңештік регургитациямен және өңеш пен гастродуоденальді аймақ өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін ауру туралы ой келеді. Диагнозды дәлелдеу үшін емделушіге келесі зерттеу әдістерін жүргізу керек:

1.өңеш, асқазан және он екі елі ішекті контрастты затпен рентгенологиялық зерттеу

2.өзгеріске ұшыраған шырыш қабаттарының биопсиясымен өңеш, асқазан және он екі елі ішекті эндоскопиялық зерттеу

3.Бернштейн және Бейкер бойынша қышқылды перфузиялық сынама

4.әдеттегі қышқылды рефлюксті сынама
=1, 2

=1

=2

=3

=3, 4
Науқас, 29 жаста, соңғы 5-6 ай бойы жауырын астына берілетін төс артының толып тұрғандай сезімі және тамақтанғаннан кейін сол жердің ауыруы мазалайды. Жиі жұтынудың қиындауы, 1 күн бұрын қабылдаған тамағы ауыз қуысына қайта оралуы, әсіресе алға қарай еңкейгенде және горизонтальді қалыпта күшеюі байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады, соған байланысты адамдармен сөйлескенде өзін ыңғайсыз сезінеді. Соңғы 2 айда жүдей бастады. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Ас қорыту жүйесі жағынан ешқандай патологиялық белгілер жоқ, тек тілі қалың ақ түсті жабындымен қапталған. Жоғарыда аталғандардың негізінде асқазан-өңештік регургитациямен және өңеш пен гастродуоденальді аймақ өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін ауру туралы ой келеді. Диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулер жүргізілді. Контрастты затпен рентгенологиялық зерттеуде өңештің терминальді бөлігі тарылып жоғарғы бөліктерінің кеңейгендігі, контрасттың асқазанға өтуінің кідіруі және асқазандағы ауа көпіршігінің жойылуы анықталды. Эндоскопиялық зерттеуде кеңейген өңеште 1 күн бұрын қабылдаған тамақ қалдықтары мен өңештің терминальді бөлігінде эндоскоп ұшын өткізу мүмкін болмайтындай тарылу анықталды. Осы жағдайда қойылатын қорытынды диагноз:
=кардия ахалазиясы, ІІІ дәрежесі

=диафрагманың өңеш саңылауының жарығы

= III-IV дәрежелі ГЭРА салдарынан өңештің тыртықты тарылуы

=өңеш рагі

= жүйелі склеродермия салдарынан өңештің зақымдануы
Науқас, 29 жаста, соңғы 5-6 ай бойы жауырын астына берілетін төс артының толып тұрғандай сезімі және тамақтанғаннан кейін сол жердің ауыруы мазалайды. Жиі жұтынудың қиындауы, 1 күн бұрын қабылдаған тамағы ауыз қуысына қайта оралуы, әсіресе алға қарай еңкейгенде және горизонтальді қалыпта күшеюі байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады, соған байланысты адамдармен сөйлескенде өзін ыңғайсыз сезінеді. Соңғы 2 айда жүдей бастады. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Ас қорыту жүйесі жағынан ешқандай патологиялық белгілер жоқ, тек тілі қалың ақ түсті жабындымен қапталған. Жоғарыда аталғандардың негізінде асқазан-өңештік регургитациямен және өңеш пен гастродуоденальді аймақ өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін ауру туралы ой келеді. Диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулер жүргізілді. Шағымдары, анамнезі, объективті қарап тексеру және рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеулер нәтижелеріне негізделіп науқасқа «Кардия ахалазиясының ІІІ дәрежесі» диагнозы қойылды. Тұрақты клиникалық әсер көрсететін консервативті ем әдісі:
=спазмолитиктік дәрілермен фармакотерапия

=емдәм

=психотерапия

=семсер тәрізді өсіндінің тұсына физиотерапия

=аспаптық кардиодилатация
Науқас, 35 жаста, тамақ ішкеннен басылатын төс астының аш қарынға және түнде ауыруына, кейде тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағының тұйық ауыру мен ауырлық сезіміне шағымданады. Қыжылдау, қышқыл дәммен кекіру, тамаққа тез тойынып қалу мазалайды. Науқастанып жүргеніне 2 жыл болған. Амбулаторлы терапевтің қарауымен созылмалы гастриттен ем қабылдаған, бірақ айтарлықтай әсер болмаған. Объективті: дене тұрқы қалыпты. Тілі таза, ылғал. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің локальді қатайған жерлері анықталмады. Терең пальпацияда эпигастрий аймағында нақты орынсыз диффузды ауыру сезімі бар. Бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, көкбауыр және ішектерде ешқандай симптомдар байқалмады. Үлкен дәреті мен зәр бөлінуі қалыпты. Жалпы қан мен зәр анализдері, копрограмма патологиялық өзгеріссіз. Бауыр сынамалары да қалыпты. Зерттеулер барысында өңеш, асқазан, он екі елі ішек, бауыр, өт жолдарында морфологиялық өзгерістер жоқ. Асқазан шырыш қабатының биоптатын гистологиялық зерттеуінде пилорикалық хеликобактер анықталмады. Қорытынды диагноз «Функциональді диспепсия, эпигастральді ауырсыну синдромы» деп қойылды. Осы жағдайда тағайындауға болатын дәрілер:

1.протон помпасының ингибиторы

2.антацидтік дәрі

3.эрадикациялық үштік терапия

4.прокинетикалық әсерлі дәрі

5.транквилизатор

=1, 2, 4

=1

= 2

=5

= 3, 5
Науқас, 52 жаста, тамақ ішкенде басылатынын төс астының түнде және аш қарынға ауыруына, кейде эпигастрий аймағының оң жағында тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын сыздап ауырсыну мен ауырлық сезіміне шағымданады. Қыжылдау және қышқыл дәммен кекіру сиректеу байқалады. Осы шағымдардың пайда болғанына жарты жылдай уақыт өтті. Эндоскопиялық зерттеуде атрофиялық гастриттің белгілері анықталған. Амбулаторлы терапевт «Созылмалы атрофиялық гастрит» диагнозымен емдеген, бірақ айтарлықтай нәтижесі болмаған. Қарап тексергенде: тамақтануы сақталған. Тілі таза, ылғал. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің локальді қатайған жерлері анықталмайды. Терең пальпацияда эпигастрий аймағының оң жағында жеңіл локальді ауыру сезімі бар. Бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, көкбауыр мен ішектерде ешқандай симптомдар байқалмайды. Үлкен дәреті іш қатуға бейім, зәр бөлінуі қалыпты. Жалпы қан, зәр анализдері, копрограмма патологиялық өзгеріссіз. Бауыр сынамалары да қалыпты. Жүргізілген зерттеулер барысында айтарлықтай макроскопиялық өзгерістер анықталмады, тек асқазанның антральді бөлігінің шырыш қабатында шамалы гиперемия анықталып, сол жерден биопсия алынды. Гистологиялық зерттеу шырыш қабатта лимфоцитарлы және макроциталы инфильтрациясы мен атрофия белгілерінің жоқтығымен қатар НР ++ анықтады. Іш қуысы ағзаларының УДЗ-де өзгеріс жоқ. Сіздің соңғы диагнозыңыз:

=созылмалы НР-ассоцияланған атрофиялық емес антралді гастрит, өршу кезеңі

=созылмалы НР-ассоцияланған мультифокалді гастрит

=созылмалы атрофиялық гастрит

=созылмалы гастродуоденит

=аталғандардың барлығы

Науқас, 52 жаста, тамақ ішкенде басылатынын төс астының түнде және аш қарынға ауыруына, кейде эпигастрий аймағының оң жағында тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын сыздап ауырсыну мен ауырлық сезіміне шағымданады. Қыжылдау және қышқыл дәммен кекіру сиректеу байқалады. Осы шағымдардың пайда болғанына жарты жылдай уақыт өтті. Эндоскопиялық зерттеуде атрофиялық гастриттің белгілері анықталған. Амбулаторлы терапевт «Созылмалы атрофиялық гастрит» диагнозымен емдеген, бірақ айтарлықтай нәтижесі болмаған. Қарап тексергенде: тамақтануы сақталған. Тілі таза, ылғал. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің локальді қатайған жерлері анықталмайды. Терең пальпацияда эпигастрий аймағының оң жағында жеңіл локальді ауыру сезімі бар. Бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, көкбауыр мен ішектерде ешқандай симптомдар байқалмайды. Үлкен дәреті іш қатуға бейім, зәр бөлінуі қалыпты. Жалпы қан, зәр анализдері, копрограмма патологиялық өзгеріссіз. Бауыр сынамалары да қалыпты. Жүргізілген зерттеулер барысында айтарлықтай макроскопиялық өзгерістер анықталмады, тек асқазанның антральді бөлігінің шырыш қабатында шамалы гиперемия анықталып, сол жерден биопсия алынды. Гистологиялық зерттеу шырыш қабатта лимфоцитарлы және макроциталы инфильтрациясы мен атрофия белгілерінің жоқтығымен қатар НР ++ анықтады. Іш қуысы ағзаларының УДЗ-де өзгеріс жоқ. Науқасқа «Созылмалы НР-ассоцияланған атрофиялық емес антралді гастрит, өршу кезеңі» диагнозы қойылды. Төмендегі келтірілген ем әдістерінің ішінен осы науқасқа тиімдісін таңдаңыз:

=Маастрихт консенсус-2000 ұсынған алғашқы қатардағы эрадикациялық ем кестесінің біреуін қолдану

=протон помпасының ингибиторы

=антацидтік дәрі

=прокинетикалық әсерлі дәрілер

=асқазан шырыш қабатына трофикалық әсер көрсететін дәрілер
Науқас, 40 жаста, клиникаға келесі шағымдармен келіп түсті: тамақ қабылдағаннан 20-30 минуттан кейін, кейде тіпті алғашқы ас қасықты алғаннан кейін пайда болып, 1,5 сағат шамасында созылатынын төс астында ауырлық сезімі, тершеңдік, жүрек қағуы, айқын жалпы әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық. Бұл симптомдар ашқарынға байқалмай, сұйық, тәтті, сүт қатқан және ыстық тамақтан кейін пайда болады. Анамнезінде: науқас 10 жылдан бері ойық жара ауруымен ауырған. 2 жыл бұрын қан кетумен асқынған асқазан ойық жара ауруының өршуіне байланысты асқазан резекциясы жасалған. ЭЕМ бағдарламашысы болып қызмет атқарады, жұмысына жақсы үлгіреді. Қарап тексергенде: науқас жүдеу, пальпацияда іші жұмсақ, эпигастрий және пилородуоденалды аймақта біркелкі ауыру сезімі бар. Ұстама кезінде беті қызарып, пульсі жиілейді, АҚ - 130/80 мм сын. бағ. ЖҚА: гемоглобин – 105 г/л, эритроцит 3,5 млн. Қандағы қант 5,4 ммоль/л, ХС - 3,4 ммоль/л. Болжам диагнозы:

=ерте демпинг-синдром, ауырлығы орташа дәрежелі

=кеш демпинг-синдром, ауыр дәрежесі

=вертебро-базилярлы бассейндегі қан айналым бұзылысы

=карциноидты синдром

=аталғандардың барлығы
Науқасты алғаш қарап тексергенде «Орташа дәрежелі ауырлықтағы ерте демпинг-синдром» диагнозына күмәндандыңыз. Сіздің диагнозыңызды дәлелдейтін зерттеу:

=асқазан-ішек жолдарын барий пассажының рентгенологиялық зерттеуі

=эзофагогастродуоденоскопия;

=аш қарынға қандағы қантты және гликемиялық профильді зерттеу

=асқазан ішілік рН-метрия

= копрограмма

Науқасты алғаш қарап тексергенде «Орташа дәрежелі ауырлықтағы ерте демпинг-синдром» диагнозы қойылды. Науқасты комплексті зерттеу барысында: эндоскопияда асқазан тұқылы шырыш қабатының гиперемиясы және ісінуі бар. Контрастты рентгеноскопияда асқазан тұқылының ретсіз және күшейген перистальтикасы, тұқылдан және он екі елі ішектен пассаж жылдамдағаны байқалады. Науқастың соңғы клиникалық диагнозы: Орташа дәрежелі ауырлықтағы ерте демпинг-синдром. Асқазан тұқылының резекциядан кейінгі гастриті. Ең маңызды зерттеу әдісі:

=жеке басының диетотерапиясы

=физиотерапиялық әдістер

=орынбасушы ферментотерапия

=инфузиялық парэнтералді тамақтандыру

=прокинетикалық терапия
Науқасты алғаш қарап тексергенде орташа дәрежелі ауырлықтағы ерте демпинг-синдром диагнозы қойылды. Ауру симптомдары ашқарынға байқалмай, сұйық, тәтті, сүт қатқан және ыстық тамақтан кейін пайда болады. Науқасты комплексті зерттеу барысында: эндоскопияда асқазан тұқылы шырыш қабатының гиперемиясы және ісінуі бар. Контрастты рентгеноскопияда асқазан тұқылының ретсіз және күшейген перистальтикасы, тұқылдан және он екі елі ішектен пассаж жылдамдағаны байқалады. Науқастың соңғы клиникалық диагнозы: Орташа дәрежелі ауырлықтағы ерте демпинг-синдром. Асқазан тұқылының резекциядан кейінгі гастриті. Төменде келтірілгендердің ішінен науқасқа ең тиімді емдәм ұсыныңыз:

=сұйық, тәтті тағамдар, сүт және оның өнімдерін доғару

=тәтті тамақ пен сүтті доғару

=майлы тамақты шектеу

=ас тұзын доғару

=тығыз тамақтарды шектеу
Науқас, 49 жаста, әр тамақтанған сайын 2-3 сағаттан кейін шыдатпайтын аштық сезімі, бас айналу, бүкіл денесінің, әсіресе қол басының дірілі, жүрек қағуына шағымданады. Жоғарыда аталған көрініс қалтқының субкомпенсациялық тарылуымен асқынған асқазанның ойық жарасына байланысты асқазан резекциясы жасалғаннан 1 айдан кейін пайда болды. Бұрынғы жұмысын атқарып жүр, жүктелген міндеттерін әрең орындайды. Қарап тексергенде: тамақтануы шамалы азайған. Жүрек тондары айқын, ЖСС 88 рет/мин, ырғақты, АҚ=110/70 мм сын. бағ. Тілі сарғыш-ақ жабындымен қапталған. Эпигастрий аймағында ортаңғы сызық бойымен отадан кейінгі тыртық бар. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті ретті, кейде ұстамадан кейін кіндік маңында ауыру мен үлкен дәреті ботқа тәрізді болады. Төмендегі келтірілгендердің ішінен сәйкес келетін диагнозды анықтаңыз:

=ерте демпинг-синдром, ауырлығы орташа дәрежелі

=кеш демпинг-синдром, ауырлығы орташа дәрежелі

=келтіруші ішек синдромы

=қантты диабет

=дисциркуляторлы энцефалопатия
Емханаға келген науқаста тамақтанғаннан кейін оң қабырға асты мен эпигастрий аймағының ауыруы және ауырлық сезімі, жиі жеңілдік әкелетін өт аралас құсу байқалады. 6 ай бұрын Бильрот-2 әдісімен асқазан резекциясы болған. Эпигастрий аймағының ауыруы, жеңілдік әкелетін өт аралас құсу 3 айдан бұрын пайда болған. Кейінгі кезде олар жиілеп, тіпті әр түскі тамақты қабылдағаннан кейін дамитын болды. Қарап тексергенде: жүдеу, тілінің түбірі қалың сарғыш-қоңыр түсті жабындымен қапталған. Эпигастрий аймағында ортаңғы сызық бойымен отадан кейінгі тыртық бар. Пальпацияда эпигастрий аймағының оң жағы мен ортаңғы сызық бойында біркелкі ауыру сезімі анықталды. Контрастпен рентгенологиялық зерттеуде келтіруші ішек кеңейген, перистальтикасы әлсіреген. 2 сағ кейін қабылдаған заттың жартысынан астамы келтіруші ішекте сақталған. Жоғарыда келтірілген клиникалық жағдай сәйкес келетін патология:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


написать администратору сайта