Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
Скачать 419.33 Kb.
|
=жүрек демікпесінің ұстамалары =әлсіздік =аяқ ісінулері =қан айналымның үлкен шеңберіндегі венозды іркіліс =гепатомегалия Дене жүктемесі кезінде есінен танулар келесі аурулары бар науқастарға тән: =қолқа сағасының тарылуы =митральді стеноз =қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі =митральді жетіспеушілік =үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі Жүрек ырғағының біріншілік клиникалық түрі болып табылмайды: =жүректің жылдам эктопиялық ырғақтары =экстрасистолия =атриовентрикулярлық диссоциация =атриовентрикулярлық блокада =синоатриальды блокада Миокард инфарктының жедел кезеңіндегі жиі қарыншалық экстрасистолияны емдеу үшін бірінші таңдау құралы болып саналады: =лидокаин =новокаинамид =кордарон =β-блокаторлар =жүрек гликозидтері 18 жасар жас әйелде эмоционалды стрестен кейін сұйық салқын немесе ыстық тағамды (қою тамақ жақсы өтеді) ішу кезінде дисфагия пайда болды. Дисфагия кейіннен толқу, шаршау кезінде дамыды. Тәбеті сақталған, салмағын жоғалтпаған. Физикальді тексеруде дерттану анықталмаған. Науқасқа ұсынған жөн: =неврозды емдеу =сұйық тағам =қою және қоймалжың жабдықтар =физиотерапия =витаминотерапия Псевдокоронарлық (эзофагальды) синдром кезінде ауырсыну басылады: =спазмолитиктермен =нитроглицеринмен =дене қалпының өзгерткенде (көлденеңнен тік күйге); =транквилизаторлармен =холинолитиктермен Қақпақшы тарылуының дұрыс клиникалық белгісі болып табылады: =көзге көрінетін перистальтика =өтпен құсу =іштің құрылы =Траубе кеңістігіндегі резонанс =тамақ ішкеннен 3-4 сағаттан соң шалпыл шуылы Ойық жара ауруының диетотерапиясы кезінде бөлшекті тамақтануға нәруызды тағамдарды енгізу әкеліп соқытарды: =асқазандағы пепсин деңгейін жоғарылату =асқазан ішіндегі қышқылдықты төмендету =асқазан ішіндегі қышқылдықты жоғарылату =асқазандағы пепсин деңгейін төмендету =секретин деңгейін төмендету Вирусты гепатитке келесі әйгіленіс кешені сәйкес келеді: =сары ауру, гепатоспленомегалия, трансаминазалар белсенділігінің бірқалыпты ұлғаюы, гипер-γ-глобулинемия, тегіс бұлшық етке антиденелердің оң реакциясы =сары ауру, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, фосфатаза белсінділігі мен холестерин деңгейі жоғары =сары ауру, анорексия, жүрек айну, жұмсақ бауыр, трансаминазалардың белсенділігі жоғары және фосфатаза белсенділігі қалыпты =сары ауру, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ өзгерістері және трансаминазалардың белсенділігінің бірқалыпты жоғарылауы =сары ауру (әрқашан емес), іштің оң үстіңгі квадрантындағы ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз Бауырлық кома дамуының жетекші себебі: =бауыр жасушаларының жаппай некрозы =кең көлемді фиброз =бауырдағы тромбтың пайда болуымен жүретін микроциркуляцияның бұзылуы =қатар жүретін бүйрек жетіспеушілігі =холангит Өттас ауруы кезінде орын алады: =өт қышқылдары деңгейінің жоғарылауы =өт қышқылдары мен холестерин қатынасының төмендеуі =өт билирубині деңгейінің төмендеуі =лецитин деңгейінің жоғарылауы =өт нәруыздары деңгейінің төмендеуі Созылмалы панкреатитке тән клиникалық белгі болып табылады: =аминотрансферазалар белсенділігінің жоғарылауы =қантты диабеттің дамуы =сыртқы секреция қызметінің төмендеуі (гипоферментемия) =сары ауру =гепатомегалия Созылмалы панкреатиттің уақытша оңалу кезінде емдеу үшін қабылданады: =емдәм =кортикостероидтар =контрикал (трасилол) =ферменттік препараттар =спазмолитиктер Алғашқы 2 күн ішінде панкреатиттің өршуі кезіндегі емдәм: =аштық =нәруызды =көміртекті =майлы =нәруызды-көміртекті Айрықша емес жаралы колит кезінде диагностикалық мәні бар рентгенологиялық белгілер: ="тасталған жол" суреттемесі =ішек диаметрінің ұлғаюы =көптеген гаустрациялар =ішек бедері бойынша қапшық тәрізді шығындылар =гаустрацияның, оның жойылуына дейінгі өзгерістері, ішек тесігінің қысқаруы мен тарылуы Айрықша емес жаралы колиттің рецидивтерін алдын алуда дұрыс мәнге ие: =сульфасалазинді 1-2 г/тәул мөлшерде қабылдау =қорғанышты емдәм =дене жүктемесін шектеу =седативті дәрмектерді қабылдау =ферменттік дәрмектерді қабылдау Айрықша емес жаралы колиттің өршуі кезінде ұсынылады: =үгітілген тағам =емдәм, сүтті шектеумен =нәруызсыз емдәм =емдәм, моносахаридтерді шектеумен =майы аз мөлшерлі емдәм Ойық жара ауруы мен асқазан обырының ажырату диагностикасында ең маңызды болып табылады: =биопсиямен эндоскопиялық зерттеу =рентгенологиялық зерттеу =асқазан секрециясын гистаминмен зерттеу =нәжісті жасырын қанға зерттеу =іш қуысы ағзаларының УДЗ Лейкоцитурия келесіге тән симптом: =пиелонефрит =гломерулонефрит =амилоидоз =нефролитиаз =поликистоз Жедел нефритикалық синдром сипатталады: =артериялық гипертензия, протеинурия, гематурия =ісіктер, гипо- және диспротеинемия, гиперхолестеринемия =артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия =протеинурия, ісінулер, гипо- және диспротеинемия =артериялық гипертензия, азотемия, анемия Жеделдеу гломерулонефрит кезінде бүйрек жетіспеушілігі дамиды: =ауру басталғаннан кейін 3-5 айдан соң =бір жылдан соң =3 жылдан соң =аурудың бірінші апталарынан бастап =артериялық гипертензияның байқалуына байланысты Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дәрежесін едәуір нақты қан сарысуындағы көрсетеді: =креатинин =мочевина =азот қалдығы =калий =несеп қышқылы 50 жасар науқас өзінің күш-қуатының азаюына және омыртқадағы ауырсынуға шағымданады, қандағы гемоглобин деңгейі 65 г/л, протеинурия 22 г, сарысу альбуминінің деңгейі 40 г/л. Едәуір мүмкін болатын диагноз: =миелом ауруы =уремия кезеңіндегі созылмалы гломерулонефрит =бүйрек зақымдануымен екіншілік амилоидоз =созылмалы пиелонефрит =бүйрек поликистозы Нефротикалық синдромның жетекші клиникалық белгісі болып табылады: =протеинурия 3,5 г/тәул аса =гематурия =артериялық гипертензия =пиурия =гипоизостенурия Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) салдары болып табылады: =барлық нефронның зақымдануы =арналардың оқшаулана зақымдануы =шумақшалардың оқшаулана зақымдануы =жинақтаушы түтікшелердің оқшаулана зақымдануы =әкелуші артериолаланың оқшаулана зақымдануы Қантты диабетпен аурудың бірінші жылында енгізілетін инсулинге сұраныс тәулігіне құрайды: =0,3 Б/кг =0,4 Б/кг =0,5 Б/кг =жеке, инсулин жетіспеушілігінің деңгейіне байланысты =0,6 Б/кг Айқын арықтау келесі үшін тән: =барлық жауап дұрыс = лимфопролиферативті ауруларға =миелопролиферативті ауруларға =Кули ауруына =мегалобластты анемияға Қатерлі ісіктің қатерсіз ісіктен шешуші айырмашылығы: =метастазалардың болуы =ісік салмағының ұлғаю қарқыны =ауытқу нәруыздарының секрециясы =ісіктік үдерістің болуы =ЭТЖ ұлғаюы Мегалобластты анемияның міндетті зертханалық белгісі: =эритроциттердің гиперхромиясы =эритроциттердің микроцитозы =глюкозурия =гиперурикемия =лейкоцитоз Терең гиперхромды анемияның едәуір мүмкін болатын себебі: =алкоголизм мен аз тамақтану =қан жоғалту =темекіні шамадан тыс тарту =бауыр беріші =созылмалы гепатит В12-тапшылықты анемияға тән белгі: =жоғары түсті көрсеткіш =гипертромбоцитоз =лейкоцитоз =ЭТЖ ұлғаюы =лимфоцитоз В12-тапшылықты анемиясы бар науқасты емдеген жөн: =өмір бойы =гемоглобин деңгейі қалыптыға түскенге дейін =1 жыл =3 ай =жылына 2 рет үш айлық курс бойынша Егде адамдарда көбіне кездеседі: =гигантжасушалық артериит =геморрагиялық васкулит =түйінді периартериит =Бюргер ауруы =микроскопиялық полиангиит Псориаздық артритке едәуір тән болып табылады: =аурудың алғашқы белгілері - терілік =дистальді фаланга аралық буындардағы жалақ жараның үдерісі =омыртқадағы қабыну үдерісінің латентті барысы =омыртқа арасындағы буындардың анкилоздануы =буындарда және/немесе омыртқаларда қабыну үдерісінің болуы Атопиялық бронхтық демікпеге тән: =элиминация әсері =пиразолон қатарының дәрі-дәрмектерін көтере алмау =мұрынның қайталамалы полипозы =ұстаманың біртіндеп дамуы =бронх демікпесінің жедел ұстамасын емдеу үшін Антигистаминді дәрмектердің әсер ету механизмі: =гистаминмен Н1-рецепторларға бәсекелесе әсер ету =еркін гистаминді байланыстыру =гистаминді босату =гистамин синтезін тежеу =гистамин шығарылуын күшейту Поллиноздың өршуін алдын алудың едәуір әсерлі әдісі: =айрықша иммунотерапия =иглорефлексотерапия =антимедиаторлық дәрмектерді тағайындау =глюкокортикостероидтарды тағайындау =физиотерапия 15-17 жас аралығындағы ер бала жасөспірімдердің артериялық гипертензия көрсеткіші: =140/80 мм сын. бағ. =141-145/80-88 мм сын. бағ. =146/89 мм сын. бағ. =147-160/90 мм сын. бағ. =160/95 мм сын. бағ. 15-17 жас аралығындағы қыз бала жасөспірімдердің артериялық гипертензия көрсеткіші: =140/90 мм сын. бағ. =131-135/81-84 мм сын. бағ. =136/85 мм сын. бағ. =137-159/86-89 мм сын. бағ. =160/95 мм сын. бағ. Айқын эритроцитуриясы бар жас өспірімдердегі гломерулонефритті ажыратқан жөн: =бүйрек туберкулезімен =эссенциальді артериялық гипертензиямен =реноваскулярлы гипертензиямен =Берже ауруымен =пиелонефритпен Анафилактикалық шок кезінде көрсетілген: =глюкокортикоидті гормондарды көп мөлшерде венаға енгізу =аминазинді тері астына енгізу =натрийдің кофеин-бензоаты мен кордиаминді бұлшық етке енгізу =бронхоспазмды басу үшін кеңірдектің интубациясы =дегидратациялық терапия Анафилактикалық шок кезінде көрсетілген: =глюкокортикоидті гормондарды көп мөлшерде венаға енгізу; =аминазинді тері астына енгізу; =натрийдің кофеин-бензоаты мен кордиаминді бұлшық етке енгізу; =бронхоспазмды алу үшін кеңірдектің интубациясы; =дегидратационды терапия. Анафилактикалық шок кезінде шұғыл терапияның едәуір әсерлі дәрі-дәрмегі болып табылады: =адреналин =норадреналин =преднизолон =хлорлы кальций =Димедрол Ұйқы артериясының пышақпен жаралануында қанды уақытша тоқтату үшін қолданған жөн: =төменгі мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне артерияны саусақпен басу =басып тұратын таңғыш =жарақаттың тампонадасы =басты барынша ию =артерияны таңу Санның сынуы кезінде көліктік иммобилизацияны жүзеге асыру кезінде жөн: =тілерсек, тізе және жамбас-сан буындарын қимылсыздандыру =тізе және жамбас-сан буындарын қимылсыздандыру =тілерсек пен тізе буындарын қимылсыздандыру =тізе буынын қимылсыздандыру =жамбас-сан буынынан бастап тізе буынына дейін импровизацияланған шендеуішті орнатумен шектелу Ересектерге жүректің тікелей емес массажын жүргізу ырғағы: =минутына 60-80 рет басу =минутына 10-20 рет басу =минутына 30-50 рет басу =минутына 90-120 рет басу =минутына 120 реттен аса басу Менингиттің диагностикасында шешуші мәнге ие: =менингеальды синдроммен аурудың жедел басталуы =дене қызуының жоғарылауымен аурудың жедел басталуы =жұлын ми сұйықтығының өзгеруі =инфекциялық-токсикалық шок синдромы = қанның диссеминирленген тамыр ішілік ұюы Жас адам көшеде өте ауыр жағдайда ес-түссіз жатыр. Қарап тексергенде зақымдану жоқ. Тері қабаттарында айқын цианоз, қолындағы вена жолында егудің орындары бар. Тыныс алуы сирек, үстірт. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖСС 70 рет/мин, АҚ 90/60 мм сын. бағ. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз: = наркотиктік кома = гипогликемиялық кома = алкогольды кома =жедел жүрек жетіспеушілігі =апоплексиялық кома 63 жасар науқастың бронх демікпесі ұстамасын басу кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды, содан соң елеусіз жақсару байқалды, алайда ентігу мен ысқырықты сырылдар сақталды. Науқасқа енгізу керек: = Преднизолон =интал =алупент =теофиллин =Тербуталин Жас жігіт төбелес кезінде мұрнына жұдырықпен соққы алды. 3 сағат өткеннен кейін ғана көмек сұрады. Мұрынды сыртынан қарап тексергенде оның қалыңдауы мен деформациясы, мұрнынан қан кету байқалды. Мұрынның үстін қолмен сипап зерттегенде ауырсыну байқалады, сүйек сынықтарының қозғалысы сезіледі. Мүмкін болатын диагноз: =мұрын сүйектерінің жылжуымен ашық сынығы =мұрын сүйектерінің жылжуынсыз жабық сынығы =мұрын үстінің соққысы =мұрын сүйектерінің жылжуынсыз ашық сынығы =мұрын сүйектерінің жылжуымен жабық сынығы Ойық жара ауруының өршуіне келесі әйгіленіс едәуір тән: =эпигастрий аймағында ауырсыну, тіл ақ өңезбен қапталған, ылғалды немесе құрғақ =жаурау, жүрек айну, іші жұмсақ, сипағанда жеңіл ауырсыну байқалады =эпигастрийде күшті "пышақ сұққандай" ауырсыну, құсу =ішінің барлық жерінде ауырсыну, құсу, шеткері аймақтарында тұйықталу =белге тарайтын эпигастриядағы ауырсыну, құсу Іштің жарақаты кезіндегі бауыр тұйықтығының болмауы тән: =көкбауырдың жарылуына =ұйқы безіның жарақатына =қуысты ағзалардың жарылуына (асқазан, ішек) =жедел аппендицитке =ана безінің апоплексиясына Жас өспірімдерде жиі кездесетін диабеттің түрі: =І тип =МОДY-диабет =ІІ тип =диабеттің екі түрі де бірдей жиілікте кездеседі =гестациялық диабет Қантты диабет диагнозы қойылатын ашқарынға гликемияның ең аз мөлшері: =5,8 ммоль/л =7,8 ммоль/л =5,5 ммоль/л =6,7 ммоль/л =6,1 ммоль/л І типті қантты диабет үшін тән: =жас кез, жедел басталу, кетоацидозға бейімділік, инсулиннің абсолютті тапшылығы =жедел басталу, салмақты шамадан тыс қосу, инсулиннің салыстырмалы тапшылығы =баяу басталуы, арықтау, экзофтальм =40-тан аса жас, біртіндеп байқалмай басталу, инсулин өмірлік қажетті болып табылмайды =жедел басталу, тері қабаттарының құрғауы, брадикардия, іш қату Ең көп уақытта ұзақ әсер ететін жергілікті кортикостероидтерге жатады: =флутиказон пропионаты (фликсотид) =натрий недокромилі (тайлед) =натрий кромогликаты (интал) =беклометазон =беродуал 19 жасар науқас несебінің жалпы талдауында: салмағы - 1028, протеинурия - 3,5 г/л, лейкоциттер 8-10 (лимфоцитурия басым), эритроциттер - 20 - 30 к/а. Болжам диагнозы: =жедел пиелонефрит =созылмалы пиелонефрит =жедел гломерулонефрит =созылмалы бүйрек жетіспеушілігі =несептас ауруы А. атты науқас, 22 жасар, айқын арықтау, ауыздың құрғауы, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, жүрек айну, нашар тәбетке шағымданды. Объетивті: тері қабаттары құрғақ, алақандары мен табандары сары түсті, фурункулез. Несеп талдауында: қанттың болуы анықталды - 3, 5% және ацетонурия (++). Алдын ала қойылған диагноз: =I типті қантты диабет, декомпенсация, кетоацидоз =қантты емес диабет =II типті қантты диабет, декомпенсация =вирусты гепатит =Пиелонефрит Гипертрофиялық кардиомиопатия диагностикасының едәуір ақпаратты әдісі болып табылады: =ЭКГ =ЭхоКГ =ФКГ =кеуде сарайы ағзаларының рентгенографиясы =Коронарография Науқас С., 45 жаста, емханадағы кардиологқа физикалық күштемемен байланыссыз және тамақтанғаннан кейін дереу пайда болатын төс артының күйдіріп ауыруына шағымданып келді. Ауыру сезімі нитроглицерин ішкеннен басылмайды (науқас оны дәрігердің тағайындауысыз қабылдаған). Қыжылдау, тамақтанғаннан кейін асқазанның ауырлап және толып тұратын сезімдері, ауамен және тамақ қалдықтарымен кекіру мазалайды. Жарты жылдан бері өзін науқас сезінеді, дәрігерлерге қаралмаған, ем қабылдамаған. Объективті: толық келген. Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза. АҚ 125/85 мм сын. бағ. Пульсі 74 рет/мин, ырғақты. Жүрек тондары шамалы бәсеңдеген, ырғақты. Өкпесі өзгеріссіз. Тілі ылғал, ақ жабындымен шамалы қапталған. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастральді аймағы аздап ауырады. Бауыр қабырға доғасында, шеті тегіс, пальпацияда ауырмайды. Науқастың сөзіне қарай үлкен дәреті қалыпты. Болжам диагнозы: =гастроэзофагеальді рефлюксті ауру = өттас ауруы =жүректің ишемиялық ауруы =ойық жара ауруы = созылмалы панкреатит Пациент емханаға бірінші рет келген кезде алдын ала мына диагноз қойылды: ІІ дәрежедегі гастроэзофагеалды рефлюксті ауру. Диафрагманың өңеш тесігі жарығын ажырату керек. Бұл жағдайда гастроэзофагеалды рефлюксті аурудың ажырату диагностикасын жүргізуде шешуші роль атқармайтын тексеру әдісі: |