Главная страница

Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады


Скачать 419.33 Kb.
НазваниеЖалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
АнкорЖалпы Тәжірибиелік дәрігер тест
Дата06.08.2022
Размер419.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест ЖДП ответ.docx
ТипДокументы
#641555
страница5 из 24
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

=келтіруші ішек синдромы, ауырлығы орташа дәрежелі

=жіңішке ішек өткізгіштігінің созылмалы бұзылысы

=созылмалы тассыз холецистит, өршу кезеңі

=асқазан тұқылының созылмалы рефлюкс-гастриті

=әкетуші ішек синдромы
Асқынған ойық жара ауыруына байланысты асқазан резекциясы жасалынған 60 жастағы науқас операциядан 1 айдан кейін бір мезгілде қабылданатын тамақ көлемі көбеюімен қатар тамақтанғаннан кейін дамитын эпигастрий аймағының ауырлауы және керіп ауыру сезімдері, аз тамақ жесе де тез тойынып қалу сезімі, кекіру мазалай бастады. Тамақтанғаннан 0,5-1 сағ кейін қайтадан қарны ашады. Осы симптомдардың пайда болғанына 3 апта уақыт өтті. Қарап тексергенде: науқас тынышсыз, ашуланшақ. Жүдеу. Тілі таза. Эпигастрий аймағының ортаңғы сызығы бойында отадан кейінгі тыртық бар, осы жерде пальпациялағанда айқын ауырсыну анықталады. Осы жағдайда ойлауға болатын ауру:

=кішкене көлемді асқазан түріндегі гастрорезекциядан кейінгі синдром

=асқазан тұқылының гастриті

=анастомоздың пептикалық ойық жарасы

=асқазан тұқылының рагі

=әкетуші ішек синдромы
Көп жылдан бері (10 жыл) секрециялық қызметі жоғарылаған созылмалы гастрит ауруымен сырқаттанған 65 жастағы науқасқа, 5 жыл бұрын қалтқы тарылуымен асқынған ойық жара ауруына байланысты ота жасалынған. Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы жүргізілген. Содан бергі 5 жыл ішінде өзін жақсы сезініп жүрген, ешқандай шағымдары болмаған. 1 ай бұрын арқасына берілетін тамақтануға байланыссыз эпигастрий аймағында күшті ауыру мен қыжылдау пайда болды, олар бұрынғыдай тамақ немесе антацидтік дәрілер қабылдағанына қарамастан басылмайды. Сиректеу өт аралас құсу болған. Қарап тексергенде: жүдеу. Тілі таза. Ішінің формасы өзгеріссіз, пальпацияда эпигастрий аймағы аздап ауырады, құрсақтың тітіркендіру синдромдары жоқ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті әдеттегідей түсті, қалыпты. Осы жағдайда ойлануға болатын патология:

=асқазан тұқылының рагі

=асқазан тұқылының созылмалы рефлюкс-гастриті

=анастомоздың пептикалық ойық жарасы

=әкелуші ішек синдромы

=созылмалы панкреатит, өршу кезеңі
Анамнезінде ойық жара ауруы бар науқас қабылдаған тамақ қалдықтарымен қан аралас қайталамалы құсуға шағымданады. Қабылдау бөлімінде науқас өңі бозарған, пульсі жиі, АҚ - 90/60 мм сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

=қан кетумен асқынған ойық жара ауруы

=қан кетумен асқынған эрозивті гастрит

=белгісіз себепті асқазаннан қан кету

=Меллори-Вейс синдромы

= аталғандардың барлығы болуы мүмкін

Анамнезінде ойық жара ауруы бар науқас қабылдаған тамақ қалдықтарымен қан аралас қайталамалы құсуға шағымданады. Қабылдау бөлімінде науқас өңі бозарған, пульсі жиі, АҚ - 90/60 мм сын.бағ. Сіздің зерттеу жоспарыңыз бойынша бірінші орында қолданатын шараңыз:

1.шұғыл түрде рентгенологиялық зерттеу

2.шұғыл түрде эндоскопиялық зерттеу

3.асқазан секрециясын зерттеу

4.шұғыл түрде кеңейтілген жалпы қан анализі

5.шұғыл түрде гемоглобин және эритроциттерге жалпы қан анализі
=2, 5

=1

=2

=4

=1, 3, 4
Анамнезінде ойық жара ауруы бар науқаста түнгі сағат 2-ден бастап тамақ қалдықтарымен бірнеше рет және алқызыл түсті қанмен бір рет құсу пайда болған. Таңғы сағат 8-де қабылдау бөліміне жеткізілгенде науқастың түсі бозғылт, пульсі жиі, АҚ - 90/60 мм сын.бағ. Жедел жасалған қан анализінде Нв = 98 г/л, эритроциттер 3,5х109/л. Эндоскопиялық зерттеуде он екі елі ішек жуашығының алдыңғы қабырғасында көлемі 0,5х0,7 см жара дефектісі бар, беті тромбпен қапталған. Әрі қарай жалғасып жатқан қан кету белгілері жоқ. «Қан кетумен асқынған он екі елі ішек жуашығында орналасқан ойық жара ауруы» диагнозы қойылды. Осы науқасқа әрі қарай қолданатын шараңыз:

1.науқасқа гемостаздық ем тағайындау

2.науқасқа ойық жараға қарсы комплексті ем тағайындау

3.науқасқа комплексті гемостаздық және ойық жараға қарсы ем тағайындау

4.науқасқа операциялық ем ұсыну

5.әрі қарай қолданатын шараны анықтау мақсатында хирургтан кеңес алу

=3, 5

=1

=2

=3

=1, 4

Науқасты 2 аптадан бері эпигастр аймағының аш қарындық және түнгі ауыруы мазалайды. Соңғы 2-3 күнде беліне берілетін эпигастрий аймағында үнемі тұйық ауыру сезімі, метеоризм, ботқа тәрізді үлкен дәрет, тәбетінің төмендеп, жүдеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: тілі қалың ақ-сұр түсті жабындымен қапталған, эпигастрий аймағында пальпаторлы ауыру сезімі, бұлшық еттерінің аздап керілуі, ішінің кебуі байқалады. Ойлауға болатын ауру:

=ұйқы безіне пенетрацияланумен асқынған ойық жара ауруы және созылмалы панкреатиттің өршуі

=созылмалы панкреатиттің өршуі

=созылмалы холециститтің өршуі

= Ұйқы безінің рагі

= ұйқы безіне пенетрацияланумен асқынған ойық жара ауруы
Науқасты 2 аптадан бері эпигастр аймағының аш қарындық және түнгі ауыруы мазалайды. Соңғы 2-3 күнде беліне берілетін эпигастрий аймағында үнемі тұйық ауыру сезімі, метеоризм, ботқа тәрізді үлкен дәрет, тәбетінің төмендеп, жүдеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: тілі қалың ақ-сұр түсті жабындымен қапталған, эпигастрий аймағында пальпаторлы ауыру сезімі, бұлшық еттерінің аздап керілуі, ішінің кебуі байқалады. Науқасқа «Ұйқы безіне пенетрацияланумен асқынған ойық жара ауруы және созылмалы панкреатиттің өршуі» болжам диагнозы қойылды. Алғашқы кезектегі зерттеулер жоспары енгізу қажет:

=өңеш, асқазан және он екі елі ішекті контрасттаумен рентгенологиялық зерттеуі

= іш қуысының шолу рентгенографиясы

= іш қуысы ағзаларының УДЗ

= эзофагогастродуоденоскопия

= аталғандардың ешқайсысы емес
Науқасты 2 аптадан бері эпигастр аймағының аш қарындық және түнгі ауыруы мазалайды. Соңғы 2-3 күнде беліне берілетін эпигастрий аймағында үнемі тұйық ауыру сезімі, метеоризм, ботқа тәрізді үлкен дәрет, тәбетінің төмендеп, жүдеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: тілі қалың ақ-сұр түсті жабындымен қапталған, эпигастрий аймағында пальпаторлы ауыру сезімі, бұлшық еттерінің аздап керілуі, ішінің кебуі байқалады. Науқасқа «Ұйқы безіне пенетрацияланумен асқынған ойық жара ауруы және созылмалы панкреатиттің өршуі» болжам диагнозы қойылды. Жүргізілген ренгенологиялық зерттеулерде анықталған он екі елі ішек жуашығының артқы қабырғасында орналасқан терең ойық жара кемістігі эндоскопиялық тексеруде де дәлелденді. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

=ұйқы безіне пенетрацияланумен асқынған он екі елі ішек жуашығының артқы қабырғасында орналасқан ойық жара ауруы

=он екі елі ішек жуашығында орналасқан ойық жара ауруы, өршу кезеңі. Созылмалы панкреатит, ауырсыну түрі, өршу кезеңі

=он екі елі ішектің қабырғасына қарай өсуімен ұйқы безінінің рагі

=жуашықтың ойық жаралы карциномасы

=аталғандардың ешқайсы емес
Ойық жара ауруы бар 55 жастағы науқасты жарты жылдан бері тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағының ауыруы, жиі тұрақты түрде қыжылдау, қышқылмен кекіру немесе қабылдаған тамақтпен құсу мазалай бастаған. Соңғы айда эпигастрий аймағының ауыруы мен кернеуі күшейіп, шірік иіспен кекіру, кешегі қабылдаған тамақ қалдықтарымен құсу көлемі ұлғайып, жағдайының жеңілденуіне байланысты, науқас өзі құсу рефлексін шақыратын болды. Жүдеу бастаған. Қарап тексергенде: жүдеу, іші тартыңқы. Ашқарынға ішінде шалпыл шуылы, визуальді эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикалық толқындары анықталады. «Қалтқының субкомпенсациялы тарылуымен асқынған асқазанның ойық жара ауруы» болжам диагнозы қойылды. Соңғы қорытынды диагнозды нақты анықтап бере алатын зерттеу әдісі:

1.асқазан және он екі елі ішектің эндоскопиялық зерттеуі

2.асқазан және он екі елі ішектің эвакуациялық көлемі мен жылдамдығын анықтаумен контрастты рентгенологиялық зерттеу

3.электрогастрография

4.электрокимография

5.іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

=2, 3, 5

=1

=2

=3

=1, 4


Ойық жара ауруы бар 55 жастағы науқасты жарты жылдан бері тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағының ауыруы, жиі тұрақты түрде қыжылдау, қышқылмен кекіру немесе қабылдаған тамақтпен құсу мазалай бастаған. Соңғы айда эпигастрий аймағының ауыруы мен кернеуі күшейіп, шірік иіспен кекіру, кешегі қабылдаған тамақ қалдықтарымен құсу көлемі ұлғайып, жағдайының жеңілденуіне байланысты, науқас өзі құсу рефлексін шақыратын болды. Жүдеу бастаған. Қарап тексергенде: жүдеу, іші тартыңқы. Ашқарынға ішінде шалпыл шуылы, визуальді эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикалық толқындары анықталады. «Қалтқының субкомпенсациялы тарылуымен асқынған асқазанның ойық жара ауруы» болжам диагнозы қойылды. Контрастты рентгенологиялық зерттеуде ашқарынға асқазанда көп тамақ қалдықтары, асқазан перистальтикасы жоғарғы бөліктерінде күшейіп, оның шығатын бөлігіне қарай біртіндеп азаюы анықталды. 6 сағаттан кейін қарағанда контрастты зат әлі де асқазанда тұр. Субкомпенсация сатысындағы пилоростенозды білдіретін рентгенологиялық белгі:

1.асқазанның күшейген сегментті перистальтикасы

2.асқазанның біртіндеп бәсеңдеумен күшейген перистальтикасы

3.аш қарында асқазан қуысында заттың көп болуы

4.эвакуация бәсеңдеуінің жойылуы

5.асқазан эвакуациясының 6 сағатқа және одан да аса кідіруі

=2, 3, 5

=1

=2

= 3

=1, 4
Ойық жара ауруы бар 55 жастағы науқасты жарты жылдан бері тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағының ауыруы, жиі тұрақты түрде қыжылдау, қышқылмен кекіру немесе қабылдаған тамақтпен құсу мазалай бастаған. Соңғы айда эпигастрий аймағының ауыруы мен кернеуі күшейіп, шірік иіспен кекіру, кешегі қабылдаған тамақ қалдықтарымен құсу көлемі ұлғайып, жағдайының жеңілденуіне байланысты, науқас өзі құсу рефлексін шақыратын болды. Жүдеу бастаған. Қарап тексергенде: жүдеу, іші тартыңқы. Ашқарынға ішінде шалпыл шуылы, визуальді эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикалық толқындары анықталады. «Қалтқының субкомпенсациялы тарылуымен асқынған асқазанның ойық жара ауруы» болжам диагнозы қойылды. Контрастты рентгенологиялық зерттеуде ашқарынға асқазанда көп тамақ қалдықтары, асқазан перистальтикасы жоғарғы бөліктерінде күшейіп, оның шығатын бөлігіне қарай біртіндеп азаюы анықталды. 6 сағаттан кейін қарағанда контрастты зат әлі де асқазанда тұр. Науқастың қорытынды диагнозы: «Қалтқының субкомпенсациялы тарылуымен асқынған асқазанның ойық жара ауруы». Осы науқасқа әрі қарай қолданылатын шара:

=аталғандардың барлығы

=асқазанды қайта-қайта жуу

=асқазандағы заттарды үнемі сорып алу үшін ұзақ уақытқа зонд қондыру

= асқазанды жуу, сұйық немесе үгітілген тамақ беру және комплексті ойық жараға қарсы ем жүргізу

= хирургиялық ем ұсыну

Науқас, 28 жаста, бұрын асқазан ауруымен ауырмаған, өзінің денін сап-сау сезініп жүргенінде дастархан толы қонақтан кейін кенет төс астының қатты, "қанжар сұққандай"ауырғанын сезінді. Біраздан кейін күшейе келген әлсіздікті сезініп, ауыру азайды, бірақ ауызының құрғауы, шөлдеу пайда болып, дене қызуы 380С көтерілді. Ауруының басталғанынан 2 сағ кейін жедел жәрдем шақыртып, аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, ылғал. Еріндері мен тілі құрғақ. Тахикардия, жүрек тондары бәсеңдеген. Тынысы беткейлі, қорғанышты. Іші тыныс алу актісіне әлсіз қатысады, құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері тақтай тәрізді қатайған, Щеткина-Блюмберг, Жобер симптомдары оң. Аускультативті - ішектің перистальтикалық шулары әлсіреген, газ шықпайды. Науқасқа «Тесілумен асқынған ойық жара ауруы» диагнозы қойылды. Зерттеу жоспарында алғашқы орында тағайындалатын әдіс:

=іш қуысы ағзаларының рентгенографиясы

=эндоскопиялық зерттеу

=қанды лейкоцитозға тексеру

=қандағы гемоглобин мен эритроциттерді тексеру

=аталғандардың барлығы

Науқас, 28 жаста, бұрын асқазан ауруымен ауырмаған, өзінің денін сап-сау сезініп жүргенінде дастархан толы қонақтан кейін кенет төс астының қатты, "қанжар сұққандай"ауырғанын сезінді. Біраздан кейін күшейе келген әлсіздікті сезініп, ауыру азайды, бірақ ауызының құрғауы, шөлдеу пайда болып, дене қызуы 380С көтерілді. Ауруының басталғанынан 2 сағ кейін жедел жәрдем шақыртып, аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, ылғал. Еріндері мен тілі құрғақ. Тахикардия, жүрек тондары бәсеңдеген. Тынысы беткейлі, қорғанышты. Іші тыныс алу актісіне әлсіз қатысады, құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері тақтай тәрізді қатайған, Щеткина-Блюмберг, Жобер симптомдары оң. Аускультативті - ішектің перистальтикалық шулары әлсіреген, газ шықпайды. Науқасқа «Тесілумен асқынған ойық жара ауруы» диагнозы қойылды. Іш қуысы ағзаларының рентгенографиясында көкет күмбезінің оң жағында ауа қабаты анықталды. Эндоскопиялық зерттеуде қан кету белгілерінсіз он екі елі ішектің артқы қабырғасында көлемі 1,0х1,4 см терең ойық жара анықталды. Бұл мәліметтер болжам диагнозды дәлелдеп, қорытынды диагноз қоюға көмектесті: «Тесілумен асқынған он екі елі ішектің артқы қабырғасының ойық жара ауруы, жайылмалы перитонит кезеңі». Осы науқасқа әрі қарай қолданылатын шара:

=шұғыл операциялық ем

=антибактериальді және ойық жараға қарсы еммен қатар бақылау

=эрадикациялық ем

=массивті инфузиялық ем

=жоспарлы түрде операция алдындағы дайындықтан өткізіп, операция жасау
Әйел, 35 жаста, 6 айдан бері ішінің барлық жері диффузды ауыруы, кебуі, үлкен дәретінің тұрақсыздығы - таңертең ішінің толық босамау сезімімен сипатталатын "құмалақты" үлкен дәреті, сосын тәуліктің І жартысында 2-3 рет ботқа тәрізді, кейде шырышпен араласқан үлкен дәрет келеді. Түнде іші ауырмайды, үлкен дәреті болмайды. Қарап тексергенде: ішінің кебуі біркелкі емес, оң және сол мықын аймақтарында ауыру сезімі бар. Пальпацияда іш қуысы ағзалары тарапынан басқа өзгерістер анықталмады. Болжам диагноз қойыңыз:

=тітіркенген ішек синдромы

=созылмалы арнайы емес колит

= ішек дисбактериозы

=сыртқы секрециялық қызметінің жеткіліксіздігімен созылмалы панкреатит

=созылмалы энтеропатия
Әйел, 35 жаста, 6 айдан бері ішінің барлық жері диффузды ауыруы, кебуі, үлкен дәретінің тұрақсыздығы - таңертең ішінің толық босамау сезімімен сипатталатын "құмалақты" үлкен дәреті, сосын тәуліктің І жартысында 2-3 рет ботқа тәрізді, кейде шырышпен араласқан үлкен дәрет келеді. Түнде іші ауырмайды, үлкен дәреті болмайды. Қарап тексергенде: ішінің кебуі біркелкі емес, оң және сол мықын аймақтарында ауыру сезімі бар. Пальпацияда іш қуысы ағзалары тарапынан басқа өзгерістер анықталмады. Шағымдары, анамнезі және аздаған объективті мәліметтерінің негізінде «Тітіркенген ішек синдромы» диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын зерттеу:

1.кеуде қуысы ағзаларының рентгенологиялық зерттеуі

2.ЭКГ

3.ректороманоскопия

4.ирригоскопия

5.колоноскопия

=3, 4, 5

=1

=4

=1, 3

=2, 4
Әйел, 35 жаста, 6 айдан бері ішінің барлық жері диффузды ауыруы, кебуі, үлкен дәретінің тұрақсыздығы - таңертең ішінің толық босамау сезімімен сипатталатын "құмалақты" үлкен дәреті, сосын тәуліктің І жартысында 2-3 рет ботқа тәрізді, кейде шырышпен араласқан үлкен дәрет келеді. Түнде іші ауырмайды, үлкен дәреті болмайды. Қарап тексергенде: ішінің кебуі біркелкі емес, оң және сол мықын аймақтарында ауыру сезімі бар. Пальпацияда іш қуысы ағзалары тарапынан басқа өзгерістер анықталмады. Шағымдары, анамнезі және аздаған объективті мәліметтерінің негізінде «Тітіркенген ішек синдромы» диагнозы қойылды. Ректороманоскопияда тоқ ішектің дисталді бөлігінің 25 см ара қашықтығында органикалық өзгерістер анықталмады. Ирригоскопияда ішектің шырыш қабатында органикалық өзгерістері жоқ тарылған бөліктер мен толық босатылмаған тоқ ішек бөлімдері көрінеді. Колонофиброскопиядан да тоқ ішектің шырыш қабатында органикалық өзгерістер анықталмады, тек шырыш жиындылары бар. Соңғы диагноз қойыңыз:

=тітіркенген ішек синдромы, аралас синдромы

=дивертикул ауруы

=сыртқы секрециялық қызметінің жеткіліксіздігімен созылмалы панкреатит

=тітіркенген ішек синдромы, іш өту синдромы

=тітіркенген ішек синдромы, іш қату синдромы
Әйел, 35 жаста, 6 айдан бері ішінің барлық жері диффузды ауыруы, кебуі, үлкен дәретінің тұрақсыздығы - таңертең ішінің толық босамау сезімімен сипатталатын "құмалақты" үлкен дәреті, сосын тәуліктің І жартысында 2-3 рет ботқа тәрізді, кейде шырышпен араласқан үлкен дәрет келеді. Түнде іші ауырмайды, үлкен дәреті болмайды. Қарап тексергенде: ішінің кебуі біркелкі емес, оң және сол мықын аймақтарында ауыру сезімі бар. Пальпацияда іш қуысы ағзалары тарапынан басқа өзгерістер анықталмады. Шағымдары, анамнезі және аздаған объективті мәліметтерінің негізінде «Тітіркенген ішек синдромы» диагнозы қойылды. Ректороманоскопияда тоқ ішектің дисталді бөлігінің 25 см ара қашықтығында органикалық өзгерістер анықталмады. Ирригоскопияда ішектің шырыш қабатында органикалық өзгерістері жоқ тарылған бөліктер мен толық босатылмаған тоқ ішек бөлімдері көрінеді. Колонофиброскопиядан да тоқ ішектің шырыш қабатында органикалық өзгерістер анықталмады, тек шырыш жиындылары бар. «Тітіркенген ішек синдромы» соңғы диагнозын қоюға мәжбүр ететін белгілерге төмендегілердің барлығы жатады, мынадан басқа:

=науқастың жасы, жынысы

= ішінің ауыруы мен метеоризм

= іштің ауыруы мен дәреттің түнде болмауы

= тоқ ішек шырыш қабатында органикалық өзгерістердің анықталмауы

= тоқ ішекте шырыштың болуы
Диагностикалаудың III Римдік критерилерін ескере отырып, науқастың шағымдары, анамнезі, объективті тексеру мен ректороманоскопия, ирриго- және колоноскопия зерттеулері, тағы да гистологиялық зерттеу мәліметтерінің негізінде қорытынды диагноз қойылды: «Тітіркенген ішек синдромы, аралас түрі». Патогенез тұрғысынан негізделмеген дәрі:

1.платифиллин

2.атропин және оның туындылары

3.пинавериум бромиді
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


написать администратору сайта