ауру. соз ауру. ОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)
Скачать 226.54 Kb.
|
Қалыпты ЭКГЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. 3.....Коллапс кезіндегі шұғыл көмек. І. Медбикелік диагноз: Артериялық қысымның күрт төмендеуі (коллапс) ІІ. Мақсат: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт) ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер: дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті қажет етеді); пациентті көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп жатқызу (миға қан келу жақсарады); емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстык шай немесе кофе (мидың қанайналымы жақсарады, тамырлардың тонусы жоғарылайды) беру; таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен ингаляция жүргізу (мидың қанайналымы жақсарады); әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін манжетті алмай АҚ-мен пульсті бақылау; профилактикалық мақсатта коллапстың даму себептері туралы пациентпен әңгімелесу. №2 1.....Бронх демікпесі (БД) Бронх демікпесі – бронхтардың әртүрлі тітіркенгіштерге сезімталдығының күшеюі, ісінуі, гиперсекрециясымен жүретін, бронхоспазм нәтижесінде ысқырықты сырылды тыныс, жөтел, ентігу және тұншығу ұстамаларымен көрінетін тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық ауруы. Профилактикасы. Аллергенмен және сыртқы ортаның тітркендіргіш факторларымен (ұшпалы газ, темекі түтіні және т.б.) контактты тоқтату. Кейбір дәрі - дәрмектерді - аспирин, бета адреноблокаторлар қабылдаудан бас тарту, кәсіптік зияындықтардан аулақ болу. Респираторлы вирусты инфекциялардың алдын алу - тұмауға және респираторлы вирусты инфекцияларға қарсы вакцинация жасау. Арнайы стационарларда емдік мақсатта аллергенді қолдану. Жіктемесі. Клиникалық критерийлері бойынша: атопиялық (аллергиялық) түрі – үй және өсімдік шаң тозаны аллергендеріне дамитын сезімталдық; инфекциялық – аллергиялық түрі – инфекциялық аллергендерге (стафилококкк, нейссерии және т.б) дамитын сезімталдық; аспиринді түрі – арахидон қышқылы метаболизмінің бұзылысы және лейкотриендердің көп өндірілуі нәтижесінде дамиды. Науқастар аспиринді және стероидті емес қабынуға қарсы дәрілерді көтере алмайды, нәтижесінде тұншығу ұстамасы дамиды. Шағымдары: ентікпе мен тұншығу ұстамалары, тыныс шығарудың қиындауы, жұмысқа қабілеттің төмендеуі, қақырықсыз жөтел, шулы ысқырықты тыныс, жүректің жиі соғуы әр түрлі үнде ысқырықты немесе ылғалды сырылдар анықталады. Тыныс жиілігі және пульс артады, артериялық қысым жоғарылайды.. Тұншығу ұстамасынан бұрын науқаста хабаршы белгілер байқалады: тамағының қышуы, түшкіру, мұрынның бітуі немесе ринорея, терінің қышуы. Диагностика Кеуде сарайы-эмфизематозды.Перкуссияда – қорап тәрізді дыбыс, аускультацияда – қатаң тыныс естіледі. Қанда эозинофилияның болуы, атопиялық түрінде IgE деңгейінің жоғарлауы анықталады. Қақырықта астма «үштігі» - Куршман шиыршықтары , Шарко-Лейден кристаллдары және көп мөлшердегі эозинофилдер табылуы мүмкін. Кеуде сарайының рентгенограммасында эмфиземаға байланысты өкпе кеңістіктерінің мөлдірленуі. Демікпелік статус(Дс) – жедел тыныс жеткіліксіздігі және гипоксемиялық комамен жүретін жедел диффузды бронхоспазм. Демікпелік статус кезінде науқас ортопноэ қалпында болады. Науқаста қақырықсыз, қинайтын жөтел, тершеңдік, цианоз байқалады. Ауыр жағдайда өкпеден еш қандай тыныс естілмейді (мылқау өкпе). Артериялық қысым және пульс бірден жоғарылайды. Бронх демікпесінің емі. таза ауамен қамтамасыз ету; пациентке қолдарына тірелумен жартылай отыратын қалып беру, тар киімнен босату (бұл қалыпта тыныс алуға қосымша тыныс бұлшық еттері қосылады); ылғалды оттегімен ингаляцияны қамтамасыз ету, таза ауа жіберу; пациентке ыстық аяқ ваннасын қамтамасыз ету; бронхолитик пен қалталы ингаляторды қолдану ("Астмопент", "Сальбутамол", "Беротек") 3 реттен артық емес; дәрігер келгенге дейін төмендегілерді дайындау: бронхолитиктер- теофедрин, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 5% эфедрин ерітіндісі, баралгин; гормоналді препараттар - преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидтері т.б. пациенттің жағдайын (тыныс алу, пулъс, АҚ, тері жамылғыларының түсі) бақылау. лабораториялық зерттеу үшін қақырықты жинауға үйрету; 2.....СЖЖ терминальді сатысында пациенттің жеке күтімі. І. Медбикелік диагноз: Тұншығу ұстамасы (жүрек демікпесі) ІІ. Мақсат: қысқа мерзімді – тұншығуды 20-30 минут ішінде жою. III. Медбикелік іс-әрекеттер: жылдам дәрігер шақыру, өйткені бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді. толық тыныштықпен, таза ауамен қамтамасыз ету, қысып тұрған киімдерін шешу (тыныс алу жағдайы жақсарады); пациентті төсегінде аяқтарын төмен түсіріп отырғызу немесе жартылай отыру қалпын беру (жүрек бұлшық етінің жұмысы жеңілденеді, жүрекке венозды қанның келуі және өкпеде қанның іркілуі төмендейді); 1 таблетка нитроглицеринді немесе 1 тамшы 1% валидол ерітіндісін тіл астына беру (нитроглицерин коронарлы қан тамырларын кеңейтеді, нитроглицеринді қан қысымы 100мм с. б. төмен болған жағдайда беруге болмайды); ауыз қуысын көбік пен кілегейден тазалау; Көбікті басушылардан жіберілген ылғалды оттегіні беру; көбік басушыларға 96 % этил спирті жатады. Орталықтандырылған оттегімен бірге береміз. аяқ-қолдарына венозды бұрау салу, оларды 10-15 минуттан кейін кезекпен босату. Бұл әдісті дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда қолдануға болады. аяқтарды жылы қыша ванналарына салу немесе аяқтарға қыша қағазын, жылытқышты қою (рефлекторлы әсер етеді); 300-400 мл көлемінде қан ағызу. Бұл процедура қан қысымы қалыпты жағдайда дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі; пациенттің жағдайын (тыныс алу жиілігі, пульс, қан қысымын, тері жамылғылары түсін, диурезді, қақырық сипатын) тұрақты бақылау; дәрігер келгенге дейін наркотикалық анальгетиктерді, зәр айдайтын дәрілерді, жүрек гликозидтері т.б. (1% димедрол ерітіндісі немесе 2% супрастин, 0,025% строфантин ерітіндісі, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 0,9% физиологиялық ерітінді т.б.) дайындау; дәрігердің тағайындаған дәрілерін егуді қамтамасыз ету; ұстама жойылған соң пациентті зембілмен жандандыру бөліміне тасымалдау. І. Медбикелік диагноз: Асцит ІІ.Мақсат: қысқа мерзімді - пациенттің жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді: пациент тамақтану және сұйықтықты қабылдау тәртібінің маңыздылығы туралы білімдерін көрсетеді. ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер: тұз бен сұйыктықты шектеумен, калий және ақуызга бай диета сақтау қажеттілігін пациентке түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн тағайындау; дәрігер нұсқауына сәйкес пациенттің дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету; паценттің күнделікті су балансын анықтауды қамтамасыз ету; үш күнде бір рет пациентті өлшеуді қамтамасыз ету; пациентке төсек жайлылығын камтамасыз ету: а)төсекте бас жағын көтеріңкі ету; ә) төсекті кірлегенде ауыстыру; физиологиялық бөлінулер тәртібін бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауы бойынша қою. зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету; пациенттің жағдайын (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау; дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау. Медбикелік диагноз: Шеткі ісінулер (ағзада сұйықтықтың кідіруі) ІІ.Мақсат: қысқа мерзімді- аптаның соңында аяқтарда ісінулерді азайту. Ұзақ мерзімді – пациент ауруханадан шығу кезіне тамактану және сұйыктык тәртібінің ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді. ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер: тұзды (5г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және ақуызға бай диетаны сақтау қажеттілігін пациентке түсіндіру; №10 емдік үстел бойынша диета сақтауды пациентке қамтамасыз ету (пациентпен, туған-туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету күнін тағайындау; пациент ішетін күнделікті су балансын анықтау; пациентті үш күнде 1 рет өлшеу; дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттің дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету; тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету; пациенттің физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету, іш қату кезінде ісінулері бар пациентке гипертониялық немесе майлыклизма қою; зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. 3.....Гипергликемиялық кома Диабеттік кома- қант диабетінің ауыр асқынуы. Қанда қант және кетонды денелердің мөлшері бірден жоғарылауы, ағзаның сусыздануы, зәр арқылы натрий, калий, хлор, фосфор иондары көптеп шығарылуы, қанда метаболикалық ацидоз дамуымен сипатталады. Қанда көбейген кетонды денелер ағзаға токсикалық әсер етеді. Симптомдары. Науқастан прекоматозды және коматозды жағдайларды ажыратамыз. Прекоматозды жағдайда тәбет жоғалу, әлсіздік, бас ауру, шөлдеу, ауыздан ацетон иісі, көптеп зәр бөлу, жүрек айну, құсу, тері қышу, теріде қасыну іздері, сыздауықтар, тілі құрғау, тахикардия, артериялық қан қысымы төмендеу, зәрде көп мөлшерде қант және ацетон бөліну болады. Егер дер кезінде ем жасалмаса прекомалық жағдай комалық жағдайға өтеді. Комалық жағдайда науқас санасын жоғалтады. Ауыздан айқын ацетон иісі шығады. Науқастың дене қызуы қалыпты, сусыздану нәтижесінде көз алмалары босайды. Тынысы шулы, сирек, терең (Куссмауль тынысы), жарыққа көз қарашығы әлсіз жауап береді. Сіңір рефлекстері, бұлшық ет рефлекстері төмен. Жедел жәрдем шаралары. Кома түрін диагностикалау қиын болса 10-20 мл- 40% глюкоза ерітіндісін венаға енгізеді, (гипогликемиялық кома кезінде науқас санасы қалпына келеді. Гипергликемиялық комада науқас жағдайы глюкоза енгізуден нашарламайды); Кома тереңдігіне қарай инсулин 100-200 ед+ 0,9 %-0,5 немесе 1л венаға натрий хлорид ерітіндісін қосып енгіземіз; Кордиамин 4,0 мл венаға енгіземіз; Натрий гидрокарбонат 100-200мл-4% ерітіндісін венаға ацидозды басу мақсатында тамшылатып енгізеді; Жүрек тамыр көрсетпесі болған жағдайда 0,9% - 200 мл физ ерітіндіде + калий хлорид 100мл-1% ерітіндісі + аскорбин қышқылы 6-8 мл - 5% ерітіндісін қосып венаға тамшылап енгіземіз. Науқасты міндетті түрде эндокринологиялық немесе реанимациялық бөлімге тасымалдау керек. №3 1......Пневмониялар Пневмония - өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын өкпенің қабыну ауруы. Этиологиясы. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар- пневмакок, микоплазмалар, хламидия, легионелла, қарапайымдылар т.б., әкеледі. Бейімдеуші ықпалдар: суықтау, кеуде сарайының жарақаттары, іш қуысының операциялары, темекі тарту, жүрек жеткіліксіздігі, қантты диабет т.б. Клиникасы: Науқас тәбеттің жоғалуы, бұлшықеттердің ауырсынуы, құрғақ 2-3 күннен кейін қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, зақымданған жағының ауырсынуы, қалтырау, әлсіздік, тәбеттің төмендеуіне шағымданады.Ауру аса қатты қалтыраудан, бастың ауыруынан, дене қызуының 38-40ºС ға дейін көтерілуінен басталады. 1-2 тәуліктен науқас жөтеле бастайды, бүйірдің шаншуы қосылады. Жөтел басында құрғақ, көп кешікпей түсі темір татына ұқсайды. Диагностикасы. Аускультацияда зақымданған аймақта тимпанит дыбыс, крепитация, ылғалды, құрғақ сырылдар естіледі, бронхофония күшейеді. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі: -қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз қанның биохимиялық анализінде – лейкоформуланың солға ығысуы. қақырықта – лейкоциттер, эритроциттер, пневмакок; Аспаптық зерттеулер. Рентгенограммада өкпеде ошақты, жайылмалы, бөлікті немесе тотальды көлеңке анықталады. Емі. Медикаментті ем. Науқастара қызба кезінде қатаң төсекті тәртіп тағайындалады. Тағаммен емдеу-қызбалы кезеңде, жүрек жеткіліксіздігі болмаса тәулігіне 2,5-3 л сусын ішкізу керек- минеральды, лимон қосқан сусындар, жеміс шырыны, витаминдік тұнбалар. Алғашқы күндері- № 10 және № 15 диета. Темекі мен алкогольге тыйым салынады; Антибактериялық терапия (амоксициллин , левофлоксацин, цефтриаксон) муколитиктер бромгексин , амбробене, лазалван, АЦЦ Бронх бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіруге теофиллин, ентікпе ұстамасында беротек, вентолин, сальбутамол аэрозолін пайдаланады; Иммундық модуляция- Т-активин, тималин Дезинтоксикациялық ем- глюкоза 5% ерітінді, кокарбоксилаза, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі тамшылатып жіберіледі; Симптоматикалық ем - дене қызуын төмендететін және ауырсынуды басатын қабынуға қарсы дәрмектер- аспирин- парацетамол 2.....Тәуліктік диурезді және Су балансын анықтау. Мақсаты: тәулік бойы ағзаға енгізілген және шығарылған су көлемінің қасиетін есеппен қамтамасыз ету. Көрсеткіштері: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру. Жабдықтар: салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы. Ескерту: зәрдің шығуы ғана емес, құсық және үлкен дәреті есепке алынады. Процедура барысы: -пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, оның процедура орындай білу қабілетін бағалаңыз; -пациент сұйықтығының қандай мөлшерде бөлінгеніне есеп жүргізе алатындығына сенім артыңыз; - процедура мақсатымен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз; -пациентке сұйықтық тағамдық және қозғалыс режимін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз; - 3 күн бойы диуретиктерді қолданбағанына көз жеткізіңіз; - тіркеу қағазына қалай тіркелетіні туралы толық хабарлау және пациентке не мақсатпен толтырылатынын түсіндіріңіз; - тағамдардағы су көлемін, су балансын есепке алу мақсатында тіркелінетінін түсіндіріңіз; -жабдықтарды дайындаңыз; -таңертеңгілік сағат 06.00 да зәрін пациент дәрет ыдысына жібереді; -зәрін жолдамасы бар ыдысқа жинауын түсіндіріңіз; -тіркеу қағазына шыққан зәрінің көлемін жазыңыз; -ішкен сұйықтық мөлшерін тіркеу қағазына жазыңыз; -таңертен 06.00-дан ертеңгі 06.00-ға дейін су ішкен және зәр шыққан көлемін тіркеу қағазына жазыңыз; -ертеңгі сағат 06.00-ден кейін тіркеу қағазын мейірбикеге тапсыру; -мейірбике қанша сұйықтықтың шыққанын анықтау формуласы арқалы есептеп отырады: шыққан зәрдің көлемі х 0,8 (80%)= норма бойынша шығатын зәрдің көлемі; Шыққан сұйықтықты есепке алынған сұйықтықпен салыстыру; 3..... І. Медбикелік диагноз: Асцит ІІ.Мақсат: қысқа мерзімді - пациенттің жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді: пациент тамақтану және сұйықтықты қабылдау тәртібінің маңыздылығы туралы білімдерін көрсетеді. ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер: тұз бен сұйыктықты шектеумен, калий және ақуызга бай диета сақтау қажеттілігін пациентке түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн тағайындау; дәрігер нұсқауына сәйкес пациенттің дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету; паценттің күнделікті су балансын анықтауды қамтамасыз ету; үш күнде бір рет пациентті өлшеуді қамтамасыз ету; пациентке төсек жайлылығын камтамасыз ету: а)төсекте бас жағын көтеріңкі ету; ә) төсекті кірлегенде ауыстыру; физиологиялық бөлінулер тәртібін бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауы бойынша қою. зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету; пациенттің жағдайын (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау; дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау. №4 |