Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникасы. Негізгі белгілері

  • 2...... Аяқ қан тамырларында пульсацияны анықтау. Тақым асты артериясы пульсін зерттеу

  • Пульс қасиеттері 1.Ырғақ.

  • 5.Көлемі.

  • 1......Ревматизм Ревматизм (Сокольский-Буйо ауруы)

  • Ревматизмнің дамуына бейімдейтін әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар

  • Ревматизмнің диагностикалық критерийлері

  • Емі. № 10 емдәм

  • 2.......Қант диабетімен ауыратын пациентке подиатриялық күтім жасау

  • Аяқ басын қарау бойынша ұсыныстар

  • Күтім бойынша ұсыныстар

  • Аяқ киім таңдау бойынша ұсыныстар

  • 3........ Естен тану кезіндегі шұғыл көмек.

  • ІІ.Мақсат

  • 1.....Артериялық гипертония

  • Эпидемиологиясы.

  • Лабораториялық-аспаптық зерттеулер

  • Медикаментті ем. Диуретиктер.

  • ауру. соз ауру. ОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)


    Скачать 226.54 Kb.
    НазваниеОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)
    Дата21.06.2021
    Размер226.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласоз ауру.docx
    ТипДокументы
    #219887
    страница4 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    Қауіпті топқа өкпе патологиясы бар науқастар; глюкокортикоидтерді ұзақ уақыт қабылдайтын науқастар; қантты диабетпен ауыратын науқастар; жүкті және жаңадан босанған әйелдер; алкоголизммен сырқат науқастар; егде жастағы жалғыз басты адамдар; түрмеден шыққан адамдар; белгілі бір тұрағы жоқ адамдар; көшіп қонып жүретін адамдар жатады.

    Клиникасы.

    Негізгі белгілері: жөтелдің 2 аптаға созылуы, тәбеттің жоғалуы, арықтау, түңгі тершеңдік, дене қызуының 37,0-37,5 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тез шаршау, кеуде тұсындағы ауырсыну, қанды түкірік тастау, науқас жудейді, тахикардия, бас ауру байқалады. Жөтелу алғашқыда құрғақ жөтел, аздап қақырық бөледі, кейін лимфа түйіндердің зақымдалуы, жүргенде ұстама тәрізді жөтел болады. Кейде қан қақыру немесе өкпеден қан кетуі мүмкін, кеуде сарайының ауырсынуы, ентігу, түнге қарай терлейді.

    Науқасты қарағанда терісінің бозаруы, кеуде сарайының деформациялануы, акроцианоз, саусақтары дабыл таяқшаларына ұқсайды. Пальпаторлы қолтық асты, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады, лимфа түйіндері сипағанда ауырмайды, кеуде бұлшық еттерінің кернеулігі жоғарылайды.

    Зақымдалған сегмент үстін қаққанда тұйықталу және перкуторлы дыбыс қысқарады, Кренинг кеңістігі қысқарады, тыңдағанда везикулалық тыныс әлсірейді. Каверналар болса амфоралық тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естілуі мүмкін.

    Туберкулиндік сынама (Манту сынамасы) жүргізіледі. Гиперемия 0,5см жоғары болса, оң мәнді деп есептеледі.

    Диагностика

    • қанның және несептің клиникалық талдауы(Ауру өршіген кезде қанда эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттер саны жоғарылайды);

    • қақырықты 3 рет микроскопиялық зерттеу(туберкулез микобак-териясының табылуы)

    • кеуде сарайы мүшелерінің рентгенографиясы; өкпенің компьютерлік томографиясы;( Рентгендік зерттеу туберкулездік процестің түрін, ошақтарды, инфильтратты және кавернаны анықтауға мүмкіндік береді.)

    • туберкулинді сынама (Пирке және Манту)

    Емі.

    Туберкулездің таралуын азайту мақсатында ҚР Үкіметі Туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарлама қабылдады, онда туберкулезге шалдыққан адамдарды тегін емдеу және медициналық тексеру көзделген. ДОТС стратегиясы бойынша туберкулез ауруының кез келген түрін емдеудің негізгі әдісі-химиотерапия енгізілді.

    • төсекті режим, диета № 10,11,15.

    • туберкулезге қарсы дәрмектер- тубазид (изониазид) , стрептомицин, этамбутол, рифампицин

    • витаминдер – К, С, Е, В, тобы;

    • иммуномодуляторлар – левамизол, тималин.

    • преднизолон 15-20мг 2-3рет 1 ай бойы.

    • симптоматикалық терапия .

    • ошақты процесстерде оперативті ем.

    • санаторлы-курортты ем.

    Алдын алу шаралары.

    Салауатты өмір салты: дұрыс тамақтану, белсенді дене қозғалысы, толыққанды дем алу, қоршаған ортаның тазалығы, темекі, арақ-шарап, нашадан аулақ болу. Ауруды дер кезінде анықтау, толық емдеу. Бала туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинасын егу, 6-7 жасында ревакцинация жасату.

    Халықты жаппай медициналық тексерулерден өткізу.
    2...... Аяқ қан тамырларында пульсацияны анықтау.

    Тақым асты артериясы пульсін зерттеу:

    а- тақым асты артериясын пальпацияллау;

    б-пульсті зерттеу

    Сан артериясының пульсі шап аймағында санды жазып сәл сыртқа бұрып жатқан қалыпта тексеріледі.

    Үлкен жіліншік артериясы ішкі тобық тұсында,тобық тұсында, тобыққа артерияны қыса ұстап тексеріледі.

    Аяқ басының сыртқы бетінде бірінші табанаралық кеңістіктің проксимальды бөлігінде тексеріледі.

    Пульс қасиеттері

    1.Ырғақ. Бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануы.Егер уақыт интервалы біркелкі болса - пульс ырғақты.Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса - пульс ырғағы дұрыс емес.

    Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады.

    А)экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы.

    Ә)аритмия - жүрек соғуы ырғақтылығының бұзылуы.

    2.Жиілік. Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны.N 60-80; > 80 -тахикардия, 60 - тан кем болса - брадикардия.

    - жаңа туылған нәрестелерде 1 минутта - 120 – 140 рет;

    - жаңа шала туылған нәрестелерде - 140 – 160 рет;

    - 1 – 2 жасар сәбиде – 110 – 120 рет;

    - 5 – 6 жаста – 100 рет шамасы;

    - 10 жаста – 90 рет;

    - 12 – 13 жаста – 80 -70 рет;

    - жеткіншектер мен үлкендерде - 60 – 80 рет.

    Әйел адамдарда ерлерге қарағанда тамыр соғуы жиірек; спортшылар мен жаттығушы адамдарда, сондай – ақ егде адамдарда тамыр соғуы сиректеу. Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене қызуы көтерілгенде жиілейді. Дене температурасы 1о С көтерілсе ересектерде пульс минутына 8 – 10 соққыға дейін жетеді.

    3.Кернеулік. Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуға жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі. Қан қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты қан қысымы - қалыпты орта кернеулі.

    4.Толу. Бұл тамырлардың қанмен толуы.Жүректің айдау өлшемімен(яғни, қай тамырларға айдалатын қан мөлшерімен) анықталады.Систола кезінде жүректің жиырылуы күшіне тәуелді, артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады.Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдаса, айналымдағы қанның көлемі азайса, жүрек жеткіліксіз қан айдаса (қан жоғалса) - бос пульс.

    5.Көлемі. Кернеулік пен толымдық деңгейімен анықталады.Үлкен PS -әрең сипап сезіледі.
    3.....Уремиялық кома кезінде шұғыл көмек.

    Уремиялық комабүйректің айқын жеткіліксіздігі кезінде дамитын, аутоинтоксикация синдромы.

    Уремиялық кома бүйректің ауыр зақымдануларының соңғы кезеңінде, ағзада азот қалдықтарының жиналуы және су-электролит, қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бұзылыстары нәтижесінде дамиты.

    Бүйректің жедел шамасыздығы – бүйректің барлық қызметтерінің кенет бұзылысынан, оның зәрді аз бөлуі немесе мүлдем бөлінбеуімен сипатталады.

    Бұл кезде коматозды жағдай біртіндеп дамиды. Ең алдымен айқын байқалатын әлсіздікпен қатты бас ауру болады. Кома дамуынан бұрын көру бұзылысы, ұйқышылдық және сана тежелуі байқалады. Бұл симптомдарға таңертеңгілік уақытта лоқсу, тамақ жеген соң қайта қайта құсу белгілері қосылады. Науқастың тері қабаттары және ауызы құрғақ, аммиактың иісі шығады. Денесінде қан құйылу ошақтары байқалуы мүмкін. Науқастың санасы біртіндеп шатасып, бұлыңғырланып, тұрақты ұйқышылдық, қоршаған ортасын тани алмайтындай жағдай; құрысулар, бет және қол- аяқ бұлшық еттерінің дірілдеуі, сіңір рефлекстерінің күшеюі байқалады.

    АҚҚ жоғары, көз қарашығы жарықты сезбейді. Олигоурия немесе анурия дамиды.

    Жедел жәрдем шаралары.

    1. Науқасты арнайы стационарға шұғыл түрде госпитализациялау.

    2. Глюкоза 20-60мл - 40% ерітіндісі немесе 200-500мл -5% ерітіндісін 6 Б инсулин мен аскорбин қышқылын қосып венаға енгізеді;

    3. Натрий бикарбонаты ерітіндісі 4%-100-200мл көк тамырға енгізеді.

    4. Строфантин 0,05%- 0,5мл немесе коргликон 0,06%- 0,5мл натрий хлоридпен қосып венаға тамшылатады.

    5. Асқазанды 2% ас содасы ерітіндісімен жуады.

    6. Сифонды клизма.

    7. Тоқтаусыз құсу кезінде атропин

    10. Гемодиализ.

    11. Бүйрек трансплантациясы.
    1......Ревматизм

    Ревматизм (Сокольский-Буйо ауруы) - осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жас өспірімдер мен балаларда А топты β гемолиздеуші стрептококктың әсерінен дамитын және жүрек-қантамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік тіннің жүйелі инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады.

    Этиопатогенезі. Ревматизмнің дамуы және оның рецидивтері А топты бетта - гемолиздеуші стрептококктық инфекцияға тығыз байланысты. Баспа, тонзиллит, фарингит сырқат дамуының алдында жүретін аурулар болып саналады.

    Ревматизмнің дамуына бейімдейтін әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар:

    • көп жанды жанұялардың тар пәтерде күнелтуі;

    • мектеп сыныптарында, балабақша топтарында балалар санының аса көптігі;

    • тамақтанудағы кемшіліктер;

    • халықтың медициналық тұрғыдан төмен деңгейі;

    Клиникалық көрінісі. А. Н. Нестеров ревматизм дамуының 3 кезеңін айырған:

    1. Латентті , «үнсіз» ( стрептококктық инфекциядан 2-4 аптаға созылады). Бұл кезде ағзада стрептококктық антигендерге сезімталдық процессі қалыптасады. Бұл кезең симптомсыз жүреді немесе делсалдық, мұрынның жиі қанауы, ЭТЖ-ның шамалы жоғарылауы байқалады.

    2. Ревматизмнің алғашқы шабуылы. Полиартрит, біріншілік кардит, ревматизмге тән иммундық бұзылыстар дамиды. Ревматизмнің алғашқы шабуылы көбіне мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі, дер кезінде емдесе, толық сауығуы мүмкін.

    3. Ревматизмнің қайталамалы өршулерінің кезеңі. Дерттің қайталап өршуінен жүрек ақауы, жеткіліксіздігі және ағзада аутоиммундық, дистрофиялық өзгерістер дамиды.

    Ревматизм дәнекер тіннің жүйелі ауруы болғандықтан, барлық ағзаларды зақымдауы мүмкін. Бірақ оның басты белгісі- кардит. Ревматизмде жүрек-тамыр жүйесі басым зақымдалады. Оның ішінде қақпақшаларды өзгеріске ұшыратады(ревмокардит).

    Диагностикасы.

    Лабораториялық көрсеткіштер: қанда лейкоцитоз, стрептококк антигендері табылады, ЭТЖ, С - реактивты белок пайда болады.

    Ревматизмнің диагностикалық критерийлері:

    • ірі критерийлері: кардит, полиартрит, хорея, сақиналық эритема, тері астылық түйіндер;

    • кіші критерийлер: қызба, артралгия, ЭТЖ-ның биіктеуі, лейкоцитоз, СРБ-ның пайда болуы; болып өткен стрептококктық инфекция туралы мәлімет, ақаудың белгілері, ЭКГ –да өзгерістер – Р-Q интервалының ұзаруы;

    Емі.

    • 10 емдәм, оның құрамында белок жеткілікті болуы тиіс; натрийдің, судың мөлшері шектеледі. Сонымен қатар, рационға көкөніс, жеміс қосқан пайдалы;

    • Этиологиялық ем –пенициллиндер- емді ұзарту үшін бициллин-5- 1 000 000 Б 2 аптада бір рет 1,5-2 ай салынады, содан кейін әр 25 күнде бір рет 5 жыл салып отырады; сонымен қатар, эритромицин, цефалоспориндер салуға болады.

    • Глюкокортикоид-Индометацин, вольтарен

    • Симптомдық ем – жүрек гликозидтері, антиаритмиялық т. б. дәрілер;

    • Санаторлы курорттық ем- аурудың өршуі басылғаннан 6-8 айдан соң жүрек шамасыздығы, аритмия болмаса жібереді;

    • Өршу кезінде физиотерапия жасауға болмайды.


    2.......Қант диабетімен ауыратын пациентке подиатриялық күтім жасау

    Подиатриялық күтім дегеніміз – қант диабетімен ауыратын пациенттердің аяқ басына күтім жасау. Қант диабеті асқынулармен қауіпті. «Диабеттік табан» өмірге қауіп төндіретін асқынулардың бірі болып саналады, жиі гангрена (шіру) дамуына, аяқ ампутациясына алып келеді. Мұндай асқынулар қант диабетінде қан айналым нашарлауымен, иммунитеттің әлсіреуімен байланысты. Әсіресе аяқ басында қан айналым нашарлайды, сезімталдық төмендейді. Қан айналымының нашарлауы біртіндеп некрозға (өлі еттену), жұқпа енуіне алып келеді, сондықтан қантты диабетпен ауыратын пациенттерге күтімнің бастысы- аяқ басына күтім жасау.

    Аяқ басын қарау бойынша ұсыныстар:

    1. Аяқ басын қарау күнде жүргізілуі керек.

    2. Аяқтың өкшесін әйнек көмегімен қарау.

    3. Аяқ басын кератоз аймақтарын, ылғалды жерлерін және тері температурасы мен сезімталдығын анықтау мақсатында мұқият қарау.

    Күтім бойынша ұсыныстар:

      1. Күнделікті аяқтарды жылы сумен жуу. Су температурасы 35-37°С-тан артық емес, оны термометрмен өлшеген жөн.

      2. Аяқтарды буламау.

      3. Аяқтың өкшесін және башпайларпдың арасын жұмсақ сүлгімен құрғату.

      4. Аяқ өкшесінің терісін маймен майлау.

      5. Аяқтағы тырнақтарды тіке, бұрыштарын айналдырмай қысқарту.

      6. Жалаңаяқ жүрмеу, аяққа жылытқыш қолданбау.

      7. Аяқ басы терісінде өзгерістер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге көріну.

    Аяқ киім таңдау бойынша ұсыныстар:

        1. Аяқ киімді кешке қарай таңдау керек.

    1. Аяқ киім жұмсақ былғарыдан тігілген болуы керек.

    2. Аяқ киімнің ішінде бөтен заттардың, тігістердің жоқтығын тексеру.

    3. Мақта-матадан тоқылған, резеңкесі тар болмаған шұлық кию.


    3........ Естен тану кезіндегі шұғыл көмек.

    Естен тану бас айналудан, жүрек айнудан, көздің қараңғылануынан, құлақ зыңылдауынан және аяқтың әлсізденуінен басталады.

    Себептері: қорқыныш; жүктілік; эмоционалды стресс; ыстық өту; улану; қан кету; дене күйінің күрт өзгеруі.

    ІІ.Мақсат: пациенттің есі 5 минут ішінде қалпына келеді.

    ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:

    1. төсекте жастықсыз көлденең, аяқ жағы көтеріңкі жатуын (миға қан келуін жақсарту) қамтамасыз ету;

    2. таза ауа келуін қамтамасыз ету, тар киімдерін шешу (мидың оттегімен ашығу деңгейі төмендейді);

    3. бетіне және кеудесіне салқын су шашу (мидың қанайналымын жақсарту мақсатымен жүйке жүйесіне рефлекторлы әсер ету);

    4. мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрнына иіскету және сол тампонмен самайын сұрту (тыныс алу орталығын қоздырады);

    5. пациенттің бетін шапалақтау;

    6. аяқтарына жылытқыш қою, көрпемен жылы орау, тыныштықты (30 минутқа дейін) қамтамасыз ету;

    7. осы шаралар 5 минут ішінде нәтижесіз болса, дәрігерді шақырту және оның нұсқауларын орындау.

    8. профилактикалық мақсатта пациент пен естен танудың себептері туралы әңгімелесу.


    1.....Артериялық гипертония

    Біріншілік артериялық гипертония - артериялық қысымның реттеуіне қатысты ағзалардың зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық қан қысымының жоғарылауы.

    Артериялық гипертонияның басты белгісі- қан қысымының көтерілуі.

    Эпидемиологиясы. АГ еркектердің 39,2%-да, әйелдердің 41,1%-да анықталады және жас ұлғайған сайын бұл синдромның саны да көбейе түседі.

    Этиологиясы. Қазіргі кезде артериялық гипертонияның даму себептері толық анықталмаған, дегенмен оның дамуына келесі факторлар ықпал етеді:

    • Тұқым қуалауға бейімділік.

    • Жүйкелік-психикалық жарақаттар (эмоциялық стресстер).

    • Кәсіптік зияндықтар (ми қызметімен айналысатындар, құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар).

    • Тамақтанудың ерекшеліктері (тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі).

    • Зиянды әдеттер: темекі тарту, ішкілікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б. биіктейді).

    • Бас миының жарақаттары.

    • Семіздік.

    АҚ деңгейлері

    САҚ мм с.б.

    ДАҚ мм с.б.

    Оптимальді

    < 120

    < 80

    Қалыпты

    < 130

    < 85

    Жоғары қалыпты

    130-139

    85-89

    1-ші дәрежелі

    140-159

    90-99

    2-ші дәрежелі

    160-179

    100-109

    3-ші дәрежелі

    > 180

    > 110



    Клиникалық көрінісі.

    1. Артериялық гипертония синдромы;

    2. Цереброваскулярлық синдром (бастың ауруы, айналуы, құлақтың шуылдауы, еске сақтау қабілетінің төмендеуі т.б.);

    3. Жүректік синдром (стенокардия ұстамалары, кардиалгиялар, ырғақ бұзылыстары, сол қарыншаның гипертрофиясы, жеткіліксіздігі);

    4. Жалпы невроздық синдром (ұйқысыздық, астения, ипохондрия, депрессияға бейімділік);

    5. Гипертониялық ангиоретинопатия синдромы.

    Диагностика Рентгендік зерттеуде сол қарыншаның гипертрофиясы, ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының синдромы және тәж қанайналым бұзылыстары анықталады.

    Лабораториялық-аспаптық зерттеулер: қан құрамындағы калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин;

    Емі. Медикаментті емес ем.

    • салауатты өмір салтын сақтану;

    • темекіні тастау;

    • дене салмағын қалыптастыру;

    • ас тұзын тәулігіне 5г-нан артық қолданбау; №10

    • алкоголді қабылдауды доғару;

    • физикалық белсенділік;

    • емдәмді қатаң сақтау – майларды азайтып, көкөніс, жеміс- жидекті көп қабылдау.

    Медикаментті ем.

    Диуретиктер. Индапамид, фуросемид,Спиронолактон

    Бета - адреноблокаторлар. Атенолол Метопролол
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта