ауру. соз ауру. ОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)
Скачать 226.54 Kb.
|
АПФ ингибиторлары. Эналаприл Каптоприл Фозиноприл ++++++++++++++++ І.Медбикелік диагноз: Артериялық қысымның күрт жоғарылауы II.Мақсат: АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт). ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді); бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшықеттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді); физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету; таза ауамен қамтамасыз ету; шүйде аймағына және балтырға қыша қою; маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді); қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш кою; дәрігердің нұсқауларын орындау; әр 30 минут сайын пациенттің жағдайын (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау. 2........Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату. Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі. Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабат дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз; жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз. Мундштукті пациенттің ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны пациенттің ауызынан 1-1,5см қашықтықта ұстаңыз. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің пациентке түсіндіріңіз. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5л). Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз. Пациенттен жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет. 3....... Бүйрек шаншуында жедел жәрдем Бүйрек шаншуы – несеп бөлінуі қиындап, бүйрек түбегінің керілуінен дамитын бел аймағында ұстамалы ауырсынумен бай-қалатын синдром. Себептері. Несеп жолдарындағы тастар, тұзды конгломераттар, несепағардың бүгілуі, оның ісінуі, бүйрек инфаркті, бүйрек ісігі. Клиникасы. Негізгі симптомдары: бел аймағының ұстамалы қатты ауырсынуы, ауырсынудың несепағар бойымен тарауы, кейде несеппен тастың немесе тұздардың бөлінуі, гематурия, құсу, дене қызуының жоғарылауы, метеоризм. Жедел жәрдем. Бел аумағына жылу қою (жылытқыш, ванна 37-39ºС). Таламонал –3-5 мл, дроперидол 0,25%-2-3 мл немесе промедол 2%-1,0+ атропин 0,1%-0,5 мл венаға. Баралгин, спазгам, максиган 5-10мл венаға, б/е. Спазмолитиктер. Егер ауырсыну қайтпаса-беліне новокаин блокадасы жасалады. 1.....Стенокардия Стенокардия - миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитын клиникалық синдром. Стенокардияның басты белгісі- төс артының, әсіресе жоғарғы бөлігінің қысып, ашып ауруы. Науқастардың көбі төс артындағы сезімдерін жүрекпен байланыстырмайды, сондықтан науқасқа ауыратын жерін қолымен көрсеткізіп алу керек. Кейде ауырсыну төстің сол жағында, жүрек тұйықтығында немесе иық буынынан бастап сол қолда, өте сирек кеуденің оң жартысында, оң қолда орналасады. Науқастар көбіне ұстама кезіндегі ауырсынуды суреттеуге сөз таппай, оны «салмақ бату», «күйдіру», «төске қазық қаққандай» сезімдеріне ұқсатады. Аурсыну сол иыққа, әрі қарай білекке, қол ұшына және шынашақтың, алақанның бетіне тарайды. Кейде ауырсыну мойынға, жақ астына, бетке, құлаққа беріледі. Науқастардың бір қатарында ауырсыну сол жауырынға, жауырын аралығына, кейде оң иыққа немесе екі иыққа, құрсақтың жоғарғы немесе төменгі аймағына таралады. Ұстама кезінде вегетативтік, эмоциялық құбылыстардың болуы, үрейлену, өлім қорқынышы билеу, қуқылдану немесе тері жамылғысының қызаруы, тахикардия, қан қысымының уақытша биіктеуі немесе төмендеуі, ентікпе, аритмия, маңдайдың шып-шып терлеуі байқалады. Әдетте ұстамалар физикалық күштемелерден болады (жүгіру, жүру, тауға шығу т.б.). Ұстамалардың дамуына эмоциялық құбылыстар, ауа райының өзгерісі (желдің көтерілуі, күннің салқындауы), тамаққа аса тою, салқын, мұздай тағамды ішу, темекі тарту, ішкілікке салыну септігін тигізеді. Күштемелік стенокардия. ЖИА-ның бұл түрінде ұстамалар дене қызметіне тәуелді, тыныш күйде ұстамалар болмайды. Ұстамалар көбіне сыртқа, салқын ауаға шыққанда, мұздай желге қарсы жүргенде немесе артериялық қысым биіктесе, ауыр физикалық күш түскенде пайда болады. Ұстаманы туғызатын күштеменің деңгейіне қарай тұрақты күштемелік стенокардияның 4 функциялық кластарын ажыратады: І ФК- науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады. ІІ ФК- үйреншікті дене белсенділігі сәл шектеледі. Тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде және баспалдақпен 1 қабаттан артық көтерілгенде ұстама пайда болады, ІІІ ФК- үйреншікті дене белсенділігі едәуір шектеледі. Орташа жылдамдықта тегіс жермен 100-500 метр жаяу жүргенде, баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгенде ұстама болады. ІV ФК- науқастың физикалық белсенділігі күрт шектелген, үй тұрмысының жеңіл қызметінде немесе орташа жылдамдықта тегіс жермен жаяу жүргенде 100 метрге жетпей ұстамалар болып тұрады. Спонтанды стенокардия (Принцметал стенокардиясы) ұстамалар дене қызметіне байланыссыз, өз-өзінен кенет, әрдайым белгілі бір уақытта, көбіне таңғы мезгілде циклды тұрде пайда болады. Тұрақсыз (стабильді емес) стенокардия- тәж қан ағымының нашарлауын белгілейтін және миокард инфаркты дамуымен қауіпті стенокардия түрлерінің қосындысы. Тұрақсыз стенокардия ЖИА барысының ауырлауын және миокард инфарктының даму қауіпін туралы мәлімет береді. Тұрақсыз стенокардия миокард инфарктына алып келеді немесе ем көмегімен бір айдың шамасында стабильді түрге ауысады. Диагностикасы. ЭКГ. Тыныш қалыпта түсірілген ЭКГ-да айтарлықтай өзгерістер болмауы мүмкін. Ұстама кезінде ишемияның белгілері табылады. Велоэргометрия сынамасы: оң белгілер: стенокардия ұстамасының дамуы, ауыр ентікпе немесе тұншығу, АҚ төмендеуі. Холтерлі мониторинг Емі. І. Медбикелік диагноз: Жүрек шаншуы II.Мақсат: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу. ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер. пациентке көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді); физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады): нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер етеді); таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады); дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету; Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін. пациенттің жағдайын (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау. пациенттің жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру. пациентпен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. ұстаманы тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме, спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу. 2.......І. Медбикелік диагноз: Қызба ІІ. Мақсат: қысқа мерзімді: дене қызуын апта соңына дейін қалыпқа түсіру. ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер: пациенттегі қызба кезеңін анықтау; пациенттің дене қызуын әр 2 сағат сайын бақылау және тіркеу; пациентке толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету; медбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру: 1-кезеңде - пациентті жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру; 2-кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық компресс, мұзды мұйық қолдану; пациентті көп мөлшердегі салқындатылған, дәрумендірілген сұйықтықпен (морс, шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету: ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу; сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп тамақтандыру; галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып, пациентке жеке бақылауды қамтамасыз ету; тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді бақылау; дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету. 3- кезеңде - пациенттің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету; дене қызуы күрт төмендегенде байқалатын коллапста көмек көрсету; дене қызуы литикалық төмендеген кезде пациентті жылы жабу, көп мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану. 3......Постуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту) Мақсаты: төсектегі пациенттің дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцессі және т.б). Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса. Іс-әрекет алгоритмі: I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз. Емшараға пациенттің келісімін алыңыз. Бас жақ деңгейден 20-30см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз Төсектегі пациенттің жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз. 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз. Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (пациентте дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда) II. Пациентті арқасымен жатқызу Пациент тұлғасын денесінің айналысына 3600 аударыңыз Пациентті 450 аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруын сұраңыз. Жөтел пайда болғанда пациентке жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз. 10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз. III. Пациентті оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы. - кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз. - төсектегі пациенттің жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне қөзіңізді жеткізіңіз. - сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз. - емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз. IV.Пациентке тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті. - пациентті тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз. - пациентті енкейуді 6-8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды, сосын 6-8 рет енкейуді қайталайды (6 цикл барлығы) - емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз. 5. Төсекте жатқан пациентке ыңғайлы қалыпты беріңіз. 6. Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз - емшараны орындау жәнепациенттің емшараға реакциясы туралы жазуды жасаңыз. Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз) 1......Миокард инфаркты Миокард инфаркты - тәж қанағымының мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. ЖИА-ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-59 жас аралығында бұл аурумен сыртқаттану жиілейді. Этиологиясы. Миокард инфарктының негізгі себебі- тәж артериясының стеноздаушы атеросклерозы. Миокард инфаркты дамуының тікелей себептері: тәж артериясының атеросклероздық түйінмен, тромбпен бітелуі, қантамыр қуысының тарылуы. Патогенезі. Миокард инфаркты белгілі бір аймаққа қан келуінің толық тоқтауынан немесе күрт төмендеуінен дамиды. Ауыр атеросклерозға басым ұшырайтын - сол тәж артериясы мен оның тармақтары. Сондықтан, көбіне дамитын сол қарынша миокардының инфаркты. Миокардқа тәждік қанағыммен 2 сағат көлемінде қан келмесе некроз Клиникалық көрінісі. Миокард инфаркты ангиноздық статустан басталады- төстің немесе жүректің тұсындағы ауыру ұстамасынан. Ауыру сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды. Ауыру стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Диагностика 1. Ангинальдік (ауырсыну) синдромы. 2. Ошақты ЭКГ-лық өзгерістер синдромы. 3. Резорбциялық-некроздық- миокард инфарктын дәлелдейтін басты синдром. Шұғыл көмек: Нитроглицериннің 1 таблеткасын тіл астына салу, әсер етпегенде 5 минуттан кейін екіншісін салу; Антиагреганттар- аспиринді шайнауға Нейролептанальгезия: фентанил Таламонал промедол, морфин наркотиктік анальгетіктерді қолдануға болады; Оксигенотерапия. тромболизистік ем-гепарин стрептокиназа Урокиназа антиаритмиялық ем- лидокаин метопролол Вазодилятаторлар- каптоприл эналаприл Реанимация бөліміне жеткізу Жүрек тоқтаса ЖӨР бастау Атиптік жасушаларға қақырықты жинау Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда. Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін). Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның келісімін алыңыз. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады. Науқастан сұраңыз: таңертең, қақырықты жинауға 2 сағаттай қалғанда тісін тазалауды; тұп-тура қақырық жинар алдында ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды; тік тұруын немесе тік отыруын; қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз. Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады. |