Главная страница
Навигация по странице:

  • Рентгенологиялық зерттеуде өкпе түбірі немесе шетінде қараю көрінеді. Өкпе рагін ерте диагностикалау әдістері: флюорография (жылына 1-2 рет).

  • 2..... ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУ ,ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕХНИКАСЫ... Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Тамыр соғу параметрлері

  • 3.....Гипогликемиялық кома Гипогликемиялық кома

  • 1....Плеврит. Плеврит

  • Клиникалық көрінісі

  • Диагностика Лабораторлы және аспаптық зерттеулер.

  • Ультрадыбыстық зерттеу

  • Плевраның биопсиясы

  • 2......Велоэргометрия әдісін пациентке жүргізу.

  • Велоэргометрияға көрсеткіштер

  • Велоэргометрияға қарсы көрсеткіштер

  • Егер қарсы көрсетілімдер болмаса (немесе дәрігер мардымсыз деп тапса), онда: Тексеру күннің бірінші жартысында өткізіледі

  • 3......№ 9 емдәмді пациентке түсіндіру. Көрсеткіштері

  • Тамақтану тәртібі

  • Қандай тағамдардан бас тартамыз

  • 1.....Өкпе туберкулезі Өкпе туберкулезі

  • ауру. соз ауру. ОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)


    Скачать 226.54 Kb.
    НазваниеОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)
    Дата21.06.2021
    Размер226.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласоз ауру.docx
    ТипДокументы
    #219887
    страница3 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    1....Өкпе обыры

    Өкпе обыры - бронхтардың эпителиалды тінінен немесе альвеоладан дамитын қатерлі ісік. Онкологиялық аурулардың ішінде өкпе обыры жиі кездеседі, жиілігі бойынша ерлер арасында асқазан обырынан кейін екінші орында, ал әйелдер арасында жатыр және ас қорыту мүшелері обырынан кейінгі үшінші орында тұрады.

    Этиологиясы : өкпе обырының себептері толық анықталмаған, бірақ обырды дамытушы факторларды атауға болады:

    канцерогендік, тітіркендіруші заттар көп ластанған ауа (асбест, кобальт, никель, мышьяк, темір, радиоактивты уран т.б.);

    өндірістік факторлар : бензин, дизельді газдар, т.б. темекі тарту : темекі түтінінде жанған канцерогендік элементтер: мышьяк, 3-4- бензпирен, метилхолантрен, радиоактивты калий тыныс жолдарының созылмалы қабыну аурулары (бронхиттер, пневмония, бронх астмасы).

    Клиникалық көріністері. Өкпе обырының ағымы клиникаға дейінгі және клиникалық сатылардан тұрады. Бірінші сатысы- бір ісік жасушасы пайда болғаннан клиникалық белгілердің пайда болуына дейін 6-9 жылға созылады. Екінші сатысы- емделмеген науқастың өмір ұзақтығы 2-3 жылға созылады. Жөтел қатты, құрғақ болып, жеңілдемейді, ісік кеңірдекше қабырғасына өседі, жөтелу арқылы ісікті итеріп жылжыту мүмкін емес. Сол кезде ісіктің орталық бөлігі ыдырайды. Содан ол жара сияқты қисайып өзгереді. Бұл кезде майда қылтамырлар бұзылады және кішкене қан түкіру немесе дән тәрізді қақырық пайда болады. Микроскопиялық зерттеу кезінде қақырықтағы қанда жаңа эритроциттер кездеседі. Кеудеде ауру сезімі пайда болады, себебі ісік процесіне жүйке талшықтары қосылады. Ол ауру тұрақты, тұйық болады. Жөтел, қан түкіру, кеудедегі ауру сезімі тамыр алдындағы өкпенің қатерлі ісігінің бірінші белгілерінің триадасын құрайды. Ірі бронхтардың ісікпен жабылуы ентігуге әкеледі. Ателектазға ұшыраған аймақта қабыну процесінің дамуына жағдай туады.

    Екінші топтың белгілері асқынулармен байланысты ісіктің өсуінен және метастаз беруінен пайда болады. Ателектазға ұшыраған аймақта пневмония дамиды. Пневмония салдарынан дене қызуы жоғарылаған науқас дәрігерге көрінеді. Пневмония физикалық әдіспен анықталады, ем тез әсер береді. Бірақ та пневмония қайталануы мүмкін. Жергілікті өсумен бірге лимфа және қан тасымалдау жолдарына метастаз береді, лимфогенді метастаз кезеңмен өкпе ішіндегі лимфа түйіндеріне метастаз береді. Гематогенді метастаз кез келген мүшеде, көбіне бас мида неврологиялық ошақтық симптомдарымен көрінеді, бауырда, сүйекте, бүйректе, өкпеде кездеседі. Дауыс қарлығу, тәбет жоғалту, жүдеп салмақ тастайды.

    Қанның жалпы анализінде: гипохромды анемия, нейтрофильды лейкоцитоз, тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Қақырық анализінде: көп ядролы атипиялық ісік клеткалары, эритроциттер, өкпе ұлпасының ыдырауында иілімді талшықтар табылады.

    Рентгенологиялық зерттеуде өкпе түбірі немесе шетінде қараю көрінеді.

    Өкпе рагін ерте диагностикалау әдістері:

    1. флюорография (жылына 1-2 рет).

    2. бронхоскопия.

    3. биопсия, цитологиялық зерттеулер.

    4. компьютерлі томография.


    Емі және күтім ерекшеліктері. Қатерлі ісіктердің емі онкологиялық диспансерлерде, онкологиялық институттарда, ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде жүргізіледі. Емнің ең эффективтісі - радикальды операция жасау.

    Өкпе рагінің І -ІІ кезеңдеріңде хирургиялық ем жүргізіледі.

    ІІІ- кезеңде хирургиялық, сәулелік, химиотерапия жүргізіледі

    ІҮ- кезеңде паллиативті ем (науқастың жағдайын жеңілдетуге бағытталған; Симптоматикалық ем, наркотикалық аналгетиктер морфин, промедол)
    2.....ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУ,ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕХНИКАСЫ...
    Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

    Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

    Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі,толысуы, кернеу күші, көлемі.

    Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парғын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

    2. Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тааратыңыз.

    4. Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәріжілік білезік буыны аймағы) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетіде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек( үлкен сасақтың негізінде), сасақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәріжілік артериясы кәріжілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады.

    5. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқынын сезесіз.

    6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігн анықтаңыз. Сәйкестілік- бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді. (егер детамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі)

    7. Тамыр соғу реттелігін анықтаңыз.

    8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

    9. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

    10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

    11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен жазыңыз.

    12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    3.....Гипогликемиялық кома

    Гипогликемиялық кома - қанда глюкоза мөлшерінің бірден төмендеу салдарынан дамитын жағдай. Көп жағдайда диабетпен сырқат науқас диета сақтамаудан, инсулин мөлшерін көп енгізуден, көмірсуларды жеткіліксіз қабылдағанда, физикалық күш түсуден соң, алкоголды пайдаланғанда дамиды.

    Симптомдары. Гипогликемияның дамуы әркезде әркелкі. Науқаста әлсіздік, аштық сезімі, тершеңдік, қол-аяқ дірілдеу, тахикардия, қозу, тітіркенгіштік, бас айналу, көзқарашығы кеңеюі, диплопия, жаурау, мазасыздық байқалады. Қанда қанттың мөлшері 35мг%-тен және одан да төмендегенде сана жоғалады,тоникалық қалтырамалар, тынысы беткей, гипотермия, кейде брадикардия болады. Гипогликемия кейде атипиялық түрде жүреді. Талма, эпилепсиялық қалтырама, сандырақ, психомоторлы қозу болуы мүмкін.

    Жедел жәрдем шаралары.

    1. Жеңіл және орташа дәрежелерінде тәтті шәй, қант түйірлерін, конфет т.б беру керек;

    2. Ауыр гипогликемияда 20-60мл - 40% глюкоза ерітіндісін енгіземіз. Егер санасы 20-40 минуттан соң қалыптаспаса қайталаймыз. Әсері болмағанда 5% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгіземіз;

    3. Адреналин 1мл-0,1% (Эпинефрин 1мл-0,18%) ерітіндісін тері астына немесе венаға баяу енгізіледі;

    4. Жүрек-қантамыр көрсетпесі болған жағдайда тиісті шаралар жасалады.

    Науқас санасы толық қалпына келсе ауруханаға жатқызу қажет емес. Санасы қалыптаспаса реанимация бөліміне тасымалданады.

    1....Плеврит.

    Плеврит - плевра қабаттарында фибрин, плевра қуысында экссудаттың (серозды, іріңді, хилезды, геморрагиялық) жиналуымен сипатталатын инфекциялық немесе асептикалық қабыну процесі.

    Эпидемиологиясы. Плевриттер екіншілік процесс ретінде іріңді ошақты қабыну аурулары (пневмония, өкпе туберкулезі, медиастенит, диафрагма астындағы абсцесс өкпе рагы) және шеткері мүшелер мен тіндердегі патологиялардан (сүт безі рагы, анабез рагы, лимфома, лейкоз) кейін дамиды.

    Плевриттің қоздырғыштары: стрептококк, стафилакокк т.б.

    Клиникалық көрінісі плевриттің түріне (құрғақ, экссудатты, іріңді), патологиялық процесстің орналасуына, негізгі аурудың симптомдарына байланысты.

    Фибринозды плеврит тыныс алғанда, денені сау жаққа қарай бұрғанда кеудедегі кенеттен болатын ауырсынумен, ентігу, әлсіздік, тез шаршау, қызбамен басталады. Құрғақ жөтел болуы мүмкін.

    Фибринозды плевритте анықталады:

    • бір жақты плеврит кезінде науқас зақымданған жағына қарай қисаяды, зақымданған аймақта тыныс экскурсиясы шектеледі;

    • аускультацияда – тыныс әлсірейді және плевра үйкеліс шуы естіледі;

    • жиі немесе беткей тыныс;

    • диафрагмалық плевритте – төс-бұғана-емізікше бұлшық етінің аяқшалары арасындағы нүктеде ауырсыну болады.


    Экссудатты плеврит:

    • экссудатты плеврит қалтырау, дене қызуының 38-39ºс –тан жоғарылауы, дем алғанда, бүйірлеп жатқанда күшейетін ауырсыну, зақымданған бүйірге жатуға мәжбүр;

    • ентігу, дисфагия, интоксикациямен жедел басталады.

    • плевра эмпиемасына: жөтел,кеудедегі интенсивті ауырсыну, ентігу, қалтырап дірілдеу, дене қызуының 38-39ºс –тан жоғарылауы, ағып терлеу, айқын интоксикациялық синдромның болуы тән.

    • егер көп мөлшерде сұйықтық болса цианоз және мойын веналарының ісінуі;

    • қабырғааралықтардың ісінуі немесе тегістелуі; зақымданған жақта кеуде экскурсиясының шектелуі; сұйықтық жиналған аймақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы; экссудаттан жоғары аймақта тимпан дыбысының естілуі.

    • сұйықтық жиналған аймақта дауыс дірілі төмендейді;

    • перкуссияда кеуде аралықтағы мүшелер сау жаққа ығысқаны байқалады.

    Плевра эмпиемасы кезінде зақымданған аймақтың тіндерінің ісінуі байқалады.

    Фибринозды, экссудатты және іріңді плевриттер бірінен соң бірі дамуы мүмкін.

    Диагностика

    Лабораторлы және аспаптық зерттеулер.

    Жалпы қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоформуланың солға ығысуы анықталады.

    Экссудатты плевритті анықтау үшін рентгендік зерттеу маңызды. Егер сұйықтықтың көлемі 500 мл-ден кем болмаса рентгендік тәсілмен айқын анықталады. Жиналған экссудат жоғарғы шегі қиғаш, пішіні үшбұрышты гомогенді көлеңке тәрізді көрінеді.

    Ультрадыбыстық зерттеу – негізгі диагностикалық тәсіл. УДЗ арқылы жиналған сұйықтықтың көлемін, сипатын анықтауға болады.

    КТ (компьютерлік томография)- плевриттің себебін анқытайтын ең бір ақпараттық тәсіл.

    МРТ (магнитті резонансты томография) – ауру түсініксіз болғанда тексеруге болады.

    Торакоцентез – диагностика мақсатымен плевраға пункция жасау.

    Плевраның биопсиясы – ісіктік немесе туберкулездік плевритті диагностикалау үшін қажет.

    Торакоскопия - ісіктік немесе туберкулездік плевритті анықтау үшін қажет.

    Емі.

    • Этиотропты ем- антибиотиктер

    • Қабынуға қарсы ем; ацетилсалицил қышқылы , диклофенак, вольтарен немесе индометацин

    • Дезинтоксикациялық ем;

    • құрғақ жөтел-кодеин; декстрометорфан сироп

    • Плевральді пункция. Науқасты коллапсқа түсірмеу үшін, әр мезгілде алынған сұйықтықтың мөлшері 1,5 литрден аспауы керек.



    2......Велоэргометрия әдісін пациентке жүргізу.

    Қазіргі таңда клиникалық практикада велоэргометр немесе тредмилде мөлшерленген физикалық жүктемемен сынама кең таралған. Ең қол жетімдісі велоэргометрия болып табылады.
    Бұл мақсатта велоэргометрия физикалық жүктемені қатаң мөлшерлеп орындалған жұмыстың ватпен (вт) немесе килграмметр (КГМ) көлемін бағалауға мүмкіндік береді

    Велоэргометрияға көрсеткіштер:
    1) Кардиальды бөлімде ауырсыну, ЭКГ да өзгеріс жоқ
    ЭКГ-ғы спецификалық емес өзгерістер, теріс Т тісшесі.
    2) Липид алмасуының бұзылуы, ЖИА клиникасы анықталмайды.
    3) Көбінесе ұшқыштар, жүргізушілерде жиі кездеседі.
    4) Миокардтың ауырсынусыз түрін анықтау.
    5) Жасырын коронарлық жетіспеушілік.

    Велоэргометрияға қарсы көрсеткіштер:
    1) Миокард инфарктының өткір кезеңі.
    2) Компенсирленбеген жүрек жетіспеушілігі
    3) Тұрақсыз стенокардия
    4) Гипертензия 200/100 мм.с.б.
    5) Өткір миокардит, перикардит
    6) Гипотония
    7) Өткір инфекциялық аурулар
    8) Өткізгіштік жане ырғақ бұзылыстары
    9) Ауыр цереброваскулярлы аурулар(инсульт)
    10) Тромбофлебит
    11) Қан айналымның жетіспеушілігі
    12) Тыныс жеткіліксіздігі
    13) Өкпе күре тамырының тромбоэмболиясы
    14) Қан аурулары
    15) Ірі тамырлардың аневриздері ІІ-ІІІ дәрежелі АВ блокадалар
    16) Кардиомегалия

    Сынаманы жүргізу үшін электрокардиограф (мүмкіндігінше көп каналды), қан қысымын өлшейтін сфигмоманометр және фонендоскоп қажет. Зерттеу жүргізілетін функцилды диагностика кабинеті дефибриллятор және жедел жәрдем көмегін ұймдастыратын құралдармен жабдықталуы қажет. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса (немесе дәрігер мардымсыз деп тапса), онда:

    Тексеру күннің бірінші жартысында өткізіледі

    Тексеру аш қарынға өткізіледі (болмаса – процедураға дейін 2 сағат бұрын жеңіл таңғы ас).

    Кеңес етіледі – процедураға дейін 1 сағат бойы темекі тартпау; 2 сағат бойы физикалық жүктеме жасамау; 12-24 сағат бойы кейбір дәрілік препараттарды қабылдамау (жазылу уақытында дәрігермен алдын ала кеңесу керек). Процедураға дейін алкоголь және кофеині бар сусындардан басқа су және т.б. сусындарды ішуге рұқсат етіледі.

    Науқаста өзімен бірге – амбулаториялық карта немесе сырқатнамасы, ЭКГ және ЭхоКГ (процедураға дейін 1-2 айдан аз уақыт бұрын алынғаны абзал), қажет болса Холтер ЭКГ нәтижелері болуы керек. Сондай-ақ өзімен бірге сүлгі мен ауыстыратын киім (қалауынша) болу керек.
    3......№ 9 емдәмді пациентке түсіндіру.

    Көрсеткіштері

    9-кесте (диета), дәрігермен келісу керек апта сайынғы мәзір диабеттің гормоналды бұзылыстарының 1 және 2 түрлеріне арналған. Жеңіл аурумен диета жеткілікті. Ол жүктілік кезінде гормоналды сәтсіздікке және салмақ жоғалту бағдарламаларының бір бөлігі ретінде салмақ жоғалту үшін де қолданылады.+

    Диетаның мақсаты

    № 9 кесте инсулинді қосымша енгізумен (30 бірлікке дейін) немесе онсыз қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындалады. № 9 диета диабеттің бірінші және екінші типі бар адамдарға тағайындалады. Таңдалған тамақтану көмегімен пациент емдеу кезінде көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіреді және глюкозаның қалыпты деңгейін ұстап тұрады.+

    Диета қант диабетімен ауыратын балаларға, қартайған науқастарға, емізетін аналар мен гестациялық диабеті бар жүкті әйелдерге қолданыла алады. Әр жағдайда диета емделетін дәрігермен бірге түзетіледі, өйткені мәзірді рәсімдеу кезінде пациенттің физиологиялық қажеттіліктері ескерілуі керек.

    №9 диета қант диабеті кезінде тағайындалады. Ол майдың ағзаға тез сіңірілуін қамтамасыз етіп, көмірсу мөлшерін реттейді. Әдетте қант пен өзге тәтті тағамдарды жеуге қатаң түрде тыйым салынады. Күнделікті тамақтың құрамындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың мөлшері өлшеніп отырады.

    Диетаның химиялық құрамы: 80-90 г ақуыз, 70-80 г өсімдік майы, 300-350 г көмірсу, 12 г тұз, 1,5 л сұйықтық. Тамақтың калориясы – 2 200-2 400 ккал.

    Қант диабетімен ауырған кезде адамның қарны қатты ашады. Сондықтан дәрігер мамандар құрамында суы көп орамжапырақ, қияр, кәдіш сынды көкөністерді жеуге кеңес береді.

    Тамақтану тәртібі:

    - 2-сорттағы қара бидай ұнынан жасалған нан;

    - щи, борщ, окрошка, майсыз ет пен балықтан әзірленіп, саңырауқұлақ пен көкөніс қосылған сорпалар;

    - майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық еті;

    - консервідегі балық;

    - сүтті тағамдар, майсыз қатық пен ірімшік;

    - асқан жұмыртқа, омлет;

    - арпа, сұлы, қарақұмық, бидай ботқасы;

    - картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, кәдіш, асқабақ, салат, қияр, қызанақ, баялды;

    - көкөністердің кез келген әдіспен (пісіру, қуыру, бұқтыру, шикідей) әзірленген түрі;

    - қышқыл дәмі бар жеміс-жидектер;

    - еттің, балықтың саңырауқұлақтың, қызанақтың сорпасынан жасалған тұздықтар;

    - шай, кофе, көкөніс пен жеміс шырыны, итмұрын қайнатпасы.

    Қандай тағамдардан бас тартамыз?

    - қатпарлы қамырдан, ұннан жасалған тағамдар;

    - кеспе мен күріш қосылған сорпа;

    - кептірілген шұжық, консервіленген тағамдар, майлы құс еті;

    - тұздалған ірімшік, қатық, кілегей;

    - ет майы;

    - тұздалған немесе маринадталған көкөністер;

    - жүзім, мейіз, банан, інжір, құрма, қант, тосап, конфет, балмұздақ;

    - бұрыш, қыша;

    - майлы және ащы тұздықтар;

    - тәтті жемістерден әзірленген шырын.
    1.....Өкпе туберкулезі

    Өкпе туберкулезі - туберкулез микобактериясымен қоздырылатын созылмалы инфекциялық ауру. Бұл қоздырғышты 1882 ж неміс ғалымы Р. Кохх ашқан, сондықтанда қоздырғыш Кохх таяқшасы деп аталады.

    Этиологиясы.

    Туберкулез қоздырғышы - туберкулез микобактериясы (Кохх бацилласы).

    Туберкулезбен ауырған адам аурудың негізгі жұғу көзі болып табылады. Науқастың қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлініп, еденге не жерге түскен қақырық шаң-тозанмен бірге ауаға таралып, сол ауамен тыныс алған адамға жұғады. Қоздырғышпен залалданудың бір неше жолы бар, дегенмен көбінесе микобактерия өкпеге тыныс жолдары арқылы түседі. Сондықтанда науқас адаммен жанұя ішінде, бөлме ішінде тығыз контактта болған қауіпті. Мұндай жағдайда науқастың жеке басына қолданылатын заттары қауіпті болып саналады. Аурудың дамуында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлығы маңызды орын алады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта