ауру. соз ауру. ОУ ралы 1 Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ)
Скачать 226.54 Kb.
|
ОҚУ ҚҰРАЛЫ №1 1.Жіті бронхит Жіті бронхит (ЖБ) - бір айға дейін жалғасатын, жиі инфекциялық себептердің салдарынан дамитын бронхтардың кілегей қабығының жедел қабынуы. Этиологиясы. Жіті бронхиттың 90% анықталатын қоздырғышы – А, В тұмаудың вирустары, парагрипп вирусы, риновирус және жедел респираторлы вирустық инфекция. Бактериялық жедел бронхит: Streptococcus pneumoniae; Micoplasma pneumoniae; Chlamidiae pneumoniae; Staphylococcus aureus; Bordetella pertusis. Ықпал етуші қауіпті факторларға салқын тию, мұрын - тамақ - құлақтың созылмалы аурулары, иммундық тапшылық жағдайлар, алкоголизм, темекі тарту, өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары жатады. Патогенезі.Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады. Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады. Инфекциямен асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Жіктемесі. Қабынудың түрі бойынша: Катаральды. Ісіңкі. Іріңді. Іріңді-некрозды. Клиникалық көрінісі - сырқат жедел басталады, көбінесе жедел респирациялық аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғары тыныс жолдарындағы қабыну процесі трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері, яғни құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауруы байқалады. Көп ұзамай қабыну процессі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді. Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәуліктегі жөтел құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды. Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагма бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады, сырылды тыныс естіледі. Вирустық инфекция салдарынан дамыған бронхит кезінде қалтырау, дене бұлшық еттерінің ауырсынуы, әлсіздік, селқостық, ринорея, тамақтың ауырсынуы, бас ауру, қол-аяқтарының, белдің ауырсынуы байқалады. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн субфебрильды болады. Мұрын, ауыздың айналасында ұшық шығуы мүмкін. Диагноз аурудың клиникалық көрінісіне негізделіп қойылады. Сырқаттың жедел басталуы, 3 аптаға дейін жалғасқан жөтел және түрлі аускультативті симптомдардың болуы, жөтелге себеп болатын өкпенің созылмалы инфильтративті аурулары анықталмаса науқасқа жедел бронхит диагнозын қоюға болады. Диагноз лабораторлық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен толықтырылады. Физикалды тексерулер. Тамақтың қызаруы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қашықтан естілетін сырылдар байқалады. Аускультацияда күшейген қатаң везикулалық тыныс, әр түрлі тембрдегі құрғақ, сиректеу, ылғал сырылдар естіледі. Мұрыннан іріңді бөлінділердің шығуы, қүлақтың бітуі, миндалиндердің қызаруы анықталады. Лабораторлық тексерулер. Қанда - қабыну белгілері: нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ анықталады. Вирустарды немесе микоплазманы анықтау үшін қақырықты егуге және бактериоскопиялық тексеруге алу қажет. Аспаптық тексерулер. Рентгенографияны жедел пневмония жоқтығын анықтау үшін тағайындайды. Рентгенде көбіне өзгерістер болмайды, кейде өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және өкпе өрнегінің айқындалуы байқалады. Емі. Амбулаторлы емделеді Медикаментті емес ем Науқасқа теріс әсер ететін, жөтелдіретін қоршаған ортаның жағымсыз факторларын жою: түтін, шаң – тозан. Науқасқа адекватты гидратация ережелерін түсіндіру қажет (сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау, ылғалданған ауамен демалу). Қақырықтың бөлінуін жеңілдету үшін науқасқа емдік дене шынықтыру және дренаждық жағдай жасау қажет. Медикаментті ем. Қабынуға қарсы аспирин Муколитиктер – бромгексин ,амброксал , амбробене Иммунотерапия: аскорбин қышқылы, А витамині этовит 400мг 1 рет; Дезинтоксикациялық ем – сұйықтықты (лимон, бал, қайнатпа қосылған шай, минеральды су ) молырақ ішу; физиотерапия – төс аймағы, жауырын аралығына қыша қағазын жапсыру, парафиннен аппликациялар жасау, банка қою. Профилактикасы. Жеке бас тазалығы. Жіті бронхиттің даму жиілігін азайтудың бір жолы тұмаудың алдын алатын жыл сайынғы вакцинация қабылдау. Созылмалы бронхит Созылмалы бронхит – бронх эпителийінің гиперплазиясымен, бездердің гиперсекрециясымен, бронхтық обструкциямен, пневмофиброз және өкпе эмфиземасының дамуымен, ең кемінде соңғы екі жыл қатарынан 3 ай қақырықты жөтелмен жүретін қабынулық процесс. Этиологиясы. - рецидивтеуші вирустық және бактериялық инфекция; - темекі тарту; - тыныс жолдарына қолайсыз экологиялық факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі – шаң тозан, ылғалдылық, суық климат, кәсіптік зияндықтар, өндірістік улы заттар; 50% жағдайда созылмалы бронхиттің өршуіне екіншілік бактериалды инфекция себеп болады, ол өз кезегінде сырқаттың үдеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар төмендегі аталған аурулар созылмалы бронхитті өршітеді: жүректің созылмалы жетіспеушілігі; жүрек аритмиялары; өкпе артериясының тромбоэмболиясы; асқазан - өңештік рефлюкс және т.б. Клиникалық көрінісі. Созылмалы бронхитке ремиссия және өршу кезеңдерінің кезектесуі тән. Негізгі шағымдары: үнемі қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтел. Созылмалы бронхиттің өршуі кезінде жөтел күшейіп, бөлінетін қақырықтың сипаты іріңге айналады. Булықтырып, қиналдыратын қақырықсыз жөтел бронхообструкциялық синдромның болуын және жөтелдің рефлексогендік аймақтарының қатты тітіркенуін көрсетеді. Созылмалы бронхиттің қай түрі болсын, өршу кезінде бронхтық обструкция синдромы пайда болуы мүмкін. Дене температурасы субфебрильді деңгейге жоғарылауы мүмкін. Егер науқаста бронхообструкция болса, онда тыңдағанда құрғақ және түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, тыныс шығарудың ұзаруы, «ысқырықты» тыныс естіледі, тыныс шығару кезінде мойын веналары кеңейеді. Ремиссиялық фазада везикулалық тыныс, ал эмфизема болса- әлсіз везикулалық тыныс естіледі. Диагностикасы.Өршу фазасында қанда лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ның ұлғаюы байқалады. Қақырықты бактериологиялық және микроскопиялық зерттеу қажет. Биохимиялық анализде фибриноген көбейеді, С-реактивты белок, диспротеинемия анықталады. Аурудың алғашқы кезіндегі рентгендік зерттеудегі өзгерістер болмайды. Эмфизема мен бронхтардың бойында фиброз дамығанда өкпе эмфиземасының, пневмофиброздың тор тәрізді көріністері және өкпе өрнегінің деформациясы анықталады. Бронхоскопияда жалпылама эндобронхиттің көріністері тән. Бронхография арқылы бронхоспазмды - «қыл тәрізді бронхтар» көруге болады. Емі. Этиологиялық себептерді жою: темекі тартуды доғару, кәсіптік зиянды ықпалдардан құтылу, инфекция ошақтарын тиімді емдеу; Стационарлық ем және төсек тәртібі ; Тағаммен емдеу- витаминдері жеткілікті, балансы келтірілген емдәм ұсынылады. Емдәм белокка бай болуы тиіс және альбумин, аминоқышқылдар қоспасы тамшылатып енгізіледі. Созылмалы бронхитті емдеуде антимикробты дәрілер (цефазолин, амоксициллин, цефотаксим. азитромицин, ) Бронхтардың дренаждық функциясын жақсарту- бұл үшін қақырық түсіргіш дәрмектерді (бромгексин, ласольван, амбробене), бронхоспазм болса- бронходилататорларды, постуральдік дренажды және массажды қолданады; Дезинтоксикациялық ем- глюкозаның 5% ерітіндісі тамшылатып енгізіледі және сусынды мол ішкізеді; Иммуномодуляторлар - Т-активин, тималин; Физиотерапия, ЕДШ. Позициялық дренаж- немесе постуральдік дренаж- қақырық түсуін жеңілдететін дененің белгілі бір қалпында жату. Позициялық дренажды созылмалы бронхиттің іріңді түрінде, жөтел рефлексі әлсіреген және қақырығы өте қою науқастарға қолданады. Оны тәңертең және кешке немесе одан жиі жасайды. Позициялық дренажды жасар алдында бронходилятаторлар мен қақырық түсіргіш дәрмектерді ішкен жөн, содан кейін 20-30 минуттан кейін науқас қақырықтың өз салмағымен «ағып», рефлексогенді аймақтарға түсуіне септігін тигізетін дене қалпында жатады. Науқас әр дене қалпында алдымен ауаны мұрнымен тартып жабық ауызынан күштеп шығарып, 4-5 рет баяу терең дем алады және демді шығару кезінде 3-4 рет жөтеледі. Дренажды қан қақырғанда, пневмоторакста, процедура кезінде, ентікпе немесе бронхоспазм пайда болса жасамайды; ЭКГ түсіруге дайындау техникасы. Электрокардиогра́фия — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі. Электрокардиограф (грек. kardia - жүрек, grapho - жазамын) - адамның немесе жануарлардың жүрек қызметінде болатын электр құбылыстарын жазып алатын аспап. 3 шеттеме: Оң білек-сол білек Оң білек –сол балтыр Сол білек – сол балтыр Стандартты 3 тіркеме және кеуделік 12 тіркеме (Vilson) бар. |