Главная страница

пульмо. Пульмонология для интернов терапевтов по модулю на 20152016 у г. (каз) 360 вопросов


Скачать 468.5 Kb.
НазваниеПульмонология для интернов терапевтов по модулю на 20152016 у г. (каз) 360 вопросов
Дата01.11.2022
Размер468.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлапульмо.doc
ТипМонография
#765948
страница6 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Кеуде клеткасының өкпеден тыс аурулары (төс арты жемсауы, тимустың гиперплазиясы, ірінді ісік, невринома, плевра ісігі, средостения кистасы) туберкулемамен ажыратпалы диагностикасында аз мәліметті зерттеу:

@ соқыр пункциялық биопсия

@ ангиография

@ көп жазықтықты рентгенография

@ компьютерлік томография

@ бронхография

2 см және одан да жоғары мөлшері өкпенің шеткері ісігін жоққа шығаратын клинико- рентгенологиялық белгілері:

@ итенсивті біркелкі емес көлеңке, шеттері айқын дұрыс

@ үдемелі ентігу, кеудедегі ауырсыну

@ интенсивті біркелкі көлеңке, шеттері бұдырлы, онша айқын емес, өкпе түбіріне қарай жолдар көрінеді

@ жақын орналасқан аймақтарда ошақты өзгерістер болмайды

@ зақымдалған аймақта өкпе түбірі кеңейген, құрылымы бұзылған, шеттері кедір бұдыр

42 жастағы науқаста үнемі «қырнап», кеуде клеткасының аурысынуымен, қиын бөлінетін, сұрлау түсті қақырықпен болатын құрғақ жөтел, кейде қақырық иісі ашытқы иісіндей болады. Объективті: жағдайы ауыр. Өкпесінде құрғақ, ірі және орта көпіршікті ылғалды сырылдар. Рентгенограммада: айқын емес ұсақ дақтар, өкпенің төменгі бөлігінде үлкен емес бронхопневмониялық ошақтар және ателектаз, милиарлы қараюлар («қарлы дақылдар») байқалады. Осы клинико-рентгенологиялық көрініс келесі ауруға тән:

@ Кандидопневмонияға

@ Өкпенің кавернозды түбіркулезіне

@ Өкпе абсцессіне

@ Бронхоэктаздық ауруына

@ Пневмокониозға

65 жастағы науқас, көп темекі тартады, аралас ентігуге, ұстамалы қиын болінетін қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы иррадияциясыз, қысып, оттегі ингаляциясыдан кейін азаятын ауырсынуға шағымданады. Объективті: жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, өкпе сабауында 2-ші тонның акценті және ыдырауы. Комплексті терапияда барынша тиімді топ препараттары:

@ кальций каналдарынң антогонистері

@ бета2 адреноблокаторлар

@ жүрек гликозидтері

@ диуретиктер

@ ААФ ингибиторлары

35 жастағы науқас әйел күндізгі ұақытта күніне 10-12 рет дейінгі тұншығу ұстамасына, түнде 6-8 ретке дейін болатынына шағымданып түсті. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельдігі 35%. Болжам диагноз:

@ Бронх демікпесі ауыр дәрежесі

@ Трахеобронхиальды дискинезия

@ Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы ауыр дәрежесі

@ Сол қарынша жетіспеушілігі

@ Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

Бөлімшеге 41 жасар, слесарь болып жұмыс істейтін науқас түсті. Жиі таңертен болатын аз мөлшерлі шырышты іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтел 4 жылдан бері мазалайды. Бір жыл бұрын өкпесі қабынған. 20 жасынан бастап күніне 20-25 дана темекі тартады. Патологиялық процестің сипаты және орналасуы:

@ өкпенің созылмалы қабыну процессі

@ плевраның зақымдалуы

@ өкпенің немесе бронхтардың іріңді қабынуы

@ альвеолармен шектелген қабынуы

@ альвеоланың және бронхтың қабынуы

35 жастағы ер науқас ентігуге, кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ауырсыну тыныс алғанда күшейюіне, көп мөлшерлі сары түсті қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде: 1,5 ай бұрын жедел пневмониямен ауырған. Объективті: дене температурасы 38 С, кеуде клеткасының оң жағы тыныс алуда қалыңқы. Перкуторлы: оң жақта өкпелік дыбыс қысқарған. Аускультацияда: оң жақта –бронхиальды тыныс, әр түрлі калибрлі сырылдар. Қанда: эритроциттер 3,8 млн., лейкоциттер 9,2 мың., ЭТЖ 29мм/сағ. Ренгенде: оң өкпеде интенсивті қараю аясында үлкен емес 2 см қуыс горизонтальды деңгейде анықталады. Осы клинико-рентгенологиялық көрсеткіштер келесі патологиялық жағдайға тән:

@ Оң өкпенің абсцессіне

@ Плевра эмпиемасына

@ Пневмонияға

@ Бронхоэктаздық ауруына

@ Өкпе гангренасына

55 жастағы ер адам периодты түрдегі тұншығу ұстамасына, айқын ентікпеге, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстама аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарауда: «дабыл таяқшалары», «сағат әйнегі» симптомдары оң, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда: өкпелік дыбыс қораптық сипатпен. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. Болжам диагнозыңыз:

@ Өкпе эмфиземасы

@ Пневмония

@ Пневмоторакс

@ Жедел бронхит

@ Созылмалы бронхит

Ошақты пневмониямен сырқаттанған 45 жастағы науқаста 9-шы тәулікте қан аралас іріңді қақырық пайда болды, сол жақтан жауырын бұрышы төменгі бөлігінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, дене қызуы 39-40С дейін жоғарылады. Рентгенологиялық көріністе деструкциялық аймақпен қараю анықталды. Науқаста қандай асқыну дамыған?

@ Өкпе абсцессы

@ Плевра эмпиемасы

@ Құрғақ плеврит

@ Бронхоэктаздар

@ Ошақты туберкулез

Өкпе абсцесімен ауыратын науқаста, қатты жөтелгеннен кейін бірден оң жақта кеуде клеткасының ауырсынуы және ентігуі пайда болды. Қарағанда: тыныс алуы кезінде кеуде клеткасының сол бөлігі қалыңқы, қабырға аралық ісінулер байқалады; перкуссияда - тимпанит. Науқаста дамыған асқыну:

@ пневмоторакс

@ ателектаз

@ өкпе инфарктісі

@ өкпе эмфиземасы

@ экссудативті плеврит

Стафилакоккты этиологиялы абсцесті пневмониясы бар науқасқа клиникалық хаттамаға сәйкес қорғалған амминопенициллиндердің әсері болмаса, келесі антибиотикті тиімді тағайындау:

@ ванкомицинді

@ амикацинді

@ цефтриаксонды

@ азитромицинді

@ триметопримді

38 жастағы ер адам ауыр екі жақтық пневмониямен ауырады. 4-ші тәулігінде кеуде клеткасында «қысылуы» пайда болды. Цианоз, ентігу, интоксикациялық синдромдары күшее түсті. Дене қызуы 40С-қа дейін жоғарлады. Перкуссияда өкпенің төменгі бөлігінде күрт тұйықталу байқалды, аускультацияда сол жерде тыныс естілмейді. ТАЖ 1 минутта 36 рет. Дем алу актісінде қосымша бұлшықеттер қатысады. Өкпенің рентгенографиясында: синустар анықталмайды, 6-шы қабырғаға дейінгі екі жақтық өкпелердің гомогенді көлеңкеленуі анықталады. Оптимальді терапияляқ әдіс болып табылады:

@ плевральді пункция

@ оксигенотерапия жүргізу

@ ақуыз дәрілік заттарын тамыр ішіне енгізу

@ бронходилататорларды тамыр ішіне енгізу

@ глюкокортикоидтарды тамыр ішіне енгізу

35 жастағы әйел айына 4- 5 рет болатын тұңшығу ұстамасына шағымданады. 1 сек. форсирленген тыныс шығарудың көлемі <70%. Осы науқасты ұзақ уақыт емдеудегі негізін құрайды:

@ ингаляционды кортикостероидтар

@ қысқа әсерлі ингаляционды симпатомиметиктер

@ ұзақ әсерлі ингаляционды симпатомиметиктер

@ пероральді кортикостероидтар

@ Н1 рецепторларының гистамин блокаторлары

25 жастағы белсенді түрде спортпен шұғылданатын ер кісі келесі шағымдармен келді: тренировка соңында ұстама тәрізді жөтел және етігу пайда болып ал тыныштық жағдайда жойылады. Диагнозды нақтылау үшін ақпараттық зерттеу әдіс:

@ физикалық күштемемен сынама

@ пневмотахометрия

@ бронхоскопия

@ сальбутамолмен сынама

@ провокациялық ингаляционды сынама

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі өкпелік гипертензияның жетекші патогенетикалық механизмі:

@ рефректорлы өкпелік вазоконстрикция

@ гиперглобулинемия

@ артериялардың механикалық бітелуі

@ артериялды гипоксемия

@ гиперкоагуляция

ӨСОА мен ұзақ ауыратын науқаста кенеттен оң жақ кеуде торындағы ауру сезімі, қайталанатын қан түкіру пайда болған. Анализде: полицитемия, D-димердың деңгейінің жоғарлауы. Тез арада келесі препаратты тағайындау қажет:

@ антикоагулянттар, тромболитиктерді

@ тромболитиктер, антибиотиктерді

@ кальций антагонистер, нитраттарды

@ антиагреганттар, ангиопротекторларды

@ ангиопротекторлар, гемостатиктерді

Тиффно индексі бұл –

@ 1 сек. ФТШК/ ӨТС х 100%

@ ТМК/ӨТС х 100%

@ ӨТС /ФӨТС х 100%

@ ӨТС/ТМК х 100%

@ 1 сек. ФТШК х ТМК х 100%

32 жастағы науқастың өкпе рентгенографиясында экссудативті плеврит анықталды. Плевра сұйықтығының анализінде: экссудацияның хилезді сипаты анықталды. Осы нәтиже келесі сырқатқа тән:

@ лимфогранулематоз

@ өкпе саркоидоз

@ созылмалы белсенді гепатит

@ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

@ өкпе туберкулез

Созылмалы ауыр сырқатпен ұзақ уақыт емделіп жатқан науқаста, айқын ентікпе пайда болды. Кеуде клеткасының рентгенографиясында: фиброз ошақтары анықталды. Осы клинико – рентгенологиялық өзгерістерге алып келген дәрілік зат:

@ миелосанмен

@ стрептомицинмен

@ хлорбутилмен

@ винкристинмен

@ меркаптопуринмен

Науқас 32 жаста ЖИТС (СПИД) бақылауда тұрады. Вирусты инфекцияны басынан өткізген соң пневмония дамыды. Осы науқастың қақырығында анықталуы мүмкін қоздырғыш:

@ пневмоциста

@ пневмококк

@ клебсиелла

@ микоплазма

@ ішек таяқшасы

Экссудативты плевриты бар науқаста плевральды сүйықтықтын талдауы жасалды: мөлдір сұйықтықта аздаған мөлшерде белок, бірең-сараң лейкоциттер, эритроциттер анықталмады. Бұл плевральды сұйықтықтың цитологиялық суреті тән:

@ нефротикалық синдромға

@ периэзофагитке

@ өкпе туберкулезіне

@ өкпе инфарктіне

@ плевраның мезателиомасына

46 жастағы науқаста: тұншығу ұстамасы, аздаған мөлшерде шырышты қақырық пайда болды. Қақырық анализінде: көп мөлшерде эозинофильдер, Шарко Лейден кристалдары, Куршман спиральдары анықталған. Осы өзгерістер келесі ауруға тән:

@ бронх демікпесіне

@ созылмалы обструктивті бронхитке

@ өкпе рагіна

@ бронхоэктаздық ауруға

@ өкпе туберкулезіне

33 жастағы әйелде буындық синдромның аясында терісінде түйінді эритемалар пайда болып, жөтел, ентігу мазалаған. Рентгенограммада өкпеде “ұялы өкпе“ суреті анықталды. Бұл науқаста ауруды диагностикалау мақсатында ақпараттық сынама болып табылады:

@ Квейн

@ Кумбс

@ Касони

@ Пиньер

@ Брунс

35 жастағы науқасты 7-8 ай бойы әлсіздік, аздаған жөтел мазалаған, рентгенде екі өкпеде де дұрыс емес формалы көлеңкелер анықталған. Динамикада ішкі жыланкөздер пайда болған. Ойлауға болатын ауру:

@ актиномикоз

@ аспергиллез

@ криптококкоз

@ кандидоз

@ моноспоридиоз

Ер кісіде: оттегі ингаляциясы, бронхолитиктерден кейінгі азаятын ентігу, диффузды жылы көгерулер, эпигастриальдық пульсация; сол жақта екінші қабырға аралықта екінші тонның акценті; Грехем–Стилл симптомы; оң жақ қарынша қуысының ұлғаюы, қабырғасының қалыңдауы; ЭКГ да мүмкін болатын өзгерістер:

@ екі қарыншаның гипертрофиясы

@ сол қарыншаның гипертрофиясы

@ сол жүрекшенің гипертрофиясы

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы

@ оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы

36 жастағы науқаста өкпе рентгенінде плеврит анықталған. Плевральды сүйықтын анализінде: түсі сары-жасыл, консистенциясы қою, лейкоциттердің жинақталуы, белоктың көбеюі анықталды. Осындай плевральды сұйықтықтың цитологиялық көрінісі келесі ауруда кездесуі мүмкін:

@ стафилококты пневмонияда

@ буллезді өкпе пневмониясында

@ жүрек жетіспеушілігінің іркілісінде

@ бауыр цирозында

@ дерматомиозитте

28 жастағы науқас кеуде қуысының сол жағындағы дем алғанда күшейетін ауырсынуға, айқын интоксикация аясындағы жөтелге шағымданады. Сол жақ кеуде торшасы дем алу актісінде қалыңқы. Өкпе рентгенінде анық патологиялық процесс анықталмады. Патологиялық процестың орналасуы:

@ бөлік аралық

@ парамедиастеналды

@ диафрагмалды

@ паракостальды

@ өкпе түбірінде

68 жастағы ер кісі анамнезінде бронх-өкпелік инфекциямен жиі ауырады. Рентгенограммасында перифериялық қантамырлық сүретінің азаюы, ал түбірлік қантамырлардың анық кеңеюі; өкпе түбірі «қиылған» («обрубленность»); өкпе артериясының конусы, бағанасының ісінуі; жүректің оң жақ бөлігінің ұлғаюы анықталғаны келесі жағдайды айқындатады:

@ өкпелік гипертензияны

@ бронхтардың қабынуын

@ плевральды сұйықтықты

@ өкпедегі бронхоэктазды

@ өкпедегі іркілісті өзгерістерді

Ер кісі, көлік апаты жарақатынан 2 тәуліктен кейін ентігуге, құрғақ жөтелге, кеуде қуысында жағымсыз сезінуіне шағымданады. Объективті: дегбірсіз, отыруға талпынады. Диффузды көгерулер. ТАЖ 35 мин. Екі өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз перкуторлы дыбыс, крепитация естіледі. ЖСЖ 110 рет мин. АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. Тыныс жетіспеушілігіне алып келді:

@ респираторлы дистресс синдром

@ екі жақты гемоторакс

@ астматикалық статус

@ екі жақты пневмония

@ өкпе артериясының

Ер кісі медициналық манипуляциялардан кейін ентігу, дисфагия, жүрек аймағындағы шаншып ауырсыну, объективті мойын веналарының ісінуі пайда болды. Науқаста дамыған симптом:

@ парамедиастинальды плеврит

@ рефлюкс ауруы

@ жүрек жетіспеушілігі

@ эрозивті эзофагит

@ жүйелі склеродермия

32 жасар науқаста рентгенографияда плеврит анықталған. Плевральды сұйықтық анализінен келесі көріністер анықталды: серозды, сұйық консистенциялы, эритроциттер жиналуы, белок мөлшерінің жоғарылауы. Бұл цитологиялық сурет келесі жағдайға тән:

@ плевра мезотелиомасына

@ стафилококкты пневмонияға

@ буллезды өкпе эмфиземасына

@ іркілген жүрек жетіспеушілігіне

@ бауыр циррозына

Науқас 52 жаста, бронх демікпені емдеу мақсатында ұзақ уақыт аэрозоль түрінде күніне 2 рет серетид қолданады. Аэрозольды қолдану кезінде сақтау қажет ереже:

@ Ингаляциядан кейні ауыз қуысын сумен немесе сода ерітіндісімен шаю

@ Антибиотиктер қабылдау

@ Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік заттарды периодты түрде қабылдап тұру

@ Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа майлармен ауыз қуысын өңдеп тұру

@ Периодты түрде емді үзіп тұру

42 жастағы науқас соңғы 6 айда құрылыс алаңында жұмыс істейді және тұрады. Суықтағаннан кейін әлсіздік, құрғақ жөтел, ентігу мазалай бастаған. Қақырықта легионелла анықталған. Науқасты келесі клинико-лабораторлық симптомдар мазалауы мүмкін:

@ лимфоцитопения, бүйрек зақымдалуы

@ лейкоцитоз, гепатомегалия

@ ылғалды жөтел, эозинофилия

@ гипернатриемия, артралгия

@ гипернатриемия, гепатомегалия

36 жастағы ер адам, жөтелге, әлсіздікке, кешкі уақытта субфибрильді қызбаға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Өкпе рентгенографиясында: айқын емес өкпе инфильтрациясы. Ауыр клиникалық көріністер мен рентгеннегативті сүретінің сәйкессіздігінің себебі:

@ иммунды тапшылықты жағдай (ЖИТС)

@ ісіктің анықталуы

@ ағзаның жоғары реактивті жауабы

@ қант диабеті

@ жалпы жүдеу

5 ай бұрын миокард инфарктісімен ауырған 65 жастағы науқаста, ентігуі күшейіп, кеуде қуысындағы ауырсынусыз плевральді сұйықтық, қызу, анализдерінде өзгерістер анықталған. Клиникалық хаттама бойынша тиімді ем:

@ преднизолон

@ цефтриаксон

@ верошпирон

@ дигоксин

@ гепарин

44 жастағы науқастың өкпе рентгенографиясында: өкпе түбірінің кеңеюі, орта – төменгі бөліктерінде екі жақтық майда ошақтық диссеминация анықталды. Туберкулинді сынама теріс. Емінде клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді дәрілік топ:

@ глюкокортикостероидтар

@ антимикотикалық

@ бронходилататорлар

@ антибактериальды

@ цитостатикалық

35 жастағы науқаста қысқа әсерлі ингаляциялық бетта симпатомиметиктермен тез басылатын экспираторлы тұңшығу ұстамасы аптасына 1 рет болады. Ұстама кезінде өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, ұстама арлығында ФТШК1 80% қалыптыдан жоғары. Науқаста болу мүмкін:

@ интермиттирлеуші демікпе

@ ауыр персистирлеуші демікпе

@ жеңіл персистирлеуші демікпе

@ орта дәрежедегі персистерлеуші демікпе

@ бронх демікпесінің дәрежесін анықтау үшін өте аз ақпарат берілген

46 жастағы науқас, 30 жылдан бері бронхоэктаздық аурумен ауырады. Соңғы екі жылда ісінулер, қан қысымының жоғары сандарға дейін жоғарлауы, зәрде айқын протеинурия қосылған, бірақ әл-ауқаты нашарламаған. Бұл жағдайда клиникалық хаттамаға сәйкес қосымша препарат тағайындау қажет:

@ колхицин

@ курантил

@ фуросемид

@ эналаприл

@ преднизолон

55 жастағы науқаста тыныс алғанда оң жақ өкпенің қалуы, 3 қабырғадан төменгі аймақтарда өкпе дыбысының тұйықталуы, сол жерде тыныс алудың және бронхофониясының әлсіреуі анықталған. Рентгенде: жүректің солға ығысуы. Мүмкін болатын диагноз.

@ экссудативті плеврит

@ өкпе ателектазы

@ пневмоцирроз

@ пневмоторакс

@ крупозды пневмония

Науқаста кеуде клеткасының қозғалысы симметриялы, перкуссияда қорапты дыбыс, тыныс шығарудың ұзаруымен везикулярлы тыныстың әлсіреуі, бауыр тұйықтығы төменге ығысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

@ диффузды өкпе эмфиземасы

@ бронх демікпесі

@ өкпе фиброзы

@ гидропневмоторакс

@ лобулярлы пневмония (бөліктік)

Науқаста кеуде клеткасы қалыпты формада, көкірек аралық ығысулар жоқ, перкуссияда тұйық дыбыс, анық ылғалды сырылдар және анық крепитация. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

@ лобулярлы пневмония (бөліктік)
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта