@ пневмоторакс
@ эмфизема
@ бронхоэктаздар
@ өкпе фиброзы
Қант диабетімен ауыратын, пневмония бойынша ем алып жатқан 47 жастағы әйелде дене температурасының 39 С-қа дейін жоғарлауы, тершеңдік байқалады. ТАЖ 32 рет/мин, ЖЖЖ 108 рет/мин. Қан анализінде: лейкоциттер 18 мың, таяқша ядролы 14%, сегмент ядролы 52 %, лимфоциттер 34%, ЭТЖ 48 мм/сағ. Қаннан алтын стафилококк табылған. Эхокардиографиялық тексеруде қақпақшалар интакті. Ең тиімді ем болып табылады:
@ қосарланған антибактериальды терапия
@ глюкокортикостероидты терапия
@ цитостатикалық терапия
@ аз мөлшерлі оксигенотерапия
@ өкпені жасанды желдендіру
65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктін басынан өткізген. Ентікпенің күшейюіне шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ 65 мм/сағ. Рентгенде: плевральды сұйықтық анықталған. Пункция кезінде 500 мл сұйықтық шығарылды. 2 күннен кейін қайтадан плевра қуысына сұйықтық жиналған. Диагнозды нақтылау үшін ақпараттық зерттеу болып табылады:
@ экссудатты цитологиялық зерттеу
@ компьютерлік томография
@ трансбронхиальды пункция
@ онкологиялық маркерлерге тексеру
@ магнитті-резонансты томография
28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Болжам диагнозыңыз:
@ құрғақ плеврит
@ жедел пневмония
@ плевраның эмпиемасы
@ экссудативті плеврит
@ бронхоэктаздық ауру
Оң жақтық идиопатиялық плевритты бар 25 жастағы әйелде, экссудаттын жасуша құрамынының анализінде лимфоциттер жоғарлаған. Емінде ең тиімді тактика:
@ спецификалық туберкулезге қарсы терапияны тағайындау
@ екі антибиотикті бірге қолдану
@ кең спектрлі антибиотиктерді интраплевральды енгізу
@ кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді тағайындау
@ плевра қуысына дренаж қолдану
Декомпенсацияланған өкпе тектес жүрек, екіншілік эритроцитоз және тыныс жеткіліксіздігімен жүретін ӨСОА-мен ауыратын 62 жастағы ер адамда ұстамалы түрде кеуде қуысы аймағындағы ауырсыну пайда болды. Тексергенде: ТАЖ 18 рет/мин, ЖЖЖ 100 рет/мин, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Тыныс жетіспеушіліктің үдеуне алып келетін дәрі:
@ морфин
@ изокет
@ аналгин
@ баралгин
@ нитроглицерин
39 жастағы ер адам алкогольді көп мөлшерде қолданғаннан кейін 40 С-қа дейін қызба, кеуде қуысындағы ауырсыну, құсу мазалаған. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біркелкі тығыз массивті қараюы. Массивті антибактериальды терапияға қарамастан жағдайы нашарлаған, лейкопения дамыған, ЭТЖ 52 мм/сағ. Қақырық анализінде алтын стафилококк анықталды. 1 аптадан кейін рентгенде массивті қараюы, өкпенің тек жоғарғы бөлігінде емес және де ортаңғы бөлігінде де орналасқан және деструкция ошақтары анықталған. Мұндай жағдайда барынша тиімді емдік тактика:
@ лобэктомия жүргізу
@ левофлоксацин тамыр ішіне енгізу
@ плазмаферез курсын жүргізу
@ тиенам, метрагил тағайындау
@ цефтриаксон, нетромицин
46 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, субфебрилитетке, оң жақ кеуде қуысының сыздап ауырсынуына, көп мөлшерде жағымсыз иісті іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. ТАЖ 26 рет/мин. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс амфорикалық. Рентгенде: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталған. Клиникалық хаттамаға сәйкес мұндай жағдайда тиімді тактикаңыз:
@ моксифлоксацинді қуысқа енгізу
@ өкпенің бөлігін резекциялау
@ плазмаферез курсын жүргізу
@ левофлоксацинді инфузия
@ ампициллин иньекциясын жасау
74 жастағы әйел жедел қиындаған тыныс алуға шағымданады. Жүрек ауруымен, эмфмизема ауруымен ауырады. Түнде ентікпенің күшеюінен оянды, алқызыл түсті қақырықты жөтел пайда болған. Тексергенде: ТАЖ 36 рет/мин, АҚҚ 200/100 мм.с.б.б., пульсі 100 рет/мин, дене температурасы 38С. Екі өкпенің де төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің аускультация кезінде: тахикардия, «галоп» ырғағы естіледі. Рентген суретінде болуы ықтимал:
@ жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, альвеолярлы суреттің екі жақты күшеюі
@ екі жақты плевральды сұйықтық
@ көптеген ұсақ ошақтар «қарлы боран»
@ төменгі бөліктердегі екі жақты интенсивті инфильтраттар
@ сол жүрекше көлеңкесінің ұлғаюы, плевральды синустардағы сұйықтық
Өкпе ісінуі кезінде жиі кездесетін жөтелдің түрі:
@ сырыл тәрізді, көп көлемді алқызыл, көпіршікті қақырықпен
@ үзілісті, «үрген» тәрізді, ауыз толтыра қақырықпен
@ ұстама тәрізді, құрғақ, ауырсынумен
@ ауырсынумен, құрғақ, жылдам
@ сырыл тәрізді, дыбыссыз
42 жастағы әйел, 25 жылдан бері бронх демікпемен ауырады, тұншығу ұстамасын басу үшін және демікпені емдеу үшін тек ингаляциялық түрде сальбутамол қолданады. Соңғы уақытта тұншығу ұстамалары күнделікті байқалған, түнгі уақытта 2-3 ретке дейін жиілеген. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді емдеу:
@ қосымша беклазон эко жеңіл тыныс 250 мкг күніне 3 рет
@ қосымша антигистамин дәрілік заттарын қолдану
@ қосымша недокромил натрий 2 доза күніне 4 рет
@ қосымша теофиллин 300мг ішке күніне 2 рет қолдану
@ сальбутамол ингаляциясының жиілігін күніне 6 ретке дейін жоғарлату
Шылым шегетін, созылмалы жөтел мен ентігу 20 жыл аса мазалаған 46 жастағы науқаста айына 3-4 рет тұншығу ұстамасы пайда болған. Өкпе рентгенографиясында: бронхиальды сүретінің күшеюі, эмфизема анықталған. Ажыратпалы диагностиканы жүргізу үшін тиімді тағайындау:
@ спирографияны
@ торакоскопияны
@ диагностилық бронхоскопияны
@ кеуде клетканың рентгенографиясын
@ кеуде клетканың ағзаларының компьютерлік томографиясын
43 жастағы ауыл шаруашылығының жұмыскері айқын ентігуге, жөтелге шағымданады. Обьективті: цианоз, өкпенің диффузды эмфиземасының белгілері, крепитация естіледі. Тыныс алу функциясы рестриктивті типі бойынша бұзылған. Рентгенде: өкпенің төменгі, ортаңғы бөліктерінде орналасқан ұсақ-торлы фиброз белгілерімен диссиминирленген түйінді көлеңкелер анықталды. Төменде көрсетілген зерттеулерден тағайындаған жөн:
@ саңырауқұлақ антигендеріне преципитирлеуші антиденелерді анықтау
@ коагулограмма
@ қақырық цитологиясы
@ жалпы қан анализі
@ қақырықты қоректік ортаға егу, антибиотиктерге сезімталдығын анықтау
43 жастағы әйел дене температурасының 38,5˚С дейін жоғарлауына, тізе және шынтақ буындарының ауырсынуына, үдемелі ентікпеге шағымданады. Тексеру кезде түйінді эритема байқалған. Өкпе рентгенограммасында: екі жақтанда өкпелердің ашықтығы аясында түбір маңындағы лимфотүйіндер эллипс пішінді, ұлғайған. Саркоидоздың осындай формасында келесі терапияны тағайындау тиімді:
@ глюкокортикоидтық
@ дренаждық
@ муколитикалық
@ антибактериальдық
@ бронходилатирленген
35 жастағы әйел адамда буындық синдром, жөтел, ентігу, теріде гранулема. Гранулема анализінде келесі жасушалардың анықталу мүмкіндігі жоғары:
@ алып
@ кірпікшелі
@ бокал тәрізді
@ ксантомды
@ тозаңдық
43 жастағы әйел дене температурасының 38,5˚С дейін жоғарлауына, тізе және шынтақ буындарының ауырсынуына, үдемелі ентікпеге шағымданады. Тексеру кезде түйінді эритема байқалған. Өкпе рентгенограммасында: екі жақтанда өкпелердің ашықтығы аясында түбір маңындағы лимфотүйіндер эллипс пішінді, ұлғайған. Жүргізілген антибактериальді ем тиімсіз болды. Преднизолонды наұқас көтере алмайды. Клиниаклық хаттамаға сәйкес тиімді тағайындау:
@ метотрексатты
@ колхицинды
@ аллопуринолды
@ сумамедты
@ зовираксты
42 жастағы әйел жарты жылдан бері ентігуге, құрғақ жөтелге, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз, қозғалмалы. Аяқтарында көптеген ауырсынусыз тері астылық түйіндер, d=0,5-2см, өкпесінде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар; аздаған гепатоспленомегалия анықталады. Рентгенде өкпеде фиброзды өзгерістер. Лимфа түйіндерінің гистологиясында: казеозды некрозсыз фиброзды тін аймағында көптеген эпитилиойдты алып-клеткалы гранулемалық инфильтраттар анықталады және үлкен емес шеткері инфильтраттармен байланысқан көп ядролы алып жасушалар анықталады. Клиникалық хаттамаға сәйкес келесі препаратты емге қосу тиімді:
@ метилпреднизалонды 24 мг 1 ай бойы
@ гептралды 800 мг тамыр ішіне 10 күн
@ ванкомицинды 2 г тамыр ішіне 4 – 6 апта
@ левофлоксацинды 500 мг ішке 10 күн.
@ метотрексатты аптасына 10 мг ұзақ мерзім
28 жастағы әйел 1 ай көлемінде дене қызуының 38 С-қа дейін жоғарлауы, балтырларда тығыздалулар, ентігу мазалаған. Қарағанда: Полилимфаденит, балтырларда ортасы гиперемияланған ауырсынатын түйінді тығыздалулар. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Қан анализінде: лейкоциттер 4,0 мың, ЭТЖ 40мм/сағ. Манту сынамасы теріс. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі, бронхопульмональді, медиастенальді лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Өкпенің трансбронхиальді биопсиясында некроссыз эпитилеоидты гранулемалар анықталды. Тиімді емдеу тактикаңыз:
@ преднизолон, хлорохин
@ теофедрин, бромгексин
@ доксициклин, либексин
@ цефтриаксон, амбробене
@ оперативті ем, амоксиклав
33 жастағы әйел, тыныс алуда күшеетін кеуде клеткасының оң жақ бөлігіндегі ауырсынуға, жоғарғы қызбаға, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. 10 күн бұрын ауырған. Қарағанда: ТАЖ 26 рет минутына. Оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс қысқарған, тұйықталуға ауысумен, дауыс дірілі әлсіреген. Аускультацияда оң жақ жауырын асты аймағында тыныс естілмейді. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Қан анализінде: лейкоциттер 16,8 мың; эозинофилдар 4%, базофильдер 1 %, таяқшаядролы 13%, сегментядролы 43%, лимфоциттер. 39%, ЭТЖ 40 мм/сағ. Емін келесі тағайындаумен бастаған жөн:
@ плевра қуысының пункциясын және оны шаюмен
@ иммунореттеуші дәрілермен
@ терапияның эктракорпоральді әдістерімен
@ кең спекторлы 2 антибиотикті қосып тамыр ішілік енгізумен
@ плевра қуысына фибринолитиктерді инстилляциялаумен
27 жасар ер кісіні, бала кезінен үнемі жиі өршуімен жүретін өнімді жөтел мазалайды. Бронхографияда: бронхтардың сегменттері мен субсегменттерінде локальді, айқын шектелген кеңеюлер анықталды. Ангиопульмографияда: артериялар жұқа, ауалы кистозды қуыстарды айнала орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:
@ өкпенің кистозды гипоплазиясы
@ пневмосклероз
@ шектелген эндобронхит
@ диффузды эндобронхит
@ өкпенің қарапайым гипоплазиясы
Өңеш дивертикулымен ауыратын 47 жастағы ер кісіде, ұстамалы қан аралас қақырықты жөтел, шаршағыштық, терлегіштік пайда болған. Объективті: Кеуде клеткасының оң жақ төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, осы жерде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Рентген сүретінде контурлары анық емес диаметірі 3 см, интенсивтілігі аз, домалақ көлеңке анықталған. Қақырық анализінде: сәулелік саңырауқұлақтар өсуі анықталды. Ем жоспарында ең тиімді дәрілік зат:
@ актинолизат
@ низорал
@ вобэнзим
@ будесонид
@ амоксиклав
53 жастағы ер адамды кеуде клеткасының сол бөлігіндегі қозғалыста күшеетін ауырсыну, жөтел мазалайды. Объективті: дене қызуы 38 С. Сол өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады, аускультацияда везикулярлы тыныстың әлсіреуі, крепитация естіледі. Өкпенің рентгенологиялық көрінісінде: шекарасы айқын емес, өкпе түбіріне периваскулярлы тығыздалған жолмен дөңгелек көлеңке, маңында бөлікаралық плевраның тығыздалуы анықталады. Қақырық анализінде сәулелік саңырауқұлақтар өсуі анықталды. Тиімді болып келетін препарат:
@ клотримазол
@ офлоксацин
@ преднизолон
@ азитромицин
@ азатиоприн
Жедел лейкоз бойынша химиотерапия қабылдайтын, 34 жастағы әйелде кеуде қуысында ауырсыну, қан аралас жөтел, тыныштықтағы ентігу байқалды. Компьютерлік томаграфия зертеуінде: субплевральді орналасқан ұсақ, тамырлармен байланысқан, дөңгелек көлеңкелер, «Ореола» симптомы - зақымдалған ошақтың айналасында қан құйылулар байқалады. Asp. Fumigatus саңырауқұлағына антиген анықталды. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді тағайындау:
@ флуконазол
@ ацикловир
@ тобрамицин
@ фраксипарин
@ стрептокиназа
Компьютерлік томаграфия зерттеуінде «сылдырмақ» симптомы, Asp. Fumigatus галактоманнанға реакциясы оң. Бұл көрініс келесі ауруға тән:
@ Аспергилезге
@ Кандидозға
@ Аскаридозға
@ Зигомикозға
@ Актиномикозға
Ер адам жол апатынан жарақат алғанынан кейін 2 – ші тәулікте ентігуге, құрғақ жөтелге, кеуде қуысындағы жайсыздыққа шағымданады. Объективті: қозғыш, үнемі отырғысы келеді. Диффузды цианоз. ТАЖ 1 минутта 35 рет. Екі жақтан төменгі бөліктерде перкуторлы дыбыс әлсіреген, аускультацияда крепитация естіледі. ЖЖЖ 1 минутта 110 рет. АҚ 80/50 мм.с.б.б. Ең тиімді ем:
@ өкпені жасанды желдендіру
@ тромбэктомия
@ жедел торакоцентез
@ ұзақ небулизация
@ аз мөлшерлі оксигенотерапия
68 жастағы ер адам анамнезінде жиі бронх-өкпелік инфекциялармен ауырған. Рентгенде: шеткері тамырлық суреттің азаюынан, түбірлік тамырлардың айқын кеңеюі; өкпе түбірінің «шабылуы»; өкпе артериясының конусы және тармағының ісінуі; жүректің оң бөлімдерінің ұлғаюы анықталады. Осындай өзгерістер куәландырады:
@ созылмалы өкпе-тектес жүрек
@ созылмалы бронхит
@ түбірлік пневмония
@ бронхэктаздық ауру
@ өкпедегі іркілісті өзгерістер
Ер адамда: оттегі және бронхолитикпен инголяция қабылдағаннан кейін азаятын ентігуі, жылы диффузды цианозы, эпигастральді пульсациясы, сол жақта екінші қабырға аралықта екінші тонның акценті, Грехем – Стилл симптомы; оң жақ жүрекшенің қабырғасы қалыңдаған және қуысының кеңеюі бар; ортопноэ жоқ; Науқаста болу мүмкін диагноз:
@ Созылмалы өкпе-тектес жүрек
@ Өкпе эмфиземасы
@ Бронх демікпесі
@ Созылмалы бронхит
@ Дилатационды кардиомиопатия
Белсенді спортпен шұғылданатын 25 жастағы ер адам, жаттығу соңында пайда болатын, тыныштықта басылатын ұстамалы жөтелге, ентігуге шағымданады. Нақты мәлімет беретін зерттеу әдісі:
@ физикалық күштемелік сынама
@ бронхоскопия
@ пневмотахометрия
@ сальбутамолмен сынама
@ провокационды ингаляционды сынама
Муковисцидозбен ауыратын науқасқа қақырық себіндісінде: Pseudomonas aeroginosa қоздырғышы анықталған. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді антибактериалды дәрілік зат:
@ тобрамицин
@ линкомицин
@ ампициллин
@ метронидазол
@ экстенциллин
Хилезді экссудат келесі ауруға тән:
@ лимфогрануломатозға
@ өкпе саркоидозына
@ созылмалы активті гепатитке
@ өкпе артериясының тромбоэмболиясына
@ туберкулезге
ЖИТС (СПИД) ауыратын науқастарда қақырық себіндісінен табылады:
@ пневмоциста
@ клебсиелла
@ пневмококк
@ микоплазма
@ ішек таяқшасы
Дауыс дірілінің әлсіреуі келесі жағдайда кездеседі:
@ гидроторакста
@ пневмонияда
@ өкпе ателектазында
@ өкпе инфарктісінде
@ өкпе ісігінде
Көкірек аралық саркоидоз барысында лимфатүйін зақымдалуын анықтайтын ең тиімді тәсіл:
@ лимфатүйін биоптатын гистологиялық зерттеу
@ торакоскопия жасау
@ өкпені радиоизотоптық сканерлеу
@ кеуде клеткасының томографиясы
@ сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу
Клиниаклық хаттамаға сәйкес патогенді анықтағанға дейінгі ауруханадан тыс пневмонияның эффетивті антибактериальды емінде тағайындау тиімді:
@ ровамицинді
@ бисептолды
@ тетрациклинді
@ гентамицинді
@ цефотаксимді
Қант диабетімен ауыратын, пневмония бойынша ем алып жатқан 47 жастағы әйелде дене температурасының 39 С-қа дейін жоғарлауы, тершеңдік байқалады. ТАЖ 32 рет/мин, ЖЖЖ 108 рет/мин. Қан анализінде: лейкоциттер 18 мың, таяқша ядролы 14%, сегмент ядролы 52 %, лимфоциттер 34%, ЭТЖ 48 мм/сағ. Қаннан алтын стафилококк табылған. Эхокардиографиялық тексеруде қақпақшалар интакті. Науқаста дамыған асқыну:
@ Сепсис
@ Жұқпалы эндокардит
@ Жедел жүрек жеткіліксіздігі
@ Жедел тыныс жеткіліксіздігі
@ Жедел респираторлық дистресс синдромы
Стационарда бөліктік пневмония бойынша ем алып жатқан 42 жастағы науқаста аурудың 7-ші күні оң жақта жауырының бұрышынан төмен тыныс естілмейді Науқаста дамыған асқыну:
@ экссудативты плеврит
@ құрғақ плеврит
@ плевра эмпиемасы
@ бауырасты абсцессі
@ спонтанный пневмоторакс
Т. деген 65 жастағы науқаста, 3 жыл бұрын миокард инфарктысын өткерген. Үдеген ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ 65 мм/сағ. Рентгенде: плевралды сұйықтық анықталған. Плевралды пункция кезінде 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра құысында сұйықтық қайта жиналуы байқалады. Диагнозды нақтылау үшін ақпаратты әдіс:
@ экссудаттың цитологиялық зерттеуі
@ трансбронхиалды пункция
@ онкомаркерларға зерттеу
@ магнитты резонансты томография
@ компьютерлі томография
25 жасар әйелде оң жақ идиопатикалық плевритпен ауратын. Экссудаттын талдауында жасуша құрамында лимфоциттер басым. Келесі тактиканы қолданған дұрыс:
|