ST-сегментінің көлденең депрессиясы
Кеуде тіркемелеріндегі Т-тісшесінің инверциясы
331.Миокард инфарктінің ауырсынусыз ағымы, ишемия ауруына қоса мына аурумен ауырғанда кездеседі:
Аорта сағасының тарылуы
Жыбыр аритмиясының тұрақты түрінде
Гипертониялық ауру
Қант диабеті
ІІІ дәрежелі семіздік
332.Жедел миокард инфаркті кезінде ангинозды статусты басатын таңдаулы препарат
Дроперидол
Морфин
Анальгин, димедролмен қосып тағайындау
Азот тотығы
Нитроглицерин
333.Жедел миокард инфарктінде кардиогенді шоктың жиі себебін ата:
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Жүректің гемотампонадасы
Миокардтың көлемді некрозы
Оң қарынша инфаркті
Қарыншааралық перденің жыртылуы
334.Науқастың дене қалпына байланысты кеуде қуысындағы ауырсыну қай ауруға көбірек тән
Митральді қақпақшаның пролапсы
Аортаның ажырамалы аневризмасы
Миокард инфаркті
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Жедел перикардит
335.Кенеттен пайда болған ентігу фонында дамыған кеуде қуысындағы ауырсыну төмендегі аурулардың ішінде қайсысына тән
Жедел перикардит
Көк еттің өңеш тесігінің жарығы
Аортаның ажырамалы аневризмасы
Миокард инфаркті
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
336.Көрсетілген аурулардың қайсысында ауырсынуды сезіну жүрек ұшы аймағына көбірек сәйкес келеді
Нейроциркуляторлы дистонияда
Рефлюкс-эзофагитте
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Жедел перикардитте
Спонтанды стенокардияда
337.60 жастағы науқасты іштегі ауырсыну, дискомфорт сезімі, «таңқурай желесі» түріндегі нәжіс мазалайды. Қан ас қорыту түтігінің қай деңгейінен кетіп жатыр
Асқазаннан
Бәрі дұрыс емес
Тоқ ішектен
Тік ішектен
Ащы ішектік
338.Бауыры ауыратын науқастың жүрек айну, қанды құсыққа шағымданып, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Анамнезінен: көп жылдар бауыр циррозымен емделеді. Объективті: тері жабындылары сарғыш, бауыры пальпация кезінде тығыз, ауырсынады, кіндік маңы көктамырлары кеңейген. Сіздің ауруханаға дейінгі тактикаңыз
Гемодинамиканы қалыптастыру
Зонд көмегімен қанның ағу көзін анықтау
Мүмкін болатын асқынудың алдын алу
Гемостатиктер салып, қанды тоқтату
Зонд көмегімен уақытша қанды тоқтату
339.Кенет есінен танып, эпилепсия түріндегі тырыспалар пайда болған 60 жасар науқасқа жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қарағанда: науқас есінде, жүрек тұсы ауырсынуына, әлсіздік пен бас ауруына шағымданады, еріксіз кіші дәретін жіберіп қойған. Анамнезінде: ЖИA. Инфарктан кейінгі кардиосклероз диагнозы, ЭКГ-да II дәрежелі АV-блокадасы, Мобитц II. Электрокардиостимуляция дайын болғанға дейін науқасқа енгізіледі
Бұлшық етке клофелин
Көктамырға верапамил
Көктамырға фуросемид
Көктамырға атенолол
Көктамырға алупент
340.Жағымсыз иісті көп мөлшерде қан қақыру ұстамасы тән:
пневмония
бронх демікпесі
созылмалы бронхит
өкпе іріңдігі
бронхоэктазия
341.Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында коникотомия жасалынады
Сақина тәрізді шеміршекті көлденен кесу
Сақина тәрізді шеміршекті бойымен кесу
Кеңірдектің 1 сақинасымен сақина тәрізді шеміршектің арасын кесу
Кеңірдектің 1 және 2 сақиналарын көлденең кесу
Сақина тәрізді және қалқанша тәрізді шеміршектің тіндерін көлденең кесу
342.Науқас сол жақ қабырға тұсына қатты соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарағанда: терісі бозарған, тахикардия және гипотония анықталады, перкуторлы қарабауры ұлғайған, пальпацияда ішінің сол жақ аумағы ауырсынады, іш пердесінің тітіркену симптомы теріс. Науқаста болуы мүмкін:
Бауырдың жаншылуы
Көкбауырдың капсуласының жыртылуы
Іш қуысы қабырғасының жаншылуы
Көлдеңен тоқ ішектің жыртылуы
Сол бүйректің жаншылуы
343.Тұзды суға батқанда қан анализіндегі өзгерістер
Гиперкалиемия
Гиперволемия
Эритроциттердің гемолизі
Гиповолемия
Гипонатремия
344.Тұзды суға шынайы батқанда дамиды
Өкпе капиллярларынан қанның сұйық бөлігі альвеолаға өтіп, көпіршіктің түзілуі
Қарыншалардың фибрилляциясы
Жүректің рефлекторлы тоқтауы
Рефлекторлы ларингоспазм
Гиперволемия және гемолиз
345.Реноваскулярлы гипертензияның жиі себебі
бүйрек артериясының фиброваскулярлы дисплазиясы
нефроптоз
бүйрек артериясының тромбозы және эмболиясы
Такаясу ауруы
бүйрек артериясының атеросклерозы
346.Қандай ауруда симптомдық эритроцитоз артериальды гипертензиямен анықталмайды:
бүйрек артериясының стенозы
феохромоцитома
Кушинг синдромы
аорта коарктациясы
бүйрек ісігі
347.Басталған кардиогенді өкпе шеменінде мына диуретиктердің қайсысын қолданған тиімді:
Верошпирон
Мочевина
Маннитол
Фуросемид
Гипотиазид
348.Жаралы колиттың дистальді формасына тән
фебрильді дене қызуы
тәулігіне 8-12 рет іштің өтуі
іш қату
үлкен дәретін ұстай алмау
нәжістегі қан
349.Өкпенің гематогенді абцессіне тән емес белгі
Көп мөлшерде және екіжақты орналасуы
Орталықта орналасуы
Өкпенің төменгі бөлігінде орналасуы
периферияда орналасуы
сепсисте дамиды
350.Өкпенің көптік абсцессі бар науқаста өкпе ісіну белгілері анықталады-цианоз, ентігудің үдеуі,көп мөлшердегі қақырықпен жөтел, өкпенің барлық бетінен ылғалды сырылдар. Абсцесстің қандай асқынуын ойлауға болады
Пневмоторакс
Пульмогенді сепсис
Респираторлы-дистресс синдромы
Пневмония
Бактериальді шок
351.Өкпе абсцессі бар науқаста антибиотикотерапияның бастауында кенеттен әлсіздік және мұздай тер пайда болды. АҚ-70/30 мм.рт.ст. ЖСС 120 мин.Қандай асқыну болуы мүмкін?
Пневмоторакс
бактериальді токсикалық шок
Пульмоногенді сепсис
қан кету
Респираторлы-дистресс синдромы
352.Өкпе іріңдігі бар науқаста жөтелгенде кеуденің оң жағында кенеттен ауырсыну пайда болады, ентігудің үдеуі, мұздай тер,кеуденің оң жағында қорап тәрізді дыбыс. Абсцесстің қандай асқынуы туралы ойлауға болады.
Пневмоторакс
Респираторлы-дистресс синдромы
Бактериемиялық шок
сол өкпені зақымдануы
Кеуде торының флегмонасы
353.Конн синдромындағы гипертензияның дамуы байланысты мынамен:
Альдостерон секрециясының жоғарылауына байланысты натрийдің ішкіжасушалық қабырғалық жиналуы
АДГ-нің секрециясының жоғарылауы
Рениннің секрециясының жоғарылауы
Гипокалиемия
Кортизолдың секрециясының жоғарылауы
354.18 жастағы науқаста артериальді гипертензия анықталды (АҚ қолдарында 180/120 мм сн бн., аяғында 120/80 мм сн бн.)
Сіздің болжам диагнозыңыз.
Аорта коарктациясы
Артериальді гипертензия
Реноваскулярлы гипертония
Феохромоцитома
Конн синдромы
356.Феохромоцитоманың гипертониялық кризіне тән емес:
Лоқсу мен құсу
Гипергликемия
Дененің дірілі
Лейкоцитоз
Гипокалиемия
357.Пароксизмальді гипертензияның, қандағы қант деңгейінің жоғарылауына ілесуі тән:
Феохромоцитома
Кушинг синдромы
Вазоренальді гипертония
Аорта коарктациясы
Біріншілік гиперальдестеронизм
358.Тыныс жетіспеушілігі деп:
газдық құрамның толық жетілмегеніне байланысты, компенсаторлық механизмнің күшеюі
оттегінің перифериялық тіндерге жеткіліксіз тасымалдануы
созылмалы альвеолярлық гипоксияға ілесетін жағдай
жедел альвеолярлық гипоксияға ілесетін жағдай
тыныс алу көлемінің төмендеуі
359.Өкпелік гипертензияның дамуында мағынасы жоқ фактор
гиперкапния
өкпе тамырларының зақымдануы
жүректің сол жақ камераларында қысымның жоғарылауы
Пикквик синдромы
тыныс жетіспеушілігі
360.Декомпенсацияланған өкпе текті жүрекпен синусты ритмі бар науқасқа қолдануға болмайтын тәсіл:
АПФ ингибиторлары
жүрек гликозидтері
теофиллин туындылары небулайзермен
диуретиктер
Оксигенотерапия
361.Жедел өкпе текті жүректің дамуының негізгі себебі
Спонтанды пневмотрокс
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
диабет
пневмония
бронх демікпесінің ұстамасы
362.Крон ауруында тағайындалмайды
Сульфаниламидтер
Н2 – гистамин блокаторлары
диета
Метронидазол
Қабынуға қарсы дәрілер
363.30 жастағы науқаста соңғы 2-3 айда оң жақ мықын аймағында,тізе буындарында ауырсыну пайда болды, диарея, қызба. Дене салмағының азаюы, балтыр бұлшық-етінің терісінде-түйінді эритема. Сіздің диагнозыңыз
ішектің туберкулезы
саркоидоз
созылмалы энтерит
Крон ауруы
Дизентерия
364.Нейроциркуляторлы дистониямен науқаста физикалық күштеме сынамасында анықталады :
РQ интервалының ұзаруы
ST сегментінің элевациясы
қарыншалық экстрасистолияның пайда болуы
ST сегментінің депрессиясы
Т тісшесінің теріс реверсиясы
365.Нейроциркуляторлы дистонияның ЭКГ-сіне тән емес белгі:
Суправентрикулярлы экстрасистолия
Оң жақ кеуде тіркемелерінде оң мәнді Т тісшесі
тыныспен байланысты синусты аритмия
ауырсыну нитроглицеринмен басылады
V1тіркемесінде R/S 1,0-ден төмен
366.Нейроциркуляторлы дистонияда жүрек тұсындағы ауырсынуға тән
нитроглицеринмен тез басылады
физикалық күштемеде пайда болуы
ауырсынудың төмен таралуы
ұзақ уақыт шаншып ауырсыну
ұстама кезінде ST сегментінің қайталамалы депрессиясы
367.Артериальді гипертонияның емінде β-адреноблокаторлар қолданылады мына аурулар үйлескенде
қант диабеті
рейно синдромы
Эндоартерит
ЖИА
бронхты астма
368.Каптоприлды тағайындаудың негізгі қарсы көрсеткіші
қанда креатининнің жоғарылауы
бүйрек артериясының екі жақты стенозы
АҚ-ның орташа жоғарылауы
бүйрек артериясының бір жақты стенозы
плазмада рениннің төмен мөлшері
369.Артериальді гипертонияның емінде бірінші қатардағы препарат болып саналады
α адренорецепторлардың орталық агонистері
ААФ ингибиторлары
β-адреноблокаторлары
Диуретиктер
Кальций антогонистері
370.Жедел өкпе текті жүрекке тән
астмалық статус
оң қарыншаның миокард инфарктісі
крупозды пневмония
ӨАТЭ массивті формасы
үлкендердегі респираторлы дистресс-синдромы
371.Басталып келе жатқан өкпенің кардиогенді шеменінде қандай диуретик қолданылады
маннитол
фуросемид
верошпирон
мочевина
гипотиазид
372.Жедел медициналық жәрдемнің санитарлық көлігінің арнайы құралына кірмейді
ларингоскоп
дефебриллятор
элeктpoкapдиoгpaф
электр сорғыш
рeнгeнoгpaф
373.Жедел жәрдем бекетінің жұмысына сәйкес келмейді
жоспарлы емдеуді орындау
әйелдердің көшеде немесе көлікте босануында
қайғылы жағдайда
созылмалы аурулардың өршуінде
өмірге қауіп төнген жағдайда
374.Шынайы кардиогенді шок кезіндегі таңдаулы препарат болып табылады:
Норадреналин
Дигоксин
Адреналин
Допамин
Мезатон
375.Төменде көрсетілгендердің қайсысы Принцметал стенокардиясына қатысты?
Көптеген науқастарда коронар артерияларының транзиторлы спазмы байқалады
Қолайлы болжам
Көбінесе ұстама кезінде қарыншалық аритмия байқалады
Ұстама кезіндегі депрессия
Пропранололдың изолирленген тағайындауы қарсы көрсетіледі
376.Науқас қою түсті құсыққа, әлсіздікке, бас айналуға, көз алдындағы қараюға шағымданады. Анамнезінде: Асқазан жара ауруы. 2-3 сағат ішінде өзін-өзі сезінуі нашарлаған. Объективті: тері жабындылары боз, суық. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі, АҚҚ-90/60 мм.с.б.б. Пульсі минутына 110 рет. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатысады, ауырсынусыз. Тік ішекті саусақпен тексеру кезінде қара май тәріздес нәжіс анықталды. Сіздің тактикаңыз?
гемостатиктерді қолдану
антикоагулянттарды енгізу
хирургиялық бөлімшеге шұғыл жеткізу
қан мен зәрді талдау үшін стационарға жеткізу
жедел гастроэнтерология бөлімшесіне жеткізу
377.42 жасар науқас кафеден қуырылған тауық еті, шоколадпен кофемен түстенген. 1,5-2 сағаттан соң науқас өзін нашар сезініп, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну, іш өтуге шағымданып, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Бұл жағдайды қандай микроорганизм тудыруы мүмкін?
Staphilococcus aureus
Salmonella typhimurium
Eschechia coli
Proteus mirabilis
Streptococcus faecalis
378.Науқас күшті бас ауруы, әлсіздікке шағымданады. Қарау кезінде: склераның инъекциясы анықталады. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Гепатоспленомегалия байқалады. Тіл ақ жабындымен жабылған. Бадамшалар ұлғайған, беті ақшыл нүкте және аралшық тәрізді жабындымен жабылған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
Орташа ауырлықтағы парагриппозды инфекция
Орташа ауырлықтағы микоплазмалық инфекция
Аденовирустық инфекция, орташа ауырлықтағы
Риновирустық инфекция орта ауырлықтағы
Орташа ауырлықтағы реовирустық инфекция
379.Ашық пневмоторакс кезінде алғашқы көмек:
таза таңғышты салу
окклюзиялық таңғышты салу
қан құю
кеуде қуысын тесу
жараны өңдеу
380.Науқас A, 50 жаста, жұмысында болған стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. Төс артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды, ол күні бойы сақталып тұрды. Кешке науқас жедел жәрдем бригадасын шақыртты. ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде патологиялық Q сермесі, R сермесі жоғалып кеткен, ST сегменті 6 мм жоғары көтерілген.Науқасқа қандай дәрі-дәрмек қолданасыз?
Изокет
Метапролол
Гeпapин
Викасол
Моносан
381.Бұдан 2 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған 42 жастағы науқаста физикалық күштеме кезінде кенет жүрегі қағып, тынысы тарылған. Шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігері түсірген ЭКГ-да қарынша үстілік пароксизмалды тахикардия тіркелді. Ұстаманы тоқтату үшін көктамырға қандай препарат енгізеді?
Мекситил
Атропин
Bepaпaмил
Дибазол
Лидокаин
382.60 жастағы науқас кенеттен есінен айырылған, эпилепсиялық талмалар басталған науқасқа қарау кезінде жедел жәрдем шақырған: науқас санасы анық, жүрегінің ауыруына, әлсіздігіне, еріксіз зәр шығарылуына шағымданады. Сыртартқысында: ЖИА. Инфарктіден кейінгі кардиосклероз. ЭКГ-да: II дәрежелі ФМ-блокада, ІІ Мобитц. Электрокардиостимуляция басталғанға дейін пациентке енгізіледі:
к/е aлyпeнт
б/е клoфeлин
к/е aтeнoлoл
к/е вepaпaмил
к/е фypoceмид
383.Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру мақсатында коникотомия жасалынады:
сақина тәрізді және қалқанша тәрізді шеміршектің тіндерін көлденең кесу
сақиналы шеміршектің ұзына бойы қимасы
сақиналы шеміршектің көлденең қимасы
бойлық тілік 1 және 2 сақиналар трахея
1 кеңірдектің сақинасы мен қалқанша шеміршек арасындағы тілік
384.Балаларда асқазанды жуу кезінде сумен улану қаупі жоғары, сондықтан асқазандағы қалдық су қаншадан артық болмауы тиіс:
50-200мл
150-200мл
400-500мл
100-150мл
200-300мл
385.Қарыншалар фибрилляция кезінде жасалынады
к/е Aмиoдapoн
к/е лидoкaин
электрлі дефибрилляция
жүректің жабық массажы
к/е Kaлий xлopид, кaльций xлopид, aтpoпин
386.Тері асты эмфизема:
плевра қуысындағы ауа, кері шығады
тері астылық май қабатына ауаның жиналуы
буындарда ауа
іш қуысындағы ауа
плевра қуысындағы ауа, кері шықпайды
387.Ашық пневмоторакс:
іш қуысындағы ауа
плевра қуысының сыртқы ортамен қатынасының болуы
плевра қуысындағы ауа, кері шықпайды, ауа көлемі артады
тері асты май талшықтарындағы ауа
буындардағы ауа
388.Клапанды пневмоторакс:
іш қуысындағы ауа
тері асты май талшықтарындағы ауа
буындардағы ауа
ауа плевра қуысына енеді, кері шықпайды,ауа көлемі ұлғаяды
плевра қуысының қоршаған ортамен қатынасы
389.Өкпеден қан кетудің клиникалық белгілері:
қақырықта қара қан және тамақ қалдықтары
қан қоспасы бар құсу
қақырық қара түсті
қара қан
ұйымаған көпіршікті қан
390.Қан тоқтату кезіндегі жгут салу ұзақтығы:
жазда 1 сағат, қыста 2 сағат
|