Главная страница

800 шт на каз (копия). Шок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі


Скачать 241.44 Kb.
НазваниеШок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі
Дата17.02.2022
Размер241.44 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла800 шт на каз (копия).docx
ТипДокументы
#365765
страница17 из 19
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Эпидермис мөлшеріндегі іріңді қабыну//

+шашты фолликулдың көп бөлігінің немесе толығымен іріңді қабынуы//

Шашты фолликул және маңайындағы перифолликулярлы тіндердің іріңді – некрозды қабынуы

***

Науқас И., 23 жаста, жанұялық дәрігерге 3 күн бұрын ерінінің шетінде ашып, сұққылап ауыратын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Осындай бөртпелер жылына 2-3 рет қайталанады. Объективті: еріннің бұрышындағы теріде қызарған ісінген аймақта, диаметрі 3 мм болатын, мөлдір емес, ұсақ қуысты, топталған элементтер көрінеді. Диагноз қойыңыз//

Қарапайым көпіршікті теміреткі, ісінген түрі//

Қарапайым көпіршікті теміреткі, абортивті түрі//

Қарапайым көпіршікті, зостериформді түрі//

+Қарапайым көпіршікті , рецидивтеуші түрі//

Қарапайым көпіршікті, ауыспалы түрі

***

27 жастағы семіздікпен зардап шегетін, науқас жанұялық дәрігерге келді. Мойын аймағындағы ауырсынатын, тығыз заттың пайда болуына және дене қызуының 37,5ºС көтерілуіне шағымданады. Қарап – тексерген кезде: мойынның артқы бетінде, теріде қою – қызыл түсті, диаметрі 2 см, ортасында пустуласы бар, ісікті – инфильтративті түйін анықталды. Осы жағдайда хирургиялық ем тағайындауға бола ма? Неге//

Иә, себебі, семіздік кезінде тұрақты түрде хирургиялық ем тағайындалады//

Жоқ, себебі, семіздік кезінде хирургиялық ем тағайындауға болмайды//

Иә, себебі, осы дерматоз түрінде хирургиялық ем жасалады//

Жоқ, себебі осы дерматоз түрінде хирургиялық ем қарсы көрсеткіш болып табылады//

+Жоқ, себебі, түйін өздігінен ашылуы мүмкін

***

Жедел басталу, 8 апта бойы толқын тәрізді қызба,қалтырау, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, оң жақ аталық безінің ісінуі мен ауырсынуы. Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлы зерттеу жүргізіледі//

Қанды стерильдікке зерттегендегі оң нәтиже//

Жағынды және жуан тамшы//

+Райт және Хеддельсон реакциялары//

Видаль реакциясы және РПГА//

Қараңғы алаңда микроскопия

***

Шағымы: бел тұсындағы, тізе және балтыр табан буындарының ауырсынуға.Эпиданамнез 10 жыл бойы шабан болып жұмыс істейді. Обьективті: t 36,5°C. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дисталды гипергидроз, микрополиаденит. Буындары өзгермеген, қозғалысы сақталған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Науқасқа адекватты ем тағайындаңыз//

стрептомицин+дезинтоксикациялық терапия//

доксициклин+қабынуға қарсы препараттар(СҚҚЕ)//

+қабынуға қарсы препараттар + десенсибилизациялық терапия + бейспецификалық иммуномодуляторлық терапия//

дезинтоксикациялық терапия+физиоем//

десенсибилизациялық терапия+физиоем

***

Науқас дәрігерге шағыммен келді: iшiнiң сол жақ мықын аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, жиiлiгi тәулiгiне 10 рет сұйық нәжiс, аз мөлшөрде, жалқақ араласқан., әлсiздiк, дене қызуын көтерiлуiне шағымданып түстi. Қырыққабаттан салат жегеннен кейін жедел ауырған. Обьективтi: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,2°С. Терiсi өзгермеген, тургоры сақталған. Жүрек тоны айқын, ритмi дұрыс. Пульсы минтуына 76 рет. АҚҚ-110/ мм.с.б.б. Тiлi құрғақтау, iшi өзгермеген, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, “сигма” тәрiздi iшек тығыздалған, ауырсынады.Нәжiсi аз сұйық, жалқақ және қан араласқан. Өзiнiздiң болжамалы диагнозыңызды көрсетiңiз//

+жедел дизентерия, типтік түрі, орташа ауырлықта//

жедел дизентерияның типтік түрі, жеңіл ауырлықта//

жедел дизентерияның атиптік түрі, орташа ауырлықта//

жедел дизентерияның атиптік түрі, жеңіл ауырлықта//

жедел дизентерияның атиптік түрі, ауыр ауырлықта

***

Науқас К., 30 жаста, сырқатының 7-ші күні дене температурасының көтерілуіне, басының ауырсынуына, қалтырауға, тершеңдікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті.Жедел ауырған, дене температурасы 38,0°С –ке көтерілген және тершеңдік, басы ауырған, әлсіздік болған. Екі күн сайын қалтырау, температураның көтерілуі және тершеңдік ұстамалары қайталанып отыр.Үш апта бұрын Африкадан іс сапарынан келген. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт сарғыш түсті, бауыр мен көк бауыр әжептәуір үлкейген.Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс 86 рет мин. Қай ауруларында осындай клиникалық-эпидемиологиялық белгілер кездеседі//

Лептоспироз//

Вирусный гепатит А, , сарғайған түрі//

Псевдотуберкулез, гепатит//

+Безгек үш күндік//

Ішек иерсиниозы, гепатит

***

Келесi клиникалық белгiлер жинағы: жедел басталуы, қалыптағы температурада, тәулiгiне 7-10 рет көп мөлшерде, жиi, сулы, iшiнде ешқандай ауырсынусыз iш өту, нәжiсi сұйық, патологиялық қоспаларсыз, жүрек айнусыз пайда болатын құсық қай ауруға тән//

+Холера, сусызданудың 1-ші деңгейі//

Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік форма, орташа ауру дәрежесі//

Сальмонеллез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі//

Псевдотуберкулез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі//

Астоксикаинфекция, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі

***

Ауруханаға 32 жастағы науқас сырқатының 5-ші күнінде жоғары температураға, бастың ауруына, әлсіздікке, оң жақ шап аймағының ісініп, қатты ауырсынуына шағымданып түсті. Сырқаты жедел дене температурасының 39°С-ке қалтыраумен көтерілгенінен басталған, басы ауырған, әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендеген. Одан кейін оң жақ шап аймағында қатты ауырсыну сезініп, 1 күннен кейін ісіну пайда болды. 3 күн бұрын аңға барып, суырларды ұстаған. Жағдайы ауыры. Дене қызуы 39,5С. Айтқан сөзі түсініксіз, науқас адам оң аяғын бүгіп шалқасынан жатыр. Оң жақ шап аймағында диаметрі 5-8 см-ге дейін үлкейген лимфа түйіндер анықталады, пальпация кезінде қозғалыссыз, үстіндегі терісі жылтыр, қызғылт түсті. Жоғарыда көрсетілген клиникалық және эпидемиологиялық көріністер комплексі қай ауруға тән//

Туляремия, бубонды түрі//

Инфекциялық мононуклеоз//

+Оба, бубонды түрі//

Лимфогранулематоз//

Аденовирусты инфекция

***

Науқаста (нашақорда), бір ай бойы субфебрильді температура, қайталанған құсу, дене температурасы 39,5°С, ішінің бар жері ауырсынып, сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжістің болуы қалай диагностикаланады//

Жедел бруцеллез//

Іш сүзегі//

Безгек//

+АИТВ – инфекция//

Амебиаз

***

Жүрек айнудан, қайта-қайта құсудан, 39,5°С-ке дейін температураның көтерілуінен, іш аймағының жалпы ауырсынуынан, жиі, көп мөлшердегі, жасыл түсті, патологиялық қоспаларсыз сасық иісті нәжістен жедел басталатын симптомдар жинағы сальмонеллездің қай түріне тән//

+сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтеритикалық вариант, орташа ағымда//

сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтероколитикалық вариант, орташа ағымда//

сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастритикалық вариант, орташа ағымда//

сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтеритикалық вариант, ауыр ағымда//

сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтероколитикалық вариант, ауыр ағымда

***

Жатақханада тұратын, ВГА-мен ауыратын қатынаста болған науқаста 14 күннен кейін әлсіздік, немқұрайлық, жүрек айну, құсу, эпигастрии және оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынулар пайда болды. Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. t-36,5°С. Склералары аздап сарғайған. Тілі жабындымен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ пальпаторлы эпигастрии және оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 2см төмен пальпациялағанда. Зәрі қою түсті. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз//

+Науқасты госпитализациялау//

Шұғыл хабарлама жіберу+амбулаторлы ем//

Лабораторлы тексеруге бағыттау//

Жатақхананың изоляторында изоляциялау//

Динамикада бақылау.

***

Жоғары температура аздаған интоксикация белгілері түрінде, катаральді көріністер фаринготонзиллит, конъюктивит түріндегі катаральді белгілер, микрополиаденит, гепатолиенальді синдромы симптомокомплектері мынаған тән//

Энтеровирусты инфекция//

Инфекционды мононуклеоз//

Дифтерия//

Менингококкты инфекция, назофарингит//

+Аденовирусты инфекция

***

Науқас Д, 35 жаста, ауруының 2-ші күнінде келесі шағымдармен дәрігерге келді: дене қызуы жоғарылауы, қалтырау, бұлшықет ауырсынуы, жүрек айну, құсу, ұйқысы нашар, сол жақ аяғындағы керіп ауырсыну. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. t-38,4°С. Сол жақ аяқтың төменгі үштен бір бөлігінде шеті айқын біркелкі емес шеті бар, «өрт тілі» тәрізді ашық гиперемия бар. Пальпацияда ауырсынады, бетінде геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Көпіршіктер жарылған жерлерде қара қотырлар көрінеді. Диагнозды көрсетініз//

тілме, эритематозды формасы//

тілме, эритематозды-буллезді формасы//

тілме, буллезді-геморрагиялық форма//

+тілме, эритематозды-геморрагиялық формасы//

қайталанған тілме, эритематозды формасы

***

5 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы қалыпты,букіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс, Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші: белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша. Сіздің диагнозыңыз//

қарапайым герпес,энцефалитпен асқынған//

+желшешек, энцефалитпен асқынған//

қызамық,энцефалитпен асқынған//

бас ми ісігі//

қызылша, энцефалитпен асқынған

***

7 жастағы бала ЖДТ дәрігеріне дене қызуы 39°С тамағында ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда терісі қызарған, құрғақ, табиғи қатпарларында, қолдың бүккіш бөлігінде, санының ішкі жақтарында ұсақ нүктелі бөртпелер бар. Ауыз –жұтқыншақта - айқын қызару, бадамша без лакуналарындажасыл түсті, іріңді бөлініс болған, жеңіл алынады. Жалпы қан сараптамсында: эритроциттер - 3,6×1012/л, Нв-120 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-12,5×109/л, э - 1%, т-6%, с-76%, л-13%, м-4%, ЭТЖ-22 мм/с. Сіздің диагнозыңыз//

қызамық, атипті түрі//

+жәншау, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі//

желшешек, орташа ауыр дәрежелі, жедел ағымда//

энтеровирусты инфекция,экзантема, орташа ауыр дәрежелі//

кызамық, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі

***

Дәрігер 5 жастағы баланы қабылдады, анамнезінде - жедел ауырған, дене қызуы 38°С дейін көтерілген, әлсіздік, жұтынғанда тамағының ауырсынуы. Эпидемиологиялық анамнез: әкесі бір апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ауызжұтқыншақты қарау кезінде- бадамша бездерінде және доғашықтарда сұр түсті жабын, шпателмен қиын алынады. Бадамша бездері ісінген. Өкпе және жүрек жағынан- патологиясыз. Сіздің диагнозыңыз//

ауызжұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//

ауызжұтқыншақ күл ауруы, токсикалық түрі I дәрежелі//

+ауызжұтқыншақ күл ауруы, жайылған түрі//

ауызжұтқыншақ күл ауруы, субтоксикалық түрі//

ауызжұтқыншақ күл ауруы, II дәрежелі токсикалық түрі

***

Бала 6 жаста, дене қызуының 38,5°С жоғарылауымен, жөтелмен, мұрыннан көп мөлшерде шырышты бөліністің болуымен, жас ағуымен жедел ауырған. Конъюнктивасы қызарған, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: беті ісіңкіреген, ауыз шырыштысында ақшыл түсті, жіңішке зоналы қызарумен қоршалған өте ұсақ папулалар көрінеді. Диагноз//

аденовирусты инфекция//

желшешек//

қызамық//

+қызылша//

қарапайым герпес

***

Ауруханада «Фолликулярлы баспа» диагнозымен емделіп жатқан 3 жастағы балада сырқатының үшінші күні дене қызуы 37,6°С – ға қайталап көтерілді. Ауыз жұтқыншағын қараған кезде: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездерде беті тегіс, сұр түсті, қиын алынатын, шпательмен езілмейтін жабын байқалды. Сіздің диагнозыңыз//

жұқпалы мононуклеоз, типті түрі//

ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жайылмалы түрі//

+ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//

жұқпалы мононуклеоз, атипті түрі//

аран күл ауруы, субтоксикалық түрі

***

Вирусты гепатитпен сырқат науқаста ауруының 30 – шы тәулігінде сарғаю сақталып тұр, ахолия, тері қышуы пайда болған. Жалпы жағдайы онша бұзылмаған. Зертханалық тексеруде: тура фракция есебінен гипербилирубинемия, сілтілі фосфотаза белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ мөлшенің аздап жоғарылауы анықталады. Науқаста вирусты гепатитттің осындай түрдегі нұсқасының даму себебі қандай//

Вирус пен гепатоциттер әсерлесуден пайда болған бос радикалдардан//

Метиониналмасу бұзылуынан қанда метилмеркаптан жинақталуы//

+Өттің бауыр ішілік өт шығару жолдарына жиалып қалуы //

Бауыр паренхимасы мен ретикулоэндотелилердің зақымдалуы//

Кезбе нервтің тонусы жоғарылау салдарынан өт жолдарының иннервациясы бұзылуы

***

5 жастағы балада үш күн бойы қызба 39,9°С – қа дейін, жұтыну кезінде тамағында ауырсыну бар, ауыз жұтқыншақта бадамша бездері болдыр, екінші дәрежеде ұлғайған, ақ түсті жабын бар. Ауыз –жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге жағынды тексеру нәтижесінде токсигенді BL таяқшасы анықталды. Сіздің диагнозыңыз//

катаральды баспа//

іріңді баспа және токсигенді BL таяқшасының тасымалдаушысы//

+ауыз-жұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//

лакунарлы баспа//

жұқпалы мононуклеоз

***

Науқас, 4 жаста, бірнеше сағат бұрын, дене қызуы 40°С-ке жоғарылаған, қайталап құсу, жедел басының ауырсынуымен жедел ауырған. Эпид.анамнезде: анасында катаральды белгілері бар. Обьективті: дене қызуы 39,9°С, жүрек тоны тұйықталған. Аранында - шырышы қызарған, жұтқыншақ артқы қабырғасы түйіршіктенген. Желке бұлшық еті тартылуы - 3 к/с, Керниг- белгісі оң. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ-45 мм/сағ; Л-22×109 г/л, т-9; сег-70; м-5; л-10. Сіздің болжам диагнозыңыз//

Менингококкты инфекция, назофарингит, орташа ауыр дәрежелі//

Менингококкты инфекция, менингит, орташа ауыр дәрежелі//

+Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі//

Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі, энцефалитпен асқынған//

Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі, ИТШ – пен асқынған

***

Бала наркоманиядан зардап шегетін анадан туылған. Туғаннан кейін зерттеліп келесі нәтижелер алынған: HCV-IgG, РНҚ HCV, АлаТ -1,5 мккат/л, жалпы билирубин - 18,5 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз//

Вирусты гепатит С, инаппарантты түрі//

+Вирусты гепатит С, сарғаюсыз түрі//

Вирусты гепатит С, типті түрі//

Вирусты гепатит С, өшіріңкі түрі//

Вирусты гепатит С, субклиникалық түрі

***

Бала 7 жаста, сырқаты жоғары температурамен 38,5°С, шамалы катаральды белгілерімен және бөртпе шығуымен жедел басталған. Объективті: қолдың жазғыш беткейінде және кеудесінде ұсақ нүктелі бөртпе көрінеді, мойын артқы және шүйде лимфа түйіндері ұлғайған, ауызжұтқыншақ шырыштысы қызарған, жұмсақ таңдайында энантема. Өкпе және жүрек жағынан өзгеріс жоқ. Диагноз//

жәншау//

қызылша//

+қызамық//

энтеровирусты инфекция//

желшешек

***

1 жастағы бала, салмағы 10 кг. Диагноз: Тұмау, типті, ауыр токсикалық түрі, нейротоксикоз ІІ дәрежесімен асқынған. Осы балаға 15 % маннит ерітіндісін тағайындаңыз//

150 мл

20 мл

200 мл

+70 мл

220 мл

***

Созылмалы вирусты гепатит «В» диагнозымен науқаста бауырды УДЗ зерттеуінде анықталды: бауыры үлкеймеген, паренхимасы біркелкі, эхогенділігі төмен, бауыр қақпасы тамырлары кеңеймеген. Қанның биохимиялық анализінде АлАТ -0,52 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз//

Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі төмен, фиброз жоқ//

Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі шамалы, шамалы фиброз//

+Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі минималді, фиброз жоқ//

Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі жоғары, айқын фиброз//

Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі төмен, айқын емес фиброз

***

Науқас К., 52 жаста. Тексеру мерзіміндегі психикалық статусы: Өзінің жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі жоғары, жайбарақат, көңілді. Мимикасы жылдам өзгеріп тұрады. Бет әлпеті көңілді. Көзінен күлкі ұшырайды. Әңгіменің тақырыбынан жылдам ауысады. Бір сөзін аяқтамай, екіншісіне жылдам көшеді. Басқалардың әңгімесіне килігіп, ескертулер жасайды. Дауысы қарлығыңқы, эмоционалды, қатты. Қимылдары жөнсіз, тақпақ оқуға, ән айтуға, би билеп беруге ықыласпен келіседі. Өзін “өмірде артистпін” деп санайды. Өзінің жас, дарынды, күш-жігерге толы екеніне сендірмек болады. Медбикелерге өзіне күйеуге шығуды ұсынады. Өзіне ескерту жасаса, ашуланады. Айналасындағылармен қақтығыстарға жиі кіреді, алайда ашуланғаны көңілді күйге жылдам ауысады. Өзінің ахуалына сыни қарамайды. Жорамалды диагноз, емдеу//

МДП, депрессивті фаза//

Нейросифилис//

Бас миының маңдай бөлігінің абсцесі//

Деменциямен психоорганикалық синдром//

+Маниакалды-депрессивті психоз, маниакалды фазасы. Аминазин, галоперидол, литий тұздары

***

Науқас Т, 33 жаста, Ауруханаға түскен кезде: белдің, сегізкөздің ауруына, сол жақ санның сыртқы және артқы жағымен иррадиациялауына, қозғалыстың шектелуіне шағымдалады. Анамнезінен: Кеше ауырлықты көтергеннен кейін, ауырғаны пайда болды, кейіннен ауырғаны сол аяқтын артына берілді. Бұрын да белінің ауырғаны байқалатын. N.status: Денесінің алдыға еңкейуі, аз мөлшерде артқа енкейуі шектеулі. Ласег симптомы сол жақтан 30 о оң жақтан 80 о. Рефлекстері сақталған. Сол аяғында бас бармағының кері бүгілуі әлсіреген. МРТ- да : омыртқа аралық денгеде бір зат жұлын каналына шығып тұрғаны байқалады. Клиникалық диагноз қойыныз//
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


написать администратору сайта