800 шт на каз (копия). Шок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі
Скачать 241.44 Kb.
|
+бел остеохондрозы, L4-L5 диск жарығы, L5 түйіршік синдромы// бел остеохондрозы, L5-S1 диск жарығы, S1 түйіршік синдромы// бел остеохондрозы, люмбоишалгия// бел остеохондрозы, L3-L4 диск жарығы, L4 түйіршік синдромы// бел остеохондрозы, дискогендік миелопатия *** Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелескен кезде былай дейді: “Мен ұдайы өз өмірім үшін қорыққан халдемін. Бір жағынан, мен өзіммен ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, бірақ сонда да менің кез келген қимылым өз денсаулығыма жаман әсер етеуі мүмкін деп қорқамын. Көшеде келе жатқан уақытта, әлдебір заттарды, діңгектерді, үйлерді, машиналарды еріксіз санай бастаймын. Дұрыс санадым деп ойласам, біраз уақытқа тынышталамын. Егер әлдебір себептен есептен жаңылып қалсам, алдымда жаманшылық күтетін секілді қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста өте қиын. Әлдебір тапсырманы біткеннен кейін барлығын дұрыс істедім бе деп шүбәлана бастаймын. Егер бір жері жақсы жасалмады деп ойласам, бірден әлсіздік, жүрек соғысы, діріл пайда болады. Енді ештеңені өзгерте не қайта жасай алмайтынымды, сондықтан оның бәрі немен тынатынын күту ғана қалғанын сеземін. Мен ұдайы екіұшты халдемін: жұмыс істеуге, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге тиіс екенімді білемін, бірақ өз денсаулығым үшін шыдамайтын қорқыныш сезімінің кесірінен іске кірісе алмаймын”. Жорамалды диагноз// Неврастения// +Жабысқақ жағдайлар неврозы// Истериялық невроз// Кардионевроз// Логоневроз *** Науқас., 50 жаста, бетінің он жағында қатты ауыратын ұстамаларға шағынады. Ауырғаны өткір, күйдіретін мінезді, ұзақтығы 10-15 секунд. Ауырғаны сөйлегенде, шәйнағанда, жұтқанда пайда болады және сол уақытта мимикалық бұлшық еттерінің спазмы болып беті қызарады. Ұстамадан тыс уақытта оңжақтағы инфраорбиталды нүкте ауырып, үстінгі жағында гиперстезия сақталады. Науқасқа қандай ем қажет, және неге// антибиотиктер,өйткені қабыну бар// антиоксиданттар, өйткені ишемия бар// антиконвульсанттар, өйткені эпиұстама болуы мүнкін// +антиконвульсанттар, өйткені невропатиялық аырулар бар// спазмолитиктер, өйткені патогенезінде спазм бар *** 54 жастағы ер адам бас ауырсынумен, бірнеше рет құсумен және аяқ астынан түсте физикалық күштемеден кейін пайда болған сол жақ аяқтың әлсәзденуімен стационарға келіп түсті. Ақырғы бес жыл ішінде кезекті АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ көтерілуі болып тұрады, қалыпты көрсеткіші АҚҚ 150/90 мм.сын.бағ. Зерттеу кезінде: есі анық, АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ., пульс -60 рет мин, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус: мойын бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг симптомы екі жақтан, сол жақ мимикалық бұлшық еттердің төменгі бөлімінің парезі, тілдің шығарғанда сол жақ девиациясы, сол жақ қолдың күші төмендеген 2 балға дейін, сол жақ аяқ 4 балл, сіңірдік рефлекстері жоғары және Бабинский симптомы сол жақтан. ЭхоЭГ – ортаңғы құрылымның оң жақтан солға қарай ығысуы 4мм. Қосымша зерттеу және болжам қорытынды// КТ гиподенсивті ошақты анықтаумен// КТ ми паренхимасында гиперденсивті ошақты анықтаумен// C) КТ гиподенсивті ошақты анықтаумен және субарахноидальды қан құюлулар белгілері// +КТ гиперденсивті ошақты анықтаумен және и субарахноидальды қан құюлулар белгілері// КТ гиперденсивті ошақты анықтаумен *** Науқас П., 48 жаста. Қайтадан түсіп отыр. Ауруханаға келіп түсерден бірнеше күн бұрын жекленіп, тұйықталып, оңаша қалуға тырысқан. “Енді не болады?” деп бірсарынды сұрақ қоя берген. Ол кезде әйеліне тесіліп қараған. Ауруханаға жатқызардың алдында, түнде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен түйремек болған. Дәрігермен әңгімелескен уақытта “көрші үйден арнайы табыстағыштың көмегімен жасыл радиотолқындар сәулеленетінін” айтқан. Әйелдердің, еркектердің, балалардың дауыстарын естиді. Дауыстардың айтқанына қарап олардың жансыздар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажет екені туралы айтқан. Әйелінің де осы ұйымға кіретінін естіген. Дауыстардың бұйрығы бойынша әйелі оған тамаққа, сүтке у қосып берді деп санайды. Өзінің әйеліне тап бергенін “қылмыскерлердің бандасын” құртуға ниетімен түсіндіреді. Жорамалды диагноз, емдеу// Кататониялык шизофрения// Кеш шизофрения// Сылбыр ағымды шизофрения// +Параноидтық шизофрения. Нейролептиктер, корректорлар// Фебрильды шизофрения *** Науқас., 20 жаста, қол аяғының әлсіздігіне, алақан, білезік және табанында ұйыптұрғанына шағымданады, жүрген кезде тәлтіректейді. Екі жұма бұрын грипп тәрізді жағдай болғанын айты. Қарағанда: Бұлшық еттер тонусы төмен, карпорадиалды және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Бұлшық ет күші алақан және табанында 2,0 баллға азайған. "Шұлық және қолғап" тәрізді сезімталдығының барлық түрі жоғалған, қол аяғының терісінің түсі өзгерген. Қандай диагностикалық тәсіл тағайындау керек, неге// электромиография, өйткені бұлшық еттердің біріншілік зақымдалуын көрсетеді// миелография, өйткені кеуде көлемінде блок көрсетеді// +люмбалдық пункцияны, өйткені жасуша –ақуыздық диссоциация диссоциацияны көрсетеді// компьюторлік томографияны, өйткені мидың төбе бөлімінің зақымдалуын көрсетеді// люмбалдық пункцияны, жасуша –ақуыздық диссоциациясы *** 42 жастағы адам таңертеңгілік басы ауырып, лоқсықпен жалғасатынына шағымданып клиникаға келді. Оң қолының саусақтарынан басталып бүкіл қолына тарап, оң жақ бетіне дейін оқтын-оқтын ұйыйтынын айтты. Үш күн бұрын осыған ұқсас жағдай сіңірлері тартылумен аяқталды, соңынан бір сағаттай уақыт оң қолға әлсіздік, сөйлесу қиыншылық туғызды. Бұл жағдай басталғанына үш айға жуық болған. Бұл адам орталық өкпесіндегі рак ауыруымен онкология диспансерінің тізімінде тұр. Жүйкелік статуста тексеруде: анизорефлекция D>S, оң жағында Бабинский симптомы, оң қолында жеңіл гипестезия, білезіктерде көбірек. ОАК: Hb г/л, Эр. 3,0×1012/л, Л.5,0×109/л, СОЭ 50мм/сағ// Ауруға қандай аспаптық зерттеу істеу қажет және неге// Бұзылу деңгейін анықтау үшін, жұлынға МРТ жасау керек// +Өзгеріс ошағын жайылуын анықтау үшін, МРТ жасау керек// Кесік дәрежесін анықтау үшін, ЭМГ жасау керек// Қояншық ауыруының беленділігін анықтау үшін, миға ЭхоЭГ жасау керек// Жұлындагы өзгерістерді анықтау үшін, КТ жасау керек *** Науқас П,. 56 жаста, тракторист, мойынының, мезгілінде сол қолына иррадиациалайтын аурулардың пайда болғанына шағым айтады. Анамнезінен: Мойынының ауырғанына 3 жыл болды, 3 ай бұрын ауырғаны күшейе түсті: сол қолына иррадиациалайтын болған, басын қозғалтқанда катты ауырды. Қарағанда: C2-C7 омыртқа бұқақтары өсінділерінің ауыруы, карпорадиальный рефлекс төмен, сол иығының сырқы жағымен жолақ тәрізді гипоестезия, білезіктің шынтақ шетіне, V -ші саусаққа дейін. Клиникалық диагноз қойыныз// +мойын остеохондрозы, C8 түйіршік синдромы// мойын остеохондрозы, C6 түйіршік синдромы// мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық етінің синдромы// мойын остеохондрозы, иық-жауырын периартрозы// мойын остеохондрозы, алдынғы баспалдақ бұлшық етінің синдромы *** Науқас Е,. 35 жаста, шағымдары бас ауырсынуы, оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю. Үш жылдан бері аурады, жол апатынан кейін нейрохирургиялық бөлімде емделген, содан бастап оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю.тексергенде есі анық, қарашықтары OD=OS, көз алмасының қозғалуы толық. Бұлшық ет тонусы оң жақ қол аяғында жоғары. Рефлекстері қолдарынан D>S, аяқтарында D>S, табан және тізеде клонустары бар оң жақтан. Бабинский рефлекс оң жақта. оң жақ қол аяғында күші 3 баллға дейін төмен. Менингиальды белгілер жоқ. Гемигипестезия оң жақта. Клиникалық диагноз// Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық терең парапарез. Гипертензионды синдром// Посттравматикалық миелопатия, оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез// Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық терең гемипарез// Посттравматикалық миелопатия, төменгі спастикалық терең парапарез// +Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез *** Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың қанына тән// +Лимфопения// Лимфоцитоз// Лимфоциттердің қалыпты саны// Лимфоциттердің көлемін және түрінің өзгеруі// Пролимфоциттердің пайда болуы *** Бала 6 жас. 6 ай бұрын туберкулезден қайтыс болған атасымен қатынаста болған. Сол иығында БЦЖ тыртығы 2 мм. Манту сынамасы– папула 15 мм. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың., эозинофилдер – 6, лимфоциттер - 16, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында: оң түбірінің көлемі ұлғайған, құрылымды емес, түбір көлеңкесінің интенсивтілігі жоғарылаған, полициклды. Сіздің диагнозыңыз// Өкпенің ошақты туберкулезі// Біріншілік туберкулездік қосынды// +Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі// Өкпенің инфильтративті туберкулезі// Туберкулезді плеврит *** Науқас 48 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Тершеңдікке, дене қызуының 37,7°С дейін жоғарылауына шағымданады. Қанда ЭТЖ – 22 мм/сағ, лейкоциты – 11,0 тыс.. Справа над лопаткой выслушиваются единичные хрипы. Рентгенограммада: жоғарғы бөлігінің проекциясында гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ табылды. Сіздің диагнозыңыз// Өкпенің ошақты туберкулезі// +Өкпенің инфильтративті туберкулезі// Өкпенің диссеминирленген туберкулезі// Өкпенің кавернозды туберкулезі// Туберкулезді плеврит *** Науқас 30 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Әлсіздікке, дене салмағының жоғалтуына, қақырықпен жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады. Физикальды: бронхиальды тыныс, ылғалды сырылдар. Қан анализінде: лейкоциттер – 12,0 мың, лимфоциттер - 11, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Рентгенограммада: екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөлігінде 5-10 мм аз және орташа интенсивтілікті көптеген ошақтар. Сіздің диагнозыңыз// Жедел диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС// +Жеделдеу диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС// Очаговый туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 2 категория ДОТС// Ыдырау сатысындағы жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС// Ошақты туберкулез, лимфогематогенді диссеминациясымен асқынған, 1 категория ДОТС *** Науқас 53 жас. Жас кезінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен ауырған. Жалпы әлсіздікке, жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуіне, жүдеуіне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына шағымданады. Өкпеде тыныс әлсізденген, аздаған орташа сырылдар. Рентгенограммасында: өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде полиморфты ошақтар, төменгі бөліктерде өкпе суреті жеңілденген, түбірлер үстіге қарай ауысқан. Сіздің диагнозыңыз// Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС// Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС// Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС// Өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС// +Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС *** Өкпе туберкулезімен ауыратын науқас арнайы химиялық дәрілермен ем алғаннан кейін 1 айдан соң көру қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Берілген жағдайда қай дәрінің жағымсыз әсері болып табылады// Изониазид// Пиразинамид// Рифампицин// Стрептомицин// +Этамбутол *** Бала 10 жас. Манту сынамасы – папула 13 мм. Кешке дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына, түнгі тершеңдікке, жөтелге шағымданады. Рентгенограммада: оң өкпенің S1 бөлігінде өкпе түбірімен байланысқан гомогенді емес қараю, оң түбірінің көлемі ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз// +Біріншілік туберкулездік қосынды// Өкпенің ошақты туберкулезі// Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі// Өкпенің инфильтративті туберкулезі// Туберкулездік плеврит *** Жасөспірім 16 жас. Профилактикалық қаралу кезінде флюорогроаммасында өзгерістер анықталды. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Соңғы жылы жиі суық тиюмен ауырады. Манту сынамасы – папула 17 мм. Қан анализі қалыпты. Рентгенограммада: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің S1-S2 проекциясында ошақты көлеңкелер тобы анықталды, сыртқы котурлары айқын емес, түбірлер өзгермеген. Сіздің диагнозыңыз// Өкпенің инфильтративті туберкулезі// Біріншілік туберкулездік қосынды// +Өкпеніі ошақты туберкулезі// Өкпе туберкулемасы// Туберкулезді плеврит *** Науқас 39 жас. Өкпе туберкулезіне байланысты ем алып жатыр. 1 категориямен химиотерапияны алғаннан 4 айдан соң қақырық анализінде бактерия шағарушылық сақталады; изониазидке, стрептомицинге, этамбутолға дәрілік төзімділік; рентгенограммада – сол жақтан жоғарғы бөлігінде контурлары айқын сақина тәрізді көлеңке. Сіздің диагнозыңыз// Ыдырау сатысындағы сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Полирезистенттілің. 1 категория ДОТС// Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Мультирезистенттілік. 2 категория ДОТС// Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Мультирезистенттілік. 4 категория ДОТС// Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі. Полирезистенттілік. 4 категория ДОТС// +Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Полирезистенттілік. 2 категория ДОТС *** Науқас 44 жас. Оң жақтағы пневмонияға байланысты 10 күннен бері терапевтикалық емханада ем алып жатыр. Кең спектрлі антибиотиктармен емі бойынша жақсаруы жоқ. Рентгенограммада: оқ өкпенің жоғарғы бөлігінің проекциясында контурлары айқын емес аз интенсивтілікті гомогенді емес фокус. Микроскопиялық әдіспен ТМБ табылған жоқ. Флюорографиялыққоры: бұрын ауруда оң өкпенің S2 бөлігінде спонтанды жазылғанның нәтижесінен ұсақ ошақтар анықталды. Сіздің диагнозыңыз// +Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Жаңа жағдай. 1 категория ДОТС// Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС// Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС// Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС// Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС *** Туберкулезбен ауыратын науқаста бактериологиялық зерттеудің нәтижелері дайын болды: стрептомицинге, рифампицингежәне изониазидке төзімділік. Науқастың дәрілік категориясын анықтаңыз// І категория// ІІ категория// ІІІ категория// +IV категория// V категория *** Жасөспірім 15 жас. Туберкулезбен ауыратын анасымен қатынаста болған себебінен есепте тұрады. Шағымдары жоқ. Манту сынамасы – папула 15 мм. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген. Люминесцентті микроскопия әдісімен ТМБ табылмаған. Рентгенограммада: оң өкпенің 1-2 сегменттердеұлғайған өкпе суретінің фонындаконтурлары айқын емес аз интенсивті ошақты көлеңкелер анықталады. Сіздің диагнозыңыз// +Өкпенің ошақты туберкулезі// Өкпенің инфильтративті туберкулезі// Өкпе туберкулемасы// Өкпенің кавернозды туберкулезі// Біріншілік туберкулездік қосынды *** Науқас 38 жас. Ыдырау сатысындағы өкпенің диссеминирленген туберкулезге байланысты 6 ай емделген, ТМБ+. Бактерия шағарушылық тоқтатылды, ошақтар жойылды және тығыздалды, оң жақтан 2 см диаметрлі қуыс пайда болды. Сіздің диагнозыңыз// Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі// Ыдырау сатысындағы өкпенің ошақты туберкулезі// Өкпе туберкулемасы// +Өкпенің кавернозды туберкулезі// Ыдырау сатысындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі *** Бала 4 жаста. Дене қызуының 37,8°С дейін жоғарылауына, жөтелге шағымданады. Зерттеу барысында әкесінде өкпе туберкулезі анықталды. Оң өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныс. Манту сынамасы – папула 15 мм. Рентгенограммада: оң түбірі ұлғайған, оң жақтан жоғарғы бөлігінде гомогенді қараю. Сіздің диагнозыңыз// Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, плевритпен асқынған. 1 категория ДОТС// Біріншілік туберкулездік қосынды, плевритпен асқынған. 3 категория ДОТС// +Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ателектазбен асқынған. 1 категория ДОТС// Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ателектазбен асқынған. 3 категория ДОТС// Біріншілік туберкулездік қосынды, кеңірдек туберкулезіменасқынған. 1 категория ДОТС *** Бала 6 жас. Туберкулинді сынамаларының динамикасы: 1 жас – папула 7 мм, 2 жас – теріс, 3 жас – теріс, 4 жас – теріс, 5 жас – папула 8 мм, 6 жас – папула 14 мм. Бұрын туберкулезге қарсы диспансердің есебінде тұрған жоқ. Әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Шеткері лимфа түйіндері ұсақ, тығыз. Рентгенограммада: оң түбірінің ширинасы 2,5 см, басты кеңірдектің проекциясы анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз// Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС// +Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Жаңа жағдай. 3 категория ДОТС// Біріншілік туберкулездік қосынды. Жаңа жағдай. 4 категория ДОТС// Біріншілік туберкулездік қосынды. Басқалар. 3 категория ДОТС// Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Жаңа жағдай. 4 категория ДОТС *** Оң өкпенің S2 бөлігінің алғаш анықталған ошақты туберкулезімен ауырған науқасқа қолдаушы фазадағы ем кестесін атаңыз// Изониазид+стрептомицин// Изониазид+этамбутол// +Изониазид+рифампицин// Изониазид+циклосерин// |