800 шт на каз (копия). Шок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі
Скачать 241.44 Kb.
|
*** Компьютерлік томографиядағы ара ұясы тәрізді өкпенің көрінісі мен «матового шыны» түрі бойынша өкпедегі екі жақты өзгерістер тән// +Фиброзирлеуші альвеолит// Екіжақты пневмония// Милиарлы туберкулез// Өкпе амилоидозы// Өкпесаркоидозы *** Инсулин өндірілуінің негізгі биологиялық стимуляторы болып табылады// Глюкагон// Рибоза// +Глюкоза// Секретин// Лейцин *** 50 жастағы ер адам отбасылық дәрігерде бронх демікпесі мен диспансерлік есебінде тұр. Ұстамааптасына 1-2 ретболады, демікпенің түнгі симптомдары айына 2 рет. Фенотерол ингаляциясын үнемі қолданады. Төменде көрсетілген ағым нұсқаларынын қайсысы дұрыс// Ауыр ағымды персистирлеуші бронх демікпесі// +Жеңіл ағымды персистирлеуші бронх демікпесің// Ауырлығы орташа персистирлеуші бронх демікпесі// Интермиттирлеуші бронх демікпесі// Созылмалы обструкциялы бронхиттің асқынысы *** 55 жастағы науқас анда санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгісі оң, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап тәрізді өкпелік дыбыс, аускультативті – әлсіреген везикулярлы тыныс. Науқаста қандай патология дамыған// Пневмония// Пневмоторакс// Жедел бронхит// +Өкпе эмфиземасы// Созылмалы бронхит *** Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз// +АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4// АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3// АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4// АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4// АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4 *** Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз// +ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия// ЖИА. Үдемелі і стенокардия// ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II// ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III// ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV *** 27 жастағы ер адам қабырға асты мен эпигастрий аймағында аяқасты ауру сезімін сезген. Бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі азайды. Объективті түрде: тілі құрғақ, қарны тартылған. Құрсақ бұлшық еттері қатайған. АҚ 90/60 мм рт. ст., пульс 120 соққы./мин. Сіздің болжам диагнозыңыз// Созылмалы гастрит// +Ойық жара ауруы, ойық жара перфорациясы 12 п.к// Өтшығару жолдарының дискинезиясы// Құрсақтық аорта аневризмасының ажырауы// Қатты ішекті өткізілмеуі *** Науқас 49 жаста, ет комбинатында жұмыс істейді, шағымдары: ішінің ауырсынуы, диарея, метеоризм, әлсіздік. Созылмалы гастритпен бес жыл бойы учетта тұрады. Объективті: пальпация кезінде кіндік тұсында, ішек бойында ауырсыну, ішегінің шұрылдауы. Копрограммада: креаторея, стеаторея, амилорея, лямблия цисталары. Болжам диагноз қандай болады// Созылмалы атрофиялық гастрит// Созылмалы гастродуоденит// +Созылмалы энтероколит// Созылмалы панкреатит// Ішек дискинезиясы *** 62 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы ауырсыну, қол аяғының ісінуіне, таңертеңігі уақытта көбіне болады, табас ауруына шағымданады. Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Пастернацкий белгісі оң мәнді. Несеп талдауында: протеинурия, цилиндрурия. ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз// Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0// +Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, СБЖ 0 *** 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінуіне шағымданып жолықты. Осы аурудың басталуына 2 жыл бұрын 5 жыл ішінде оң сирақ аймағында жыланкөз болған. АҚҚ жоғары емес. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және түінді цилиндрлер. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницкий бойынша сынамасында өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз// +Бүйректің екіншілік амилоидозі// Созылмалы гломерулонефрит// Созылмалы пиелонефрит// Жіті пиелонефрит// Бүйректің біріншілік амилоидозі *** Қабылдауда 28 жастағы қызда дене қызуы 37,6°С, ірі буындарда ұшпалы ауырсынуға шағымданады. Дерт үш апта бұрын басталған, бірақ шағымдарының үнемі ауысуына байланысты дәрігерге қаралмаған. Анамнезінен: жыл ішінде үш рет баспамен және бірнеше рет ЖРА-мен ауырған, мектепке бармаған. Қазіргі уақытта оң жақ тізе мен сол жақ тізе-табан буындарында ауырсыну мазалайды, буын үстіндегі терілер аздап қызарған, ісінген; ұстағанда ыстық, буындарындағы қозғалыс ауырсыну тудырады. Кеуде клеткасындағы терісінің ортасында ашықтау емес қызғылт дақ байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз// Инфекциялық-аллергиялық полиартрит// +Ревматикалық артрит// Лайма ауруы// Ревматоидты артрит// Склеродемия *** 62 жастағы науқас оң жақ тізе буынындағы ауырсынуға, таңертеңгі құрысу 2 сағат дейін, буынның қиын қозғалуы мен қозғалғандағы сықырға шағымданады. Анамнезінен: ауру 5 күн бұрын басталған. Қарағанда: оң тізі буынының дефигурациясы, зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі, ісінген, ұстағанда ыстық. Қан талдауы: эрит. 4,0×1012/л, лейкоц. 9×109/л, жалпы белок 75 г/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Диагноз қойыңыз// ДОА, біріншілік гоноартроз, ФЖ I дәр// ДОА, біріншілік олигоартроз, ФЖ II дәр// ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ III дәр// ДОА, біріншілік коксоартроз ,ФЖ II дәр// +ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ II дәр *** Науқас Д. 28 жаста, стоматитке байланысты емделіп жүргеніне үш апта болды, нәтижесіз, әлсіздікпен тершеңдік ұлғайды. Объективты: температурасы 38,8С, терісі боз, ылғалды. Ауызының қызыл етінің гиперплазиясы, язвалық-некротикалық стоматит. Жақ асты лимфотүйіндер ұлғайған, ауырсынусыз. Қанның зерттеуінде: Hb – 95г/л , эр. – 3,0×10 12 /л, ТК-0,95, лейк. – 14,5×10 9 /л, бласттар – 32 % пал. – 1 %, сегм.– 39 %, лимф. – 20 %, мон. – 8 %, тромб. – 90,0×10 9 /л. ЭТЖ– 24 мм/с. Цитохимиялық зерттеуінде: пероксидазаға сынама оң. Қандай диагноз қоюға болады// +Жедел миелобластты лейкоз// Жедел лимфобластты лейкоз// Жедел дифференцияциаланбаған лейкоз// Жедел монобластты лейкоз// Жедел промиелоцитарлы лейкоз *** Науқас Г. 25 жаста. Мойын аймағындағы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну құлаққа қарай таралады. Жұтыну қиындаған. Жағдайының нашарлауын ЖРВИ мен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Т-37,8°С. Терісі дымқыл,ыстық. Қалқанша без ІІ дәрежеге дейін ұлғайған, тығыз, пальпациялағанда ауырсынусыз, аз қозғалмалы. Пульс - 96 рет/мин, АҚҚ - 120/80 мм. с.б. Hb - 134 г/л, Л - 9,8 мың., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 ммоль. Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз// Тиреотоксикоз// +Жеделдеу тиреоидит// Фиброзды тиреоидит// Аутоиммуннды тиреоидит// Жедел іріңді тиреоидит *** Аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болған. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді. Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады// Қанның жалпы анализі// +Қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі// Қақырықтың жалпы анализі// Қақырықтың антибиотикограммасы// Атиптік ұлпаларға қақырық *** 72 жастағы ӨСОА науқас суық тиген соң басталған дене қызуының жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтрация анықталады. Қандай ем тағайынындау керек// Тетрациклин + метрогил + лазолван// Амоксиклав + гентамицин + бромгексин// Кларитромицин + преднизолон + бромгексин// Метронидазол + амброксол + ипратропиум бромиді// +Кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді *** Науқас 63 жаста, ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериндің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аумақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз// Қабылдайтың препараттардың мөлшерін көбейт// Кардиологтың кеңесіне бағыттама беру// +Стационардың кардиологиялық бөліміне емделуге бағыттама беру// Пролонгирленген нитраттарды таѓайындау// Үй стационарын ұйымдастыру *** 50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек ұшы соққысы күшейген, дене қызуы қалыпты. Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған, кеуде қуысы өзгеріссіз. ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған. Электролиттер мен креатинин анализінде өзгерістер жоқ. Сіздің әрекетіңіз// Тексеру үшін стационарға жолдама беру// Тез арада гипотензивті дәрі беру// Гипертония ауруы диагнозын қойып, гипотензивті ем тағайындау// Үш күн ішінде АҚҚ өлшеу, сосын науқасты бақылау// +Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару *** 54 жстағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының існуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда ең адекватты емдеу кестесін таңдаңыз// Ұйқы бездерінің ферменттері// +Ферменттер + протонды помпаның ингибиторлары+урсодезоксихолий қышқылы// Ұйқы бездерінің ферменттері + протиолитикалы ферменттердің ингибиторлары// Протонды помпаның ингибиторлары +урсодезоксихолий қышқылы// Протонды помпаның ингибиторлары + дисбиоз корректорлары *** Науқас Л 35 жаста, бас ауруына, жалпы жағдайының нашарлығына, ауа жетіспеушілігіне шағымданады. Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімдері психоэмоционалды жүктеме кезіде күшейеді, іш ауырады, кіші дәретке жиі барады. Бұл жағдайда зерттеудің қандай әдісі керек// Ирригоскапия// Ректороманоскопия// Іш ағзаларының МРТсы// +Шырыш биопсиясы мен колоноскопия// Тік ішектің саусақты зерттеу *** Науқас 28-жаста, жанұялық дәрiгерге таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Ішi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көк бауыры ұлғаймаған. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Қандай тексеру әдісін ең бірінші тағайындау тиімді// Қанның жалпы анализі// Қанның биохимиялық анализі// Зәрдің жалпы анализі// Нәжістің жалпы анализі// +Зимницкий сынамасы *** Науқас А., 27 жаста, ангинамен ауырған, 3 аптадан кейін басы ауырып, зәрі қызарған. Объективті: беті ісінген, боз, АҚҚ 160/100 мм сб.бғ. Жалпы тәжірибелік дәрігер болжама диагнозды жедел постстрептококкты гломерулонефрит деп қояды. Емді қай дәріден бастау керек// +Курантил// Пенициллин б/е// Төсек режимы// Тұзды шектеу// Преднизолон *** Науқас И. 25 жаста, тізесінің ауруына, балтырының, білезік буынының ауырсынуына, дене температурсының 38°С, жүрек қағысының күшеюіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 2 жұма бұрын фарингитпен ауырған. Объективті: денесіндегі сақиналы эритема байқалады. Буындары дефиргурленген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүрек шекараларв ұлғайған тондары әлсіреген. ЖЖ – 58 рет/минутына. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Hb – 135 г/л, л – 18 мың. ЭТЖ – 35 мм/сағ. Осы жағдайды емдеу тактикасы// Диклофенак+преднизолон+конкор// Амоксицилин+диклофенак+дигоксин// Амоксицилин + диклофенак+гипотизид// +Амоксицилин + диклофенак+пренизолон// Амоксицилин +пренизолон + АПФ ингибиторлары *** Науқас М., 50 жаста, үйінде тексергенде, ентігу, куштеме кезінде өршуші жүрек ойнау, жөтел, қан түкіру анықталды. Ревматизммен ауырады. Объективно: акроцианоз. Өкпесінің артқы төменгі бөлімінде әлсіз, ылғалды сырыл. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, ЖСТ - 110 мин. Жүрек ұшында: қатты 1 тон, диастолалық шу және митральді қақпаның ашылу дыбысы естіледі. Бауыр 2 см үлкейген. Балтырында ісінулер байқалады// Дәрігердің тактикасы// Үйінде ем тағайындау// Жедел жәрдем шақыгу// +Ревматология бөліміне жатқызу// Күндізгі стационарға жіберу// Амбулаторлық ем тағайындау *** Науқас 65 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.Анамнезі бойынша көп жылдар бойы асқазан мен ішектің созылмалы ауруларымен ауырады. Объективті: терісі бозарған, құрғақ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ҚҚ 90/60 мм.сын. бағ. Пульс 70 минутына. Қанның жалпы анализінде: Hb - 78 г/л, түстік көрс. – 1,3, Эр- 2,3×1012/л, макроцитоз. Қандай ем тағайындау тиімді// Витамин Е ішу// Темір препаратын ішу// +Цианокобаламинді егу// Аскорбин қышқылын ішу// Тиамин бромидін егу *** 40 жастағы науқас Ф ессіз жағдайда жеткізілді. Қалтасынан диабет күнделігі табылды. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары құрғақ, суық. Тілі таңқурай түстес, құрғақ. Тыныс алуы ацетон исімен. Тынысы шулы (Куссмауль түрінде). АҚҚ 70/30 мм сын.бағ. Пульсі – минутына 105 рет. Бауыры қабырға доғасынан 4 см-ге ұлғайған, тығыз. Гликемия- 25 ммоль/л, гипокалиемия, қанның рН төмендеген, глюкозурия, айқын кетонурия. Науқасты жүргізуде қайсысы тиімді// 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын б/е енгізу// 20 бірлік қысқа әсер ететін инсулинді тері астына бір реттік енгізу// 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын тері астына енгізу// +0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын к/к сағат сайын тамшылатып енгізу// Пролонгирленген инсулиннің бір инъекциясын анықтау кезінде енгізу *** Өкпе тінінің іріңді-деструктивті еруімен, сұйықтықсыз жұқа қабырғалы түзіліс түзетін пневмония қандай қоздырғышпен шақырылады// Микоплазмамен// Клебсиелламен// Стрептококпен// Пневмококпен// +Стафилококпен *** ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады// 125/85// 135/85// +140/95// 145/105// 160/85 *** Жара аурының жедел асқынуына жатады// +Перфорация// Пенетрация// Перивисцерит// Малигинизация// Тыртықты стеноз *** Ревматоидты артрит дегеніміз// +Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру// Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру// Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру// Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру// Фаланга аралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру *** Науқас 52 жаста, шағымдары: ауыр түсетін қақырықпен жөтелге, физикалық күш түскен кезде ентігуге, температурасының 37,7°С жоғарлауына. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтеледі, терапевтте диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ ысқырық сырылдар өкпе бойында түгел жерде естіледі. Қандай клиникалық диагноз қоюға болады// Ошақты пневмония// +Созылмалы обструктивті бронхит// Бронхиалды астма// Созылмалы жүрек жетіспеушілігі// Жедел іріңді бронхит *** 27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5°С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырға аралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз қойыңыз// |