800 шт на каз (копия). Шок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі
Скачать 241.44 Kb.
|
Оң өкпенің крупозды пневмониясы// Оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы/// +Оң жақты экссудативті плеврит// Созылмалы бронхиттің өршуі// Оң жақты гидроторакс *** 60 жастағы науқас ұзақ уақыт артериалды гипертензияға байланысты бақылауда болған. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамаған. Жағдайы апта ішінде нашарлаған. Перкуторлы – сол жақ шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 150/85 мм.сын.бағ. Эхо КГ-да - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз// Артериалды гипертония I дәрежелі, қауіп қатер 2// +Артериалды гипертония, I дәрежелі, қауіп қатер 3// Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 4// Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 3// Артериалды гипертония, III дәрежелі, қауіп қатер 4 *** Науқас стационарға кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымданып түсті. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде сегменттің жоғарлауы байқалады. Мүмкін болатын диагноз// +Принцметал стенокардиясы// Күш түсу стенокардиясы ФК II// Күш түсу стенокардиясы ФК III// Күш түсу стенокардиясы ФК IV// Жедел миокард инфарктісі *** Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз// Созылмалы эзофагит// Өңештің пептитті жарасы// Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы// +Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру// Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы *** Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз// Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі// Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен// +Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен// Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен// Тоқ ішектің қатерлі ісігі *** Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында. Диагноз қойыңыз// Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ// +Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0 *** Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз// Бехтерев ауруы// +Ревматоидты артрит// Ревматикалық артрит// Буындардың хондроматозы// Подагра *** 25 жастағы науқас айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен көрінген эпигастарльды аймақтағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Тері жабындары бозғылт. ҚЖА: Hb–85г/л, Э–3,8×1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0×109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л қан сарысуындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Грегерсена реакциясы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз// Апластикалық анемия// Гемолитикалық анемия// Жеделпостгеморрагиялық анемия// +Теміржетіспеушілік анемия// B12-жетіспеушілік анемия *** Науқас 26 жаста, ауруханаға есінен танып түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәуліктік мөлшері 36 бірлікте инсулинотерапия алады. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – бірден оң нәтиже көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз// +Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома// Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетонурия// Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома// Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперосмолярлы кома// Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперлактацидемиялық кома *** Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160/1 мин. Лабораторлы: ЖҚА: Hb–122г/л, Эр 3,8×10 12/л, L–10,8×10 9/л, т/я - 4%, с-53%, л-36%,м–7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз// Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ0// Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ1// +Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2// Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ3// Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған *** Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз// Жедел респираторлы инфекция// Жедел бронхит// Обструктивті бронхит// +Жедел бронхиолит// Жедел пневмония *** Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз// Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым// Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым// Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым// +Жүре пайда болған кардит, жедел ағым// Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым *** Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы// Созылмалы кардит// Жүректің тума ақауы// +Жүректің жүре болған ақауы// Эйзенменгер синдромы// Ревматизм *** 13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз// Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит// Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз// +Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз// Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз// Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз *** 12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз// Перфорация// Малигнизация// +Қан ағу// Өтімсіздік// Ұйқы безіне пенетрация *** Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7,84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз// Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ// Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ// +Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма// Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең// Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма *** 13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4×1012/л, L - 15,0×109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан. биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз// Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік// Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік// +Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік// Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік// Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік *** Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабыну кезінде ауырсыну түрліше орналасуына және асқынуына байланысты болады. Егерде іш ағзалары anteversio жағдайында орналасса аппендит қай жағында болуы мүмкін// Аппендикулярлық инфильтрат// Преаппендикулярлық абсцесс// Аппендикстің кішірек болуы// Аппендикстің қиылып түсуі// +Сол жақ іш мықында *** Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің жедел қабынуының бастамасында анамнездік белгісі (симптомы) деп атайды// Щеткин – Блюмберг симптомы// +Волкович-Кохер симптомы// Образцов симптомы// Ситковский-Ровзинг симптомы// Мендель симптомы *** Шалқасынан жатқан сырқаттың ішін сипағаннан гөрі, егер науқас сол жақ қапталына жатқанында ауырсыну күшейе түседі. Бұл симптомның атын айтыңыз// Кохер симптомы// Ситковский-Ровзинг симптомы// Образцов симптомы// Греков симптомы// +Бартомье -Михельсон симптомы *** Емханаға келген ер жынысты науқастың шағымы ішінің оңжағынан ауырсынуы, ол шапқа, ұмаға және оң жақ бүйірге беріледі. Ішін қарағанда сырқаттың кернеулі көрінді, сипап қарағанда оң жақ мықындықтан және басқан мезгілде оң төменгі несеп бөлінетін жолындағы нүктеде ауырсыну бар. Зәр анализы қабыну көрсеткіші күмәнді. Оң жақ бүйірден қағатын симптомын тексергенде - ауырсынуы бар. Аппендицит пен оң жақ бүйрек шаншуынан нмесе несеп жолдарының нефролитиазис диагнозын ажырату үшін қандай зерттеу керек// Бүйректі УЗИ зерттеу// Қан мен зәрді талдау// Бүйректі пальпациялап қарау// Науқасты тік ішек арқылы зерттеу// +Хромоцистоскопия жасау *** Емханаға ер адам науқастанып келгендегі шағымы: 2 сағат бұрын ішінің ауырсынуы. Ең алдымен ауырғаны эпигастрий аймағында басталды, соңынан оңжақ мықынға орналасты. Құсқысы келіп жүрегі айныды. Екі жақтан бірдей қабырға доғасына алақанның қырымен соққанда ауырсынуы күмәнді болды. Барлық клиникалық аппендицит симптомдары оңынан. Тік ішек арқылы тағы бір симптомның аты// Кохер симптомы// Ситковский- Ровзинг симптомы// Образцов симптомы// Бартомье-Михельсон симптомы// +Краузе симптомы *** Тұмаудың ауыр түрі бактериалды асқыну болғанда қай топ антибиотиктерімен емдейді// цефалоспориндер ΙΙΙ// фторхинолондар// цефалоспориндерΙV// карбапендер// +ванкомицин *** Әйел адамн, 50 жаста. Шағымдары: дене салмағының өсуіне, тітіркенгіштікке, жүрек тұсындағы таралусыз жүретін аурушаңдылыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне. Дене салмағының өсуі 10 жыл бұрын етеккірінің тоқтауынан кейін басталған. Дамуы қалыпты болған. Тәтті тағамдар мен ұннан жасалған тағамдарға әуестігі бар. Оъективті: Дене бітімі – толық. Бойы 162см, салмағы 100 кг. Ішінде – ұсақ қызғылт жолақтар. Іші теріасты май қабаты есебінен ұлғайған. Пальпацияда- ауырсынусыз. Іш қатуға бейім, зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Шеткі ісіктер байқалмайды. Алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз// Семіздік I дәрежесі// Семіздік II дәрежесі// +Семіздік III дәрежесі// Семіздік IV дәрежесі// Өте қатты семіздік *** Әйел адам, 49 жаста, Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, көз алдында шыбын-шіркейлердің көрінуі, беттің ісінуі, ауыз құрғауы, шөлдеуге (күніне 3 литрге дейін су ішеді), жиі кіші дәретке шығады (4-5 рет 1 түнде). Шөлдеу мен аузының құрғауы көптеген жыл бұрын пайда болған, бірақ найқас оған мән бермеген, дәрігерге қаралмаған. Объективті: Бетінің ісінуі. Жүрек тондары тынықталған,ырғақты. Аорта үстінде II тонның акценті. Пульс - 64 рет/ мин. АҚҚ - 190\115 мм с.б. Жүректің сол жақ шекарасы орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Алғашқы диагноздардың қайсысы негізгі ауруға сәйкес келеді// Қант диабеті 1 түрі// +Қант диабеті 2 түрі// Аутоиммунды қант диабеті// Идиопатиялық қант диабеті// МОДY-диабет *** Әйел адам, 60 жаста. Шағымдары: шөлдеуге, полиурияға, дене салмағының төмендеуіне, ішінің ауырсынуына, түнгі уақытта тершеңдікке. АҚҚ 185/105мм с.б., тропафен 10 мг к/т енгізгеннен кейін АҚҚ 70/40мм с.б. тең болды. Ванилилминдаль қышқылының зәрдегі тәуліктік шығарылуы– 50 мкмоль/л (қалыпты 2,5-3,8). Болжам диагноз// Иценко-Кушинг синдромы// Иценко-Кушинг ауруы// климактериялық невроз// +феохромоцитома// Вегетотамырлық дистония *** Науқас Н., 32 жаста, аймақтық дәрігерге әлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38-38,5°С дейін көтерілуіне, жүрек айнуына, оң жақ бел аймағының сыздап ауырсынуына, кіші дәретке отыру кезінде ауырсынуға шағымданады. Зәрі лайлы. Өте жедел, 1 күн бұрын басталған. Объективті: Дене температурасының 38,7°С –ға дейін көтерілуі. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Терісі бозғылт, ылғал, ұстағанда ыстық. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖЖС 92рет/ мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Пульс 88 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры пальпацияланбайды. Оң жақ бел аймағының пальпациясында аурушаңдық байқалады. Ісіктер жоқ. Алғашқы диагнозды қойыңыз// жедел пиелонефрит// +несеп-тас ауруы// жедел гломерулонефрит// бүйрек поликистозы// подагралық нефропатия *** М. атты 8 жастағы ұл бала мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, әлсіздік, терлегіштік, кезеңді түрде терісінің қышуын, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарлайтынына шағымданады. Жанұялық дәрігер науқасты тексергенде қан анализіндегі өзгерістерді байқады: аздаған лейкоцитоз (9×109/л), лимфопения (10%), ЭТЖ жоғарлаған (40мм). Бұл өзгеріс қай ауруға тән// Жедел лейкоз// Созылмалы лимфолейкоз// Созылмалы миелолейкоз// +Лимфогранулематоз// Мойын лимфадениті *** Бала 5жаста. Лимфа түйіндерінің ұлғайғанына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр деңгейде. Жақ асты лимфа түйіндері II өлшемге дейін, артқы – және алдыңғы мойын түйіндері IV өлшемге дейін ұлғайған, бір бірімен бірікпеген, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Қан анализінде: лейкоциттер- 9,2×10 |