Главная страница

800 шт на каз (копия). Шок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі


Скачать 241.44 Kb.
НазваниеШок кезінде е бірінші пайда болады Аны тмендеуі
Дата17.02.2022
Размер241.44 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла800 шт на каз (копия).docx
ТипДокументы
#365765
страница8 из 19
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

+Дресслер синдромы//

Аорта аневризмасы//

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

Қайталанған миокардтың инфаркті//

Инфарктан кейінгі стенокардия

***

28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады. Ауырғанына 3 жыл болған. Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады. Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді, айқын. Пульсі 76 рет минутына. Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер - 9800. Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды//

Ревмосынама//

Антистрептолизин//

Ревмофактор//

+LE-клеткалар//

Антинуклеарлы фактор

***

68 жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына, жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар. Объективті: науқас гиперстеник, дене бітімі толық. Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған. Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ. ЖСС-88рет минутына. ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында. Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады//

+Амиодарон//

Дигоксин//

Верапамил//

Магнезий сульфат//

Этмозин

***

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз//

Кеуде клеткасының шолу R-графиясы//

Бүйректің УДЗ//

+Бүйрек артерияларының УДЗГ//

Көз түбін қарау//

Экскреторлық урография

***

Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер//

қарынша ішілік блокада//

сол қарыншаның гипертрофиясы//

сол жүрекшенің гипертрофиясы//

+оң қарыншаның гипертрофиясы//

Гис будасысол тармағының блокадасы

***

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді//

Бетте ісік, асцит, жөтел, ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард//

Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард//

+Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы//

Аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар//

Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

***

Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән//

өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

ұстамалы бронх демікпесі//

+жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі//

спонтанды пневмоторакс//

инфаркты пневмония

***

32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 38°С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста қандай антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін//

Пенициллиндер//

Аминогликозидтер//

Макролидтер//

Тетрациклин//

+Гликопептидтер

***

Тұрақсыз стенокардия АҚ - 180/100 мм.сын.бағ. (бірінші сағаттарда). Жүрек перкуссиясы кезінде тамыр шоғырының кенейгені анықталады. Аусультативті: қолқа жолдарында систоликалық шу, (қолқа регургитациясының ерте диастоликалық шуы). Пульс ассимитриясы, тахикардия. Пальпаторлы іші жұмсақ, пульсирлеуші түзіліс анықталады. Тропонинмен Экспресс (-). ЭКГ-да: коронарлы жетіспеушілік белгілері, миокардтағы ошақты өзгерістер. Қарыншаның гипертрофиясы. ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдардың себептері не болуы мүмкін//

Гипертоникалық ауру//

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

+Қолқаның қабаттасқан аневризмасы//

Гипертоникалық криз//

Кардиомиопатия

***

Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола, ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты таңдау керек//

Этоцизин//

+Лидокаин//

АТФ//

Мезатонмен новокаинамид//

Строфантин

***

Науқас 59 жаста, құрылысшы, 1 жыл бұрын миокардтың трансмуралды инфарктсын бастан кешкен. Жақында 1 ай бұрын АКШ жасалған. Жағдай күйі орташа ауырлықта. Тыныш кезде ентікпе, жүрек жеткіліксіздік белгілері бар. Аяқтарында ісіктер. Науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтаңыз//

Еңбекке жарамды//

+МСЭК-ке жіберу//

ВКК-ға жіберу//

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру//

Еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру

***

Венеролог дәрігер қабылдауына иммундық жүйесі өзгеріссіз 25 жастағы ер кісі келді. Обьективті қарағанда эретематозды фонында топталған көпіршіктер, сонымен қатар қызару фонында эрозиялар, қабықтар. Генитальды ұшық диагнозы қойылды. Ацикловирдың курстық дозасы қандай//

+10 грамм//

20 грамм//

30грамм//

50грамм//

100 грамм

***

Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 т күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті//

препараттың жоғары дозасы//

АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы//

+препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі//

препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы//

диазепамның және раутиннің әсерлесуі

***

ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді//

тахикардия болғандықтан//

AV өткізгіштіктігі баяулағаннан//

лидокайнның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан//

бауырдың кардиалды циррозында гипоальбуминурия жиі болатындықтан//

+СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен

***

38 жастағы науқас әйел, түнге қарай оң қабырға астында оң иық пен қолға берілетін қатты толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрегінің айнып құсуына шағым айтады. Ауруын диетаны бұзуымен-майлы асты қабылдауымен байланыстырады. Ауырсынуды но-шпаны ішіп сәл басқан. Бірнеше жылдар бойы холециститпен ауырады. Тұрақты емделмейді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, сарғыштау. Жүрек-өкпе жағынан дерттік өзгерістер жоқ. Іші қаттылау, оң қабырға асты басып қарағанда тітіркенеді, ауырады. Бауыры ұлғаймаған. Науқаста қандай асқыну дамыған//

Реактивті панкреатит//

Гепатит//

+Өт тас ауруы//

Өт қабының перфорациясы//

Жайылмалы перитонит

***

Науқас К. 24 жаста, қатты арықтағанына, аузының құрғауына, шөлге, жиі зәрінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңді, фурункулезі бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа қандай дәрі тағайындау қажет//

+Қарапайым инсулин//

Сульфаниламидтер//

Бигуанидтер//

Пролонгирленген инсулин//

Гипокалориялы диета

***

40 жастағы әйелде аутоимунды тиреодит ауруы анықталған. Тиреоидты дәрілерді тұрақты қабылдайды. Дәрігерде тексерілгенде соңғы 3-4 ай ішінде зобтың көлемі кішіреймеген. Дәрігер қандай емді ұсынуы қажет//

Тиреоидты дәрілер//

+Глюкокортикостероидтар//

Цитостатиктер//

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер//

Радиоактивті йод

***

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Hb -104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7-мың, тромб-115-мың. ЭТЖ- 50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады//

темір препараттары//

фолий қышқылы//

+В-12 витамині//

преднизолон//

аскорбин қышқылы

***

Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай//

ЭТЖ жоғарылауы//

анемия//

тромбоцитопения//

лейкоцитоз//

+бластемия

***

45 жастағы науқас аяқтарының ісуіне, жалпы әлсіздік, ентігу, түнде тұншығу ұстамаларына, жұректің жиі соғуына шағым айтады. Көп жылдар бойы 3 жарнамалы қлапанның ақауымен ауырады. Қарағанда: акроцианоз. Тыныш күйде ентігу бар. Жүрек шекаралары оңға қарай ығысқан. Мойын веналарының пульсациясы айқын көрінеді. Тыныс алғанда күшейетін жүрек ұшынан оңға қарай естілетін систола шуы. Қан қысымы 160/90мм.сын.бағ. Пульсі 90 рет минутына. Іші ұлғайған, қаттылау. Бауыры қабырға доғасынан 3 см өскен. Аяқтары іскен. Науқаста қандай асқыну дамыған//

Сол қарыншалық шамасыздық//

+Оң қарыншалық шамасыздық//

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

Өкпе текті жүрек//

Бауыр шамасыздығы

***

34 жастағы науқас, Бала кезінде ревматизммен ауырған, жүрек ақауы анықталған. Соңғы 5 жылда диуретиктер, жүрек гликозиттерін, калий дәрілерін қабылдайды. 1апта бұрын жағдайы нашарлап әлсіздік, қалтырау, артралгия, жүректің жиі соғуы, тұншығу қинайды. Дәрілердің әсері жоқ. Объективті: науқас ентігіп отыр, тыныс алуы 24рет минутына, қол-аяқтары іскен. Өкпенің базальды бөліктерінде - ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрегі солға және жоғары қарай кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген,сиитола шуы естіледі. Пульсі 76 рет минутына, аритмиялы 20-25 пульстің дефициті. Бауыры қабырға доғасынан 5 см өскен. Қан анализінде: С-реактивті белок+. ЭТЖ-25мм.сағ. Науқаста қандай асқыну дамыған//

+Бактериальды эндокардит//

Қайталамалы миокардит. Жыбыр аритмиясы//

Жедел ревматикалық қызба. Қайталамалы кардит//

Тонзилокардиальды синдром//

Қайталамалы кардит. Мезоаортит

***

57 жастағы құрлысшы,дәрігерге жалпы әлсідікке, тезшаршауға, дене қызуының 38°С көтерілуіне, белінің ісіеуіне, аяқтарының, қолдарының ісуіне, көзінің таңертеңгілік ісуіне, басының ауруына шағым айтады. Жағдайының нашарлауын салқынның тиуімен байланыстырады. 2 жыл бұрын қан қысымы көтерілгенде зәрінде протеинурия, гематурия, лейкоцитурияны тапқан. Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі диагнозы қойылған. Науқас дәрігерге тұрақты қаралмайды. Науқас темекі тартады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, тамағы қызарған. Өкпесінде везикулярлы қатқыл везикулярлы тыныс. ТЖ-20рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Қан қысымы-170/100 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры қабырға доғасынан 1см төмен ығысқан. Пастернацский симптомы - екі жағынан аз ғана оң мәнді. Беті, қолдары, балтыры іскен. Науқасқа қандай әсері бар емді ұсыну қажет//

Кортикостероидтар//

+Цитостатиктер//

Антибиотиктер//

Гипотензивті дәрілер//

Диуретиктер

***

50 жастағы науқас, жиі өршитін 12-елі ішектің жара аурумен ауырады. Әрдайым терапевте ем алады. Соңғы кезде қыжылдау, таңға қарай ауырсыну қайтадан қинайды. Дәрігер денол мен алмагель ұсынған оның әсері болмай тұр. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Іші жұмсақ, әпигастрий аймағында семсер өсіндісінің оң жағында нүктелі ауырсыну байқалады. Науқасқа кандай әсері бар ем тағайындау қажет//

+Төрттік эрадикация//

Үштік эрадикация//

Антацидтер//

Спазмолитиктер//

Прокинетиктер

***

Интерстициальді пневмонияға тән диагностикалық критерий//

жергілікті белгілердің болмауы//

қызбаның болуы//

инспираторлы ентігу//

+артралгия белгілері//

өкпеде жергілікті белгілері

***

Ревматикалық миокардиті бар науқас ЭКГ-да PQ0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді QRST кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылу түрін көрсетіңіз//

+Синоатриальді блокада II дәрежесі//

Атриовентрикулятлы блокада I дәрежесі//

атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц I//

Атриовентрикулярлы блокада IIдәрежесі, Мобиц II//

Атриовентрикулярлы блокада IIIдәрежесі

***

Науқас, 44 жаста, жүрек аймағында қатты соғу,ауа жетпеу сезіміне шағымданады («тыныс алудың қанағатсыздығы»). Аурудың симптомдары соңғы 3 айда басталған, екі күн бұрын алкоголь қабылдағаннан соң өршіп кеткен. Анамезінде, шылым шегеді, 10 жылдан аса уақыт алкоголь қабылдайды. Қарау кезінде: тотальді гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ шегінің ұлғаюы, гепатомегалия; жүрек аускультациясында: қосарлаған, топтық экстрасистола, ЭКГ-да негізделген (қарыншалық). Аурудың болуы мүмкін себебін көрсетіңіз//

токсикалық миокардит//

ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз//

+алкогольді кардиомиопатия//

тиреотоксикалық кардиомиопатия//

гипертрофиялық кардиомиопатия

***

45 жастағы науқас дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, қалтырауға, терлеуге, кеуде аймағында ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде: 2 аптадан бері науқас крупозды пневмонияға байланысты ем қабылдап жатыр. Соңғы күндері жағдайының нашарлауы, қалтырау, ентігу, дене қызуының көтерілуі қайталаған. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты ентігуге байланысты. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Объективті: оң жақ кеуде бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы. Қабырғааралық кеңейген, шығыңқы. Перкуторлы: перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Өкпенің оң жақ бөлігінде тыныстың әлсіреуі. Қанда- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Науқаста қандай диагноз//

Крупозды пневмония қайталауы//

Өкпе абцесі//

+Өкпе гангренасы//

Бронхоэктазиялық ауру//

Өкпе эмпиемасы

***

Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс. Қандай ауру туралы ойлауға болады//

Қабырға сынығы//

+Қабырғааралық невралгия//

Құрғақ плеврит//

Миалгия//

Перикардит

***

69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды, соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде: аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.- 24 рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен. Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады//

Созылмалы бронхит//

Бронхиальді демікпе //

Өкпе бронхоэктазы//

Жүрек жетіспеушілігі//

+ӨСОА

***

К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулярдық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз//

жүйелі васкулит//

жедел лейкоз//

жүйелі қызыл жегі//

дәрілік ауру//

+инфекционды эндокардит
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


написать администратору сайта