Терапия Артериальная гипертензия. Терапия Артериальная гипертензия
Скачать 1.21 Mb.
|
ИБС. Инфаркт миокарда ! Қандай жүрек ырғағының бұзылысы миокард инфарктінің диагностикасын қиындатуы мүмкін? *+ WPW синдромы * Жүрекше жыпылықтауы * Қарыншалық экстрасистолия * Гис шоғыры сол аяқшасының толық бөгеті * Қарыншалық пароксизмалды тахикардия ! Ер адам 60 жаста, төс артындағы, төменгі жаққа берілетін қатты ауру сезімінен кенеттен оянды, 2 рет изокет қабылдады, ауру сезімі басылмады. Айқын әлсіздік күшейе түсті. Электрокардиограммада: синустық тахикардия минутына 95 ретке дейін. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің жоғарылауы, I, aVL, V2-V4 әкетпелерінде ST сегментінің депрессиясы. Көрсетілген тексерулер ішінде бірінші орындағы ЕҢ спецификалысы қайсысы? * Миоглобин деңгейі * Лактатдегидрогеназа деңгейі *+ Тропонин ферментінің деңгейі * Лейкоцит деңгейі * МВ-кретининфосфокиназа деңгейі ! 42 жасар ер кісі, кенеттен түнде төс артындағы үдемелі басып ауру сезіміне шағымданады. Лезде бозарып, көгеруі күшейіп, суық тер басып, есінен танды. Пульсімен қысымы анықталмайды, қарашығы кеңейген. Электрокардиограммада: түрі мен амплитудасы әртүрлі ретсіз және тұрақты емес толқындар. Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы? * Кардиогенді шок * Қарыншалардың фибрилляциясы * Жүрек тампонадасы * Өкпе артериясының тромбоэмболиясы *+ Жедел жүрек жетіспеушілігі ! 49 жасар ер кісі, физикалық жүктемеге байланыссыз сол жауырынға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Жүректің соғу жиілігі – 90 рет минутына. Тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ритмі синусты, дұрыс, 85 рет минутына, жүректің электрлік осі солға ығысқан. QRS комплексі 0,14 секунд. I, aVL, V5, V6 әкетулерінде R тісінің амплитудасы биік және дискордантты SТ сегментімен Т тісі. II, III, aVF, V1-V3 әкетулерінде R тісінің амплитудасы төмен және S тісі терең. Төменде көрсетілген блокадалардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы? * Қарынша ішілік блокада * Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы * Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы *+ Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы * Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы ! 59 жасар әйел. Шағымдары: 30 минутқа созылатын, мойынға берілетін төс артындағы басып ауру сезіміне. Объективті: терісі бозғылт, акроцианоз, есі анық емес, пульс 49 рет минутына, аз толымды, артериалдық қысым 80/50 мм.сын бағ. ЭКГ-де: ритм синусты, барлық әкетулерде вольтаж 5 мм төмен, жүректің соғу жиілігі 45 рет минутына. Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы? *+ Электрокардиостимуляция * Новокаинамид көктамырға * Лидокаин көктамырға * Өкпенің жасанды вентиляциясы * Жүректің жабық массажы ! 56 жасар ер кісі. Кенеттен есінен танды. Дәрігердің айтуы бойынша сол қолға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне, ентігуге, лезде әлсіздікке, суық терге шағымданған. Объективті: ұйқы артериясында пульс анықталмайды. ЭКГ-де ретсіз, әртүрлі амплитудалы толқындар. Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы? *+ Электрлік дефибрилляция * Жасанды тыныс * Жүректің тікелей емес массажы * Добутамин 10 мкг/кг/минутына * Адреналин 0,1% 0,5 мл ! Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел миокард инфарктісі кезінде тромболитикалық терапияны бастау үшін ЕҢ оптимальді уақыт қандай? *+ 1 сағат * 2 сағат * 3 сағат * 4 сағат * 5 сағат ! 52 жасар ер кісі. Сол иыққа берілетін төс артындағы күйдірген ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Ұстама 1 сағаттай созылады. Нитроглицерин ауру сезімін баспайды. Объективті: ортопноэ, акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 98 рет, артериалды қысымы 130/95 мм.сын бағ. тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, минутына 100 рет, V4-V6 әкетулерінде S-T сегменті изолиниядан 2,5 мм жоғары, Т тісі сүйір ұшты. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы? * Үдемелі стенокардия * Өкпе артериясының тромбоэмболиясы * Вазоспастикалық стенокардия * Алғаш рет анықталған стенокардия *+ Жедел миокард инфарктісі ! 58 жасар ер кісі. 40минутқа созылатын, физикалық жүктемемен байланыссыз, төс артындағы қысқан ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Өлімнен қорқу сезімі. Объективті: ортопноэ, терісін суық тер басқан, акроцианоз. Тыныс жиілігі минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 115 рет, артериалды қысымы 170/90 мм.сын бағ. Электрокардиограммада: синусты тахикардия минутына 110 рет. Электр осі горизонтальді қалыпта. I, II, aVL, V3-V6 әкетулерінде Q тістері 0,04 секунд, ST сегменті 7 мм жоғарлаған. Аталған дәрілік заттардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте қолданылатын қайсысы? *+ Морфин * Лидокаин * Изокет * Стрептокиназа * Каптоприл ! Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы? * Мойын остеохондрозы * Спонтанды пневмоторакс * Қолқаның қабаттасқан аневризмасы *+ Миокард инфаркті * Өкпе инфаркті ! 38 жастағы науқас физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді? * Жалпы қан талдауы * Холестерин,үшглицеридтер дейгейінің жоғарылауы *+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы * Физикалық жүктемемен тест * ЭХОКГ ! ЭКГде V1-V3 әкетулерінде Q тісшесінің монофазалық қисықпен бірге төс артында айқын ауырсынулар. Миокард инфактысы қай жерде орналасқан? *+ Сол қарыншаның алдыңғы-пердеаралық * Сол қарынша ұшының * Сол қарыншаның алдыңғы-пердеаралық және бүйірлік * Сол қарыншаның бүйір қабырғасының Q тісшелі Ж.М.И. * Сол қарыншаның алдыңғы-бүйірлік ! 55 жастағы науқасты бұрын тез жүргенде пайда болып,дем алғанда басылған, бүгін кешкі тамақтан кейін басталып 20 минутқа созылған оң жақ иығындағы ауырсыну мазалайды. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы? *+ Жедел миокард инфаркті * Үдемелі стенокардия * Вазоспастикалық стенокардия * Экссудативті перикардит * Мойын остеохондрозы ! 68 жастағы ер адам. Шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, іштегі анда санда болатын ауырсынуға, көзінің алдында екілену. Дәрлер қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын.бағ., ЖСЖ 50 соққы 1 мин. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, комплекс QRS деформацияланған, барлық әкетулерде «тегене тәрізді» ST аралығының изосызықтан төмендеуі, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолия. Науқастың жағдайының нашарлауына ЕҢ мүмкін асқынуды көрсетініз. * Гипертониялық криз * Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы *+ Гликозидті улану * Қайталанған миокард инфаркті * Мидың қан айналымының өтпелі бұзылуы ! Жүректегі ауырсынуды басу үшін, 1-5 минут ішінде пероралды нитроглицеринді қабылдау тән: *+ Тұрақты стенокардияға * Тұрақсыз стенокардияға * Миокард инфарктісіне * Қолқаның қабаттасқан аневризмасы * Перикардит ! 42 жастағы науқас эпигастрии мен төс артындағы қарқынды қысып ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: RII,III,AVF тісшесінің төмен вольтажы, STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагнозды қоюда қандай диагностикалық тесттер көмектеседі? * Жалпы қан талдауы * Қандағы холестерин, триглицеридтер *+ Кардиоспецификалық ферменттер (тропонин немесе МВ-КФК) * ЭКГ холтерлік монитерлеу * ЭхоКГ ! 55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік болғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Бұл жағдайда препараттардың қайсысы қолданылады? * Атенолол * Эналаприл * Нитроглицерин *+ Нифедипин * Аспирин ! 55 жастағы науқасты 2 сағатқа созылатын және кеуде тұсындағы үдемелі қарқынды қысып ауырсыну мазалайды. Ауырсыну алғаш рет жедел дамыды. Бұрын медициналық көмекке жүгінбеген. Қарағанда: акроцианоз, «мраморлы» тері, суық жабысқақ тер, пульсі жіп тәріздес. АҚҚ 80/60 мм сын.бағ. Бұл жағдайға қандай клинико-функционалды бұзылыс себеп болды? * Соғу көлемі * Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 60 % аз * Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 40% көп *+ Сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 20% аз * Жүректің минуттық көлемі ! Миокард инфарктісі, принцметал стенокардиясы, перикардит, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты клиникалық жағдайларда ЭКГ-да жалпы өзгеріс белгілері бар, бұлар анықтауды қиындатады. ЭКГ-дағы қандай белгілер бар? * Q тісшесі * QS тісшесі * ST сегментінің депрессиясы *+ ST сегментінің жоғарлауы * Теріс Т тісшесі ! Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқаста алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсыну төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай емдік шаралар оптималды? *+ Нейролептаналгезия * Оксигенотерапия * Тіл астына нитроглицериннің 1 таблеткасы * К/т тамшылатып нитроглицерин енгізу * Бета-блокаторлар Гастраэнтрология Изжога, отрыжка каз ! 38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға ЕҢ тиімді? *+ Эзофагоскопия * Эзофагоманометрия * Кеуде қуысының рентгенографиясы * Күштеме сынамалаымен электрокардиография * Құрсақ қуысының УДЗ ! 27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі. Қандай зерттеу әдісіЕҢ тиімді? *+ Гастроскопия * Ирригоскопия * Эзофагоманометрия * Асқазаннің рентгенографиясы * Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ ! 47 жасар ер адамды млы тағамдармен тамақтанғаннан кейін эпигастрий, сол және оң қабырға астындағы белбеу тәрізді ауыратын ауыру сезімі, нәжістің тұрақсыздығы мазалайды. Көрсетілген қандай дәрілер тобын ферменттермен орынбасушы терапияға қосу ЕҢ тиімді? * Антацидтерді * Прокинетиктерді *+ Протонды помпа ингибиторлары * Антихолинергиялық дәрілер * Гистаминді рецепторлардың Н2- бөгемелері ! Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім.Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады. Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді? * Санаторлы-курорттық ем * Симптоматикалық ем * Орын басушы терапия *+ Хирургиялықем * Диетотерапия ! 52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл-мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады. Қандай зерттеу әдісі ЕҢ тиімді? * Гастроскопия * Ирригоскопия * Дуоденальді зондтау * Бауырдың пункциянальді биопсиясы *+ Құрсақ қусының УДЗ ! 48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40-90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшееді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с. Көрсетілген антибактериальді дәрілердің қайсысы ЕҢ тиімді? *+ Ампиокс * Гентамицин * Фуразолидон * Левомицетин * Метронидазол ! Ер адамда эпигастрий мен сол қабырға астындағы жылдам өрістейтін қатты белбеулі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, үлкен дәретінің тұрақсыздығы мазалайды, сусыздану және полиурия пайда болды. Осы жағдайдың пайда болу себебі ЕҢ мүмкін: * Екіншілік дуоденит *+ Екіншілік қант диабеті * Екіншілік қантсыз диабет * Екіншілік созылмалы панкреатит * Екіншілік калькулезды емес холецистит ! 45 жастағы әйел психо-эмоциональді қобалжулардан кейін, тағамды және сілекейді жұтқан кезде пайда болатын төс артындағы кысу және ауру сезіміне шағымданады. Р-скопия – сульфат барийді жұту кезінде өңештің қисайған тәрізді, «штопорды» еске алатын спастикалық қысқаруы анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді? * Церукал *+ Коринфар * Омепразол * Анестензин * Ранитидин ! 68 жастағы ер адам аш қарында пайда болатын, тамақтан кейін азаятын эпигастридегі сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде асқазанның ойық жарасы 12 жыл бойы. Объективті: тамақтануы қанағаттанарлық, пальпация кезінде эпигастриде ауырсыну байқалады. ЭФГДС – кіші иінде құрылымы дұрыс емес, өлшемі 1,5 х 2 см, шекаралары дұрыс емес, түбі кедір бұдыр, сұрғыш жабындымен қапталған ойық жаралы жырық байқалады. Қандай диагноз ЕҢ мүмкін? * Жара пенетрациясы * Жара перфорациясы *+ Жара малигнизациясы * Жарадан қан кету * Ұлтабардың тарылуы ! 58 жастағы ер адам сол жауырын астына берілетін, тағам қабылдағаннан 20-30 минуттан кейін пайда болатын қылыш тәрізді өсіндінің астындағы қысу және күйдіру сезіміне шағымданады. Р-графияда асқазанның субкардиальді бөлігінің артқы қабырғасында «ниша» анықталады. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді? * Церукал * Эглонил * Ретаболил * Мотилиум *+ Омепразол ! Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Қандай диагноз ЕҢ мүмкін? * Созылмалы фундалды гастрит *+ Созылмалы беткей гастрит * Асқазан жарасы * Созылмалы панкреатит * Созылмалы энтероколит ! А. атты 30 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 30 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ ТИІМДІ? * Метилурацилді *+ Пантапрозол * Антибиотиктерді * Ацидин-пепсинді * Висмут дәрілерін ! Ш. атты 52 жастағы науқас, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауына, лоқсуға, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ МҮМКІН? *+ Кардия ахалазиясы * Өңеш дискенезиясы * Өңеш дивертикулысы * Өңештің пептикалық жарасы * Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы ! Науқас Х., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы ЕҢ МӘЛІМЕТтІ? *+ Пантапрозол * Фамотидин * Метронидозол * Алмагель * Метацин ! 47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ ТИІМДІ? * Прокинетиктер *+ Протонды помпаның ингибиторы * Мукоцитопротекторлар * Ниссен бойыншафундопликация * Гелдік антацидтер ! Беткейсозылмалыгастритүшiнасқазанныңшырыштықабатының биоптатындақандайморфологиялықөзгерiстер БОЛМАЙДЫ? * Асқазаншырыштықабатыныңгиперплазияаймақтары * Ішектипiбойыншаасқазанныңшырыштықабатыныңметаплазиясы * Асқазаншырыштықабатыныңлимфоплазмоцитарлыэлементтерменинфильтрациясы *+ Жаралынекротикалықөзгерiстер * Асқазанныңшырыштықабатының атрофия аймақтары ! С. атты 30 жастағы науқас тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ МҮМКІН? * Өңештің қатерлі ісігі * Кардия ахалазиясы * Өңеш дивертикулысы * Өңештің пептикалық жарасы *+ Өңештің диафрагмалық саңылауының жарығы ! Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады? * ЭхоКС *+ ЭФГДС * Асқазан рентгенографиясы * Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы * Спирография ! Р. атты науқас 40 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ ТИІМДІ? * Маалокс * Алмагель * Мотилиум * Рабепразол *+ Мизопростол ! М. атты 50 жастағы науқас майлы тағам қабылдағаннан 30 мин. кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауру сезіміне, лоқсуға шағымданады. Анамнезінде холецистэктомия. Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі және жалпы билирубин жоғарылаған. ЭФГДС: шырышты қабаттың қызаруы мен ісінуі, дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы анықталады. Мына зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ МӘЛІМЕТТІ: * Бауырды УДЗ * Колоноскопия * Дуоденография * Жалпы қарау рентгенографиясы *+ Ретроградты панкреатохолангиография Ревматология ! Қабылдауда болған 15 жастағы қызда дене қызуы 37,6 С, ірі буындарда ұшпалы ауырсынуға шағымданады. Дерт үш апта бұрын басталған, бірақ шағымдарының үнемі мазаламауына байланысты дәрігерге қаралмаған. Анамнезінен: 1 жыл ішінде үш рет баспамен және бірнеше рет ЖРА-мен ауырған, мектепке бармаған. Қазіргі уақытта оң жақ тізе мен сол жақ тізе-табан буындарында ауырсыну мазалайды, буын үстіндегі терілер аздап қызарған, ісінген; ұстағанда ыстық, буындарындағы қозғалыс ауырсыну тудырады. Кеуде клеткасындағы терісінің ортасында ашықтау емес қызғылт дақ байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз: * Инфекциялық-аллергиялық полиартрит *+ Ревматикалық артрит * Лайма ауруы * Ревматоидты артрит * Склеродемия ! ЖҚЖ –ні анықтаудың белгілері болып табылады: * Буындардың үдемелі зақымдалуы *+ Деформациясыз артрит * Буын шеміршегі тінінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері * Ішкі мүшелердің стромасы мен терінің фиброзды-склеротикалық өзгерістері * Тамырлардың микроциркуляторлы ағымының зақымдалуы ! Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз: * Бехтерев ауруы *+ Ревматоидты артрит * Ревматикалық артрит * Буындардың хондроматозы * Подагра ! 28 жастағы әйел қозғалысы шектелген тізе буынының ауырсынуымен бақылануда. Объективті: тізе буындарының дефигурациясы, зақымдалған буында шектелу. Қан талдауында: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9,0х109/л, жалпы белок 75г/л, ЭТЖ 27мм/сағ. СРБ – (++). Буындардың R-графиясы – буын маңындағы остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы. Көрсетілген аурудың базисті еміне келесі препараттарды қосуға болады: * Азатиоприн * Азатиоприн, метотрексат * +Азатиоприн, метотрексат, кризанол * Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин * Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин, преднизолон ! 32 жастағы әйел дәрігер қабылдауына келді. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының төмендеуіне, қол саусақтарының ұсақ буындарындағы ауырсынуға, бұл буындардың ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Таңертеңгілік сағ 1100 дейін зақымдалған буындарда құрысулар байқалады. Қарағанда: алақан-фалангалық буындардың дефигурациясы. Қан талдауы: эрит. 3х1012/л, гемогл. 95г/л, лейкоц. 12х109/л, ЭТЖ 36мм/сағ., СРБ – (++), α1-глобулины 11,6%. Саусақ R-графиясы: алақан-фалангалық буындардың тұсында буын маңының остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы, көптеген өрнектер көрінеді. Сіздің болжам диагнозыңыз: * Ревматоидты полиартрит II дәр. белсенділік,тез үдемелі ағымы, РД II, ФЖ1 *+ Ревматоидты полиартрит II дәр.белсенділік,баяу үдемелі ағымы,РД III,ФЖIII * Ревматоидты полиартрит III дәр.белсенділік, жылдам үдемелі ағымы, РД II, ФЖ III * Ревматоидты артрит, олигоартрит II дәр.белсенділік, жасырын үдемелі ағымы, РД I, ФЖ I * Ревматоидты артрит, моноартрит II дәр.белсенділік, баяу үдемелі ағымы, РД II, ФЖ II ! Отбасылық дәрігерге науқас 4 ай бойы омыртқаның кеуде бөліміндегі, сегізкөз-мықын аймағындағы құрысуға, бел аймағындағы қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Қандай рентгенологиялық көріністі көруге болады? *+ Сүйек қырларының айқын болмауы, периартикулярлы склероз, буын анкилозы * «Бамбук таяқшалары» түріндегі сүйек көпірінің түзілуі * Деструктивті өзгерістер, квадратты, «жоңылған омыртқалар» * Перифериялық буындардың ассиметриялық өзгерістері * Кеуде-қабырға, кеуде-бұғана қосылысының, кеуде-қабырға қосылысының анкилозы ! 30 жастағы жас ер адам тізе буынындағы ауырсынуға, дене қызуының 38,5С көтерілуіне, үрпіден аз мөлшердегі бөлініс бөлінуіне, ауыз қуысындағы жараға шағымданады. Склера тамырларының қызаруы байқалады. Қарағанда тізе буындары ісінген, оң жағынан көкшіл сипаттағы қызару, қозғалыстың шектелуі байқалады. ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Үрпіден алынған жағындыда хламидий табылды. Мүмкін диагноз? * Ревматикалық қызба * Остеоартроз * Подагра * РА, буындық түрісу *+ Рейтер ауруы (синдром ) ! 37 жастағы науқас күні бойы барлық буындарындағы құрысуларға, дене қызуының 37,5-38*С дейін көтерілуіне, жүдеуге, тізе буындарындағы бірден ісінуге және деформацияға, ауырсынумен жүретін саусақ ұштарының бозаруына, бұлшықеттеріндегі кезеңді ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына жыл боған. Жағдайының нашарлауы асқынусыз өткен 2-ші рет босанғаннан соң байқалды. Объективті: Саусақ буындары деформацияланған, ісінген, тізе буындарында айқын ісіну мен деформация, оларда қозғалыс шектелген, саусақтарда, сүйек аралық бұшықеттерде сему. Ішкі мүшелердің патологиясы табылған жоқ. Қандай диагноз? * Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы, белсенділігі II. * ЖҚЖ, созылмалы ағымы, белсенділігі III. *+ РА, буындық-висцералды түрі, полиартрит, белсенділігі III, МПТ * Дәнекер тінінің аралас ауруы * Жүктіліктен соң дамыған жүйелі остеопороз ! Науқаста ЖҚЖ, жеделдеу ағымы, белсенділігі II (дерматит, артрит, кардит, Верльгоф синдромы, нефрит, симптоматикалық АГ, СБЖ 0) анықталды. Көрсетілген жағдайда патогенетикалық емді қолдану нұсқасы қайсысы? * Преднизолон 1мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы * Преднизолон 0,5 мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы * Пульс терапия мега дозами гормонов ежемесячно в сочетании с постоянным приемом преднизолона в дозе 1мг/кг массы тела *+ Ай сайын гормондар мен цитостатиктерді мега-мөлшермен пульс-терапия * Артериалды гипертонияның болуына байланысты гормондар қарсы көрсеткіш болып табылады. Аминохинолин препаратарын тағайындау қажет. ! 6 жасар бала қабылдауға келді. Шағымдары: буындарындағы ауырсыну, таңертеңгілік құрысу, қызба, 2 жасынан бастап буындық синдром. Стероидты емес препараттар уақытша ғана әсер етеді. Қарағанда : жағдайы ауыр, физикалық дамуының қалуы, жамбас-сан буындарының зақымдалуына байланысты балдақтарды қолданады. Қолтық асты, шынтақ лимфа түйіндері пальпацияланады. Тізе, табан, білезік буындарының көлемі ұлғайған, сипағанда ыстық, қозғалысының шектелуі. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Бауыр+5см. ЖҚА: Hb-90 г/л, L-15,0·109/л, СОЭ-45мм/сағат, ЖЗА-белок-0,33%, Қай ауру туралы ойлауға болады? * Анкилоздаушы спондилоартрит * Рейтер ауруы * Ювенильді ревматоидты артрит *+ Стилл Синдромы * Вислера –Фанкони Синдромы ! Ревматоидты артрит дегеніміз: *+ Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру * Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру * Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру * Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру * Фалангааралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру ! 45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын. Сіздің диагнозыңыз? * Реактивті артрит * Рейтер синдромы *+ Подагра * Псориаз * Ревматиті полиартрит ! 27 науқас табан-фалангалық, тізе буынындағы ауырсынуға, буындардың ісінуіне, қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Таңертең буындардағы құрысулар түске дейін созылады. Қарғанда: табан-фалангалық және тізе буындарында дефигурация. Қан талдауында: эрит. 3,2х1012/л, гемогл. 105 г/л, лейкоц. 12х109/л, ЭТЖ 36 мм/сағ. Бармақтар рентгенографиясында: табан – фалангалық буын аймағының остеопороз белгілері, буын қуысының тарылуы, көптеген бедерлер. Алынған мәліметтер бойынша диагноз қойыңыз. * РА, полиартрит, тез өршімелі ағым, белсенділік III, РС I *+ РА, полиартрит, баяу өршімелі ағым, белсенділік II дәреже, РС III * РА, полиартрит, аз өршімелі, белсенділік I, РС II * РА, олигоартрит, баяу өршімелі ағым, белсенділік II дәреже, РС IV * РА, моноартрит, тез өршімелі ағым, белсенділік III, РС III ! 62 жастағы науқас оң жақ тізе буынындағы ауырсынуға, таңертеңгі құрысу 2 сағат дейін, буынның қиын қозғалуы мен қозғалғандағы сықырға шағымданады. Анамнезінен: ауру 5 күн бұрын басталған. Қарағанда: оң тізі буынының дефигурациясы, зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі, ісінген, ұстағанда ыстық. Қан талдауы: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9х109/л, жалпы белок 75 г/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Диагноз қойыңыз: * ДОА, біріншілік гоноартроз, ФЖ I дәр. * ДОА, біріншілік олигоартроз, ФЖ II дәр. * ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ III дәр. * ДОА, біріншілік коксоартроз ,ФЖ II дәр. *+ ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ II дәр. ! 11 жастағы қыз бала, дене қызуының жоғарылауына, буындардағы, бұлшықеттердегі ауырсынуға, беттегі және кеуде бөліміндегі бөртпелерге. Объективті: бет сүйегі, кеуде аймағында эритематозды бөртпелер. Жүрек шекаралары сол жаққа қарай 2 см-ге ұлғайған, тондары тұйықталған, функционалды тембрлі систолалық шу. ЖҚА: L–4,2х109/л, ЭТЖ – 40мм/сағат, Нв – 100г/л, эр – 3,1х1012/л. ЖЗА белок–0,628‰, эр - 10-12 көру аймағында. Болжам диагноз және диагнозды нақтылау үшін не анықтау керек: * Ревматикалық қызба, СРБ, дефиниламиндік пробаны анықтау * Ревматоидты артрит, СРБ, LE-жасушаларды анықтау *+ Жүйелі қызыл жегі, LE-жасушалар, ДНК-ға антиденелерді анықтау * Дерматомиозит, LE-жасушаларды анықтау * Склеродермия, ДНК-ға антиденелерді, дефиниламиндік пробаны анықтау ! 6 жастағы қыз бала. Қол-аяқ буындарының және арқа бұлшықеттердегі ауырсынуға, қатты тамақты жұтудың қиындауына. Объективті: терісінде – жоғары қабақта қызыл-күлгін түсті ісінген эритема, Готтрон белгісі – саусақтардың буындарының жазғыш беткейінде қызыл-күлгін кератикалық атрофиялық эритема. Лабораторлы: трансфераза, КФК, ЛДГ белсенділігінің жоғарлауы. Алдын-ала диагнозды атаңыз: * Склеродермия * Ревматизм * Ревматоидты артрит *+ Ювенильді дерматомиозит * Жүйелі қызыл жегі ! 13 жасар қыз бала. 5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Диагноз? * Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік * Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік *+ Ювенильді ревматоидты артрит,II дәрежелі белсенділік * Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік * Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік ! Карина 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Шағымдары: тәбетінің нашарлауы, жайсыздық, қызба, бұлшықетінде, сүйектерінде, буындарында ауырсыну. Бала 5 кг арықтаған. Бетінде, мойнында, кеудесінде, аяқ-қолында эритематозды бөртпе. Жарыққа сезімталдығы жоғарылаған. Шаштары қатты, сыңғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфаденопатия. Қанының қабыну реакциясы, зәрінде нефритке тән өзгерістер. Дәрігермен жүйелі қызыл жегі анықталған. Қандай зертханалық көрсеркіштер диагноз қою үшін скринит тесттер болып табылады. * Гемолитикалық комплемент * Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер * аминотрансфераза, альдолазалар *+ Антинуклеарлы антиденелер * Холестерин, фибриноген ! 14 жастағы ұл бала. Кіші қол буындарындағы ауырсыну, таңертеңгілік буындардың құрысуы, дене қызуының 37,50 С-ге дейін жоғарылауы, қышқыл фосфатазаның лимфоциттерде, сілтілі фосфатазының нейтрофилдерде жоғарылауы. Тағайындалды ацетилсалицил қышқылы 0,015 г 50-70 мг/кг дене салмағына тәулігіне, алмагель 1 ас қасық күніне 3 рет. Ацетилсалицил қышқылы қандай мақсатпен тағайындалды? *+ Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы мақсатпен, алмагель ацетилсалицил қышқылының льцерогенді әсерінің алдын алу үшін * Ацетилсалицил қышқылы қанның ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоршайтын (обвалакивающим) серіне байланысты * Ацетилсалицил қышқылы дене қызуын төмендететін әсерімен байланысты, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты * Ацетилсалицил қышқылы қанның ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты * Ацетилсалицил қышқылы ауырсынуды басатын, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты ! 13 жасар қыз бала. 5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Диагноз? * Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік * Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік *+ Ювенильді ревматоидты артрит,II дәрежелі белсенділік * Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік * Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік ! 42 жастағы әйел 1,5 ай бойы дене қызуының 390С көтерілуі қалтыраумен жүруіне, шамалы физикалық жүктемеге ентігуіне, басының ауруына шағымданады. Өздігінен ыстық түсіретін затарды, сульфаниламидтерді, ампициллинді бес күндік курспен қабылдаған. Дене қызуы 38,20С. Тері жабындылары боз,бет пен алақан терісінде бірең-сараң петехиалды экзантемалар көрінеді, пульсі минутына 100 рет, АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ., жүрек тондары тұйықталған, кеуденің сол жақ шетінен жоғары жиіліктегі диастолалық шу естіледі, келесісі бірден II тоннан соң естіледі, гепатоспленомегалия байқалады Науқаста не болуы мүмкін? * Ревматизм, белсенді фазасы және митралды стеноз * Инфекциялық эндокардит, қолқалық және қолқалық жетіспеушілік * Ревматизм, белсенді фазасы, қолқалық және қолқалық жетіспеушілік *+ Инфекциялық эндокардит және митралды жетіспеушілі * Инфекциялық эндокардит және митралды стеноз ! 23 жастағы науқас дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға шағымданады. Бала кезінде жиі баспамен ауырған. Қарағанда: пульсі аз, баяу, каотидтер биі. Аускультацияда: қолқа және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу, ең жақсы естілетін нүктесі қолқада, ұйқы артерияларына және жауырын аралыққа беріледі, жүрек ұшында 1 тон , қолқада 2 тон әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз? * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды жетіспеушілік, Ж IIБ . *+ Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, , қолқа стенозы Ж IIБ . * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, үш ашпалы қақпақша стенозы,Ж IIБ. * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, , митралды стеноз Ж IIБ * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа жетіспеушілігі, Ж IIБ . ! 28 жастағы науқас, аз физикалық күш түскендегі ентігуге, тез шаршауға, жиі жүрек соғысына шағымданады. Бала кезінде жиі баспамен ауырған Аускультацияда: жүрек ұшы соққысы күшейген, жүрек ұшында диастолалық шу, қатты естілетін I тон, өкпе бағаны үстінде II тонның екі еселенуі, митралды қақпақшаның ашылу қосымша ІІІ тон (бөдене бытпылы). Сіздің диагнозыңыз? * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды жетіспеушілік, Ж IIБ . *+ Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митралды стеноз, Ж IIБ . * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, үш ашпалы қақпақша стенозы,Ж IIБ. * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа стенозы, Ж IIБ * Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, қолқа жетіспеушілігі, Ж IIБ . ! 32 жастағы ер адам ұзақ уақыт дене қызуының 38,4*С көтерілуіне және кешке қарай субфебрилді деңгейге дейін төмендеуіне, қалтырауға, тершеңдікке, тізе буынындағы ауырсынуларға,құрғақ жөтелге, бас ауруына, әлсіздікке, делсалдыққа шағымданып келді. Ананезінен: 2 жыл шопан болып істеген. Қан талдауында: лейкоциттер 3,2х109/л, лимфоциттер 56%, Райт-Хеддльсон реакциясы 1:200. Науқаста қызбаның қай түрі? * Тұрақты * Әлсірететін * Ауыспалы * Гектикалық *+Толқын тәрізді ! 9 жастағы қыз бала. Диспансерлік бақылауда 5 жыл бойы созылмалы тонзиллитпен бақылауда тұр. Соңғы өршу 3 апта бұрын болған, амбулаторлы емделген, жағдайы нашарлап, шаршағыштық, артралгия, тахикардия байқалды. Осы балаға тонзилэктомия жүргізу керек пе? Егер керек болса, қашан жүргізу керек: * Жоқ, жүргізуге болмайды, себебі балада созылмалы тонзилиттің өршу белгілері бар *+ Жоқ, жүргізуге болмайды, себебі баллада ревматикалық үрдістің өршу белгілері бар * Иә, жүргізу керек, себебі созылмалы тонзилиттің өршуінің минимальді белгілері бар * Иә, тонзилэктомия жүргізу керек, себебі баллада созылмалы тонзиллиттің өршуінің белгілері жоқ * Иә, тонзилэктомия жүргізу керек, себебі баллада ревматикалық үрдістің белгілері анықталмайды ! 10 жастағы ұл бала. Шағымдары дене салмағының 37,80 С-қа дейін жоғарылауы, тізе буындарындағы ауырсынуға. Анамнезінде 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Перкуторлы: жүрек щекарасының 1 см-ге солға жылжуы, аускультативті – екі тонның да тұйықталуы, үрлеген тембрдегі систолалық щу. ФКГ: жоғары жиіліктегі эндокардиальді шу. Лабораторлы: ЭТЖ – 20 мм/сағ., L- 8,5x109 /л, антистрептолизин О деңгейінің жоғарылауы. Диагноз қойыңыз: * Жедел ревматикалық қызба 1, белсенді фаза, қақпақшалардың ақауынсыз біріншілік ревмакардит, полиартрит, жедел ағымды, Ж0 * Жедел ревматикалық қызба 2, белсенді емес фаза, ревматикалық миокардиосклероз, латентті ағым, Ж1 *+ Жедел ревматикалық қызба 1, белсенді фаза, митральді қақпақшаның эндокардиті, полиартрит, жедел ағымды, Ж0 * Жедел ревматикалық қызба 2 , белсенді фаза, митральді қақпақшаның перикардиті, полиартрит, жедел ағымды, Ж0 * Жедел ревматикалық қызба 3, белсенді фаза, аорталды қақпақшаның қайтымды эндокардиті, миокардит, полиартрит, жеделдеу ағымды, Ж1 ! Жедел ревматикалық қызба кезінде артрит синдромы сипатталады: *+ ұшпалы ауырсыну, қысқа мерзімді * қабыну өзгерістердің тұрақтылығымен * тұнгі және кешкелік ұақытта кұштемеден ауырсынуы * таңғылық құрысумен * бурситтер, башпайдың зақымдануы ! 10 жастағы баланың тізе және тобық буындардың ауырсынуы және ісінуі, дене қызыуның 38,00С. Жүректің сол жақ шекарасы +2 см ұлғайған. Журек тондары түйықталған. Бір апта бұрын ангинамен ауырған. Сіздің болжама диагноз? * постинфекциялық миокардит *+ Жедел ревматикалық қызба * ревматоидтық артрит * септикалық кардит * реактивті артрит ! Ревматизмнің этиотропты еміне жатады: *+ пенициллин * стрептомицин * канамицин * гентамицин * оксациллин ! Иммунологиялық механизмі бар ревматикалық емес кардит кезінде еміне қолданады: *+десенсибилизациялаушы препараттар * стероидты емес қабынуға қарсы препараттар * пенициллинді топтар препараттар * протеаз ингибиторлар * антикоагулянттар ! Ревматикалық миокардит кезінде клиникалық қөріністеріне жатады: * +тұйық тондаржәне жұрек шеқаралардың кенеюі * тұйық тондар және жуан систолалық шуы * тұйық тондар және жуан диастолалық шуы * қатты тондар және жуан систолалық шуы * қатты тондар және жұрек шеқаралардың кенеюі ! 32 жастағы әйел адам, профилактикалық қаралуға келген. Анамнезінде – 14 жаста бірінші ревматикалық атака, буын және эндокардитпен сипатталған. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршауы, ентігу, кешке тобық аймақтарда ісіну пайда болу. Жағдайы қанағаттарлы .Дене терісі таза, бозарған .Жүрек тондары тұйықталған, жұан пансистолиқалық шу естіледі. Тобықтарының ісінуі байқалады. Сіздің тактикаңыз: * Динамика кезінде бақылау * Ревматологқа жолдама беру * Кардиохирургқа жолдама беру * Антибиотик және фуросемид тағайындау *+ ЭхоКГ допплерографиямен жолдама беру ! Жедел ревматикалық қызба ауруының қоздырғышы: * Стафилококк * Пневмококк * Иерсиния *+ Бета-гемолитикалық стрептококк * Хламидии ! 30- жастағы әйел адам 2 ай бұрын ревматиқалық этиологиясының митральды қақпақша стенозына операция жасалынған . Шағымдары жоқ.Қарағанда өкпе, жүрек, құрсақ ағзаларында өзгерістер жоқ. Ең ықтимал стеноздің рецидивін алдын алудың факторды көрсетініз. * Ацетилсалицил қышқылын мезгіл тағайындау * Тонзиллэктомия * Бициллинді мезгіл тағайндау * Жыл бойы бициллинопрофилактика *+ Клопидрогель ! НLA-В 27 гистологиялық сайкестілігінің антиген тұқым қуалаушы маркері бар қай ауруға тән : * Ревматизм * Ревматоидтті артрит *+ Бехтерев ауруы * Подагра * Рейтер ауруы ! 8 жастағы бала . Анамнезінде жиі ЖРЗ, ангиналар.Созылмалы тонзиллит аурумен 3 жастан диспансерлық бақылауында. Ангинадан кейін 3 апта ішінде шаршағыштық,артралгия, тахикардия, жүректің шекарасынын ұлғайуы, систоликалық шу. Тактика және бастапқы диагноз: * инфекция-аллерголарық миокардит, госпитализация *+ ревматизм, госпитализация * инфекция-аллерголарық миокардит, амбулаторды емдеу * ревматизм, амбулаторды емдеу * туа біткен журек ақауы, госпитализация ! 14 ж науқас, шағымдары қолдағы терінің тығыздауы және қалыңдауы тыныс алуының қиындау, кеуде клеткасыңың сол жақ бөлігінде ауыру сезіміне және тамақ жутқанан кейін бөгде зат тұрғандай сезім. 2 ай бойы Рейно синдромы. Диагноз? * Ювенильді ревматоидті артрит * ЖҚЖ * Жүйелі склеродермия *+ Дерматомиозит * Ревматизм ! Балалардағы жүрек ақауының негізгі себебі: * Рахит * Фиброэластоз * ЖҚЖ * Септикалық эндокардит *+ Ревматизм ! Балада болжама диагнозы «ревматизм» . Уйде госпитализацияға дейінгі мақсатты ем: * Преднизолон * Бетаметазон * Дексаметазон * Супрастин *+ Ибупрофен |