Об особенностях учебного процесса. Об особенностях учебного процесса в организациях образования РК. Учебного процесса в организациях образования
Скачать 6.6 Mb.
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» 10-11-сыныптар Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» және «Әдебиеті» пәндері 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пән ретінде оқытылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Білім алушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының(газет-журналдар, т.б.) материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетінің тақырыптық және тілдік ортақтығы арасындағы өзара байланыстың күшейтілуі арқылы білім алушылардың қазақ тілінің түрлі стильдерін бір оқу бағдарламасы аясында меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені ортақ тақырып қазақ тілі мен әдебиеттен алынатын білімдердің ерекше синтезін жасайды. Оны меңгерту үшін жаңа деңгейдегі оқу-танымдық процесті ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдер жүйесі де айқындалуы керек. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар: - сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады; - тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; - ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады; - коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді; - қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады, сабақты ұйымдастыру, ең алдымен, оқу материалының ерекшелігіне, сынып деңгейіне негізделеді. Жаңартылған коммуникативтік 290 бағыт тек коммуникативтік әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші бөлшектерге бөліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа төменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі құрастырылады. Өйткені коммуникативтік бағытты ұстану үшін мұғалім мен білім алушылардың және білім алушылардың өзара, жеке, жұпта, топпен, ұжыммен еркін түрде сұхбаттасуына лайықталып құрылған білім берудің жүйелі үдерісі қалыптасуы керек. Бағдарламада көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижесіне жету үшін мұғалім мен білім алушының өзара педагогикалық ықпалдасуы жаңа дәрежеге көтерілуі тиіс. Ол дәрежеге өзара сыйластық, іскери ынтымақтастық және сұхбаттасып отыру арқылы қол жеткізуге болады. «Субъекті - субъектілік» дидактикалық қарым-қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде әрбір білім алушы жеке тұлға деп танылады және олардың әрқайсысы қазақ тілін оқып-үйренуі барысында өзінің ішкі құндылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болуы міндетті болады. Мұғалім білім алушылардың қазақша еркін сөйлеп, жазып, үйренуі үшін түрлі интерактивтік әдістерді қолданып, бірге коммуникативтік жағдаяттың шешімін іздеп, олармен эмоциялық жақын болуы керек. Ынтымақтастық, достық, сыйластық, түсіністік орнату – басты қағида болады. 10-11-сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген. 1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 8) 10-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат. 9) 11-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. 2. Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B2) негізге ала отырып, айқындалған. 3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады. 4. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді. 5. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды: 1) тыңдалым; 291 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым; 5) тілдік бағдар. 6.«Тыңдалым»бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) болжау; 2) назарын шоғырландырып тыңдау; 3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; 4) көркем шығармаларды тыңдау; 5) негізгі ойды анықтау; 6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру. 7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) мәтіндегі ақпаратты анықтау; 2) стильдік ерекшеліктерді анықтау; 3) көркем шығармаларды оқу; 4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау; 5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу; 6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау. 8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру; 2) эссе жазу; 3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу; 4) мәліметтерді жинақтау; 5) орфография және пунктуация. 9. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) сөздік қорының алуандығы; 2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті; 3) орфоэпиялық нормаларды сақтау; 4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау; 5) сенімді және еркін жауап беру; 6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту. 10. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) сөз таптары; 2) сөйлем. Мұғалімдер сабақ жоспарлауда төмендегілерге назар аударулары тиіс: 1. Дифференциация (саралап оқыту) – оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. Қабілеті жоғары немесе төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, сабақ мақсаттары, бағалау нәтижелері, тапсырмалар деңгейі қарапайымнан күрделіге қарай құрастырылуы қажет. Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушыларды қабілеттеріне қарай араластырып отыру ескеріледі. Орта мерзімді жоспардың «Мұғалімге арналған ескертпелер» бағанында нақты түрлерін практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген. 2. Сабақ барысында оқушыларға жеке «ойлан», жұппен «талқыла» және топпен «бөліс» әдісін кеңінен қолдану ұсынылады. Бұл өз кезегінде 292 оқушыларға білім, ақпарат, идея, тәжірибе алмасуға, сыни ойлауға мүмкіндік береді. 3. Орта мерзімді жоспарларда әр сынып бойынша әртүрлі лексикалық тақырыптар берілген. Лексикалық тақырыптар белгілі бір салаға байланысты сөздік қорды меңгеруге, ақпараттармен танысуға, танымын кеңейтуге бағыттайды. Сыныптан сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында байланыс болу үшін бір тақырыпты әртүрлі мақсатта қарастыру ұсынылған. Бұл байланыс сол тақырыпта қарастырылатын мәселеге, деректерге әртүрлі қырынан келуге мүмкіндік береді. 4. Орта мерзімді жоспарларда әр бөлімге арналған сағат сандары ұсынылған. Пән мұғалімі оқушылар мен сыныптардың ерекшеліктеріне қарай сағат сандарына өзгеріс енгізе алады. Дегенмен, бір тоқсанға берілген лексикалық тақырыптар мен оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс. 5. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқыту ресурстары үлгі болып табылады. Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана алады. 6. Бір сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін бір немесе екі оқу мақсаты (дағды) ғана алынғаны дұрыс. Үш немесе одан да көп дағдыны алу сабақтың мақсатына жетуге, қажетті дағдыларды терең қалыптастыруға мүмкіндік бермей, оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін. 7. Негізгі орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының 2-қосымшасындағы лексикалық-грамматикалық минимумда әр бөлім бойынша берілген лексикалық минимум (актив) толық қамтылуы тиіс. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: - күнделікті тақырыптар аясында және таңдау тақырыбына байланысты: ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу; - ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны жалғастыру; - ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі баяндау; - әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне білу және бағалау; - бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну; - тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну; - мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту; - тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; -мәтін бойынша жоспар құру; - тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; - мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу; - ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру; - жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, «Бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»); 293 - жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы,«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»); - ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу; - берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: - қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі таңдағы газет-журналдар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.; - көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу үшін оқу; - кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау; -интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау); - мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; - әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау); - көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; - мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; - ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: - тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу; - оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу; - әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру; - әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру; -газетке шағын хабарлама/мақала жазу; - белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; - әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; - ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру; -сұхбатқа сұрақтар дайындау. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс, сонымен бірге оқыту барысында төмендегі бірқатар мәселелерді ескеру керек: - сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарлау; - қысқа уақыт алатын жаттығу дайындау (әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұрмайды); - бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, оқушыларға сабақтың басты мақсаты туралы ескертіп отыру; - сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отыру; - жеке, жұптық, топтық немесе барлық сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 294 Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 74-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны Сынып Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 10-сынып 2 2 2 2 11-сынып 2 2 2 2 Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі (Т2) Сы- нып- тар Қазақ тілін меңгер у-дің деңгей -лері Жыл- дық оқу жүкте- месі- нің көлемі Бір сабақ та мең- гері- летін сөз саны Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі Бір ап- та- да Оқу жы- лын- да Актив сөздер саны Норма Тоқсан бойынша 1 2 3 4 min maх 10 В2 170 3 10 318 80 80 90 80 318 330 11 3 Ескертулер *-12 сағат.(Жиынтық бағалау) * Барлығы: 2974/3098 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады: – 22 наурыз – Наурыз мейрамы; – 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні; – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; – 9 мамыр – Жеңіс күні; – 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. – 6 шілде– Астана күні; – 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; – 1 қыркүйек – Білім күні; – 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні. – 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күні; – 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. – 16-17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 295 Сонымен қатар келесі атаулы күндерді ескеру ұсынылады: 22.09. – жазушы Несіпбек Айтұлының туғанына 70 жыл (1950 ж.); 24.04. – жазушы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 85 жыл (1936 ж.); 09.01 – қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931 – 1976). Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: 1) nao.kz(Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты); 2) u-s.kz(Ұстаздар сайты); 3) ustaz.kz(Ашық сабақтар сайты); 4) https://bilimland.kz/ru (online мектеп) testent.ru/news/uroki (Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабақтары); 5) sabak.ucoz.org/news(Қазақстанның шығармашыл мұғалімдеріне арналған сайт); 6) plani.kz (Қазақстан мұғалімдеріне арналған сабақ жоспарлары); 7) agartu.com(мұғалімдерге арналған интернет- журнал); 8) testent.ru (Білім беру сайты). Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын, шығармашылық қабілетін, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ӘНХ қосымшасында(442-445 б.). әдебиеттер тізімі ұсынылады. Учебный предмет «Русский язык и литература» (с нерусским языком обучения) Целью обучения учебному предмету «Русский язык и литература» является совершенствование навыков речевой деятельности, основанных на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правил и норм русского литературного языка, правил речевого этикета, что способствует развитию функциональной грамотности обучающихся. Программа по предмету «Русский язык и литература» способствует становлению мировоззрения обучающегося, дает возможность пользоваться информацией различных сфер: социально-культурной, социально- экономической, социально-юридической, научно-технической, учебно- профессиональной; помогает ориентироваться в общемировом образовательном пространстве. Учебная программа направлена на развитие всех видов речевой деятельности. Задачами учебного предмета «Русский язык и литература» являются: 1) развитие навыков слушания, говорения, чтения, письма, необходимых для общения в социально-культурной, социально-экономической, научно- технической, учебно-профессиональной сферах жизни; 296 2) совершенствование знаний о единицах языковой системы, правилах их сочетания, функционирования, навыках и умениях конструирования синтаксических структур в соответствии с нормами и правилами русского языка, а также знание теоретико-литературных понятий; 3) развитие умения анализировать художественный текст, определять род и жанр литературного произведения, характеризовать роль изобразительно- выразительных средств, формулировать идею и проблематику произведения; 4) развитие умения выражать собственное отношение к прочитанному, выявлять авторскую позицию; 5) совершенствование навыков создания связного текста (устного и письменного) на соответствующую тему с учетом норм русского литературного языка; 6) совершенствование умений и навыков, связанных с поиском, переработкой и фиксацией информации; 7) совершенствование навыков критического мышления, направленных на формирование у обучающихся навыков на основе чтения и письма, исследовательских умений, навыков анализа, синтеза, оценки, интерпретации информации, полученной на других предметах; 8) использование различных видов чтения в соответствии с коммуникативными задачами; 9) обогащение словарного запаса обучающихся узкоспециальной лексикой и фразеологией русского языка; 10) совершенствование навыков использования информационно- коммуникационных и компьютерных технологий; 11) формирование толерантного отношения к языкам и культурам различных этносов, проживающих в Казахстане и за рубежом. Грамматический материал изучается в контексте лексических тем на основе текстов художественных произведений. Содержание учебной программы организовано по разделам обучения, включающим виды речевой деятельности и использование языковых единиц. Разделы разбиты на подразделы, которые содержат в себе цели обучения по классам в виде ожидаемых результатов по классам. Цели обучения, организованные последовательно внутри каждого подраздела, позволяют планировать работу и оценивать достижения обучающихся, а также информировать их о следующих этапах обучения. В структуру учебной программы включен долгосрочный план, в котором отражены темы изучаемых разделов, цели обучения, изучаемые произведения художественной литературы на учебный год. Цели обучения в учебной программе направлены на изучение темы урока, содержание и выработку навыков, которые обучающиеся должны освоить на конкретном уроке. Цели обучения содержатся в учебной программе, учебных планах. Учебная программа по предмету содержит цели обучения. 297 Краткосрочный план – это предложенные действия на основе целей обучения. При составлении краткосрочного плана учитель может руководствоваться следующими рекомендациями: - при организации урока необходимо руководствоваться целями, указанными в учебной программе и в учебном плане; - следует детализировать формулирование целей урока, то есть ставить конкретные, измеримые, достижимые цели; - на уроке должны быть организованы все виды деятельности; - при необходимости следует дополнить виды деятельности по усмотрению самого учителя. В план урока следует включить следующие пункты: - пишите четко сформулированные и подходящие цели урока; - включите детали различных компонентов плана урока; - предоставьте подробную информацию о стадиях учебной деятельности и достижения задач обучения, которые логически упорядочены и алгоритмированы для выполнения обучающимися; - определите соответствующие стратегии для разработки целевых знаний и навыков, предусмотрите проблемы и предложите решения, касающиеся необходимых навыков; - спланируйте использование соответствующих материалов и ресурсов. Наиболее эффективными в повышении успешности обучающихся являются следующие стратегии: - активное обучение (когда обучающиеся выполняют задания и реализуют практические навыки); - обратная связь (дискуссия об обучении, включающая в себя предоставление личного мнения, которая может происходить либо между сверстниками, либо между учителем и обучающимся); - укрепление уверенности (использование похвалы для мотивации и придания уверенности обучающемуся); - качество обучения (планирование дифференцированных заданий). При изучении учебного предмета «Русский язык и литература» рекомендуется: - создавать позитивную атмосферу обучения, вовлекать всех обучающихся; - воспитывать у обучающихся уверенность, ответственность, активность и направлять на самоанализ, рефлексию и инновационную деятельность; - использовать эффективные методы преподавания, направленные на развитие навыков обучающихся; - организовывать, управлять и планировать групповую (фронтальную или работу в малых группах), индивидуальную, парную или коллективную формы работы, эффективно использовать материалы, ресурсы и дополнительные материалы для проведения запланированных уроков, согласно установленным целям; - использовать простой, понятный язык для объяснения обучающимся идей, для инструктирования, в разъяснении значений слов; - наблюдать за обучающимися и предоставлять обратную связь. 298 В обучении русскому языку как второму рекомендуется исследовать методы активного чтения и письма, что в дальнейшем сформирует эффективные навыки говорения и аудирования. Некоторые моменты, которые следует учитывать при использовании различных заданий: - рекомендуется планировать множество различных заданий в рамках одного урока. На одном уроке необходимо включить четыре, пять или более различных заданий. Предусмотреть работу в коротких промежутках времени, например, 10 минут. Время, за которое обучающиеся могут сосредоточить свое внимание, часто довольно короткое; - обращать внимание, что каждое задание следует за предыдущим, и постоянно напоминать обучающимся о главных учебных целях. Повторяйте задание по-разному. Например, сделать задание в устной форме, а затем попросить класс сделать ту же самую задачу в письменной форме. Это помогает обучающимся понять задачу, приводит к плавному переходу, укрепляет предыдущее обучение и позволяет обучающимся практиковать более одного навыка; - включать индивидуальные, парные, групповые задания в деятельность всего класса. Объем учебной нагрузки по учебному предмету «Русский язык и литература» составляет: 1) в 10 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году; 2) в 11 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году. При оценке языковых компетенций необходимо учитывать следующее: 1. Языковые ошибки обучающихся следует отмечать и обращать их внимание на совершенные ошибки доступным для них способом, однако ошибки не могут повлиять на оценку, если ученик может доступно продемонстрировать свои знания. Главная задача ученика передать свое сообщение, грамматика при этом может страдать. Постепенно самовыражение становится более точным и корректным. 2. Ученики, отвечая на вопросы, могут использовать и первый язык. Поскольку вначале ограниченный словарный запас и знание целевого языка могут стать препятствием при высказываниях и ответах, то на первой стадии обучения это (по крайней мере, частично) разрешается. При этом следует договориться, в какой момент все ученики перейдут на ответы на неродном (целевом) языке и, начиная с того момента, применение первого языка становится скорее исключением. Как правило, в устной речи учитель исправляет возникшую ошибку с помощью перефразирования, повторения правильной формы от ученика не требуется, потому что это может прервать выражаемую мысль, а также ученик может потерять уверенность в выражении мыслей на неродном языке. 3. Если одна и та же ошибка повторяется вновь, в конце объяснения соответствующей темы учитель приводит примеры правильных форм и при необходимости делает ударение на грамматике. Помимо этого, либо педагог, 299 либо класс в целом, в виде совместной деятельности, могут привести некоторые соответствующие теме примеры выражений, имеющие то же самое лингвистическое содержание. 4. При проверке письменных работ языковые ошибки также не учитываются (если выраженная мысль или текст понятны), но педагог указывает это в своих комментариях. 5. На встрече учителя-предметника с учителем языка передается проблемный языковой материал, чтобы учитель языка мог повторить тему на следующем уроке. Ниже в таблице 75 дано количество суммативного оценивания за раздел/сквозную тему. Таблица 75. Количество суммативных оцениваний по предмету «Русский язык и литература» Класс Количество суммативных оцениваний за раздел/сквозную тему 1 четверть 2 четверть 3 четверть 4 четверть 10 класс 1 1 1 1 11 класс 1 1 1 1 Итоговая аттестация обучающихся является частью системы критериального оценивания, которая также включает формативное и суммативное оценивание. Целью оценивания является определение степени освоения обучающимися объема учебной программы по предмету «Русская литература» в соответствии с Государственным общеобязательным стандартом основного среднего образования. Итоговая аттестация обучающихся 11-х классов охватывает содержание Типовой учебной программы по предмету «Русская литература» (с русским языком обучения) для 5-9 классов уровня основного среднего образования по обновленному содержанию. Уровень знаний и умений, а также навыки обучающихся определяются ожидаемыми результатами ГОСО. Экзамены проводятся согласно Типовым правилам проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» от 18 марта 2008 года № 125. |