Главная страница
Навигация по странице:

  • Қан компоненттері [7]

  • ТК құю тиімділігінің критерийлері

  • Антипротеазды терапия

  • Ерте инотропты қолдау

  • Бактерияға қарсы терапия

  • Телімді ( спецификалық ) терапия

  • Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі

  • деңгейде көрсетілетін дәрі - дәрмектік

  • тізбесі Вирусқа қарсы препараттар

  • Конго

  • Ауруханаішілк инфекция жұқтыруды профилактикалау және бақылау

  • Жеке қорғаныш құралдарына (ЖҚҚ) ұсынымдар [3]

  • 1дегей Аденовирусты инфекцияны патогенезі, салыстырмалы диагностикасын млімет жинатаыз, таптастырыыз


    Скачать 0.53 Mb.
    Название1дегей Аденовирусты инфекцияны патогенезі, салыстырмалы диагностикасын млімет жинатаыз, таптастырыыз
    Дата10.12.2021
    Размер0.53 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаInfektsia_6_kurs_zhauap_etalon.docx
    ТипДокументы
    #298721
    страница6 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Толықтырушы ем:
    •  ЖМП (тәуліктік көлемі 3 л-ге дейін)
    ЖМП бірінші инфузиясы 15-20 мл/кг көлемінде, сорғалатып;
    Қайталап құюәсері болмаған кезде, сол көлемде, 4-8 сағаттан кейін [7].
    ЖМП құю тиімділігінің критерийлері: қан кетудің тоқталуы.
    АҚК толықтыру (қан кету көлеміне қарай):
    •  адам қанының компоненттерімен,
    пентакрахмалдарды тәулігіне 15-20 мл/кг мөлшерінде қолайлы санаталатын енгізумен көлемді-орнын басатын плазмаалмастырғыштармен (коллоидтармен),
    •  кристаллоидтармен (оның ішінде натрий хлориді 10% 4 мл/кг сорғалатып);
    •  декстроза және декстрана препараттары (полиглюкин, реополиглюкин) қарсы көрсетілген.

    Қан компоненттері [7]:
    •  тромбоциттер концентраты (тромбоциттер деңгейі 100х10 9 /л-ден төмендеген кезінде):
    ТК 1 мөлшері пациенттің 10 кг салмағына. Трансфузиядан кейін 24 сағаттан соң тромбоциттер саны 20·10/л сыни деңгейінен асуы немесе трансфузия алдындағы деңгейінен жоғары болуы тиіс.

    ТК құю тиімділігінің критерийлері: кенеттен болатын өздігінен қанаудың тоқталуы, теріде және көрінетін сілемейлі қабықтарда жаңа геморрагиялардың болмауы, қан кету уақытының азаюы.
    •  криопреципитат  (1,1 г/л-ден төмен гипофибриногенемия дамитын ТТІҰ-синдромының III сатысы кезінде, қан ұюы мен фибриногеннің VIII факторын түзету мақсатымен):
            КП 1 мөлшеруі науқастың 10 кг салмағына.

    Антипротеазды терапия (50% және одан көп көлемдегі қан кету, ТТІҰ-синдромының ІІІ сатысы зертханалық расталған кезінде):
    •  апротинин 500 000 – 1000000 КИЕ/тәу дейінгі мөлшерде, болюсті.
     
    Ерте инотропты қолдау:
    •  добутаминмен минутына 1-5 мкг/кг мөлшерінде.
    Әсері болмаған кезде - жүрек гликозидтері (дигоксин  0,25-0,5г вена ішіне)
     
    Бактерияға қарсы терапия (бактериялық асқынулар дамыған кезде)
    III-IV буындағы жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер (қоздырғыштың сезімталдығын ескере отырып):
    •  оксациллин 4-12 г/тәу  4-6 енгізу
    •  ампициллин 2-6 г/тәу  4 енгізу
    •  цефотаксим 3-8 г/тәу  2-3 енгізу
    •  цефтриаксон 1-2 г/тәу  1 енгізу
    •  цефтазидим 2-4 г/тәу  2 енгізу

    Телімді (спецификалық) терапия (ауыр ағымы кезінде және тромбоциттердің 50·10 9 /л-ден төмен деңгейі кезінде):
    •  адами қалыпты иммуноглобулин, венаішілік қолдану үшін 0,4 – 1.0 г/салмақ кг, 1 - 5 дней күн бойына күнделікті.
          Препаратты тек қан кету тоқтағаннан кейін және ТТІҰ-синдромы тоқтатылғаннан кейін енгізуге кеңес беріледі.
          Тері жабыны мен сілемейлі қабықтарды қосымша жарақаттауға алып келуі және қан кетудің дамуы мен ауқымды гематомалардың қалыптасуы қаупін ушықтыруы мүмкін, негізсіз тағайындалатын медициналық манипуляцияларды (эндоскопия, пункция, жатыр қуысын қыру және т.б.) алып тастау керек.
     
    Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік емжүргізілмейді.
     
    Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

    Негізгі дәрілік заттар тізбесі

    Вирусқа қарсы препараттар:
    Рибавирин - капсулалар 0,1 г; 0,2 г;
    адами рекомбинантты альфа 2b интерферон  – тік ішектік суппозиторийлер 1 млн МЕ.

    Конго-Қырымгеморрагиялыққызбасыауруыныңалдын-алу:

    Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру.

    Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке колғап).

    Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын немесе оны өлтіретін арнайы сақтану құралдарын қолдану қажет.

     Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз!

    Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

    Профилактика:

    ҚКГҚ-мен ауыратындарды, инфекция көзін, тетігін және жұқтыруға жағдай жасайтын шарттарды уақтылы анықтау;
    •  ҚКГҚ уақтылы зертханалық диагностикасын жүзеге асыру;
    •  ҚКГҚ-мен сырқаттанғандарға емдік көмек көрсету және зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде стационарларда санитариялық қағидалардың сақталуын эпидемиялық қадағалауды күшейту;
    •  табиғи биотоптарда болу кезінде, ауыл шаруашылық жануарларына күтім жасау кезінде ҚКГҚ жұқтыру қаупін болдырмау мақсатымен халық арасында гигиеналық жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру;
    •  ауыл шаруашылық жануарлары мен табиғи биотоптарды акарицидтік өңдеулерді жүргізу жолымен инфекция тасымалдаушылармен күресу.
     
    Ауруханаішілк инфекция жұқтыруды профилактикалау және бақылау
    •  ҚКГҚ-ның болжалды, ықтимал немесе расталған жағдайы бар пациенттерді бокста оқшаулау және ауруханаішілік бақылау шараларын күшейту;
    •  боксқа қолжетімділігі бар және пациентпен байланыс жасайтын медициналық және медициналық емес персоналдың санын қысқарту;
    •  науқастың шығарылымдарын, науқас тұтынған көрпе-төсекті, киімді, бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандарды жою алдында залалсыздандыру және автоклавтау (ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатына санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес).
    •  палатадағы беткейлерді құрамында хлоры бар ерітінділермен дезинфекциялау.
    •  науқаспен жанасатын персоналдың жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы.
     
    Жеке қорғаныш құралдарына (ЖҚҚ) ұсынымдар [3]
     
    ЖҚҚ пайдалануы тиіс тұлғалар санаты:
    •  ҚКГҚ-на күдігі (ықтимал және расталған жағдайлары) бар пациенттерге кұтім жасауды қамтамасыз ететін дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал,
    •  оқшауланған бөлмені тазалауға, инфекция жұқтырған заттар мен құрал-жабдықтарды өңдеуге, заттарды жууға, сондай-ақ инфекция жұқтырған қалдықтарды жинау мен жоюға тартылған бүкіл қосымша персонал,
    • пациенттердің анализдерін зерттеуге немесе зертханалық құрал-жабдықтарды тазалу мен дезинфекциялауға қатыстырылған бүкіл зертхана персоналы,
    •  жерлеу тобы,
    •  ҚКГҚ-мен ауырған пациенттермен тікелей байланыс жасаған отбасы мүшелері.
    Медицина ұйымының оқшауланған бөлігінде тағылуы (киілуі) тиіс ЖҚҚ тізбесі:
    •  қорғаныштық хирургиялық костюм немесе пижама, жұқа қолғаптар (киімнің ішкі қабаты);
    •  халат (ұзын жеңдері мен манжеттері бар, хирургиялық немесе бір реттік халат), резеңке аяқ киім немесе пластик бахилалар, екі қабат киімнің үстінен пластик алжапқыш, жұқа немесе қалың қолғаптардың екінші жұбы (киімнің сыртқы қабаты);
    •  тиімділігі жоғары ауа фильтрі (N95) немесе басқа да биологиялық қауіпсіз бетперде (немесе хирургиялық бетперде), мақтадан жасалған бас киім, таза көзәйнектер немесе терлемейтін қорғаныш көзәйнектері;
    •  бетке қорғаныш қалқаны (зертханада манипуляциялар өткізу кезінде, сондай-ақ клиницистерге СDC аурудың геморрагиялық кезеңінде науқаспен жанасу кезінде) [8].


    4. Клиникалық жазылудан соң науқасқа қандай ұсыныстар жасайсыз, сүйенетін негіздерді айқындаңыз ?

    6.Науқас 37 жаста, ауруханаға 25 мамырда түскен, басының ауруы, аяқ-қолдарының ауырғандығына, тәбетінің болмауына шағымданады. Өзі таулы аймақта, іле ауданында мамырдың басынан дала жағдайында тұрған, мамырдың 17 күні мойын аймағынан жабысқан кенені жұлып алған.

    22 мамырда кенеттен ауырған, дене қызуы 39С, аяқ-қолдарының қақсап әлсіреп, басы ауырып, сол жақ қолтық астында ауырғандық, 23 пен 24 мамырда дене қызуы 38-39 С болып түрған, денесінде бөртпе пайда болған.

    Объективті: дене қызуы 39 С, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, активтілігі орташа, тифозды статусы жоқ. Көкірек, мойын, бет, баста және алақанда, қолтық астының терісінде ірі көпіршікті-күлдіреуік бөртпелер бар. Кей жерлерінде геморрагиялық бөртпелерге айналған. Кене жарақаттаған жерде – инфильтрат көлемі 1-1,5 см., қара қызғылт қабыршықпен қапталған, қызарған. Лимфа бездері үлғайған, сезімтал. Пульсі минутына 80 рет, ырғақты, толықтығы қаеағаттанарлық. АҚ – 100/70 мм.сын. бас. Жүрек тоны айқын, таза. Өкпеле везикулярлы тыныс. Тіл таза, ылғалды. Іш кеппеген жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен талақ ешпауға келеді. Дәреті мен несебі қалыпты. Дене қызуы 38-39 С. С 7 күн шамасында бір деңгейде болды.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта