Главная страница

1дегей Аденовирусты инфекцияны патогенезі, салыстырмалы диагностикасын млімет жинатаыз, таптастырыыз


Скачать 0.53 Mb.
Название1дегей Аденовирусты инфекцияны патогенезі, салыстырмалы диагностикасын млімет жинатаыз, таптастырыыз
Дата10.12.2021
Размер0.53 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаInfektsia_6_kurs_zhauap_etalon.docx
ТипДокументы
#298721
страница8 из 11
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Cұрақтар:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз және оны көрсетіңіз ?

  2. Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет екенін көрсетіңіз ?

  3. Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын көрсетіңіз

Жауаптар:

  1. Диагноз: Сальмонеллез, гастроэнтериттік вариант, орта дәрежелі ауырлықта, жедел ағым.

  2. Салыстырмалы диагностика тағамдық токсикоинфекция, ботулизм, тырысқақ, сальмонеллез, дизентерия, иерсиниоз ауруларымен жүргізіледі

  3. Емі: Режим: І. Диета: №4

1.Оральді регидратация 2 этаппен жүргізіледі:

-алғашқы 6 сағатта, 40-50мг/кг сұйықтық (глюкосолан, цитроглюкосолан, регидрон)

-қолдаушы оральді регидратация 80-100мг/кг/тәул ерітінді көлемі.

2.Сорбенттер (смектит, смекта, полифепан)

3. Ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет 5 күн бойы

4. Парацетамол 500мг, дене температурасы көтерілген кезде

Профилактикасы: Тағамдық өнімдерді дұрыс сақтау, мұқият өңдеу.
8.Науқас А., 23 жаста, жатақханада тұрады, ауруханаға 6 қаңтарда, ауырғандығы, әлсіздік, ысытпалау, аздап жөтелгендік.

Жедел түрде ауырған: денесі қалтырап, дене қызуы 38, 90С-қа көтеріліп, басы қатты ауырып, денесі сырқырап ауырған. Бірден төсекке жатқан дәрігер шақырмаған, ешқандай дәрі-дәрмек қолданбаған (студент, медик ҮІ курс). Сырқаттануының барлық күндері дене қызуы 38-39,50С-қа көтерілген. Бүгін тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел болды.

Объективті: температурасы 39,20С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған, көзінің қасаң қабағының қан тамырларының инъекциясы байқалады, мұрны бітелген, зеві аздап қызарған. Бездері ұлғаймаған, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – фолликулалар ұлғайған.Жүрек тондары таза, айқын. Пульс (тамыр соғысы 110 рет минутына). АҚ-90/60мм сын.бағ. Өкпесінде – везикулалы тыныс. Іші жұмсақ, конфигурациясы қалыпты, ауырғандық жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дизуриялық өзгерістер жоқ. Үлкен дәреті қалыпты.

Cұрақтар:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз және оны көрсетіңіз ?

  2. Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет екенін көрсетіңіз ?

  3. Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын көрсетіңіз

Жауап:

  1. Диагноз: Жедел респираторлы вирусты инфекция, орта дәрежелі ауырлықта

  2. Келесі аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз: парарипп, аденовирусты инфекция, респираторлы-синцитиалды инфекция, риновирусты инфекция, ауыр жедел респираторлы синдром

  3. Ем жоспары: Режим І. Диета №15

1. 0,25% оксолин мазі – мұрын жолдарына жағу

2. Осельтамивир 75мг күніне 2 рет 5күн

3. Парацетамол 500 мг дене температурасы жоғарылаған кезде

4.Фурациллин ерітіндісімен күніне 6 рет ауызды шаю

9.Науқас В., 15 жаста. Клиникаға түскен кездесі шағымдары: ішінің кебуі,патологиялық қоспасы жоқ, сүйық, үлкен дәретке шығуы. Балабақшаға баратын 4 жастағы сіңдісінде дәреті өзгерген, тұрақсыз. Үйінде бір аптадан фталазол, тетрациклин нәтижесіз болған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температурасы 36,9оС. Тері жамылғысы бозғылт, тілі ақ жамылған, ылғалды. Сипағанда ішкі ісіңкі, құрылдауы анықталады. Кіндік айналасында сыздаған ауырғандық.

Бауыр сипағанда қабырға кінінен 1 см. Шығыңқы, серпінді, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, көп мөлщерде көбікті «үлгілдек». Патологиялық қоспасыз.

Микроскопияда лямблия цисталары табылған.

Cұрақтар:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз және оны көрсетіңіз ?

  2. Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет екенін көрсетіңіз ?

  3. Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын көрсетіңіз

Жауап:

1.Диагноз: Лямблиоз, типтік түрі, интерстициалды форма, жедел ағым, реконвалесценция периоды, асқынбаған.

2.Салыстырмалы диагностика келесі аурулармен жүргізіледі: сальмонеллез, иерсиниоз, кокцидиоз, кампилобактерия, клебсиелла, ішек туберкулезі т.б

3. Ем жоспары: Режим І. Диета № 4

- Метронидазол 1000 мг/тәул 500мг-нан күніне 2 рет 5-7 күн бойы.

- Оральді регидратация (смектит)

- Энтеросорбент: энтеросгель 15-22,5г (1-1,5ас қасықтан) күніне 3 рет 5-7 күн.

-Парацетамол 500мг дене температурасы жоғарылаған кезде

-поливитаминдер, фитотерапия 2 апта бойы.
10.Науқас М., 16 жаста, ГПТУ оқушысы, ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел ауырды, тоңып қалтырау, температурасы 39,2ºС, басы ауырды. Аспириннің 1 таб. ішкен, 3 рет құсқан. Түскендегі шағымдары: басының бірден ауыруы. Жағдайы ауыр. Бозарған, бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,3ºС, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90 рет, АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Керниг симптомы екі жағынан оң мәнді.

Қан анализі: эр. – 4,2 х 1012/л, Нв – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л, лейкоциттер - 23х1012/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

Cұрақтар:

Сіздің болжам диагнозыңыз және оны негіздеңіз?

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет?

Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын құрастырыңыз?

Клиникалық жазылудан соң науқасқа қандай ұсыныстар жасайсыз?

Жауабы:

1.Менингококты инфекция, менингококцемия , асқынуы - ИТШ I дәрежелі.Диагнозды негіздеу: аурудың жедел басталуы,интоксикация , тоңып қалтырау, Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Керниг симптомы екі жағынан оң мәнді.

2. Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:

1.Мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық зерттеу жүргізіледі;

2.Серологиялық зерттеу (РПГА,ГАТР,ИФА) жүргізіледі.

3. Әйнекте қанның жуан тамшысы: диплококктар табылады.

3. Салыстырмалы диагноз-қызылшамен,қызамық, скарлатина,Верльгоф ауруы,
басқада этиологиялы менингиттермен.

4. Менингококкты инфекцияның емі; тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты)

этиотропты ем

патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша)

симптоматикалық ем

оксигенотерапия
Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрінің диагнозы қойылған жағдайда ауруханаға дейінгі көмек көрсететін дәрігердің дұрыс тактикасы өте маңызды. Менингококкты инфекция –емге берілгіш инфекция. Өз уақытында және дұрыс көрсетілген көмек, науқасты қалдықты белгілерсіз емдеуге мүмкіндік береді.
Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрлері тек қана ауруханада емделетіндігін есте сақтау қажет. Міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.
Менингококкцемия кезінде науқасты реанимация бөлімшесіне жатқызу қажет, ол жерде аурудың үдеуін алдын алатын үздіксіз бақылау жүргізіледі.
Менингококкты инфекцияның емі.
Ауруханаға дейінгі этапта дәрігерден менингококкты инфекцияның менингококкцемиясында дәрігердің міндеті:
1.Старттықантибиотик - Левомицетин натрий сукцинатын 80-100 мг/кг тәулігіне к\т-ға әр 6 сағ сайын енгізу немесе сумамед 500мг\тәул.
2. Преднизолон 2-3 мг/кг бұлшық етке немесе көктамырға(ИТШ болмаса).
3. Дене қызуын төмендететін дәрілер – анальгин 50%-0,1 мл/өмір жылында; димедрол 1% немесе пипольфен 2,5%.
4. Қозу немесе құрысу кезінде – седуксен 0,5% немесе құрысуға қарсы басқа дәрі.

Алдын алу шаралары :

1.Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу.Науқас адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына арнайы бөлімшеге жатқызылады.Науқаспен үйінде қатынаста болған бала бақша балалары,бала бақша қызметкерлері медициналық тексеруден және 1 рет теріс бактериологиялық тексеруден кейінгі ұжымға жіберіледі.Балалар мекемелерінде ,мектепте,интернаттарда 10 күн карантин жарияланады.Карантин кезінде жаңадан балалар қабылдауға,топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады.Науқаспен үйінде,ұжымда қатынаста болған адамдар 10 күн медициналық бақылауда болады.Ошақта бөлмені жиі желдету,ылғалды жинау,ауаны бактерицидтік шаммен залалсыздау.

2.Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

5. Науқастар клиникалық және бактериологиялық сауығудан кейін шығады (мұрыннан жағындыны бактериологиялық тексеруде теріс нәтиже берсе).

Диспансеризация :2 жыл ішінде жүргізіледі (менингит және менингоэнцефалиттен кейін) невропатологпен бірге.
11.Науқас В., 44 жаста. Ауруханаға сырқатының 4-ші күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шамалы басының ауруына тыныс алуының қиындауына, көзінің айқын көрмеуіне шағымданып түсті.

30.06. – дәмі өзгерген, үйде консервіленіп дайындалған саңырауқұлақтан жеген. Сонымен бірге қайнатылған тауық және қаймақпен араластырылған қиярдан жасалған салат жеген.

04.06. – жұмыс уақытысында әлсіздік сезініп, бас айналып, ішінің сәл ауырғандығын сезінген, 2-рет құсқан, 1-рет сұйық үлкен дәретке отырған.

05.06. – нашар көре бастаған, барлық заттар тұмандалып көрінген, сонымен қатар қалшылдау жәнетершеңдік пайда болған.

06.06. – қатты тағамдары жұта алмаған, көруі нашарлаған. Бұл күні таңертең «жедел жәрдем» шақырған, олар ауруханаға жолдаған.

Объективті: температурасы 37,80С, жалпы жағдайы өте ауыр, адинамиясы, есі анық, айқын қабағының түсуі, жеңіл анизокория, маңқы дауыс. Тыныс алуының қиындауы, суды қиналып ішеді, аз порциялармен. Пульс минутына 118, толықтығы орташа. АҚ – 90/60мм сын.бағ. Жүрек тондары әлсіз, өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ. Ауырғандық жоқ, шамалы кепкен. Үлкен дәреті клизмадан соң ғана емес, зәр шығаруы қалыпты.

Cұрақтар:

Сіздің болжам диагнозыңыз және оны көрсетіңіз ?

Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет екенін көрсетіңіз ?

Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын көрсетіңіз ?

Жауабы:

1.Ботулизм , ауыр ағымды.Диагнозды негіздеу: дәмі өзгерген үйде консервіленіп дайындалған саңырауқұлақтан , қайнатылған тауық және қаймақпен араластырылған қиярдан жасалған салат қолданғаны жөнінде эпиданамнездің болуы, жалпы әлсіздік, аузының құрғауы, шамалы басының ауруы, тыныс алуының қиындауын, қатты тағамдары жұта алмауын, көздік симптоматика, айқын қабағының түсуі, жеңіл анизокория, маңқы дауыс.

2.Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы.

Басқа уланулармен (атропин,метил спирті,улы саңырауқұлақтар)және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар,энцефалит,полиемиелит,кеңірдек дифтериясы,ОЖЖ ауруларымен жүргізіледі.

3. Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды. Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады. Қандағы ботулотоксинді нейтрализациялау үшін емдік моновалентті ботулизмге қарсы сары сулар қолданылады. Сары су құрамында А, В, С, Е және Ғ типті антитоксиндері бар. Ботулизмге қарсы сарысу емдік және профилактикалық мақсатпен қолданылады. Қоздырғыштың анықталмаған түрінде 3 түрлі сарысу: А және Е дозасы 10000 ХБ және В-5000 ХБ қолданылады. В.И.Покровский және Ф.А. Туманованың пікірі бойынша сарысудың бірінші дозасы көптеу болу керек: А және Е түрінде 15000 ХБ, ал В түрінде 5000 ХБ. Аурудың ауыр кезеңінде ботулизмге қарсы сарысудың бірінші дозасы көктамырға енгізіледі. Сарысудың қалған дозалары бұлшықет ішіне енгізіледі: ауыр ағымында — әрбір 6-8 сағат сайын, ал орташа ағымында — тәулігіне 2 рет. Сарысумен емдеу узақытығы 4 күннен аспау керек. Қоздырғыштың  вегетативті түріне қарсы антибиотиктерді  тағайындаймыз. Олардың ішінде  ең тиімді левомицетин. Жұту қабілеті сақталған болса 0,5 г. тәулігіне 4 рет  таблетка түрінде береміз. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн. Жұту қабілеті бұзылған болса бұлшықет ішіне ерітілген левомицетин сукцинаты 1 г. тәулігіне 3 рет енгіземіз. Соңғы жылдары ботулизмнің емінде гипербариялық оксигенация қолданылады. Оттегі қысымы 1,5-2,0 атм және экспозиция ұзақтығы 45-60 мин. болғанда нәтиже береді. Әрі қарай оттегі қысымы мен сеанстің ұзақтығын көбейткенде оттегілік уланудың дамуына әкеліп соғады. Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады

Алдын алу шаралары.

Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда  және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі. Көтеріңкі келген консервілік банкілерді «бомбаж» пайдалануға болмайды. Тұрғын халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-жидекті консервілеудің қауіптігін түсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15 минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін жояды.

Базар, сауда нысандарынан, ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды;

– Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж салаттарды пайдаланбаңыз;

– Жеміс-жидек, көкөніс консервілеген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдаланғаныңыз жөн.

Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

Науқасқа жедел түрде «Ботулизмге» қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет.
12.Науқас М., 16 жаста, ГПТУ оқушысы, ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел ауырды, тоңып қалтырау, температурасы 39,2ºС, басы ауырды. Аспириннің 1 таб. ішкен, 3 рет құсқан. Түскендегі шағымдары: басының бірден ауыруы. Жағдайы ауыр. Бозарған, бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,3ºС, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90 рет, АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Керниг симптомы екі жағынан оң мәнді.

Қан анализі: эр. – 4,2 х 1012/л, Нв – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л, лейкоциттер - 23х1012/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

Cұрақтар:

Сіздің болжам диагнозыңыз және оны негіздеңіз?

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Осы науқастағы қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жасау қажет?

Емдік-профилактикалық шаралар жоспарын құрастырыңыз?

5.Клиникалық жазылудан соң науқасқа қандай ұсыныстар жасайсыз?

Жауабы:

1.Менингококты инфекция, менингококцемия , асқынуы - ИТШ I дәрежелі.Диагнозды негіздеу: аурудың жедел басталуы,интоксикация , тоңып қалтырау, Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Керниг симптомы екі жағынан оң мәнді.

2. Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:

1.Мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық зерттеу жүргізіледі;

2.Серологиялық зерттеу (РПГА,ГАТР,ИФА) жүргізіледі.

3. Әйнекте қанның жуан тамшысы: диплококктар табылады.

3. Салыстырмалы диагноз-қызылшамен,қызамық, скарлатина,Верльгоф ауруы,
басқада этиологиялы менингиттермен.

4. Менингококкты инфекцияның емі; тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты)

этиотропты ем

патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша)

симптоматикалық ем

оксигенотерапия
Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрінің диагнозы қойылған жағдайда ауруханаға дейінгі көмек көрсететін дәрігердің дұрыс тактикасы өте маңызды. Менингококкты инфекция –емге берілгіш инфекция. Өз уақытында және дұрыс көрсетілген көмек, науқасты қалдықты белгілерсіз емдеуге мүмкіндік береді.
Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрлері тек қана ауруханада емделетіндігін есте сақтау қажет. Міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.
Менингококкцемия кезінде науқасты реанимация бөлімшесіне жатқызу қажет, ол жерде аурудың үдеуін алдын алатын үздіксіз бақылау жүргізіледі.
Менингококкты инфекцияның емі.
Ауруханаға дейінгі этапта дәрігерден менингококкты инфекцияның менингококкцемиясында дәрігердің міндеті:
1. Старттық антибиотик - Левомицетин натрий сукцинатын 80-100 мг/кг тәулігіне к\т-ға әр 6 сағ сайын енгізу немесе сумамед 500мг\тәул.
2. Преднизолон 2-3 мг/кг бұлшық етке немесе көктамырға(ИТШ болмаса).
3. Дене қызуын төмендететін дәрілер – анальгин 50%-0,1 мл/өмір жылында; димедрол 1% немесе пипольфен 2,5%.
4. Қозу немесе құрысу кезінде – седуксен 0,5% немесе құрысуға қарсы басқа дәрі..

Алдын алу шаралары :

1.Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу.Науқас адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына арнайы бөлімшеге жатқызылады.Науқаспен үйінде қатынаста болған бала бақша балалары,бала бақша қызметкерлері медициналық тексеруден және 1 рет теріс бактериологиялық тексеруден кейінгі ұжымға жіберіледі.Балалар мекемелерінде ,мектепте,интернаттарда 10 күн карантин жарияланады.Карантин кезінде жаңадан балалар қабылдауға,топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады.Науқаспен үйінде,ұжымда қатынаста болған адамдар 10 күн медициналық бақылауда болады.Ошақта бөлмені жиі желдету,ылғалды жинау,ауаны бактерицидтік шаммен залалсыздау.

2.Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

5. Науқастар клиникалық және бактериологиялық сауығудан кейін шығады (мұрыннан жағындыны бактериологиялық тексеруде теріс нәтиже берсе).

Диспансеризация :2 жыл ішінде жүргізіледі (менингит және менингоэнцефалиттен кейін) невропатологпен бірге.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


написать администратору сайта