Главная страница

МдХирВб Окончательно Сириус. 59 жастаы ер адам клиникаа эпигастрий аймаында ауру сезіміне шаымданып келді, ауру сезімі арасын беріледі, кейде бел аймаында белдемелі ауруымен байалады. Анамнезден он екі елі ішекті ойы жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді


Скачать 185.63 Kb.
Название59 жастаы ер адам клиникаа эпигастрий аймаында ауру сезіміне шаымданып келді, ауру сезімі арасын беріледі, кейде бел аймаында белдемелі ауруымен байалады. Анамнезден он екі елі ішекті ойы жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді
Дата07.01.2023
Размер185.63 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМдХирВб Окончательно Сириус.docx
ТипДокументы
#875411
страница1 из 12
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1

59 жастағы ер адам клиникаға эпигастрий аймағында ауру сезіміне шағымданып келді, ауру сезімі арқасын беріледі, кейде бел аймағында белдемелі ауруымен байқалады. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді.

Асқазан жарасының қандай асқынуы ЖИІ жедел панкреатит клиникасының өршуіне алып келеді?

*малигнизация

*қан кету

*пенетрация +

*перфорация

*стеноз

2

60 жастағы ер адам емханаға жүгінді: соңғы 6 айда ол айтарлықтай салмақ жоғалтты, жиі шаршау мен әлсіздік мазалайды. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 15 жыл зардап шегеді.

Ойық жараның малигнизациясын растайтын ЕҢ негізгі зерттеу әдісі?

*эндоскопиялық ретроградтық холангиография

*компьютерлік томография

*биопсиямен ФГДС +

*пневмогастрография

*дуоденоскопия

3

49 жастағы ер адам тұрғылықты жеріндегі емханаға пилородуоденальды стеноздың клиникалық белгілерімен жүгінді.
Зерттеудің қай әдісі ЕҢ ақпаратты ?
*пневмогастрография

*компьютерлік томография

*ФГДС

*асқазан рентгеноскопиясы +

*УДЗ

4

25 жастағы ер адам эпигастрийдағы "қанжар" тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Анамнезінде 6 жыл бойы ойық жара ауруы бар. Тексеру кезінде іш бұлшық еттерінің қатаюы байқалады.

Бұл науқаста қандай зерттеу әдісі ЕҢ негізді?

*эндоскопиялық ретроградтық холангиография

*компьютерлік томография

*пневмогастрография

*дуоденоскопия

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы +

5

* Жеке медициналық орталыққа 37 жастағы ер адам "кофе шөгіндісі" тәрізді құсыққа, мелена, әлсіздік, бас айналу туралы шағымдармен жүгінді.

Қан кету көзін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ негізді?

*құрсақ қуысының рентгенографиясы

*тік ішекті тексеру

*құрсақ қуысына УДЗ

*трансиллуминация

*фиброгастродуоденоскопия +

6

47 жастағы ер адам емханаға қарқынды белдемелі ауру сезіміне, жүрек айну, ентігу туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: ем қабылдамаған.

Пенетрацияға күдік туындаған кезде қандай зерттеу әдісі Ең негізді?

*компьютерлік томография

*пневмогастрография

*ФГДС

*асқазан рентгеноскопиясы+

*дуоденоскопия

7

63 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге бір күн бұрын жеген тамағын, жеңілдік әкелетін құсуға шағымданып келді. Анамнезден: асқазанның ойық жарасы ауруымен 15 жыл бойы гастроэнтерологтың диспансерлік есебінде тұр. Ішті тексеру кезінде плеска шуы анықталады.Ойық жараның қандай асқынуы үшін “шалпыл” шуы тән?

*ойық жарадан қан кету

*малигнизация

*пенетрация

*пилородуоденальды стеноз +

*перфорация

8

48 жастағы ер адам қанмен құсуға, әлсіздікке, бас айналуына шағымданып учаскелік дәрігерге жүгінді. Анамнезінде 5 жыл бойы ойық жара ауруымен ауырады. Тексеру кезінде іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз.

Қан кету кезінде қандай зерттеу әдісі ең қолайлы?

*эндоскопиялық ретроградтық холангиография

*фиброгастродуоденоскопия +

*компьютерлік томография

*іш қуысының шолу рентгенографиясы

*пневмогастрография

9

52 жастағы ер адам емханаға жүгінді, оның айтуынша, панкреатиттің жиі шабуылдары мазалайды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жарасымен шамамен 15 жыл зардап шегеді. Емхананың хирургына қаралып, асқазанның рентгеноскопиясы ұсынылды.

Пенетрацияға тән рентгенологиялық сипаттама ?

*терең ойық жара +

*ұлу тәрізді асқазан

*каскадты асқазан

*тегіс ойық жара

*пневмоперитонеум

10

36 жастағы ер адам медициналық орталыққа іштің ауыруы, әлсіздік туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: 1 сағат бұрын "қанжар" тәрізді ауру сезімі болған. Тексеру кезінде іш бұлшық еттері "тақтай тәрізді". Іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы тағайындалды.

Перфорациялық жараға қандай рентгенологиялық белгі тән?

*ішектің пневматозы

*пневмоперитонеум +

*Клойбер табақшалары

*пневмоторакс

*ішек доғасы

11

38 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге пенетрацияланған жараның клиникасымен түсті.

Бұл асқынуға қандай рентгенологиялық сипаттама тән?

*"ұлу тәрізді" асқазан

*тегіс ойық жара

*"каскадты" асқазан

*терең ойық жара +

*пневмоперитонеум

12

Анамнезінде ұзақ уақытқа созылған ойық жарасы бар 60 жастағы ер адам эпигастрий аймағында тұрақты және емге қиын берілуімен көрінетін ауырсынуға шағымданып емханаға жүгінді, ал аурудың өршуі белгілі бір кезеңділік пен маусымдылығы жоқ, тәбеті төмендеген.

Бұл белгілер ойық жараның қандай асқынуын көрсетеді?

*жарадан жасырын қан кету туралы

*жараның өршуі туралы +

*ойық жараның жабық перфорациясы туралы

*тыртықты стеноздың дамуы туралы

*аурудың регрессиясы туралы

13

36 жастағы ер адам емханаға асқазан-ішектен қан кету клиникасымен жүгінген. Тексеру кезінде терісі бозғылт, суық термен жабылған. АҚҚ-95/70мм.сын.бғ., пульс-100 уд/мин.

Бұл науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

*гиповолемиялық шок

*геморрагиялық шок +

*анафилактикалық шок

*уытты шок

*септикалық шок

14

Перфорациялық жараның клиникалық көрінісі бар 22 жастағы ер адамға іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы тағайындалады.

Перфорациялық жараға қандай рентгенологиялық белгі тән?

*ішек пневматозы

*Клойбер тостақаншалары

*пневмоперитонеум +

*пневмоторакс

*ішек доғасы

15

28 жастағы ер адам қабылдау бөліміне эпигастрий мен іштің оң жақ жартысында ауырсыну сезімімен және жүрек айну туралы шағымдармен жеткізілді. Анамнезден: 10 сағат бұрын эпигастриядағы кенеттен қарқынды ауырсыну эпизоды болды, ем қабылдағаннан кейін ауырсыну азайды. Кейінірек ауырсыну бүкіл асқазанға тарала бастады, құсу, ауыздың құрғауы пайда болды. Тексеру кезінде тахикардия, іштің шамалы қатаюы, эпигастрида, іштің оң жартысында, гипогастрида ауыру сезімі бар. Спижарный, Щеткин-Блумбергтің оң белгілері.
Қандай алдын-ала диагноз қойылуы мүмкін?

*жіті ішек өтімсіздігі

*перфорациялық жара +

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*жедел аппендицит

16

Диагностикалық орталыққа 43 жастағы ер адам "кофе тәрізді" құсыққа, әлсіздікке шағымданып жүгінді. Анамнезден: бір апта ішінде іштің ауыруы мазалады, ауыру сезімі тоқтағанннан кейін сұйық қара нәжіс пайда болды, әлсіздік мазалайды. Тексеру кезінде: науқастың терісі бозғылт, тахикардия, орташа гипотония, іші жұмсақ, ауыртпалықсыз, перитонит белгілері жоқ. ФГДС - та: он екі елі ішектің жарасы, тексеру кезінде қан кету тоқтаған.
Қандай тактика қажет?

*пациентті көліктегі шұғыл тәртіпте хирургиялық стационарға жіберу ("өз бетімен")

*жоспарлы түрде хирургиялық стационарға жіберу

*емхананың хирургіне консультацияға жіберу

*гастроэнтерологқа консультацияға жіберу

*Жж бригадасын шақыру, шұғыл тәртіпте хирургиялық стационарға жіберу +

17

55 жастағы ер адамда емханада тексеру кезінде субкомпенсацияланған пилоростенозы анықталды.
Қандай тактика негізделген?

*емханада консервативті емдеу

*стационарға консервативті емделуге жіберу

*шұғыл операцияға стационарға жіберу

*стационарға жедел операцияға жіберу

*стационарға жоспарлы операцияға жіберу +

18

Терапиялық бөлімде пневмонияны емдеу курсын аяқтаған 62 жастағы науқаста асқазан-ішектен қан кету клиникасы пайда болды, хирург шақырылды.
Қандай тактика негізделген?

*хирургиялық бөлімшеге ауыстыру +

*терапия бөлімшесіндегі динамикалық бақылау

*гастроэнтерологиялық бөлімшеге ауыстыру

*амбулаториялық емдеу

*күндізгі стационарда емделу

19

41 жастағы ер адам емханаға іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен қатты ауыруына шағымданып жүгінді. Іштің пальпациясы кезінде іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің айқын қатаюы байқалады.
Қандай тактика орынды?

*іш қуысының рентгенографиясына бағыттау

*ЭФГДС бағыты

*амбулаториялық емдеу

*гастроэнтерологқа жолдама

*ЖЖ бригадасын шақыру, шұғыл хирургияның қабылдау бөлімшесіне жіберу +

20

Асқазан жарасы бар науқаста емханада тексеру кезінде "кофе шөгіндісі" тәрізді құсу клиникасы пайда болды, АҚҚ – 100/70 мм сын б.ғ.
ЖТД қандай тактикасы барынша негізді?

*АҚК толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін тұрақтандыру мақсатында емханада консервативті емдеу

*емхана хирургының кеңесі

*ЖЖБ шақыру және шұғыл тәртіпте стационарға жолдау +

*жоспарлы тәртіпте ХҒО(хирургия ғылыми орталығы)-на жолдау

*гастроэнтерологқа жолдама
21

30 жастағы ер адам емханаға жүгінді: 5 күн ішінде оң жақ мықын аймағында шамалы ауырсыну мазалайды. Анамнезден: 5 күн бұрын эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болды, кейінірек оң жақ мықын аймағында локализацияланды, жүрек айнуы, 1 рет құсу болды. Оң жақ мықын аймағын қараған кезде инфильтрат пальпацияланады.
Зерттеудің қай әдісі ең қолайлы?

*шолу рентгенографиясы

*іш қуысының УДЗ +

*биопсиямен колоноскопия

*компьютерлік томография

*лапароскопия

22

Тұрғылықты жері бойынша емханаға аппендикулярлы абсцестің клиникалық белгілері бар 34 жастағы ер адам жүгінді.
Зерттеудің қай әдісі ең ақпараттандырады?

*шолу рентгенографиясы

*іш қуысының УДЗ +

*биопсиямен колоноскопия

*компьютерлік томография

*лапароскопия

23

* Емханаға 32 жастағы ер адам жедел деструктивті аппендицит клиникасымен жүгінген.
Қандай тактика ЕҢ негізді?

*емханада тексеру

*стационар хирургына консультацияға жіберу

*ЖЖБ шақыру және шұғыл тәртіпте стационарға жолдау +

*жоспарлы тәртіпте стационарға жіберу

*гастроэнтерологқа жолдама

24

34 жастағы ер адам аппендикулярлық инфильтрат бойынша ауруханада емделіп, 2 айдан кейін емханаға жүгінді.
Қандай тактика ең қолайлы?

*емханада консервативті емдеу

*шұғыл түрде стационарға хирургиялық емдеуге жіберу

*жоспарлы тәртіппен стационарға хирургиялық емдеуге жіберу +

*шұғыл түрде стационарға хирургиялық емдеуге жіберу

*гастроэнтерологқа жолдама

25

Учаскелік дәрігерге 33 жастағы әйел оң жақ мықын аймағынан біршама жоғары орналасқан ауырсыну, жүрек айну, 1 рет құсу, субфебрильді температура туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: жүктілік 27-28 апта. Тексеру кезінде іші үлкейген, жүктіліктің 27-28 апталарына сәйкес келеді, оң жағына жатқанда ауыру сезімі күшейетінін атап өтті, сол жақта ауырсыну аздап азаяды.
Қандай тактика ең қолайлы?

*шұғыл гинекологияға жолдама

*шұғыл хирургияға жолдама +

*емханадағы динамикалық бақылау

*емхананың гинеколог кеңесі

*емханада тексеру

26

70 жастағы ер адам іштің жиырылып ауруына, ентігу, 3 күн ішінде нәжістің болмауы, жүрек айну туралы шағымдармен жеткізілді. Айтуы бойынша бір жыл ішінде шырыш пен қан аралас тұрақсыз нәжіс болған. Пальпациямен тексеруген кезінде ішінің ісінгені және мезогастриядағы ауырсыну сезімі, Валь, Кивульдың оң симптомы анықталады.
Зерттеудің қай әдісі ең қолайлы?

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы +

*колоноскопия

*лапароскопия

*іш қуысының УДЗ

*пневмогастрография

27

32 жастағы әйел қабылдау бөліміне оң жақта эпигастридағы тұрақты ауырсыну сезіміне, жүрек айнуы, ауызының құрғауы шағымдарымен жеткізілді. Анамнезден: 5 жыл бұрын аппендэктомия жасалды. Тексеру кезінде жедел жабысқақ(спаечной) ішек өтімсіздігінің клиникалық белгілері анықталды, іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы тағайындалды.
ЖІӨ қандай рентгенологиялық сипаттама тән?

*терең тауашалар

*Клойбера табақшалары +

*пневмоперитонеум

*ішектің пневматизациясы

*газ көпіршігі

28

36 жастағы әйел медициналық орталыққа іштің ауыруы, жүрек айнуы, бірнеше рет құсу туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезден: 4 жыл бұрын ішек өтімсіздігіне операция жасалды. Тексеру кезінде температура қалыпты, тахикардия, АД – 110/70 мм сн.бғ. іші ісінбеген, сол жағында ауырсыну, Валя симптомы анықталады, перистальтика күшейген. Үлкен дәрет таңертең болды. Іш қуысының шолу рентгенографиясы тағайындалды.
ЖІӨ қандай зерттеу әдісін неғұрлым НЕГІЗДІ ?

*лапароскопия

*іш қуысының УДЗ

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы +

*колоноскопия

*пневмогастрография

29

Емханаға 67 жастағы әйел ауырсыну, ентігу, нәжіс пен газдың жиналуына шағымданып жүгінді. Анамнезінде: бір жыл ішінде тамақтанғаннан кейін іштің ғұрылдауы, ентігу, іш қату, "қой құмалағы", нәжістегі шырыш мазалайды; бір күннен астам уақыт бұрын іштің ауыруы пайда болды, пароксизмальды сипатқа ие болды, газдар мен нәжіс шығарылуының бұзылуы, жүрек айну пайда болды. Тексеру кезінде іші біркелкі ісінген, пальпация кезінде ауырады, перкуторлы-тимпанит, аускультация кезінде-перистальтиканың күшеюі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.
Жоғарыда айтылғандардың қайсысы емхана жағдайында ең қолайлы тактикалық шешім болып табылады:

*динамикадағы амбулаториялық бақылау

*жедел жәрдеммен хирургиялық стационарға дереу жіберу +

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ФГДС, іш қуысының УДЗ) және зертханалық зерттеу

*күндізгі стационарға жолдама

*хирургиялық стационарға жоспарлы түрде хирургиялық емдеуге жіберу

30

Емханаға 48 жастағы әйел тұрақты іштің ауыруына, тенезмге шағымданды. Анамнезінен: 1 сағат бұрын жаттығу кезінде сол жақ мықын аймағында өткір ауырсыну сезімі пайда болды. Тексеру кезінде іші біркелкі емес ісінген-көбірек оң жағы, "қиғаш", сол жақ мықын аймағы батыңқы, пальпация кезінде ісінген аймақта ауырсыну сезімі, перкуторлы – тимпанит, аускультация кезінде – перистальтиканың жоғарылауы. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.
Жоғарыда айтылғандардың қайсысы емхана жағдайында ең қолайлы тактикалық шешім болып табылады:

*динамикадағы амбулаториялық бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ФГДС, іш қуысының УДЗ) және зертханалық зерттеу

*жедел жәрдеммен хирургиялық стационарға дереу жіберу +

*күндізгі стационарға жолдама

*хирургиялық стационарға жоспарлы түрде хирургиялық емдеуге жіберу

31

Ер адам 52 жаста. Оң жақ жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігінің ауыруы мен қысылуына шағымданады. 3 күн бұрын, оң жақ жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігінде ауырсыну және тығыздау пайда болған. Ұзақ уақыт бойы ол варикозды тамырлардан зардап шегеді. Объективті: оң жақ аяқтың ісінуі және цианозы жоқ. Оң жамбастың ішкі бетінде кеңейтілген тері астындағы тамырдың бойымен жоғарғы үштен бір бөлігінде терінің гиперемиясы анықталған тығыз, ауыр ауырлық пальпацияланады. Аяқ-қолдардағы артериялардың пульсациясы сақталған.

Осы ауруға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қандай мерзімге беріледі?

* 7-10 күн

* 15-18 күн +

* 20-30 күн

* 35-40 күн

* 25-35 күн
32

Ер адам 40 жаста. Ол жүру кезінде аяқ-қолдардағы ауырсынуға, үзіліссіз ақсақтыққа шағымданады, аяқтың салқындауына, саусақтардың ұюына шағымданады.Соның салдарынан ұзақ жүре алмай көп демалуға мәжбүр болады Объективті: аяқтың терісі көкшіл, құрғақ, тырнақтың өсуінің баяулауы байқалады, аяқтардағы шаштың түсуі байқалады. Осы ауру бойынша диспансерлік есепке алынды. Осыған байланысты қан тамырлы хирургты тексеру қажет.

Қан тамырлы хирургтың тексеруінің жиілігі қандай?

* жылына 3 рет

* жылына 4 рет

* жылына 1 рет

* жылына 2 рет +

* жылына 6 рет
33

Ер адам 45 жаста. Шағымдары ; ісіну және сол тізесінің ауру сезіміне. 4 күн бұрын сол жақ төменгі аяғындағы ауырсыну, төменгі аяқтың дистальды бөліктерінде және білек аймағында ісіну пайда болған кезде ауырды. Соңғы 2 күнде сол жақ төменгі аяғындағы ауырсыну күшейе түсті, білек аймағында ісіну біршама артты. Объективті: сол жақ тибия төменгі бөлімдерде көбірек ісінеді. Сол жақ төменгі аяқтың ортаңғы үштен бірінде балтыр бұлшықеттерін пальпациялағанда, ауырсыну байқалады, сол аяқтың артқы иілуінде балтыр бұлшықеттерінде ауырсыну пайда болады. Сол аяқтың артқы және артқы артерияларының пульсациясы төмендейді.

Осы ауруға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қандай мерзімге беріледі?

* 7-10 күн

* 15-18 күн

* 20-30 күн +

* 35-40 күн

* 25-35 күн
34
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта