Тест. андай диагноз
Скачать 253.66 Kb.
|
Диагноз қою үшін қандай қосымша тексеру қажет? * Жалпы қан анализі * Кеуде қуысының полипозициялық рентгенографиясы * +Бронхолитикалық сынағы бар спирография * Бронхоскопия * Кеуде қуысының томографиясы #88 *! 20 жастағы қыз құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде: дене температурасының 3 күн ішінде 38,0 ° C дейін жоғарылауы, мұрыннан су ағу, бесінші күннен бастап жөтел пайда болды, температура 37,3-37,5 ° C болды. Қарап тексергенде: жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, тамақтың қызаруы, өкпеде қатаң тыныс, екі жақта құрғақ сырылдар, жүрек тондары анық, ЖСЖ-90 мин, АҚҚ 120/70 мм с.б Болжама диагноз қандай? * Ауруханадан тыс пневмония * +Жедел бронхит * Ларинготрахеит * Бронх демікпесі * СОӨА #89 *! 25 жасар ер адам, аз мөлшерде шырышты қақырықты шығаруға, дөрекі, үрген тәрізді жөтелге шағымданады. Бір апта бойы ауырған. Объ-ті : өкпеде қатаң тыныс, өкпе өрістерінде ылғалды сырылдар. Жедел бронхит диагнозы қойылды. Қандай дәрі-дәрмектер тағайындау НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? *антибиотикалық *жөтелді басатын *седативті * +муколитикалық *бронхолитикалық #90 *! 17 жасар жігіт, дене қызуының көтерілуіне, бас ауруына, әлсіздікке, мұрыннан су ағуына, құрғақ ауырсынатын жөтелге, конъюнктивитке шағымданады. Үшінші күн ауырып жатыр. Объективті: температура 37,5, тыныс алу жиілігі минутына 20, өкпеде перкуторлы айқын өкпе дыбысы, қатты тыныс, барлық өрістерде құрғақ сырылдар. Жалпы қан анализі: гемоглобин - 120 г / л, эритроциттер - 4,6х1012 / л, лейкоциттер - 9,5х109 / л, ЭТЖ-5мм / сағ. Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай? * +амбулаторлы емдеу * емхананың күндізгі стационарында емдеу * терапевтік бөлімге госпитализация * пульмонологқа жолдама * үйде аурухананы ұйымдастыру #91 *! 46 жастағы ер адам, іштің жоғарғы бөлігіндегі оң жақтағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, бір реттік құсуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: орташа ауырлық дәрежесі, дене температурасы 38 ° C, беткей тыныс, тыныс алу жиілігі - минутына 28. Оң жақта жауырын бұрышынан төмен өкпе дыбысының күңгірттенуі, тыныстың әлсіреуі, крепитация байқалады. Пульс - 92 соққы / мин. АҚ - 120/70 мм с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында іш қуысы орташа кернеулі. ЭКГ - III, AVF-әкетулерінде Т тісшесінің тегістелуі. Іш қуысы ауырсынуының ЕҢ ықтимал себебі қандай? * +Ауруханадан тыс төменгі бөлікті пневмония. * Жедел холецистит * Өкпе артериясының тромбоэмбалиясы * Миокард инфаркті * Жедел гастрит #92 *! 75 жастағы ер адам, ЖРВИ кезінде, қарқынды жөтел ұстамасынан кейін кенеттен кеуде қуысының оң жақ жартысында қатты тесіп ауырсынулар пайда болды, тез ентігу. Жағдайы күрт нашарлады, ентігу күшейіп, терінің цианозы пайда болды, бас айналуы, жүрек жұмысындағы үзілістер. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тері жабындылары цианотикалық , беттің ісінуі. Оң жақ өкпе өрісінің үстінде тимпаникалық перкуссиялық дыбыс, аускультативті - күрт әлсіреген тыныс бар. Рентгенограммада: оң жақ плевра қуысында бос газ, средостениялық солға ығысу. Науқаста ЕҢ ықтимал қандай асқыну дамыды? * Өкпе артериясының тромбоэмбалиясы * +Оң жақтық пневмоторакс * Оң жақтық плеврит * Ауруханадан тыс пневмония * Оң жақтық абсцесс #93 *! Жалпы тәжірибе дәрігері қалтырауға, әлсіздікке, терлегіштікке , кеуде қуысының оң жақ жоғарғы жартысында ауырсынуға, қиын шығарылатын қоңыр қақырықпен жөтелге, ентігуге шағымданған науқастың үйіне шақырылды. Анамнезінен: мас күйінде көшеде ұйықтап қалғаннан кейін жедел ауырады. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Жалғыз тұрады. Қарап тексергенде: нашар тамақтанған, күтімі жақсы емес, науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз, ентігу, ТАЖ минутына 32рет, оң жақта кеуде қуысының жоғарғы жартысында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар естіледі; АҚ 80/60 мм с.б. ЖСЖ 122 рет / мин. Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай? * +терапевтік стационарға жатқызу * амбулаторлы емдеу * емхананың күндізгі стационарында емдеу * үйде аурухананы ұйымдастыру * пульмонологтың консультациясына жіберу #94 *!17 жастағы колледж студенті ,әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, кеуде қуысының қысылу сезіміне , қиын бөлінетін сары-жасыл қақырықты,қатты ұстаматәрізді әлсірейтін жөтелге , бас ауруына, бұлшықет ауырсынуына, суыққа төзімсіздігі (суықта қол және аяқ басы ұштарының жедел ауырсынуы) шағымдарымен дәрігерге жүгінді. Ол суық тиюдің салдарынан қатты ауырып қалды. Одан басқа топтағы бірнеше адам ауырып қалғанын атап өтті. Объективті: дене қызуы 37,5 С, тынысы қатаң , төменгі сол жақ бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі.ЖҚА : лейкоциттер - 6,7 мың, ЭТЖ - 12 мм / сағ. R-граммада: өкпе суреті күшейтілген, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перибронхиальды инфильтрация. Қандай ем тағайындау керек? * амоксициллин 500 мг рег os күніне 3 рет 5 күн * +ровамицин 3 млн бірлік рег os күніне 2 рет 10 күн * гентамицин 80 мг б/е күніне 2 рет, 7 күн * цефазолин 1,0 г б/е күніне 2 рет 10 күн * меропенем 500 мг т/і әр 8 сағат сайын 10 күн #95 *! 67 жастағы ер адам , қиын бөлінетін шырышты -іріңді қақырықты жөтелге, физикалық күштеме кезінде ентігуге, дене температурасының 38С дейін жоғарылауына шағымданады. Күніне 20 темекі шегеді. Об-ті : әлсіреген везикулярлы тыныс фонында ұзартылған дем шығарумен, екі жағынан шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі, оң жақта жауырын аралық аймақта - ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Сол жерде - перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде, өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер. ЖҚА-де: лейкоциттер - 14 х 109 / л., ЭТЖ - 22 мм / сағ. Бір ай бұрын жүргізілген спирографиялық деректер: ОФВ1 - 60%, ОФВ1/ФЖЕЛ - 0,7. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? * СОӨА, жеңіл сатысы, өршу кезеңі . Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония * СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу кезеңі. Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу * Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу * Бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония * +СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония #96 *! 60 жастағы ер адам, әдеттегі қарқынмен жүру кезінде ентігуге, таңертең қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде : 20 жасынан бастап күніне бір қорап темекі шеккен, соңғы 5 жылда темекі шекпеген. 7 жыл бұрын оған СОӨА диагнозы қойылып, тиотропимен ем тағайындалды. Науқас тағайындалған емді ұстанбайды, ентігу ұстамасын салбутамолмен жеңілдетеді. Соңғы жылдарда ӨСОА бір рет өршіген. Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай болуы керек? * флутиказонның (Фликсотид)жоғары мөлшерін тағайындау * аралас будесонидті формотерол препаратын тағайындау (Симбикорт) * +күн сайын тиотропий (Спирива) қабылдау * преднизолон таблеткаларының қысқа курсын тағайындау * теофиллин тағайындау #97 *! Науқас 60 жаста, 5 жылдан бері СОӨА ауруымен ауырады, тиотропия бромидін (Спирива) үнемі қабылдайды. 2 дәрежелі гипертензия үшін индапамид пен периндоприл қан қысымын төмендету мақсатында тағайындалды. 2 аптадан кейін науқас жөтелдің күшейгенін, әсіресе түнгі уақытта, сол мөлшерде ашық түсті қақырық бөлінетінін атап өтті. Аускультативті :қатты тыныс алу аясында өкпеде құрғақ, ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі минутына 20, пульс 88 * 109 / л.ЖҚА : лейкоциттер 5,6 мың., ЭТЖ 10 мм / сағ. Науқасты емдеудің келесі тактикасы қандай болуы керек? * +Периндоприлді гипертензияға қарсы басқа препаратпен ауыстыру қажет * ӨСОА өршуін емдеу үшін антибиотиктер тағайындау керек * Преднизолон per os тағайындау қысқа курспен * Β-блокаторды тағайындау * Теофиллинді қосымша тағайындау қажет #98 *! Ер адам 62 жаста , тыныс алу және қан түкіру кезінде тынысының қатты қиындауына шағымданады. Анамнезінде : 30 жыл бойы темекі шегеді, күніне 1-2 қорап. Бұрын таңертең қақырықты жөтел байқалды, дәрігерге бармаған. Бірнеше ай бұрын қақырығында қан сызықтарын байқаған. Жарты жылдан кейін тұншығу ұстамалары қосылды, онда ол салбутамол қолданды, бірақ айтарлықтай әсер етпеді. Объективті – жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Екі жақта да қолтық асты лимфа түйіндері анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, сол жақта жауырын аралықта бірен- саран сырылдар . ЕҢ ықтимал болжамды диагноз? * +Бронх ісігі * Бронхтың бөтен денесі * СОӨА * Ауруханадан тыс пневмония * Бронхоэктаз ауруы #99 *! 35 жастағы ер адам үйіне дәрігер шақырды. Анамнезінде: 10 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Салбутамол қабылдаған кезде ұстамалар сирек болды. Бір апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, содан кейін тұншығу ұстамалары күнделікті, күніне 3-4 ретке дейін пайда болды.. Объективті: жағдайы ауыр, қозған, мәжбүрлі позиция, бөлек сөз тіркестерінде сөйлейді, тынысы шулы, дем шығару қиын және ұзартылған. Бозарған цианоз және мойын веналарының ісінуі, ТЖ - 34 / мин. АҚ 90/60 мм с.б., жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 124 рет / мин. Пациентті жүргізудің ЕҢ қолайлы тактикасы қандай? * Амбулаториялық бақылау, терапияны коррекциялау * Емханадағы күндізгі стационар * Курорттық емдеу қажет * Үйде аурухана ұйымдастыру * +Ауруханаға жатқызу #100 *! 53 жастағы әйел, тыныс шығарудың қиындауымен ентігуге, аз мөлшерде тұтқыр, аздап сарғайған қақырықты жөтелге шағымданады. Бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. 30 жасынан бастап сирек дем шығарумен тыныс алудың қысқа ұстамалары мазалай бастады,дәрігерге бармады. 30 жыл бойы күніне 5-10 темекі шегеді. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін үш апта ішінде жағдайдың нашарлауы. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, температурасы 36,7С. Өкпеде шашыраңқы құрғақ сырылдар.ЖҚА: лейкоциттер 6,2 мың, ЭТЖ - 7 мм / сағ. Диагнозды нақтылау үшін диагностикалық шаралардың қайсысы маңызды? * Жалпы қан анализі * +Бронхолитиктермен спирометрия сынағы * Кеуде қуысының рентгенографиясы * Коагулограмма * Қақырықты жалпы талдау #101 *!Ер адамға 26 жыл бұрын бронх демікпесі диагнозы қойылған. Екі апта бұрын, суық тиюден кейін, күнделікті ентігу ұстамалары пайда бола бастады, науқас аптасына екі рет сальбутамолмен (вентолин) ингаляциядан кейін басылатын тынысының қиындауы сезімінен оянды. Зерттеу барысында ОФВ1 сәйкес мәндердің 65% құрады. Қазіргі уақытта бронх демікпесінің ағымының ауырлығы қандай? * Интермиттерлеуші бронх демікпесі; * Жеңіл персистирлеуші бронх демікпесі; * +Орташа ауырлықтағы персистерлеуші бронх демікпесі; * Персистерлеуші ауыр бронх демікпесі; * Ауырлық дәрежесін анықтау мүмкін емес. #102 *! Еркек С., 49 жаста, «Бронх демікпесі, жеңіл ағым» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Кейде аптасына 1 реттен жиі емес беродуальды қолданатын тыныс алудың сирек экспираторлы ұстамалары болады. Түнгі ұстамалар жоқ. Физикалық жүктемеге төзімділік төмендемейді. ОФВ1- 80-85%. Диспансерлік бақылаудың жиілігі қандай? * Жылына 1 рет * +Жылына 2 рет * Жылына 3 рет * Жылына 4 рет *Әр ай сайын #103 *!42 жастағы әйел, аралас сипаттағы тұрақты ентігуге , жүрек қағуына, физикалық жүктемемен байланыссыз кеудедегі ауырсынуға, әлсіздікке, қанды түкірікке шағымданды. Анамнезінде : 7 жасында 1,5 см жүрекшеаралық ақау анықталды. Оперативті емдеу жүргізілмеген. Қазір Эйзенменгер синдромы диагнозы қойылды. ЭКГ: оң жақ жүрекшенің ұлғаю белгілері, гипертрофия және оң жақ қарыншаның шамадан тыс жүктелуі.ЭХО КГ : өкпе гипертензиясы, IV класс. Өкпе трансплантациясына бағытталған. Операция алдында міндетті түрде қандай зерттеу жүргізу керек? *электроэнцефалография * +бронхолитикалық сынамамен спирография *бронхоскопия *трепанобиопсия *ирригоскопия #104 *! Науқас 18 жаста, идиопатиялық өкпе фиброзымен өкпе трансплантациясы жасалды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтеді. Бірінші айда дәрігерге неше рет бару керек? * +Аптасына 1 рет * Аптасына 2 рет * Екі аптада 1 рет * Бірінші айда 1 рет * қадағалау қажет емес #105 *! 65 жастағы ер адам, ең аз физикалық жүктеме кезінде және тыныштықта болатын тұрақты ентігуге, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. 20 жыл бойы СОӨА ауырады, ауыр ағымды,ұзақ уақыт бойы жүйелі глюкокортикоидтарды қабылдайды, өршу жылына 3 ретке дейін болады. Соңғы жылы айтарлықтай нашарлау: ентігудің жоғарылауы, перифериялық ісінудің пайда болуы, бауырдың ұлғаюы байқалды. Объективті: өкпеде тыныстың әлсіреуі байқалады, бүкіл бетінде ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ- минутына 28. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жағында екінші қабырға аралықта II тонның акценті. Жүрек соғысы - минутына 106. АҚ 100/60 мм с.б. Бауыры 3 см пальпацияланады. Аяқ басының ісінуі. Спирография: аралас желдетудің 3 дәрежелі бұзылыстары. СОӨА үшін өкпе трансплантациясы мәселесін шешуде қандай индикатор шешуші болады? * гепатомегалия * перифериялық ісіну, асцит * тахикардия 100 соққыдан / мин * +ОФВ1 25% -дан төмендеуі * тыныштық жағдайында ентігу #106 65 жастағы ер адам аз ғана физикалық жүктеме кезіндегі және тыныштықтағы ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. 20 жыл бойы ӨСОА (ХОБЛ) ауыр ағымымен ауырады. 2 дәрежелі АГ бар. 2 жыл бұрын Вирусты гепатит В анықталған. Осы жағдайының нашарлауын соңғы жылдары байқаған.: ентігудің күшеюі, перифириялық ісіктер, бауырдың ұлғаюы. Объективті: ДСИ 40 кг/м, өкпесінде әлсіз тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ысқырықты сырыл естіледі. ЖСЖ – 106 рет, ТАЖ – 28 рет. АҚҚ 100/60 мм.с.б. Бауыр пальпацияланады 3 см. Балтыры мен табаны ісінген. Спирография: ОФВ1 25%. Өкпе трансплантациясын жасауға қарсы көрсеткіш? *65- тен жоғары жас *вирусты гепатит В *+семіздік ДСИ 35 – тен жоғары *артериальды гипертензия *тахикардия #107 42 жастағы әйел әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, белінің оң жағы сыздап ауруына, жиі ауру сезімді зәр шығаруға шағымданып келді. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Анамнезінде жиі цистит. Объективті: температурасы 38 С. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 92 рет, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, іштің тік бұлшық етінің оң жағында қабырға доғасының бойымен және шап қатпарында ауру сезімі бар. Пастернацкий симптомы оң жағында оң. Ең ықтимал диагноз? *бүйрек туберкулезі *жедел гломерулонефрит *+жедел пиелонефрит *бүйрек амилоидозы *несеп – тас ауруы #108 Дәрігердің қабылдауына 24 жастағы жүкті әйел келді. Қарап тексеру кезінде шағымдары жоқ. Анамнезінде – темір тапшылықты анемия. Тері жабындылары бозғылт түсті. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, пальпацияда ауру сезімінсіз. Зәр шығаруы және несеп шығаруы қалыпты. Әйелдің қолындағы ЖЗА: 1 мл зәрге 105 бактерия, белок – жоқ, ураттар. Ең ықтимал диагноз? *+симптомсыз бактерурия *жедел пиелонефрит *бүйрек туберкулезі *несеп – тас ауруы *созылмалы циститтің рецидивті ағымы #109 28 жастағы әйел жиі зәр шығаруға, зәрін ұстай алмауға, әлсіздікке, іштің төменгі жағындағы тартып ауру сезіміне, кейде белдегі ауру сезіміне шағымданып келді. ЖЗА: лейкоциттер жоғарылаған, белок жоғарылаған, бактерурия – E.coli 1мл зәрде 105 – тен көп. Ең ықтимал жүргізу тактикасы? *амоксиклав *котримаксазол *гентамицин *+фосфомицин (монурал) *меропенем #110 28 жастағы әйелде 4 жыл бұрын жүктілер пиелонефриті болған. 2 апта бұрын тұмаудан кейінгі белдің оң жағындағы ауру сезімі, жиі ауру сезімді зәр шығару, әлсіздік, қызба 39 С. Амбулаторлық тексеру кезінде протеинурия 0,125 г/л, лейкоцитурия көру аймағында 25 – 30, эритроцитурия 8 – 10 көру аймағында, зәрдің массалық үлесі 1016. Қандағы лейкоцит 13,6×10/л, СОЭ – 30 мм/сағ. Тәулігіне 1 г эритромицин тағайындалған, нәтиже болмаған. Температурасы субфебрильді сандарға дейін түскен. Осы жағдайда қандай жүргізу тактикасы ең ықтимал? *цитрофурандар *ампициллин *ибупрофен *доксициклин *+цефалоспориндер #111 20 жастағы ер кісі ангинадан кейінгі бел тұсындағы екі жақты ауру сезіміне, қабақтарының, алақандарының ісінуіне шағымданды. АҚҚ 160/100 мм.с.б. Пастернацкий симптомы екі жағынан да оң. ЖЗА: тығыздығы 1018, белок 1,066 г/л, эритроциттер 10 – 12 көру аймағында, лейкоциттер 7 – 8 көру аймағында. ЖҚА: гемоглобин – 130 г/л, эритроциттер – 3,8×10/л, лейкоциттер – 9,2×10/л, СОЭ – 28 мм/сағ. Нечипоренко бойынша зәр анализі – 6000 1 мл – де, лейкоциттер – 2000 1 мл – де, цилиндрлер жоқ. Қандағы креатинин – 102 мкмоль/л. Берілген диагноздардың ішінде қайсысы ең ықтимал? *жедел цистит *жедел пиелонефрит *созылмалы гломерулонефрит *тубуло – интерстициальды нефрит *+жедел постстрептококкты гломерулонефрит #112 34 жастағы әйел созылмалы гломерулонефрит, үдемелі ағымы бойынша ем алып жатыр. Иммуносупрессивті терапия тағайындалған. Осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісі қандай? *үлкен дозадағы глюкокортикоидтар *үлкен дозадығы цитостатиктер *аминохинолин туындылары *+глюкокортикоидты цитостатиктер *аминохинолинді глюкокортикоидтар #113 23 жастағы ер адамда 1 апта бұрын катаральды белгілер, субфебрильді температура пайда болған. Ауру басталғаннан 3 күннен соң зәр түсінің өзгеруін – қызыл болғанын байқаған. ЖҚА: массалық үлес – 1018, белок – 0,18 г/л, лейкоцит - 1-2-3 көру аймағында, эритроциттер- көру аймағында көп, гиалонды, түйіршікті цилиндрлер; ЖҚА – ерекшеліксіз. Иммуноглобулиндерге қан анализі: Ig G – 14 г/л (N), Ig A – 5,3 г/л (жоғарылаған). Қандай диагноз ең ықтимал? *+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма *жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром *несеп – тас ауруы *жедел пиелонефрит *созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром #114 Тағамдық аллергиямен (цитрусқа, шоколадқа, жұмыртқаға) зардап шегетін 35 жастағы әйел жедел бронхитке байланысты сульфаниламидты препараттарды күніне 2 г өз бетінше қабылдаған. Біраз уақыттан кейін терісінде бөртпе, бетінің ісінуі, балтырларының ісінуін, зәр мөлшерінің азаюын байқаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер науқаста сульфаниламидтерді қабылдағаннан кейінгі аллергиялық нефропатия деп болжамдады. Осы науқаста ең ықтимал емдеу тактикасы? *+аллергияға қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды тағайындау *сұйықтық мөлшерін тәулігіне 3 – 4 л дейін көбейту *леспенефрил тағайындау *госпитализация, қатаң төсектік режим *диуретиктер тағайындау #115 66 жастағы ер адам дәрігерге күндізгі уақыттағы ұйқыға, тез шаршағыштыққа, таңертеңгі бас ауруына шағымданып келді. Тексеру кезінде патологиялық күндізгі ұйқының себебі науқастағы обструктивті апноэ синдромы екені анықталды. Науқасқа қандай емдеу тәсілін ұсынуға болады? *+CPAP – терапия *новопассит *амитриптилин *құрамында кофеин бар препараттар *феназепам #116 57 жастағы әйелді жақында жүрек тұсындағы басып және қысып ауру сезімі, ұзақтығы 40 минуттан көп, аралас ентігу, өлімнен қорқу сезімі, кенет әлсіздік мазалаған. Анамнезінен: бронхиальды астманың жеңіл ағымымен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Бас жағы көтерілген мәжбүрлі қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесінде төменгі екі жақты майда және орташа көпіршікті сырылдар, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ – 110/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. ЭКГ – да ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі, III, AFV тіркемелерінде. Ең ықтимал болжам диагноз қандай? *ИБС. Алғаш рет пайда болған стенокардия *астматикалық статус *сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының Q - миокард инфаркті *+сол қарыншаның артқы қабырғасының Q – миокард инфаркті *өкпе артериясының тромбоэмболиясы #117 Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 56 жастағы ер адам, төс артындағы басып және ашып ауру сезіміне, ауру сезімінің 200 м жүргеннен кейін және баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгеннен кейін сол қолға берілуіне шағымданып келді. Ауру сезімі нитроглицеринмен басылады. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс емес ритм. ЭКГ – да – синусты аритмия, ЖСЖ 85 – 110 рет минутына, қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Нитраттар, статиндер, антиагреганттарды қабылдағаннан кейін 1,5 ай көлемінде стенокардия ұстамаларынң болмағанын айтты. Физикалық жүктемеге толеранттылықты анықтау үшін қандай тексеріс жүргізу қажет? *коронароангиография *электпокардиография *+тредмил – тест *сцинтиграфия *эхокардиография #118 62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерде ИБС, СН, ФКЗ, ХСН ФК II диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінде – жиі стенокардия ұстамалары бар. ҚБХ – жалпы холестерин мөлшері – 8,8 ммоль/л. Қандай гиполипидемиялық препараттарды тағайындау тиімді? *өт қышқылдарының секвестрлері *никотин қышқылы және оның туындылары *фибраттар *+статиндер *антиоксиданттар #119 63 жастағы ер адам ИБС СН ФК II диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Амлодипин және биспрололды тұрақты түрде қабылдайды. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіледі, ұзақтығы 7 – 9 минутқа созылды, басу үшін бірнеше таблетка нитроглицерин қабылдаған. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қандай тактикасы ең тиімді? *қабылдап жатқан препараттардың дозасын көбейту *кардиолог кеңесіне жіберу *+кардиологиялық бөлімшеге стационарлық емге жіберу *пролонгирленген нитраттарды амбулаторлы тағайындау *үйге стационар тағайындау #120 57 жастағы ер адам соңғы 4 жылда АҚҚ 180/90 мм.с.б дейін көтерілуіне шағымданды. Тексеріс барысында – сол қарыншаның гипертрофиясы, торлы қабықша тамырының ангиопатиясы. Сол қарыншаның лақтырыс фракциясы 50%, қандағы глюкоза – 7,2 ммоль/л, ЖЗА – паталогиясыз. Ең ықтимал диагноз? *АГ, II дәрежелі, қауіп II *АГ, III дәрежелі, қауіп II *АГ, II дәрежелі, қауіп III *+АГ, III дәрежелі, қауіп IV *АГ, III дәрежелі, қауіп I #121 АГ диагнозымен тіркеуде тұрған 43 жастағы ер адам бас ауруына, қатты әлсіздікке, таңертеңгілік бетінің ісінуіне шағымданды. Қарап тексеру кезінде: пульс 85 рет, АҚҚ – 210 мм.с.б. ЭКГ – да – сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы. Қан анализінде: калий – 2,6 ммоль/л, натрий – 147 ммоль/л. Зәр анализінде: гипоизостенурия, реакция – сілтілі. Ең ықтимал қандай диагноз? *феохромоцитома *+Кон синдромы *созылмалы пиелонефрит *созылмалы гломерулонефрит *Иценко – Кушинг синдромы #122 47 жастағы әйелде соңғы 3 жылда АҚҚ 160/80 мм.с.б дейін көтерілген, АҚҚ түсіру үшін нифедипин қабылдаған. Соңғы 3 айда АҚҚ 170/90 мм.с.б. дейін көтерілген. Препараттарды күнделікті қабылдағаннан 20 күннен кейін жиі құрғақ жөтел пайда болған, әсіресе түнгі уақытта күшейген, әлсіздік пайда болған. АҚҚ 120/78 мм.с.б. Емханда тексерілгеннен кейін организмде қабыну процесстері анықталған жоқ. Осы шағымдарды қандай препарат шақыруы мүмкін? *амлопидин *бисопролол *+периндоприл *индапамид *физиотенз #123 50 жастағы әйел жоспарлы скрининг өтіп жүр. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚҚ 155/90 мм.с.б. ЖСЖ 74 рет минутына, ритм дұрыс. Көз түбінде – артериолалардың тарылуы және қан тамырлық суреттің ирелеңі. ЭКГ – да жүректің электрлік осі горизантальды. Сол қарыншаның гипертрофиясы. ЖҚА, ЖЗА, ҚБХА – қалыпты. Ең ықтимал жүргізу тактикасы қандай? *кардиологиялық бөлімшеге жоспарлы госпитализация *гипотензивті препараттарды жедел енгізу *кардиологиялық бөлімшеге жедел госпитализация *АҚҚ үш күн өлшеу, содан кейін ем тағайындау *+антигипертензивті препараттарды тағайындау және симптоматикалық гипертензияны болдырмау #124 Артық салмағы бар 50 жастағы әйел алғаш рет пайда болған төс артындағы ашып ауру сезіміне шағымданды. Анальгетиктермен басылады. ЭКГ – да сол қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның артқы қарыншааралық тармағының 85 % - ға тарылғаны анықталды. Қандай емдеу тактикасы ең ықтимал? *стенттеу *жүрек трансплантациясы *баллонды ангиопластика *+аорто – коронарлы шунттау *маммарлы – коронарлы шунттау #125 54 жастағы әйел 2019 жылы Q – миокард инфарктін басынан өткізген. АКШ жүргізгеннен 24 күннен кейін кардиомагнил мен клопидогрел қабылдағаннан ентігу мен аяқ - қолдарындағы ісінуі күшейген, жүрек мөлшері кенет өзгерген, рентгенологиялық тексеріс кезінде контур дoғасы тегістелген. Қандай асқынуды анықтауға болады? *жабысқан перикардит *тромбоэмболиялық асқынулар *миокард инфарктының қайталануы *экссудативты перикардит *+постперикардитомдық экссудативты перикардит #126 59 жастағы семіздігі бар әйел төс артындағы интенсивті емес басып ауру сезіміне шағымданып келді. Анальгетиктермен басылады. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. 2 жыл бұрын коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Қазіргі уақытта холецистэктомия тағайындалған. Қандай клиникалық көріністер жоспарлы жүректен тыс жедел тексеруді және емдеуді қажет ететін операцияның уақытша тоқтатылуын қажет етеді? *тұрақты стенокардия операцияға қарсы көрсеткіш *+ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз коронарлы жағдайлар, жүрек ритмінің айқын бұзылыстары *антиангинальды терапия операция алдында қарсы көрсеткіш *кез – келген дәрежедегі АГ операцияға қарсы көрсеткіш *анамнезіндегі аорто – коронарлы шунттау немесе стенттеу #127 Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 57 жастағы әйел метаболитикалық синдроммен келді. Бір ай бұрын алғаш пайда болған төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданды. ЭКГ – да миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. Коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Осы операциядан кейін 1 жыл ішінде қандай препараттар тағайындаған дұрыс? *тек аспирин *+аспирин және тикагрелор *тек клопидогрел *варфарин және аспирин *клопидогрел және тикагрелор #128 48 жастағы әйелдің шағымдары:тыныштықтағы айқын ентігу, жиі жүрек соғуы, әлсіздік, аяқтың және іштің ісінуі. Объективті: акрацианоз, өкпенің төменгі жағындағы ылғал сырылдар. Жүрек тондары айтарлықтай тұйықталған, жүрекшелер фибрилляциясы. Жүрек шекарасы оңға 2 см, солға 2,5 см – ге ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см – ге шығып тұр. Аяқ – қолдардағы ісіну, асцит. ЭКГ – да жүрекшелер фибрилляциясы, ЧЖС – 79 – 138 рет минутына. Лақтырыс фракциясы 27%. Жүрек трансплантациясына қандай көрсеткіштер бар? *жүректің үлкен размері *созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің болуы *коронарлы өлімнің жоғары қаупі *+созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр, қайтымсыз көріністерінің болуы *50 – ден жоғары жас #129 59 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауру сезіміне және баспалдақпен бір қабатқа көтерілген кездегі ентігу, тахикардия, аритмия, аяқтарының ісінуіне шағымданды. Анамнезінде миокард инфаркті (2019 жыл). ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы – бүйір қабырғасындағы тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы 42,4%. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасында, бүйір қабырғасында, қақпақшасында гипокинезия аумағы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігін қандай симптомдар көрсетіп тұр? *бас ауруы *+өкпедегі ылғал сырылдар *төс артындағы басып ауру сезімі *ЭКГ – дағы тыртықты өзгерістер *ЭхоКГ – дағы гипокинезия аумағы #130 62 жастағы әйел темекі тартады, алкогольді тұрақты түрде қабылдайды. Ентігуге, шырышты – іріңді қақырықты жөтелге, бас ауруына, АҚҚ жиі көтерілуіне шағымданды. Объективті: өкпеде құрғақ шашыранды сырылдар, аортадан II тон акценті анықталды, АҚҚ 155/95 мм.с.б. Бауыр қабырға доғасынан 2 см – ге шығып тұр, балтырдың ісінуі бар. ЭКГ: миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген, жүрек қуыстарының дилатациясы. Осы науқаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қандай топ препараттарын қолданған дұрыс? *диуретиктер *в – блокаторлар *+АПФ ингибиторлары *кальций антогонистеры *дигоксин #131 69 жастағы әйел ентігуге, түнгі жүрек астмасының ұстамалары, әлсіздік, терлеуге шағымданды. Қарап тексергенде: ЖСЖ 64 р, өкпедегі тұрып қалған сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ТАЖ 24 р, АҚҚ 100/60 мм.с.б, бауырдың ұлғаюы, балтырдың ісінуі бар.ЭхоКГ : КДР ЛЖ – 6,8 см, жүрек лақтырысы 32%, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының акинезиясы, . Науқас тұрақты түрде рамиприл, бисопролол, торасемид қабылдайды. Осы науқастың емдеу тактикасы? *+верошпирон қосу *бисопролол мөлшерін арттыру *рамиприл мөлшерін арттыру *аспирин қосу *варфарин қосу #132 39 жастағы ер адам жұрек тұсындағы тұрақты шаншып ауру сезіміне, журегінің қатты соғуына, психоэмоционалдьды күйзеліс кезінде күшейетін жүрек ритмінің тоқтап қалу сезімі. Анамнезінде темекі тартады, алкоголь қолданбайды. Перкуссияда жүрек шекарасының солға қарай ұлғаюы. ЭКГ: ритм дұрыс емес, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің төмендеуі (PQ – 0,32), жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолалар, биік R, екі фазалы Т тісшесі V3 - V4. ЭхоКГ: қуыстар кеңеймеген, қарыншааралық қақпақтың жоғарғы үштен бір бөлігінің гипертрофиясы, лақтырыс фракциясы 62%. Ең ықтимал болжам диагноз қандай? *ревматикалық емес миокардит *+идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия *дилатациялық кардиомиопатия *жүректің ишемиялық ауруы *митральды жүрек ақауы #133 63 жастағы ер адам 2018 ИМ басынан өткізген, аз ғана физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, аяғындағы ісікті байқаған. ЖСЖ – 92 рет, АҚҚ – 140/80 мм.с.б. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде: ФВ 55%, жүректің барлық бөлімдерінің гипертрофиясы, 2 дәрежелі диастолалық дисфункция. Қандай препараттарды тағайындау тиімді? *верапамил *амлодипин *фуросемид *+карведилол *моксонидин #134 50 жастағы әйел айқын ентігуге, жүрек соғысына, бауыр тұсындағы ауырлық сезіміне, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамасына, аяқтарындағы ісінуіне шағымданды. 1 ай бұрын қан түкіріп бастаған. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі жағындағы майда көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ – 93 рет. Жүрек ұшында – систолалық шу. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,6; КДР сол қарыншаның- 8,2. Оң қарынша – 3,4. Лақтырыс фракциясы 24%. Диффузды гипокинезия. Ең ықтимал диагноз? *+дилатациялық кардиомиопатия *ревматикалық емес миокардит *алкагольды кардиомиопатия *ишемиялық кардиомиопатия *рестриктивті кардиомиопатия #135 50 жастағы әйелге «дилатациялық кардиомиопатия» 1 жыл бұрын қойылған. Қазіргі уақытта ентігуге, жүрек соғысына, бауыр тұсындағы ауырлық сезіміне, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, аяқтағы ісікке шағымданды. 1 ай бұрын қан түкіріп бастаған. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі жағындағы майда көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ – 93 рет. Жүрек ұшында – систолалық шу. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,6; КДР сол қарыншаның- 8,2. Оң қарынша – 3,4. Лақтырыс фракциясы 24%. Науқасты жүргізу тактикасы қандай? *үйге стационар тағайындау *емхананың күндізгі стационарында емдеу *+кардиологиялық бөлімшеге госпитализация *санаторлық – курорттық емдеу *амбулаторлы емдеу, диуретиктер тағайындау #136 78 жастағы ер адам шағымдары: тыныштықтағы ентігуге, жиі жүрек қағысы, әлсіздік. Объективті: акрацианоз, өкпенің төменгі бүйір аймақтарындағы ылғал сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс емес. Жүрек шекарасы оңға 2 см , солға 2,5 см ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Аяғында ісіктер. ЭКГ – да жүрекшелер фибрилляциясы ЧЖС - 97-142 рет минутына. Лақтырыс фракциясы 31%. Қандай препаратты тағайындау тиімді? *верапамил *кораксан *дилтиазем *+дигоксин *амиодарон #137 63 жастағы ер адамда жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында кеуде тұсының сол жағында кенет ауру сезімі пайда болды, ауыр ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр. Тері қабаттары бозғылт, ылғал. Аузымен демалады. Сұрақтарға жауап бермейжі. ЭКГ- да деформацияланған QRS комплексі, 180 рет минутына. Жүрек ритмі бұзылысының қандай түрі болуы мүмкін? *+қарыншалық тахикардия пароксизмі *суправентрикулярлық тахикардия пароксизмі *синустық ритм *қарыншалық тахикардия *жүрeк фибрилляциясы пароксизмі #138 41 жастағы ер адам дәрігерге жоспарлы қарауға келді. ИБС СН II ФК.АГ II, қауіп 2 диагнозымен учетта турады. Қарап тексергенде шағымдары жоқ. АҚҚ 130/80 мм.с.б. ЖСЖ 72 рет. ЭКГ қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ да қосымша хорда анықталды. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындау қажет пе? *иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі даму мүмкіндігі бар *иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталды *+жоқ, өйткені аритмия науқаста субьективті жақсы өтеді *жоқ, өйткені жасанды жүрек ритмінің жүргізушісін қою керек *иә, өйткені Адамс – Морганьи – Стокс синдромы дамуы мүмкін #139 40 жастағы әйелде шағымдары ентігу, жиі жүрек соғысы. Анамнезінде тұмаудан кейінгі инфекционнды миокардит. ЭКГ: әр 2 қалыпты комплекстен кейін деформацияланған QRS (0,12 с көп) тіркеледі. Науқаста қандай жүрек ритмінің бұзылысы? *+қарыншалық тригеминия *жүрекше фибрилляциясы *қарынша үстілік экстрасистолия *пароксизмальды қарыншалық тахикардия *2 дәрежелі АВ блокада #140 Р есімді 27 жасар науқас әлсіздікке, жүрек тұсындағы сыздап ауру сезіміне, жиі жүрек соғысына, жүру кезіндегі ентігуге, кешке аяғындағы ісінуіне шағымданды. Ревматологта «Д» тіркеуде тұрады. Объективті: жүректің митральды конфигурациясы, күшейген, солға ығысқан жүрек ұшылық түрткі, жүрек ұшында систолалық шу қолтыққа беріледі. Ең ықтимал диагноз қандай? *ХРБС, трикуспидальды клапан жеткіліксіздігі. ХСН II *ХРБС, сол атриовентрикулярлық тесіктің стенозы. ХСН II *ХРБС, аортальды клапан жеткіліксіздігі. ХСН II *ХРБС, аорта қақпақшасы стенозы, ХСН II *+ХРБС, митральды қақпақша жеткіліксіздігі, ХСН I #141 *!Ер адам 25 жас. Жүрек тұсындағы шаншып ауру сезіміне,жүрек қағуына,ентігуге шағымданады.Анамнезінде 15 жасында жедел ревматикалық қызбамен ауырған. Объективті: Пульс 97соққы минутына. Жүрек шекаралары: оң - төстің оң жақ қырында, жоғарғы - III қабырға деңгейінде , сол - бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см сыртқа . Жүрек ұшында I тон аздап әлсіреген, нәзік систолалық шуыл естіледі, ол систоланың көп бөлігін қамтиды.Электрокардиограммада: Синусты ритм, 95 соққы минутына. Горизонтальды. электрлік ось . P-mitrale, сол жақ қарынша гипертрофиясы. Миокардта зат алмасу бұзылуы |