Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница12 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

02_09_ Шұғыл кардиология

$$$001

Кардиологиялық бөлімшеге төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданып 45 жастағы ер адам түсті. Тексергенде: тері жабындысы күлгін түсті, жабысқақ суық термен жабылған. Жүрек үндері бәсең, айқын тахикардия, АҚҚ 40/0 мм сб.бғ. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің элевациясы.

Берілген асқынуда өлімнің болуын радикальды төмендететін БАРЫНША не болып табылады?

A) Оң инотропты әсерлі дәрілерді енгізу

B) Қолқаішілік баллонды контрпульсацияны жүргізу

C) Тері арқылы эндоваскулярлы шаралар жүргізу

D) Плазма алмастырғыш ерітінділерді енгізу

E) Наркотикалық заттарды қолдану

Дұрыс жауап=С

Күрделілігі=1

$$$002

Q-миокард инфарктысымен 57 жастағы ер адамда ентігу, мардымсыз қақырықты жөтел, қан түкірумен бірге кеуде торындағы қарқынды ауыру сезімінің пайда болуы жағдайының кенет нашарлауына алып келді. ЭКГ-да: алдыңғы миокард инфарктысының жедел сатысы. Рентгенограммада: оң өкпенің орталық бөлігінде үшбұрышты көлеңке.

Аталған асқынулардың қайсысы науқаста БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Өкпе артариясының тармақтарының тромбоэмболиясы

B) Дресслер синдромы

C) Жедел аневризма

D) Жүрек тампонадасы

E) Өкпенің ісінуі

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$003

3 миокард инфарктысы болған 68 жастағы ер адамға сол тәждік артерияның алдыңғы қарынша аралық тармағына стенттілеу жасалған. Өзін жақсы сезінгендіктен соңғы жылы ұсынылған дәрілерін қабылдамаған. Ауыр кардиогенді шокпен асқынған алдыңғы-бүйірлі Q- миокард инфарктысы дамыды.

БАРЫНША мүмкін кардиогенді шоктың даму себебі қандай?

A) Ауру сезімі кезіндегі қантамыр тонусының рефлекторлы өзгеруі

B) Сол қарыншаның пропульсивті функциясының түсуі

C) Толық атриовентрикулярлы бөгеме

D) Қанайналым бұзылысы

E) АҚҚ көтерілуі

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$004

Алдыңғы-бүйірлік Q-миокард инфарктысымен ем қабылдап жатқан 59 жастағы әйелде аурудың екінші күнінде жағдайы кенет нашарлады, сол жақ төс маңы бойымен III қабырғааралықта дөрекі систолалық шу, оң жақ қарыншаның жеткіліксіздік белгілері пайда болды.

Пайда болған асқынуды анықтау үшін қосымша зерттеу әдістердің қайсысын жүргізген БАРЫНША тиімді?

A) Кеуде торы рентгенографиясы

B) Селективті коронароангиография

C) Эхокардиография

D) ӨАЭС

E) ЭКГ

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$005

Алдыңғы-жайылмалы Q-миокард миокард инфарктысы бар 45 жастағы ер адамда төстің сол жағыннан IV қабырғааралықта патологиялық пульсация, тұйықталған жүрек үндері, 1 нүктеде систолалық шу анықталды. ЖСЖ - 90 в мин.; АҚҚ 110/70 мм сб.б. 18-ші тәуллікте ЭКГ-да V2-V5 шықпаларында QS тісшесі және SТ интервалының жоғарылауы тіркелді.

Дамыған асқынудың диагностикасында аталған зерттеу әдістердің қайсысы көмектеседі?

A) ЭКГ

B) ӨАЭС

C) ЭхоКГ

D) Коронароангиография

E) Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$006

60 жастағы ер кісі горизонтальді жағдайда күшейетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезінде екі миокард инфарктысы болған. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек үндері бәсеңдеген, галоп ырғағы. ЭКГ: STV1-V6. элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б

Аталған миокард инфарктысы асқынуларының қайсысы БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Кардиогенді шок

B) Жедел аневризма

C) Миокардтың жарылуы

D) Тромбоэмболия

E) Өкпе ісінуі

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$007

ЖИА, жыпылықтаушы аритмиясы және сол жүрекшеде қабырғалық тромбы бар 82 жастағы әйел, наркотикалық аналгетиктермен басылмайтын қарқынды және тез үдейе түсетін іштегі қатты ауыру сезіміне шағымданады. Қараған кезде: тері жабындылары бозғылт, мұздай жабысқақ тер, жиі беткейлі тыныс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ 90/60 мм с.б., пальпация кезінде іштің қатты ауыру сезімі, құрсақтың тітіркену симптомы оң. Қан анализінде: солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы.

Қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Перитонит

B) Ойық жара перфорациясы

C) Ішек парезі

D) Жедел ішек өтімсіздігі

E) Мезентериальді артериялардың тромбоэмболиясы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$008

Q тісшелі миокард инфарктысы бар әйелде аурудың 2-ші аптасында төстің сол жағынан III – IV қабырға аралығында жергілікті прекардиальді пульсация анықталды. ЭКГда - V1-V4 шықпаларда QS, ST сегментінің сақталмалы жоғарылауы; эхокардиографияда ішкі қырдың тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды, интакты сегменттермен шекарада айқын демаркациондық сызық пайда болған. Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

A) Кардиологқа қаралу

B) Хирургиялық сылу

C) Консервативті терапия жалғастыру

D) Тікелей емес антикоагулянттарды тағайындау

E) Миокардқа жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі салмақты төмендету

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$009

Ангинозды ұстама бойынша жатқызылған 48 жастағы ер адам ауруының екінші аптасында ентігуге, оң қабырға астындағы ауыру сезіміне, ісінуге шағымданады. Қараған кезде: екі еселенген жүрек түрткісі пайда болған, ЭКГ STV2-V5 элевациясы сақталуда. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол қарыншаның ішкі контурының тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды, мұнда тромб та байқалады.

Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

A) Жүрек қызметін компенсациялау

B) Ишемияға қарсы ем

C) Антикоагулянтты ем

D) Дезагрегантты ем

E) Хирургиялық

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$010

Алдыңғы-перделік Q- миокард инфарктысы бойынша ем қабылдауда болған 52 жастағы әйелде аурудың 3 күні кенет жағдайы нашарлады, төстің сол жақ қырында III қабырға аралықта қатаң систолалық шу естіледі және оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі пайда болды.

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қандай тәсілді таңдаған барынша тиімді?

A) Натрий нитропруссидін к/т

B) Оперативті ем

C) ТАА

D) Добутаминді к/т

E) Допаминді к/т

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$011

Кардиологиялық бөлімшеге 62 жастағы ер адам интенсивті төс артындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт. Жүрек үндері тұйықталған, айқын тахикардия, АҚҚ 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: тәжді қанайналымның жедел бұзылысы. Пароксизмальді қарыншаүстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты орнату мақсатында изоптин, кейін кордарон енгізді, алайда ырғақ қалыпқа келмеді.

Жүрек ырғағын қалыптастыру үшін көрсетілген шаралардың қайсысы БАРЫНША тиімді болады?

A) Аритмогенді аймақтың кардиодеструкциясы

B) Катетерлі радиожиілікті абляция

C) Электроимпульсті терапия

D) Новокаинамидті ендіру

E) Дефибрилляция

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$012

67 жастағы ер адамда кенеттен төс артындағы қысып ауыру сезімі, ентігу, жалпы әлсіздік пайда болды. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, мұздай жабысқақ термен жабылған. Өкпеде аздаған ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған. Протодиастоликалық галоп ырғағы, тахикардия, ЖСЖ-120 мин. АҚҚ 70/40 мм сб. б. ЭКГ: QS және STV2-V5 элевациясы. Өкпе артериясындағы кідіру қысымы – 18 мм сб.б.

Аурудың асқынуын емдеу үшін келесі аталған дәрілердің қайсысынан бастаған БАРЫНША тиімді?

A) Фуросемид

B) Допамин

C) Норадреналин

D) Реополиглюкин

E) Нитропруссид натрия

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$013

65 жастағы ер адам жүрек қағысының жиіленуіне, ауа жетіспеу сезіміне, оң қабырға астының ауырлығына шағымданады. Анамнезінде – басынан өткерген миокард инфаркты. Қарағанда: өкпесінде іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес. Пульс дефициті – 32 мин. Бауыры ұлғайған. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, R-R аралығы әртүрлі. Берілген аритмия ұстамасын басуда төменде аталған препараттардың қайсысы барынша нәтижелі болып табылады?

A) Новокаинамид

B) Амиодарон

C) Дигоксин

D) Верапамил

E) Прокаинамид

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$014

29 жастағы ер адам айқын ентігуге, жүрек қағуына, қатты бас айналуына, арасында естен тану ұстамаларына шағымданады. Объективті: Жағдайы өте ауыр, терісі күрт бозғылт, суық тер, мойын веналар пульсациясы. Терең иілу жағдайында отыр. Жүрек үндері тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. АҚ-80/50 мм сн.бғ. Парадоксальды пульс анықталады. ЭКГда: тісшелердің вольтажы айқын төмендеген, электрлік альтернация. ЭХОКГ: перикардтар қозғалуының әлсіреуімен систолалық және диастолалық сепарациясы, үлкен эхолық бос кеңістік.

Келтірілген емдеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Консервативті ем

B) Жүрек трансплантациясы

C) Перикардиоцентез

D) Перикардэктомия

E) ТАА

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

03_01 Кардиологиядағы клиникалық фармакология

$$$001

Жүрекшелердің жыпылықтау пароксизмін басуға 1С классындағы антиаритмиялық дәріні тағайындауға болады, оған жатады?

A) Верапамил

B) Дигоксин

C) Лидокаин

D) Дилтиазем

E) Пропафенон

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=1

$$$002

Созылмалы пиелонефритпен қосарланған артериальді гипертензиясы бар 46 жастағы әйелге фозикард тағайындалды. Аталған ААФ ингибиторлардың қандай нәтижесі БАРЫНША мүмкін нефропротективтілікке жатады?

A) Бүйрек каналшалары клеткаларының эпителиальдыі пролиферациясы

B) Мезангиальды матрикс синтезінің жоғарылауы

C) Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазодилатациясы

D) Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазоконстрикциясы

E) Тостағанша капиллярларында гидравликалық қысымның жоғарылауы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$003

6-7 апталық жүктілігі бар артериальді гипертензиямен ауыратын 36 жастағы әйелге антигипертензивті дәрілерді тағайындау қажет етіледі.

Аталған дәрілердің қайсысы БАРЫНША мүмкін тератогенді әсері бар?

A) Клонидин

B) Метилдопа

C) Нифедипин

D) Периндоприл

E) Метопролол

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$004

46 жастағы әйелге вазоспастикалық стенокардия диагностикаланды.

Бірінші ретте бауыр арқылы өтетін жоғары метоболизмдік деңгейі бар, АВ өткізгіштігі арқылы өтетін және синусты түйін автоматизмін басатын, вазодилатациялық және теріс инотропты әсері бар, осы стенокардияның таңдамалы дәрілеріне қайсысы БАРЫНША жатады?

A) Фозиноприл

B) Бисопролол

C) Нифедипин

D) Верапамил

E) Изокет

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$005

Өте жоғары қауіп-қатер факторы бар артериальді гипертензияның 3 дәрежесімен ауыратын 82 жастағы ер адам тыныштық жағдайда төс артындағы басып ауыру сезіміне және ентігуге шағымданады. ЖСЖ – 84 мин. АҚҚ – 190/110 мм сб.б. Тропонин T – 0,40 нг/мл. ЭКГ – 3 мм-ге STV2-V6 сегментінің элевациясы.

Аталған дәрілердің қайсысы геморрагиялық асқынуларға БАРЫНША мүмкін алып келеді?

A) Клопидогрель

B) Гепарин

C) Варфарин

D) Фраксипарин

E) Стрептокиназа

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$006

Q-миокард инфарктысы бар 58 жастағы ер адамда нағыз кардиогенді шок дамыды.

Жүректің жиырылғыш қасиетін жоғарылату үшін аталған дәрілердің қайсысын қолданған БАРЫНША тиімді?

A) Добутамин

B) Коргликон

C) Строфантин

D) Допамин

E) Фосфокреатин натрия

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

$$$007

Антигипертензивті нәтижелікті күшейту және жағымсыз әсерлердің дамуын азайтау үшін артериальді гипертензиясы бар науқастарға қосарланған терапияны тағайындау қажеттілігінде БАРЫНША тиімді комбинация?

A) диуретиктер, ААФ ингибиторлары

B) β -блокаторлар, ААФ ингибиторлары

C) Кальций антагонистері, диуретиктер

D) β-блокаторлар, кальций антагонистері

E) Кальций антагонистері, альфа-адреноблокаторлар

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

03_02 Кардиохирургия

$$$001

Үш тәждік артерияның зақымдалумен ишемиялық жүрек ауруы бар науқасқа БАРЫНША жүргізу тиімді:

A) Аблацияны

B) Стенттілеуді

C) ЭКС имплантациялау

D) Қолқатәждік шунттауды

E) Транслюминальді ангиопластиканы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=1

$$$002

Туа біткен ақау бойынша бірнеше хирургиялық оталарды өткерген 5 жастағы қыз қайта ота жасауға жатқызылды. Анамнезінде: қыз ешқандай физикалық жүктемелерді көтере алмайды, күніне 8-ретке дейін талмалар болады. Қарағанда тері жабындыларының айқын көгеруі, «барабан таяқшалары және сағат әйнегі» симптомы анықталады. Ота кезінде оң пульмональ артерия кеңейген, аортальді протезді имплантациялаумен бірге пульмональді қақпақшаның резекциясы жасалды, қарыншаралық перде ақауы жабылды.

Аталған ақаулардың қайсысына БАРЫНША мүмкін ота жасалды?

A) Фалло Тетрадасы

B) Қолқа коарктациясы

C) Үшкамералы жүрек

D) Магистральді тамырлардың транспозициясы

E) Қарыншаралық перде ақау

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$003

Қолқаны тарылуы бар 43 жастағы ер адам кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне, бас айналу, әлсіздікке шағымданады. Қолқа қақпақшасының қысым градиенті 79 мм сб.б.

Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

A) Ота көрсетілмеген

B) Тиянақты бақылау

C) Консервативті ем

D) Қолқа қақпақшасын протездеу

E) Мүмкін болатын асқынуларды алдын алу

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$004

Миокард инфарктысын 2 рет өткерген және жедел тәждік синдроммен түскен 69 жастағы ер адамда ангиопластика және стенттілеу нәтижесіз болды: стенттелген тарылу арқылы өту орындалмады. Гемодинамикасы тұрақсыз.

Көрсетілген шаралардың қайсысын қолданған БАРЫНША тиімді?

A) Тромболизис

B) Қайта ТАА

C) Консервативті терапия

D) Баллонды ангиопластика

E) Қолқа-тәждік шунттау

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$005

Төс артындағы қарқынды басып ауыру сезімімен 39 жастағы ер адамға госпитальді кезең алдында жасалған тромболизис нәтижесіз. 2 сағаттан кейін қарыншалардың жыпылықтауы пайда болған, 6-реттік дефибрилляциядан кейін синусты ырғақ қалпына келді. Шұғыл түрде коронарография жүргізілді, онда екі тамырдың өне бойына 85% тарылуы анықталды. Шараны жүргізу кезінде сол тәждік артерияның бағанасында тромб түзіліп, жүректің тоқтауы дамыды. Жүргізілген реанимацияның нәтижесінде жүрек ырғағы қалпына келді, түзілген тромб ерітілді.

Науқасты ары қарай жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

A) Тері арқылы транслюминальді ангиопластика

B) Маммарлы-тәждік шунттау

C) Қайта тромболизис жасау

D) Консервативті терапия

E) Стенттеу

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$006

Ангиографиямен жүректің көк тамырлық катетерзациясы арқылы 16 жастағы қызда оң қарыншалық/өкпе артериясының 60 мм.сб.б. систолалық градиентімен бірге өкпе артериясы қақпақшасының тарылуы диагностикаланды.

Ақауды емдеуде БАРЫНША тиімді тәсіл?

A) Өкпе артериясы қақпақшасының жабық комиссуротомиясы

B) Өкпе артериясы қақпақшасының ашық комиссуротомиясы

C) Баллонды вальвулопластика

D) Консервативті ем

E) Жүрек трансплантациясы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

03_03 Кардиологиядағы клиникалық лабораторлы диагностика

$$$001

Өкпе гипертензиясы кезінде қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді болып табылады?

A) Қызыл жиелік антикоагулянт

B) Виллебранд факторы

C) Тромбоциттер

D) Холестеринді

E) Тропонинді

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$002

Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилятациялық кардиомиопатиясы бар

науқастарды варфаринмен емдеу, мынаны бақылау арқылы жүргізілуі тиіс:

A) Белсендірілген біртінді тромбопластинді уақытты

B) Халықаралық қалыптасқан қатынасты

C) Қан ұю уақытын

D) Қан кету уақытын

E) Антитромбин III

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

03_04_ Кардиологиядағы сәулелі диагностика

$$$001

Тәждік артериялардың қақтану дәрежесін және миокардтың дискенезия аймағын; веноздық қолқатәждік шунттардың өту дәрежесін анықтауға; жүрек ақауларын көруге сәулелік диагностикалық шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкіндік береді?

A) Коронарография

B) Компьютерлік томография

C) Магнитты-резонансты томография

D) Позитронды-эмиссионды томография

E) Мультиспиральді компьютерлік томография

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$002

Миокардиальді ағыс жылдамдығын, ишемиялық ошақтардың көлемін және орналасуын, дисфункциональді аймақтарды, миокардтың өмір сүруге мүмкіндігі бар тіндерді, яғни метаболикалық үрдістерді анықтауға сәулелік диагностикалық шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкіндік береді?

A) Аортография

B) Ангиокардиография

C) Магнитті-резонансты томография

D) Позитронды эмиссионды томография

E) Мультиспиральді компьютерлік томография

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта