Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница13 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

03_05_ Кардиологиядағы нутрициология

$$$001

67 жасар ер адамды қарағанда қабағында ксантелазмалар, шынтақ буындары аймағында ксантомалар, құлағынан шаш өсуі, құлақ сырғалығында диагнональды қатпар анықталды. Тексергенде: ТТЛП холестерин құрамы – 7,4 ммоль/л.

Тағам құрамында төменде аталған холестерин деңгейінің қандай болуын науқасқа БАРЫНША ұсынуға болады?

A) 100 мг

B) 200 мг

C) 300 мг

D) 400 мг

E) 500 мг

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

$$$002

Артериальды гипертензиясы бар 72 жасар әйел гипертониялық криздің жиілеуіне байланысты емханаға келіп қаралды.

Тиімді тамақтануын талқылағанда ас тұзды қаншаға дейін шектеуін БАРЫНША ұсыну ықтимал:

A) 1-2 г

B) 3-5 г

C) 6-8 г

D) 9-10 г

E) 11-13 г

{Дұрыс жауап }=B

{Күрделілігі }=2

  1. 35 жастағы әйел жүрек аймағындағы шаншып ауыру сезіміне, ентігуге

шағымданып түсті. Үш апта бұрын аденовирусты инфекциямен ауырған. Қанда: лейкоциттер – 18,2 мың., ЭТЖ – 45 мм/с, СРБ 10 мг/мл, АСТ – 115 МЕ/л. ЭКГда– АВ-блокада I дәрежесі.

Келтірілген зерттеу әдістердің қайсысы БАРЫНША диагнозды дәлелдейді:

A) Рентгенография

B) Коронарография

C) Эхокардиография

D) Миокардтың сцинтиграфиясы

E)+Өмірлік миокардтың биопсиясы

2. Алдыңғы-таралған Q-миокард инфарктысының жеделдеу сатысында 78 жастағы әйелде төстің сол жағында IV қабырғааралығында патологиялық пульсация пайда болды. Жүрек үндері бәсеңдеген, 1 нүктеде систолалық шу.

Пайда болған асқынудың диагностикасы үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізген тиімдірек?

A) Кеуде торыныңрентгенографиясы

B) Вентрикулография

C)+Эхокардиография

D) Коронарография

E) ӨАЭС

3. 30 жастағы ер адам инъекциялы наркоман, қызбаға, қатты қалтырауға, құйылмалы тершеңдікке, денедегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: терісі сарғыш-бозғылт, дене температурасы 390С, жабысқақ тер. Кеуде торының алдыңғы бетінде геморрагиялық петехиальды бөртпелер, тырнақ астында сызықты геморрагиялар, алақан және табанның ұсақ буындарының ассиметриялық ісінуі және гиперемиясы. Қаннан ішек таяқшасы себілді. Аталған антибактериальдідәрілердің қайсысы БАРЫНША мүмкін таңдамалы дәрі болып табылады?

A)+Имипинем

B) Флуконазол

C) Ванкомицин

D) Цефтриаксон

E) Бензилпенициллин

4. 60 жастағы ер адамда, Q тісшелі циркулярлы миокард инфартысын өткергеннен кейін үшінші күні кенет қарыншалық тахикардия пароксизмімен негізделген аритмогенді шок дамыды. Кенет жүрек өлімі мен өмірге қауіпті аритмияларды екіншілік алдын алу мақсатында келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A)+Амиодарон

B) Анаприлин

C) Новокаинамид

D) Калий хлориді

E) Бретилиятозилат

5. 11 жасында жедел ревматикалық қызбаны өткерген 22 жастағы жас жігіт ентігуге, түнгі уақыттарда болатын тұншығу ұстамаларына, қан түкіруге шағымданады. Объективті: митральді қақпақшаның ашылу сыбдыры, жүрек ұшында систолалық және протодиастолалық шу. ЭКГда: сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы. Сол қарыншаның шамалы гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүректің митральді конфигурациясы.

Төменде аталған ота түрлерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Жүрек трансплантациясы

B) Баллонды вальвулопластика

C) жабық митральді комиссуротомия

D) Екі жармалы қақпақша биопротезін имплантациялау

E)+Екі жармалы қақпақшаны механикалық протезбен протездеу

6. Бұрын инфаркт миокардын өткерген 60 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда миокардтың ауыру сезімсіз ишемия эпизодтары, «R -Tға» типтегі ерте жиі қарыншалық экстрасистолалар анықталды.

Миокард ишемиясының ауыру сезімсіз түрі келесі аталған жағдайлардың қайсысына БАРЫНША мүмкін алып келеді:

A) Синкопе

B)+Кенет өлімге

C) Жүрекшелердің жыпылықтауына

D) Артериальді гипертензияға

E) Гипертрофиялық кардиомиопатияға

7. 70 жастағы ер адам, ес түссіз ауруханаға жатқызылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, 30 минут бұрын ішінде кенет ауыру сезімі, айқын жалпы әлсіздік пайда болған. Бірнеше минуттан кейін есінен танған. Анамнезінде: ЖИА, АГ ауырады. 45 жыл бойы күніне 2 қорап темекі тартады. Қарап тексергенде: жағдайы өте ауыр, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 130 рет мин. АҚҚ 80/50 мм.сб.бғ. Шұғыл лапороскопия жасалынды: парақолқалық талшық қанмен имбибирленген, қолқа қабырғасында қырлары тегіс емес ақау анықталды. Науқаста келтірілген асқынулардың қайсысы БАРЫНША мүмкін дамуы мүмкін?

A) Бүйрек артериясының тромбозы

B) Мезентериальді артериялардың тромбозы

C) Қолқа доғасының сылынбалы аневризмасы

D)+Қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасының жарылуы

E) Қолқаның кеуде бөлігінің сылынбалы аневризмасы

8. 54 жастағы ер адам қалтыраулармен қызбаға, жөтелге, қан түкіруге, бел аймағындағы, буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде фурункулез. Қарағанда: тері жабындылары «сүт қосқан кофе» түстес, аяғында – петехиальді бөртпелер. Тексергенде: эр.-2,7 х 1012/л, Нв – 88 г/л, лейк – 19,2 мың., ЭТЖ – 72 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке.

Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Тромбоцитопениялық пурпура

B)+Инфекциялық эндокардит

C) Геморрагиялық васкулит

D) Өкпе инфарктысы

E) Гемобластоз

9. Синкопальді жағдайлармен және ауыр өтетін суправентрикулярлы тахикардия ұстамаларымен 78 жастағы ер адамды холтерлік мониторлау кезінде: ұзақ синусты паузалармен қайтпалы синоатриальді бөгеме, қарынша үстілік пароксизмдер, «тахикардия – брадикардия» синдромы анықталды.

Көрсетілген емдеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Электрлік кардиоверсия

B) Аритмогенді аймақтардың абляциясы

C)+Кардиостимуляторды имплантациялау

D) Аритмогенді аймақтардың криодеструкциясы

E) Уақытша эндокардиальді электростимуляция

10. 54 жастағы ер адам артқы-бүйірлік Q-миокард инфарктысымен үшінші аптада артралгиялар, плевральді қуыста сұйықтық пайда болды.

Пайда болған синдромды емдеу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

A) Цефтриаксонды

B)+Диклофенакты

C) Промедолды

D) Аспиринді

E) Эноксапаринды

11. RS-T сегментінің тұрақты көтерілуімен жедел тәждік синдромы бар 53 жастағы ер адамға екі тәждік артерияларға ангиопластика жасалды. Антитромбиндік дәрілер тағайындалды.

Жүргізіліп жатқан антитромбиндік терапияны қадағалауға көрсетілген тесттердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Антитромбина III

B) Фибриноген концентрациясы

C) Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясы

D) Ерітілген фибрин-мономерлік комплекстер

E)+Белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт

12. 67 жастағы ер адам сол қолға берілетін қарқынды, үдемелі төс артындағы қысып ауыру сезімі шағымдарымен 1 сағат бұрын басталған ауыру синдромымен реанимация бөліміне түсті. Қараған кезде: жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 мин. АҚҚ– 90/60 мм сб.бғ. ЭКГ: барлық кеуде әкетулерінде ST сегментінің 3,0 мм монофазды элевациясы. Тропонин Т - 0,38 нг\мл.

Көрсетілген шаралардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:

A) Тромболизисті

B) Ауыру сезімін басу

C) Дезагрегантты терапияны

D) Антикоагулянтты терапияны

E)+Эндоваскулярлы араласу



13. 68 жастағы әйел ST сегментінің элевациясымен жедел тәждік синдроммен түсті. Науқасқа коронарография жасалып, 2 стент имплантацияланды.

Эндоваскулярлы араласудың БАРЫНША мүмкін клиникалық нәтижелі қорытындысы болып табылады:

A)+Стенокардия ұстамаларының жойылуы

B) Қайта реваскуляризациянық қажеттілігі

C) Q-тісшесіз миокард инфарктының дамуы

D) Госпитальді кезеңде стенокардияның сақсталуы

E) Стенокардияның функциональді классының жоғарлауы

14. Гипертоник, 2 инфарктты өткерген 54 жастағы ер адамға дәрімен қапталған 3 стент имплантацияланды. 4 айдан кейін мұрыннан қан кетулер болды, сол себептен өздігінен барлық дезагреганттарды тоқтатты. Біраз уақыттан кейін науқастың жағдайы нашарлап, ауыру ұстамасы пайда болып, стационарға кардиогенді шокпен жеткізілді.

Науқастың кенет жағдайының нашарлауына көрсетілген себептердің қайсысы БАРЫНША мүмкін алып келді?

A) Дәрімен қапталған стентті имплантациялау

B) Артериальді гипертензияның болуы

C) Инфарктан кейінгі кардиосклероздың болуы

D) Мұрыннан қан кетулер

E)+Стент тромбозы

15. Екі жыл бұрын сол тәждік артерия жүйесінің екі тамырлық қолқатәждік шунттау жасалған 64 жастағы ер адам аз қысымды стенокардиямен түсті.

Көрсетілген шаралардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

A) Өңеш арқылы эхокардиография

B) Тәуліктік ЭКГ мониторирлау

C) Стресс-эхокардиография

D)+Коронарошунтография

E)Вентрикулография

16. 59 жастағы әйел Q-туындауымен миокард инфаркты диагнозымен аудандық ауруханадан ауыстырылды. Тромболитикалық терапия жүргізілмеді. КАГ жасалғанда тәждік жүйенің көп тамырлы зақымдалуы анықталды: алдыңғы төмендеуші артерияның ортаңғы сегментінің окклюзиясы, оң тәждік артерияның проксимальді бөлігінің 75% тарылуы, ортаңғы сегментінің ОТА тандемді 85-90% тарылуы. ОТА екі стент қойылды; ТОА тотальдіокклюзиясыныңреканализациясы жасалып, стентимплантацияланды.

Көрсетілген нұсқаулардың қайсысы стенттілеуден кейін БАРЫНША тиімді?

A) Фраксипаринжәне аспирин

B)+Аспирин жәнеклопидогрел

C)Клопидогрелжәневарфарин

D) Эноксапарин, сосынварфарин

E)Варфаринжәнефондапаринукс

17. 39 жастағы әйел ота жасар алдында зерттеуден өтуде. ЭКГда: ЖЭО солға ығысқан. QRSV5V6 - 0,15 сек. RV5V6 – шыңы доғал, qV5V6 жоқ. SV5V6 – тісшесі айқын емес. SV1V2 амплитудасы барынша жоғарлаған. STV5V6 – изосызықтан төмен, доғал, жоғары қараған, Т тісшесі теріс және біржақты емес. STV1V2 - изосызықтан жоғары, доғал, төмен қараған, Т – биік және оң. Қорытындылардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A)+Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгемесі

B) Гис шоғырының оң аяқшасының толық бөгемесі

C) Гис шоғырының сол аяқшасының артқы тармағының бөгемесі

D) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгемесі

E) Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының бөгемесі



18. Сирек жүрек жиырылуы фонында екі рет есінен тану ұстамалары анықталған 70 жасар ер кісі реанимация бөлімшесіне жеткізілді. ЖСЖ – 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сб. б. ЭКГ: жүрекшелердің өзіндік тәуелсіз ырғағы 90 рет мин және қарыншалар өзіндік ырғығы 30-35 рет мин, QRS комплекстері-0,16" деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты анықталды.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Кардиогенді шок

B) Идиовентрикулярлі ритм

C) МЭС ұстамаларымен синоаурикулярлы блокада

D)+МЭС ұстамаларымен толық атриовентрикулярлы блокада

E) Венкебах кезеңімен атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі



19. 18 жастағы жеткеншек кезеңді пайда болатын жүрек аймағындағы жиі жүрек қағуларына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша ұстамалар сирек және өздігінен басылатын, кейінгі кезде жиілеп, ұзағырақ бола бастаған. ЭКГда: P-Q -0,1 c; QRS 0,15 с, QRS бірге Δ –толқын анықталды. Келтірілген емдеу әдістердің қайсысы осы науқасқа БАРЫНША тиімді?

A) Стент имплантациясы

B) Баллонды ангиопластика

C) АПФ ингибиторларын тағайындау

D)+Қосымша өткізгіш жолдарын абляциялау

E) Кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау



20. Артериальді гипертензиямен ауыратын 72 жастағы ер адам нитраттарға басылмайтын кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданып емханаға келді. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 104 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм сб.бғ. ЭКГда: V3-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Аталған маркерлердің қайсысын тағайындаған БАРЫНШАтиімді?

A) Трансаминазаны

B)+Тропонин Т-ны

C) Гипергомоцистейнді

D) С-реактивті белокты

E) Жүрекшелік натрийуртикалық пептидті



21. Кенет пайда болатын жүректің жиі соғу ұстамасы, кейде қысқа уақытқа естен танулармен пульсінің 32 рет минут соғуына байланысты 70 жастағы ер адамға тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланды. Варфаринды қабылдау ұсынылды.

Емхана кардиологы аталған көрсеткіштердің қайсысына қарап ұзақ уақыт қабылданатын варфаринді БАРЫНША мүмкін қадағалай алады?

A) АЧТВ

B) РФМК

C)+МНО

D) АКТ

E) ПТИ

22. Q-миокард инфарктысын өткерген 49 жастағы ер адам ауруханадан шыққанан кейін емхана кардиологына келді. Амбулаторлы кезеңде науқасқа -адреноблокаторлар, ААФ ингибиторлары, дезагреганттар тағайындалды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын ұзақ қолданғанда миокард инфарктысының қайта даму қаупін БАРЫНША мүмкін төмендетеді?

A) Нифедипинді

B) Аторвастаинді

C) Варфаринді

D) Клопидогрелді

E)+Бисопрололді

23. Ұзақ уақыт артериальді гипертензия, қант диабетімен ауыратын, бір жыл бұрын жайылған трансмуральді миокард инфарктысын өткерген 72 жастағы әйел кеуде артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданып емхана кардиолыгына келді. Қарағанда өкпесінде іркілісті сырылдар, ЭКГда - созылмалы тәждік жетіспеушілік белгілері анықталды.

Дәлелді медицинаның қағидаларына сай көрсетілген дәрілердің қайсысын науқастың емдеу жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді?

A) Доксасозин

B) Анаприлин

C) Нифедипин

D) Корглюкон

E)+Карведилол

24. Кардиолог қабылдауында 58 жастағы әйел төс артының қысып ауыруға, басының ауыруына, жүрек айынуына, құсуына шағымданады. Қарағанда: АҚҚ – 180/100 мм. с.б.б ЭКГ-де: STV1-V4 элевациясы. Стационарға шұғыл жатқызуға жедел жәрдем бригадасы шақырылыды.

Госпиталь алды кезеңде осы науқаста гипертониялық кризді басу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізген БАРЫНША таңдамалы болып саналады?

A)+Изокет

B) Арфонад

C) Эсмолол

D) Дроперидол

E) Эналаприлат

25. Инфаркт миокардын өткерген 67 жастағы әйел үйіне дәрігерді шақыртты. Бір текпешектік қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге, жүрек соғуға, бас айналуға шағымданады. Об-ті: өкпеде іркілісті сырылдар, аяқтарында ісінулер. Жүрекшелер фибрилляциясымен ЖСЖ – 124 рет мин. АҚҚ – 150/90 мм с.б.

Инсультті алдын-алу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Гепаринді

B)+Варфаринді

C) Надропаринді

D) Эноксапаринді

E) Фондапаринуксты

26. Q-миокард инфарктысымен 57 жастағы ер адамда ентігу, мардымсыз қақырықты жөтел, қан түкірумен бірге кеуде торындағы қарқынды ауыру сезімінің пайда болуы жағдайының кенет нашарлауына алып келді. ЭКГ-да: алдыңғы миокард инфарктысының жедел сатысы. Рентгенограммада: оң өкпенің орталық бөлігінде үшбұрышты көлеңке.

Аталған асқынулардың қайсысы науқаста БАРЫНША мүмкін дамыды?

A)+Өкпе артариясының тармақтарының тромбоэмболиясы

B) Дресслер синдромы

C) Жедел аневризма

D) Жүрек тампонадасы

E) Өкпенің ісінуі

27. ЖИА, жыпылықтаушы аритмиясы және сол жүрекшеде қабырғалық тромбы бар 82 жастағы әйел, наркотикалық аналгетиктермен басылмайтын қарқынды және тез үдейе түсетін іштегі қатты ауыру сезіміне шағымданады. Қараған кезде: тері жабындылары бозғылт, мұздай жабысқақ тер, жиі беткейлі тыныс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ 90/60 мм с.б., пальпация кезінде іштің қатты ауыру сезімі, құрсақтың тітіркену симптомы оң. Қан анализінде: солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы.

Қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Перитонит

B) Ойық жара перфорациясы

C) Ішек парезі

D) Жедел ішек өтімсіздігі

E)+Мезентериальді артериялардың тромбоэмболиясы

28. Қолқаны тарылуы бар 43 жастағы ер адам кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне, бас айналу, әлсіздікке шағымданады. Қолқа қақпақшасының қысым градиенті 79 мм сб.б.

Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

A) Ота көрсетілмеген

B) Тиянақты бақылау

C) Консервативті ем

D)+Қолқа қақпақшасын протездеу

E) Мүмкін болатын асқынуларды алдын алу

29. Миокардиальді ағыс жылдамдығын, ишемиялық ошақтардың көлемін және орналасуын, дисфункциональді аймақтарды, миокардтың өмір сүруге мүмкіндігі бар тіндерді, яғни метаболикалық үрдістерді анықтауға сәулелік диагностикалық шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкіндік береді?

A) Аортография

B) Ангиокардиография

C) Магнитті-резонансты томография

D)+Позитрондыэмиссионды томография

E)Мультиспиральді компьютерлік томография

30. 67 жасар ер адамды қарағанда қабағында ксантелазмалар, шынтақ буындары аймағында ксантомалар, құлағынан шаш өсуі, құлақ сырғалығында диагнональды қатпар анықталды. Тексергенде: ТТЛП холестерин құрамы – 7,4 ммоль/л.

Тағам құрамында төменде аталған холестерин деңгейінің қандай болуын науқасқа БАРЫНША ұсынуға болады?

A) 100 мг

B)+200 мг

C) 300 мг

D) 400 мг

E) 500 мг

31. Артериальды гипертензиясы бар 72 жасар әйел гипертониялық криздің жиілеуіне байланысты емханаға келіп қаралды.

Тиімді тамақтануын талқылағанда ас тұзды қаншаға дейін шектеуін БАРЫНША ұсыну ықтимал:

A) 1-2 г

B)+3-5 г

C) 6-8 г

D) 9-10 г

E) 11-13 г

32. 52жастағы ер адам қалтыраумен жүретін 39ºжететін қызбаға, иісі жағымсыз тершеңдікке, ұзақ уақытқа созылатын әлсіз жүрек тұсының ауруына, ентігуге, ірі буындарының ауру сезімінешағымданады. Анамнезіндебел аймағының карбункулы. Қарағанда: тері жабындылары «сүт пен кофе » түстес, төмен қабақтың коньюктивасының ауыспалы қатпарында геморрагиялар. Зерттеу кезінде: эр.- 2,8 мың., Нв – 90 г/л, лейк – 21 мың.,таяқшаядролы нейтрофилдер – 18; ЭТЖ – 56 мм/сағ, протеинурия.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау тиімдірек ?

  1. бүйрек УЗИ-і

  2. сцинтиграфия

  3. +эхокардиография

  4. буындар рентгенографиясы

  5. кеуде торының рентгенографиясы

33. 34 жастағы ер адам кардиологиялық бөлімшеге сол қолға берілетін, сыздап ауыратын ауыру сезіміне, ентігуге, жүрек ырғағының жиіленуіне, шаршағыштыққа шағымданып түсі. Екі апта бұрын жоғары қызбамен және ауыр интоксикациямен өткен тұмаумен аурыған. Об-ті: жағдайы ауыр. Тері жабындылары боз. Өкпенің төменгі бөліктерінде везикулярлы тыныстың әлсіреуі, майда көпіршікті, дыбыссыз ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия. Бауыры оң қабырға астынан 3 см шығып тұр. Балтырларының ісінуі. Қанда: лейк-12 мың., ЭТЖ-35 мм/сағ. Тропониндер – жоғарлаған. ЭКГ: АВ-бөгеме, I дәрежесі. ЭхоКГ: жүрек қуыстарының дилатациясы, диффузды гипокинезия. ЛФ-38%.

Көрсетілген критерилердің қайсысы Болжамды БАРЫНША жағымсыз болып табылады?

  1. ентігу

  2. өкпедегі іркіліс

  3. ырғақ бұзылыстары

  4. +қуыстарының дилатациясы

  5. өткізгіштің бұзылыстары

34. 24 жастағы жас ер жігітшамалы физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге, ине сұққандай ауыру сезімі және жүрек аймағында ырғақ бұзылысына, әлсіздікке шағымданады. Бір ай бұрын ЖРВИ өткерген. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтыр және тобығының ісінуі. Өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері әлсіз, жүрек ұшында систолалық шум, шоғырық ырғағы. ЖСЖ 110 уд/мин. АҚ - 90/60 мм сб. б. . ст. Бауыры 2 см ұлғайған. Қанда: лейкоциттер – 12,3 мың, ЭТЖ – 32 мм/с. ЭКГ: бигеминия типті қарыншалық экстрасистолалар. ЭХОКГ: диффузды гипокинезия, лақтырыс фракциясы - 36%.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША МҮМКІН?

  1. рестриктивті кардиомиопатия

  2. +ревматикалық емес миокардит

  3. инфекциялық эндокардит

  4. сулы перикардит

  5. СЖРА, жүрек ақау

35. 36 жастағы ер адам жүрек тұсындағы сыздап ауыратын ауыру сезіміне, жүрек соғысының жиіленуіне, физикалық жүктемеге толеранттылықтың төмендеуі. Анамнезінде: 4 ай бұрын айқын катаральді көріністермен ЖРВИ өткерген, колдрекс қабылдаған. Жағдайының нашарлауы жоғарыда айтылған шағымдарының пайда болуы және олардың өршуі басталғанан, 10 күн болған. Бала кезінен шылым шегеді, 1 қорап күніне.Қарағанда: Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 89 рет/мин., АҚ 110/60 мм сб.б. Өкпесінде қатаң тыныс. ЭКГ: төмен вольтті ЭКГ, бірлі жарым жүрекшелік экстрасистолалар, Гис шоғырыныңоң аяқшасының толық емес бөгемесі.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША АҚПАРАТТЫ?

  1. кеуде ағзаларының рентгенографиясы

  2. Холтер бойынша ЭКГ мониторлау

  3. Тредмил тест

  4. ЭФГДС

  5. +ЭхоКГ

36. 16 жастағы жеткеншек кардиологиялық орталықтың реанимация бөлімшесіне жүрек ырғағының жиіленуіне, ентігуге, ауа жетпеу сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінде: бір ай бұрын жоғары қызбамен ЖРВИ өткерген. Госпитализацияға дейін тәулік бойы энергетикалық сусындар қабылдаған, кальян тартқан, осылардың әсерінен жағдайы нашарлаған. Қарағанда: балтырының ісінуі. ТАЖ – 28/мин. Жүрек үндері әлсіз, ЖСЖ-130 мин. АҚ - 90/60 мм сб. б. Қанда: лейкоциттер – 12,3 мың., ЭТЖ – 30 мм/с. ЭКГ: Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгемесі, қарыншылардың ерте реполяризация синдромы.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?

  1. а-интерферонды

  2. милдронатты

  3. метипредті

  4. +мовалисті

  5. аспиринді

37. 73 жастағы ер адамтұрақсыз артериальді қысым фонында пайда болған жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, бас ауыру, бас айналуға шағымданады. Қрап тексергенде: өкпеде тыныс әлсіреген, майда көпіршікті, дыбыссыз сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-95 рет/мин., АҚ 165/95 мм сб.б. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы, Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес бөгемесі.

Көрсетілген диагностика әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША АҚПАРАТТЫ?

  1. ЭхоКГ

  2. коронароангиографияны

  3. Холтер бойыншаЭКГ мониторлау

  4. кеуде ағзаларының рентгенографисы

  5. +артериальдық қысымды тәуліктік мониторирлау

38. 38 жасар балалық шағынан ЖСРА (ХРБС) бар науқас бас ауруға, көзінің қарауытуына, бас айналуға, ентігуге шағымданады. Қарағанда: ІІ тон әлсізденуі, оң екінші қабырға аралығында әлсізденген протодиастолалық шу; сан артериясында – Траубе екі еселенген тоны және Дюрозье шуы естіледі. ЖСЖ- 96 рет мин. АҚ –170/40 мм сб. б. ЭКГ: сол қарынша гипертрофия.

Төменде аталған себептердің қайсысы АҚ көтерілуіне алып келуі мүмкін?

  1. аорта өзегінің стенозы

  2. ревматизм активтілігі

  3. өкпе артериясы өзегінің стенозы

  4. +аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

  5. сол атриовентрикулярлы саңылауының стенозы

39. 43 жастағы ер адам бас айналуға, физикалық жүктемеден кейінгі немесе дене қалпын тез ауыстырғанда пайда болатын талмаларға, стенокардия ұстамаларына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, оң жақ 2-ші қабырғааралығында ұйқы артерияларына берілетін дөрекі систолалық шу естіледі. АҚ 120/80 мм.сб.б. ЭКГ: Сол Гис шоғыры аяқшасының толық бөгемесі. ЭХОКГ: Сол қарынша қабырғасының концентриялық гипертрофиясы, аортальды қақпақша жармаларының қалыңдауы.

Төменде аталған ақаулардың қайсысы болуы ықтимал?

  1. +аорта өзегінің стенозы

  2. митральды қақпақша жетіспеушілігі

  3. оң атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы

  4. аортальды митральды қақпақша жетіспеушілігі

  5. үшжармалы қақпақшаның папиллярлы бұлшықеттерінің зақымдалуы

40. 35 жастағы әйел адам, 5-10 мин қа созылатын, физикалық күштемеден кейін кеуденің сол жақ жартысында кезекті пайда болатын, басып ауыру сезіміне шағымданады. Отбасылық анамнезінде – ерте жүрек – қан тамырлық өлімдер жағдайы болған. Науқас темекі тартпайды, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбайды. Қарап тексергенде күшейген жүрек ұшы түрткісі анықталады; аускультацияда Боткина-Эрба нүктесінде мойын тамырларына берілетін,систолалық шу естіледі. Шу күші тұрған қалыпта күшейеді. ЭКГ да - I, aVL, V5-V6шықпаларында ST сегментінің қиғаш төмендеген депрессиясы және теріс Т тісшелері.

Барынша мүмкін диагноз:

  1. митральды стеноз дамыған жүректің ревматикалық ауыруы

  2. +гипертрофиялық кардиомиопатия

  3. рестриктивті кардиомиопатия

  4. жүрек ишемиялық ауруы

  5. қолқа коарктациясы

41. 28 жастағы ер адам кезекті бас айналу эпизодтары, жүрек қағуы,көздегі «қарауытулар», физикалық жүктемелер кезіндегі пайда болып, тыныштықта басылатын, төс артындағы басып ауру сезімдеріне шағымданады.

ЭХОКГ: Сол жүрекше = 4,6 см, соңғы диастолалық көлем = 4,8 см, соңғы систолалық көлем = 2,8 см, қарыншааралық перде қалыңдығы = 2,5 см, артқы қабырға қалыңдығы = 1,6 см. Алдыңғы митральды жарманың систолалық бүгілуі және аортальды жарма оң тәждік жармасының систолалық жабылуы. Д-ЭХОКГ да – СҚ шыға берісінде жоғары жылдамдықтағы турбулетті қан ағысы.

Келтірілген дәрілер тобының қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

  1. статиндерді

  2. нитраттарды

  3. +β- адреноблокаторларды

  4. жүрек гликозидтерін

  5. альдостерон антагонистерін

42. 45 жастағы ер адам мойынға, сол жауырын астына таралатын, тыныс алғанда күшейетін және нитроглицеринді қолданғанда басылмайтын, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ да- синусты тахикардия, I, II, III, aVL, aVF, V2-V5 шықпаларында ST сегментінің 0,5 мВ ге доға тәрізді элевациясы, PR сегменті депрессиясы.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

  1. сол қарынша алдыңғы қабырғасы аймағындағы жедел миокард инфаркты

  2. кеуде қолқасының сылынбалы аневризмасы

  3. өкпе артериясының тармақтарының тромбоэмболиясы

  4. ревматикалық емес миокардит

  5. +перикардит

43. 50 жастағы ер адам ентігуге, мойын көк тамырларының ісінуіне, бауыр ұлғаюына, асцитке, аяқ ісінуіне шағымданады. Өкпе туберкулезінен бұрын емделген. ЖСЖ- 96 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ - 100/80 мм с.б. ЭКГ да- вольтаждың күрт төмендеуі. Кеуде клеткасының рентгенограммасы. (суретті кара).

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША абзалырақ?

  1. +перикардэктомия

  2. перикардиоцентез

  3. эндокардты алып тастау

  4. екі камералы ЭКС ты орнату

  5. аортокоронарлы шунттау



44.39 жастағы ер адамда аортокоронарлы шунттау операциясынан 3 аптадан кейін, антикоагулянттар мен дезагреганттарды қолдану фонында ентігу күшейіп, ісіну пайда болып, рентгенде жүрек көлемі айқын ұлғайып, көлеңкелер доғасы жазылып кеткен.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?

  1. +гемоперикард

  2. гидроперикард

  3. ревматикалық емес миокардит

  4. қайталамалы миокард инфаркты

  5. констриктивті перикардит

45.62 жастағы ер адам бас ауыруына, бас айналуына, бірнеше рет құсуға, жүрек тұсындағы шаншып ауыру сезіміне шағымданады.

Об-ті: толық, беті қызарған, көз склерасы инъецирленген. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 92 рет\мин. АҚ 210/110мм.с.б. ЭКГ да: синусты тахикардия, сол қарынша гипертрофиясы.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

  1. дибазолды

  2. +эбрантилді

  3. эуфиллинді

  4. папаверинді

  5. верапамилді

46. 17-18апталық жүктілікпен 27 жастағы әйелде АҚ ның 170/100 мм с..б. на дейін көтерілуі байқалады. ЖЗА де- белок 0,33 г/л, лейкоциттер – 10-14 к\а.

Артериальды қысымды төмендету үшін келтірілген дәрілердің қайсысын БАРЫНША қолданған дұрыс?

  1. +допегит

  2. лазартан

  3. фозикард

  4. эуфиллин

  5. индапамид

47. Науқас, 40 жаста, бір жыл бойы ентігу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тінгі уақыттағы тұншығу, балтырларының ісінуі мазалайды. Сорңғы айларды қан түкіру пайда болды. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі бөліктерінде майда көпіршікті үнсіз сырыл. Жүрек шекарасы солға жылжыған, тондары тұйықталған. ЖСЖ – 90/мин., жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылықтаушы аритмия, тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы -21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Ревматикалық емес миокардит, жыпылықтаушы аритмия. СЖЖ I (ФК I)

  2. Алкоголдік кардиомиопатия, жыпылықтаушы аритмия СЖЖ II А (ФК III)

  3. Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылықтаушы аритмия, СЖЖ I (ФК I)

  4. Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылықтаушы аритмия, СЖЖ IIБ (ФК III)

  5. +Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылықтаушы аритмия, СЖЖ IIБ (ФК III)

48. 28 жастағы науқаста экссудативті перикардит пайда болды. Онда айқын ентігу, өлім сезімі қаупі, мойын веналарының кеңеюі, салқын тер, мойны беті, мұрны мен құлағының ісінуі, жіп тәрізді пульс пен қан қысымыеың төмендеуі пацда болды. Қандай зерттеу шұғыл түрде жүргізілуі тиіс:

  1. Тұссыз тағам

  2. +Перикардқа пункция

  3. Диуретиктер беру

  4. Сұйықтықты 600 мл дейін шектеу

  5. Глюкокортикоидты беру

49. Науқас ентігуге, ауа жетпеу сезіміне, аяқтағы ісінуге, оң жақ қабырға аймағындағы ауырсынуға (бауыр ұлғаюы), мойын веналарының ісінуі мен пульсациясына шағымдануымен клиникаға түсті. Рентген суретінде: жүрек көлеңкесінің үлкеюі, аускультативті : жүрек тондарының тұйықталуы. ЭКГ вольтажы төмендеген. Қай жүрек ауруына осындай клиника тән:

  1. Дилятационды кардиомиопатия

  2. Гипертрофиялық кардиомегалия

  3. +Экссудативті перикардит

  4. Жедел миокардит

  5. Үшжармалы қақпақша тума ақауы

Әйел 30жаста, митральды стенозбен. Жүктілігігің 8 айында қайталамалы өкпе ісінуі пайда болды. Төменде аталған әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

  1. Жүрек гликозидтерімен емдеу

  2. +жүктілікті үзу

  3. жедел комиссуротомия

  4. қан ағызу

  5. босанғанша төсектік режим
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта