Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница11 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

02_06 Кардиологиядағы функциональды диагностика

$$$001

«Пирует» типіндегі пароксизмальді қарыншалық тахикардиямен аритмология бөліміне 48 жастағы науқас түсті. Берілген ырғақ бұзылысының негізінде не БАРЫНША болуы мүмкін?

A) QT интервалының ұзаруы

B) QT интервалының қысқаруы

C) PQ интервалының ұзаруы

D) PQ интервалының қысқаруы

E) ST сегментінің ығысуы

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=1

$$$002

WPW синдромы бар науқастарда атриовентрикулярлы өткізудің қосымша (аномальды) жолдардың орналасуын анық анықтау үшін науқасқа нені БАРЫНША жүргізу қажет ?

A) Эхокардиография

B) Коронароангиография

C) Электрокардиограммалар

D) Холтер бойынша ұзақ уақыт ЭКГ мониторлау

E) Эндокардиальді және эпикардиальді картирлеу

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$003

56 жастағы ер адам 40 минуттан астам қарқынды кеуде артындағы ауыру сезіміне шағымданады. Тропонин Т-9,5 нг/мл. ЭКГда: QRV1-V2 , RV1-V2 0,14сек дейін кеңейген және биік. STV1-V2 монофазды қисық түрде.

Көрсетілген қорытындылардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Гис шоғырының сол аяқшасының бөгемесімен қосарланған артқы қабырғаның МИ

B) Гис шоғырының оң аяқшасының бөгемесімен қосарланған артқы қабырғаның МИ

C) Гис шоғырының сол аяқшасының бөгемесімен қосарланған алдыңғы қабырғаның МИ

D) Гис шоғырының сол аяқшасының бөгемесімен қосарланған бүйір қабырғаның МИ

E) Гис шоғырының оң аяқшасының бөгемесімен қосарланған алдыңғы қабырғаның МИ

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$004

39 жастағы әйел ота жасар алдында зерттеуден өтуде. ЭКГда: ЖЭО солға ығысқан. QRSV5V6 - 0,15 сек. RV5V6 – шыңы доғал, qV5V6 жоқ. SV5V6 – тісшесі айқын емес. SV1V2 амплитудасы барынша жоғарлаған. STV5V6 – изосызықтан төмен, доғал, жоғары қараған, Т тісшесі теріс және біржақты емес. STV1V2 - изосызықтан жоғары, доғал, төмен қараған, Т – биік және оң. Қорытындылардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгемесі

B) Гис шоғырының оң аяқшасының толық бөгемесі

C) Гис шоғырының сол аяқшасының артқы тармағының бөгемесі

D) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгемесі

E) Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының бөгемесі

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$005

65 жастағы әйел адам кезеңді түрде пайда болатын бас айналуға, қысқа ауқыттық естен тануларға, жүрек қағуларына шағымданады. ЭКГ да: тахи-брадикардия синдромы.

Келтірілген зерттеу әдістеріннің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) ТӨАЭС

B) Эхокардиография

C) Жүрек қуыстарын катетрлеу

D) Қан тамырларды ультрадыбыстық зерттеу

E) Жүректі рентгенологиялық зерттеу

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$006

Рестриктивті кардиомиопатия және перикардтың тығыздалуынсыз констриктивті перикардиттың дифференциальді диагностикасын жүргізгенде көрсетілген диагностикалық әдістердің қайсысы барынша диагностикалық маңызды болып табылады?

A) Стресс-эхокардиография

B) Жүректің компьютерлі томографиясы

C) Радионуклидті вентрикулография

D) Жүректің магнитті-резонансты томографиясы

E) Таллиймен жүректің перфузионды сцинтиграфиясы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$007

Сирек жүрек жиырылуы фонында екі рет есінен тану ұстамалары анықталған 70 жасар ер кісі реанимация бөлімшесіне жеткізілді. ЖСЖ – 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сб. б. ЭКГ: жүрекшелердің өзіндік тәуелсіз ырғағы 90 рет мин және қарыншалар өзіндік ырғығы 30-35 рет мин, QRS комплекстері-0,16" деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты анықталды.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін дамыды?

A) Кардиогенді шок

B) Идиовентрикулярлі ритм

C) МЭС ұстамаларымен синоаурикулярлы блокада

D) МЭС ұстамаларымен толық атриовентрикулярлы блокада

E) Венкебах кезеңімен атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$008

2-жасар қыз балаға электрокардиография жасалды. ЭКГда синусты тахикардия 125 рет минутына, ЖЭО оңға ығысқан (альфа бұрышы + 105°). V2 - V4 әкетулерде QRS комплексінің вольтажы (30 мм жоғары) биік, V1 әкетуде –Rs типті комплекс, өтпелі аймақ V4 әкетуден солға ығысқан. Т тісшесі V1 – V3 әкетуде теріс. 
Көрсетілген қорытындылардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Алдыңғы-жармалы қабырғасында қан айналымның бұзылысы

B) Синус түйіннің автоматизмінің бұзылуы

C) ГИС шоғырының оң аяқшасының бөгемесі

D) Оң қарыншаның гипертрофиясы

E) Жасына сай қалыпты өзгеріс

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$009

Инфарктан кейінгі аневризмасы бар 42 жастағы ер кісіде кенеттен тахикардия ұстамасы дамыды. ЭКГ-да: ЖСЖ – 160 рет минутына, QRS - 15", RS-T сегментінің және Т тісшесінің дискордантты орналасуымен деформацияланған.

Бірінші этапта берілген ырғақ бұзылысын медикаментозды басу үшін қандай препарат БАРЫНША қауіпсіз болып табылады ?

A) Бретилий тозилаты

B) Новокаинамид

C) Лидокаин

D) Изоптин

E) Аймалин

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$010

24 жастағы қыз кенеттен дамыған жүрек қағысының жиіленуіне шағымданады. Бұрын тахикардияға қатысты тексеріліп, аритмологтар абляция жүргізуге кеңес берген. ЭКГда: ырғақ жиілігі 210 рет/мин. QRS комплексі кеңейген. V 5 V6 тіркемелерінде R, ал V1 V2 – S тісшесі биік.

Бірінші этапта берілген ырғақ бұзылысын медикаментозды басу үшін қандай препарат БАРЫНША тиімді болып табылады ?

A) Аймалин в/і ағымды

B) Лидокаин в/і ағымды

C) Амиодарон в/і ағымды

D) Новокаинамид в/і тамш

E) Бретилий тозилат в/і тамш

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$011

18 жастағы жеткеншек кезеңді пайда болатын жүрек аймағындағы жиі жүрек қағуларына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша ұстамалар сирек және өздігінен басылатын, кейінгі кезде жиілеп, ұзағырақ бола бастаған. ЭКГда: P-Q -0,1 c; QRS 0,15 с, QRS бірге Δ –толқын анықталды. Келтірілген емдеу әдістердің қайсысы осы науқасқа БАРЫНША тиімді?

A) Стент имплантациясы

B) Баллонды ангиопластика

C) АПФ ингибиторларын тағайындау

D) Қосымша өткізгіш жолдарын абляциялау

E) Кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$012

Қайталамалы артқы диафрагмалы миокард инфарктысы диагнозымен 73 жастағы ер адамның ЭКГда PQ аралығы 0,4 с дейін ұзарған, QRS комплексі түсіп қалған. Жүрекшелік толқындар және QRS комплексінің қатынасы 4:1. ЖСЖ - 40 рет/мин.

Келтірілген емдеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) ӨАЭС

B) Кардиоверсия

C) Стенттеу

D) Электрокардиостимуляция

E) Баллонды контрпульсация

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$013

67 жастағы ер адам біріншілік артқы диафрагмальді миокард инфарктысымен ауруханаға түсті. Мониторирлау кезінде QRS комплексінің түсіп қалуымен PQ интервалының үдемелі ұлғаюы тіркелді. ҚЖЖ-56 рет/мин.

Келтірілген емдеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Уақытша кардиостимуляциялау

B) Тұрақты кардиостимуляция

C) Баллонды контрпульсация

D) Дефибрилляция

E) Кардиоверсия

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

02_07_ Амбулаторлы-емханалық кардиология, ересектер

$$$001

68 жастағы әйелде ісіну, тежелу, ұйқышылдық, есінеу, терісінің құрғауы және түлеуі, брадикардиямен бірге жүретін АҚҚ жоғарылауы анықталды.

Көрсетілген өзгерістердің қайсысы БАРЫНША анықталуы мүмкін?

A) Протеинуриялар

B) Лейкоцитуриялар

C) ТТГ төмендеуі

D) Креатининемиялар

E) ТТГ жоғарылауы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=1

$$$002

67 жастағы науқас төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданып емханаға кардиолог кеңесіне келді. 2 жыл бойы ЖИА-мен ауырады. Соңғы аптада ауыру сезімінің жиіленуінен, қарқындылығының ұлғаюынан науқастың жағдайы нашарлаған. ЭКГ тағайындалды. Электрокардиограммада не БАРЫНША анықталуы мүмкін?

A) ST сегментінің ишемиялық ығысуы

B) Жүректің сол бөлігінің жүктемесі

C) Сол қарыншаның гипертрофиясы

D) Т тісшесінің инверсиясы

E) Тахикардия

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$003

Артериальді гипертензиямен ауыратын 72 жастағы ер адам нитраттарға басылмайтын кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданып емханаға келді. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 104 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм сб.бғ. ЭКГда: V3-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Аталған маркерлердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Трансаминазаны

B) Тропонин Т-ны

C) Гипергомоцистейнді

D) С-реактивті белокты

E) Жүрекшелік натрийуртикалық пептидті

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$004

42 жастағы ер кісі стационардан шыққаннан кейін емханаға кардиолог кеңесіне қаралды. Тексеріс кезінде жүрек қуыстарының ұлғаюы, миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі анықталды. Қарау кезінде науқас кенет есінен танып, кейін гемипарез, дизартрия дамып, жамбас мүшелерінің функциясы бұзылды.

Дамыған жағдай қандай патологиямен БАРЫНША байланысты болуы мүмкін?

A) Бас-ми тамырларының тромбоэмболиясымен

B) Геморрагиялық ми инсультімен

C) Дисциркуляторлы энцефалопатиямен

D) Транзиторлы ишемиялық атакамен

E) Ишемиялық ми инсультімен

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$005

Кенет пайда болатын жүректің жиі соғу ұстамасы, кейде қысқа уақытқа естен танулармен пульсінің 32 рет минут соғуына байланысты 70 жастағы ер адамға тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланды. Варфаринды қабылдау ұсынылды.

Емхана кардиологы аталған көрсеткіштердің қайсысына қарап ұзақ уақыт қабылданатын варфаринді БАРЫНША мүмкін қадағалай алады?

A) АЧТВ

B) РФМК

C) МНО

D) АКТ

E) ПТИ

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$006

62 жастағы әйел алдыңғы-жайылмалы Q-миокард инфарктысын өткерген. Емхана кардиологының қарауымен емді жалғастыру ұсыныстарымен шығарылды.

Инфаркттан кейінгі кезеңде науқастың клиникалық көрінісін аталған факторлардың қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ анықтайды?

A) Инфаркттан кейінгі тыртықтың көлемі

B) Компенсаторлы механизмдердің құрылуы

C) Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің дамуы

D) Қоршалған миокардтың функциональді жағдайы

E) Тәждік атеросклероздың ары қарай үдеу жылдамдығы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$007

28 жастағы әйел өткерген вирусты инфекциядан кейін пайда болған жүрек аймағындағы шаншып ауыру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып кардиолог кеңесіне емханаға келді. ЭКГ-де: біртіндеп, циклдан циклға, Р тісшесінің формасы мен полярлығының өзгеруі, P-Q және R-R интервалдарының ұзаруы анықталды.

Науқаста көрсетілген ырғақ бұзылыстардың қайсысы тіркелген?

A) Жүрекшелік экстрасистолия

B) Жылдамдаған эктопиялық ритм

C) Баяу ырғитын ритм

D) Суправентрикулярлы ырғақ жүргізушінің миграциясы

E) Қарыншалардың уақытнан бұрын қозу синдромы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$008

Q-миокард инфарктысын өткерген 49 жастағы ер адам ауруханадан шыққанан кейін емхана кардиологына келді. Амбулаторлы кезеңде науқасқа -адреноблокаторлар, ААФ ингибиторлары, дезагреганттар тағайындалды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын ұзақ қолданғанда миокард инфарктысының қайта даму қаупін БАРЫНША мүмкін төмендетеді?

A) Нифедипинді

B) Аторвастаинді

C) Варфаринді

D) Клопидогрелді

E) Бисопрололді

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$009

Ұзақ уақыт артериальді гипертензия, қант диабетімен ауыратын, бір жыл бұрын жайылған трансмуральді миокард инфарктысын өткерген 72 жастағы әйел кеуде артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданып емхана кардиолыгына келді. Қарағанда өкпесінде іркілісті сырылдар, ЭКГда - созылмалы тәждік жетіспеушілік белгілері анықталды.

Дәлелді медицинаның қағидаларына сай көрсетілген дәрілердің қайсысын науқастың емдеу жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді?

A) Доксасозин

B) Анаприлин

C) Нифедипин

D) Корглюкон

E) Карведилол

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$010

Бас-ми тамырларының айқын атеросклерозы бар артериальді гипертензия бойынша кардиолог қаралуындағы 74 жастағы әйел бас ауыруына, жүрек айынуына, жүрек аймағының басып ауыруына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: АҚҚ жоғары сандарға жиі көтеріледі.

Цереброваскулярлы асқыну қауіпін төмендету үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Диуретиктер

B) β-блокаторлар

C) ААФ ингибиторлары

D) Ангиотензин рецепторларының блокаторлары

E) Пролонгирленген кальций антагонистері

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$011

Кардиолог қабылдауында 58 жастағы әйел төс артының қысып ауыруға, басының ауыруына, жүрек айынуына, құсуына шағымданады. Қарағанда: АҚҚ – 180/100 мм. с.б.б ЭКГ-де: STV1-V4 элевациясы. Стационарға шұғыл жатқызуға жедел жәрдем бригадасы шақырылыды.

Госпиталь алды кезеңде осы науқаста гипертониялық кризді басу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізген БАРЫНША таңдамалы болып саналады?

A) Изокет

B) Арфонад

C) Эсмолол

D) Дроперидол

E) Эналаприлат

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

$$$012

Инфаркт миокардын өткерген 67 жастағы әйел үйіне дәрігерді шақыртты. Бір текпешектік қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге, жүрек соғуға, бас айналуға шағымданады. Об-ті: өкпеде іркілісті сырылдар, аяқтарында ісінулер. Жүрекшелер фибрилляциясымен ЖСЖ – 124 рет мин. АҚҚ – 150/90 мм с.б.

Инсультті алдын-алу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Гепаринді

B) Варфаринді

C) Надропаринді

D) Эноксапаринді

E) Фондапаринуксты

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$013

Артериальді гипертензиямен ауыратын 78 жастағы ер адам емханаға кардиологқа келді. Урологта қуық асты безінің аденомасымен есепте тұрады.

АҚҚ төмендететін және зәр шығару жолдарының обструкциясын азайтатын аталған дәрілердің қайсысын науқасқа тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Верапамилді

B) Нолипрелді

C) Эсмололды

D) Доксасозинді

E) Этакрин қышқылы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

02_08 Амбулаторлы-емханалық кардиология, балалар

$$$001

Ұрықта жүректің туа біткен ақауын төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысы БАРЫНША мүмкін тудыртады?

A) Цитомегаловирустық

B) Стафилококкты

C) Токсокплазмоздық

D) Герпестік

E) Қызамық

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=1

$$$002

2-жасар қыз балада жүрек ұшында систолалық шу және кеуде ағзаларының рентгенограммасында қан тамырлар шоғырының екі жақты айқын кеңеюі анықталды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін БІРІНШІ КЕЗЕКТІ жүргізу БАРЫНША тиімді?

A) Эхокардиографины

B) Вентрикулографияны

C) Пульмонангиографияны

D) Электрокардиографияны

E) Коронароангиографияны

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$003

14 жастағы қыз эмоциональді жүктемеден кейін жүрек соғуының жиіленуіне және кеудедегі тыпырлау сезіміне шағымданады. Пароксизм болмаған жағдайдағы ЭКГда - PQның қысқаруы және QRS - комплексінің алдыңғы бөлігінде дельта толқыны анықталды.

Науқаста қандай патология БАРЫНША мүмкін?

A) МЭС синдромы

B) WPW синдромы

C) Жүрекшелерінің жыпылықтауы

D) Ырғақ жүргізушісінің миграциясы

E) Қарыншалық тахикардия

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$004

Босанудан кейін 4-ші тәулікте жетілмей туылған балада жүрек түрткісінің күшеюі, систола-диастолалық шу, секірмелі пульс, жоғары пульстік қысым, тыныс жетіспеушілігі, төмендеуші қолқада ағым арқылы қанның лақтырысы анықталды.

Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

A) Фалло триадасы

B) Фалло тетрадасы

C) Овальді тесіктің бітелмеуі

D) Жүрекше аралық перденің жетімсіздігі

E) Магистральді тамырлардың транспозициясы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$005

Стационарға өте ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен үш жасар бала айқын ентігумен жеткізілді. 7 күн бұрын баланың кеуде торын үлкен ірі ит басып алған. Түскен кезде пневмония диагнозы қойылды. Жедел фазалық көрсеткіштері қалыпты. ЭКГда: QSV2-V4. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Пневмония

B) Миокардит

C) Перикардит

D) Кардиомиопатия

E) Миокард инфарктысы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$006

Жедел ревматикалық қызбамен 14 жастағы қызда анальгетиктерді қолданғанда уақытша басылатын, төстің сол қырында біркелкі тұйық ауыру сезімі пайда болды. Ауыру сезімі басын жоғары қозғалтқанда, кеудесін бұрғанда және арқасында жатқанда күшееді; алдыға қарай иіліп отырған қалыпта басылады. Тынысын шығарғанда жақсы естілетін, ешқайда берілмейтін жүректің абсолютты тұйықтығының барлық аймағында екі фазалық шу естіледі. ЭКГда – барлық стандартты әкетулерде ST сегментінің конкордантты жоғарлауы анықталды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Плеврит

B) Миокардит

C) Эндокардт

D) Перикардит

E) Жүрек ақауы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$007

Ентігуге шағымданған 7 жасар баланың рентгенограммасында жүрек көлеңкесінің айқын ұлғаюы; лақтырыс фракциясының төмендеуімен қарыншалар миокардының жүдеуі, жүрек қуыстарының дилатациясы; кардиоспецификалық ферменттерінің шамалы жоғарлауы анықталды.

Көрсетілген аурулардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Ревматикалық емес миокардит

B) Рестриктивті кардиомиопатия

C) Дилатациялық кардиомиопатия

D) Жедел ревматикалық қызба

E) Гипертрофиялық кардиомиопатия

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$008

14 жастағы қыз жиі басының ауыруына, басында пульсация сезімінің болуына, тез шаршағыштыққа, физикалық жүктемеден кейін спонтанды мұрыннан қан кетуге шағымданады. Соңғы айда ентігу, әлсіздік және аяғының мұздауы, тез жүргенде сирақ бұлшықеттердің ауыруы күшеюде. Об-ті: денесінің төменгі бөлімі әлсіз дамыған. Күре ойығында, ұйқы артерияларында және қабырғааралық артерияларда қатты пульсация байқалады. Сан артерияларында пульсация бәсеңдеген. Жүрек негізінде систолалық шу естіледі, ЖСЖ 88 рет мин. АҚҚ 135/80 мм сб б.

Осы жағдайда аталған зерттеу әдістердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты:

A) Эхокардиография

B) Аортоангиография

C) Электрокардиограмма

D) Кеуде торының рентгенографиясы

E) Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$009

2 жасар қыздың мамасы ойнау кезінде пайда болатын ентігуге, талмаға бейімділікке шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозғылт, цианозды, тырнақтары «сағат әйнегі» сипатты, эпигастрийде пульсация. Аускультацияда сол жақ бұғана үстіне берілетін төстің сол жақ қырындағы II-III қабырға аралығында естілетін систолалық шу және тұйық диастолалық Грехем-Стилл шуылы естіледі. ЭхоКГ: қарынша аралық пердеде эхосигналдың үзілісі, сол жерде турбулентті систолалық ағын естіледі; оң қарынша ұлғайған, өкпе артериясы қақпақшаларының салыстырмалы жеткіліксіздігі.

Бұл патологияда қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

A) Ақауды тігу

B) Өзекшені таңу

C) Баллондық вальвулопластика

D) «Жүрек-өкпе» кешенінің трансплантациясы

E) Қысылған қолқада айналмалы анастамоз салу

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

$$$010

8 жасында қызамықпен ауырған 14 жастағы жігіт кардиолог есебінде тұрады. Анамнезінде: буын синдромына байланысты адекватты ем қабылдаған. 3 жылдан кейін, рецидивтерді алдын-алу шараларын жүргізгенге қарамастан, митральді қақпақшаның жетіспеушілігі қалыптасқан.

ЖСРА-ны екіншілік алдын-алу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Пефлоксацин

B) Тетрациклин

C) Рифампицин

D) Экстенциллин

E) Стрептомицин

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$011

Артериальді гипертензия бойынша тұқым қуалаушылыққа бейім 14 жастаңы ұл балада гипертензивті тип бойынша пубертатты кезеңнің вегето-қантамырлық дисфункциясы диагнозы қойылды.

Терапияны қандай емдік шараларды тағайындаудан бастау БАРЫНША тиімді?

A) Диуретиктер

B) Бета-блокаторлар

C) Кальций каналдарының блокаторлары

D) Медикаментозды емес ем

E) Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$012

Бір жасар балада эмоциональді жүктемеден кейін пайда болатын, мәжбүрлі жүрелеп отырғанда қарқындылығы басылатын ентігу және цианоз белгілері анықталды. Қанда – полицитемия. ЭКГда – оң қарыншаның гипертрофия белгілері, Гис шоғырының оң аяқшасының толық бөгемесі анықталды. Рентгенологиялық: доғалданған және диафрагма үстінен көтеріңкі жүрек ұшы және өкпе артериясы доғасының түсуінен болатын "ағаш кебісі" тәрізді жүрек.

Көрсетілген дәрілердің қайсысы ентігу-цианоздық ұстаманың пайда болуына, оң қарыншаның шығу жолының тарылуына әсер етеді?

A) Верапамил

B) Дигоксин

C) Промедол

D) Кордиамин

E) Бисопролол

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$013

15 жастағы жеткеншек қызбаға, күшті қалтырауға және құйылмалы тершеңдікке шағымданып ауруханаға жатқызылды. Қарағанда: терісі сұр-жер түсті, периорбитальді цианоз, шынтақ буыны иілімінде инъекция іздері, аяғын көтергенде алақан-табанында эритематозды дақтар. Эхокардиографияда үш жармалы жетіспеушілік анықталды.

Қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Дезагреганттарды

B) Антибиотиктерді

C) Антикоагулянттарды

D) Иммуноглобулиндерді

E) Глюкокортикостероидтарды

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта