Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница10 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

02_03 Стационардағы кардиология-1

$$$001

RS-T сегментінің тұрақты көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромы бар науқаста кардиомиоцит некрозының қандай маркері БАРЫНША спецификалық және сезімтал болып табылады ?

A) КФК МВ-фракциясы

B) Тропонин

C) АсАТ

D) АлАТ

E) ЛДГ

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=1

$$$002

35 жастағы әйел жүрек аймағындағы шаншып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданып түсті. Үш апта бұрын аденовирусты инфекциямен ауырған. Қанда: лейкоциттер – 18,2 мың., ЭТЖ – 45 мм/с, СРБ 10 мг/мл, АСТ – 115 МЕ/л. ЭКГда– АВ-блокада I дәрежесі.

Келтірілген зерттеу әдістердің қайсысы БАРЫНША диагнозды дәлелдейді:

A) Рентгенография

B) Коронарография

C) Эхокардиография

D) Миокардтың сцинтиграфиясы

E) Өмірлік миокардтың биопсиясы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$003

Тұрақсыз стенокардияның типтік клиникалық көрінісі бар науқастарда тәждік артериялардың проксимальді бөліктерінің гемодинамикалық маңыздылығы жоқ тарылуында көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:

A) Синокаротидті сынама

B) Дипиридамолмен тест

C) Эргометринді сынама

D) Анаприлинмен сынама

E) Калийлік сынамасы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$004

Қарқынды ангинозды ұстамамен жатқызылған 56 жастағы әйелде ЭКГда ST сегментінің V1-V3 депрессиясы анықталды. Ауру ұстамалары қайталануда, АҚҚ төмендеуде.

Аталған зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:

A) Сцинтиграфияны

B) Рентгенографияны

C) Эхокардиографияны

D) Коронароангиографияны

E) Магнитно ядерно резонансты томографияны

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$005

Бұрын өткерген инфаркт миокардының белгілері немесе пароксизмальды

жүрек ырғағының бұзылуы, Гисс бұдасы аяқшаларының бөгемесінің болуы нәтижесінде ЭКГ интерпретациялау қиындықтары болғанда инфаркт миокарды диагнозын анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША тиімді?

A) Тредмил сынамасын

B) ЭХОКГны

C) Холтер бойынша ЭКГ тәуліктік мониторлауды

D) 99ТС-пирофосфатпен миокард сцинтиграфиясын

E) өңеш арқылы жүрекше электростимуляциясын

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$006

Алдыңғы-таралған Q-миокард инфарктысының жеделдеу сатысында 78 жастағы әйелде төстің сол жағында IV қабырғааралығында патологиялық пульсация пайда болды. Жүрек үндері бәсеңдеген, 1 нүктеде систолалық шу.

Пайда болған асқынудың диагностикасы үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізген тиімдірек?

A) Кеуде торының рентгенографиясы

B) Вентрикулография

C) Эхокардиография

D) Коронарография

E) ӨАЭС

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$007

Гипертрофиялық кардиомиопатиямен сырқаттанатын және жанұялық анамнезі бейімшіл 26 жастағы қызға тәуліктік ЭКГ мониторлау тағайындалды.

БАРЫНША мүмкін зерттеуді жүргізумақсатын анықтаңыз?

A) Тұрақты стенокардияның диагностикасы

B) Антиаритмитиктердің жеке тестілеу

C) Хирургиялық емге көрсеткішті анықтау

D) Кенетен жүрек өлімінің қаупі жоғары болған кезде жүрек ырғағын бағалау

E) СА–түйіннің, АВ-қосылысының рефрактерлік кезеңінің ұзақтығын анықтау

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$008

30 жастағы ер адам инъекциялы наркоман, қызбаға, қатты қалтырауға, құйылмалы тершеңдікке, денедегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: терісі сарғыш-бозғылт, дене температурасы 390С, жабысқақ тер. Кеуде торының алдыңғы бетінде геморрагиялық петехиальды бөртпелер, тырнақ астында сызықты геморрагиялар, алақан және табанның ұсақ буындарының ассиметриялық ісінуі және гиперемиясы. Қаннан ішек таяқшасы себілді. Аталған антибактериальдідәрілердің қайсысы БАРЫНША мүмкін таңдамалы дәрі болып табылады?

A) Имипинем

B) Флуконазол

C) Ванкомицин

D) Цефтриаксон

E) Бензилпенициллин

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

$$$009

Сол қарыншаның шығубөлігінің обструкциясымен гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар 37 жастағы ер адамда физикалық күштемеден кейін ангинозды ауыру сезімі, ентігу, бас айналу, жүрек қағу пайда болды. Об-ті: акроцианоз. Өкпеде тыныс әлсіреген. ТАЖ-21 рет мин. Жүрек үндері тұйықталған, төстің сол жақ қыры бойымен систолалық шу, тахикардия.

Келесі дәрілердің қайсысы әкету бөлігінің обструкциясына және науқастың жағдайының нашарлауына БАРЫНША мүмкін алып келеді?

A) Метопролол

B) Бисопролол

C) Эсмолол

D) Анаприлин

E) Строфантин

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$010

60 жастағы ер адамда, Q тісшелі циркулярлы миокард инфартысын өткергеннен кейін үшінші күні кенет қарыншалық тахикардия пароксизмімен негізделген аритмогенді шок дамыды. Кенет жүрек өлімі мен өмірге қауіпті аритмияларды екіншілік алдын алу мақсатында келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Амиодарон

B) Анаприлин

C) Новокаинамид

D) Калий хлориді

E) Бретилия тозилат

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=3

$$$011

34 жастағы ер адам қорқыныш сезімі, діріл, кіші дәрет сындыру сезімі, дене ыстығының 38˚-қа дейін көтерілуімен қосарласқан жиі АҚҚ-ның кенеттен 270/130 - 240/110 мм с.б.б. дейін көтерілуіне шағымданады. 0б-ті: тері жабындылары гиперемияланған, жүрек үндері күшейген, тахикардия. ЖСЖ-120/мин. АҚҚ - 240/120 мм с.б.б. Жалпы қан анализі: лейкоцит-8,6 мың, эозинофил 8%, глюкоза – 7,2 ммоль/л. Адреналиннің зәрмен тәуліктік экскрециясы - 48 н/моль, норадреналин - 160 н/мин. Төмендегі дәрілердің қайсысын бірінші кезекте тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Эналаприлат к/т

B) Фентоламин к/т

C) Дроперидол к/т

D) Верапамил к/т

E) Изокет к/т

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$012

50 жастағы әйел жүрек аймағындағы басып ауыруына, бас айналуына шағымданады. Үйінде үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, кенет есінен танып қалған. АҚҚ-90/55 мм с.б.б. ЭКГ-да QS III, II, AVF ST элевациясы, ЖСЖ 32минтолық АВ-блокадасы тіркелді. Атропин нәтижесіз, допамин инфузиясы жалғасуда.

Негізгі аурудың терапиясымен қатар қай әдісті қолдану БАРЫНША тиімді?

A) Эпикардиальді картирлеу

B) ЭКГ холтерлік мониторлау

C) Уақытша электрокардиостимуляция

D) Тұрақты электрокардиостимуляция

E) Жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясы

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$013

11 жасында жедел ревматикалық қызбаны өткерген 22 жастағы жас жігіт ентігуге, түнгі уақыттарда болатын тұншығу ұстамаларына, қан түкіруге шағымданады. Объективті: митральді қақпақшаның ашылу сыбдыры, жүрек ұшында систолалық және протодиастолалық шу. ЭКГда: сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы. Сол қарыншаның шамалы гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүректің митральді конфигурациясы.

Төменде аталған ота түрлерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Жүрек трансплантациясы

B) Баллонды вальвулопластика

C) жабық митральді комиссуротомия

D) Екі жармалы қақпақша биопротезін имплантациялау

E) Екі жармалы қақпақшаны механикалық протезбен протездеу

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

02_04 Стационардағы кардиология-2

$$$001

Бұрын инфаркт миокардын өткерген 60 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда миокардтың ауыру сезімсіз ишемия эпизодтары, «R Tға» типтегі ерте жиі қарыншалық экстрасистолалар анықталды.

Миокард ишемиясының ауыру сезімсіз түрі келесі аталған жағдайлардың қайсысына БАРЫНША мүмкін алып келеді:

A) Синкопе

B) Кенет өлімге

C) Жүрекшелердің жыпылықтауына

D) Артериальді гипертензияға

E) Гипертрофиялық кардиомиопатияға

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=1

$$$002

70 жастағы ер адам, ес түссіз ауруханаға жатқызылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, 30 минут бұрын ішінде кенет ауыру сезімі, айқын жалпы әлсіздік пайда болған. Бірнеше минуттан кейін есінен танған. Анамнезінде: ЖИА, АГ ауырады. 45 жыл бойы күніне 2 қорап темекі тартады. Қарап тексергенде: жағдайы өте ауыр, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 130 рет мин. АҚҚ 80/50 мм.сб.бғ. Шұғыл лапороскопия жасалынды: парақолқалық талшық қанмен имбибирленген, қолқа қабырғасында қырлары тегіс емес ақау анықталды. Науқаста келтірілген асқынулардың қайсысы БАРЫНША мүмкін дамуы мүмкін?

A) Бүйрек артериясының тромбозы

B) Мезентериальді артериялардың тромбозы

C) Қолқа доғасының сылынбалы аневризмасы

D) Қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасының жарылуы

E) Қолқаның кеуде бөлігінің сылынбалы аневризмасы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$003

54 жастағы ер адам қалтыраулармен қызбаға, жөтелге, қан түкіруге, бел аймағындағы, буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде фурункулез. Қарағанда: тері жабындылары «сүт қосқан кофе» түстес, аяғында – петехиальді бөртпелер. Тексергенде: эр.-2,7 х 1012/л, Нв – 88 г/л, лейк – 19,2 мың., ЭТЖ – 72 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке.

Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Тромбоцитопениялық пурпура

B) Инфекциялық эндокардит

C) Геморрагиялық васкулит

D) Өкпе инфарктысы

E) Гемобластоз

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$004

75 жастағы ер адам кенет басының ауыруын сезіп, есінен танып қалды. 25 жылдан бері артериальді гипертензиеямен ауырады. 0б-ті: науқас аздап тежелген, сөйлеуі қйындаған. Ромберг қалпында тұрақсыз, сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген. Жүрек үндері бәсеңдеген. АҚҚ 220/130 мм с.б.б, ЖСЖ- мин 84 рет. Жалпы зәр анализі: белок - 0,033 г/л, эр-0-1, лейк-4-5 к/а. ЭКГ: синусты ырғақ, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. ST сегменті V5-V6 шықпаларда 0,5 мм төмендеген. Бас миының магнитті-резонансты томографиясында – жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгерістер.

Науқаста гипертониялық криздің қандай түрі БАРЫНША болуы мүмкін?

A) Церебральды ангиогипотониялық гипертензия

B) Жайылған гипертония

C) Кардиальді гипертония

D) Церебральді-ишемиялық

E) Күрделі церебральды

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$005

Қай ауруға тән: стенокардия ұстамалары, бастың айналуы мен естен тану, жүрек ұшындағы систолалық шу, сол қарыншаның айқын диастолалық дисфункциясы?

A) Сол атриовентрикулярлы тесіктің стенозы

B) Гипертрофиялық кардиомиопатия

C) Вазоспастикалық стенокардия

D) Артериальді гипертензия

E) Миокард инфарктысы

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=2

$$$006

Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда барынша болуы мүмкін?

A) Плевритте

B) Пневмонияда

C) Перикардитте

D) Қолқа аневризмасының сылынуында

E) Өкпе артериясының тромбоэмболиясында

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=2

$$$007

Біріншілік өкпелік гипертензиясы бар 20 жастағы ер адамның күре тамырларының ісінуі және пульсациясы, оң «веналық пульс», бауырдың ұлғаюы және систолалық пульсациясы анықталды. Аускультативті: жүрек ұшына берілетін, максимальді семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шу, I тонның әлсіреуі. Систолалық шу дем алудың жоғары шегінде жоғарылайды.

Өкпелік гипертензияның клиникалық классын анықтау үшін аталған әдістердің қайсысын жүргізген БАРЫНША тиімді:

A) ЭКГ

B) Спирография

C) Бронхография

D) Ангиопульмонография

E) Өкпе рентгенографиясы

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$008

87 жастағы әйел сол қолға берілетін төс артындағы қысып ауыратын ауыру сезімі, ентігу, жиі жүрек соғуға шағымдарнып жеткізілді. Қараған кезде: өкпесінде екі жақтан әлсіз ылғалды сырылдыр естіледі, жүрек үндері тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия. Бауыр ұлғайған, ісінулер. АҚҚ – 95/60 мм сб.бғ. ЭКГда: шамамаен 138 рет/мин ҚЖЖмен жүрекшелердің жыпылықтауы анықталды. Созылмалы тәждік жетіспеушілік.

Төменде аталған дәрілік топтардың қайсысын базалық терапияға қосу БАРЫНША тиімді болады?

A) Тромболитиктерді

B) Антиоксиданттарды

C) Кардиопротекторларды

D) Кальций антагонистерін

E) Жүрек гликозидтерін

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$009

Артериальді гипертензия бар және бір ай бұрын геморрагиялық ми инсультін өткерген 68 жастағы әйел жедел тәждік синдроммен жатқызылды. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ЖСЖ-106 рет/мин. АҚҚ - 150/90 мм сб.бғ.

Аталған дәрілердің қайсысы қайталамалы инсультке БАРЫНША мүмкін алып келеді?

A) Изокет

B) Актелизе

C) Атенолол

D) Периндоприл

E) Кардиомагнил

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$010

Синкопальді жағдайлармен және ауыр өтетін суправентрикулярлы тахикардия ұстамаларымен 78 жастағы ер адамды холтерлік мониторлау кезінде: ұзақ синусты паузалармен қайтпалы синоатриальді бөгеме, қарынша үстілік пароксизмдер, «тахикардия – брадикардия» синдромы анықталды.

Көрсетілген емдеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Электрлік кардиоверсия

B) Аритмогенді аймақтардың абляциясы

C) Кардиостимуляторды имплантациялау

D) Аритмогенді аймақтардың криодеструкциясы

E) Уақытша эндокардиальді электростимуляция

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$011

54 жастағы ер адам артқы-бүйірлік Q-миокард инфарктысымен үшінші аптада артралгиялар, плевральді қуыста сұйықтық пайда болды.

Пайда болған синдромды емдеу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

A) Цефтриаксонды

B) Диклофенакты

C) Промедолды

D) Аспиринді

E) Эноксапаринды

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$012

Альтеплазамен тромболизис жасағаннан кейін 67 жастағы науқаста геморрагиялық синдром дамыды.

Аталған дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Викасолды

B) Дицинонды

C) Тромбомассты

D) Криопреципитатты

E) Жаңа мұздатылған плазманы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=3

$$$013

Қатерлі темекі тартушы, 66 жастағы ер кісі ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, бас ауыруына, АҚҚ жиі жоғарылауына шағымданады. Об-ті: өкпесінде құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі; қолқа үстіннен екінші үн акценті, АҚҚ 170/100 мм. с.б.б. анықталды. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, балтырының аздап ісінуі. ЭхоКГ: миокард жиырылуының төмендеуі анықталды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Диуретиктерді

B) Бета-блокаторларды

C) АПФ ингибиторларды

D) Кальций антагонистерін

E) Альфа-адреноблокаторларды

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

02_05 Интервенционды кардиология

$$$001

Төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысы атеросклероздық түйіндерге толық сапалық талдау беріп, оның құрылымдық тұрақсыздығын және қабырғалық тромбтық массаларды анықтайды?

A) Аортография

B) Қантамырлардың УДДГ

C) Коронарография

D) Вентрикулография

E) Коронарлы тамырлардың қантамырішілік УДЗ

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=1

$$$002

RS-T сегментінің тұрақты көтерілуімен жедел тәждік синдромы бар 53 жастағы ер адамға екі тәждік артерияларға ангиопластика жасалды. Антитромбиндік дәрілер тағайындалды.

Жүргізіліп жатқан антитромбиндік терапияны қадағалауға көрсетілген тесттердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Антитромбина III

B) Фибриноген концентрациясы

C) Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясы

D) Ерітілген фибрин-мономерлік комплекстер

E) Белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$003

67 жастағы ер адам сол қолға берілетін қарқынды, үдемелі төс артындағы қысып ауыру сезімі шағымдарымен 1 сағат бұрын басталған ауыру синдромымен реанимация бөліміне түсті. Қараған кезде: жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 мин. АҚҚ– 90/60 мм сб.бғ. ЭКГ: барлық кеуде әкетулерінде ST сегментінің 3,0 мм монофазды элевациясы. Тропонин Т - 0,38 нг\мл.

Көрсетілген шаралардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:

A) Тромболизисті

B) Ауыру сезімін басу

C) Дезагрегантты терапияны

D) Антикоагулянтты терапияны

E) Эндоваскулярлы араласу

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$004

58 жастағы ер адам қолқатәждік шунттауды өткерді.

Шунттың функциональді мүмкіндігін бағалау үшін қандай әдісті тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) ЭхоКГ

B) Аортографияны

C) Тамырлардың УДЗ

D) Вентрикулографияны

E) Тәждік тамырларды тамырішілік УДЗ

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$005

68 жастағы әйел ST сегментінің элевациясымен жедел тәждік синдроммен түсті. Науқасқа коронарография жасалып, 2 стент имплантацияланды.

Эндоваскулярлы араласудың БАРЫНША мүмкін клиникалық нәтижелі қорытындысы болып табылады:

A) Стенокардия ұстамаларының жойылуы

B) Қайта реваскуляризациянық қажеттілігі

C) Q-тісшесіз миокард инфарктының дамуы

D) Госпитальді кезеңде стенокардияның сақсталуы

E) Стенокардияның функциональді классының жоғарлауы

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$006

Гипертоник, 2 инфарктты өткерген 54 жастағы ер адамға дәрімен қапталған 3 стент имплантацияланды. 4 айдан кейін мұрыннан қан кетулер болды, сол себептен өздігінен барлық дезагреганттарды тоқтатты. Біраз уақыттан кейін науқастың жағдайы нашарлап, ауыру ұстамасы пайда болып, стационарға кардиогенді шокпен жеткізілді.

Науқастың кенет жағдайының нашарлауына көрсетілген себептердің қайсысы БАРЫНША мүмкін алып келді?

A) Дәрімен қапталған стентті имплантациялау

B) Артериальді гипертензияның болуы

C) Инфарктан кейінгі кардиосклероздың болуы

D) Мұрыннан қан кетулер

E) Стент тромбозы

Дұрыс жауап=E

Күрделілігі=2

$$$007

Екі жыл бұрын сол тәждік артерия жүйесінің екі тамырлық қолқатәждік шунттау жасалған 64 жастағы ер адам аз қысымды стенокардиямен түсті.

Көрсетілген шаралардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

A) Өңеш арқылы эхокардиография

B) Тәуліктік ЭКГ мониторирлау

C) Стресс-эхокардиография

D) Коронарошунтография

E) Вентрикулография

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=2

$$$008

Тәждік жүйенің екі тамырлы зақымдалуы бар 48 жастағы ер адамға биоабсорбирлеуші стенттер имплантацияланды.

Стенттелген қуыстың өткізгіштігін сапалы қарау үшін көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы БАРЫНША мүмкіндік береді?

A) МСКТ

B) ӨА-эхокг

C) Стресс-эхокг

D) Сцинтиграфия

E) Вентрикулография

Дұрыс жауап=A

Күрделілігі=2

$$$009

Гормональді баланс және қан ұю бұзылыстары бар, темекіні өте көп тартатын 44 жастағы әйел 35 жасында 2 миокард инфарктын өткерген. Коронарографияда сол тәждік артерияның алдыңғы қарынша аралық тармағының 85% тарылуы анықталды.

Тәждік жүйенің қалыпты қызметіне мүмкіндік беретін көрсетілген шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкіндік береді?

A) Баллонды ангиопластика

B) Қолқатәждік шунттау

C) Биорезорбцияланған скаффолдты имплантациялаумен ТАА

D) Дәрімен қапталған металлды стент имплантациялау

E) Дәрімен қапталмаған металлды стент имплантациялау

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$010

Атеросклерозға беймділігі жоғары 44 жастағы ер адамда бірінші рет аналгетиктермен басылған, кеуде артындағы қарқынды басып ауыру сезімі пайда болды. ЭКГ: алдыңғы қабырғасының ишемиясы және сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиография кезінде сол тәждік артерияның қарыншарарлық тармақтық 85% тарылуы анықталды.

БАРЫНША тиімді емдеу әдісін көрсетіңіз?

A) Жүрек трансплантациясы

B) ТАА стенттілеу

C) Баллонды ангиопластика

D) Қолқа-тәждік шунттау

E) Маммарлы-тәждік шунттау

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$011

46 жастағы ер адам Q-тісшесіз миокард инфарктысы диагнозен стационарға жатқызылды. 4-ші тәулікте науқаста қарқынды ангинозды ұстамасы пайда болды. Коронароангиография жасалды, бір тамырлы зақымдалу – тұйық қыры артериясының окклюзиясы анықталды.

Қандай шараны жасаған БАРЫНША тиімді?

A) Баллонды ангиопластика

B) Қолқатәждік шунттау

C) Биорезорбцияланған скаффолдты имплантациялау

D) Дәрімен қапталған металлды стент имплантациялау

E) Дәрімен қапталмаған металлды стент имплантациялау

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3

$$$012

ЖИА ауыр ағымымен 68 жастағы әйел эндоваскулярлы араласуға жасауға стационарға жатқызылды. КАГ қорытындылары бойынша 3 стент имплантацияланды.

Көрсетілген емдік шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкін стент тромбозына жиі алып келеді?

A) Контрпульсация

B) Баллонды ангиопластика

C) Биорезорбцияланған скаффолдты имплантациялау

D) Дәрімен қапталған металлды стент имплантациялау

E) Дәрімен қапталмаған металлды стент имплантациялау

Дұрыс жауап=D

Күрделілігі=3

$$$013

59 жастағы әйел Q-туындауымен миокард инфаркты диагнозымен аудандық ауруханадан ауыстырылды. Тромболитикалық терапия жүргізілмеді. КАГ жасалғанда тәждік жүйенің көп тамырлы зақымдалуы анықталды: алдыңғы төмендеуші артерияның ортаңғы сегментінің окклюзиясы, оң тәждік артерияның проксимальді бөлігінің 75% тарылуы, ортаңғы сегментінің ОТА тандемді 85-90% тарылуы. ОТА екі стент қойылды; ТОА тотальді окклюзиясының реканализациясы жасалып, стент имплантацияланды.

Көрсетілген нұсқаулардың қайсысы стенттілеуден кейін БАРЫНША тиімді?

A) Фраксипарин және аспирин

B) Аспирин және клопидогрел

C) Клопидогрел және варфарин

D) Эноксапарин, сосын варфарин

E) Варфарин және фондапаринукс

Дұрыс жауап=B

Күрделілігі=3

$$$014

Q-туындауда алдыңғы инфарктымен 52 жастағы ер адам. КАГ кезінде алдыңғы төмендеуші артерияның бифуркационды зақымдалуы анықталды.

Рестенозды дамытушы бөгде дене айналысының созылмалы қабыну нәтижесін көрсетілген әдістердің қайсысы БАРЫНША мүмкін жояды?

A) Баллонды ангиопластика

B) Қолқа-тәждік шунттау

C) Биорезорбцияланған скаффолдты имплантациялаумен ТАА

D) Дәрімен қапталған металлды стент имплантациялау

E) Дәрімен қапталмаған металлды стент имплантациялау

Дұрыс жауап=C

Күрделілігі=3
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта