Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница9 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


*+уақытша кардиостимуляторды орнату

* аортокоронарлы шунттау

* жүрек трансплантациясы

* миомэктомияны

* аблацияны

! 44 жастағы әйел адамда эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол жүрекше көлемінің ұлғаюы, сол қарынша және қарынша аралық перденің айқын гипертрофиясы анықталған. Клапандық аппарат интактты, жиырылғыштық қызметі қалыпты. Д-ЭХОКГ қорытындысы бойынша: патологиялық токтар анықталмаған.

БАРНЫША мүмкін диагноз?

* миокард инфаркты

* жүрек ревматикалық ауруы

* рестриктивті кардиомиопатия

* дилатационды кардиомиопатия

*+гипертрофиялық кардиомиопатия

! 35 жастағы әйел адам, 5-10 мин қа созылатын, физикалық күштемеден кейін кеуденің сол жақ жартысында кезекті пайда болатын, басып ауыру сезіміне шағымданады. Отбасылық анамнезінде – ерте жүрек – қан тамырлық өлімдер жағдайы болған. Науқас темекі тартпайды, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбайды. Қарап тексергенде күшейген жүрек ұшы түрткісі анықталады; аускультацияда Боткина-Эрба нүктесінде мойын тамырларына берілетін,систолалық шу естіледі. Шу күші тұрған қалыпта күшейеді. ЭКГ да - I, aVL, V5-V6шықпаларында ST сегментінің қиғаш төмендеген депрессиясы және теріс Т тісшелері.

Барынша мүмкін диагноз:

* митральды стеноз дамыған жүректің ревматикалық ауыруы

*+гипертрофиялық кардиомиопатия

* рестриктивті кардиомиопатия

* жүрек ишемиялық ауруы

* қолқа коарктациясы

! 28 жастағы ер адам кезекті бас айналу эпизодтары, жүрек қағуы, көздегі «қарауытулар», физикалық жүктемелер кезіндегі пайда болып, тыныштықта басылатын, төс артындағы басып ауру сезімдеріне шағымданады.

ЭХОКГ: Сол жүрекше = 4,6 см, соңғы диастолалық көлем = 4,8 см, соңғы систолалық көлем = 2,8 см, қарыншааралық перде қалыңдығы = 2,5 см, артқы қабырға қалыңдығы = 1,6 см. Алдыңғы митральды жарманың систолалық бүгілуі және аортальды жарма оң тәждік жармасының систолалық жабылуы. Д-ЭХОКГ да – СҚ шыға берісінде жоғары жылдамдықтағы турбулетті қан ағысы.

Келтірілген дәрілер тобының қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* статиндерді

* нитраттарды

*+β- адреноблокаторларды

* жүрек гликозидтерін

* альдостерон антагонистерін

! 27 жастағы ер адам суықтанудан 2 аптадан кейін тыныс алғанда және арқасымен жатқанда күшейетін, жүрек тұсындағы басып ауыратын ұзақ ауыру сезімі, қалтырау, субфебрильді дене қызуы, тершеңдік, әлсіздік мазалайды. Об-ті: жүрек аускультациясы кезінде төртінші қабырғааралықта, парастернальді сызық бойынша, шектелген ошақта стетоскопты басқанда және тыныс алғанда күшейетін «сықырлаған» шу естіледі.

Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

* созылмалы экссудативті перикардит

*+жедел фибринозды перикардит

* ауруханадан тыс пневмония

* жедел бронхит

* жедел плеврит

! 45 жастағы ер адам мойынға, сол жауырын астына таралатын, тыныс алғанда күшейетін және нитроглицеринді қолданғанда басылмайтын, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ да- синусты тахикардия, I, II, III, aVL, aVF, V2-V5 шықпаларында ST сегментінің 0,5 мВ ге доға тәрізді элевациясы, PR сегменті депрессиясы.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

* сол қарынша алдыңғы қабырғасы аймағындағы жедел миокард инфаркты

* кеуде қолқасының сылынбалы аневризмасы

* өкпе артериясының тармақтарының тромбоэмболиясы

* ревматикалық емес миокардит

*+перикардит

! 54 жастағы ер адам соңғы 2 аптада пайда болған жүрек аймағындағы тұйық ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Бір ай бұрын ЖРВИ мен ауырып, емделмеген. Об-ті: ортопноэ қалпы; ТАЖ - 22 рет минутына, АҚ 100/60 мм с.б., ЖСЖ - 102 рет минутына. Жүрек аускультациясында үні тұйықталған. Терең дем алғанда пульстік қысым 20 мм с.б. дейін төмендеген. ЭКГ да – негізгі және кеуде шықпаларында ST сегментінің конкордантты көтерілуі.

Келтірілген дәрілер тобының қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* предуктал мен изокетті

* дигоксин мен изокетті

* милдронат пен аспиринді

*+вольтарен мен колхицинді

* аспирин мена бисопрололды

! 50 жастағы ер адам ентігуге, мойын көк тамырларының ісінуіне, бауыр ұлғаюына, асцитке, аяқ ісінуіне шағымданады. Өкпе туберкулезінен бұрын емделген. ЖСЖ- 96 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ - 100/80 мм с.б. ЭКГ да- вольтаждың күрт төмендеуі. Кеуде клеткасының рентгенограммасы. (суретті кара).

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША абзалырақ?



*+перикардэктомия

* перикардиоцентез

* эндокардты алып тастау

* екі камералы ЭКС ты орнату

* аортокоронарлы шунттау

! 39 жастағы ер адамда аортокоронарлы шунттау операциясынан 3 аптадан кейін, антикоагулянттар мен дезагреганттарды қолдану фонында ентігу күшейіп, ісіну пайда болып, рентгенде жүрек көлемі айқын ұлғайып, көлеңкелер доғасы жазылып кеткен.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?

*+гемоперикард

* гидроперикард

* ревматикалық емес миокардит

* қайталамалы миокард инфаркты

* констриктивті перикардит

! 38 жаста ғы ер адам шүйдесіндегі анда санда пайда болатын ауыру сезіміне, бас айналуына, тітіркенгіштікке, жаман түс көруге шағымданады. Қарап тексергенде: толық. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 86 рет\мин. АҚ 150/100 мм.с.б.

Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША абзалырақ?

* рентгенографияны

* велоэргометрияны

* эхокардиографияны

*+АҚ тәуліктік мониторлау

* Холтер бойынша тәуліктік мониторлау

! 49 жастағы ер адам басының сол аймағындағы қатты ауыру сезіміне, бас айналуына, құлағының шулауына, құсуға шағымданады; қысқа уақыттық естен танулар байқалған.

Анамнезінде: 5 жылдай АҚ көтерілуі, гипотензивті емді қолданбайды. Қарап тексергенде: толық, беті қызырған, склерасы инъецирленген. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ -108 рет\мин. АҚ-250/140мм.с.б. ЭКГ да: айқын тахикардия, сол қарынша гипертрофиясы.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісін тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* Холтер бойынша мониторлау

* коронароангиография

* бүйрек тамырларын ультрадыбыстық доплерография

*+бас миы КТ

* эхокардиография

! 72 жастағы әйел адам тыныштықтағы ентігуге, жүрек қағуына; күлгін түсті қақырықпен жөтелге; қорқыныш сезіміне; айқын әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: АГ 25 жыл, миокард инфарктын өткерген. Қарап тексергенде: ортопноэ жағдайы; жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, жиі қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. АҚ 260/140 мм. с.б. Көз түбі тамырларын тексергенде: көру нерві дискілерінің ісінуі. Зәр анализі: протеинурия ізі.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША дамуы мүмкін?

* ми қанайналымының жедел бұзылуы

* жедел бүйрек жетіспеушілігі

* көз тор қабатының сылынуы

* миокард инфаркты

*+өкпе ісінуі

! 53 жастағы әйел адам шүйдесіндегі бас ауыруына, басының шулауына, жүрек айнуына, таң ертеңгі ауыз құрғауына, айқын жалоы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: АГ 10 жыл, ишемиялық типті инсульт өткерген. Қарап тексергенде: толық, дене салмағының индексі -3!. Жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия, ЖСЖ 112 рет/мин. АҚ 170/100 мм с.б.. Анализінде: глюкоза – 6,7 ммоль/л, гликозилирленген гемоглобин 9,6%.

Осы науқастағы артериальды гипертензияның қаупін көрсетіңіз?

* төмен

* жоғарғы

* ортаңғы

* әлсіз

*+өте жоғары

! 62 жастағы ер адам бас ауыруына, бас айналуына, бірнеше рет құсуға, жүрек тұсындағы шаншып ауыру сезіміне шағымданады.

Об-ті: толық, беті қызарған, көз склерасы инъецирленген. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 92 рет\мин. АҚ 210/110мм.с.б. ЭКГ да: синусты тахикардия, сол қарынша гипертрофиясы.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* дибазолды

*+эбрантилді

* эуфиллинді

* папаверинді

* верапамилді

! 67 жастағы әйел адам бас ауыруына, бас айналуына, шулауына, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Анамнезінде: АГ мен 30 жылдай ауырады; қант диабеті 2 типі; инсульт алған. Об-ті:

Өкпеде төменгі-бүйір бөліктерінде іркілісті сипаттағы сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия, ЖСЖ 115 рет\мин, АҚ 170/100 мм.с.б. Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* моносанды

* каптоприлді

* нифедипинді

* анаприлинді

*+периндоприлді

! 58 жастағы ер адам бас ауыруына, құлақтағы шуға, көз алдында қарауытуға, жүрек айнуына, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Анамнезінде: АГ мен бірнеше жыл ауырады, гипотензивті емді ретті қабылдамайды, Қарап тексергенде: бойы – 178 см, салмағы – 112 кг, беті гиперемияланған, склерасы инъецирленген, ернінің цианозы. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 95 рет\мин. АҚ 220/100 мм с.б.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

*+энапты

* но-шпаны

* дибазолды

* эуфиллинді

* папаверинді

! Изолирленген систолалық артериальды гипертензиясы бар науқасты бас ауруы, көз алдында қарауыту, жүрек айнуы, жалпы әлсіздік мазалайды.

Об-ті: толық, жүрек тондары тұйықталған, қолқадағы систолалық шу, ЖСЖ-60 рет\мин. АҚ 180/70 мм.с.б.. ЭхоКГ да: Қарынша аралық перденің қалыңдығы 1,1 см. Қолқа тығыздалған, кеңейген, аортальды жарма регургитациясы 1-2 дәрежелі.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* лозартанды

* анаприлинді

* каптоприлді

*+амлодипинді

* фозиноприлді

! 42 жастағы әйел адам терлеумен қатар жүретін ұстамалы бас ауруларына, тахикардияға, дене қызуына, дірілдеуге, қорқыныш сезіміне шағымданады. Ұстамалар кенет пайда болады. Об-ті: тері жабындылары қызарған,ылғалды. Жүрек тондары қатаң, ЖСЖ – 110 рет мин. АҚ-260/130 мм с.б. Қандағы глюкоза деңгейі – 9,2 ммоль/л, зәрмен адреналиннің тәуліктік экскрециясы– 66 ммоль/л.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

* гипертиреоз

* Кон ауруы

*+феохромоцитома

* Иценко-Кушинг ауруы

* реноваскулярлық артериальды гипертензия

! 30 жастағы әйел адам бас ауруына,ентігуге, жүрек айнуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: жиі ангинамен ауырған, АҚ ның көтерілуі 3 жыл көлемінде, максимальды көтерілуі 160/110 мм с.б. на дейін. Реберг сынамасы: СКФ – 70 мл/мин. ЖЗА: белок-0,066%, эр 25-35 к\а.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

* созылмалы пиелонефрит, асқынуы. Симптоматикалық гипертензия

* зәр тас ауруы. Симптоматикалық гипертензия

*+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі

* артериальды гипертензия II сат. Гипертониялық криз

* созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі

! 36 бас ауыруына, бел аймағындағы сыздап ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке баруға шағымдана бастаған. Анамнезінде: созылмалы тонзиллит, жиі асқынулармен. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ -86 рет мин. АҚ-150/125 мм.с.б.. Ұрғылау симптомы оң жағынан оң. ЖҚА: эр-4,5 млн. лейк-9,5 мың., ЭТЖ-22 мм/сағ. ЖЗА: лейкоциттер көру алаңының бәрін басқан, эритроциттер-2-3 к\а.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

* бүйрек амилоидозы. Симптоматикалық гипертензия

* созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі

* созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі

* зәртас ауруы. Симптоматикалық гипертензия

*+созылмалы пиелонефрит. Симптоматикалық гипертензия

! Миомасы бар 47 жастағы әйелде бір айдай артериальды қысымның максимальды 170/100 мм с.б. на дейін котерілуі байқалған. Бір жылдай менструальды цикл бұзылысын байқаған. ЖЗА де протеинурия іздері, лейкоциттер – 2-3 к\а. ЭКГ: синустық тахикардия 98 рет\мин. Сол қарынша гипертрофиясы.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

* созылмалы гломерулонефрит. Симптоматикалық гипертензия

* созылмалы пиелонефрит. Симптоматикалық гипертензия

*+климакс. Симптоматикалық артериальды гипертензия

* артериальды гипертензия II сат, қауіп тобы 3

* Иценко-Кушинг синдромы

! 17-18 апталық жүктілікпен 27 жастағы әйелде АҚ ның 170/100 мм с..б. на дейін көтерілуі байқалады. ЖЗА де- белок 0,33 г/л, лейкоциттер – 10-14 к\а.

Артериальды қысымды төмендету үшін келтірілген дәрілердің қайсысын БАРЫНША қолданған дұрыс?

*+допегит

* лазартан

* фозикард

* эуфиллин

* индапамид

! Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 44 жастағы еркекті жүрек қағуы, басының ауыруы, аяқтарында ісінудің пайда болуы мазалайды. Қарап тексергенде: АҚ 180/110 мм с. б,; тізеге дейінгі ісіну. ЖЗА - айқын протеинурия, гематурия.

Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

*+периндоприлді

* анаприлинді

* каптоприлді

* фуросемидті

* верапамилді

! Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар, АҚ жоғарылаған әйелге гипотензивті мақсатта престариум, амлодипин, индапамид тағайындалған. 3 күннен кейін науқаста қанда олигурия, креатинин -250 мкмоль/л, К+- 5, 8 ммоль/л.

Осы асқынуға келтірілген дәрілер тобының қайсысы БАРЫНША алып келуі мүмкін?

* кальций антагонисті

*+ААФ ингибиторлары

* b-блокаторлар

* диуретиктер

* нитраттар

! 74 жастағы артериальды гипертензиясы және жыпылықтаушы аритмиясы бар науқасқа престариум, кордарон және варфарин тағайындалды. Ем басталғаннан кейін бір айдан соң іш маңында ауру сезімі, қара нәжіс және айқын әлсіздік пайда болды. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, іш, арқа, сан терілерінде – көптеген гематомалар .

Берілген науқаста қандай лабораторлы көрсеткіштерді анықтау ықтималырақ ?

* фибриноген

* протромбинді индекс

* мономерлі комплексті ерігіш фибрин

*+халықаралық қалыпты қатынас

* белсендірілген жартылай тромбопластинді уақыт

! 37 жастағы артериальды гипертензиясы бар әйел айқын бұлшықеттің ауру сезіміне, әлсіздікке, кейде тырысуларға, шөлдеуге, диурездің жоғарылауына шағымданады . Бір ай бойы күнделікті фозиноприл 10 мг/тәулігіне, амлодипин 5 мг/тәу, фуросемид 80 мг/тәулігіне қабылдайды.

Жоғарыда аталған шағымдардың ықтимал болатын себебін табыңыз?

*+фуросемидті көп қолдану

* амплодипинді көп қолдану

* фозиноприлді көп қолдану

* фуросемид дозасының жеткіліксіздігі

* фозиноприл дозасының жеткіліксіздігі

! 36 жастағы әйел адам суықтанып қалғаннан кейін бел аймағындағы сыздап ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке баруына шағымданады. Об-ті: АҚ-155/125 мм с.б. Екә жағында да ұрғылау симтомы оң. ЖЗА: лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия.

Келтірілген дәрілер топтамасының қайсысын тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* антибиотиктер, спазмолитиктер

*+антибиотиктер, бета-блокаторлар

* ААФ ингибиторлары , спазмолитиктер

* кальций антагонистері, спазмолитиктерді

* бета-адреноблокаторды, спазмолитиктерді

! Ер адам 45 жаста. Төс артындағы қысып ауратын ауру сезімге, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданды. Бұл шағымдар 1 ай көлемінде пайда болған. Көп жылдан бері АҚҚмен ауырады. Тексерілу кезінде ЭКГ көрсеткіштері өзгеріссіз. Гиперлипидемия. Күштемелі ЭхоКГ жасағанда: сол қарыншаның алдыңгы-аралық қабырғасының гипокинезиясы табылды. Науқасқа селективті коронарография жасалды: алдыңғы төменгі артериясының 80% стенозы, иiлмелi артерияның 40% стенозы.

* Терапевтикалық емді жалғастыру

*+Алдыңгы айналушы артерия стентiмен ЧТКА жасау

* Алдынгы төменгі артерия мен иiлмелi артерия стентiмен ЧТКА жасау

* Кардиологтыңбақылауымен шығару

*Аортокоронарлы шунт жасау

! 45 жасар науқас интенсивті бақылау палатасына жедел алдыңғы инфаркт миокардмен түсті. АҚ 150\100мм.с.б ЧСС 100 рет. Екі күннен соң қысқа ентігу ұстамасына шағымданды. АҚ 100\70мм.с.б. ЧСС 120рет. ТЖ 32рет өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар. Төстің төменгі бөлігінде голосистолиялық шу, Шоқырақ ырғағымен. Диагнозды нақтылау үшін ең мәліметті зерттеу әдісін таңдаңыз:

* ЭКГны тәуліктік монитерлеу

* РЧА

* Коронарография

*+ЭхоКГ

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

! Сізді қабылдау бөліміне таңғы жугіру кезінде талып қалған 32 жастағы науқасқа шақыртты.Осындай жағдай науқаста бұрын да болған.ЭКГ де I,AVL, V2-V6 да Т тісшесінің терең инверсиясы анықталды.Анамнезінде жүрек тұсының ауыруы,ентігу жоқ.Сіз гипертрофиялық кардиомиопатияға күдіктендіңіз.Қандай зерттеу әдісін ұснасыз:

* Холтер бойынша мониторлеу

*+Доплерлік эхокардиография

* Стресс-эхокардиография

* Коронарография

* Велоэргометрия

! Таңғы астан кейн жүрек соғу жиілігі минутына 170 реттен көп,кенет әлсіздікпен,өлім қорқынышымен,ентігумен,жүрек тұсындағы қысатын ауыру сезімімен байқалатын ұстама пайда болды. Науқас өзі ұстаманы баса алмады. "03".шақырды.Объ-ті:Науқас бозарған,қорқыныш сезімі байқалады(ұстама басталғанына 1,5 сағат өтті).Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырыл жоқ,ТЖ мин 24 рет.Жүрек тондары анық,ритмді,шулар жоқ.Пульс мин 190 рет,ритмді,толымдылығы аз.АҚ 105/70 мм.с.б.(әдеттегі қан қысымы 120/70мм.с.б.). Іші жұмсақ,аурсынусыз.Бауыр қабырға доғасының бойымен.Қандай препарат тағайындаған жөн:

* Лидокаин

* Нитропруссид

* Корвалол

* Новокаинамид

*+Изоптин

! Науқас 34 жаста, клиникаға физикалық жүктемеге байланыссыз жүрек тұсындағы ауру сезіміне , ентігу, жүрек қағысына, аяқтарындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінде ұзақ жылдар алкогольды ішімдік ішеді. 500-700 г. арақтан аптасына 2 - 3 рет ішеді. Айтуы бойынша соңғы бір жылда көп мөлшерде қабылдайтын болған. Тексеру барысында жүрек шекарасының солға қарай ұлғаюы анықталды, ЭКГ да жүрек электрлік ось өзгеріссіз, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы (РQ - 0,28), кеуделік тіркемелерінде SТ сегментінің төмендеуі, в отведениях V4- V6 тіркемелерінде двухфазды Т тісшесі . Эхо-КГ- миокардтың сол жақ карыншасының жиырылу қабілетінің төмендеуі. Cіздің диагнозыңыз:

* Миокардит

* Идиопатиялық гипертропиялық кардиомиопатия

*+Алкогольды кардиомиопатия

* Жүректің ишемиялық ауруы

*Жүрек ақауы

! 40 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз:

* Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

* Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

* Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)

* Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

*+Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

!Реанимациялық бөлімге Т. атты 29 жастағы науқасты клиникалық өлім жағдайында алып келді. Жаттығу кезінде кенеттен есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен солжақ қарыншаның бос қабырғалығының шығар жолының айқын гипертрофиялық обструкциясы. Қандай себептің өлімге соқтыруы барынша мүмкін?

* Қарынша үстілік тахикардия

* Атриовентрикулярлық бөгеме

*+Қарыншалардың дірілі

* Синус түйінінің әлсіздік синдромы

* Жүрекшешелердің дірілі

! Ер адам 38 жаста. Жүрек тұсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның 4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда болатынына, өзі кететініне шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері мазалайды, дєрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған. Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз, қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасының қлыңдығы 1,4. Шығарым (фракциясы 72%. Қайсысы кардиалгияның себебі болуы мүмкін:

* ЖИА, жедел миокард инфарктысы

*ЖИА, басынан кешкен миокард инфарктысы

*ЖИА, жедел коронарлы синдром

*+Гипертрофиялықобструкциялық кардиомиопатия

* Рестриктивті кардиомиопатия

!45 жастағы науқас стационарға ентігуге, жүрек соғуының жиілеуіне, тертеңдікке, тітіркенгіштікке, субфирильді дене қызуына тағымданып тусті№ Анамнезінен: аталған симптомдар мазалағанына 3 ай болған№ Жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,20С, эмоциональды лабильді, дене салмағы кеш, тері жамылғылары, сипағанда ылғалды; қалқанша бездің диффузды ұлғаюы анықталады; жүрек тондары ырғақты, күшейген, тахикардия, пульс минутына 100 рет, артериялық қысым 150/700 мм.с.б. Қан анализінде тиреотропты гормон төмендеген, үш йодтиронин, тироксин жоғарылған; жалпы қан, несеп анализінде, ревмопробалар қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада – синусты тахикардия, жүрек жиырылу жиілігі 100 рет минуттына, миокардта метаболикалық өзирістер бар. Қандай болжан диагноз туралы ойлауға болады:

*Ревматикалық емес миокардит

* Эндемиялық зоб

* Гипотиреоидтық кардиомиопатия

*+Гипертиреоидтық кардиомиопатия

* Климакстық кардиомиопатия

! Науқас 30 жаста, тісін жұлғызғаннан кейін қалтырау, дене температурасының көтерілуі, буындардағы ауру сезімі, терлегіштік, әлсіздік пайда болды. Объективті: бозарған, төс сүйегінің сол қырынан систоликалық шуыл естіледі, тембрін өзгертіп тұрады. Гепатоспленомегалия байқалады. ҚЖА: анемия, лейкопения, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:

*+Инфекциялық эндокардит

*Жүйелі қызыл жиегі

*Ревматизм

*Ревматоидты артрит

*Тұмау

! 31 жасар әйелде жасанды түсік жасағаннан кейін 3 аптадан соң кешке температурасы 37,5-39 С-қа көтеріле бастаған, қалтырау, жалпы әлсіздік, тершеңдік пайда болған. Бозғылт, кеуде терісінде петехиялар. Жүрек шекаралары солға және төмен ығысқан. Жүрек тондары бәсеңдеген. Оң жақ II қабырғааралықта және V- нүктеде диастолалық шу. АҚ 140/40мм.с.б. Пульс 110 рет минутына. Гепатоспленомегалия. Сіздің диагнозыңыз?

* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

*+Жұқпалы эндокардит, аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Митралдық қақпақшасының жетіспеушілігі

* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Аорта сағасының стенозы

* Жұқпалы эндокардит, инфекциялық токсикалық кезеңі

! 48 жастағы науқас стационарда инфекциялық эндокардит бойынша ем алуда. Фебрильді қызба екі апта бойы сақталып, жүрек шамасыздығы белгісі жедел қолқа жетіспеушілігі төңірегінде дамып, қақпақтағы вегетация көлемі10 ммастам болды да, өкпенің ұсақ артериясыныңтромбоэмболиясының белгісі пайда болды. Осыған байланысты емдеу тактикасын анықтаңыз:

* Антибиотикті алмастыру

* Антибиотиктің дозасын көбейту

*+Оперативті ем жүргізу

* Иммуномодуляторды қосу

* Қанды лазермен сәулелендіру

! Наркоман науқаста жоғарғы қызба нәтижесінде ентікпе, жүрек соғуы пайда болды. Объективті тексеру кезінде Жүрек шекарасының солға ығысқаны, тахикардия, Боткин нүктесінде диастолалық шу анықталды. АҚ 120/60 мм.с.б.б, гепатоспленомегалия. Келтірілгендердің ішінде науқаста қай қақпақша зақымданған?

*+Aорталық

* Трикуспидальді

* Митральді

* Өкпе артериясының қақпақшасы

* Трикуспидальді қақпақша мен өкпе артериясының қақпақшасы

! 28 жастағы науқас жүрек тұсындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі 3 ай бұрын пайда болған, аздаған физикалық жүктеме кезінде күшейеді, ентігеді, жүрегі соғады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, төстің сол жақ қырында қатаң систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: сол қарынша гипертрофиясы және сол жүрекше гипертрофиясы мен зорығу белгілері. ЭхоКГ: қарыншааралық перденің қалыңдауы, қозғалыстың шектелуі, сол қарынша қуысының тарылуы, қолқа қақпақшасының систолалық жабылуы.Төменде аталғандардан ішінде ең дұрыс диагноз?

* Аорта коарктациясы

* Артериалдық гипертензия

* Инфекциялық эндокардиттегі аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ақауы: митралды жетіспеушілік

*+Гипертрофиялық кардиомиопатия

! 54 жастағы науқаста 5 жылдан бері бас айналу, әлсіздік, физикалық күштемеден кейін ентігу байқалады. Науқас бозарған. VI қабырға аралықта жүрек ұшылық соғу анықталған. Жүрек шекаралары солға 2,5 см ортаңғы бұғана сызығынан ұлғайған. II тон әлсіреген. АҚҚ 130/70 мм. Пульс – 80 рет 1 мин. III-IV қабырғааралықта сол жағында қатаң систолалық шу естіледі, систолалық діріл байқалады. Төмендегі келтірілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді ?

* Митральді клапанның жетіспеушілігі

* Аортальді клапанның жетіспеушілігі

* Сол жақ атрио – вентрикулярлы түйіннің стенозы

*+Аортаның стенозы

*Өкпе артериясының стенозы

! 35 жастағы әйелде түсіктен 1 ай өткен соң кешке жақын температурасы 37, 5-39 градусқа көтерілді, қалтырау, жалпы әлсіздік, тершеңдік байқалды. Науқас бозарған, кеуде терісінде петехиялық бөртпелер анықталды.Жүрек шекаралары солға, төмен ығысқан. Жүрек тондары әлсіреген II қабырғааралықта оң жақта және V- нүктеде жоғары жиілікті диастолалық шу естіледі.АҚҚ 150/40 мм сбб. Пульс105 р 1 мин. Гепатоспленомегалия.Төмендегі келтірілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді ?

* Жедел ревматикалық қызба, митральді клапан стенозы

*+Инфекциялық эндокардит, аортальді қақпақшаның жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ауруы, митральді клапанның жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ауруы, аорты стенозы

* Аортальді жетіспеушіліктің митрализациясы

! 32 жастағы еркекте кенеттен жүрек қағу, жүрек тұсында ауру сезімі, тұншығу пайда болды. Бұған дейін дені сау болған. Тексеруден бір күн өткен соң келесілер анықталды: жүрек ұшында I тон күшейген, II тон өкпе артериясында күшейген. Жүрек ритмі дұрыс емес,тахикардия. Пульстің дефициті 6-8 р 1 мин. Митральді қақпақшаның ашылу түріткісі анықталады АҚҚ 110/70 мм сбб. Төмендегі келтірілген диагноздың қайсысы дұрыс?

*+Сол жақ атрио-вентрикулярлы түйіннің стенозы

* Aорты стенозы

* Аортальді жетіспеушіліктің митрализациясы

* Митральді клапанның жетіспеушілігі

* Үшжармалы клапанның жетіспеушілігі

! Науқас 60 жаста ЖИА.Постинфарктті кардиосклероз диагнозымен кенеттен естен танды. Жағдайы эпилепсия тәрізді тырысулар, астына жіберу және дефекациямен қабаттасты. ЭКГ-да АV-бөгеме, III дәрежесі. Бұл не:

* Кардиогенді шок

* Инсульт

* Естен тану

*+Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы

* Өкпенің ісінуі

! 49жастағы әйелде жүрек тұсында периодты түрде жедел ине сұққандай ауру сезімі, беттің қызаруы, жүрек қағу пайда болған. Жүрек пен өкпені физикалық және рентгенологиялық тексеру кезінде өзгерістер жоқ. ЭКГде – оң жақ кеуде шықпаларында Т тісшесінің тұрақты инверсиясы. Осы синдромның пайда болу механизімі қандай:

*Mиокард ишемиясы

* Миокард некрозы

*+Гормональды бұзылыстар

* Перикардит

* Өкпе ісігі

! 53 жастағы науқас.Шағымдары жоқ,жедел жардемді көп ішімдік ішкеніне байланысты дезинтоксикация жасау мақсатында шақырды.Анамнезінен:3 жыл көлемінде АҚ жоғарлауы 180/110мм.с.б дейін.Дәрігерлердің тағайындауларын орындамайды.30 жыл көлемінде тәулігіне 2 қорап темекі шегеді.Жиі алкоголь қабылдайды. Status prаesens:жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары қалпты тұстес, құрғақ.,беті мен мұрында тамырлық тор байқалады. Жұрек шекаралары сол жағынан бұғана орта сызығына дейін ұлғайған. Аускультацияда: жұрек тондары тұйықталған , ритмді, аортада ІІ тон акценті.АҚ 170/100 мм.с.б. ЖЖЖ 90рет. ЭКГ:ритм синусты, ЖЖЖ 92рет, ЭО солға ығысқан, QRS амплитудасы жоғарлаған, V5-V6 да R жоғарлаған, V1-V2 де S терең.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* Артериальді гипертензия ІІ дәрежесі , криз, ҚФ 3

*+Артериальді гипертензия III дәрежесі, ҚФ 3

*Артериальді гипертензия I дәрежесі, ҚФ 1. Гипертониялық энцефалопатия

* Артериальді гипертензия I дәрежесі, ҚФ 2

* Артериальді гипертензия II дәрежесі, ҚФ 1

! 65 жастағы артериялық гипертензиясы бар науқаста инспираторлық сипаттағыентігу паида болды, науқас мөжбүрлі қалыпта,өкпесінде көптеген құрғақ сырылдар естіледі. АҚ қалпты, тахикардия.Сіздің диагнозыңыз:

*+Кардиогенді өкпе ісінуі

* Миокард инфаркті

* Крупозды пневмония

* Респираторлы дистресс-синдром

* Астматикалық статус

! Hауқас К, 54 жаста. Шағымдары ауа жетпеу, тыныштықтағы ентігу, коп мөлшерде қызғылт түсті, көпіршікті қақырықпен жөтел. Анамнезінде7 жыл бойы АГ мен аураы, тұрақты ем алмайды, жағдайының нашарлауы 3 сағат көлемінде. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, қозғыш, беті гипермияланған. Өкпесінде перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда көптеген ылғалды ірі және майда көпіршікті сырылдар. ТЖ 30 рет. Жүрек тондары тұйық, ритмді, ЖЖЖ 100 рет. АҚ 210/100 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.бауыр ұлғаймаған. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

* Бронхиалді астма, инфекциялық- аллергиялық түрі

* ӨСОА: созылмалы обструктивті бронхит өршіу сатысы

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Спонтанды пневмоторакс

*+Артериальді гипертензия III сатысы. Гипертензивті криз ІІ тип. Жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі. Өкпе ісінуі

! Науқас 58 жаста. Шағымдары бас ауыруы, бас аиналу, оң қолы мен аяқындағы күрт әлсіздік. Анамнезінен:15 жылдан бері АГ мен ауырады. АҚҚ көтерілгенде препараттар қабылдайды.жағдайының нашарлауы 2 кұн көлемінде. Бүгін таңертең сөйлеуі бұзілған. Обективті: есі анық, тері жамылғылыры бөз, сол мұрын ерін қатпары тегістелген, айқын дизартрия, оң жақтық гемипарез. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 15рет. Жүрек тондары тұйықталған ритмді. АҚ 150/90 мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз:

* Транзиторлы ишемиялық атака

* Геморрагиялық инсульт

*+Ишемиялық инсульт

* Субарахноидалды қан құйылу

* Субдуральді қан құйылу

! Науқас Д., 56 жаста, кенеттен өзін жайсыз сезініп:кеуде тұсында үдемелі қысып тұрғандай сезім, жарты сағаттан ккейін ауру сезімі шыдатпайтындай болған. Науқас бозарған, суық тер басқан. ТЖ – 18 рет 1 минут, ЖСС – 100 р 1 минут. АҚҚ – 80/50 мм сбб. Диурез – 20 мл/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді ?

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* Ревматикалық емес миокардит

*+ЖИА. Миокард инфаркті, кардиогенді шок

*Остеохондроз түбірлі синдроммен

*Жедел перикардит

! Алдынғы-жайылған миокард инфаркты бар науқаста аурудың 3-ші тәүлігінде ІІ, ІІІ, ІҮ қабырғааралықтарда төстің сол қырында кенеттен дөрекі систолалық шу, аурсыну синдром, тез дамыған оң қарыншаның жетіспеушілігі пайда болды.Аталғандардың ішінде асқынудың неғұрлым дұрысы:

* Перикардит

* Жүрек аневризмасы

*Тромбэндокардит

*+Қарыншааралық переденің жыртылуы

* Өкпе ісінүі

! Науқас С, 50 жаста. Кенеттен өзін нашар сезінді: төс астында пайда болған үдемелі түрде, қысатын ауыру сезімі жарты сағаттан кейін шыдатпайтындай болды. Науқас бозарған, терісі салқын термен жабылған. ТАЖ-18 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына. АҚҚ – 80/50 мм.с.б.б. Диурез 20 мл/сағ. Төмендегі келтірілген қай диагноз дұрыс:

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* ЖИА. Миокард инфаркты

*+ЖИА. Миокард инфаркты, кардиогенді шок

* Түбірлік синдроммен остеохондроз

* Кардиалгия

! 68 жастағы науқаста паховый грыжаға операция жасағаннан 4 күн өткен соң кенеттен кеуде тұсында ауру сезімі ,айқын ентігу,қанды қақырық пайда болды. ЭКГ – оң жақ жүрекше мен қарыншаның күштемесінің көріністері. Төмендегі келтірілген диагнозға сәйкес келеді:

* Миокард инфаркті

* Аортаның жайылған аневризмасы

* Перикардит

*+Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Пневмония

! Науқас Н., 27 жаста бір сағаттан узаққа созылатын, кеудесінің интенсивті сыздап ауыру сезімі шағымымен,ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Кенеттен науқас бозғылттанып,салқын тер шығып,есінен таныды.Пульсі және артериялық қан қысымы анықталмайды,қарашығы ұлғайған. ЭКГ де: қарыншалық комплекстер анықталмайды,формасы мен амплитудасы әртүрлі, тұрақсыз шашырап орналасқан толқындар анықталады.Емдік іс-шаралар тиімсіз,науқас өлді. Мүмкін болған болжама диагноз:

*+Инфаркт миокард, қарыншалық фибрилляцияның асқынуымен

* Ми артериясының тромбоэмболиясы.

* Гипогликемиялық кома

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Жүрек асистолиясы

! Әйел 62 жаста. Дєрігергебасыныњ ауыруына, бас айналуѓа шаѓымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхылы демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай:

* Эссенциалды артериялық гипертензия

* Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия

* Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы

*+Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

* «Ақ халат» гипертензиясы

! Науқас К.34 жаста. Шағымдары: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек соғуы, бас айналу, әлсіздік. ЖРВИ- дан кейін ауырып қалған, t°- 37,4° С. перкуссияда: жүрек шекарасы оңға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 120 рет, жүрек ұшында систолиялық шу. АҚ- 100/70 мм.с.б.б. АСТ-0,96 ммоль/л, КФК-30 Е/л ЭКГ-де жүрекшелер тыпыры 2:1. Төмендегі берілген жауаптардың қайсысы дұрыс?

* ЖИА, Күштемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

* ЖИА, миокардинфаркті

*+Ревматиқалық емес миокардит

* ЖИА, стабильді емес стенокардия

! 30 жастағы науқаста ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін жүрек тұсында қысатындай ауру сезімі пайда болған. Тексеру кезінде : t 37,20С. Жүректің сол жақ шекарасы-ортаңғы бұғана сызығында. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЭКГ-де: АV-  өткізгіштіктің бұзылысы. Қарыншалар миокардында диффузды өзгерістер, барлық шықпаларда тісшелер вольтажы төмендеген. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы дұрыс:

* ЖИА, үдемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

*+Ревматикалық емес миокардит

* ЖИА, вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА, бірінші рет пайда болған стенокардия

! 55 жастағы әйелде миокардитті басынан кешкеннен кейін жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, тоқтап қалу сезімі, шамалы бас айналу пайда болды. Холтерлік мониторинг жүргізілді. Мониторингке түсіру барысында кенет есінен танып қалды, тамыр соғысы жєне АҚ анықталмады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижелі болды. Мониторингті оқу барысында синкопалды жағдай кезінде Р тісшелері тіркелгенмен, QRS кешені жоқ болып шықты. Науқасты жүргізу тактикасы қандай:

* Дәрілік терапия

* Дефибриллятор кардиовертерін көру

* Өңеш арқылы электрокардиостимуляция көру

* Уақытша кардиостимуляция

*+Тұрақты кардиостимуляция

! Науқас ішінің, бауырының , мойын көктамырларының ұлғайғанын , ентігуді, ауа жетпеу сеземін ,аяқтарының ісінуін байқайды. Анамнезінде өкпе туберкулезі бойынша учетта тұрады.Төсектегі қалпы мәжбүрлі. Сонғы 2 айда жатса дем алуының қиындауына байланысты отырып ұйықтайды. Рентген суретінде: жүрек көлеңкесінің айқын ұлғаюы байқалмайды, бірақ перикард қалыңдаған және кейбір жерлері кальцинацияланған. Диагнозды анықтаңыз:

* Экссудативті перикардит

* Жоғарғы қуыс вена синдромы

*+Констриктивті перикардит

* Үшжармалы қақпақша тума ақауы

* Оң жүрекше миксомасы

! Науқас жүрекке операциясынан кейін (үшқақпақшалы ақаудың коррекциясы) стационардан шығуға дайындалып жатқан, бірақ 12ші тәулікте қанайналым декомпенсациясы пайда болды: аяқтағы ісік,бауырдың қабырға доғасынан 8см ге ұлғаюы,тыныштықтағы ентігу,қан қысымының 70/40мм.сб.б төмендеуі,жүрек тондары тұйықталуы,жасанды қақпақшалар тонының әлсіреуі.Операциядан кейінгі кезеңнің қандай асқынуы туралы айтуға болады:

* Жедел дүрек жетіспеушілігі

*+Жүрек тампонадасымен экссудативті перикардит

* Жасанды протездердің жартылай тромбозы

* Жедел миокардит

* Жедел миокард инфарктісі

! Науқас ентігуге, ауа жетпеу сезіміне, аяқтағы ісінуге, оң жақ қабырға аймағындағы ауырсынуға (бауыр ұлғаюы), мойын веналарының ісінуі мен пульсациясына шағымдануымен клиникаға түсті. Рентген суретінде: жүрек көлеңкесінің үлкеюі, аускультативті : жүрек тондарының тұйықталуы. ЭКГ вольтажы төмендеген. Қай жүрек ауруына осындай клиника тән:

* Дилятационды кардиомиопатия

* Гипертрофиялық кардиомегалия

*+Экссудативті перикардит

*Жедел миокардит

*Үшжармалы қақпақша тума ақауы

! 52 жастағы науқас - трансмуральді миокард инфарктісін алды. 2 аптадан соң субфебрильді температура, ентігу, буындарындарында ауру сезімі пайда болды. Қарап тексеруде: плевра қуысында сұйықтық анықталды. Аускультативті: перикард үйкеліс шуы. Өзін нашар сезінудің себебі:

* Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің дамуы

*+Дресслер синдромы

* Плевритпен асқынған пневмония

* Жүйелі қызыл жегі

* Бактериальді эндокардит

! 28 жастағы науқаста экссудативті перикардит пайда болды. Онда айқын ентігу, өлім сезімі қаупі, мойын веналарының кеңеюі, салқын тер, мойны беті, мұрны мен құлағының ісінуі, жіп тәрізді пульс пен қан қысымыеың төмендеуі пацда болды. Қандай зерттеу шұғыл түрде жүргізілуі тиіс:

* Тұссыз тағам

*+Перикардқа пункция

* Диуретиктер беру

* Сұйықтықты 600 мл дейін шектеу

* Глюкокортикоидты беру

! 57 жастағы науқас жүрек тұсының тұрақты сипатта ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне, сол иық деңгейіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: бір ай алдын трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлды тұрақты қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтығы аймағында плевраның үйкеліс шуы, артериялық қысымы 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет мин. қан анализінде эозинфилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада ST сегментінің І,ІІ,ІІІ тіркемелерінде көтерілуі. Қандай патологияны болжауға болады:

* Рецидивті инфаркт миокарды

* Идиопатикалық перикардит

*+Синдром Дресслера

* Миокардтың жыртылуы

* Тұрақты күштемелі стенокардия

! Науқаста жедел миокард инфарктісінен кейін 10 күннен сон перикард үйкеліс шуы және наркотиктермен, стеройдты препараттармен басылмайтын жүрек аймағындағы ауру сезімі пайда болады. Систоликалық шу анықталмайды. Осы жағдайда кенет мойын көктамырларының ісінуімен гипотония және электромеханикалық диссоциация дамыды. Науқасқа диагноз қойыңыз:

* Папилярлық бұлшықеттің жыртылуынан болатын жедел митральдық жетіспеушілік

* Қарыншааралық перденің жыртылуы.

*+Сол қарыншаның қабырғасының жыртылуы

* Миокард инфарктісінің аймағының кеңеюі

* Оң қабырға инфаркті

! Клиникаға кеуде артындағы жедел қатты ауру сезімімен, артериальді қан қысымының төмендеп миокард инфарктіне күдікпен науқас келіп түсті, бірақ ЭКГ көрінісінде коронарлы қан айналым бұзылысы жоқ. Анамнезінде 10 жыл бұрын сифилиспен ауырған. Қандай диагноз қоюға болады:

* Оң жақ жүрекшеде Вальсавы синусы аневризмасының жыртылуы *+Өрлемелі аорта аневризмасының сылынуы * Аорта жетіспеушілігінің дамуы * Принцметал стенокардиясының варианты * Коронариит

! Науқас 57 жаста. Жүрек тұсында 20 минутқа дейін созылатын қысып ауру сезімі, әр түрлі сипаттағы ентігу, өлімнен қорқу сезімі, әлсіздік алғыш рет пайда болған. Анамнезінде: бронхиалдьді астманын жеңіл дәрежесімен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Қалпы мәжбүрлі. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Өкпесінду: майда және орташа көпіршікті сырылдар, төменгі бөлігінде бірен саран құрғақ сырылдар. Жүрек соғу жиілігі 120 рет минутына, АҚҚ -110/80 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауру сезімі жок. Бауыры қабырға доғасы бойымен. ЭКГ –да : ST сегментінің көтерілуі, III, avF әкетулерінде. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

*Алғаш пайда болған стенокардия

* Құрғақ плеврит

* Крупозды пневмония

*+Жедел коронарлы синдром, ST сегментінің көтерілуімен

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

! Түнгі ауру сезімі ұстамасы болған, нитроглицеринмен басылмаған. "О3" шақырған.Объективті: Жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ылғалды. Еріні цианозды . Жастықсыз жатыр. Беткей тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 28 рет мин. Жүрек тондары туйықталған, ритмі дұрыс емес, ЖСЖ 100-110 рет минутына, толуы әлсіз, экстрасистолалар, АҚҚ =80/40 сын.бағ. Іші жұмсақ , ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 3см шығып тұр. Кіші дәретке бармаған. ЭКГ: aVL, V1-V6-та ST сегментінің көтерілуі. Кезексіз деформацияланған QRS комплексі кездеседі. Миокардттың зақымдалуы қайда орналасқан:

* Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасы

* Сол қарыншаның бүйір қабырғасы

*+Сол қарыншаның алдынғысептальді, алдыңғы және бүйір қабырғалары

* Сол қарыншаның артқы бүір қабырғасы
* Оң қарынша

! Науқас 31 жаста, кетентен таңертең басталған кеуде клеткасындағы (төс артында, жаурын аралығынды және мойнындағы интенсивті ауырсынуға шағымданып түсті., ауырсыну 2 сағат бұрын басталған. Нитроглицерин қабылдаған, баралгин егілген - әсері байқалмаған. Бұрын конституционалды Марфан синдромының ерекшелігіне байланысты (салм-70 кг, бойы-181 см, қол саусақтарының ұзын болуы), арасында қарыншалық экстрасистолия, лабильді артериалды гипертония 160/100 мм с.б. дейін болуымен негізделді. Жүрек ақауы жоқ. Жалпы жағдайы ауыр, қатты ауырсынуға байланысты. Пульс-80 рет минутына, ырғақты. АҚҚ - 160/50 мм с.б. Жүректің барлық жерінде қатқыл систолалық шу, мойын тамырларына таралады. Төстің сол жағында 3 қабырға аралықта - өте жай протодиастолалық шу естіледі. ЭКГ, жалпы қан анализі - ерекшеліксіз. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – аорта доғасының деңгейінде средостения 13 см-ге ұлғайған. Науқаста қандай асқыну дамыған:

*+Аорта аневризмасының жайылуы

* Миокард инфарктісі

* Өкпе артериясының бұтағының тромбоэмболиясы

* Жүректін жарылуы

* Кардиогенді шок

! Науқас 70 жаста, кеудедегі түсіндіре алмайтын жайсыз сезімге, ауа жетпеу сезіміне, сол жақтың төменгі болігінің ауыруына , жүрек жұмысының бұзылысына шағымданады. Анамнезінде : 60 жасында бірінші рет жүрек тұсында қысып ауратын, сол жауырын мен сол иыққа берілетін ауру сезімі пайда болған. Ауыруынын басында төс артындағы ұстамалар сирек болатын(жылына 1-2 рет), бірақ соңғы 2 жылда айтарлықтай жиілеген. Медициналық көмекке жүгінбеген. Объективті: жүрек шекарасы солға қарай 2 см ұлғайған, тамыр шоғырының көлемі 9 см, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ90 минутына, 20-25 соғу сайын экстрасистолалармен үзіледі. АҚҚ 150/90 сын.бағ., дене температурасы 37,20. ЖҚА солға ығысумен аздаған лейкоцитоз, СОЭ 26 мм/сағ. ЭКГ: ST сегменті I, AVL,V4, 5, 6, әкетпелерінде изолиниядан жоғары ығысқан. Т сегменті AVL, V4,5,6, әкетпелерінде теріс. Сіздің диагнозыңыз:

* ЖИА. Тұрақты стенокардия

* ЖИА. Іріошақты миокард инфаркті
*+Жедел коронарлы синдром

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* ТЭЛА

! Реанимация бөлімшесіне миокард инфарктысымен ауыратын науқас жеткізілді. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлап, екі рет есінен танған. ЖСС минутына 36 рет. АҚ 100/65 мм.сын.бағ. ЭКГ-да: тәуелсіз жүрекшелер ырғағы минутына 100 рет, қарыншалар ырғағы минутына 33-36 рет. QRS кешені – 0,16˝, деформацияланған. Науқас жағдайының нашарлауы себебін анықтаңыз:

* Кардиогенді шоктың дамуы

* Идиовентрикулярлы ырғақтың туындауы

* Синоаурикуларлы блокаданың пайда болуы

*+Толық АВ-блокадасының Морганьи-Эдемс-Стокс ұстамасымен болуы

* ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Венкебах кезеңімен пайда болуы

! Науқас А, 50жаста. Кенеттен жұмыста болған стресстік жағдайдан кейін ауырып қалды. Төс астында қысып ауыратын күшті ауыру сезімі пайда болып, күні бойы сақталды. Кешке науқас жедел жәрдем бригадасын шақырды. ЭКГ-де: V1-3 әкетулерінде патологиялық Q тісшесі, R тісшесінің жоғалуы, ST сегментінің 6 мм изолиниядан жоғарылауы. Келтірілген қай диагноз дұрыс:

* ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА. Ірі ошақты артқы-диафрагмалдық миокард инфарктының жедел кезеңі

*+ЖИА. Жедел коронарлық синдром ST сегментінің көтерілуімен

! Науқас 34 жаста, диффузды токсикалық зобпен ауырады, соңғы кезде ентігу пайда болды, жүрек соғысы күшейеді. Жүрек тондары ашық, ритмі дұрыс емес. Жүрек ұшында қысқа систолалық шу ЖСС-108 мин, пульс-78мин,аритмиялық түрде. ЭКГ-да: R-R әр түрлі, II,III,аVF,V1 f толқындары бар және P тісшесі жоқ. Науқасқа қандай ырғақ бұзылысы тән:

*+Жүрекшелердің жыпылықтауы

* Жүрекшелердің дірілі

* Жүрекшелердің экстрасистолия

* Қарыншалардың экстрасистолия

* Пароксизмалды тахикардия

! Науқас 25 жаста, жүрек қағуына шағымданады және жиі ұстамалар 5жыл көлемінде мазалайды. Объективті- ритмнің жиіленуі 120 рет мин дейін байқалады. ЭКГ-да ритмі дұрыс қалыпты P тісшелерімен, интервал Р-R-0,09сек, көптеген QRS комплекстердің алдында дельта толқындары бар, QRS-0,14сек. Науқаста не болуы мүмкін:

* Синусты ритм

* Идиовентрикулярлық ритмнің ұзаруы

*+Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

*Самойлов-Венкебах феномені

* Электрлік остің оңға ығысуы

! Науқаста жүректің тоқтап қалу сезімі және домалау (кувыркания),жүрек қағуы мазалайды. ЭКГ-да дұрыс емес ритм, жекеленген қарыншалық комплекстер -0,12 кеңейген, деформацияланған, олардың алдындағы R-R қысқарған, одан кейінгі пауза ұзарған, олардың алдында P тісшесі жоқ. Науқасқа қандай ырғақ бұзылысы бар:

*+Қарыншалық экстрасистолия

* АV экстрасистолия

* Жүрекшелердің экстрасистолия

* Жүрекшелердің жыпылықтауы

* Пароксизмалды тахикардия

!Науқас А., 55 жаста, мұғалім. Кенеттен таңертең, жиналыстан кейін кеуде тұсында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі күні бойы сақталған. ЭКГ, жедел жәрдем дәрігерінің 10 сағаттан кейінгі жазбасында: V1- V3 шықпаларында патологиялық Q тісшесі, R тісшесі жоғалған, S-T интервалы 6 мм көтерілген. Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді:

* ЖИА. Бірінші рет пайда болған стенокардия

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* ЖИА.Bазоспастикалық стенокардия

* ЖИА. Ірі ошақты артқы-диафрагмальді миокард инфаркты, жедел кезең

*+ЖИА.Трансмуральді алдыңғы-қалқалық миокард инфаркты, жедел кезең

!Науқас 56 жаста. Физикалық күштеме кезінде пайда болатын кеуде артындағы қысатын ауру сезіміне, сол жақ қолына, мойнына иррадиацияланатын, нитроглицерин қабылдағаннан кейін жоғалатын ауру сезіміне шағымданды. Бір айдан бері аурады. ЭКГ – кеуде шықпаларында сегменті ST депрессияланған; теріс Т тісшесі тіркеледі. 2 күннен кейінгі ЭКГ патологиясыз.Төмендегі берілген диагноздың қайсысы дұрыс:

* ЖИА, вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА, үдемелі стенокардия

* ЖИА, трансмуральді миокардинфаркті

*+ЖИА,бірінші рет пайда болған стенокардия

*ЖИА, ірі ошақты миокардинфаркті

! 57 жастағы еркек өзін жайсыз сезініп, эпигастральді аймақта ауру сезімі пайда болды. Ішкен тағамнан екі рет құсты. Науқасты инфекциялық ауруханаға апарды және асқазанын жуды. Осы процедурадан кейін ауру сезімі кеуде тұсының сол жағына ауысты, экстрасистолия пайда болды. ЭКГде II, III, AVF - QS, SТнің доға тәрізді көтерілуі, Т тісшесімен қосылады. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы дұрыс:

* Жедел тағамдықтоксикоинфекция

* ЖИА, үдемелі стенокардия

*+ЖИА, артқы-диафрагмальді трансмуральді миокард инфаркты, абдоминальді формасы

* ЖИА, алдыңғы қалқалы трансмуральді миокард инфаркты, абдоминальді формасы

* Жедел гастрит

! 65- жастағы әйелде, кенет синкопэ дамыды. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы артериальды гипертензия және стенокардиямен ауырады. Жоспарланған терапияны кабылдамаған. ЭКГ-да синусты тахикардия, ЖСС 120 рет мин, ЭОС солға ығысқан. Гипертрофия сол жақ қарыншаның белгілері бар. QS I ,аVL,V1-V3 шықпаларында, ST сегменті изосызықтан осы шықпаларда биік. Төмендегі көрсетілген диагноздардың ықтималдылығы жоғары:

*+Миокард инфаркты церебральды формасы

* Миокард инфаркты астмалық варианты

* Миокард инфаркты абдоминалды формасы

* Субарахноидалды қан кұйылу

* Ишемиялық типтегі ЖМҚАБ (ОНМК)
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта