неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго
Скачать 1.96 Mb.
|
3 3.2.1 Героинды шектен тыс дозада қабылдаған науқасқа қандай препарат енгізу керек? 1. Тиамин 2. 40% глюкоза ерітіндісі 3. Налоксон 4. Магний сульфаты 5. Кордиамин 3 3.3.2 23 жастағы науқас басының қатты ауырсынуы, сұйық нәжіс бөлінуімен бірге жүретін ішінің ауырсынуы, тізе буыны аймағындағы ауырсынуы шағымдарымен үйіне жедел жәрдем дәрігерін шақыртып қаралды. Күшті ауырсынуды басатын препарат тағайындауды сұрайды. Объективті қарау кезінде науқас мазасыз, күштемелі, тахикардия анықталған 104 рет/минутына, АҚҚ-160/95 мм.сын.бағ, айқын пиломоторлы реакция, гипергидроз, мұрнының бітелуі және ринорея. Қарашықтары симметриялы, айтарлықтай кеңейген, жарыққа әлсіз жауап береді. Қол және аяқ терілерінде тері асты венасы проекциясы аймағанда көптеген тыртықтар және әртүрлі инъекциялардың іздері бар. Мүмкін болатын болжам диагноз қойыңыз. 1. Алкогольді-абстинентті синдром 2. Героинді-абстинентті синдром 3. Этанолмен жедел улану 4. Героинмен жедел улану 5. Каннабиоидтармен жедел улану 2 3.4.2 Науқас 42 жаста, автокөлік жөндеуші механик, сол күні нашар желдетумен автомобиль жөндеумен айналысқан. Оған дейін өзін науқас деп санамаған. Ессіз күйінде жатқанда әйелі гараждан тауып алған. Қарау кезінде: сөйлей алмайды, тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары шие түсті. Қарашықтар D=S, 8 мм, фотореакциясы тірі, көз алмасының қозғалысы құбылмалы. Беткей тыныс, ТАЖ-24 рет/минутына. Пульс жиі, жіп тәрізді. АҚҚ- 90/70 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-115 рет/минутына. Екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Беті симметриялы. Көзіне күшті тітіркендіргіштермен әсер етсе де көзі ашылмайды. Қолын бүгу және аяғын жазу кезінде бұлшықеттердің тонусы жоғарылаған. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауабы – аяқтарындағы бүккіш реакциясы. Екі жағында да Бабинский симптомы анықталған. Болжам диагноз қойыңыз. 1. Гипогликемиялық кома 2. Гипергликемиялық кома 3. Геморрагиялық инсульт 4. Көміртек тотығымен улану 5. Каннабиноидтармен улану 4 3.5.2 Науқас 42 жаста, автокөлік жөндеуші механик, сол күні нашар желдетумен автомобиль жөндеумен айналысқан. Оған дейін өзін науқас деп санамаған. Ессіз күйінде жатқанда әйелі гараждан тауып алған. Қарау кезінде: сөйлей алмайды, тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары шие түсті. Қарашықтар D=S, 8 мм, фотореакциясы тірі, көз алмасының қозғалысы құбылмалы. Беткей тыныс, ТАЖ-24 рет/минутына. Пульс жиі, жіп тәрізді. АҚҚ- 90/70 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-115 рет/минутына. Екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Беті симметриялы. Көзіне күшті тітіркендіргіштермен әсер етсе де көзі ашылмайды. Қолын бүгу және аяғын жазу кезінде бұлшықеттердің тонусы жоғарылаған. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауабы – аяқтарындағы бүккіш реакциясы. Екі жағында да Бабинский симптомы анықталған. Осы жағдайда не істеу керек? 1. 100% оттегімен оксигенотерапия жүргізу 2. 2:1 қатынасында оттегі қоспасы және азот тотығымен оксигенотерапия жүргізу 3. Налоксон енгізу 4. Флумазенил енгізу 5. Диазепам енгізу 1 3.6.2 16 жастағы жасөспірімді, адекватты емес тәртібіне байланысты мектептегі медициналық пункте жедел жәрдем бригадасы қарады. Ұстаздың айтуы бойынша екі рет құсу болған. Қарау кезінде: науқастың есі бар, бірақ сұақтарға жауап бермейді. Қарауы үрейлі, қиын жағдайдағы адекватты емес қозғалыстар жасайды, себепсіз күле береді. Беті бозарған, конъюктиваларында гиперемия, склерада инъекция. АҚҚ-90/70 мм.сын.бағ., 30 минуттан кейін өлшегенде – 160/90 мм.сын.бағ. Қарашықтары OD=OS, 8 мм, фотореакциясы тірі. Парездер, менингеальды белгілер жоқ. Сіңірлік рефлекстер D=S, тірі. Жүрісі атактикалық. Сыныптастарының айтуы бойынша жасөспірімдер бір сағат бұрын бір нәрсе шеккен. Болжам диагноз қойыңыз. 1. Героинмен улану 2. Каннабиноидтармен улану 3. Этанолмен улану 4. Алкогольді-абстинентті синдром 5. Героинді – абстинентті синдром 2 3.7.2 Ер адамды көршілері ессіз жағдайында подъезден тауып алған. Жедел жәрдем дәрігерінің қарауы кезінде: науқас ессіз, қарашықтары нүкте тәрізді, жарыққа жауап бермейді, тері жабындылары көгерген түспен бозарған. Сөйлемейді және көзін аша алмайды. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауабы- аяқтарындағы бүккіш қозғалысты реакциясы. Пульс 98 рет минутына, ырғақты, әлсіз толымды. АҚҚ-90/60 мм.сын.бағ. Тыныс алуы беткей 8-10 рет минутына жиілікпен. Вена ішіне 1 мл (0,4) налоксонды енгізгеннен кейін, қарашықтар (6 мм) кеңейді, ауырсыну тітіркендіргіштеріне мақсатты реакция пайда болды. Болжам диагноз қойыңыз. 1. Опиаттардың шектен тыс дозасы 2. Каннабиноидтармен улану 3. Геморрагиялық инсульт 4. Алкогольді-абстинентті синдром 5. Героинді-абстинентті синдром 2 3.8.3 Науқас 42 жаста, автокөлік жөндеуші механик, сол күні нашар желдетумен автомобиль жөндеумен айналысқан. Оған дейін өзін науқас деп санамаған. Ессіз күйінде жатқанда әйелі гараждан тауып алған. Қарау кезінде: сөйлей алмайды, тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары шие түсті. Қарашықтар D=S, 8 мм, фотореакциясы тірі, көз алмасының қозғалысы құбылмалы. Беткей тыныс, ТАЖ-24 рет/минутына. Пульс жиі, жіп тәрізді. АҚҚ- 90/70 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-115 рет/минутына. Екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Беті симметриялы. Көзіне күшті тітіркендіргіштермен әсер етсе де көзі ашылмайды. Қолын бүгу және аяғын жазу кезінде бұлшықеттердің тонусы жоғарылаған. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауабы – аяқтарындағы бүккіш реакциясы. Екі жағында да Бабинский симптомы. Осы жағдайда қандай препаратты және не үшін енгізу қажет? 1. Налоксон, этанолмен улану кезінде антидот болып саналады 2. Налоксон, опиаттармен улану кезінде антидот болып саналады 3. Ацизол (диацетат бисвинилимидазол цинкы), көміртек тотығымен улану кезінде антидот болып саналады 4. Ацизол (диацетат бисвинилимидазол цинкы), бензодиазепиндермен улану кезінде антидот болып саналады 5. Магний сульфаты, біріншілік нейропротектор болып саналады 3 3.9.3 Ер адамды көршілері ессіз жағдайында подъезден тауып алған. Жедел жәрдем дәрігерінің қарауы кезінде: науқас ессіз, қарашықтары нүкте тәрізді, жарыққа жауап бермейді, тері жабындылары көгерген түспен бозарған. Сөйлемейді және көзін аша алмайды. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауабы- аяқтарындағы бүккіш қозғалысты реакциясы. Пульс 98 рет минутына, ырғақты, әлсіз толымды. АҚҚ-90/60 мм.сын.бағ. Тыныс алуы беткей 8-10 рет минутына жиілікпен. Науқасқа қандай препарат және не үшін енгізу керек? 1. Налоксон, опиоидты рецепторлар антогонисті болып саналады, агонистермен байланысын ығыстыруға мүмкіндік береді 2. Налоксон, бензодиазепин рецепторларының антогонисті болып саналады, агонистермен байланысын ығыстыруға мүмкіндік береді 3. Флумазенил, бензодиазепин рецепторларының антогонисті болып саналады, агонистермен байланысын ығыстыруға мүмкіндік береді 4. Флумазенил, опиоидты рецепторлар антогонисті болып саналады, агонистермен байланысын ығыстыруға мүмкіндік береді 5. Налоксон, опиоидты рецепторлар антогонисті болып саналады, токсикалық генезді ми бағанының құрылымдық зақымдануымен салыстыруға мүмкіндік береді 5 4.1.1 Бензодиазепиннің шектен тыс дозасы кезінде қандай спецификалық антидот қолданылады? 1. Налоксон 2. Бромокриптин 3. Дантролен 4. Атропин 5. Флумазенил 5 4.2.1 Қатерлі нейролептикалық синдром кезінде қандай препарат тағайындау керек? 1. Налоксон 2. Дантролен 3. Флумазенил 4. Фуросемид 5. Этанол 2 4.3.2 44 жастағы ер адам, тырыспалы тонико-клоникалық ұстамалар болғаннан соң жедел жәрдем бригадасын шақыртып қаралды. Анамнезінде шизофрения. Галоперидол қабылдайды. Объективті: науқас ессіз, дене температурасы – 40,50С, гипергидроз. АҚҚ – 170/100 мм.сын.бағ. Сұрақтарға және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Қарашықтар OD=OS, 8 мм, фотореакциясы сақталған. Ауырсыну ынталандырғыштарын қолдану кезінде- мақсатсыз қозғалыстағы бүккіш реакция. Бұлшықеттер тонусы регидтілік тип бойынша жоғарылаған. Науқасқа қандай препарат енгізу қажет? 1. Налоксон 2. Дантролен 3. Трифтазин 4. Хлорпротиксен 5. Рисперидон 2 4.4.2 Әйел адам 34 жаста, интенсивті ( өміріндегі ең қатты ауырсыну) диффузды бас ауруына шағымданады. Ауырсыну отырыс кезінде ірімшік жегеннен және қызыл шарап ішкеннен соң 30 минуттан кейін пайда болған. Науқас 6 ай бойы дәрігердің тағайындауымен депрессияға байланысты фенелзин қабылдаған. Объективті: есі анық, науқас қозған, үнемі бір нәрсе істеуге тырысады, көп және асығып сөйлейді. Дене температурасы - 370С. АҚҚ– 190/110 мм.сын.бағ. Бұдан бұрын АҚҚ-ның жоғарылауы және қатты бас ауыру ұстамаларының зпизодтары болмаған. Қарашықтар OD=OS, 7 мм, фотореакциясы тірі. Неврологиялық статуста – қолдарында жеңіл тремор, басқа бұзылыстар жоқ. Осы клиникалық жағдайдың мүмкін себебін көрсетіңіз? 1. Мигрень 2. Кластерлі бас ауруы 3. Күштемелі бас ауруы 4. Тираминді синдром 5. Үрейлі шабуыл 4 4.5.2 44 жастағы ер адам, тырыспалы тонико-клоникалық ұстамалар болғаннан соң жедел жәрдем бригадасын шақыртып қаралды. Анамнезінде шизофрения. Галоперидол қабылдайды. Объективті: науқас ессіз, дене температурасы – 40,50С, гипергидроз. АҚҚ – 170/100 мм.сын.бағ. Сұрақтарға және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Қарашықтар OD=OS, 8 мм, фотореакциясы сақталған. Ауырсыну ынталандырғыштарын қолдану кезінде- мақсатсыз қозғалыстағы бүккіш реакция. Бұлшықеттер тонусы регидтілік тип бойынша жоғарылаған. Мүмкін болатын болжам диагноз қойыңыз. 1. Қатерлі нейролептикалық синдром 2. Жедел гипертоникалық энцефалопатия 3. Энцефалит 4. Менингит 5. Ишемиялық инсульт 1 4.6.2 Әйел адам 34 жаста, интенсивті ( өміріндегі ең қатты ауырсыну) диффузды бас ауруына шағымданады. Ауырсыну отырыс кезінде ірімшік жегеннен және қызыл шарап ішкеннен соң 30 минуттан кейін пайда болған. Науқас 6 ай бойы дәрігердің тағайындауымен депрессияға байланысты фенелзин қабылдаған. Объективті: есі анық, науқас қозған, үнемі бір нәрсе істеуге тырысады, көп және асығып сөйлейді. Дене температурасы - 370С. АҚҚ– 190/110 мм.сын.бағ. Бұдан бұрын АҚҚ-ның жоғарылауы және қатты бас ауыру ұстамаларының зпизодтары болмаған. Қарашықтар OD=OS, 7 мм, фотореакциясы тірі. Неврологиялық статуста – қолдарында жеңіл тремор, басқа бұзылыстар жоқ. Осы клиникалық жағдайдың пайда болуы немен байланысты? 1. Моноаминоксидаза ингибиторлары және тираминнің тағамдық өнімдермен өзара әсерлесуі 2. Ауырсыну табалдырығының төмендеуі есебінен күштеме жағдайындағы перикраниальды бұлшықеттердің жоғары дайындығы 3. Ми қарыншаларының қантамырлық тоғысуына байланысты ликвордың өндірілуінің жетіспеушілігі 4. Қан тамырлар тонусының төмендеуі және бассүйек қуысында венозды қанның жетіспеушілігі 5. Цереброспинальды сұйықтықтың сіңірілуінің бұзылуы және оның өндірілуінің жоғарылауы 1 4.7.2 29 жастағы әйел адамды 3 күн бойы себепсіз қорқыныш және мазасыздық сезімі, ішкі қорқыныш сезімі, бас ауруы, құлақтағы шулар, ашық түс пен қатты дыбыстарға төзе алмаушылық, тәбетінің жоғалуы және эпигастрийдегі ауырсыну, бұлшықеттердегі ауырсыну спазмы, ұйқысыздық мазалайды. 2 сағат бұрын өмірінде бірінші рет естен танумен тонико-клоникалық ұстама пайда болған. 5 жыл бойы үрейлі шабуылға байланысты феназепам қабылдаған, 2 апта бұрын препаратты қабылдаудан өздігінен бас тартқан. 2 ай бойы гинекологтың тағайындауымен бромокриптин қабылдайды. Қарау кезінде: есі анық, орнында ұзақ отыра алмайды. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Дене температурасы - 370С. Пульс – 115 рет/мин. ТАЖ – 19 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм.сын.бағ. Қолдарында тремор. Горизонтальды ұсақ тарамдалған нистагм. Басқа неврологиялық бұзылыстар анықталмаған. Болжам диагноз қойыңыз. 1. Бензодиазепинді болдырмау синдромы 2. Дофамин рецепторларының антогонистерімен улану 3. Идиопатиялық эпилепсия 4. Ми ішіне қан құйылу 5. Тираминді синдром 1 4.8.3 29 жастағы әйел адамды 3 күн бойы себепсіз қорқыныш және мазасыздық сезімі, ішкі қорқыныш сезімі, бас ауруы, құлақтағы шулар, ашық түс пен қатты дыбыстарға төзе алмаушылық, тәбетінің жоғалуы және эпигастрийдегі ауырсыну, бұлшықеттердегі ауырсыну спазмы, ұйқысыздық мазалайды.2 сағат бұрын өмірінде бірінші рет естен танумен тонико-клоникалық ұстама пайда болған. 5 жыл бойы үрейлі шабуылға байланысты феназепам қабылдаған, 2 апта бұрын препаратты қабылдаудан өздігінен бас тартқан. 2 ай бойы гинекологтың тағайындауымен бромокриптин қабылдайды. Қарау кезінде: есі анық, орнында ұзақ отыра алмайды. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Дене температурасы - 370С. Пульс – 115рет/мин. ТАЖ – 19рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм.сын.бағ. Қолдарында тремор. Горизонтальды ұсақ тарамдалған нистагм. Басқа неврологиялық бұзылыстар анықталмаған. Болжам диагноз қойыңыз және патогенезін түсіндіріңіз? 1. Бензодиазепиндерді болдырмау синдромы, гамма аминомай қышқылының белсенділігінің төмендеуі және қоздырушы нейромедиаторлармен бақылаудың жоғалуы 2. Бензодиазепиндерді болдырмау синдромы, глутамин қышқылының белсенділігінің төмендеуі және қоздырушы нейромедиаторлармен бақылаудың жоғалуы 3. Дофаминомиметиктермен улану, холинергиялық жүйенің шектен тыс белсенуі 4. Дофаминомиметиктермен улану, холинергиялық жүйенің шектен тыс тежелуі 5. Идиопатиялық эпилепсия, бас миында патологиялық қозу ошағының түзілуі 5. 4.9.3 44 жастағы ер адам, тырыспалы тонико-клоникалық ұстамалар болғаннан соң жедел жәрдем бригадасын шақыртып қаралды. Анамнезінде шизофрения. Галоперидол қабылдайды. Объективті: науқас ессіз, дене температурасы – 40,50С, гипергидроз. АҚҚ – 170/100 мм.сын.бағ. Сұрақтарға және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Қарашықтар OD=OS, 8 мм, фотореакциясы сақталған. Ауырсыну ынталандырғыштарын қолдану кезінде- мақсатсыз қозғалыстағы бүккіш реакция. Бұлшықеттер тонусы регидтілік тип бойынша жоғарылаған. Науқасты емдеуде қандай асқыну дамығанын және оның даму патогенезін түсіндіріңіз. 1.Қатерлі нейролептикалық синдром, базальды ганглийлерде дофаминергиялық құрылымның ынталануы 2.Қатерлі нейролептикалық синдром, базальды ганглийлерде дофаминергиялық құрылымның блокадасы 3.Қатерлі серотониндік синдром, гиппокамптағы серотонинергиялық құрылымның блокадасы 4. Қатерлі серотониндік синдром, гиппокамптағы серотонинергиялық құрылымның ынталануы 5. Қатерлі нейролептикалық синдром, көк дақтың норадренергиялық құрылымның ынталануы |