Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.1.1

  • неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго


    Скачать 1.96 Mb.
    НазваниеКакие критерии включает в себя шкала ком Глазго
    Анкорневрология
    Дата10.06.2020
    Размер1.96 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНЕВРА общая.docx
    ТипДокументы
    #129263
    страница50 из 94
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94

    3.10.2

    Жас әйел 30 жаста ,жедел басының ауыруы,журек айнуы,құсу,біраз уақыттан кейін есінің бұзылысы байқалды.Жедел медицина көмек дәрігерлері сопор деп қойды.АҚ -160/100 мм.с.б ,пульс-58 рет минутына ,дурыс ритм,мойын булшықеттердің ригидтілігі,Кернинг симптомы,Брузидский.Неврологиялық бұзылыстар байқалмаған.Болжам диагноз?

    1. менингит

    2. энцефалит

    3. мигрень

    4. субарохнаильді қан құйылуы

    5. миішілік қан құйылуы

    4
    3.11.2

    Әйел 35 жаста күндіз физикалық жүктемеден кейін жұрек айну, қайталамалы құсу, интенсивті бас ауруы пайда болуына байланысты ауруханаға жеткізілді. Сырқатына дейін өзін сау санаған. Тексеруде: есі анық, АҚ 160/100 мм.с.б., пульс – 70 рет минутына, ырғағы дұрыс, жарықтан қорқу, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі; парездер және басқа неврологиялық бұзылыстар байқалмайды. Болажам диагноз?

    1. менингит

    2. энцефалит

    3. алаңғасар склероз

    4. мигрень

    5. субарахноидалды қанқұйылу

    5

    3.12.2

    35 жастағы әйелдің басы қатты ауырып, жұрегі айнып, құсты, бірнеше минуттан кейін есі бұзылды. «Жедел медициналық көмек» дәрігерлері сопорды анықтады, АҚ – 150/100 мм.с.б., пульс – 60 рет минутына, ырғағы дұрыс. Иегін төске жақындатуға талпынғанда, иегі 5 см арақашықтыққа жетпеді. Алдын ала бүгілген жамбас – тізе буындарын жазуға амалданғанда, тізе буынында бұрыш 100 градусқа жетеді. Науқастың оң және сол жақ шықшыт доғасын тақылдатқанда ауырсынып тыжырайды. Парездер және басқа неврологиялық бұзылыстар байқалмады. Болжам диагноз?

    1. менингит

    2. мигрень

    3. субарахноидалды қанқұйылу

    4. керілген бас ауруы

    5. миішілік қанқұйылу

    3

    3.13.2

    Науқас 40 жаста, айына бір рет болатын бас ауру ұстамасына шағымданады. Ұстама пайда болуынан бірнеше минут бұрын науқаста көру сезімдері жарықтың жарқ етуі, жыпылықтаған нүктелер, жарқыраған ирек түрінде байқалды. Бас ауруы біржақты, баяулап басталады, интенсивті күшейіп, тұрақтанып, артынан басылады. Жалпы ұзақтылығы орта есеппен бір тәулік шамасында. Ұстама кезінде науқас жарыққа және дыбысқа жоғары сезімталдылықты сезеді. Қарау кезінде нефрологиялық статусында патология анықталмады. Қандай препараттар тағайындайды және неліктен?

    1. Карбамазепин, ауырсыну нейропатиялы болғандықтан

    2. Дигидроэрготамин, ісінуге қарсы әсері болғандықтан

    3. Дигидроэрготамин, вазоконстрикторлы және нейроингибирлеуші қасиеті болғандықтан

    4. Актовегин, антиоксидантты қасиеті болғандықтан

    5. Актовегин, мембраностабилизирлеуші қасиеті болғандықтан

    3

    3.14.2

    Науқас әйел 30 жаста, бас ару ұстамаларына шағымданады. Ауырсыну соңғы 2-3 жылда 1-2 рет айына жиілікпен мазалайды. Ауырсыну монотонды, қысатын, диффузды, екі жақты, «құрсаумен тартып қойғандай», тітіркенгіштікпен, әлсіздікпен, шаршағыштықпен бірге жүреді. Ауырсыну қоздырушы жағдай – ұзақ көру немесе психикалық күштемеден кейін, ыңғайсыз позадан кейін пайда болады. Ауырсыну ұстамасы бірнеше сағатқа созылады. Неврологиялық статуста бұзылыстар жоқ. Қандай препарат тағайындайды және неліктен?

    1. дифметра, себебі науқаста мигрень

    2. дифметра, себебі науқаста керілген бас ауруы

    3. карбамазепин, себебі науқаста кластерлі бас ауруы

    4. карбамазепин, себебі науқаста үшкіл нерв невралгиясы.

    5. глицерин, себебі науқаста жарақаттан кейінгі бас ауруы.

    2

    3.15.3

    Науқас 36 жаста, соңғы екі жылдағы кезекті түрде айына 1 рет жиілікпен пайда болатын бас ауру ұстамасына шағымданады. Бас ауру ұстамасынан бірнеше минут бұрын науқаста көру сезімдері – жарықтың жарқ етуі, кейде бекіністер нобайы тәрізді көріністер пайда болады. Бас ауруы біржақты сипатта, ақырындап басталып, интенсивтілігі 2 сағат ішінде күшейеді, тұрақталып, артынан басылады. Ұстаманың жалпы ұзақтылығы орташа 1 тәулікке жетеді. Қарау кезінде неврологиялық статусында патология байқалмады. Қандай препарат тағайындау қажет және неліктен?

    1. Карбамазепин, ауырсыну нейропатиялы болғандықтан

    2. Актовегин, антиоксидантты қасиеті болғандықтан

    3. Актовегин, мембраностабилизирлеуші әсері болғандықтан

    4. Дигидроэрготамин, ісінуге қарсы әсері болғандықтан

    3.16.3

    Науқас А., 25 жаста қабылдау бөліміне жеткізілген, шагымдары: қайталамалы қатты диффузды бас ауыруы, ағымы 4 күн, жалпы әлсәздік. Анамнезінен: соңғі 5 күн түнде жұмыс істеген және жұмыс істеу қабілетін көтермелеу үшін өте көп мөлшерде кофе ішкен. Бастапқы бас ауыруы ұстама текті пайда болды, бір жақ бас аймағында эмоциональды және физикалық жүктемеден кейін, кейде көп ұйықтап қалғаннан кейін. Объективті: науқастың жапы жағдайы ауыр, қарым-қатнасқа әзер түседі,сұрақтарға бір қалыпты жауап береді. Тері жабындылары бозарған, өкпе мен жұректе өзгерістер байқалмайды, АҚ 140/90 мм с.б. Неврологиялық статусында екі жақты конвергенциеленген әлсіздік, буындық рефлекстер тірілген. Басқа неврологиялық симтомдар жоқ. Науқасқа қандай ем қажет және неге?

    1. Дигидроэрготамин, галоперидол, димедрол к/т тамшылатып глюкозамен мигреноздық статустың болдырмауы үшін

    2. Строфантин, аскорбин қышқылы, кофеин, кокарбоксилаза ангиоспазм көрінісін азайту үшін

    3. Глюкоза, эуфиллин, аскорбин қышқылы, преднизолон, пиридоксин, АТФ мигрень ұстамасын болдырмау үшін

    4. Платифиллин, тиамин, гидрокортизон, лидокаин бас ауыруын болдырмау үшін

    5. Глюкозо-новокаиндік қоспа ауыру синдромын болдырмау үшін, АҚ төмендету

    1

    3.17.3

    Науқас, 30 жаста , бас ауыру ұстамасына шағымданады. Ауыру 2 жыл бойы тыныштық бермейді,айына 1-2 рет жиілікпен. Ауырсыну многотонная, тырыспалық, диффузды, екі жақты, « обручпен тартып тастаған сияқты», мазасыздық пен бірге, әлсәздкпен, шаршағыштық. Ауырсынуға әкелетін жағдайлар – көп уақытты көру немесе психикалық куштемеден кейін,ыңғайсыз поза кезінде. Ауырсыну ұстамасының ұзақтығы бірнеше сағат.Неврологиялық статусында бұзылыстар жоқ.. Қандай препарат тағайындау керек және неге?

    1. дифметра, себебі науқаста мигрень

    2. дифметра, себебі науқаста бас ауыруы напряжения

    3. карбамазепин, себебі науқаста кластерлік бас ауыруы

    4. карбамазепин, себебі науқаста үштік нерв невралгиясы

    5. глицерин, себебі науқаста посттравматикалық бас ауыруы.

    2

    3.18.3

    Науқас, 40 жаста, шағымдары: 1 жыл ағымдағы бас ауыру ұстамалары, айына 1 рет жиілігімен. Ұстамаларға дейін бірнеше сағатта мазасызданады, шөлдейді және зәр шыығару жиілігін сезеді. Ұстамаға дейін 10 минут кезінде бас ауыру ұстамалары свет вспышкасы және зигзагтар сияқты көрінеді.. Бас ауыруы бір жақты. Ұстама ұзақтығы орташа алғанда 1 тәулік. Ұстама кезінде науқас светке және дыбыстарға өте жоғары сезімтал. Неврологиялық статусында бұзылыстар жоқ. Қандай препарат тағайындау керек және неге?

    1. карбамазепин, мақсаты эпилептикалық ошақтарға әсер ету үшін

    2. прозерин,нерв-бұлшықеттік өткізгіштігің жақсарту үшін

    3. прозерин, вегитативтік нев жүйесіне әсер ету үшін

    4. cуматриптан, ми ісінуін болдырмау үшін

    5. cуматриптан, ми сосудың қалыпқа келтіру үшін

    5


    4.1.1

    Омыртқалық қозғалыс сегментінің дегенеративті дистрофиялық процессімен жүретін ауырсыну синдромының көшірмесі үшін қолданылады :

    1. нейромидин

    2. никотин қышқылы

    3. мелоксикам

    4. дигидроэрготамин

    5. бетаферон

    3
    4.2.1

    Остеохондроз кезінде дискідегі грыжаны диагностикалау үшін қандай әдіс қолданылады?

    1. МРТ

    2. КТ

    3. люмбальды пункция

    4. спондиллография

    5. ЭНМГ

    1
    4.3.1

    Омыртқалық қозғалыс сегментінің дегенеративті дистрофиялық процессімен жүретін ауырсыну синдромының көшірмесі үшін қолданылады :

    1. нейромидин

    2. никотин қышқылы

    3. церебролизин

    4. дигидроэрготамин

    5. диклофенак

    5
    4.4.2

    Науқас Ш. 50-жаста бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 2 жылдан бері ауырады, ауыр көтергеннен кейін, ақырғы 3 күн жағдайы нашарлаған. Қарау кезінде: белдік лордоз жазылған, сколиоз кеуденің оң жаққа енкеюімен , бел бұлшық еттерінің дефансы, L4-L5-S1-S2 бел аймағындағы пальпация кезіндегі кенет пайда болатын ауырсыну.

    Дәрігер арқысымен жатқан науқастың аяғын көтерген кезде, аяқтың бұрышы – төсекте 45, ары қарайғы көтеру ауырсыну мен бұлшық етке күш түскеннен кейін мүмкін емес болды.

    Көтерілген аяқты бүгу кезінде тізеде ауырсыну жоғалды. Дәрігермен қандай симптом анықталды?

    1. Вассерман

    2. Нери

    3. Ласег

    4. Мацкевич

    5. Штрюмпеля

    3

    4.5.2

    Науқас С. 55-жаста бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері ауырады, ауыр көтергеннен кейін, ақырғы 3 күн жағдайы нашарлаған. Қарау кезінде: белдік лордоз жазылған, сколиоз кеуденің оң жаққа енкеюімен , бел бұлшық еттерінің дефансы, бел аймағындағы пальпация кезіндегі кенет пайда болатын ауырсыну.

    Дәрігер ішімен жатқан науқастың аяғын көтерген кезде, алдыңғы жамбас бөлігінде ауырсыну пайда болды. Дәрігермен қандай симптом анықталды?

    1. Вассермана

    2. Нери

    3. Ласега

    4. Мацкевича

    5. Штрюмпеля

    1

    4.6.2

    Науқас С. 55 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 5 жыл бойы ауырады, ауыр көтергеннен кейін, соңғы 3 күнде жағдайы нашарлаған. Тексеру кезінде: белдік лордоз тегістелген, дененің оң жағына иілген сколиоз, бел бұлшық еттерінің дефансы, бел деңгейіндегі қылқан тәрізді өсінділердің пальпациясы кезінде өткір ауырсыну байқалады. Науқасты етпетінен жатқызып, аяқты тізе буынан бүккен кезде санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді. Дәрігер қандай симптомды анықтады?

    1. Вассерман

    2. Нери

    3. Ласег

    4. Мацкевич

    5. Бехтерев

    4

    4.7.2

    Науқас С. 55 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 5 жыл бойы ауырады, ауыр көтергеннен кейін, соңғы 3 күнде жағдайы нашарлаған. Тексеру кезінде: белдік лордоз тегістелген, дененің оң жағына иілген сколиоз, бел бұлшық еттерінің дефансы, бел деңгейіндегі қылқан тәрізді өсінділердің пальпациясы кезінде өткір ауырсыну байқалады. Науқасты шалқасынан жатқызып, басын дәрігер иіп қозғаса бел-сегізкөз аймағында ауырсыну білінеді. Дәрігер қандай симптомды анықтады?

    1. Вассерман

    2. Нери

    3. Ласег

    4. Мацкевич

    5. Бехтерев

    2

    4.8.2

    Науқас А., 52 жаста, мойын аймағындағы ауырсынуға және кеуде клеткасының сол жағындағы ауырсынудың, жауырынға, кейде сол қолға иррадиация беруін айтады. Анамнезінен: 7 жыл бойы мойын аймағындағы ауырсыну, ақырғы 5 күнде жағдайы нашарлаған, кеуде аймағындағы ауырсыну мен оның сол қолға иррадиациясы пайда болған, кардиологқа тексерілген: жүректе ақау жоқ. Тексеру кезінде: C2-C7 қылқан тәрізді өсінділердің ауырсынуы анықталған. Пальпация кезінде улкен кеуде бұлшық етінің тығыз және ауырсынуы анықталады, сол жақ қолдың IV,V саусағының гипестезиясы. Клиниклық диагноз қойыңыз?

    1. кеуде остеохондрозы, иық-білезік синдромы

    2.шынтақ нервісінің невриті

    3. мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық еті синдромы

    4. мойын остеохондрозы, иық-жауырын периартрозы

    5. мойын остеохондрозы, синдром передней лестничной мышцы

    3

    4.9.2

    Науқас П., 56 жаста, тракторист, мойын аймағындағы ауырсыну оның сол қолға иррадиация берүіне шағымданады. Анамнезінен: мойын аймағындағы ауырсыну 3 жыл бойы. Соңғы 3 айда жағдайы нашарлаған. Ауырсыну сол қолға беріле бастаған, басты қозғалтқанда кушейеді. Тексеру кезінде: C2-C7 қылқан тәрізді өсінділердің ауырсынуы анықталған, карпорадиальды рефлекс төмендеген, алдыңғы иық сызығы бойынша, иықтың шынтақтық бөлігіне және V саусаққа тарралатын гипестезия. Клиниклық диагноз қойыңыз?

    1. мойын остеохондрозы, түйіндік синдром C8

    2. мойын остеохондрозы, түйіндік синдром C6

    3. мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық еті синдромы

    4. мойын остеохондрозы, иық-жауырын периартрозы

    5. мойын остеохондрозы, синдром передней лестничной мышцы

    1
    4.10.2

    Науқас Ш., 50 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 2 жыл бойы ауырады, ауыр көтергеннен кейін, соңғы 3 күнде жағдайы нашарлаған. Тексеру кезінде: белдік лордоз тегістелген, дененің оң жағына иілген сколиоз, бел бұлшық еттерінің дефансы, L4-L5-S1-S2 қылқан тәрізді өсінділердің пальпациясы кезінде өткір ауырсыну байқалады, оң жақтан Ласег симптомы 10, сол жақтан 70. Ахиллов рефлекс оң жақтан анықталмайды. Санның артықсыртқы жағы бойынша гипестезия, сирақтың алдыңғысыртқы жағынан, табанның сыртқы жағына дейін. Клиниклық диагноз қойыңыз?

    1. белдік остеохондроз, L5-S1диск жарығы, S1 түйіндік синдромы

    2. белдік остеохондроз, люмбалгия

    3. белдік остеохондроз, дискогендік миелопатия

    4. белдік остеохондроз, люмбоишалгия

    5. белдік остеохондроз, L4-L5 диск жарығы, L5 түйіндік синдромы

    1
    4.11.2

    Науқас Т, 33 жаста, сол жақ артқы сыртқы мықын аймағына және санға берілетін бел-сегізкөз бөлігіндегі ауырсынуға, қимылының шектелуіне шағымданады. Жоғарыдағы шағымдар ауыр көтергеннен кейін пайда болған. Неврологиялық статуста: денесінің алдыға бүгілуі, артқа бүгілуі азырақ шектелген, Ласег симптомы сол жақтан 30, оң жақтан 80, сіңір рефлекстері сақталған, сол жақ өкшесінде үлкен саусақтың жазғышының әлсіздігі. МРТ-да ми-жұлын өзегіне шығып тұрған омыртқа денелері арасындағы түзіліс анықталды. Клиникалық диагноз қойыңыз?

    1. бел остеохондрозы, L4-L5 дискісінің жарығы, L5 түбірлік синдромы

    2. бел остеохондрозы, L5-S1 дискісінің жарығы, S1 түбірлік синдромы

    3. бел остеохондрозы, L3-L4 дискісінің жарығы, L4 түбірлік синдромы

    4. бел остеохондрозы, люмбоишалгия

    5. бел остеохондрозы, дискогенді миелопатия

    1
    4.12.2

    Науқас А, 55 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 7 жыл бойы ауырады, соңғы 3 күнде ауыр көтергеннен кейін жағдайының нашарлағанын айтады. Қарағанда: бел лордозы тегістелген, кеудесінің оңға қисаюымен көрінетін сколиоз, бел бұлшық еттерінің дефансы, резкая боль при пальпации остистых отростков L4-L5-S1-S2 өсінділерін пальпациялағанда қатты ауырсыну, Ласег симптомы оң жақтан 10, сол жақтан 70. Оң жақтан Ахилл рефлексі шақырылмайды. Мықынның артқы сыртқы бөлігімен, санның сыртқы бөлігінен өкшенің сыртқы қырына дейін гипестезия. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

    1. МРТ

    2. КТ

    3. люмбальды пункция

    4. спондиллография

    5. ЭНМГ

    1
    4.13.2

    Науқас Д, 54 жаста, омыртқаның мойын бөлігіндегі ауырсынуға, оң жақ иығындағы ауырсыну мен қимылының шектелуіне шағымданады. Анамнезінен: мойнындағы ауырсыну 3 жыл бойы мазалайды, 1 апта ішінде жағдайы нашарлаған, мойнында ауырсыну күшейген, оң иығы аймағында ауырсыну мен қимылының шектелуі байқалған. Қарау кезінде: C2-C6 өсінділерінде пальпация кезінде ауырсыну . Қолын сыртқа әкетуі шектелген, қолын арқасына әкеле алмайды, иығын сагитальды жазықтықта маятник тәрізді қозғауы еркін. Иықтың әкелуші бұлшық еттері тығыздалған, ауырсынатын түйіндер қолға сезіледі. Ауырсынатын және периартикулярлы фиброзды тіндер. Бұлшық ет күші сақталған, сіңір рефлекстері D=S. Сезімталдығы сақталған. Клиникалық диагноз қойыңыз.

    1. мойын остеохондрозы, C6-C7 диск жарығы, C7 түбірлік синдромы

    2. мойын остеохондрозы, цервикалгия

    3. мойын остеохондрозы,иық-жауырын периартрозы

    4. мойын остеохондрозы, дискогенді миелопатия

    5. мойын остеохондрозы, C5-C6 диск жарығы, C6 түбірлік синдромы

    3
    4.14.2

    Науқас Ф, 35 жаста, түнде күшейетін мойын аймағы мен сол қолдағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: 2 жыл бойы мойнындағы ауырсыну, соңғы 2 аптада күшейген. Қарау кезінде: омыртқаның C5-C7 мойын бөлігінде пальпация кезіндегі ауырсыну. Сол қолы аздап ісінген, шынтақ нерві иннервациялайтын аймақта гипестезия. Пальпациияда төс-бұғана-емізікшелі бұлшық еттің ортаңғы бөлігінен латеральды таралған ауырсынубайқалады. Клиникалық диагноз қойыңыз.

    1. шынтақ нервісінің невриті

    2. мойын остеохондрозы, цервикалгия

    3. мойын остеохондрозы, иық-жауырын периартрозы

    4. мойын остеохондрозы, алдыңғы тісше бұлшық еті синдромы

    5. кеуде остеохондрозы, иық-білезік синдромы

    4

    4.15.3

    Науқас Ш, 47 жаста, оң аяғына таралатын бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: бел аймағындағы ауырсыну 10 жыл бойы мазалайды, кезеңді түрде күшейіп тұрады. Соңғы 5 күн ішінде ауыр көтеруге байланысты ауырсынуы күшейген. Қарау кезінде: бел лордозы тегістелген, бел бұлшық еттерінің дефансы, пальпацияда L1-L5 өсінділерінде ауырсыну байқалады, Ласег симптомы оң жақтан 20. Сіңір рефлекстері сақталған, сезімталдық сақталған.Науқасқа қандай ем тағайындалады?

    1. Новокаинды блокадалар, диклофенак, бетасерк

    2. Пентоксифиллин, церебролизин, кетонал

    3. ксефокам, габопентин, прозерин

    4. мильгамма, сирдалуд, диклофенак

    5. кавинтон, бетасерк, нимесулид

    4

    4.16.3

    60 жастағы Науқас Г. , бел аймағындағы қатты ауырсынуға, ауырынудың оң аяққа берілуіне шағымданады. Осы ауруы салдарынан жүре алмайды. Анамнезінен :белдегі ауырсыну 20 жыл бойы мазалайды, кезеңмен күшейеді. Соңғы 2 күнде ауыр көтергеннен кейін жағдайы нашарлаған. Тексергенде : Бел лордоз жазылған , L4 - L5 L омыртқа өсінділерін пальпациядағанда ауырсыну, бел бұлшық етінің дефансы, Лассег симптомы оң жақтан 20, сол жақтан 70. Оң жақ табанында үлкен саусағын жазғанда әлсіздік. Сіңір рефлекстері сақталған , санның сыртқы аймағында, сирақтың алдыңғы сыртқы беткейінде, табанның алдыңғы бөлігіне дейін гипестезия .Пациентке қандай ем қолдану көрсетілген?

    1. Диклофенак, себебі науқаста грыжа диска L5-S1, түбіршек синдром S1

    2. Диклофенак, себебі науқаста грыжа диска L4-L5, түбіршек синдром L5

    3. Актовегин, себебі науқаста дискогенді миелопатия

    4. Актовегин, себебі науқаста жұлын инсульті

    5. Бетаферон, себебі науқаста бел остеохондрозы.
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94


    написать администратору сайта