неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго
Скачать 1.96 Mb.
|
4.17.3 Науқас 45 жаста, бел- сегізкөз аймағындағы қатты ауырсыну , ауырсынудың оң аяққа берілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: кеше ауыр көтеру кезінде бел аймағында кенет ауырсыну пайда болды,ауырсыну оң аяғының артқы беткейіне таралды. Бұрын бел аймағында ауырсыну болған. Қарау кезінде: бел аймағында сколиозпаравертебральді нүктелерде және омыртқаның артқы өсіндісінде L4-S деңгейінде ауырсыну. Лассег симтомы оң жақтан 30, сол жақтан 70.тізе рефлекстері D=S , ахилов рефлексі оң жақтан шақырылмайды, табан рефлекстері оң жақтан шақырылмайды, санның артқы-сыртқы аймағында,оң жақ сирақтың сыртқы жоғарғы беткейінде гипестезия . науқасқа қандай ем көрсетілген? 1. Мелоксикам, себебі науқаста L4-L5 дискыларында грыжа, L5 түбіршектік синдром 2. Мелоксикам, себебі науқаста L5-S1 дискыларында грыжа, S1 түбіршектік синдром 3. Диклофенак, себебі науқаста люмбоишальгия 4. Церебролизин, себебі науқаста L4-L5 диск грыжасы, L5 түбіршектік синдром 5. Церебролизин, себебі науқаста дискогенді миелопатия 2 4.18.3 Науқас А, 47 жаста, бел аймағындағы қатты ауырсынуға, ауырсынудың оң аяққа иррадиациялануына шағымданады. Ауырсыну салдарынын жүре алмайды. Анемнезінен: белдегі ауырсыну 3 жылдай мазалайды. Соңғы 3 күнде ауыр көтеру салдарынан жағдайы нашарлаған. Қарау кезінде: бел лордозы жазылған, кеудесінің оңға ығысқан сколиозы, бел бұлшық етінің дефансы, L4-L5-S1-S2 омыртқаларының осьтік өсіндісін пальпациялағанда ауырсыну. Лассег симптомы оң жақтан 10, сол жақтан 70. Ахиллов рефлексі оң жақтан шақырылмайды. Санның артқы- жоғарғы аймағында, сирақтын сыртқы беткейінде және табанның сыртқы аймағында гипестезия. Қандай зерттеу жүргізу керек және қандай мақсатпен? 1. МРТ, L5-S1 дискыларындағы грыжаны және S1 түбіршектік синдромды анықтау 2. МРТ, L4-L5 дискыларындағы грыжаны және L5 түбіршектік синдромды анықтау 3. Люмбальды пункция, себебі науқастадискогенді миелопатия 4. Люмбальді пункция, L4-S5 дискысында грыжаны жәнеL5 түбіршектік синдромды анықтау 5. Люмбальды пункция, L5-S1 дискта грыжаны және S1 түбіршекті синдромды анықтау 1 СРО ( білім алушының өздік жұмысы) 1.1.1 Әйел адам 28 жаста, жүктілік 1, 36-37 апта. Тырыспаға байланысты шақырту, туыстарының айтуы бойынша тонико-клоникалық тырыспаның екі эпизоды болған. Қарау кезінде-есі жоқ, тері қабаты бозғылт, аяғындағы айқын ісінулер, АҚҚ 160/100 мм.рт. ст., пульс 98 рет. Ауырсыну тітіркендіргіштеіне көзін ашады, көз алмасының кезеңді қалықтаушы қозғалыстары, қарашық D=S, фотореакциясы тірі. Беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен, мағынысыз дыбыстарды шығарады. Менигеальді симптомдары жоқ. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауып ретінде аяқ-қолдарының бүгілуі. Осы жағдайда қай препарат таңдаулы болып табылады? 1. Глюкоза 2. Тиамин 3. Налоксон 4. Магний сульфаты 5. Диазепам 4 1.2.1 Эпилептикалық статус диагностикаланады, егер тырыспа ұзақтығы болса (1): 1. 10 минут, 2. 30 минут, 3. 3 сағат, 4. 12 сағат, 5. 24 сағат. 2 1.3.2 Науқас 40 жаста, жедел жәрдем бригадасымен ЖМҚА қабылдау бөліміне – терең ұйқы, көзі жұмылған, ОЖЖ функциясының терең тежелуі, сыртқы реакциясы мен белгілері жоқ, ішкі тітіркендіргіштерге реакциясы жоғалған жағдайда жеткізілді. Қарау кезінде өздігінен зәр шығару мен тіл тістелуімен тонико-клоникалық тырыспа туындады. Науқас ағасының айтуы бойынша бір күн ішінде тырыспа 5 рет қайталанған, науқас есін жинамаған. Анамнезінен эпилепсиямен ауырады, соңғы 2-3 аптада антиконвульсанттарды тұрақты қабылдамаған. ЖМҚА қабылдау бөлімі дәрігерінің болжам диагнозын таңдаңыз: 1. Эпилептикалық статус 2. Сериялық генерализденген ұстамалар 3. Сериялық қарапайым парциальды ұстамалар 4. ұйқы эпилепсиясы 5. Истериялық статус 1 1.4.2 Науқас 59 жаста, жедел жәрдем бригадасымен ЖМҚА қабылдау бөліміне –сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының баяулауымен жеткізілді. Бас ауруына, жеңілдік әкелмейтін бірнеше рет құсуға, есінен тануға шағымданады. Апайының айтуы бойынша таңертең 5 минутқа созылған тырыспамен құлап қалған. Анамнезінде: бас миындағы түзіліске байланысты нейрохируртың қарауында 2 жыл тұрады, тырыспалы ұстамалар сирек, карбамазепинді сирек қабылдайды, оперативті емнен бас тартады. Неврологиялық статуста: ЧМН: инактивті. Сіңірлік рефлекстер белсенді, бірдей. Артқы мойын бұлшықеттерінің регидтілігі 1 көлденең саусақ. Кернинг және Брудзинский симптомдары теріс. Координациялық бұзылыстар жоқ. ЖМҚА қабылдау бөлімінің дәрігерінің дқ\ұрыс тактикасын таңдаңыз. 1. шұғыл реанимациялық бөлімге госпитализациялау. 2. К/т-ға реланиум 0,5% 2 мл енгізу, неврологиялық бөлімге госпитализациялау. 3. К/т-ға реланиума 0,5%- 2мл енгізгеннен соң госпитализациядан бас тарту 4. Тырыспаны медикаментозды басу мен госпитализациядан бас тарту. 5.невропатологты шақырып госпитализация сұрағын шешу. 5 1.5.2. Науқас З, 30 жаста. 12 жасынан бастап өздігінен зәр шығарумен тілін тістеумен болатын тонико-клоникалық тырыспалардың жиілеуі байқалады, соңғы аптада 4 рет ұстама болған. Бұрын эпи ұстама жиілігі 2-3 айда 1 рет болған; тұқымқуалаушылық анықталған жоқ. Невр.статус: БМН: қарашық бірдей, фотореакция тірі. Шеткі әкетулерде горизонталды нистагм. Беті симметриялы. Аяқ-қол парездері жоқ. Сіңір рефлекстері тірі, екі жақтан бірдей. Патологиялық табан және менингиальды белгілері жоқ. Көз түбі- патиологиясыз. Болжам клиникалық диагноз. Идиопатиялық эпилепсия, біріншілік-генерализденген форма, жиіленген Идиопатиялық парциалды эпилепсия, статус Симптоматикалық эпилепсия, біріншілік-генерализденген форма, Симптоматикалық жасөспірімдік абсанс эпилепсия Криптогенді жасөспірімдік миоклоникалық эпилепсия 1. 1.6.2 Жұмыс орынында 50 жастағы науқаста әлсіздік, мазасыздық, қолының дірілдеуі, аштық сезімі, бас ауруы, тершеңдік байқалды. Кенеттен есінен тану, бұлшықеттер тонусы. Обьективті:тері қаббаттарының бозғылттығы, тахикардия. Анамнезінен: қант диабеті 2 тип. Науқаста гипогликемиялық кома дамыды. Жедел көмек алгоритмін құрастырыңыз: Арқасына жатқызу, көктамырға 0,9% ер натрий хлорид- 250,0 тамшылатып енгізу. Ауыз құысы санациялау,көктамырға 40% ер-глюкоза тамшылатып енгізу. Басын 30° көтеру, маннит 15% - 400 мл көктамырға тамшылатып. Отбасылық дәрігерді шақыру, Хумуллин инсулинің енгізу Жоғарғы тыныс жолдарын санациялау, интубация трахеи 2. 1.7.2 Науқас 3., 53 жаста. Көбінесе таңертеңгі уақыттағы, жүрек айнумен , кұсумен жүретін бас ауруына шағымданады. Бүгін таңертең бірінші рет оң жақ қолдың клоникалық тырыспалары дамыды, есінен айырылмаған, ұзақтығы 10 минутқа созылған. Невр.статус: оң жақ ерін-мұрын қатпары жазылған, тілі оң жағына қисайған, оң жақ қолдың күші төмендеген, әсіресе қолдарында 4 балл, оң жақ аяғында 3,5 балл; аяқ-қолдарында сіңірлік рефлекс D>S . Жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс тактикасын таңдаңыз. 1. арнайыланған бөлімшеге жедел жеткізу 2. көктамырға реланиум 0,5% 2 мл енгізу, жергілікті дәрігер қарауында қалдыру. 3.көтамырға альтеплаза 10% - 100 мл енгізу, жергілікті дәрігер қарауында қалдыру. 4. ұстаманы медикаментозды қайтарғаннан кейін , ургоентті неврологияға жеткізу. 1.8.3 Науқас 28 жаста, жедел жәрдеммен ЖМКА қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Күйеуінің айтуы бойынша ұрсыстан кейін әйелі полға құлаған, есінен танумен өздігінен зәр шығарумен тырыспалар туындаған. Қарау кезінде науқас қозғыш, терезеден секіруге ұмтылады, шаштарын жұлады, басын қабырғаға соғады, зерттеуге қарсылық білдіреді. ЖМКА қабылдау бөлімі дәрігерінің дұрыс тактикасын таңдаңыз. 1. Бұлықетке анальгин50%-2,0 мл +ер димедрол 1%-1,0 мл енгізу, психиатр шақыру 2. бұлшықетке реланиум 0,5%- 2,0 мл, невропатолог шақыру 3. Азота тотығымен ингаляция жүргізу, реаниматолог шақыру 4. бұлшықетке дроперидолды фенитонилмен енгізу, реанимациялық бөлімге госпитализациялау 5. тиопентал натрий көктамырға, психиатр шақыру. 2 1.9.3 63 жастағы науқасқа жедел жәрдем шақырылды. Физикалық жұмыс кезінде кенеттен бас ауруы, құлақта шуыл, кұсу пайда болған. Есінен танумен өздігінен зәр шығарумен тілін тістеумен тырыспалар туындаған.15 минуттан кейін қайтадан есінен таңған. 8 жыл бойы гипертониялық арумен ауырады. Қарау кезінде: науқас тітркенгіш, уақыт пен орында дезориентация, туруға тырысады. Тері қабаттары гпиремирленген, АҚҚ 180/110 мм рт. Ст. Жарықтан қорқу, жалпы гиперестезия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, кернинг симптомы, оң жақ қабағы түскен, оң жақ қарашық сол жаққа қарағанда кеңейген, оң жақ қарашықтың жарыққа реакциясы әлсіз, сол жақ- тірі. Оң жақ көз алмасы сыртқа әкетілген. Парездер жоқ. Бабинский симптомы екі жақтан оң. Болжам диагноз және фельдшер тактикасы. Субарахноидальды қанқұйылу. Тіркеу АД, ЧСС, ЧДД, sPO2, ЭКГ, глюкометрия, оттегімен ингаляция; көктамырға релиум 2мл, госпитализация Ұстамалық синдром, алғаш пайда болған. Контроль АД, ЧСС, ЧДД, sPO2, ЭКГ, оттегі ингаляциясы; көктамырға релиум 2мл, госпитализация қажет емес Артериальды гипертензия 3, кризді ағым. АД медикаментозды түсіру САД до 130 мм рт. ст.; көрсеткішке дейін ЭКГ, оттегімен ингаляция, үйге кардиолог шақыру. Ишемиялық атеротромботикалық инсульт. Контроль АД, ЧСС, ЧДД, sPO2, ЭКГ; жоғарғы тыныс жолдарының санауиясы, невропатологты үйге шақыру Ишемиялық кардиоэмболикалық инсульт. Контроль АД, ЧСС, ЧДД, sPO2, ЭКГ; көктамырға актилиз 10% - 100,0 енгізу, инсульт бөліміне жеткізу. 1 2.1.1 Холинергиялық кризді алдын алу мақсатында қолданады: 1. Галоперидол 0,5%-1,0 мл б/е 2. Атропин 0,1%- 0,5-1,0 мл в б/е. 3. Прозерин 0,05%- 1-2 мл к/т 4. Кальция хлорид 4%- 70,0 мл к/т 5. Преднизолон 100мг б/е 2 2.2.1 Мына препаратпен улану барысында төменде аталған симптомдардың қайсысы тән: психомоторлы қозу, мидриаз, аккомодации параличі, тахикардия, сілекей без секрециясының азаюы, тері жабындыларының құрғауы. 1. атропин 2. прозерин 3. ацетилхолин 4. пилокарпин 5. галантамин 1 2.3.2. Накуқас В., 22 жаста, соңғы 3 айда, кешкі уақытта пайда болатын әлсіздікке, көзінің қосарланып көрінуіне шағымданады, таңертеңгі жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы қарауда: қабағында птоз, көзінде қилилық, гипомимия, даусының ызыңдауы, аяқтары толық көлемде белсенді қозғалады. Қаңқалық бұлшықеті төмендеген. ЖМЖ бригадасы проба жасады, прозерин инъекциясынан кейін қылилықтың азайғаны байқалды, аяғының күші ұлғая түсті, сөйлеуі анық естіле бастады. Болжам диагнозды анықтаңыз. 2. Миастения. 3. Инсульт. 4. Энцефалит. 5. Паркинсон ауруы 2 2.4.2. Науқас Д.,38 жаста, отбасылық дәрігерге қаралған: көз бұлщық еттерінің жылдам шаршауына- “күнінің екінші жартысында я мен көзімді аша алмаймын, жабылып қалады” деген. Неврологиялық статуста: екіжақты жартылай птоз және шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігі. Күштемелік пробаны қолданғаннан кейін (20 рет отырып, тұру) көздің дөңгелек бұлшықеттерінің, жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің, шайнау бұлшықетінің әлсіздігі байқалған. Басқа өзгерістер анықталмаған. Дәрігердің тағайындауы бойынша тәулік бойы тәулігіне 6-8 т калимин қабылдаған. Осыған байланысты науқаста іші ауырған, диарея, сілекей ағу күшейген, аяқтарының әлсіздігі жоғарылаған. АҚ 80/40 мм.с.б, пульс 50 рет\ мин, ЖСЖ – 27 рет\мин. Көз алмасы тарылған, сіңірлік рефлекстер төмендеген, аяқ бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы байқалады. Болжам диагноз қойыңыз. 1. Миастениялық криз. 2. Холинергиялық криз 3. Псевдобульбарлы синдром 4. Жедел ми қанайналымы бұзылысы 5. Бағаналық энцефалит 2 2.5.2. Науқас Д.,38 жаста, отбасылық дәрігерге қаралған: көз бұлщық еттерінің жылдам шаршауына- “күнінің екінші жартысында я мен көзімді аша алмаймын, жабылып қалады” деген. Неврологиялық статуста: екіжақты жартылай птоз және шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігі. Күштемелік пробаны қолданғаннан кейін (20 рет отырып, тұру) көздің дөңгелек бұлшықеттерінің, жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің, шайнау бұлшықетінің әлсіздігі байқалған. Басқа өзгерістер анықталмаған. Дәрігердің тағайындауы бойынша тәулік бойы тәулігіне 6-8 т калимин қабылдаған. Осыған байланысты науқаста іші ауырған, диарея, сілекей ағу күшейген, аяқтарының әлсіздігі жоғарылаған. АҚ 80/40 мм.с.б, пульс 50 рет\ мин, ЖСЖ – 27 рет\мин. Көз алмасы тарылған, сіңірлік рефлекстер төмендеген, аяқ бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы байқалады.Науқасқа ең алдымен қандай препарат енгізу керек? 1. прозерин 0,05%-2мл к/т 2. атропин 0,1%-1,0 к/т 3. диазепам 0,5%- 1,0 к/т 4. налоксон 0,4%-1,0 к/т 5. магнии сульфаты 25%-10,0 к/т 2 2.6.2. Науқас 28 жаста, бірнеше күн ішінде жағдайы нашарлаған: бұлшықет әлсіздігі күшейген, тамақ қабылдағанда жылдам шаршау, даусының құрғауы пайда болған. Ұзақ уақыт калимин қабылдаған, бірақ тәулік бойы өздігінен мөлшерін төмендеткен. ЖМЖ бригадасы қарағанда: тері жабындылары бозарған, құрғақ, бет гиперемиясы, жиі беткей тыныс, мазасыз, қозу күйінде, АҚ 170/80 мм.с.б., пульс 112 рет\мин., есінің біруақытта жоғалуы, еріксіз зәр шығарумен. ЖМЖ дәрігерінің дұрыс тактикасы қандай? 1. к\т 0,5-1,0 мл 0,05% прозерин еріт. енгізу, 15 мин кейін б\е тағы 1,0-2,0 мл прозерин, неврологиялық бөлімге госпитализациялау 2. к\т диазепам 0,5% 2 мл енгізу, неврологиялық бөлімге госпитализациялау 3. преднизолонды б\е 30 мг және 0,5-1,0 мл 0,1% атропин еріт. т\а енгізгеннен кейін госпитализациядан бас тарту 4. ұстаманы медикаментозды емес купирлеу мақсатымен госпитализациялдан бас тарту 5. Невропатологты үйге шақыру және госпитализация сұрағын госпитализация порталы бойынша шешу 1 2.7.2. Әйел адам 46-жаста, миастениямен ауырады, ұйқысының бұзылуына байланысты түніне 1 мг феназепам тағайындалған. Осыған байланысты науқастың жағдайы нашарлаған, ентігу, аяқтарында әлсіздік пайда болған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, құрғақ, пульс — 120 рет\мин, АҚ— 160/90 мм с. б., қарашықтары OD=OS, 8 мм, даусы төмендеген, жұтыну қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады, аяқтарындағы күш 3- баллға дейін төмендеген,сіңірлік рефлекстер төмендеген. Науқасқа алдымен қандай препарат енгізген дұрыс ? 1. прозерин 0,05%-2мл к/т 2. атропин 0,1%-1,0 к/т 3. диазепам 0,5%- 1,0 к/т 4. налоксон 0,4%-1,0 к/т 5. магнии сульфаты 25%-10,0 к/т 1 2.8.3. Әйел адам 46-жаста, миастениямен ауырады, ұйқысының бұзылуына байланысты түніне 1 мг феназепам тағайындалған. Осыған байланысты науқастың жағдайы нашарлаған, ентігу, аяқтарында әлсіздік пайда болған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, құрғақ, пульс — 120 рет\мин, АҚ— 160/90 мм с. б., қарашықтары OD=OS, 8 мм, даусы төмендеген, жұтыну қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады, аяқтарындағы күш 3- баллға дейін төмендеген,сіңірлік рефлекстер төмендеген. Жағдайының нашарлауы немен байланысты ? 1. миастениялық криз дамуымен, бензодиазепин қабылдағаннан кейін 2. холинергиялық криз дамуымен, бензодиазепин қабылдағаннан кейін 3. феназепаммен улану, препаратты жоғары дозада тағайындағандықтан 4. вертебро-базиллярлы бассейнде Жедел ми қанайналым бұзылысымен 5. каротидті бассейнде Жедел ми қанайналым бұзылысымен 1 2.9.3. Әйел адам 52-жаста, ұзақ уақыт бойы невропатологтың қарауында. Ертерек периодты түрде пайда болған екі еселенуге, тамақ қабылдағанда пайда болатын жылдам шаршағыштыққа, даусының құрғауына, аяқтарының әлсіздігіне шағымданған.Үнемі күніне 1т*3рет калимин қабылдаған. Жоғарыда аталған шағымдардың өршуіне байланысты өздігімен каоиминнің мөлшерін тәулігіне 6-8 т дейін жоғарылатқан, науқаста ішінің ауырсынуы пайда болған, сілекей ағуы күшейген, аяқтарының әлсіздігі ұлғайған, АҚ 80/40 мм.с.б., пульс 50 рет\мин., ЖСЖ – 27 рет\ мин. Қарашық тарылған, сіңірлік рефлекстер төмендеген. Сіздің клиникалық диагнозыңыз және шұғыл көмек: 1. Миастениялық криз, трахея интубациясы, плазмаферез, прозерин 0,05%-2мл к/т 2. Миастениялық криз, иммуноглобулин 400мг к\т, плазмаферез, атропин 0,1%-1,0 к/т 3. Тырыспалы синдром, трахея интубациясы, реланиум 0,5%- 1,0 б/е 4. Холинергиялық криз, калиминді алып тастау, атропин 0,1%-1,0 мл б/е 5. Холинергиялық криз, калиминді алып тастау, прозерин 0,05%- 2,0 мл б/е 4 3.1.1 Гайе – Вернике жедел алкогольды энцефалопатиясының алдын алу үшін қандай препарат қолданылады? 1.40% глюкоза ерітіндісі 2.5 % глюкоза ерітіндісі 3.Тиамин 4.Пиридоксин 5.Токоферол |