Главная страница
Навигация по странице:

  • Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі.

  • Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі. Шморль әдісімен боялған.1. Осы препаратта сүйектің

  • Оқыту және оқыту әдістері/технологиялары

  • 7.Әдебиет негізгі

  • 8. Бақылау Сұрақтар

  • 10 сабақ 1. Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. 2. Мақсаты

  • 4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • Таратылатын материал 1 Микроскоптар2 Зерттеуге арналған микропрепараттарҚаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.

  • Көлденең жолақты қаң қа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.

  • 11 сабақ 1.Тақырыбы: Жабынды эпителий. Бездік эпителий . 2. Мақсаты

  • 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • Құрылымдық белгілері Бір қабатты эпители й Көп қабатты эпители й

  • Бір қабатты эпители й

  • Көп қабатты эпители й

  • Таратылатын материал 1 Микроскоп2 гистологиялық микропрепараттар Көздің мөлдір қабығы.

  • Диана. метод.указ Практ.зан 1 курс ОМ Каз 2021-2022. Патологиялы анатомия жне гистология кафедрасы


    Скачать 0.59 Mb.
    НазваниеПатологиялы анатомия жне гистология кафедрасы
    АнкорДиана
    Дата10.03.2022
    Размер0.59 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламетод.указ Практ.зан 1 курс ОМ Каз 2021-2022.docx
    ТипДокументы
    #391041
    страница8 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11





     

    Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі.

    Шморль әдісімен боялған.

    Алдыңыздағы препаратта - ішкі жалпы пластинкалар (1). Олар

    эндостқа (2) жанасады және
    сүйек – ми қуысын (3) қоршайды.






    Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі.

    Шморль әдісімен боялған.

    1. Осы препаратта сүйектің орталық немесе остеонды қабаты көрінеді.

    2. Әр остеонның ортасында – қан тамыр (1) орналасады,
    бірнеше остеонды сүйек пластинкалары (2), спиралды қабаттармен қоршалған.


    Қызметі: тіректік
    5.Оқыту және оқыту әдістері/технологиялары: микроскопия, гистологиялық препараттар мен микрофотосуреттер

    сипаттамасы.

    6.Бағалау әдістері/технологиялары: ауызша сұрау, "Quizizz" тестілеу, кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.
    7.Әдебиет

    негізгі:

    1.Афанасьев Ю.И. және Юрина Н. А. Гистология, цитология және эмбриология-6-шы басылым. – М.: Медицина, 2016. 800 Б.

    2.Гистология, цитология және эмбриология: Атлас.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2017. 296 б.

    қосымша:

    1. Крстич р. в. адам гистологиясы туралы иллюстрацияланған энциклопедия: 1576 иллюстрация. Пер. с англ. – М.: ООО "Издательство Оникс": "Издательство" Мир и Образование", 2010. 608 б.

    2.Селезнева, Т. б. Гистология]: учеб. пособие / Т. Д. Селезнева А. С. Мишин В. Ю. Барсуков. - М.: Эксмо, 2010. - 350 б.

    3.Жункейра Л. К., Карнейро Ж.. Гистология: оқу құралы. Пер. с англ. Под ред. В. Л. Быкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 576 б.

    Гистология, цитология және эмбриология. Оқулық. Басылым: МИА, 2017. 600 Б.

    Ағылшын тілінде:

    1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America, 2003, 512 pp.

    2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livingstone, International edition. Sidney. Toronto. 2000. 413 pp.

    Электронды оқулықтар:

    1. Гистология, эмбриология, цитология [Электрондық ресурс] : оқулық / ред. Ю. И. Афанасьева. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016. - 800 б.

    2. Гистология. Кешендітесттер: жауаптар мен түсініктемелер [Электрондық ресурс]: оқу құралы / ред. С. Л. Кузнецова. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 288 б.

    3. Гистология [Электрондық ресурс]: оқу құралы / С. ю. Виноградов. - Электрон.текстовые дан. (39.6 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 184 б.

    4. Гистология. 1-бөлім [Электронный ресурс]: оқулық. - Электрон.текстовые дан. (13,1 Мб). - [Б. м.: б. и.]. - эл. опт. диск (CD-ROM).

    5. Гистология. Практикалық сабақтарға арналған Атлас [Электрондық ресурс] : оқу құралы / Н. В. Бойчук [және т.б.]. - Электрон.текстовые дан. (131 МБ). - М.: "ГЭОТАР - Медиа" баспатобы, 2010. - 160 Б. эл. опт.диск (CD-ROM).

    http://www.udel.edu/biology/Wags/histopage/histopage.htm жұмысістейді

    «MICROSCOPIC ANATOMY» - University of Delaware. Жасушалардың, тіндерменмүшелердіңмикроскопиялықжәнеультрамикроскопиялықбейнелерініңколлекциялары, дәрістердіңтұсаукесерлері, жасушаларментіндердіңанимациялықжәне 3D модельдері (ағылш.)

    http://www.kumc.edu/instruction/medicine/anatomy/histoweb/

    «JAYDOC HISTOWEB» - University of Kansas Medical Center, Department of Anatomy and Cell Biology. Құрамындагистологиялықпрепараттаржиынтығыбар, олардыәртүрліүлкейтуарқылыкөругеболады (ағылш.)

    http://www.uni-ainz.de/FB/Medizin/Anatomie/workshop/englWelcome.html

    «ELECTRON MICROSCOPIC ATLAS in the Internet» - University Mainz, Germany. Органдардың, тіндерменжасушалардыңэлектрондықмикрофотографияларыныңтоптамасыұсынылған (ағылш., нем.)

    http://astro.temple.edu/

    sodicm/labs/index.htm

    «HISTOLOGY WEB LABS»- Temple University. Гистология бойыншаpptпрезентациялар (ағылш.)

    http://www.meddean.luc.edu/lumen/meded/histo/frames/histo_frames.html

    «ZOOMIFIED HISTOLOGY» - LoyolaUniversity. Тіндер мен мүшелердіңмикропрепараттарыныңсуреттеріоларғасипаттамабереотырып, сондай-ақгистологиялыққұрылымдарды (ағылш.)

    http://histologyatlas.wisc.edu/

    Электрондық ресурстар:

    https://meduniver.com/Medical/Video/predmet_metodi_istoria_gistologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/citologia.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_citologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_embriologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/razvitie_ploda_i_stroenie_placenti.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_rixloi_voloknistoi_tkani.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_sobstvenno_soedinitelnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/osteogenez_i_xondrogenez.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_i_gelezistix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_mishechnoi_tkani.html
    8. Бақылау

    Сұрақтар

    1. Морфофункционалды сипаттамасы, жіктелуі.

    2. Сүйек тінінің жасушалық элементтері.

    3. Сүйек тінінің жасуша аралық заты, оның физикалық, химиялық құрылысы мен құрамы.

    4. Іріталшықты және пластинкалы сүйек тіні.
    Тест сұрақтары

    1. Дәрігер 57 жасар науқастық рентгенограммасында жекеленген сүйектердің қатты тіндерінің белгілі шектелген жерлерде сорылып жатқандығына көңіл аударды. Бұл өзгерістер … жасушаларының белсенділігіне байланысты.

    1. остеокласт

    2. хондробласт

    3. остеоцит

    4. остеобласт

    5. хондроцит

    2. Гистопрепаратта жілік сүйектің сынған жерінде регенерациялық процестің (сүйек шоры) белгілері анықталды. Бұл құрылымды ... тіні қалыптастырады.

    1. ірі талшықты сүйек

    2. борпылдақ дәнекер

    3. торлы

    4. эпителий

    5. пластинкалық (табақшалық) сүйек

    3. Клиникаға бұғанасы сынған дегн диагнозбен науқас түсті. Сүйек тінінің регенерациясына ... жасушалары қатынасады.

    1. остеобласт

    2. остеоцит

    3. остеокласт

    4. хондроцит

    5. фибробласт

    4. Ересектердегі ірі талшықты сүйек тіні ... орналасады.

    1. ми сауытының бітіскен тігісінде

    2. түтікті сүйек эпифизінде

    3. түтікті сүйек диафизінде

    4. түтікті сүйек метафизінде

    5. жалпақ сүйектерде

    5. Ұзын сүйектің ұзарып өсуі ... есебінен жүреді.

    1. эпифизарлық табақшалар

    2. эндост

    3. периост

    4. өсуші остеондар

    5. буын шеміршегі

    6. Сүйек затынан кальцидің шайылуын ... күшейтеді.

    1. паратиреоидтық гормон

    2. кальцитонин

    3. D3 витамин

    4. эстроген

    5. соматотроптық гормон

    7. Моноцит сүйек тініне енген соң ... айналады.

    1. остеокластқа

    2. остеоцитке

    3. остеобластқа

    4. хондрокластқа

    5. ретикулоцитке

    8.Отсеоциттер. Барлығы дұрыс, қоспағанда:

    A) Жасушааралық затты белсенді синтездейді

    Б) Остеобласттардан дамиды

    B) Қоректік заттарды сүйек қуыстарының түтіктеріндегі тіндік сұйықтықтан алады

    Г) Бөлінуге қабілетсіз

    Д) Жасушааралық заттардың лакуналарында орналасады

    9. Остеокласттар. Барлығы дұрыс, қоспағанда:

    A) Моноциттерден дамиды

    Б) Паратиреоид гормондарына рецепторлары бар

    B) Гофрирланған ернеу аймағында СО2 бөледі

    Г) Көптеген ядролары бар

    Д) Көптеген лизосомалар мен митохондриялар бар
    Есептер

    1. Сүйек тканінің екі ткані берілген. Біреуінде-қабатталған сүйек табақшалары көрінеді, екіншісінде сүйек табақшалары болмайды. Сүйектің қай түріне жатады және қайда орналасады?

    2. Электронды микросуретте цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазматикалық торы бар сүйек тканінің жасушасы берілген. Бұл ультроқұрылым жасушаның қай қызметімен байланысты және жасуша қалай аталады?

    3. Электронды микросуретте сүйек тканінің жасушасы берілген. Бұл жасуша цитоплазмасында көп мөлшерде лизосома бар. Бұл құрылым жасушаның қандай қызметімен байланысты? Бұл қандай жасуша?


    10 сабақ

    1. Тақырыбы: Бұлшықет тіндері.

    2. Мақсаты:

    Үйрету:

    1. Бұлшық ет ұлпасына морфофункциональдік сипаттама беру.

    2. Көлденең жолақты және тегіс салалы бұлшық еттерді ажырата білу.

    3. Жылдам және баяу бұлшық еттердің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіре білу.

    3. Оқыту міндеттері:

    Бұлшықет ұлпасының құрылысы, орындайтын қызметтеріне байланысты созылыңқы көрініске ие, себебі миофибрильдері ұзынынан орналасқан. Ет ұлпасы адам организміндегі қозғалыс процестерін жүзеге асыратын және механикалық жұмыстарды атқаратын ұлпа. Сонымен қатар, бұлшық ет көптеген ішкі органдардың қызметін реттейді. Бұлшықеттің құрылысы мен қызметі бұзылғанда көптеген органдарда және жүйелерде аурулар туындауы мүмкін.
    4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Бұлшықет тінінің жіктелуін атаңдар.

    2.Бұлшықет тінінің құрылымдық-функционалды бірлігін атаңдар және кестені толтырыңдар

    Бұлшықет тіні

    Құрылымдық-функционалды бірлігі

    Құрылымдық-функционалды бірлігіндегі ядроның саны

    Ядроның орналасуы (орталығында, периферияда)

    Тегіс










    Қаңқа










    Жүрек











    Таратылатын материал

    1 Микроскоптар

    2 Зерттеуге арналған микропрепараттар

    Қаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі.Темірлі гематоксилин бояуы.



    Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті. Тіл кесіндісі. Темірлі гематоксилин бояуы.
    Көлденең талшықтарда көрінеді

    Ұзына бой кесінділері және

    ядролары (1) цитоплазманың шетінде орналасады.



    Тегіс бұлшықет ұлпасы.Гематоксилин - эозин бояуы.




    Тегіс бұлшықет ұлпасы.

    Гематоксилин - эозин бояуы.
    1. Тегіс миоциттердің бумаларының ұзына бой кесінділері (1) және көлденең жолақты (2) кесінділері көрінеді.
    2.а) соңғысында көлденең жолақтылары көрінбейді
    б) Ядролары (3) ортасында орналасады


    Препарат – миокард кесіндісі. Темірлі гематоксилин бояуы.

    1. Бұл суретте – қалыпты түсті миокардтың гистологиялық құрылысы берілген..

    2. Жекелей:

    кардиомиоциттер (1),

    аралық дискілер (2),

    борпылдақдәнекертіні (3)

    көрінеді.




    Қызметі: жиырылу
    5.Оқыту және оқыту әдістері/технологиялары: микроскопия, гистологиялық препараттар мен микрофотосуреттер

    сипаттамасы.

    6.Бағалау әдістері/технологиялары: ауызша сұрау, "Quizizz" тестілеу, кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.

    7. әдебиет

    негізгі:

    1.Афанасьев Ю.И. және Юрина Н. А. Гистология, цитология және эмбриология-6-шы басылым. – М.: Медицина, 2016. 800 Б.

    2.Гистология, цитология және эмбриология: Атлас.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2017. 296 б.

    қосымша:

    1. Крстич р. в. адам гистологиясы туралы иллюстрацияланған энциклопедия: 1576 иллюстрация. Пер. с англ. – М.: ООО "Издательство Оникс": "Издательство" Мир и Образование", 2010. 608 б.

    2.Селезнева, Т. б. Гистология]: учеб. пособие / Т. Д. Селезнева А. С. Мишин В. Ю. Барсуков. - М.: Эксмо, 2010. - 350 б.

    3.Жункейра Л. К., Карнейро Ж.. Гистология: оқу құралы. Пер. с англ. Под ред. В. Л. Быкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 576 б.

    Гистология, цитология және эмбриология. Оқулық. Басылым: МИА, 2017. 600 Б.

    Ағылшын тілінде:

    1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America, 2003, 512 pp.

    2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livingstone, International edition. Sidney. Toronto. 2000. 413 pp.

    Электронды оқулықтар:

    1. Гистология, эмбриология, цитология [Электрондық ресурс] : оқулық / ред. Ю. И. Афанасьева. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016. - 800 б.

    2. Гистология. Кешендітесттер: жауаптар мен түсініктемелер [Электрондық ресурс]: оқу құралы / ред. С. Л. Кузнецова. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 288 б.

    3. Гистология [Электрондық ресурс]: оқу құралы / С. ю. Виноградов. - Электрон.текстовые дан. (39.6 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 184 б.

    4. Гистология. 1-бөлім [Электронный ресурс]: оқулық. - Электрон.текстовые дан. (13,1 Мб). - [Б. м.: б. и.]. - эл. опт. диск (CD-ROM).

    5. Гистология. Практикалық сабақтарға арналған Атлас [Электрондық ресурс] : оқу құралы / Н. В. Бойчук [және т.б.]. - Электрон.текстовые дан. (131 МБ). - М.: "ГЭОТАР - Медиа" баспатобы, 2010. - 160 Б. эл. опт.диск (CD-ROM).

    http://www.udel.edu/biology/Wags/histopage/histopage.htm жұмысістейді

    «MICROSCOPIC ANATOMY» - University of Delaware. Жасушалардың, тіндерменмүшелердіңмикроскопиялықжәнеультрамикроскопиялықбейнелерініңколлекциялары, дәрістердіңтұсаукесерлері, жасушаларментіндердіңанимациялықжәне 3D модельдері (ағылш.)

    http://www.kumc.edu/instruction/medicine/anatomy/histoweb/

    «JAYDOC HISTOWEB» - University of Kansas Medical Center, Department of Anatomy and Cell Biology. Құрамындагистологиялықпрепараттаржиынтығыбар, олардыәртүрліүлкейтуарқылыкөругеболады (ағылш.)

    http://www.uni-ainz.de/FB/Medizin/Anatomie/workshop/englWelcome.html

    «ELECTRON MICROSCOPIC ATLAS in the Internet» - University Mainz, Germany. Органдардың, тіндерменжасушалардыңэлектрондықмикрофотографияларыныңтоптамасыұсынылған (ағылш., нем.)

    http://astro.temple.edu/sodicm/labs/index.htm

    «HISTOLOGY WEB LABS»- Temple University. Гистология бойыншаpptпрезентациялар (ағылш.)

    http://www.meddean.luc.edu/lumen/meded/histo/frames/histo_frames.html

    «ZOOMIFIED HISTOLOGY» - LoyolaUniversity. Тіндер мен мүшелердіңмикропрепараттарыныңсуреттеріоларғасипаттамабереотырып, сондай-ақгистологиялыққұрылымдарды (ағылш.)

    http://histologyatlas.wisc.edu/

    Электрондық ресурстар:

    https://meduniver.com/Medical/Video/predmet_metodi_istoria_gistologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/citologia.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_citologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_embriologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/razvitie_ploda_i_stroenie_placenti.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_rixloi_voloknistoi_tkani.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_sobstvenno_soedinitelnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/osteogenez_i_xondrogenez.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_i_gelezistix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_mishechnoi_tkani.html
    8. Бақылау.

    Сұрақтар

    1. Көлденең жолақты соматикалық, жүрек және бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпаларының құрылымдық функционалды бірлігі болып не табылады?

    2. Бұлшық ет талшығының құрылымдық-функционалды бірлігі болып не табылады?

    3. Жуан және жіңішке миофиламенттерді құраушы белоктарды атаңдар?

    4. Саркомер формуласын көрсетіңіз?

    5. Көлденең жолақты бұлшықет талшығындағы «Үштік» дегеніміз не және оның тіршілік барысындағы маңыздылығы қаншалықты?

    6. Тегіс салалы бұлшықет жасушаларының қызметін атаңдар.
    Тесттер

    1.Клиникалық жағдайда науқасқа балтыр бұлшықеттері зақымданған деген диагноз қойылды. Тіннің регенерациясы баяу жүретіндігі ... байланысты.

    1. миосателлитоциттердің митотикалық бөлінуіне

    2. бұлшықет талшықтары ядроларының бөлінуіне

    3. фибробласттардың бөлінуі мен жетілуіне

    4. миофибрилдердің саны ұлғаюына

    5. саркоплазманың көлемі ұлғаюына

    2. Травматология бөліміне аяқ бұлшықеттерінің зақымдануына байланысты науқас жеткізілді. Бұлшықет талшықтарының репарациялық регенерациясының жүруі ... жасушаларына байланысты.

    1. миосателлит

    2. миоэпителиалды

    3. миофибробласт

    4. миобласт

    5. фибробласт

    3. Тіннің негізгі құрылымдық бірлігі талшық болып табылады, ол ортақ базалды мембранамен қоршалған симпласт пен сателлит жасушалардан құралған. Мұндай құрылым ... тініне тән.

    1. көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет

    2. тегіс салалы бұлшықет

    3. жүректік бұлшықет

    4. борпылдақ дәнекер

    5. торлы дәнекер

    4. Миокардтың жиырылу (систола) фазасында кардиомиоциттер саркоплазмасында кальций иондарының көлемі күрт жоғарылайды. Кальций иондарын жинақтайтын құрылымға ... жатады.

    1. L-жүйе

    2. лизосомалар

    3. рибосомалар

    4. T - жүйесі

    5. ядрошықтар

    5. Суретте саркомердің сызбалық көрінісі берілген. Саркомер барынша жиырылғанда оның Н-аймағы ...

    1. жойылып кетеді

    2. өзгермейді

    3. екі есе ұлғаяды

    4. екі есе кішірейеді

    5. саркомерді толық алып жатады

    6. Миокардтың инфаркты нәтижесінде жүрек бұлшықеті бөлімі зақымданды, бұл жағдай зақымданған жердегі кардиомиоциттердің жаппай өлуімен сипатталады. Миокард құрылымындағы ақаудың орнын толтыруды ... жасушалары қамтамасыз етеді.

    1. фибробласт

    2. кардиомиоцит

    3. миосателлитоцит

    4. эпителиоцит

    5. тегіс миоцит

    7. Көлденең жолақты бұлшықет талшығын механикалық жарақаттан кейін зерттегенде жуан миофиламенттердің бұзылғандығы байқалды. Патологиялық өзгерістің шоғырланғаны ... анықталады.

    1. А дискіде

    2. І дискіде

    3. А – диск жартысында

    4. А - және I- дискілерде

    5. I диск жартысында

    8. Қаңқалық бұлшық ет тіні ... дамиды.

    1. сомиттер миотомынан

    2. сомиттер склеротомынан

    3. сомиттер дерматомынан

    4. спланхнотомнан

    5. мезенхимадан

    9. Ересек адамдарда миокардтың регенерациясы ... есебінен жүреді.

    1. жасушаішілік регенерация

    2. миобластар

    3. миосателлитер

    4. кардиомиоцитер

    5. бастамалық жасушалар

    10. Тегіс миоцит цитолеммасының үңгіршелері ... қызметін атқарады.

    1. Са2 иондарын жинақтау

    2. миозин филаменттерін бекіту

    3. актин филаменттерін бекіту

    4. С тропонинді бекіту

    5. тегіс миоциттер арасында қозуды өткізу

    11. Жүрек бұлшық ет тіні ... дамиды.

    1. спланхнотомның висцералды жапырақшасынан

    2. сомиттер склеротомынан

    3. сомиттер дерматомынан

    4. сомиттер миотомынан

    5. мезенхимадан

    12. Қаңқалық бұлшық ет тінінің регенерациясы ... есебінен жүреді.

    1. миосателлитоциттердің бөлінуі

    2. симпласт ядроларының бөлінуі

    3. эндомизидің бастама жасушалары

    4. перимизидің бастама жасушалары

    13. Саркомер - деп ... арасында орналасқан аймағың атайды.

    1. екі телофрагма

    2. екі анизотроптық дискілер

    3. екі изотроптық дискілер

    4. екі мезофрагма

    5. анизотроптық және изотроптық дискілер


    Есептер

    1. Бұлшықет тінінің екі препараты берілген. Біреуінде - анық көрінетін оксифильді талшықтар бар, қабық астында көп мөлшерде ядролар орналасқан, екіншісінде - орталығында таяқша тәрізді ядро­сы бар ұршық пішінді жасуша. Бұл қандай бұлшықет тіндерінің түрлері?

    2. Бұлшықет талшығының шеткі аймағының электронды микрофотосуреті берілген. Онда бұлшықет тінінің плазмалеммасымен базалды мембрана арасында кішілеу жасуша байқалады. Бұл жасуша қалай аталады және қызметі қандай?

    3. Тіннің түрін анықтаңыз: а) жасушалар бірқатарда орналасқан, әрбірі базальды мембранамен қоршалған, б) жасушалардың бәрі базальды мембранада орналасқан.

    4. Екі электронды микросурет берілген: біреуінде – жасушалары бір-біріне тығыз орналасып, десмосома арқылы байласқан, басқасында – жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан, базальды мембранамен ажыратылған, бірақ бір-бірімен нексус арқылы байланысқан.

    5. Бір электронды микросуретте көлденең жолақты бұлшықет талшығының аймағында мынандай көрініс берілген: жіңішке миофиломенттер, келесі микросуретте саркомерлерде енді І-дисктер енді көрінеді. Екі суреттегі бұлшықет талшықтарының қызмет барысындағы жағдайын түсіндір.


    11 сабақ

    1.Тақырыбы: Жабынды эпителий. Бездік эпителий .

    2. Мақсаты:

    Үйрету:

    • Микроскоптық деңгейде эпителиалдық тіндерді ажырата білу

    • Эпителийдің түрлерін анықтаңыз.

    • Эпителиалды тіндердің морфофункционалдық және гистогенетикалық ерекшеліктерін сипаттау.

    • Эпителий тіндерінің әртүрлі типтерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық және гистохимиялық ерекшеліктерін,олардың атқаратын қызметтерімен салыстыру.

    3. Оқыту міндеттері:

    Эпителий тіні немесе эпителийлер адам денесінің үстін жауып тұрады, сондықтан жабынды эпителий деп аталады. Ал кейбір эпителийлер ішкі органның қуыстарын төсейді және көптеген бездерді құрайды. Атқаратын қызметтеріне байланысты, жабынды және безді эпителий деп бөлінеді. Жабынды эпителий шекаралаушы тін болып саналады, себебі ол организімнің ішкі ортасын сыртқы ортадан ажыратып тұрады және зат алмасу процесіне қатысады.

    4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Эпителидің морфофункционалды белгілерін және препаратта оңай анықталатын тіндерді белгілеп дәптерге жазыңдар.

    2. Жабынды эпителий түрлерінің әртүрлі белгілерінің құрылымдарының, мінездерін белгілеңдер. 3 кестенің сызық жолдарын толтырып құрастырыңдар.

    Құрылымдық белгілері

    Бір қабатты эпителий

    Көп қабатты эпителий

    Базалды мембранаға қатысты жасуша










    Бір қабатты эпителий

    әртүрлілігі













    Жасуша пішіні













    Изоморфты













    Анизоморфты
















    Көп қабатты эпителий

    әртүрлілігі










    Жоғарғы қабаттағы жасуша пішіні










    Жоғарғы қабаттағы жасушаның ядросы










    Кератинизация процессінің айқын көрінуі











    Таратылатын материал

    1 Микроскоп

    2 гистологиялық микропрепараттар

    Көздің мөлдір қабығы. Гематоксилин - эозин бояуы.




    Көздің мөлдір қабығы.

    Гематоксилин - эозин бояуы.

    Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда қасаң қабықтар дәнекер ұлпаның (2) негізін ажыратуға болады.

    Бір жағынан оны көпқабатты жазық эпителий (1) жапқан.

    Эпителиалды пластың әртүрлі қабатында жасушалар әртүрлі пішінді болады.


    Базалды қабат (1)- базалды мембранада (А) жататын аласа цилиндрлі жасуша қабатынан тұрады.

    Тікенекті қабат (2) – цитоплазмалық өсінділері бар жасушалардан тұрады, базалды қабаттың үстінде жатады.

    Эпителий беткейі жазық жасуша (3) қабатынан тұрады.



    5.Оқыту және оқыту әдістері/технологиялары: микроскопия, гистологиялық препараттар мен микрофотосуреттер

    сипаттамасы.

    6.Бағалау әдістері/технологиялары: ауызша сұрау, "Quizizz" тестілеу, кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.

    7. әдебиет

    негізгі:

    1.Афанасьев Ю.И. және Юрина Н. А. Гистология, цитология және эмбриология-6-шы басылым. – М.: Медицина, 2016. 800 Б.

    2.Гистология, цитология және эмбриология: Атлас.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2017. 296 б.

    қосымша:

    1. Крстич р. в. адам гистологиясы туралы иллюстрацияланған энциклопедия: 1576 иллюстрация. Пер. с англ. – М.: ООО "Издательство Оникс": "Издательство" Мир и Образование", 2010. 608 б.

    2.Селезнева, Т. б. Гистология]: учеб. пособие / Т. Д. Селезнева А. С. Мишин В. Ю. Барсуков. - М.: Эксмо, 2010. - 350 б.

    3.Жункейра Л. К., Карнейро Ж.. Гистология: оқу құралы. Пер. с англ. Под ред. В. Л. Быкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 576 б.

    Гистология, цитология және эмбриология. Оқулық. Басылым: МИА, 2017. 600 Б.

    Ағылшын тілінде:

    1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America, 2003, 512 pp.

    2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livingstone, International edition. Sidney. Toronto. 2000. 413 pp.

    Электронды оқулықтар:

    1. Гистология, эмбриология, цитология [Электрондық ресурс] : оқулық / ред. Ю. И. Афанасьева. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016. - 800 б.

    2. Гистология. Кешендітесттер: жауаптар мен түсініктемелер [Электрондық ресурс]: оқу құралы / ред. С. Л. Кузнецова. - Электрон.текстовые дан. (41.1 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 288 б.

    3. Гистология [Электрондық ресурс]: оқу құралы / С. ю. Виноградов. - Электрон.текстовые дан. (39.6 Мб). - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 184 б.

    4. Гистология. 1-бөлім [Электронный ресурс]: оқулық. - Электрон.текстовые дан. (13,1 Мб). - [Б. м.: б. и.]. - эл. опт. диск (CD-ROM).

    5. Гистология. Практикалық сабақтарға арналған Атлас [Электрондық ресурс] : оқу құралы / Н. В. Бойчук [және т.б.]. - Электрон.текстовые дан. (131 МБ). - М.: "ГЭОТАР - Медиа" баспатобы, 2010. - 160 Б. эл. опт.диск (CD-ROM).

    http://www.udel.edu/biology/Wags/histopage/histopage.htm жұмысістейді

    «MICROSCOPIC ANATOMY» - University of Delaware. Жасушалардың, тіндерменмүшелердіңмикроскопиялықжәнеультрамикроскопиялықбейнелерініңколлекциялары, дәрістердіңтұсаукесерлері, жасушаларментіндердіңанимациялықжәне 3D модельдері (ағылш.)

    http://www.kumc.edu/instruction/medicine/anatomy/histoweb/

    «JAYDOC HISTOWEB» - University of Kansas Medical Center, Department of Anatomy and Cell Biology. Құрамындагистологиялықпрепараттаржиынтығыбар, олардыәртүрліүлкейтуарқылыкөругеболады (ағылш.)

    http://www.uni-ainz.de/FB/Medizin/Anatomie/workshop/englWelcome.html

    «ELECTRON MICROSCOPIC ATLAS in the Internet» - University Mainz, Germany. Органдардың, тіндерменжасушалардыңэлектрондықмикрофотографияларыныңтоптамасыұсынылған (ағылш., нем.)

    http://astro.temple.edu/sodicm/labs/index.htm

    «HISTOLOGY WEB LABS»- Temple University. Гистология бойыншаpptпрезентациялар (ағылш.)

    http://www.meddean.luc.edu/lumen/meded/histo/frames/histo_frames.html

    «ZOOMIFIED HISTOLOGY» - LoyolaUniversity. Тіндер мен мүшелердіңмикропрепараттарыныңсуреттеріоларғасипаттамабереотырып, сондай-ақгистологиялыққұрылымдарды (ағылш.)

    http://histologyatlas.wisc.edu/

    Электрондық ресурстар:

    https://meduniver.com/Medical/Video/predmet_metodi_istoria_gistologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/citologia.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_citologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/lekcia_po_embriologii.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/razvitie_ploda_i_stroenie_placenti.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_rixloi_voloknistoi_tkani.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_sobstvenno_soedinitelnix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/osteogenez_i_xondrogenez.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_epitelialnix_i_gelezistix_tkanei.html

    https://meduniver.com/Medical/Video/gistologia_mishechnoi_tkani.html
    8. Бақылау

    Сұрақтар

    1. Тін дегеніміз не?

    2. Организмде қандай тіндер түрлері бар?

    3. Жабынды эпителийдің құрылысын қандай жалпы ұрықтық жапырақшалардан дамиды?

    Жабынды эпителий құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

    Қандай құрылымдар көмегімен эпителиоциттер бір-бірімен байланысады?

    Көп қабатты мүйізденуші эпителий қандай қабаттардан тұрады?

    Көп қабатты эпителий құрамында қандай жасуша түрлері бар?

    Көпқатарлы эпителийдің құрамында қандай жасушалар ерекшеленеді?

    Бір қабатты және көп қабатты эпителий қандай критерийлер бойынша анықталуы мүмкін?

    10. Физиологиялық регенерация процесінің мәні қандай? Эпителиді мысал етіп келтіріңіз.

    11. секреторлық процестің сипаттамасы, секреторлық циклға түсініктеме.

    12. Экзокринді бездердің құрылысы және жіктелуі.
    Тесттер

    1. Аурудың терісі аздап қызарғаны және қызарған жерде терінің түлеуі байқалды. Бұнда микозбен ... эпителий зақымданған.

    1. көпқабатты жалпақ мүйізденбейтін

    2. көпқабатты кубтәрізді

    3. ауыспалы

    4. көпқабатты жалпақ мүйізденетін

    5. көпқатарлы призматәрізді кірпікшелі

    2. Ауруда офтальмолог көздің мөлдір қабығының алдыңғы эпителиінің жеңіл зақымданғанын анықтады. Беткей эпителидің регенерациясын ... қабат жасушалары қамтамасыз етеді.

    1. базалды

    2. мүйізді

    3. түйіршікті

    4. жылтыр

    5. беткейлік

    3. Мұрын қуысы кілегейлі қабығы созылмалы қабынуы нәтижесінде оның ... эпителиі өзгеріске ұшырайды.

    1. бірқабатты көпқатарлы

    2. бірқабатты жалпақ

    3. көпқабатты жалпақ

    4. көпқабатты куб тәрізді

    5. көпқабатты цилиндр тәрізді

    4. Аурудың сілекейі аз бөлінеді, оның ферменттік белсенділігі төмен және құрамында шырышы көп. Бұл негізінен ... бездерінің қызметі бұзылған себебі болып табылады.

    1. құлақ маңы

    2. тіласты және жақасты

    3. жақасты

    4. тіласты

    5. асқазан кілегейлі қабығының меншікті

    5. Бездің соңғы бөлімдерінің жасушалары-ядролары дөңгелек пішінді ортада орналасқан, ал цитоплазмасы базофильді боялған. Бұл ... бездерге тән.

    1. сероздық

    2. шырышты

    3. аралас

    4. липидтік

    5. серомукозды

    6. Құлақ маңы безі сероциттерінде сілекей компоненттерін синтездейтін және бөліп шығаратын органеллаларға ... жатады.

    1. түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи кешені

    2. пластинкалы комплекс

    3. түйіршіксіз эндоплазмалық тор, Гольджи кешені

    4. митохондриялар, Гольджи кешені

    5. лизосомалар

    7. Эпителийдің ангиодермалды түрі … ішкі бетін төсейді.

    1. қан тамырлары және лимфа тамырларының

    2. бүйрек түтікшелерінің

    3. жатыр түтігі мен шәует жолдарының

    4. аш ішектің

    5. ауыз қуысының

    8. Қуықты жауып тұратын эпителий:

    1. көп қабатты ауыспалы

    2. бір қабатты призмалық

    3. көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін

    4. көп қабатты жалпақ мүйізденетін

    5. көп қатарлы кірпікшелі

    9.Эпидермисте бағаналы жасушалар ... қабатта орналасады.

    1. базалды

    2. тікенекті

    3. дәнді

    4. жылтыр

    5. мүйізді

    10.Терінің май бездерінің секрет бөлу ... түрге жатады.

    1. голокринді

    2. эккринді

    3. микроапокринді

    4. макроапокринді

    5. мерокринді


    Есептер

    1. Тері кесіндісінде екі тін көрінеді. Біріншісі қан тамырлары бар орган тереңінде жатқан араларында талшықты жасушааралық заттары бар жасушаладан тұрады. Екіншісі беткейінде жатады, қан тамырлары мен жасушааралық заттары жоқ, жасуша пластарынан тұрады. Бұл тіндердің қайсысы эпителиалды тінге жатады?

    2. Ядролары базалды мембранада әртүрлі орналасқан, бірақ барлығанда базалды мембранамен қатынасы бар жасушалар берілген. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

    3. Эпителий пласты берілген: біреулері базалды мембранамен байланысты ал үстінгілерінде байланыс жоқ. Пластың жоғарғы беткейіндегіжасушалары алмұрт пішінді. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

    4. Орган кесіндісінде эпителий тіндері беткейінде және қабырғасының тереңінде жатады. Эпителий түрлерінжәнеқызметтерінатаңдар.
    5. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта