Сахна жне актер алы сз
Скачать 0.58 Mb.
|
АВТОР КІРІСПЕ I Вы — признанный великий реформатор театрального искусства. Л. М. Горький. Озық ойлы прогрессивтік орыс сахна өнерінің айрықша жаңа реформа сипатына ие болған революцияшыл ағымдағы тұтас бір төңкеріс дәуірі — бүкіл дүние жүзі сахна өнерінің мызғымас көл-көсір теориясы мен практикасының абзал абызы мен сәуегей суреткеріне айналған К. С. Станиславскийдің жауһардай жаркын есімімен тікелей байланысты. Сөз сабақтағалы отырған «Станиславский жүйесі» (система) әлемдік сахна өнерінің даму сатысының өткен кезеңдеріне ғана жататын өткінші құбылыс немесе тек ұлт театрларының бүгінгісі мен ертеңгісін айтып қана қоятын арнасыз аксиомалық анықтама да емес, ол күллі сахна қызметін бүтіндей басшылыққа алатын зор мазмұнды творчестволық программа, әлемдік адамзат баласының ғұмырлық рухани ізгі игілігіне айналған ұлы мұра. Актер творчествосының ғылыми-педагогикалық әрі ғылыми-теориялық сахналық жүйесін түбегейлі түрде тыңнан тудырып, практикалық сипатта қайта жаңғыртуда К. С. Станиславский шын мәнінде әлемдік сахна өнерінің «алқызыл галстук таққан» тұңғыш пионері болды. Сахнаның «сиқыр сандығының» киелі кілтін жапа- жалғыз, жеке-дара иемденген ғұлама ғалым — аталмыш әйгілі «жүйесінде» театр өнерінің келешек көркемдік көкжиек прогресін, өсу, өркендеу, өзгеру, түрлену процесін тамырлай қазып, тереңдей тұжырымдайтын сахналық реализм әдісінің материалистік теориясының ғылыми-органикалық шынайы заңдылықтарын ашып берді. Актер өнерінің сахналық теориясының іргетасын көтерген К.С.Станиславскийдің бірден-бір творчестволық мақсаты — актер творчествосының суреткерлік әм көркемдік сипатын практикалық тәжірибелер мен тәсілдер арқылы шеберліктің шыңына жеткізу болды. Ұлы ұстаздың күллі саналы ғұмыры, бар қажыр-қайраты осындай игілік жолына жұмсалды. XX ғасыр — сахна өнерінің болашақ даму позициясына, актер творчествосының материалистік ілгерілеу іліміне, творчестволық тәсілі мен қоғамдық эстетикасына, актерлік техникасы мен сахналық талдау теориясына әм көркемдік критерийіне ұлы төңкеріс жасады. Ол төңкеріс — аты әлемге әйгілі «Станиславский жүйесінің» (система) дүниеге келуі еді. Негізін «адамның рухани тіршілігі» (жизни человеческого духа) өзегінен өрбітіп өрген желілі «жүйе»— әлемдік театр теориясы мен практикасыныц сарқылмас қайнар көзіне айналды. Актерлік өнердің ешкім ашпаған «құпия» заңдылықтарын тұңғыш рет тыңнан зерттеу барысында, ол тек қана қара басының творчестволық іс-тәжірибесіне сүйеніп қоймай, өзі өмір сүрген қоғамның тарихи жылжуы мен ілгерілеуінен бір сәт көз жазбай заман, уақыт лебімен өз көзқарасын қойындастырып отырды. Өйткені теория — өнерге баға беру, өнер өрісін кеңейту саласында қоғамдық роль атқаратын көркемдік талдау критерийі. Практикалық қол жеткен жетістіктерді теориялық тұрғыдан тұжырымдау, тиянақтау процесі. Өнердің есейген сатысының сахна мен әрекет үстіндегі басты мұраты—марксизм ілімі үйреткендей теорияның асқар шыңымен безбенделеді, яғни озық теория — озық практикадан туады. «Жақсы теориядан — жақсы практика туады» дейтін ұлағатты ұғым да бар. Бүгінде біз К. С. Станиславскийді тек сахна суреткері (актер) ғана емес, драмалық өнердің реформаторы, білгір теоретигі әрі ірі практигі биігінен танимыз. Сонда «Станиславский жүйесі» деген не? Дүниенің төрт бұрышын түгел жаулап алған әлемге аты-шулы сахна өнерінің грамматикасы — «Станиславский жүйесі» дүниеге қалай келді? Іргетасы қалай өріліп, қабырғасы калай қаланды? Қайнары мен құярлығы бар ма? Сөз сапары солай қарай саяхаттамақ. ІІ Над всеми исканиями Станиславского, над всем предвидением его, над всем его зрелым пониманием задач театра царит одна истина: искусство свято, театр — это высокое учреждение. Художественное творчество есть своего рода подвиг. А. В. Луначарский. Әлемдік сахна әдебиеті — сахна туралы жазылған қыруар еңбектердің ішінен К. С. Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» атты мемуарлық әм өмірбаяндық дүниесін айрықша бөле-жара қарап, оны классикалық шығармалар қатарына жатқызып жүр. Өзінің идеялық байлығы, көркемдік кестесі мен рухани қуаты тұрғысынан бұрын-соңды мемуар жазған өнер адамдарының кай-қайсысынан болсын әлдеқайда биік, теңдесі жоқ К. С. Станиславскийдің аталмыш еңбегі ең алғаш 1924 жылы ағылшын тілінде жарық көрсе, 1926 жылы орыс тілінде Москвада басылып шықты. «Менің өнердегі өмірім» атты кітабының соңын сахна сәуегейі: «менің «жүйем»: 1) артистің өз бетімен іштей және сырттай (внутренняя и внешняя работа артиста над собой) жұмыс істеуі; 2) рольмен іштей және сырттай (внутренняя и внешняя работа над ролью) жұмыс істеуі сияқты басты-басты екі үлкен бөлімнен тұрады» деп аяқтаған болатын. Демек, К. С. Станиславскийдің өз жоспары бойынша «Менің өнердегі өмірім»—сахна сазын сызғыратын «жүйенің» кіндік кесер — кіріспесі, беташар — алғысөзі, алтын әріпті әліппесі болып танылса, «Кейіпкержандылық творчестволық процесс бойынша өз бетімен жұмыс істеу» (Работа над собой в творческом процессе переживания. Том 2, часть I), «Кейіпкермәнділік творчестволық процесс бойынша өз бетімен жұмыс істеу» (Работа над собой в творческом процессе воплощения. Том 3, часть 11), «Актердің рольмен жұмыс істеуі» (Работа актера над ролью. Том 4)—«жүйенің» күретамыр грамматикасы болмақ. 1938 жылы жарық көрген «Актердің өз бетімен жұмыс істеуі» (I бөлім) атты кітабының алғы сөзінде «жүйенің» жазыла бастаған кезеңі 1907 жылдан басталады деп К. С. Станиславский атап айтады. Тіпті сонау балғын балалық шақта қағаз бетіне түсе бастаған күнделіктері мен қолжазбаларына жіті назар салсақ, К. С. Станиславский өз «жүйесінің» іргетасын тым сәби кезінен 1877 жылдан бастап, яғни 14 жасына қарай бастаған көрінеді (Станиславский мұндай батыл ойға ол кезде саналы түрде келді ме немесе творчестволық түйсіктің жетелеуімен келді ме, ол жағы таңғажайып құпия құбылыс). Егер К. С. Станиславскийдің 1863 жылы туып, 1938 жылы дүние салғанын еске алсақ, «жүйенің» жазылу, жасалу кезеңіне 61 жылдай уақыт сарп болған екен. К С. Станиславскийдің бала шақтан тыным таппай тірнектеп зерттеген ұлан-ғайыр творчествосының теориялық әм практикалық еңбектерінің тәжірибесін жинақтаған әйгілі «жүйе» ұлы сахна өнері реформаторының бүкіл саналы ғұмырының соңғы сағатына дейін созылған ересен еңбегі болған ғой. Ұшы-қиыры жоқ қолжазба, блокнот, күнделік, дәптерлеріне түскен мол деректер мен материалдарға қарағанда, жарты ғасырдан астам осыншама ұзақ мерзімнің өзі де кітаптың бүкіл жазылу процесінде автордың творчестволық программасы діттеген межелі мақсаты мен көлемін сарқа қамти алмаган сияқты (К. С. Станнславскийдің өз қолымен жазылған мол мұралары МХАТ-тың музейінде сақтаулы тұр. Ол мұраларды осы жолдардың авторы бірнеше рет өз көзімен көрген болатын). Бұған дәлел К.С. Станиславскийдің актерлерге практикалық жаттығулар туралы дәріс беретін «Тренинг әм муштра» деген орасан еңбегінің аяқталмай қалуы куә. Өзінің өте ерте басталған артистік балалық шағынан бастап, К. С. Станиславский актер тәрбиесінің творчестволық қызу қызметіне темірдей тұғыр боларлық «жүйе» жасау, яғни актерлік өнер грамматикасын қалыптастыру қажеттігін қатты сезінген болу керек. Өйткені 1889 жылға қатысты жазбаларында: артист өз өнерінің әліппесін немесе грамматикасын жедел меңгеру керек деген тұжырым бар. «Артист үшін ауадай қажет аталмыш жағдаяттарды жете меңгермей жатып, рольге бүтіндей берілуге немесе сахнаға өмір әкелуге тырысып керегі жоқ» (Не освоившись с этими необходимыми для артиста условиями... нельзя отдаваться роли, вносить жизнь на подмостки)—деген жолдар бар. Осындай деректерге қарағанда, балдырған кезінің өзінде-ақ оның өнерге деген эстетикалық әрі қоғамдық көзқарасы батыл түрде қалыптаса бастаған сияқты. Актер ойыны кейіпкерсындылық мектебі (школа представления) тағылым еткен сыртқы техникалық арзан тәсілдерін қанағат етіп қоймай, сахна өнерінің шындыққа жақын ішкі тебіреніс процесін бақайшағына дейін зерттеп, таным заңдылықтарына арқа сүйеген театр творчествосының грамматикалық құралын жасап шығу жоспары К. С. Станиславскийдің бір сәт есінен шыққан емес. Бұл ойын іске асыруға Мәскеудің Көркем театр (МХТ) сахнасында актер әрі режиссер болып істеп жүрген алғашкы жылдарының өзінде-ақ белін бекем буған болатын. Алайда К. С. Станиславский көксеген мақсат межесі мен ол арқалайтын көркемөнер жүгі адам айтқысыз алапат ауыр еді. Басты себеп, біріншіден, бірде-бір елде сахна өнері туралы жазылған ереже бұрын-соңды болған емес. Ендеше, актер творчествосы туралы тұңғыш ережені тыңнан туғызу тек К. С. Станиславскийдің ғана пешенесіне жазылған деу лазым. Екіншіден, өзі жалауын көтерген сахна өнері мен артист творчествосы туралы ілім — К. С. Станиславскийден «адам тану» ғылымы саласында теориялық әрі практикалық орасан тәжірибе мен биік білім парасатын талап етті. Ол үшін оған Батыс (Грекия, Италия, Германия, Англия, Франция) мен шығыстың (Қытай, Индия, Жапония) театр тарихы мен теориясы, психология, физиология, эстетика, этика, философия және әлемдік әдебиет төңірегінде қыруар тер төгіп, шетсіз-шексіз мәдени мұралар айналасындағы еңбектерді қажымай-талмай сарыла парақтап, ұзақ әрі тереңдей зерттеуіне тура келді. Ара- арасында өзінің творчестволық толғақты ойларына тиянақ-тиек болар ақыл-кеңес сұрап әдебиетшілер, ғалымдар, театр қайраткерлері сияқты ғылымның сан- саласындағы көптеген зиялы адамдармен үздіксіз қарым- қатынаста болды. Өзінің сахна саласындағы жоспары төңірегінде А.Горькиймен пікір алысты. «Жүйенің» алғашқы қол- жазбаларымен танысып шыққан соң, А. Горький оған жоғары баға беріп былай деді: «Сіз аса зор маңызы бар іс істеуге ниет қылыпсыз. Аса зор. Өнер туралы ғылыми іс. Өнер және ғылым, бәлкім, кейбіреулер үшін бұл сыйымсыз да болып көрінер... шынтуайтына келер болсақ олай емес. Басқалары секілді, өнер — ең алдымен адам еңбегі. Еңбек жемісті болу үшін, оны ғылыми түрде басшылыққа алу керек. Сіздің ойыңызды дәл осылай түсінем ғой деймін? (Вы затеяли работу огромнейшей важности. Огромнейшей. Науку об искусстве. Некоторым,быть может, это покажется даже несовместимым: наука и искусство... Однако это не так. Искусство — это, прежде всего, человеческий труд, как и всякий другой. Чтобы сделать труд продуктивным, надо организовать его научно. Так ли я нонимаю Вашу мысль? Станиславский: Именно, именно так (тап осылай түсінгенсіз). «Жүйе» жасау процесінде К. С. Станиславский орыстың материалистік физиологиясының негізін салушы И. М. Сеченовтің «Мидың рефлексі» атты атақты еңбегімен түбегейлі түрде терең танысты. Осы салада ғалым тағы бір айтулы ғалым И. П. Павловтың шартты рефлекс туралы ашқан ғылыми жаңалықтарын табандата жіті тексерді. Осындай игілікті зерттеу нәтижесінде — кейіпкержандылық өнерінің негізгі принципі: сана арқылы санадан тысқарылықка (подсознательное—через сознательное), ерікті түрден еріксіздікке (непроизвольное через произвольное) бару арқылы кейіпкер қарекетін ашатын актер ойынының бұрын-соңды ешкімнің ойы да, бойы да жетіп көрмеген сахналық сыр-құпиясын ашып берді. К. С. Станиславский жүйесінің тұтас бір тарауы «Зейін» (Внимание) элементіне арналған. Актердің сахнадағы алғашқы қадамы осы элементпен тікелей байланысты. Міне, осы элементті дүниеге әкелерде К. С. Станиславский психология саласында қыруар еңбек етті. Ол, әсіресе, белгілі француз ғалымы, эксперименттік психология саласының ірі өкілі Т. Рибоның (1839-1916) «Зейін психологиясы» (Психология внимания), «Ортақ идеяның эволюциясы» (Эволюция общих идей), «Аффективтік зерде» (Аффективная память), «Сезімдік қисын» (Логика чувств), «Жігердің сау немесе науқас кезіндегі хал-күйі» (Воля в ее нормальных и болезненных состояниях), «Зерденің сау немесе науқас кездегі хал-күйі» (Память в ее нормальном и болезненном состоянии) деген еңбектерін егжей-тегжейіне дейін қажымай зерттеді. Актердің ішкі жан дүниесінің алай-түлей, ала- сапыран процесін айшықтайтын «Тебіреніс зердесі» (Эмоциональная память) элементін аты аталған Т. Рибоның «Аффективтік зерде» атты еңбегінің негізінде дүниеге келтірді. «Жүйенің» тағы бір ең басты билеуші элементі «Ұсынылған тосын жағдай» (Предлагаемые обстоятельства) ережесін А. С. Пушкиннің драма теориясы хақында айтқан: «Біздің ақыл-парасатымыз — драма жазушысынан ұсынылған тосын жағдайдан өмірге келетін құштарлық ақиқатын шынға балап сезінуді қалайды» (Истина страстей, правдоподобие чувствований в предпологаемых обстоятельствах — вот чего требует наш ум от драматического писателя) дейтін алқалы ойынан өзінің өнерге лайықтап өріп шығарғанын айғақ етеді. Алайда бүкіл әлемдік сахна өнерінің алтын арқауына, актер шеберлігінің бұлжымайтын айшықты ережесіне айналған «Станиславский жүйесінің» бастау-бұлағы, құрыштай құйып шығарған от-ошағы — өзі негізін қалаған МХАТ екенін, бірінші және екінші опералық, Грибоедов атындағы опера-драмалық студиялар болғанын мәңгі мақтан тұтады. Өйткені жоғарыда аталып өткен студияларда К.С. Станиславский ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, жүйесінің көптеген элементтерін сол оқу орындарында эксперимент жасаған болатын. Бұдан басқа К. С. Станиславский ілімі мен теориялық танымының тағы бір қайнар көзі — жеке басының актерлік (трагедия, драма, комедия, водевильдерді қосып есептегенде 105 образ сомдаған), режиссерлік (70-тей қойылым авторы болған), ұстаздық (бес студияға дәріс берген) мол практикасының мәуелі жемісі еді. Сондықтан ол әрқашан өнердегі аттаған әр қадамын сын көзімен жіті бақылап, шабыт пен творчествоға толы сахналық іс-әрекетінің сәт сайынғы процестік нәтижесін ғылыми талдау тезисінен аяусыз өткізіп отырды. Сахнадан қолы босаса-ақ болды, көрген-түйгенін қағазға түсірумен айналысты. Бұған К. С. Станиславскийдің әдеби архив қорында сақтаулы тұрған: «Драма артисінің үстел үсті кітабы» (Настольная книга драматического артиста), «Драма өнерінің грамматикасы» (Грамматика драматического искусства), «Драма өнерінің көпшілікке арналған оқулығының тәжірибелері» (Опыт популярного учебника драматического искусства) секілді әр түрлі тақырып қойылған қыруар қолжазбалары куә. Сондай- ақ актер қиялы (фантазия), жігері (воля), қажыры (темперамент), талант табиғаты (природа таланта) туралы түбірлей зерттеген «Артист табиғаты» (Природа артиста) атты алғашқы оқулығының бірінші бөлімінің қолжазба варианты архивте әлі сақтаулы тұр. Аталмыш кітабында автор: «Творчестволық күш-қуат ұрығы адамдардың бәрінің бойында бар, тек сол қасиетті ұзақ уақыт бойы ерінбей-жалықпай еңбек етіп ұстартып отырса, аталмыш творчестволық қуат көзі — өзінің өнер сипатына ие болады» (Зародыши творческой силы заложены в каждом человеке и при известных условиях и длительном усилии воли эта творческая сила может быть развита и усовершенствована) деп жазады. Сол кезден бастап талант пен творчествоның практикалық даму сатысы тәсілдерінің жүйелі жоспарларын батыл түрде іске асыра бастайды. Әлгі еңбегінде: «Актер кездейсоқ шабыт кұйылысына ғана арқа сүйемей, өз өнерінің ішкі техникасын жете меңгеру процесіне арқа сүйеу керек» деген тұжырым айтып, кейіпкержандылық өнер позициясын алға тартады. Сөйтіп, «шабыт шақыру (игра «по вдохновению») немесе «зауық пен ойнау» (игра нутром) принципін көркем творчество тудыру жолында рольдің саналы ойнау процесін жоққа шығаратын дилетанттық тәсіл деп таныды. Себебі: «Кездейсоқ шабыт — өнер шығармасының гармониялық әрі шымыр сомдалған сипатын толық жеткізе алмайды» дейді. 1908 жылдан бастап, К. С. Станиславский актер творчествосы туралы «жүйе» жасауға мықтап бет бұрады. Алғашқы тарауларын қағаз бетіне түсіре бастайды. Олар «Сенім» (Вера), «Сахналық шынайылық» (Сценическая наивность), «Тебіреніс сезімі» (Аффективные чувства) тәрізді элементтер еді. 1909 жылдың маусым айынан бастап, «Статья программасы: менің жүйем» деген тақырыппен («Жүйе» деген термин тұңғыш рет осы жылдары пайда болса керек) қолжазба жүргізе бастайды. Статья жоспарында: «Творчестволық дұрыс сезіну» (Верное творческое самочувствие) процесін іске асыру негізінде: «Бұлшық еттің сіресуі және босаңсуы» (ослабление и напряжение мышц), «аффективтік кейіпкержандылық және аффективтік зерде» (аффективные переживания и аффективная память), «творчестволық шоғыр немесе шоғырлану шеңбері» (творческая сосредоточенность или круг сосредоточенности), «қарым-қатынас» (общение), «сөз бен ой» (мысль и слово), «бөлшекке бөліну және ой мен сезімнің талдануы» (кейін бұл элемент өзгеріп, «жүйеге»—«мақсат пен бөлшек» деген атаумен енді), «күрделі ой қисынын анық берудің құрамдық бөлімі» (ясная логическая передача составных частей сложной мысли) бұл элемент те өзгеріп, «жүйеге» - «қисын және сабақтастық» болып кірді, сондай-ақ «болашақ тіл қисыны» сияқты актер творчествосын айқындайтын көптеген тың элементтер өмірге келіп, К. С. Станиславскийдің «Актердің өз бетімен жұмыс істеуі» (Работа актера над собой), «Актердің рольмен жұмыс істеуі» (Работа актера над ролью) деген атпен әлемге әйгілі болған екі томдық іргелі еңбегінің іргетасын қалады. Әсілі, «Станиславский жүйесі» деп аталатын зор еңбектің алтын арқауы мен көркемдік критерийі - «адамның рухани тіршілігін» айшықтау болып табылады. Аталмыш творчестволық асыл кредо — ұлы реформатордың эстетикалық әм психологиялық топшылау көзқарасынан тамыр тартқан айнымас ақиқат қайнары. Сахна әлемінің шексіз-шетсіз көсілген көкжиегінде жауһардай жарқыраған адастырмас Темірқазық жұлдызы! К. С. Станиславскийдің этикалық әм эстетикалық көркемдік нормасына өзек болған «адамның рухани тіршілігі»— актер творчествосын айқындайтын басты-басты алты процестен бастау алады, олар: «Жігердің» (ерік) (Воля) алғашқы дайындық процесі — яғни артистің кезекті творчествоға әзірлік кезеңі (В первом подготовительном процессе «воли»— артист готовится к предстоящему творчеству). Артист жазушы немесе драматург шығармасымен танысып, өзінің актерлік мүмкіншілігін іштей алдын ала сарапқа салып, творчестволық тебіреніс қиялын оятып, ішкі сарайына қозғау салады. «Ізденіс» (процесс «искания») процесі — яғни өз бойынан немесе қоршаған айналасынан, әлемдік әдебиет пен бейнелеу құралдарынан творчестволық көркем материалдар жинақтау. «Кейіпкержандылық» процесі (процесс «переживания»)—яғни артистің көзге көрінбей (невидимо) іс істеуі. Бұл кезеңде актер өзі ойнайтын кейіпкердің ішкі- сыртқы іс-әрекеті мен мінез-құлқын қиялында пісіріп, жетілдіреді (В третьем процессе «переживания»—артист невидимо творит для себя. Он создает в своих мечтах как внутренний, так и внешний образ изображаемого лица). «Кейіпкермәнділік» (Воплощение) процесі — яғни артистің ел алдында (көрермен) көзге көрініп ойын көрсетуі (В четвертом процессе «воплощения»—артист наглядно творит для себя). «Кұйылыс» (слияние) процесі — яғни артистің «кейіпкержандылық» процесі мен «кейіпкермәнділік» процесін бір арнаға бағыттап, егіз процесті біріктіру (В пятом процессе «слияния»— артист должен соединить до полного слияния как процесс «переживания», так и процесс «воплощения»). К.С. Станиславскийдің тұжырымы бойынша аталмыш екі процесс, екі элемент творчестволық сәтте жеке-дара пайда болмай, бір мезетте туындап қатар дамып, бірін-бірі жебеп-қолдап отыруы тиіс (Эти оба процесса должны производиться одновременно, они должны порождать, поддерживать и развивать друг друга). Актердің көрерменге әсер ету (воздействие) процесі — яғни актер мен көрерменнің эстетикалық рухани қарым-қатынасы. Бұдан шығатын көркемдік қорытынды — «Станиславский жүйесі» театр өнерінің теориялық платформасы мен актер шеберлігінің практикалық методология ережесі. «Станиславский жүйесі»— сахна сазының сарқылмас сарқырамасы. |