Главная страница

Осы емді таайындау кезінде нені ескеру керек


Скачать 402.63 Kb.
НазваниеОсы емді таайындау кезінде нені ескеру керек
Дата02.12.2021
Размер402.63 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаBA Emtikhan_zhauabymen.docx
ТипДокументы
#288635
страница1 из 20
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1. Перзентханада орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуымен туылған 5 күндік балаға зонд арқылы тамақтандыру тағайындалған.

Осы емді тағайындау кезінде нені ескеру керек?

А) ауыз қуысы шырышты қабатының жағдайына

+В) өңеш ұзындығының жас ерекшілігіне

С) асқазанның орналасу ерекшелігіне

D) асқазан сыйымдылығының ерекшілігіне

Е) баланың жалпы жағдайына
2. Аймақтық дәрігердің бақылауына 3 апталық қыз бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Анасының айтуынша үлкен дәреті көп өзгереді.

Дәрігердің ашығу дәретіне күдіктенуіне не себеп ?

А) сары түсті, қалыпты

В) қан және шырыш аралас

+С) қою қоңыр, көлемі аз

D) сұйық консистенциялы

Е) қатты консистенциялы
3. Аймақтық дәрігерге 2 апталық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Үлкен дәреті күніне 4-6 рет.

Үлкен дәретінің қандай сипаты дәрігерге күдік туғызды?

+А) сары түсті, ащы иісті, ботқа тәрізді

В) қою қоңыр түсті, шырыш аралас

С) сары-жасыл түсті, шырыш аралас

D) қоңыр түсті, сұйық, шырыш аралас

Е) сары түсті, сұйық, шырыш аралас
4. Перзентханада жаңа туылған нәрестені алғаш рет емізуге берген кезде тыныс жолдары сүтпен бітеліп, жөтел пайда болды.

Тыныс жолдарының сүтпен бітелуіне және жөтелдің пайда болуына не себеп болды?

А) жалпақ төс аномалиясы

+В) тілдің қысқа үзбегі

С) ұртта май қабатының болмауы

D) қасқыр таңдай аномалиясы

Е) ему рефлексінің төмен болуы
5. Аймақтық дәрігерге 1 айлық ұл бала анасымен келді, соңғы күндері тамақтануы аралас (бейімделген қоспа береді) қомағайлықпен емеді, құсу пайда болады

Құсудың себебі не болып табылады?

А) пилороспазм

+В) аэрофагия

С) пиолростеноз

D) диспепсия

Е) жедел эзофагит
6.Шала туылған 4 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда бауыр қабырға асты доғасынан 1,5 см шығыңқы, басып көргенде жұмсақ-созылмалы консистенциялы.

Бұл симптомды қалай бағалайды?

А) ЖРВИ-ға байланысты бауырдың ұлғаюы

В) рахиттің бастапқы кезеңі

+С) жасына сай қалыпты

D) өт жолдарының атрезиясы

Е) шала туылған баланың кеш анемиясы
7. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала ана сүтін емеді. Дәрігердің қараған белгілерінің ішінде қайсысы қалыпты болып есептеледі?

А) жиі құсуға бейім

В) үлкен дәреті күніне 6 рет, сұйық

С) метеоризм (іш кебу)

+D) сілекейдің көп бөлінуі

Е) тілдің ақ өңезбен жабылуы
8. Аймақтық дәрігерге 2,5 айлық ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша аздап құсу байқалады.

Құсуға не себеп болды?

+А) асқазанның кардиалдық бөлімінің жетілмеуі

В) асқазанның горизонталды орналасуы

С) асқазанның пилорикалық бөлімінің жақсы дамуы

D) ішек моторикасының күшеюі

Е ) өттің аз бөлінуі
9. Балалар емханасына шала туылған 4 апталық нәрестені сары ауру болғандықтан анасы

қан анализін тексертуге алып келді.

Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?

+А) Гемоглобин - 102 г\л

В) ЭТЖ- 10 мм/ч

C) Эритроциттер - 4,1х1012

D) Лимфоциттер - 57%

Е)Лейкоциттер -7,8х109
10. 6 күндік ұл баланың дене салмағы 3550г. Ұл балаға қан анализі жасалынды.

Қанның қай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?

А) Лимфоциттер - 46%

В) Таяқшалы нейтрофилдер - 2,5%

С) Сегментядролы нейтрофилдер - 39%

+D) Гемоглобин - 111 г/л

Е) ЭТЖ – 7 мм/ч
11. Емханада жетіліп туылған 1,5 айлық балада ұзаққа созылған сарғаюға байланысты қан анализін жасаған.

Қанның қандай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?

+А) Гемоглобин - 115 г/л

В) Эритроциттер - 4,6х1012

С)Ретикулоциттер - 35%0

D) Лимфоциттер - 57%

Е) Моноциттер - 5%
12. Аймақтық дәрігер 15 күндік баланы кіндік жарасының жазылмауына байланысты үй жағдайында қарады. Баланың іш терісінде жеке іріңді элементтер анықталады. Емуі нашар, 50 г салмақ жоғалтқан.

Қанның қай көрсеткіші баланың жағдайын көрсетеді?

А) ЭТЖ - 9 мм/ч

В) Моноциттер - 5%

+С) Лейкоциттер - 19х109

D)Эритроциттер - 4,8х1012

Е) Лимфоциттер - 58%
13. Үй жағдайында қараған жетілген 10 күндік жаңа туылған нәрестені аймақтық дәрігер қандай белгі физиологиялық екенін білуі керек?

+А)бүгуші бұлшықет гипертонусы

В) бұлшықеттік дистония

С) қол мен аяқтың гипотониясы

D) жазушы бұлшықеттік гипертонусы

Е)барлық бұлшықеттердің гипертонусы

14. Қыз баланы педиатр тексеру барысында мына белгілерді анықтады: айқын бір затқа тіке карап тұрады, бірнеше секунд қозғалып тұрған затқа қарайды. Ішпен жатқан кезде басын ұстай алады.

Осы даму қай жасқа сәйкес келеді?

А)2 апталық

+В)1,5 айлық

С) 2,5айлық

D) 3 айлық

Е) 4 айлық
15. Нәресте 9-ші күні перзентханадан мына симптомдармен стационарға түсті: арқа мен қолдың жазғыш бұлшықеттердің гипертонусы, көздің бір орында тұрмауы, иек треморы, «батқан күн» симптомы, Бабкин, Галант, Перес рефлекстерінің болуы.

Бұл балада қандай симптом физиологиялық болып табылады?

А)«батқан күн»симптомы

В)арқа мен қолдың жазғыш бұлшықеттердің гипертонусы

С)көздің бір орында тұрмауы

+D)Бабкин, Галант, Перес рефлекстері

Е)Иек треморы
16. Емханада дәрігер диспансерлік бақылауға келген баланың картасына келесі мәліметтерді толтырды: ішпен жатқанда бала басын ұстай алады, иық белдеуін көтере алады, күледі, үздік-үздік гулейді, шартсыз рефлекстердің – ұстап алу, еңбектеу, алақан-ауыз, Галант, Перес рефлекстері біршама төмендеген.

Бұл баланың дамуы қандай жасқа сәйкес келеді?

А) 2 айлық

+В)3 айлық

С)5 айлық

D) 6 айлық

Е)8 айлық
17. Аймақтық дәрігерге 1 жасар 3 айлық қыз бала анасымен қабылдауға келді. Қыз бала нәрестенің гемолитикалық ауруымен ауырған.

Қарау кезінде қандай симптомдар патологиялық болып табылады?

+А)қолдың треморы

В)бүгуші саусақтардың гипертонусы

С) қолдың көмегімен тұру

D) туа біткен шартсыз рефлекстің жоқтығы

Е)жеке сөздерді айта алады
18. Аймақтық педиатр қыз баланы қарау кезінде келесі даму белгілерін анықтады: бөлек буындарды айта бастаған, өздігінен отыра алады, еңбектегісі келеді.

Бұл баланың психомоторлық дамуы қай жасқа сәйкес келеді?

А)4 айлық

В)5 айлық

С)6 айлық

+D)7 айлық

Е)9 айлық
19. Жаңа туылған нәрестені тексеру барысында дәрігер қорғаныс рефлексінің бар екендігін анықтады. Осы мақсатта қандай тәсілдер қолданылады?

А)көзге жарық түсіру

В)алақанды басу

С)шпательді жұтқыншақтың шырышты қабатына дейін жеткізу

+D)қолмен ішті басу

Е)дыбыс тітіркендіргішін қолдану
20. Жаңа туылған нәрестені дәрігер қарау барысында қорғаныс рефлекстерінің бар екендігін тексерді. Егер жаңа туылған нәрестеде қорғаныс рефлексі болса, қандай жауапты реакция анықталады?

А) көзді жұму

В)жөтелу

С) сору қозғалысы

+D) басты бір жағына қарай бұру

Е)мазасыздану, жылау
21. 5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге қабылдауға келді. I жүктілік, мерзімі өтіп, ұзаққа созылған босанудан туылған бала. Апгар шкаласы бойынша бағалау 5 балл. Алғашқы күндері жағдайы тым ауыр болған. Үйге өмірінің 19-шы күні шығарылды. Кейінгі дәрігерлік бақылау болмаған.

Қарау кезіндегі қандай белгілер осы жасқа сәйкес келеді?

+А) өздігінен отыра алмау

В)қол және аяқ бұлшықеттерінің гипертонусы

С)аяқтың қиылысу үрдісі

D) алақан-ауыз рефлексінің болуы

Е) ұстап алу рефлексінің болуы
22. Стационарда 8 айлық ұл бала ОЖЖ-нің зақымдалуына байланысты тексерілді. Постгеморрагиялық гидроцефалиясы бар.

Анықталған симптомдардың қайсысы жасына сәйкес келеді?

А) туа біткен шартсыз рефлекстің болмауы

В) аяқ бұлшықетінің гипотониясы

+С) үлкен еңбек 1,0*1,0см

D)өздігінен тұра алмауы

Е)өздігінен еңбектей алмауы

23.1 ай 5 күндік ұл бала дәрігердің жолдамасымен ауруханаға келді. Жолдама құжатта белгіленген мәліметтердің қайсысын жасына сәйкес ерекшелейміз?

А) үлкен еңбектің ісініп шығуы

В) тремор иегі

С) Грефе симптомы

+D) қол мен аяқтың бүгуші гипертониясы

Е) қолдың ұсақ құлашты треморы
24. 27 күндік ұл баланы аймақтық дәрігер үй жағдайында тексерді. Амбулаториялық картада тіркелген қай белгілерді патологиялық белгі ретінде қарастыруға болады?

А) қатты жылау

В)қолдын жане аяқтың хаотикалық қимылдары

С)Галанттың тұрақты рефлексі

+D) жазушы бұлшықеттің гипертонусы

Е)бүгуші бұлшықеттердің гипертонусы
25. Аймақтық дәрігер 7 күндік ұл баланы үй жағдайында қарады. Мерзіміне жетіп туылған, ата-анасының дені сау, жас. Туылған кездегі баланың салмағы - 3200гр. Өмірінің 5-ші күнінде - 3100гр болған.

Осы балаға қандай жағдай физиологиялық болып табылады?

+А) барлық уақытта ұйықтайды

В)тұрақты қатты айқай

С)қол треморы

D) жазушы бұлшықеттердің гипертониясы

Е)иек треморы
26. Аймақтық дәрігер жаңа туылған нәрестеге (қыз балаға) үй жағдайында патронаж жасады.

Қарау кезінде қай бұлшықеттердің тонусы анықталды?

А)жазушы бұлшықеттердің гипертонусы

В)жазушы бұлшықеттердің гипотониясы

+С)бүгуші бұлшықеттердің гипертонусы

D)бүгуші бұлшықеттердің гипотониясы

Е)бұлшықет тонусының тұрақсыздығы
27.Аймақтық дәрігер туылғанына 25 күн болған ұл балаға үй жағдайында тексеру өткізді.

Патология ретінде нені бағалаймыз?

А) көздің горизантальды ойнауы

В)Галант рефлексі

+С)бұлшықеттің гипотониясы

D)Перес рефлексі

Е)бүгу бұлшықеттерінің гипертонусы
28. Аймақтық дәрігер амбулаториялық картаға баланың психомоторлы дамуы туралы мәліметтерді тіркеді: бала үздік-үздік гуілдейді, басын жақсы ұстайды, бір затты қадағалайды.

Осы психомоторлы даму баланың қандай жасына сәйкес келеді?

A) 9 айлық

В)7 айлық

С)5 айлық

+D) 3 айлық

Е)1 айлық
29. Аймақтық дәрігер баланы қараған кезде келесі белгілерді анықтады: өсіп-жетілуі дұрыс, жүре алады, жеке сөздерді айта алады (20 сөзден артық), өзіне бағытталған сөзге жауап қайтарады, жеңіл тапсырмаларды орындай алады, өзінің дене мүшесін тани біледі.

Баланың жасы нешеде?

А) 9 айлық

В)10 айлық

+С)1 жас 6 айлық

D)2 жас 6 айлық

Е) 3 жас 6 айлық
30. Аймақтық дәрігерге қыз бала анасымен келді. Дәрігер қараған кезде мына белгілерді анықтады: қыз бала алғашқы қадамын жасай алады, жеке сөздерді айта алады (10 сөзден артық), рұқсат етілмейтін сөздерді, жақсы қылықтарды түсінеді.

Бұл баланың жасы нешеде?

А) 8 айлық

В) 9 айлық

+С)12 айлық

D)1 жас 6 айлық

Е) 2 жас 6 айлық
31.Жақсы еметін, аз ғана дене салмағын жоғалтуы бар, тері жамылғысы қызғылт, жетіліп туылған нәрестенің өмірінің 3- ші күнінде терісінде сарғаю пайда болады.

Сарғаюдың себебін көрсетіңіз.

А)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы

+ В)Физиологиялық сарғаю

С)Туа пайда болған гепатит

D)Каротинді пигментация

Е)Өт жолдарының атрезиясы

32.Аймақтық дәрігер үй жағдайында 14 күндік ұл баланы қарады. Кеуде терісінде үлкен, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктер пайда болғанын көрді. Нәресте күлдірегі (пузырчатка) диагнозы қойылды.

Бұл жастағы бала терісінің қандай гистологиялық ерекшеліктері осы ауруға алып келеді?

А)Жұқа мүйізді қабат

+ В) Базальды мембрананың жетілмеуі

С) Негізгі қабаттың жақсы дамуы

D) Капиллярлы тордың айқындылығы

Е)Тері бездерінің жоғары қызметі
33. Қыз бала анасымен дәрігердің қабылдауында болды. Кеуде терісінде үлкен, бос, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктердің пайда болғанын байқады. Оның пайда болуына эпидермис пен дерманың мықты байланысының болмауы алып келеді.

Осы баланың жасын көрсетіңіз?

+А)1 ай

В)3 ай

С)5 ай

D)1 жас

Е)3 жас
34.Дәрігер жаңа туған нәрестені қараған кезде кеуде клеткасының сәл ғана білінетін экскурсиясына, аускультатция кезінде сәл ғана білінетін шуға көңіл аударды.

Жаңа туған нәрестеде тыныс алудың бұл ерекшелігі немен байланысты?

+А) Қабырғалардың көлденең орналасуы

В)Көкеттің әлсіз жиырылуы

С) Тыныс бұлшықеттерінің әлсіздігі

D) Мукоцилиарлы аппараттың жетілмеуі

Е)Тыныс алу жолдарының тар болуы
35. 7 күндік жаңа туған нәресте аймақтық педиатр үй жағдайында қарады. Бала активті.

Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?

А) Тыныс жиілігі минутына 30 рет

В)Аритмиялық тыныс алу

С) «Қорапша» тәрізді перкуторлы дыбыс

+ D) Әлсіз тыныс шуы

Е)Құрғақ және ылғалды сырылдар
36. 2 апталық баласы бар ана аймақтық дәрігерден баланы емізу туралы кеңес сұрады. Қыз баланың дені сау.

Бұл балада тыныс алу жиілігі минутына қанша болу қажет?

+А) 40-50

В)30-35

С) 25-30

D) 18-20

Е)15-16
37. 8 күндік мерзіміне жетіп туылған нәрестені босану бөлімінен шыққан соң екінші күнінде патронажды мейірбике қарап тексерді. Оның физикалық дамуын жасына сай деп бағалады.

Бұл қорытындыны негіздеуге нәрестенің қандай дене салмағы негіз болды?

+А)Туылған кездегі салмағына сай

В)100,0 г салмақ жоғалтқан

С)200,0 г салмақ жоғалтқан

D)100,0 г салмақ қосқан

Е.)200,0 г салмақ қосқан
38. Перзентханада шала туылған бала алғашқы күндері электр жылытуы бар керуетте жатқызылған. Таңертең дене температурасын өлшегенде оның 38,40С-ке дейін жоғарылағанын байқаған.

Қандай себептен кейін баланың температурасы жоғарылаған?

A) Инфекция

В)ОЖЖ-ның перинаталды зақымдалуы

+С) Жылу берудің бұзылуы

D)Қатерлі гипертермия

Е)Егуден кейін
39. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен.

Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?

А) Крипторхизммен туылған нәресте

В)Жетіліп туылған нәресте

+С)Шала туылған нәресте

D)Тым жетілген нәресте

Е) Жетілген аз салмақты нәресте
40.Перзентханада кесар тілігімен 33апталық нәресте, 1700грамм салмақпен дүниеге келді. Нәрестеде шала туылудың қай дәрежесі?

А) І дәреже

В)ІV дәреже

С)V дәреже

+D) IІ дәреже

Е)III дәреже
41.Перзентханада кесар тілігімен 29апталық нәресте, 1450грамм салмақпен дүниеге келді. Нәрестеде шала туылудың қай дәрежесі?

А) І дәреже

В)ІV дәреже

С)V дәреже

D) IІ дәреже

+Е) III дәреже
42.Балалар ауруханасына неонатология бөліміне 3апталық ұл бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: әлсіз, мазасыз, ему кезінде көгереді және тез шаршайды, салмақ қосуы төмен болған. Анасы 7апталық жүктілік кезінде тұмаумен ауырған. Қарағанда: жүрек ұшының солға қарай ығысқаны айқын байқалады. Перкуссияда: жүрек көлемінің үлкейген. Аускультацияда: І тон дыбысы әлсіз, шоқырықты ырғақтың, солғын систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: QRS комплексі вольтажы төмендеген, Т тісшесінің инверсиясы , SТ сегментінің депрессиясы. Дәрігердің диагнозы?

А) Жатырішілік инфекция

В)Туа пайда болған жүрек ақауы

С) Туа пайда болған кардит+

D)Нәрестелік пневмония

Е) Нәрестелердің гемолитикалық ауруы
43.Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дуниеге келді. Бойы 44 см, салмағы 2300г. Қарағанда: терісі қоңыр қызыл,денесінде үлпілдек жүндері бар, тері асты майлары мардымсыз, кіндігі төмен орналасқаны және ему рефлексінің анықталмауы байқалған.

Неонотолог қандай диагноз қойды?

А) Дермотитпен туылған нәресте

В) Жетіліп туылған нәресте

С) Гидроцефалиямен туылған нәресте

D) Шала туылған нәресте+

Е) Тым жетіліп туылған нәресте
44. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен.

Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?

А) Крипторхизммен туылған нәресте

В)Жетіліп туылған нәресте

C)Шала туылған нәресте+

D)Тым жетілген нәресте

Е)Жетілген аз салмақты нәресте
45. Қыз бала жүктіліктің 42 апталық мерзімінде кесар тілігімен туылды. Қарағанда:бас сүйектері қатты,жіктері жіңішке,еңбектері кішкентай,терісі құрғақ,тері асты майлары шытынап, жартылай түлеген, алақаны,табаны жем болып сорылған, қол-аяғы «моншалы»,су аз,ұрық маңы суы ашық түсті. салмағы 4000 г,бойы 56 см. Неонатолог нәрестені қалай бағалады?

А) Жетілген нәресте

B) ІІ ші дәрежелі тым жетілген нәресте

С) ІІ ші дәрежелішала туылған нәресте

D) І ші дәрежелі тым жетілген нәресте+

Е) І ші дәрежелі шала туылған нәресте.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


написать администратору сайта