Главная страница
Навигация по странице:

  • 97.Созылмалы дискоидты эритематоз.

  • 99.Мерездің превентивті емі.

  • 00. Еркектерде жаңа соз. Емдеу критерийлерін жүргізу.

  • Емі

  • 101.Қызғылт безеу.

  • ДЕРМА ЭКЗАМЕН ЖАЗБАША. 1. Эпидермис рылымы


    Скачать 1.09 Mb.
    Название1. Эпидермис рылымы
    Дата08.05.2021
    Размер1.09 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДЕРМА ЭКЗАМЕН ЖАЗБАША.docx
    ТипДокументы
    #202607
    страница13 из 15
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

    Пайда болу себептері


    Дерттің пайда болуына терінің микротравмалары қолайлы жағдай туғызады. Олар арқылы саңырауқұлақтың тасымалдаушысымен (үй жануарларымен, науқас адамдармен) қарым-қатынас жасау кезінде саңырауқұлақ теріге енеді. Саңырауқұлақтың түріне байланысты, дертті жұқтырғаннан бастап, аурудың алғашқы көрінісінен бастап 5 күннен 2 айға дейін уақыт өтеді. Алғашқы кезде теріде ұсақ түйіндерден, көпіршіктерден және қабыршықтардан құралған валик түріндегі дөңгеленген айқын шеттері бар, қабыну дақтары пайда болады. Ошақтар бір-бірінің ішіне орналасқан бірнеше сақина сияқты болуы мүмкін. Бастың шаш аймағындағы ошақтардың көлемі үлкен, ошақтағы шаштар 6-8 мм деңгейінде сынып, ақшыл-сұр қабықпен жабылған. Мұндай кезде қас пен кірпіктердің түсуі де жиі байқалады.

    Емі мен алдын алу жолдары


    Терінің зақымданған ошақтарын йод тұнбасымен сүртіп, одан кейін күкірт- қарамай, салицил майларын жағады. Бастағы шашты қырып тастау қажет. Шашты алып тастағаннан кейін, таңертең йодтың 5 % ерітіндісін, кешке - 5% салицил майын жағады. Басты күнделікті жылы сабынды сумен жуып тұру керек. Жұқпалы ауру болғандықтан, оны міндетті түрде стационарда емдеу керек. Науқас пайдаланған жеке заттарын өзге адамға ұстауға және пайдалануға тиым салынады 

    96.Созылмалы қызыл жегі түрлері (эритематоза)

    Созылмалы: рецидивтеуші полиартрит, дискоидтық жегі синдромы, Рейно синдромы, Верльгоф синдромы, Шегрен синдромы. Соозылмалысында тері ғана емес, сонымен қатар ішкі органдар да зақымданады.

    Қызыл жегі адам денесінің кез келген жерінде (ауыз қуысында, ерінде, кеудеде, шаш арасында, т.б.) пайда болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін жері беттің шығыңқы бөлігі. Алғашқыда қызғылт, қызыл түсті дақтар пайда болады да, бірте-бірте қосылып, мүйізді қабыршақтанған инфильтратты эритематозды табақшалар дамиды. Қабыршақты сыдырып алғанда өсінділер және фолликула сағасы көрінеді (фолликулярлы гиперкератоз). Қызыл жегі түскен жердің ортасы тыртықтанып, оның айналасы шамадан тыс қабыршақтанып (гиперкератоз), шеті қызарып тұрады. Қызыл жегімен 20 — 40 жас аралығындағы әйелдер жиі ауырады. Алғашқыда дене қызуы көтеріліп, буын сырқырайды. Қышу және ашу сезімі байқалады. Науқас адамда әлсіздік, ұйқысыздық, тершеңдік байқалады, жүрегі айниды. Ауру асқынғанда жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйелері мен бүйрек жұмысы бұзылып, адамның өліп кетуі де мүмкін. Емді тек дерматолог белгілейді. Ауру диспансерлік бақылауға алынады.

    97.Созылмалы  дискоидты  эритематоз.Қызыл  жегі  –  дәнекер  тінінің,ішкі мүшелердің және терінің бұзылысымен жүретін ,айқын фотосезімталдықпен көрінетін аутоиммунды ауру.Бұл аурудың жүйелі және дискоидты түрлері бар. Дискоидты  қызыл  жегі  –  созылмалы  ауру.Аурудың себебіне  ультракүлгін  сәуле ,антибиотиктер,стрестік жағдайлар , вакциналар,  сарысулар қолдануымен  байланысты,аяз,ұзақ  уақыт  күн  астында  болу, жел, дәріге сезімталдық. Дискоидты қызыл жегінің негізгі көрінісі болып 3 белгі табылады:эритема,фолликулярлы гиперкератоз,атрофия.Ашық тері аймақтарында қабыршақтанған қызыл дақтар жылдам пайда  болады  және  айқын фото  сезімталдық  болады.Ошақтар адам денесінің ашық бөлігінде,  бетте, мандайда,  әсіресе  мұрнында,  құлақ  қалқанында орналасады.  Бөртулер  симметриялы  да,біржақты да орналасуы мүмкін.Дискоидты  қызыл  жегінің  алғашқы  көріністеріне  айқын алқызыл  түсті  қабыршақтанатын  дақтар  жатады.Кейіннен олар ұлкейіп, беті  ақшыл-сұр  түсті  қабыршақтар  пайда болады. Ошақ, мүйізді тығызданған қабыршақтармен жабылған эритематозды қатпарларға айналады.Қатпарлар бір-бірімен қосылып,  ақшыл  қабыршықтармен  көмкерілген эритематозды-инфильтративті  ошақтарға айналады.  Қабыршықтарды  алып  тастаған кезде төменгі бөлігінде шаш фолликуласы мен тері бездерінің арнасына еніп  тұратын  мүйізді  тікендерді  көруге  болады  («канцелярлық  нүкте»  белгісі«әйел  тақасы» ).  Қабыршықтарды  сылып тастағанда ауырсыу сезімі туындайды  (Бенье-Мещерский симптомы). Ажырату  диогностикасы дерматоздармен,  жүйелі  қызыл жегімен,  полиморфты  фотодерматозбен,  псориазбен, медикаментозды   токсидермиямен,  жүргізіледі.Жүйелі  қызыл жегінің  дискоидтыдан  айырмашылығы,  фолликулярлы  кератоз болмайды,  ал   атрофия  болмашы  ғана  болады.  Жүйелі  қызыл жегіде артралгия, полисерозиттер, эндокардит, ОНЖ зақымдалуы, ауыр  васкулиттер  болады.Емі Дискоидты  қызыл  жегінің  базисті  емі  болып  хинол препараттары  табылады:  гидроксихлорин  тәулігіне  0,2  г-нан  2рет. Бұл  препараттардың фотоқорғаныштық  қасиеті  бар,  ДНК  мен  РНК полимеризациясының  алдын  алады  және  антидене  және иммундық кешен түзу реакциясын басады.Дискоидты  қызыл  жегінің  онша  үлкен  емес  ошақтарын делагилдің  5%  ертіндісімен  аптасына  1-2  рет  (бір  процедураға  2 мл-ден  артық  емес)  айналдырып  егеді.  Өте  айқын  білінетін гиперкератикалық қосарланулар байқалғанда, криотерапия немесе аргонды  лазер  қолданылады.  Науқас  күнді,  суық,  желді  күндері ашық ауаға шығудан бас тартуы керек; ашық ауаға шықпастан 30 минут  бұрын  терісінің  ашық  аймақтарына  жоғары  дәрежелі фотоқорғаныштық әсері бар  кремдер жағуы қажет.  Тиімді,  ұзын  жеңді,  мойнына  орамал  жауып,  дөңгелек қыры  бар  қалпақ,  сияқты  киімдер  кигені  жөн.  Науқастарға, құрамында  тертрациклин,  сульфаниламидтер,  диуретиктер, стероидты  емес  қабынуға  қарсы  әсерлі  дәрілер,  бета-адреноблокаторлар,  кородарон,  гидрализин,  изониазид, эстрогендер  және  контрацептивті  және  басқа  дәрілер  бар жақапамайлар күн сәулесінің әсерін артыратын жеткізу керек. 

     98.Псориаз. Диагностикасы.Псориаздың диагностикасы кезінде негізгі белгілер болып псориаздың үштік феномені  және изоморфты  реакцияны,  немесе  Кёбнер симптомын  жатқызады.Үштік феноменіне жатады : Псориатикалық  папуланы  тырнаған  кезде бастапқыда  көп  мөлшердегі жылтыр,  ақшыл-күміс  түсті  қабыршақтану көрінеді  («стеаринді  дақ»  феномені),  қабыршақты  сылғаннан соң  кейін  жылтырап  беті  ылғалды  болып көрінеді(терминальді  немесе  псориаздық  пленка  феномені),  одан әрмен тырнаған кезде тамшылап  қан  ағады  –  тамшылап  қан  ағу феномені немесе «қанды шық».Псориазда Кёбнер белгісі (изоморфты  реакция)  терінің  химиялық немесе механикалық  тітіркендіргіштерге  жанасқан кезде  (тырнау,  егу, жарақат, сүйкену, сәулелену, күйіктер және т.б.) теріде псориаздық  бөртпелердің  дамуымен көрінеді.  Тері жарақатынан соң изоморфты реакция пайда болғанға шейін  7-9 күн өтеді,кей жағдайларда  одан ерте (3 күн) немесе одан кеш (21 күн) пайда болуы мүмкін.

    Псориаз  байқалатын  науқастарда  тырнақ  ұялары  «оймақ, «майлы  дақ»,  «тырнақасты  гиперкератоз»,  тырнақ пластинкасының деформация байқалуы мүмкін

    98.Псориаз. Диагностикасы.

    Псориаз - бұл кең таралған терінің қызауымен және тітіркенуімен көрінетін тері ауруы. Псориазбен ауыратын көптеген адамдарда терісінің қалыңдауы, қызаруы және теріде қатпарланған қабыршақтанған ақшыл-жылтыр дақтар пайда болады.

    Псориаз өте кең таралған. 15-35 жас аралығында өте кең таралған кез келген адам ауруы мүмкін. Сіз псориазды біреуден жұқтырып ала алмайсыз және айналаңызға жұқтыра алмайсыз. Псориаз тұқымқуалау арқылы беріледі. Дәрігерлер аутоиммунды ретінде санайды. Иммундық жүйе қателесіп, ағзаның сау тіндерін бұзып қабынуын шақырады. Терінің қалыпты жасушалары терінің терең қабатында өсіп бір ай ішінде оның беткейіне көтеріледі. Псориазда бұл үрдіс өте тез жүреді. Өлген жасушалар терінің беткейінде жинақталады. Төменде көрсетілген факторлар псориаздың асқынуына немесе емінің қиындауына алып келеді: Бактериалді немесе вирусты инфекция, соның ішінде жоғарғы тыныс жолдарының жіне тамақтың стрептококкты инфекциямен қабынуы Құрғақ ауа және құрғақ тері Тері зақымдануы соның ішінде кесіп алу, күйік, жәндіктердің шағып алу Кейбір дәрілік препараттар, малярияға қарсы, бета-блокаторлар, литий препараттары Стресс Күн сәулесі әсерінің жеткіліксіздігі Күн сәулесінің әсеріне ұшырау (күн өту) Алкоголді шектен тыс пайдалану   Псориаз иммунитеті төмен адамдарда өршуі мүмкін. Бұл келесі факторлармен байланысты болуы мүмкін: АИТВ Аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит секілді) Онкологиялық аурулар болуына байланысты химиотерапия Кейбір адамдарда псориазбен бірге артрит дамуы мүмкін (псориатикалық артрит).  

    Симптомдары Псориаз кенеттен пайда болып баяу дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жоғалып кетіп, кейін қайтадан пайда болуы мүмкін. Аурудың негізгі симптомы болып тітіркену, қызару және терінің қабыршақтануы саналады. Терінің қабыршақтанған аймағы ең жиі шынтақта, тізеде және дененің орталық бөлігінде орналасады. Бірақ дененің барлық бөлігінде кездесуі мүмкін, сонымен қатар бас терісінде. Тері болуы мүмкін: Қышу Құрғақ және жылтыр қабыршақпен жабылған Күлгін-қызыл түстес (ласос түсі) Рельефті және қалыңдаған Басқа симптомдарына жатады: Ерлердегі генитальді жаралар Буындағы ауру сезімі Тырнақтың өзгерісі, тырнақтың қалыңдауы, сары-қоңыр түстес болуы, тырнақтың ойыс немесе тері үстінен жоғары көтерілуі Бас терісіндегі қайызғақтар

    Псориаздың негізгі 5 түрі бар: Эпидермалық- көп аймақты алып жатқан терінің өте интенсивті қызаруы; Тамшытәріздес- теріде қызыл-күлгін дақтардың болуы Төңерілген –терінің қызаруы және тітіркенуі қолтық асты шұңқырында орналасады. Тері қатпарларында және шап аймағында Қабыршақтанған- қалыңдаған, қызыл аймақ , ақшыл-жылтыр қабыршақтармен. Бұл псориаздың ең көп таралған түрі. Пустулезді-ақ күлбіреулер, терінің қызарған және тітіркенген аймақтарымен қоршалған.

    Тексеру Дәрігер немесе медбике жиі жағдайда теріге қарау арқылы диагностикалай алады. Кейде терінің басқа да ауруларын жоққа шығару үшін терінің биопсиясы жасалады. Егер сіздібуын аймағындағы ауырсыну мазаласа дәрігер сізге рентген зерттеуін тағайындауы мүмкін.

     99.Мерездің превентивті емі.

    Мерездің превентивті емі дегеніміз- ауру адаммен байланыс 2 айдан аспаған жағдайда,аурумен жыныстық немесе тығыз тұрмыстық қатынаста болған адамдарға жүргізілетін антимикробты терапия яғни алдын-алу немесе болдырмау мақсатында жүргізілетін ем.Оларға ең алдымен лабараториялық зерттеу шаралары жүргізіледі:Серологиялық,қан сарысуындағы бозғылт трепонема мен РПГА және ИФА(иммуноглобулиндерді М және G анықтау.)

    Антибактериальды препараттар:бензатин,бензилпенициллин,цефтриакцон,доксициклин және қосымша 15 стол.Профилактикалық шаралар:Ем алған соң 6 ай диспансерлік бақылауда болу,жыныстық қатынасқа түскен серігін зерттеу және емдеу,без берекет жыныстық қатынасқа түспеу және процесс барысында қорғаныс шараларын сақтау. 

    99.Мерездің превентивті емі.

    Мерездің алғашқы сатыларымен ауыратын науқастармен тығыз
    қатынаста болған адамдардың мерезбен ауырмауы үшін алдын ала
    превентивті (ескертпе) ем жүргізіледі.
    Мерезбен ауырған немесе ауырып жүрген екі қабат әйелдерге
    және олардан туған балаларға алдын алу емі жүргізіледі.
    Емді бастау алдында пенициллин препараттарын қалай
    көтерітіндігін анықтап, оны дәрігерлік құжаттарға жазып қою керек.
    Сонымен бірге, пенициллин ерітіндісін бірінші рет, ал дюрантты
    препараттарды әр бір рет егудің алдында 30 мин бұрын гистаминге
    қарсы дәрілердің бірін беру керек.
    Мерездің ерте сатыларымен ауыратындармен жыныстық немесе
    тұрмыстық жағдайда тығыз қатынаста болғандарға немесе қатынаста
    болғанына 2 айдан аспаса ескертпе ем жүргізіледі.
    Емді амбулаторлық жағдайда бициллин – 1.3 немесе 5 ті
    қолдануға болады. Бициллин – 1 – 1 200 000 бірліктен, бициллин – 3 -1
    800 000 бірліктен, бициллин – 5 – 1 500 000 бірліктен аптасына 2 рет,
    барлығы 4 рет егу керек.
    Егер ауруханада жатып емделу мүмкіндігі болса ескертпе ем үшін
    пеницилиннің натрий немесе калий тұзын әр 3 сағат сайын 400 000
    бірліктен тәулігіне 8 рет, 14 күн бойы егуге болады. Пеницилиннің
    новокаин тұзын тәулігіне 2 рет 600 000 бірліктер 14 күн егуге де болады.
    Мерезбен ауырған адаммен қатынаста болғанына 2 айдан 4 айға
    дейін уақыт өтсе, онда ол арасына 2 ай салып 2 рет клиникалық және
    серологиялық тексеруден өтуі қажет. Егер қатынаста бол,анына 4 айдан
    асса, онда ол бір рет клиникалық және серологиялық тексеруден өту
    керек. Егер қан құйылған уақыт 3 айға дейін созылса, мерезбен
    ауыратын адамның қаны құйылған кісіге ескертпе ем мерездің
    серопозитивтік немесе екінші кезеңінің алғашқы сатысында
    қолданылатын тәсілдердің бірінің үлгісінде жүргізіледі.
    Егер бұл уақыт 3 айдан 6 айға дейін созылса, онда реципиент
    арасында 2 ай салып екі рет клиникалық және серологиялық тексеруден
    өтеді. Қан құйылған уақыттан 6 ай өтіп кеткен жағдайда клиникалықсерологиялық тексеру бір рет жүргізіледі

     100. Еркектерде жаңа соз. Емдеу критерийлерін жүргізу.

    Жергіліктенген  гонококктық  инфекцияда  келесі  берілген дәрілердің бірін қолданады:

    –         цефтриаксон – 250 мг бір рет бұлшық етке;– ципрофлоксацин – 500 мг бір рет ішкізеді;– офлоксацин – 400 мг бір рет ішкізеді;– спектиномицин – 2,0 г бір рет бұлшықетке.Жүйелі  көріністі  гонококктық  инфекцияда  келесі көрсетілген  дәрілердің  бірін  7  тәуіліктен  кем  емес  мерзім қолданады:

    Басқа алгоритм қолдануға да болады (ем 14 күнге созылады): басталған  емді  24-48  сағат  бойына  жалғастырады,  клиникалық белгілері  жақсарған  соң,  келесі  берілген  дәрілердің  бірін  ішуге береді:

    – ципрофлоксацин – 500 мг-нан әр 12 сағат сайын ішкізеді;

    – офлоксацин –  400 мг-нан әр 12 сағат сайын ішкізеді.

    Патогенетикалық,  белгілеріне  сәйкес  ем  жалпы  белгілеріне және  топикалық  диагнозға  сәйкес  жүргізіледі.  Науқасқа жыныстық  қатынастарда  презерватив  қолдану  қажет  екендігі туралы ақпарат беру керек (толық жазылып кеткенше).  Белгілері байқалатын  барлық  науқастардың  соңғы  14  күндегі  жыныстық партнерлері  міндетті  түрделі  тексеріліп,  зерттелуі  керек  немесе қатынас  ертеде  болған  болса,  соңғы  жыныстық  партнерін тексеріп,  емдеу  қажет.  Гонореямен  ауыратын  науқаста  дертің белгілері  болмаса  соңғы  60  күндегі  барлық  жыныстық партнерлері тексеріліп, емделеді. Урогенитальды  хламидиоз  диагностикалық  зерттеу  мүмкін болмаса,  гонококктық  инфекцияны  емдеудің  барлық  жобасын (сызбасын)  хламидияға  қарсы  еммен  қосып  жүргізу  қажет болады.  Ең  таңдамалы  препарат  –  азитромицин  (сумамед): жергіліктенген  гонококкты  инфекцияда  –  1,0  г  бір  рет  ішкізеді; жүйелі көріністе – 1,0 г-нан 1-ші , 7-ші , 14-ші күндері.Инфекциялану  ошағы  анықталман  жағдайда  сифилиске серологиялық зерттеуді 3 айдан, АИВ, В және С гепатиттерге 3-және 6-айдан кейін қайталау ұсынылады.Гонококтық  инфекциядан  жазылу  критерияларын  анықтауды емді бітіргеннен кейін 2 және 14 күннен кейін жүргізеді.

    100. Еркектерде жаңа соз. Емдеу критерийлерін жүргізу.

    Еркектердің соз ауруы көбінесе несеп жолдарының зақымдануы түрінде дамиды (уретрит). Әдетте ауру 5—7 күнге созылған жасырын кезеңнен кейін басталады, кейде 1-ден 2—3 аптаға және одан да“көпке созылады.

    Аурудың үзақтығы 2 айдан аспаса “жаңа соз”, 2 айдан асып кетсе—"созылмалы соз" деп аталады.

    Аурудың қашан басталғаны анықталмаса және клиникалық белгілері мардымсыз болса созылмалы созға жатқьізады. Жана басталған созда да, созылмалы түрінде де субъективтік белгілері болмағанмен әрқашан обьективтік клиникалық белгілері бар. Дегенмен еркектер кейінгі кезде жыныс-несеп мүшелерінде гонококктар болганымен аурудың ешқандай объективтік немесе' субъективтік белгілері, жоқтығына жиі кездесіп жур. Мұндай жағдайда «жасы рын соз» немесе «гонококк иегері» деп есептеуіміз керек.

    Сонымен,еркектердің несеп-жыньіс мүшелерінде болатын соз ауруынын мынадай түрлері бар: Жаңа басталған соз: а) жедел соз, б) жеделдеу соз, в) баяу, торпидтік соз.

    2) Созылмалы соз.

    3)Жасырын соз.

    Несеп-жыныс мүшелерінің кез келген соз ауруы жергілікті немесе алшақтық (метастатикалық, септикалық) асқындырулар тудыруы мүмкін.

    Емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер беру; иммунотерапия, физиотерапия тағайындалады. Ауру қайталанбау үшін жеке бастың гигиенасын сақтап, диета ұстау қажет; науқас адам арнайы ауруханада емделіп, дәрігердің ба

    101.Қызғылт безеу. Розацеа (қызғылт безеу) – беттің қызарып ісінуімен сипатталатын, терінің созылмалы ауруы. Сондай-ақ, оның сыртқы түрі безеуге ұқсас ісіктің және жараның пайда болуымен көрініс береді.

    Бұл ауру жиі 40-тан асқан әйелдерде, сондай-ақ асқазан-ішек жолының  созылмалы  ағымды  патологиясы  бар  науқастарда кездеседі.Ауру  патогенезінде  асқазан-ішек  жолдарының  патологиясы,  гипертензия,  генетикалық бейімділік, әсіресе терісінің жұқа және ақ болуы маңызды рольге ие.  Қызғылт  безеу  патогенезінде  осы  ауруда  өте  жиі  кездесетін кенелер   де  белгілі-бір  роль  атқарады. Элементтер  көбіне  ұрт,  мұрын, маңдай, иекте орналасады, конъюнктива зақымдануы мүмкін. Көз зақымдануы  жарықтан  қорқу,  конъюнктивит,  кератитпен көрінеді.Ауру  сәл  эритемадан  басталып,  ащы  және  ыстық  тамақ, алкоголь  сусындарын  ішкеннен  өрши  түседі.  Содан  соң  эритема тұрақтанады,  шеттеріне  қарай  әлсіз  көрінетін  көкшіл-қызғылт түске  енеді.  Телеангиоэктазиялар  (эритематозды  саты  немесе розацеа)  пайда  болады.  Көбіне іркілген  эритема  фонында ортасында  біршама  уақыттан  кейін пустула  түзілетін  тығыз консистенциялы  кішкене  түйіндер пайда  болады  (папуло-пустулезді сатысы)  Түйіндер қосылысуынан  бет  терісі  бұдыр бейнеде  болады.  Процесс  мұрында  орналасса,  жұмсақ консистенциялы  ісік  тәрізді  түзіліс  түзілуі  мүмкін.  Олардың  Қызғылт безеулер үстіндегі  тері  күлгін  түсті.  Арасынан  басқанда  майлы  зат (ринофима,  не  томпақ  тәрізді  мұрын)  сыртқа  бөлініп  шығатын шаш  қапшықтары  қызарып  тұрады.  Кей  науқастарда  тұрақты папулезді  элементтің  диаскопиясы  кезінде  туберкулезді  жегі (люпоидты  розацеа)  “алма  желесін”  симптомын  еске  түсіретін сарғыш түс табылады. Розацеа  тек  қабақты  ғана  емес  көзді  де  зақымдауы  мүмкін, сондай-ақ  блефарит,  конъюнктивит,  кератит  те  тудырып,  тіпті соқырлыққа әкелуі мүмкін.Диагностикасы.  Дискоидты  қызыл  жегі,  периоральді дерматит,  кәдімгі  безеулерден  ажырату  қажет.

     Күн көзінде жүруден сақтаныңыз. Күнделікті күннен қорғайтын арнайы крем пайдаланыңыз.

    • Күннің ыстық кезінде аса белсенілікпен қимылдамаңыз.

    • Стресстен сақтаныңыз. Терең тыныс алып, йогамен айналыссаңыз болады немесе басқа релаксация түрімен шұғылданыңыз.

    • Тәтті тағамдарды, алкогольді және ыстық сусындарды тұтынудан тыйылыңыз.

    Ауруды асқындыратын басқа да фактор түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: жел, ыстық ванна, суық ауа райы, косметикалардың кейбір түрлері, дене шынықтыру.

    • Таблетка түріндегі антибиотиктер(мысалы, тетрациклин, миноциклин, доксициклин)

    • А витаминіне ұқсайтын басқа дәрілер (Изоретинол және Аккутан) барынша күшті дәрілер болып табылады

     101.Қызғылт безеу.
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


    написать администратору сайта