Главная страница
Навигация по странице:

  • 33. Ит емшек Гидраденит

  • 35. Екінші балғын мерез Этиологиясы

  • 37. Стрептококкты импетиго. Клиникалық ерекшеліктері, эпидемиологиясы, емдеуі

  • 38. Рубромикоз. Этиологиясы

  • 39. Мерезді диагностикалаудағы серологиялық реакциялардың маңыздылығы.

  • 41. Қотыр, клиникасы, диагностикасы, емдеуі, алдын алуы.

  • Қотырдың клиникалық түрлері

  • Сквамозды-гиперкератотикалық түрі.

  • ДЕРМА ЭКЗАМЕН ЖАЗБАША. 1. Эпидермис рылымы


    Скачать 1.09 Mb.
    Название1. Эпидермис рылымы
    Дата08.05.2021
    Размер1.09 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДЕРМА ЭКЗАМЕН ЖАЗБАША.docx
    ТипДокументы
    #202607
    страница6 из 15
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

    32. Еркек созы. Қоздырғышы, жұғу жолдары. 48ДЕ БАР

    Гонорея – жыныс жолымен берілетін және нейссерия тұқымдастығының гонококктарымен шақырылатын инфекциялық ауру. Қоздырғышы – гонококк – грамтеріс бұршақ тәрізді диплококк, ұзындығы 1,25-1,6 мкм және еңі 0,7-0,9 мкм. Гонококктар барлық анилинді бояғыштармен боялады. Негізгі жұғу жолы – жыныстық жол. Жыныстық емес жұғу жолы (науқастпен бір төсек орынның, зәрге отыратын түбектің, жеке бас гигиенасы заттардың болуы) балаларда жиі кездеседі.

    33. Ит емшек

    Гидраденит- орталық некротикалық серіппесі жоқ апокринді бездердің іріңді қабынуы.

    Этиологиясы: алтын түстес стафилококкпен түзіледі.

    Клиникасы:Шамалы қышу байқалады, содан соң тері асты шел майында, инфильтрат аймағында аурсыну байқалады. Инфильтраттың үстінде (үлкен түйін немесе бірнеше түйін түрінде) терінің қызаруы байқалады да, іріңдік (абсцесс) қалыптасады. Олрадың ортасында флюктуация белгіленіп, жақында олар жарылып, қою, жасыл-сары ірің бөліне бастайды. Содан соң қабыну көрінісі азайып, инфильтрат біртіндеп сорылып кетеді. Гидрадениттың даму шыңында дене қызуы көтеріліп, дәмкәстік байқалады. Эволюциясы 10-15 күн жүреді, кейде созылып кетеді.

    Емі: Өте асқынып кеткен жағдайда субпекторальдық флегмонаның даму қаупi бар. Бiрiншiлiк инфильтрат кезінде, бiрiншi сағаттарда ылғалды тез кептiретiн жартылай спирттi таңғыштар тағайындалады. Бұл кезеңде лимфатропты антибиотиктермен 3-5 күн аралығында емдесе нәтижелi болады. Түзiлген абсцесс кезiндегi операцияда iрiңнiң инцизиясы және эвакуациясымен шектелмеу керек. Қуысқа Фолькман қасығымен хирургиялық кюретаж жасалу керек. Рецидивті ағымы кезінде хирургиялық ем екi этапта жүргiзiлу керек.

    34. Табан микозы(клиникалық түрі, емдеу, және алдын алу)

    Этиологиясы: көбінесе: T.rubrum, сирекTr.mentagrophytesinterdigitale,T. Interdigitaleқоздырғыштарыменшақырылады.

    Клиникасы:

    1. сквамоздыформасы:қабыршақтану, аздағанқышуболады. Екіншіаяққаөтуімүмкін. Клиникасыайқынболмағандықтанқауіпті.

    2. интертригиниоздыформасы: жиісквамоздытүрініңжалғасыболыпдамиды. Жиі4-5 башпай арасы қыртысынан басталады. Жарылу, сулану, қышу, ауырсыну дамиды.

    3. дисгидротикалықформасы: 2-8 мм көпіршік пайда болады. Олар көпкамералы көпіршік түзейді. Инфекция қосылса, көпіршік лайланады. Лимфангит, лимфаденит дамуы мүмкін.

    4. гиперкератотикалық формасы: құрғақ тегіс папулалар, қызыл-сары қатпарлар байқалады. Қабыршақпен қосарланады. Бірең сараң көпіршіктер бар. Бөртпелер үлкен ошақ құрайды, гиперкератотикалық құрылымдар кездеседі.

    T. interdigitale-мен шақырылатын табан микозында қабыну көріністерімен бірге жүреді, экземаға ұқсас келеді.

    Емі:

    Шамалы білінетін түрі: циклопирокс (батрафен), бифоназол, нафтифин, фунготербин, залаин бар ертінділер, спрейлер, кремдер, жақпамайлар.

    Сквамозды-гиперкератотикалық түрі: Мүйізделген қабаттарды жою үшін табанға 5, 10 немесе 15% салицил вазелинін тәуілігіне 1-2 рет (түнге май сормайтын қағаз астына) мүйізді масса толық жойылып кеткенше қолданады.

    Интертригинозды түрінде – спрей ламизил, травокорт, мырышты паста қолданылады.
    35. Екінші балғын мерез

    Этиологиясы:Treponema

    Екіншілік жаңа мерезде сифилидтер кішірек, көп мөлшерде, ашық түсті, симметриялы түрде негізінен дене терісінде орналасады, қосылуға және топтасуға бейімділігі жоқ және қабыршақтанбайды. Науқастардың 22-30%-нан қатты шанкрдың қалдығы мен регионарлы лимфаденитті табуға болады. Онымен қоса, полисклераденит айқын болады. Полиаденит екіншілік жаңа мерездің 88-90% кездеседі.

    Дақты сифилид (мерездік розеола) – екіншілік жаңа мерездегі ең жиі болатын терінің зақымдалуы.

    Розеолалар біртіндеп пайда болады, күніне 10-12 элементтен шығады, және 7-10 күннің ішінде толық дамиды, Ұзақ уақыт шығып тұрған розеоланың үстінен басқан кезде қызғылттың орнында сарғыш бояу қалады, ол эритроциттердің ыдырауы мен гемосидериннің жинақталуымен түсіндіріледі. Екіншілік жаңа мерезде розеолалар ретсіз, бірақ симметриялы және фокусты орналасады. Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады.Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен ауыратын науқастарда дамиды.

    Емі: Бензатинбензилпенициллин, доксициклин, цефтриаксон. Флуконазол, пиридоксин.
    36. Жүкті әйелдерде мерезді емдеудің ерекшелігі

    Егер баланы қалдырамын десе, жүктілік 28 аптадан асса онда, ем осы екі этапта жүргізіледі:

    1. Спецификалық ем: диагноз қойылған күні жүргізіліп басталады. Кристалды натрий тұзы пенициллинімен емді бастайды. Немесе бензилпенициллиннің новокаин тұзымен. Егер пенициллинге аллергиясы болса, онда ампициллин, цефтриаксон қолданады.

    2. профилактикалық ем: жүктіліктің 20 аптасынан кейін бірден жүргізіледі.ем ұзақтығы 10 күнді құрайды.
    37. Стрептококкты импетиго. Клиникалық ерекшеліктері, эпидемиологиясы, емдеуі.

    Қызарған ісіңкі негізінде үстірт орналасатын құрамында серозды сұйықытығы бар (фликтена) әлсіз қақпақшалы фолликулярлы емес қуысты элемент.

    Клиникасы: кішкене қызыл дақ түзіліп, бірнеше сағаттан соң бетінде көлемі 1- ден 2-3 см ге дейін көпірікше пайда болады. Аз уақытта кернеген көпіршіктер жарылып, салбырап қалады, мөлдір сұйықтығы іріңдіге, кейде геморрагиялыққа айналып, жұқа қоңып қабыршаққа дейін құрғайды.

    Жиі орналасады: бет, дене мен аяқ бүйірі терісінде.

    Клиникалық түрлері: буллезді, сақина тәрізді, езу импетигосы, беттің жай теміреткісі, беткей күбіртке, интертригинозды стрептодермия немесе стрептококктық баздану және мерез тәрізді не эрозиядан кейінгі түйіншекті импетиго.

    Емі:Пенициллиндер : ампициллин (0,25-0,5 г 4-6 рет ) оксациллин, метиллицин. Метациклиннің натрилийлік тұзын бұлшық етке 0,5-1,0 ден 6 сағат сайын 5 күн. Аминогликозидтер ( неомицин, канамицин, гентамицин )
    38. Рубромикоз.

    Этиологиясы:T. rubrum, T. purpureum қоздырғыштарымен шақырылады.

    Клиникасы:

    Жайылмалы форма: Рубромикозбен ұзақ ауырған адамдарда кездеседі;Алдымен теріде алқызыл түсті дөңгелек формада болады, кейіннен түсі өзгереді.Тері де қатты қышыну сезімі болады;

    Эритематозды-сквамозды (беткей) форма:Ошақ дененің кез келген бөлігінде кездеседі; Сырттай қараған кезде экземаға, атопиялық дерматитке ұқсайды; Қышыну сезімі; Жаз, көктем мезгілінде ауру өршиді;

    Фолликулярлы-түйінді (терең) форма:Бөртпе бөкседе, арқада, тізеді орналасады; Бөртпе элементтері фигура түзеді; Түсі сары қызыл түсті;

    Емі: Гризеофульвин. Әр дене салмағына 16мг/кг: 1 ай бойы күн сайын, 2-3айларда арасына күн салып Лимизил(Тербинафин, Тербинокс). Тәулігіне 250 мг 1 немесе 2 рет. 2 аптадан 6 айға дейін Итраконазол(Споранокс). Тәулігіне 200 мг 2 рет бір апта қабылдайды.

    Емі (сыртқа қабылдау): Тырнақ зақымдалған жағдайдазақымдалған аймақты пилкаменалып тастайды. Тырнақпластинкасын спиртпен өңдейді.Сосын оған арнайы саңырауқұлаққақарсы лак жағады.Тері мен тырнақ зақымдалған болса:Нитрофунгин, Миконазол,Микозолон, Экзодерил. 2 аптадан 8аптаға дейін қабылдайды.
    39. Мерезді диагностикалаудағы серологиялық реакциялардың маңыздылығы.

    Мерез диагнозын анықтау және нақтылауда, әсіресе, аурудың кеш және латентті формаларында, клиникалық көріністері анық емес немесе жоқ болғанда қорытындыны серологиялық диагностика әдістері арқылы анықтайды. Тreponema Pallidum антиденелері:

    Тreponema Pallidum-ге антидене (антипаллидум антидене) —бозғылт трепонемамен күресі үшін ағзамен өндірілетін антиденелер. Оларға: IgM, IgA және IgG.

    Олар “серологиялық мерезді” анықтайтын қан белоктары: қанда немесе оның емінен кейінгі инфекцияның бар-жоқтығын көрсетеді.

    Серологиялық реакциялар қолданылатын антигенге байланысты трепонемалы және трепонемалы емес деп екіге бөлінеді. Трепонемалы емес тесттер антидене-реагиндерін анықтауға негізделген. Бұл реакцияларда антиген ретінде кардиолипинді антиген, жануарлар тектес жоғары деңгейде тазартылған липоидты компоненттерден тұратын қоспа: 0,03% кардиолипин; 0,27% лецитин, 10% холинохлорид ерітіндісіндегі 0,9% холестерин. Трепонемалы емес тесттерге кардиолипинді антигендерімен комплемент байланыстыру реакциясы, кардиолипинді антигендерімен микропреципитация реакциясы, плазмадағы реагиндерді тез анықтау реакциясы, реакция VDRL және т.б. қолданылады.

    Мерез өзінің асқынуларымен өте қауіпті. Оны болдырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Егер қауіпті жағдайлар білінсе, міндетті түрде дәрігер венерологке қаралып, дертті дер кезінде анықтау керек. Егерде тест немесе анализ «оң» нәтиже көрсетсе, уақытылы емделген дұрыс. Себебі, қазіргі кезде бұл аурудың ағзаға негативті зақымдануларсыз толық жазылуға мүмкіндік бар.
    40. Мерез қайталамалы екінші кезеңі.

    6-7 рет қайталанады. Екіншілік қайталамалы мерезде бөртпе элементтері ірілеу, аз мөлшерде, симметриялы емес, топтасуға бейім (фигура, гүлалқа, доға және т.б. түрінде), бозғылт түсті. Олар көбіне тітіркендірілетін аралықта, шап қатпарында, жыныс мүшелерінің кілегей қабатында, ауыз кілегей қабатында және т.б. орналасады. жиі (22% жағдайда) мономорфты папулезді бөртпелер болады. папулезді сифилид – екіншілік қайталамалы мерездің көрінісі болып табылады. Екіншілік қайталамалы мерезбен ауыратын науқастарда папулалар аз мөлшерде, сақина, гүл алқасы, доға, жартылй доға тәрізді топтасуға бейім және жыныс мүшелері айналасында, көтеншек аймағында, ауыз, алақан, табан терісінде орналасады.

    Екіншілік папулезді сифилидтердің мынадай формаларын ажыратады: псориаз тәрізді, тиын тәрізді, себореялық, алақан мен табан, ылғалданған, жалпақ кондиломалар және т.б. Мерездік алопеция екіншілік қайталамалы мерезге тән. Мерездік алопеция кезінде васкулит пен периваскулярлы инфильтрацияға негізделген, тамақтану бұзылысының нәтижесінде шаштың түсуі болады.

    Емі:Сифилистің емі хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

    Пайдаланылады:

    1. дюрантты препараттар: бензатин бензилпенициллин: экстенциллин, ретарпен және бициллин-1;

    2. орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин және пенициллин новокаин тұзы, бициллин-5;

    3. бензилпенициллиннің натрий тұзы.
    41. Қотыр, клиникасы, диагностикасы, емдеуі, алдын алуы.

    Қотыр Sarcoptes scabiei (Sarcoptes hominis) кенелерімен шақырылатын жұқпалы паразитарлы дерт.

    Әсіресе жиі жеке гигиеналық ережелерін сақтамайтын, тығыз (тар) жағдайларда тұратын адамдар ауырады. Жұғу ауру адаммен қатынаста болғанда (тікелей жұғу жолы) немесе науқастың инфицияланған жеке құралдарын қолданғанда (тікелей емес жолы) жұғуы мүмкін. Қотырды жұқтыру жыныстық қатынаста, бір төсек жабдықты, ортақ сүлгі, мочалка немесе киім қолданғанда, жұғуы мүмкін. Қотырмен ауыратын науқастардың көбі – балалар және 29 жасқа дейінгі жастар.

    Қотыр кенесінің көлемдері үлкен емес (0,25–0,35 мм) және нашар көрінеді. Кенелер дөңгелек формалы және сыртқы кескіні тасбақаға ұқсас келеді (36-сурет). Қотырлық жолдан бөлінген кене әйел жыныстыларының өмір сүру қабілеттілігі 5–15 күн бойына созылады.
    Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орта есеппен 8–12 күнді құрайды. Кененің теріге енген жерінде кішкентай көпіршік пайда болады. Ең бастысы және жиі қотырдың бірінші белгісі қышудың күшеюі, әсіресе бірден кешке және түнде науқас төсегіне жатқаннан кейін пайда болуы есептеледі.

    Жұп және шашыраған нүктелі түйінді – көпіршікті бөртпелену, қотырлық жол (сұр түсті штрих тәрізді үзікті сызықтар (пунктирлі линиялар) және теріні қасығаннан сызаттардың пайда болуы. Қотырдың орналасуы саусақаралық терінің қыртыстары, қол саусақтарының бүйір беткейі, кәріжілік-білезік буындарының бүгілу беткейі, білектің жазылу беткейі, шынтақ буыны, дененің алдыңғы бүйір беткейлері, қолтықасты ойығы, сүт бездері (емізік айналасы), іш, әсіресе кіндік айналасы, жамбас, бөксе, балтыр және ер адамның сыртқы жыныс мүшесінің айналасы – терінің жұқа мүйізгекті қабатының аймағында орналасады (37-сурет). Кейде шынтақ буындарының жазылу беткейінде папуло-везикулезді элементтермен жабылған құрғақ қабықтар, қабыршақтар (Горчаков–Арди симптомы) анықтауға болады (38-сурет).

    Қотырмен бірге күшейген қышу қасынуға, экскориацияға алып келеді, соның салдарынан қотыр пиодермиямен асқынады. Бұл жиі қотырдың клиникалық көрінісін өзгертіп және диагностикасын (дұрыс диагноз қоюға қышу және үрдістің орналасуы көмектеседі) қиындатады. Жайылған және асқынған қотырда қанында эозинофилия және кейде альбуминурия анықталады. Қотыр микробты экземамен де асқынуы мүмкін (әйел адамдарда емізік айналасы, ерлерде – бөксенің ішкі беткейі). Бұл жағдайларда зақымдалған ошақтардың айқын шекарасы, кейде сулану, көптеген іріңді қабыршақтармен жабылады.

    Қотырдың клиникалық түрлері: типті, жоғарыда берілгендер; «тазалардың қотыры» – клиникалық көрінісі өте аз болатын түрі; асқынған түрі – алапеспен ауратын науқастарда, қотырдың клиникалық көрінісін бетперделейтін пиодермиялардың қосарлануы; норвегиялық – қышу болмайды, үлкен қабыршақтар, папуланың, везикуланың, пустулалардың, эритродермияның (АИТ- инфекциясы және басқалар) болуымен сипатталады. Қотырлық лимоплазия иммуноаллергиялық сипатты болады, қатты түйінмен білінеді. Жиі ұмада, жыныс мүшесінде, құйрықта, шынтақта орналасады (41-сурет).

    Емі. Емінде мүйізгекті қабатты болбырлайтын, қотыр қақпасына енетін, кенелерді жоятын препараттар қолданады. Паразиттерге қарсы препараттардың түрлері өте көп. Бірақ, терапияның әсері жиі препаратпен емес, оны қолдану дұрыстығы және еміне байланысты.

    Науқасқа қотырға қарсы препаратты жағу алдында тері беткейінен кенелер және болбырланған мүйізгекті қабатын механикалық жою үшін ыстық душ қолдану қажет. Пиодермия немесе экзематозды үрдісте емнің алдында душ тағайындалмайды. Ем кезінде де жуынуға болмайды. Қотырға қарсы препараттарды бас терісінен басқа дене терісіне және аяқ-қолдарына, әсіресе қотыр кенелерінің орналасатын жерлеріне жағады. Экзематизация немесе импетигинизацияда паразиттерге қарсы препараттарды сылап сіңірмейді, тек қана зақымдалған ошақтарға жағады. Сонымен қатар асқыну емінде жүргізеді.

    Теріге бензилбензоат ерітіндісін (бензой қышқылының бензил эфирі) сылап сінірудің әсері тиімді. Ересектерге 20%, ал кішкентай балаларға 10% сулы-сабынды бензилбензоат эмульсиясы қолданылады. 20% эмульсияны дайындау: 780 мл қайнаған суға 20 г ұнтақталған сабын және 200 мл бензилбензоатты ерітеді. Қотырдың емі үшін аэрозоль формасында спрегаль тиімді болып табылады. Бірақ, препаратты анамнезінде бронхиальды астмасы бар пациенттерге, ауыр қауіп тобына және летальды бронхоспазмға байланысты тағайындауға болмайды. Спрегаль бір рет қолданады, егер 8–10 ішінде симптомдары сақталса, оны 2-ші рет жағады. Бетіндегі тырнаған іздерді спрегальға малған мақтамен сүртеді. Қазір жаңа препарат ұсынылған, ивермектин,

    ішуге 200 мг/кг есебімен тағайындалады. Препаратты аптасына біреттен 2 рет қолданғаннан кейін жазыла бастайды.
    42. Онхомикоздар.Онихомикоз (тырнақтардың зақымдалуы). Бастапқы өзгерістері тырнақ жиектерінде сары дақ, сызықтар түрінде түзіледі. Кейін гипертрофиялық түрінде пластинкасы түгел қалыңдайды, сары түсті, жеңіл қабыршақтанып, сынады, ал астында мүйізгекті массаның жиналуы (тырнақ астылық гиперкератоз) байқалады.

    Атрофиялық түрінде тырнақтар жиектерінен бастап зақымдалады, тырнақ ұясы ашылады және құрғақ және болбыр мүйізгекті массалармен жабылады. Кейбір жағдайда пластинка жұқарады және тырнақ ұясынан ажырайды (онихолизис). Жиі аяқ басының 1 және 5 башпайларының тырнақ пластинкалары зақымдалады. Башпайлардың тырнақтары T.rubrum-мен зақымдалғанда процесске қатысады. T. interdigitale әдетте аяқ басының 3–4-ші башпай аралық қыртысты, табан беткейін, аяқ басының бүйір беткейлерін зақымдайды. Аяқ басының 4–5-ші башпайлары жиі нормотрофты түрімен 25-30% науқастарда зақымдалады. Тырнақ пластинкасының конфигурациясы көпке дейін өзгермейді, бірақ сызықтар немесе сары түсті дақтар пайда болады.

    Онихомикоз, саңырауқұлақпен шақырылады, әдетте әртүрлі себептермен шақырылатын ониходистрофияның фонында дамитын екіншілік болып келеді. Тырнақ пластинкасының түсі жасыл, сары, қара, қоңыр болуы мүмкін. Ресейлік микологтар онихомикозды 3 түрге бөледі: нормотрофиялық, гипертрофиялық, онихолитикалық (атрофиялық) (47-сурет, 48-сурет а-в).

    Диагностикасында терінің, тырнақтардың зақымдалуының клиникалық көрінісін ескереді. Саңырауқұлақтың түрлерін идентификациялау үшін микроскопиялық және культуральды зерттеулер жүргізіледі. Ажырату диагнозын тырнақтың жарақаттық зақымдалуымен, псориазбен, экземамен, қызыл тегіс теміреткімен, Рейтер ауруымен, онихопатиялармен; аяқ-қол бастарында байқалса – экземамен, туа болған гиперкератозбен жүргізіеді.

    Емі. Шамалы білінетін түрі. Кез-келген дәрілер түрін қолдануға болады: құрамында экзодерил, ламизил, кетоконазол(низорал), циклопирокс (батрафен), бифоназол, нафтифин, фунготербин, залаин бар ертінділер, спрейлер, кремдер, жақпамайлар.Препараттарды күніне 1 рет тазалап, кептірілген теріге жағады, емдеу ұзақтығы орта есеппен 2 апта құрайды. Ертінділерді, кремді және жақпамайларды кекзектестіріп қолдануға болады.

    Изоконазол, эконазол, циклопирокс, ундацилен қышқылы, миконазол сияқты антимотикалық дәрілерді клиникалық көріністері жойылып кеткенше күніне 2 рет қолданады, содан соң емді 1-2 аптаға жалғастырады, бірақ оларды күніне 1 рет қолданады.

    Сквамозды-гиперкератотикалық түрі. Мүйізделген қабаттарды жою үшін табанға 5, 10 немесе 15% салицил вазелинін тәуілігіне 1-2 рет (түнге май сормайтын қағаз астына) мүйізді масса толық жойылып кеткенше қолданады.Ариевич бойынша сылып алу тиімдірек: ауруханада 2 тәуілік бойына табанға (үйде емделсе 4-5 күн қатарынан түнде жасайды) жылытқыш астына құрамында 12 г салицил қышқылы, 6 г сүт қышықылы және 100 г дейін вазелин бар жақпамайды жағады.

    7 күн бойна таңертең және кешке табанға жағатын сүтті-салицилді коллодий (сүт және салицил қышқылдары – 10 граммнан, 100 граммға дейін колодий) ыңғайлы, содан кейін түнге қарай жылытқыш астына 5% салицил вазелинын, ертеңгісін аяғына сабынды-содалы ванна жасайды; сылынған эпидермисті пемзамен қырып тастайды. Одан әрі жоғарыда көрсетілген антимикотикалық кремдерге, жақпамайларға ауысады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


    написать администратору сайта