Главная страница
Навигация по странице:

  • Эмоционалдық өрісінің дамуы

  • Нәрестелік кезең (2 айдан - 1 жасқа дейін)

  • Әлеуметтік жағдайының дамуы.

  • Осындай қайшылықты даму дағдарысы дейді.

  • Танымдық өрісінің дамуы.

  • Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындыгы.

  • Егер түйсік

  • Сыртқы дүние заттары

  • жалпы және жас ерекшелік психология тест сұрақтары. Жалы және жас ерекшелік емтихан сұрақтары 2022-2023 (1). Аымды баылаудаы емтихан сратарыны бадарламасы 1 дегей


    Скачать 355.44 Kb.
    НазваниеАымды баылаудаы емтихан сратарыны бадарламасы 1 дегей
    Анкоржалпы және жас ерекшелік психология тест сұрақтары
    Дата07.01.2023
    Размер355.44 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖалы және жас ерекшелік емтихан сұрақтары 2022-2023 (1).docx
    ТипДокументы
    #875390
    страница2 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Танымдық өрісінің дамуы. Туғаннан көру және есту

    анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде

    қалыптасады. 2-3 аптада есту қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру

    тұрақтылыққа ие болады.

    Эмоционалдық өрісінің дамуы. Жандану комплексі. Жаңа

    туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан

    бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады.

    Нәрестелік кезең (2 айдан - 1 жасқа дейін)

    Баланың негізі дене дамуындағы жетістіктері:

    - жармасуы және манипуляция. Жармасу - бұл затты ұстау

    және ұстап алу, манипуляция - бұл затпен тиімді қатынас

    орнатады. Жармасу мен манипуляцияның рөлі - бұл қолдың жаңа

    іс-әрекетке бейімделуін қамтамасыз етеді, яғни заттық құралдарға.

    Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу,

    тақылдату, лақтыру т.б. қарапайым қимылдар дамиды. 3-4 айлық

    кезде жармасу қимылдары дамиды. 1 жас соңында бала заттармен

    түрлі қимылдар жасай алады (жерге қою, жатқызу, өткізу т.б.).

    - еңбек ету - бұл баланың бірінші өзіндік қимыл қозғалысы;

    онын рөлі - жаңа әсерлермен қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала үлкендерге

    туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де

    жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады.

    Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін

    қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан

    екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі

    әсерленгіш қажеттілігін де қанағаттандырады: оны қолға алғанда

    сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің

    көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалысын

    көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады.

    Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің

    үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа (өзіне) қарым-қатынасы

    әрқашан басқа адаммен қарым - қатынас жасау призмасы арқылыөтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа карым-қатынасы

    әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болып

    табылады.

    Әдетте бұрынғы боп кеткен дамуымен қазіргі даму жетістігі

    сай келмей екі арада қайшылық болады. Осындай қайшылықты

    даму дағдарысы дейді. Оның мазмұны өте қарапайым және тез

    өтеді. Мұндай дағдарыстар ауыспалы кезеңде тез игеріледі.

    Сонымен бірге, мұндай ерекшеліктер ерекше аталып

    көрсетілмейді. Кейбір балалар еңбектемей тез жүріп кетеді.

    Бұндай балаларды терен зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін

    баланың кешеуілдеп жүруіне әсері болатыны жасырын кезде

    басталып, пайда болатынын көреміз. Бала жүре бастаған кезде,

    мұндай кезең жойылады. Осының өзі баланың жүруінің толық

    кемеліне келмегендігін көрсетеді. Баланың жүре бастауының өзі

    жас дағдарысының ең бірінші кезеңі. Екінші кезеңі - баланың

    сөйлеуіне байланысты, бұл бір күнде басталып, жүзеге асатын

    процесс емес. Бұнда бала сөйлеуінің алғашқы кезеңі болады.

    Кезең 3 айға созылады. Үшінші кезең - аффект пен ерікке

    байланысты (аффект - күшті, эмоциялық тебіреніс), мұны

    психологияда гипобуликалық реакция дейді. Баланың жас

    дағдарысына байланысты, бала өзге адамдардың іс-әрекетіне

    қанағаттанбайды. Бала біліміне, даму, жетілуіне байланысты

    қайшылықтарға ұрынады. Бала өз мүмкіндігіне сеніп, өзін

    қызықтырған іс-әрекетке ынтасы ауады. Үлкендермен басқаша

    қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұдан қайшылықты дағдарыс

    болады. Балалар үлкендер талабына сай құлақ аспайды.

    Наразылық көрсетеді. Үлкендер осы ерекшеліктеріне қарай

    ауысады. Мүмкіндігіне қарай іс-әрекет үйренеді. Бұл дағдарыс

    баланың ерік реакциясына байланысты, булығып, ашуланшақ, жер

    тепкілеп жылай бастайды, яғни сол талабына наразылық білдіреді.

    Бірақ көгеріп ауызынан көбік ағып, қояншық ауру белгісі

    білінбейді. Баланың даму бағытындағы дамудың кері шегінген

    белгісі.

    Баланың 1 жас кезіндегі жас дағдарысының негізгі мазмұнын

    сипаттайтын осы 3 кезең болып саналады. Ең негізгісі баланың

    тілдік даму дағдарыстары, өйткені баланың тіл дамуы әр түрлі

    жағдайда өтеді. Ең біріншісі бала сөзді ойланып, байланыстыру

    теориясы негізінде меңгереді. Мысалы: айтылған сөз бен оның

    мағынасының айналасында байланыс орнатады. Бала естіген сөзін

    заттың өзімен байланыстырып есіне түсіреді. Мысалы. Аф-аф

    (итті) мяу-яу(мысықты) т.б.

    Тілдік дағдарысының дамудың ең негізгі ерекшелігі, баланың

    артикуляциялық дыбыс мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының

    дұрыс дамуына байланысты. Сонымен бірге фонетикалық естудің

    дұрыс жетілуіне байланысты, баланың сөздік дыбыс формасы

    өзгереді. Әрине осы кездегі дағдарыстың тууы: баланың

    жағымсыз эмоционалды реакциясының болуына әкеледі. 1 жас

    өмірінің соңында дағдарыстың болмауы, баланың қарым-

    қатынасының формасын өзгертеді. Баланың психикалық

    процестері анықталмаған, ол дайын күйінде берілмейді. Бұл

    процестердің заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкін емес

    1. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың психикалық дамуының жалпы ерекшеліктер

    Мектепке дейінгі кезең. (3-6-7 жас). Анатомиялық

    физиологиялық ерекшеліктері. Ағзаның қаркынды жетілуі

    жалғаса түседі. Жалпы өсумен катар ткандар мен мүшелердің

    анатомиялық қалыптасуы жүріп жатады. Склеттің сүйектеліп,

    бұлшык ет, қан айналымы, тыныс алуы дамып, ми салмағы 1100

    гр - 1300 гр. дейін өседі. Шартты рефлекстердің пайда болу

    жылдамдығы артып, екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

    Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие

    мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірбиенің жаңа формаларын

    игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

    Әлеуметтік жагдайының дамуы. Баланың жеке басының

    қалыптасуы оның құрбыларымен және үлкендермен қарым-

    қатынас орнатуын анықтайды. Баланың үлкендермен байланысы

    жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның

    нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.

    Бала өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түседі, «Балалар

    қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі

    баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз

    «менін» және өз қылықтарының маңызын ағаруының арта

    түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен

    өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады Танымдық өрісінің дамуы. Мектепке дейінгі шақ - баланың

    сезімдік тәжірбиесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау

    мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, киялдың күшті даму,

    ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының калыптасу

    кезеңі болып саналады.

    Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-кимыл

    сезгіштінің табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады.

    Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі

    артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, кол

    белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер

    өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар мен

    құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-

    қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-

    әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.
    Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындыгы.

    Баланы мектепке апарар алдындағы міндет болып оны жалпы

    түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге саналы

    ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың окуға

    психикалық дайындығы қамтамасыз етуі, қызығушылық және

    жаңаны танып, есте сақтау, логикалық ойлау, жігер, тырысу

    қабілеттерін дамыту. Ал, бұл міндет тек арнайы оқыту жолымен

    емес, қоршаған өмірмен танысу нәтижесінде жүзеге аспак.

    (ойында, еңбекте, үлкендермен және құрбыларымен қарым-

    қатынаста). Мектепке дайындық комплексті тәсілді яғни ақыл - ой

    белсенділігін арттыру арқылы баланың «епті» болуына ықпалын

    тигізетін, түсінуге жеңіл арнайы білім қорын жинауға, сөйтіп оған

    психологиялық сапаларды игеруге көмектесуді талап етеді.

    Мектеп оқушысына тән мінез-құлық ережелері, мектепке

    баратын балаларға қойылатын талаптар:

    - бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп

    туралы дұрыс ұғымы болуы керек. - мектеп ережелері мен қойылатын талапты дұрыс түсінуі

    керек.

    - тапсырманы орындауына байланысты үлкендердің

    бағалауына дұрыс мән беруі керек.

    - өз жұмысын немесе құрбысының жұмысын дұрыс бағалай

    алатын болуы керек.

    - оқу әрекеттіңің кейбір дағдыларын меңгеру, қолының

    жазуға дағдылануы, сөзді байланыстырып сөйлеуге үйренуі және

    жетілдіруге үлкендер тарапынан көмектесу керек.

    6 жаста балаларда жауапкершілік сезімі ұлғаяды. Ақыл - ойы

    дамып, ерік сапалары қалыптасады. Мектепке келген соң өзара

    қырым-қатынас балалар бақшасына қарағанда әлдеқайда

    күрделеніп, өзінше бір мәнге ие болады.

    Мектептегі окуға дайындығы:

    - жеке бастық

    - интеллектуальдық

    - әлеуметтік

    Жеке бастық дайындығы - Белгілі бір құқық және міндеттері

    жүйесі бар, мектеп оқушысының жағдайын жаңа әлеуметтік

    позицияларға баланың даярылығын қалыптастыру. Бұл жеке

    бастық дайындық баланың мектепке, оқуға, мұғалімге, өз-өзіне

    деген қатынасын айқындайды. Жеке бастық дайындық дамудың

    мотивационды және эмоциональды өрісінің даму деңгейімен

    анықталады. Интеллектуалдық дайындығы - баладан нақты білім қорын,

    ой-өрісін талап етеді. Бала жоспарлы бөлшектелінген қабылдауды,

    аналитикалық ойлауды, логикалық есте сақтауды, сөйлеудің

    ырықтылығын, белгілерді қолдану барысында танып білуге

    кабілеттілігі болуы тиіс.

    Әлеуметтік дайындығы - Баланың қарым-қатынасқа деген

    кажетсінуінің дамуын және де балалар тобының ережелеріне және

    қызығушылықтарына бағынуды меңгереді. Олардың басқалармен,

    мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалы бар сапалар

    жатады.

    1. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері.

    Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектепте жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынасы ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу, адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтарды беретінін біледі. Егер ойын сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара карым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді, Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке - дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мектепе дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі кұрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызы орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда,бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттігі ойындағы статустық рөлге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу «идентификация» күрделенеді. Демек, ойын бала мінез-құлқына өз ықпалын тигізеді. Ойынның даму барысында балада, есі, ойлауы, қайта жаңғыртуы, зейін қоюы дами түседі. Сондай-ақ тілдік қорынның молаюына көмектеседі. Ойынмен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рөлді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның

    әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар, нәтиже (сурет, құрылыс) алуғабағытталуымен сипатталады. Балалардың іс-

    әрекет пропесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың

    өзін де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны бірізді

    жүзеге асыру талап етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі

    кішкентайлар өз әрекеттерін әзірше мұндай талаптарға бағындыра

    алмайды, Алғашқы кезде оларда нәтижеден гөрі текшелерді

    орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш

    пайдаланып қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі

    қызықтырады. Нәтиже алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру

    барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың

    қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі,

    психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық

    тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады.

    Сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалар жекеленген

    еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Еңбектің карапайым түрлерін игереді. Еңбектің қоғамда алатын орны

    туралы түсініктері қалыптасады. Оқу әрекеттерінің де қарпайым

    элементтерін игере отырып балалар үлкеннің нұсқауларын зейін

    қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау

    тәсіліне деген ықылас, өзін өзі бақылаудың алғашқы дағдылары

    қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен,

    қабылдау, зейін, ес,ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және

    сәйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

    1. Баланың психикалық дамуын зерттеудегі лонгитюдік тәсілдің өзіне тән ерекшеліктері.

    Лонгитюдтік әдіс.Бұл әдіс арқылы бір ғана индивидтің өміріндегі алуан сәтінде зерттеуге бағытталған.Балаларды ересектік жасқа жеткенге дейін бақылап,ересектік жасқа жеткенде қандай қасиеттер сақталатынын,қайсысы жоғалатынын анықтауға болады. Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы, интеллектілі зерттеу кезінде зерттеуге қатысушылар оларға ұсынылатын тестті біле отырып, алдын-ала жаттығу арқылы өздеріндегі прогресс деңгейін көтеруге тырысуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеушінің практикасында лонгитюдті зерттеуді қанша рет жүргізе алатындығы да əсер етеді. Бірақ соған қарамастан, лонгитюдті əдіс көмегімен жеке тұлғалық дамудағы өзгерістер туралы ақпараттар алуға болады. Бұл əдіс əсіресе, «қолайсыз» жанұядағы балаларды зерттеуде, жанұялық динамиканың бала қалыптасуына əсерін зерттеуде, əлеуметтік жүйе реформасымен қамтуда кеңінен қолданылып келеді. Лонгитюдтік талау — Ұзақ уақыт ішінде бақылауға алынған адамдардың жас ерекшеліктеріне және әсер еткен факторларына байланысты өзгеруін талдау әдісі. Бұл әдіс адамның өмір циклдары мен фазаларындағы болған психологиялық қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерін анықтауға пайдаланылады. Мысал ретінде Э.Эриксон жасаған тұлғалық дамудың эпигенетикалық кестесін көрсетуге болады. Бұл кітапта лонгитюдтік талдаудың бір көрінісі ретінде темпераманттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқауды жүргізу жолы көрсетілген.Темпераменттің ерекшенліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдіс

    1. Танымдық процестердің жалпы сипаттамасы


    анымдық адам белсенділігі туған басталады және оның сана ажырамас бөлігі болып табылады. Ол ақпаратты өңдеуге және оны алған арнада ерекшеленеді жүйелерді түрлі қамтиды.

    Танымдық процестерге:

    Зейін


    Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор.

    Әсіресе,  таным  процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

    Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне , мінез бітіміне байланысты болады.


    Қабылдау


    Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

    Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді.

    Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де, миымызда түтас зат бейнесі пайда болады.


    Түйсік


    Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.

    Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.



    Ес


    Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта  жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.


    Қиял


    Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.


    Сөйлеу


    Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы  пікір, ой  білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің  қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның  психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. 


    Ойлау


    Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы,  дүниені тану  мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.

    Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. 
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта