Главная страница
Навигация по странице:

  • Пероральды форма, 100 мг

  • Өт қабының дисфункциясы, гипомоторлы тип. Өт қабының бұралуы

  • ЖДП-жансезим. Алдамжарова Жансезим 510Б


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеАлдамжарова Жансезим 510Б
    Дата04.12.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖДП-жансезим.doc
    ТипДокументы
    #828174
    страница15 из 23
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

    антисекреторлы заттар мен прокинетиктер

  • кең спектрлі антибиотиктер

  • стероидты емес қабыну препараттары

  • тамыр ішіне иммуноглобулиндер




    1. Балалардағы билиарлы жолдың функциональдық бұзылыстарының қалыптасуын туындатушы факторларға жатады:

    1. вегетариандылық

    2. ішектік паразитоздар

    3. туа пайда болған жүрек ақауы

    4. инфекциялық мононуклеоз

    5. тромбоцитопатиялар




    1. Құрсақішілік дамудың қай мерзімінде (аптамен) тератогенді факторлар туа пайда болған жүрек ақауларын қалыптастырады:

    1. 10-ға дейін

    2. 12-14

    3. 20-25

    4. 25-30

    5. 30-35




    1. Жүректің туа пайда болған ақауы ағымының қандай фазасында жоспарлы оперативті ем көрсетіледі?

    1. құрсақішілік кезеңде

    2. салыстырмалы компенсация фазасында

    3. біріншілік адаптация фазасында

    4. декомпенсация фазасында

    5. туа пайда болған ақауды анықтаған бойда




    1. Фалло тетрадасында клиникалық симптоматиканың айқындылығы көбіне байланысты болады:

    1. аорта декстропозициясының дәрежесіне

    2. өкпе артериясының стенозының дәрежесіне

    3. қарыншааралық перденің мүкістігінің аумағына

    4. оң қарыншаның гипертрофиясының дәрежесіне

    5. жүрекшеаралық перденің мүкістігінің аумағына




    1. АбКДС вакцинациясының жалпы реакциясы көбіне мынаумен шектеледі:

    1. 7 күннен кейінгі қызбамен

    2. аяқ-қолдың жеңіл құрыспалық тартылуымен

    3. катаральды белгілердің болуымен

    4. диарея болуымен

    5. алғашқы 2-3 күндегі қысқа уақытты қызбамен




    1. Нәрестенің біріншілік патронажында қандай анамнездер қарастырылады?

    1. генетикалық, биологиялық, әлеуметтік

    2. ауру анамнезі, өмір анамнезі

    3. акушерлі-гинекологиялық, биологиялық

    4. биологиялық, генеологиялық, әлеуметтік

    5. биологиялық, әлеуметтік




    1. Жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында 12 жасар бала, гемоглобин көрсеткіші 85 г/л, ТК - 0,69, сарысулық темір 5,2 ммоль/л. Дәрігер темір препаратын тағайындады. Бұл препаратты қандай формада және тәуліктік дозада тағайындаған жөн?

    1. Парентеральды форма, 50 мг

    2. Пероральды форма, 50 мг

    3. Парентеральды форма, 100 мг

    4. Пероральды форма, 100 мг

    5. Пероральды форма, 60 мг




    1. Анасы 7 жасар қызымен қабылдауға келді. Шағымы: баладағы оң қабырға астының мерзімді сыздап ауыруы. Ауырсынудың ұзақтығы 20-30 минут, тамақ ішкеннен кейін және физикалық жүктемеден соң пайда болады, өздігінен басылады, бұл жағдайды соңғы 7 ай бойы байқап келеді. Тұқымқуалаушылық: анасында – созылмалы холецистит, семіздік; нағашы әжесінде – өт тас ауруы. Баланың осы күнге дейін анамнезі ерекшеліксіз. Қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 1 см-ге шығыңқы, талағы ұлғаймаған. Ортнер, Кери, Мерфи симптомдары – оң мәнді. Нәжісі қалыпты. Өт жолдарының УДЗ-і: өт қабы вертикальды орналасқан, сопақ формалы, қабырғасының қалыңдығы - 2 мм, сынамалы астан кейінгі өт қабының жиырылуы - 20%. Өт қабының денесінде бұралу анықталады. Ең ықтимал диагноз:

    1. Созылмалы холецистит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы

    2. Созылмалы гастродуоденит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы

    3. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы

    4. Өт қабының дисфункциясы, гипомоторлы тип. Өт қабының бұралуы

    5. Өт қабының дисфункциясы, гипермоторлы тип. Өт қабының бұралуы




    1. Нәресте, 15 күндік ер бала. Үйге шақыру жасалған. Шағымы дене қызуының көтерілуі. Несебі лайланған. Зәр анализінде – лейкоциттер көп мөлшерде. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 5-6 рет, патологиялық қоспасыз. Ең ықтимал алғашқы диагноз қалай?

    1. дисбактериоз

    2. несеп жолының инфекциясы

    3. энтероколит

    4. нейротоксикоз

    5. ішектік инфекция




    1. Мерзімінде дүниеге келген баланың өмірінің алғашқы аптасында сарғаю дамып, 4 апта бойына тұрақты сақталды, және іш қатуы, брадикардия пайда болған. Қандай диагнозды шектеу керек

    1. сепсис

    2. гипотиреоз

    3. пилоростеноз

    4. нәрестенің гемолитикалық ауруы

    5. нәрестенің физиологиялық сарғаю




    1. Табиғи тамақтандырылудағы 3 апталық бала, дене салмағы 3350.0 (туылғанда 3000.0), тамақтанғаннан кейін күн сайын лоқсып, фонтанды құсуының ең ықтимал себебі

    1. пилоростеноз

    2. аэрофагия

    3. артық емізу

    4. пилороспазм

    5. лактазды жетіспеушілік




    1. 1 жастағы балада айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, дене қызуының 38оС-қа көтерілуі байқалады. Перкуссияда оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Аускультацияда: әр жерден сырылдар, оң жақ жауырын астында – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз

    1. альвеолит

    2. пневмония

    3. бронхиолит

    4. обструктивті бронхит

    5. тыныс демікпесі, ұстама




    1. Ерасыл 13 жаста, ювенильді ревматоидты артритке байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрий аймағында ауырсыну, әлсіздік, қайталамалы қою қоңыр түсті құсу пайда болды. Қарағанда: бозғылт, РS- 120 рет минутына, АҚҚ- 90/70 мм.с.б. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшықет керілуі жоқ. Ең ықтимал диагноз

    1. жедел холецистит

    2. жедел панкреатит

    3. жедел эрозивті гастрит

    4. тағамдық токсикоинфекция

    5. бейарнамалы жаралы колит




    1. Қыз бала, 12 жаста. Эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылды кекіруге, іш қатуға шағымданады. 1 жылдай ауырады. Қарағанда бозғылт, мазасыз, қызыл дермографизм, көп тершеңдік. Тілі түбіріне жақын ақшыл-сары жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыры мен талақ ұлғаймаған. Болжам диагноз

    1. жара ауруы

    2. созылмалы гастродуоденит

    3. созылмалы холецистит

    4. созылмалы панкреатит

    5. өт шығару жолдарының дискинезиясы




    1. 10 жасар қыз бала жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында шаршағыштыққа, тітіркенгішке, ұйқышылдыққа, құлағының шулауына, бас айналуына шағымданды. Бор және шикі картопты жегенді жақсы көреді. Объективті: терісі мен кілегей жамылғысы бозғылт, ауызында езуліктер. Аускультативті: жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, тахикардия. Клиникалық диагноз қою үшін тексеру әдісін таңдаңыз

    1. аудиограмма

    2. иммунограмма

    3. коагулограмма

    4. темір алмасуын тексеру

    5. стернальды пункция




    1. 8 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз лимфа түйін анықталады. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Екпелері күнтізбе бойынша жасалған. Алғашқы диагноз

    1. лимфоаденопатия

    2. регионарлы лимфоаденит

    3. лимфа түйінінің ісігі

    4. лимфа түйін гиперплазиясы

    5. жайылмалы БЦЖит




    1. 5-жасар баланың денсаулық деңгейін анықтаңыз. Қарау барысында анасы шағымданбайды. Обьективті қарағанда: дене дамуы (ДД) және жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) жасына сай; мүшелер бойынша патологиялық өзгерістер жоқ, физиологиялық бөліністер қалыпты

    1. бірінші

    2. екінші

    3. үшінші

    4. төртінші

    5. бесінші




    1. Бала I жүктілік, уақытында босанудан, туылған кездегі салмағы 2900.0, ұзындығы - 49см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. Тері жамылғысының сарғаюы 3-ші тәулікте пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Билирубиннің тура емес фракциясы - 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз

    1. фетальды гепатит

    2. коньюгациялық сарғаю

    3. физиологиялық сарғаю

    4. Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

    5. АВО сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру




    1. 2 айлық балаға экссудативті-катаральды диатез диагнозы қойылды. Белсенді иммунизация жоспары бойынша дәрігердің тактикасы

    1. алдын ала егу аурухана жағдайында

    2. вакцинация ата-ананың өтінішімен

    3. вакцинация баланың «дайындығымен»

    4. баланың «дайындықсыз» вакцинациясы

    5. вакцинацияға қарсы көрсетілім




    1. 6-күндік нәресте. Сүт бездерінің екі жақтан ісінуі байқалды, басып қарағанда ақ - сүт тәрізді сұйықтық бөлінеді. ЖТД тактикасы

    1. хирург кеңесі

    2. күнделікті күтім

    3. антибиотик тағайындау

    4. эндокринолог кеңесі

    5. сүт безінен сөл шығару




    1. 5 жасар балаға ауруханадан тыс пневмония қойылды. Төмендегілердің ішінен қайсысы пероральды антибактериальды емнің бірінші таңдауы ретінде ұсынылады?

    1. ровамицин

    2. фуразолидон

    3. амоксоциллин

    4. азитромицин

    5. ко-тримоксазол




    1. Асия, 15 жаста, созылмалы гастритпен 5 жылдан бері бақыланады. Тамақтан соң пайда болатын эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлық сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс, іштің кебуі, диарея байқалады. Баланы қарағанда бозғылт, склерасы субиктериялық, тілі «лакталған». Тілінің «ашуына», қол-аяқтарында «құмырсқа жүргендей» сезімге шағымданады. Қан анализінде - гиперхромды, макроцитарлы анемия. Созылмалы гастриттің ықтимал эндоскопиялық түрі

    1. аралас

    2. беткей

    3. атрофиялық

    4. эрозивті

    5. гипертрофиялық




    1. Балаға 1 жасында қызылша, қызамық және эпидпаротитке қарсы вакцинация (ККП) жүргізілген. Бір аптадан соң дене қызуының 37,2ºС көтерілуі байқалған, бетінде, денесінде көп емес қызылша тәрізді бөртпелер бір мезетте пайда болған. ЖТД қорытындысы мен тактикасы

    1. қызылша, симптоматикалық ем

    2. ЖРВИ, симптоматикалық ем

    3. жедел пневмония, госпитализация

    4. вакцинациядан кейінгі асқыну, емдеу

    5. вакцинациядан кейінгі реакция, ем қажет емес




    1. 3 күндік нәресте. Дене салмағы 1000,0-мен шала туылған. Перзентханадағы алдын ала егу жоспары бойынша дәрігер тактикасы

    1. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ

    2. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ИПВ

    3. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ОПВ

    4. 2 апта бойы вакцинация жасалмайды

    5. бұл кезеңде вакцинация жасалмайды




    1. 6 жасар қыз бала, жасына сай дамыған. Схема бойынша егілген (ҚР ұлттық күнтізбегі бойынша). Алғаш рет 4 жасында Манту сынамасының нәтижесі - 8 мм папула. «Туб вираж» диагнозы қойылған, соған байланысты 3 ай бойына химиопрофилактика жүргізілген. Осы кездегі алдын ала егу схемасы

    1. АбКДС + ККП

    2. БЦЖ + АДС

    3. АДС-М + ККП

    4. БЦЖ + АДС + ККП

    5. БЦЖ + АДС-М + ККП




    1. Нәрестенің 6-шы күні табиғи қыртыстар аймағындағы терінің қызаруы мен ұсақ эрозиялар байқалады. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Ең ықтимал диагноз

    1. пысынау

    2. пемфигус

    3. баздану

    4. везикулопустулез

    5. Риттер эксфолиативті дерматиті




    1. 13 жасар қыз бала, іштің ауырсынуы, асқазанның толу сезімі, жүрек айну, ауамен кекіру, диетада кемшілік болса іштің өтуіне шағым жасайды. Уақытылы тамақтанбағаннан кейін 10 жасында эпигастрий аймағында ауырсыну, ауамен кекіру, кейін - іш өту мазалады. Болжам диагноз

    1. созылмалы гастрит

    2. созылмалы гепатит

    3. созылмалы панкреатит

    4. созылмалы холецистит

    5. асқазанның жара ауруы




    1. 4 жасар қыз балада жоғары температура фонында бір апта бойы ішінің ауырсынуы байқалады. ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. ЖҚА – лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы анықталады. Ең ықтимал диагноз

    1. жедел цистит

    2. жедел пиелонефрит

    3. созылмалы пиелонефрит

    4. жедел гломерулонефрит

    5. созылмалы гломерулонефрит




    1. Ана сүтімен қоректендіруге бала жағынан абсолютті қарсы көрсеткіштерді таңдаңыз

    1. жедел психикалық бұзылыстар

    2. фенилкетонурия, галактоземия, лейциноз (алмасу бұзылыстары)

    3. бацилла бөлінуімен туберкулездің ашық түрі

    4. сифилис (жүктіліктің 3 триместрінде жұқтырылу)

    5. созылмалы аурулардың декомпенсациясы ( жүрек, бүйрек...)




    1. 7 жасар балада жүрек шекарасы көлденең ұлғайған, жүрек тондары тынықталған. Жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстарсистолия. Екі апта бұрын ауыр формалы ЖРВИ-ді басынан кешірген. Болжам диагноз

    1. инфекциялық эндокардит

    2. жедел миокардит

    3. туа пайда болған жүрек ақауы

    4. митральды қақпақшаның пролапсы

    5. жедел ревматикалық қызба




    1. 10-жастағы бала ылғалды жөтел, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Өкпе аускультациясында қатқыл тыныс, жөтелген кезде мөлшері азаятын құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада түбір маңы аймағында өкпе суретінің күшейгенін көруге болады. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер- 12,0 х 109/л (т/я - 8%, с/я - 66%, л - 20%, м - 6%); ЭТЖ - 16 мм/сағ. Клиникалық диагноз

    1. бронхиолит

    2. жедел бронхит

    3. бронхопневмония

    4. созылмалы бронхит

    5. обструктивті бронхит




    1. Бала 2 жас 10 айда. Дене дамуы бойынша (ДД) – 1 дәрежедегі салмақ жетіспеушілігі, жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) бойынша – III топ, 1- дәрежесі. Бір жыл ішінде жедел респираторлы аурулармен ауырмаған, Hb - 85г/л. Бала қай денсаулық тобында бақыланады?

    1. бірінші

    2. екінші

    3. үшінші

    4. төртінші

    5. бесінші




    1. 8-айлық баланы қарау кезінде тығыз, сол жақ қолтықасты аймағында ауырсынусыз лимфа түйіні анықталды; флюктуация байқалады. Күнтізбе бойынша вакцинацияланған. ЖТД тактикасы – консультация алу үшін баланы қандай маманға жіберу қажет?

    1. хирургке

    2. фтизиатрға

    3. педиатрға

    4. иммунологқа

    5. эндокринологқа




    1. 5-күндік бала біріншілік дәрігерлік патронажда қаралуда. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бұлшықеттер тонусы, тіндердің тургоры сақталған, физиологиялық рефлекстері шақырылады. Тері жамылғысы қалыпты түсті, маңдай, мұрын маңы, желке, қас аймағында қызғылт-көкшіл дақтар мен жолақтар көрінеді. Дақтар дұрыс емес пішінді және әртүрлі көлемде. Саусақпен басқан кезде қызару жоғалады, бірақ кейін қайта пайда болады, жылаған кезде күшейеді. Болжам диагноз

    1. гемангиома

    2. телеангиоэктазия

    3. пигментті дақтар

    4. «монғолоидты» дақтар

    5. нейротерілік меланоз




    1. Бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, температурасының жоғарылауы мазалайды. Өкпесінде қатқыл тыныс, жөтел кезінде азаятын құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

    1. бронхиолит

    2. жедел бронхит

    3. бронхопневмония

    4. созылмалы бронхит

    5. обструктивті бронхит




    1. Бала 3 жаста, ауырғанына 5-ші күн. Ауру дене температурасының 38о С қа көтерілуінен басталған, жөтел, мұрын бітелуі, жарықтан қорқу мазалайды. 3күннен соң айқын катаралды белгілердің фонында дақты-папулезды, қоңыр-қызғылт түсті бөртпелер пайда болған, кей жерде тұтасқан: 1-ші күні-құлақ артында, бетте, мойында; 2-ші күні-кеудесінде, қолдарында; 3-ші күні-аяқтарында. Ата-анасының бас тартуына байланысты вакцинация алмаған. Ең ықтимал диагноз?

    1. желшешек
    2. 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


  • написать администратору сайта