Главная страница
Навигация по странице:

  • Иммунодефицитті жағайлар

  • Нәрестенің гормональды кризі

  • Ішектің транзиторлы катары

  • Нәрестенің гемолитикалық ауруын

  • Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру

  • ЖДП-жансезим. Алдамжарова Жансезим 510Б


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеАлдамжарова Жансезим 510Б
    Дата04.12.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖДП-жансезим.doc
    ТипДокументы
    #828174
    страница14 из 23
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

    Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 22 мг

  • Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 45 мг

  • Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 60 мг

  • Теміржетіспеушілік анемия, II дәрежесі. Еківалентті темір, 45 мг

  • Теміржетіспеушілік анемия, II дәрежесі. Еківалентті темір, 100 мг




    1. Қыз бала, 3 жасар, екі күн бұрын жедел ауырып қалған: дене қызуы 39°С-қа көтерілген, мұрыны бітелген, жөтел, тәбеті төмендеген. Үйде симптоматикалық емдеген. Бүгінгі күннен бастап ентігу, шулы тыныс пайда болған. Қалада тұмау эпидемиясы. Ата-анасының дені сау. Анамнез ауыртпалықсыз, ентігу баланың өмірінде бірінші рет пайда болып тұр. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы – 38,9°С. Мазасыз, дәрігер қарауына жылаумен жауап береді. Араны қызарған, склерасында аздаған қан құйылу, мұрын арқылы тыныс алуы еркін, аздап кілегейлі бөлініс. Жөтелі сирек, құрғақ. Өкпеде қатқыл тыныс, тыныс шығаруы аздап ұзарған, тыныс шығаруда құрғақ ысқырықты сырылдар және екі жақта да бірлі-жарым ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 36 рет. Іші жұмсақ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нәжісі қалыпты. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 9,2*109 /л, лейкоформула өзгермеген, гемоглобин-116 г/л, эритроциттер – 3,4*1012/л. Диагноз қойыңыз:

    1. Жедел ларингит, стенозсы

    2. Тыныс демікпесі, атопиялық түрі

    3. Жедел бронхит, бронхиальды обструкция синдромы

    4. Жедел ауруханадан тыс пневмония, ТЖ 1 дәрежесі

    5. Жедел стенозды ларинготрахеит




    1. Аурудан ең ұзағырақ қорғанысты қамтамасыз етеді:

    1. иммуноглобулин

    2. тірі вакцина

    3. инактивирленген вакцина

    4. химиялық вакцина

    5. емдік сары су




    1. Перентханада БЦЖ вакцинасымен егілмеген балалар шыққан соң, емханада екпе ала алады. Туғаннан кейін қанша уақытқа дейін Манту сынамасыз БЦЖ вакцинасымен егіле алады?

    1. 2 айға дейін

    2. 4 айға дейін

    3. 6 айға дейін

    4. 8 айға дейін

    5. 1 жасқа дейін




    1. Бүйрек пен жоғары зәр шығару жолдарының жағдайын бағалау үшін қандай зерттеу ең бірінші ретте тұрады?

    1. цистография

    2. цистоскопия

    3. бүйрек УДЗ-і

    4. сцинтиграфия

    5. экскреторлы урография



    1. Зәр шығару жолдарының инфекцисында «эмпириялық антибиотикотерапия» терминіне қай анықтама сәйкес келеді?

    1. зәр шығару инфекциясын бір ретті емдеу

    2. себінді нәтижесінсіз кең спектрлі антибиотик тағайындау

    3. антибиотикограмманы ескеріп антибиотик тағайындау

    4. зәр шығару инфекциясын нитрофурандармен емдеу

    5. зәр шығару инфекциясын сульфаниламидтермен емдеу




    1. Созылмаы бүйрек ауруларындағы анемияның себебі:

    1. темір сіңірілуінің бұзылыстары

    2. трансферрин деңгейінің төмендеуі

    3. эритропоэтин синтезінің төмендеуі

    4. тағамдағы темірдің дефициті

    5. ферритин деңгейінің төмендеуі




    1. Қауіпті топтағы бір жасқа дейінгі балаларды иммунизациялау тәртібін таңдаңыз:

    1. екпеден салыстырмалы медициналық қарсы көрсеткіштері бар

    2. кәдімгі әдістермен жалпы қабылданған күтібе бойынша

    3. жеңілдетілген әдіспен жекеленген күнтізбе бойынша

    4. екпеден уақытша медициналық қарсы көрсеткіштері бар

    5. екпеден абсолютті медициналық қарсы көрсеткіштері бар




    1. Темір жетіспеушілік анемия үшін мына көрсеткіштің болуы маңызды

    1. гемоглобиннің төмендеуі

    2. түстік көрсеткіштің төмендеуі

    3. гематокриттің төмендеуі

    4. лейкоциттің төмендеуі

    5. гипербилирубинемия




    1. Қыз бала 1 жас 7 айда, жеке бала бақшаға бару алдында тексерістен өтуде. Анасының айтуы бойынша, бала белсенді, тәбеті жақсы, балық пен құс етін, көк-өністер мен жемістерді көп жейді, қызыл етті жақсы көрмейді. Қарау кезінде: Баланың жағдайы қанағаттаанарлық, тері жамылғысы мен кілегей қабаттары боз, ауыз айналасында езулік байқалады. Дене салмағы – 12 кг., бойы – 79 см. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жүректе систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасына 1см шығыңқы. Анамнезінде, бала күні жетіп туылған, табиғи тамақтандырылуда, қосымша тамақ 9 айлығынан бастап енгізілген. Жалпы қан анализі мен биохимиялық қан анализінің нәтижесінен кейін: «теміржетіспеушілік анемия, орташа ауыр дәрежесі» диагнозы қойылған. Екі валентті темір препаратын тағайындау жоспарланып отыр. Бұл препаратты қандай тәуліктік дозада тағайындаған жөн?

    1. 36 мг

    2. 45 мг

    3. 50 мг

    4. 56 мг

    5. 60 мг




    1. 2 айлықтан 5 жасқа дейінгі балада кеуде клеткасының кірігуінсіз ентігу болғанда, БЖАИЖ бойынша қалай бағаланады және дәрігер тактикасы қандай болады?

    1. астмоидты тыныс, ем тағайындалады

    2. пневмония, бала госпитализацияланады

    3. пневмония, антибиотик беріліп, үйде қалдырылады

    4. пневмония жоқ, ұсыныстармен үйде қалдырылады

    5. жедел респираторлы инфекция, антибиотиктер беріледі




    1. Қандай аурулар тірі вакциналармен егілуге қарсы көрсеткіш болып саналады?

    1. Рахит

    2. Иммунодефицитті жағайлар

    3. Муковисцидоз

    4. Эпилепсия

    5. Атопиялық дерматит




    1. Оқу жылының бірінші айында бірінші сыныптың барлық балаларына Манту сынамасы жүргізілді. Манту сынамасын жүргізгеннен кейін қанша уақыттан соң БЦЖ вакцинациясын жүргізу қажет?

    1. 1 айдан соң

    2. 2 айдан соң

    3. 3 күннен 2 аптаға дейін

    4. алғашқы 2 күнде

    5. 3 күннен 4 аптаға дейін




    1. Аралас тамақтандырылудағы бала, жедел респираторлы ауруға байланысты аугментинмен емделген. Дене қызы қалыптасқан, катаральды белгілер азайған, тәбеті қалпына келген, бірақ нәжісі жағынан өзгерістер пайда болды. Жиілігі күніне 5-6 рет, сұйық, жасыл-сары түсті, ақ түйіршіктер мен кілегей аралас. Нәжістің жиілігі мен сипатындағы өзгерістер немен байланысты болуы мүмкін?

    1. вирусты диарея

    2. дисбиоз көрінісі

    3. физиологиялық жағдай

    4. тамақтану бұзылысы

    5. инфекция қосылуы




    1. Мектепке дейінгі жастағы балаларға теміржетіспеушілік анемияның емі үшін темір препаратының тәуліктік дозасын көрсетіңіз:

    1. 3 мг/кг

    2. 45-60 мг/тәул

    3. 45-60 мг/кг

    4. 5-10 мг/кг

    5. 100 мг/тәул




    1. Ер бала 2 жас 5 айда, ұйымдаспаған; қарау кезінде соматиялық дені сау; анамнезі қолайлы, дене дамуы мен жүйке іс-әрекетінің дамуы жасына сай; соңғы жылы жедел респираторлы инфекциямен 2 рет ауырды. Бұл баланы қандай денсаулық тобына жатқызасыз?

    1. бірінші

    2. екінші

    3. үшінші

    4. төртінші

    5. бесінші




    1. Қандай анемия жоғары ретикулоцитозбен жүреді?

    1. теміржетіспеушілік анемия

    2. созылмалы постгеморрагиялық

    3. гипопластикалық анемия

    4. витамин В6 – дефицитті

    5. гемолитикалық




    1. Қандай анемия қалыпты түстік көрсеткішпен жүреді?

    1. сидероахрестиялық

    2. жедел постгеморрагиялық

    3. теміржетіспеушілік

    4. созылмалы постгеморрагиялық

    5. витамин В12 – дефицитті




    1. Қандай анемия төмен түстік көрсеткішпен жүреді?

    1. апластикалық

    2. теміржетіспеушілік

    3. жедел постгеморрагиялық

    4. гемолитикалық

    5. витамин В12 – дефицитті




    1. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюының ұзақтығы:

    1. бір апта

    2. екі апта

    3. үш апта

    4. бір ай

    5. үш ай




    1. Ерте жастағы балаларда теміржетіспеушілік анемияның ең кең тараған себебі:

    1. қан кету

    2. алиментарлы

    3. баладағы инфекция

    4. шала туылу

    5. құрсақішілік инфекция




    1. Туберкулезге қарсы ревакцинацияны мына жағдай негізінде жасауға болады:

    1. баланың ата-анасының сұранысы

    2. туберкулинмен теріс мәнді терілік аллергиялық сынамасы

    3. қақырықтың теріс мәнді зерттеуінің нәтижесінде

    4. флюрографияда өкпедегі өзгерістер жоқтығы

    5. арнамалы қарсы денелердің төмен деңгейі




    1. ҚР екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес барлық дені сау балаларды жаппай иммуниациялауға мына инфекциялардан қорғау кіреді:

    1. туберкулез, полиомиелит, қызылша, көкжөтел, сіреспе, күл, оба

    2. туберкулез, полиомиелит, қызылша, көкжөтел, сіреспе, күл, туляремия

    3. туберкулез, полиомиелит, күл, эпидемиялық паротит, лептоспироз

    4. туберкулез, полиомиелит, қызылша, көкжөтел, сіреспе, күл, холера

    5. туберкулез, күл, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, гепатит




    1. 8 күндік нәрестеге ЖТД шақыру. Шақыру себебі – сүт бездерінің «фурункулы». Қыз баланы қарау кезінде айқайы қатты, эмоциональды. Мүшелер жағынан - ерекшеліксіз. Емуі бұзылмаған. Сүт бездерінің 2 см-ге дейін ұлғайғаны және ішінен ақшыл сұйықтың бөлінуі байқалады, айналасы қызармаған. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бала бірінші жүктіліктен, жүктілігі қалыпты, 39 апталығында босанған, сусыз кезең 2 сағат 30 мин. Туғандағы салмағы 3650 г, бойы 52 см, бірден айқайлаған, емшекке бірден берілген, Апгар шкаласымен бағалау 7/8 ұпай. Кіндік қалдығы қарау кезінде құрғақ. Перзентханадан 5-ші тәулікте шығарылған. Гепатит В-ға қарсы вакцина мен БЦЖны перзентханада алған. Бұл жағдайды түсіндіріңіз:

    1. Нәрестеде мастит

    2. Нәрестенің гормональды кризі

    3. Поствакцинальды реакция

    4. Поствакцинальды асқыну

    5. Сүт бездерінің фурункулы




    1. Нәресте, 7 күндік. Бала бірінші, қалыпты өткен жүктіліктен, 38 апталығында туған, сусыз кезең 2 сағат 30 мин. Туған кездегі салмағы 3300 г, бойы 52 см, бірден айқайлаған, емізуге бірден берілген, Апгар шкаласымен бағалау 7/8 ұпай. Кіндік қалдығы қарау кезінде құрғақ. Перзентханадан 5-ші тәулікте шығарылған. Гепатит В-ға қарсы вакцина мен БЦЖны перзентханада алған. Қыз баланы қарау кезінде айқайы қатты, эмоциональды. Мүшелер жағынан - ерекшеліксіз. Баланы қарауда гениталий аймағында аздаған кілегейлі-қанды бөлініс байқалады. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұл жағдайды түсіндіріңіз:

    1. Поствакцинальды реакция

    2. Поствакцинальды асқыну

    3. Нәрестенің гормональды кризі

    4. Құрсақішілік инфекция

    5. Жыныс жолдарының инфекциясы




    1. Қыз бала Р., 3 күндік, бірінші жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысында жеңіл гестоз болған, уақытында босанған. Туғандағы салмағы 3100 г, бойы 51 см. Апгар шкаласымен бағалау 8/9 ұпай. Бірден айқайлаған. Бақылау кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Алғашқы күндері салмағын жоғалтты, өмірінің 3-ші күні салмағы 2950г. емуі жақсы, белсенді, физиологиялық рефлекстер шақырылады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қызғылт, таза. Кіндік қалдығы таза. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары анық. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасынан 1 см шығыңқы, орташа тығыздықты, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі қорытылмаған түйіршіктермен, кілегеймен аралас. Бұл жағдайды түсіндіріңіз:

    1. Ішектік инфекция

    2. Ішектің транзиторлы катары

    3. Құрсақішілік инфекция

    4. Фетальды гепатит

    5. Секреторлы диарея




    1. 6 айлық бала. Ана сүтімен тамақтандырылады. Анасы шағым айтпайды. Анамнезінде: бала І-ші жүктіліктен, уақытында босанған. БЦЖ вакцинасы перзентханада өмірінің 2-ші тәулігінде алынған. Туберкулез науқастарымен қатынаста болмаған. Дене дамуы мен жүйке іс-әрекетінің дамуы жасына сәйкес. Мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Баланың сол иығында БЦЖ эволюциясының белгісі жоқ. Бұл балаға БЦЖ-ға қатысты дәрігердің тактикасы қалай болады?

    1. Манту сынамасынсыз вакцинациялау

    2. Манту сынамасын жүргізіп, 1 жасында вакцинациялау

    3. БЦЖ вакцинациясы қарсы көрсеткіш

    4. Манту сынамасын жүргізіп, 6 жасында вакцинациялау

    5. Манту сынамасынсыз 6 жасында вакцинациялау




    1. 3 күндік ер бала. Жүктіліктің 32-ші аптасында 1700г салмақпен дүниеге келген; бір күннің ішінде тамақтандырылғаннан кейін апноэ ұстамасы 2 рет анықталған, ұстама ұзақтығы 2-8 сек., бала «қатып» қалғандай сезім болды, ЖСЖ – минутына 100 соққы; ұстама болмағанда, эпизодтар арасында бала жағдайы қалыпты болды, ЖСС- минутына 140 соққы; Қандағы глюкоза - 3,0 ммоль/л, қандағы Са - 2,7 ммоль/л. Апноэ эпизодтарының себебі:

    1. құрысу эквиваленті

    2. өкпенің жасырын жарақаты

    3. тыныс орталығының жетілмеуінің салдары

    4. мезгілді тыныстың түрлері

    5. гипогликемиядағы қосалқы белгі




    1. Өмірінің бірінші тәулігінде сарғаюдың пайда болуы көрсетеді:

    1. Туа пайда болған гепатитті

    2. Криглера-Найяр синдромын

    3. Нәрестенің гемолитикалық ауруын

    4. Өт жолдарының атрезиясын

    5. Физиологиялық сарғаюды




    1. Физиологиялық салмақ жоғалтудан кейін нәрестенің алғашқы салмағы қашан қалпына келеді?

    1. 3-4 күн

    2. 7-8 күн

    3. 14-15 күн

    4. 20-21 күн

    5. 1 ай




    1. Сүт көлемін «көлемдік» әдіспен есептегенде, 1 айлық балаға қандай есеп көлемі дұрыс болады?

    1. 1/4

    2. 1/5

    3. 1/6

    4. 1/7

    5. 1/8




    1. Атопиялық дерматит – бұл:

    1. химиялық заттарға аллергиялық реакция

    2. терідегі эпизодты уртикарлы бөртпелер

    3. теріні зақымдаумен жүретін созылмалы аллергиялық ауру

    4. теріні зақымдайтын жедел аллергиялық қабыну

    5. тері мен тері асты шел қабатының жедел инфекциялық ауруы




    1. Балалардағы билиарлы жолдың функциональдық бұзылыстарын диагностикалаудың негізгі зерттеу әдісі:

    1. уробилинге зәр анализі

    2. копрологиялық зерттеу

    3. өт қабының УДЗ

    4. жалпы қан анализі

    5. фиброгастродуоденоскопия




    1. Ерте жастағы балалардағы функционалдық іш қатулардың емінде жетекші орын алады:

    1. физиотерапиялық шаралар

    2. фитотерапиялық ем

    3. күн тәртібін сақтау, диетаны түзету

    4. дәрілік ем қолдану

    5. емдік дене шынықтыру




    1. 16 жасар қыз бала дәрігердің қабылдауында ішінің ауырсынуына, төс артының күйдіріп ауыруына, қышқылмен, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде: ішінің ауырсынуы 3 жыл бойы мазалап келеді. Амбулаторлы тексерістен өтпеген, ем қабылдамаған. Соңғы жылы қыз баланы күйдіру сезімі, кекіру, түнде мезгілді жөтелдер мазалай бастады. Тұқымқуалаушылық анамнезінде: анасында – созылмалы гастрит, әкесінде – эрозивті дуоденит бар. Объективті: салмағы – 48 кг, бойы – 158 см. Жағдайы орташа ауырлықта. Белсенді. Қарауға адекватты қарайды. Тері жамылғысы таза, мраморлы сурет байқалады. Мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Тілдің түбірінде тығыз емес ақ жабынды байқалады. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну анықталады. Бауыры қабырға доғасының деңгейінде. Нәжісі мен несеп бөлінуі қалыпты. Ең ықтимал диагноз:

    1. Бейарнамалы жаралы колит

    2. Билиарлы жолдың дисфункциясы

    3. Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру

    4. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

    5. Асқазан мен он екі елі ішек жарасы




    1. 16 жасар қыз бала дәрігердің қабылдауында ішінің ауырсынуына, төс артының күйдіріп ауыруына, қышқылмен, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде: ішінің ауырсынуы 3 жыл бойы мазалап келеді. Амбулаторлы тексерістен өтпеген, ем қабылдамаған. Соңғы жылы қыз баланы күйдіру сезімі, кекіру, түнде мезгілді жөтелдер мазалай бастады. Тұқымқуалаушылық анамнезінде: анасында – созылмалы гастрит, әкесінде – эрозивті дуоденит бар. Объективті: салмағы – 48 кг, бойы – 158 см. Жағдайы орташа ауырлықта. Белсенді. Қарауға адекватты қарайды. Тері жамылғысы таза, мраморлы сурет байқалады. Мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Тілдің түбірінде тығыз емес ақ жабынды байқалады. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну анықталады. Бауыры қабырға доғасының деңгейінде. Нәжісі мен несеп бөлінуі қалыпты. Ең бірінші қандай медикаментозды терапияны қолдану орынды:

    1. витаминдер жиынтығы
    2. 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


  • написать администратору сайта