Главная страница
Навигация по странице:

  • Д витаминінің сулы ерітіндісі

  • ЖДП-жансезим. Алдамжарова Жансезим 510Б


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеАлдамжарова Жансезим 510Б
    Дата04.12.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖДП-жансезим.doc
    ТипДокументы
    #828174
    страница16 из 23
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

    қызылша

  • қызамық

  • иерсиниоз

  • скарлатина




    1. 2-жасар баланы төрт апта бойы құрғақ, жабысқақ жөтел мазалаған, соңғы 5 күн бойы ұстама тәрізді сипатта болған. Жөтел ұстамасынан тыс уақытта жағдайы бұзылмаған. Дене қызуы қалыпты. Қарау кезінде тіл жүгеншісінде жара және склерасында қан құйылу байқалады. Екпе алмаған. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер -17,0х109/л,т/я-3%,c/я-14%,л-83%, ЭТЖ-5 мм/сағ. Алғашқы диагноз:

    1. көкжөтел

    2. бронхиолит

    3. жедел бронхит

    4. бронхопневмоня

    5. обструктивті бронхит




    1. Қыз бала 7 жаста. Мектепте оқиды. Соңғы 6 ай бойы бас ауруы, әлсіздік, тамақ қабылдаумен байланысы жоқ эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Бірінші кезекте қандай диагностикалық зерттеу жүргізген жөн?

    1. дуоденальды зондтау

    2. фиброгастродуоденоскопия

    3. асқазан сөлінің PH-ы

    4. асқазан рентгенографиясы

    5. асқазан рентгеноскопиясы




    1. Бала 10 айлық. Аралас тамақтандырылады. Обьективті: өздігімен отырмайды, маңдай және төбеде төмпешіктері анықталады, қабырғалық «таспиықтар» пальпацияланады, Гаррисон жүлгесі байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Басқа мүшелер бойынша өзгеріс жоқ. Ықтимал диагноз:

    1. рахит І, өршу сатысы, жедел ағым

    2. рахит І, өршу сатысы, жеделдеу ағымы

    3. рахит ІІ, өршу сатысы, жедел ағымы

    4. рахит ІІ, өршу сатысы, қайталау кезеңі

    5. рахит ІІ, өршу сатысы, жеделдеу кезеңі




    1. Бала 1 айлық, дәрігер қабылдауында. Дені сау. Перзентханада БЦЖ алмаған. БЦЖ-ға қатысты жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы

    1. осы уақытта вакцинациялау

    2. вакцинация Манту сынамасымен

    3. иммунизацияға қарсы көрсеткіш

    4. 6 айында Манту сынамасынан кейін вакцинациялау

    5. 1 жасында Манту сынамасынан кейін вакцинациялау




    1. Бала 4 айлық, тамақтану түрі аралас. Қарау кезінде шап аймағында, мойынында, қолтық шұңқырында қызару байқалады. Бетінде гиперемия, ісіну, жарылу, «сүт» қабыршақты, бала мазасыз, ұйқысы нашар. Болжам диагноз

    1. баздану

    2. тершеңдік

    3. экссудативті-катаральді диатез

    4. стрептодермия

    5. аллергиялық дерматит




    1. 2-жасар бала профилактикалық қабылдауда, шағымдары жоқ. Дене дамуы қалыпты, гормониялы. Жүйке-іс әрекетінің дамуы – І топ. Екі рет ЖРВИ мен ауырған. Баланың резистенттілігін анықтаңыз

    1. төмен

    2. орташа

    3. жоғары

    4. қалыпты

    5. өте төмен




    1. 10-айлық балада жоғары температура, интоксикация, тісі шығуда. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәрде – лейкоцитурия, бактериурия. «Жедел пиелонефрит» диагнозы қойылған. Амбулаторлық-емханалық кезеңде тағайындалатын препарат

    1. цефазолин

    2. амоксиклав

    3. гентамицин

    4. фуразолидон

    5. ко-тримоксазол




    1. 8-жасар бала. Соңғы 3 жылда – түнде тыныс шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасы, сальбутамол ингаляциясымен басылатын. Обьективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ТАЖ - минутына 32 рет. Өкпеде қатқыл тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, ысқырықты құрғақ сырыл естіледі. Емдеу схемасына қосылатын препараттардың тобын көрсетіңіз

    1. муколитикалық дәрілер

    2. антигистаминді препараттар

    3. бронхолитикалық препараттар

    4. антибактериальды препараттар

    5. ингаляциялық глюкокортикостероидтар




    1. Анасы 4 айлық баланың дене қызуының 38,70С-қа көтерілуіне, мазасыздануына, құрғақ жөтел, тынысының жиілеуі мен құсуына шағымданады. Қарау кезінде ТЖ-72 рет/мин, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, сирек аз қақырықты жөтел; емшек емуі әлсіз, шаршайды. Өкпе аускультациясында оң жақ жауырын асты аймағында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖСЖ-156 рет/мин. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Бірінші рет ауырған. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынаста болмаған. Жалпы тәжірибелік дәрігердің рациональды тактикасы

    1. ауруханаға жатқызуға жолдама беру

    2. кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясына жолдама беру

    3. парацетамол мен жиі сұйықтық тағайындау

    4. клиникалық қан анализіне жолдама беру

    5. амоксициллин тағайындау және үй жағдайында бақылау




    1. 5-жасар балада жиі жөтел пайда болды. Бала анасының халатының ілгегін жұтып қойғаны анықталды. Қарау кезінде жағдайы тұрақты, есі анық. Өкпесінде тыныс оң жақта әлсіреген. Жүрек тондары ырғақты. Бөгде затты алып шығу мүмкін болмады. Аурухана жақын жерде орналасқан. Мамандарға тез арада жеткізу үшін өздігінен ауруханаға бару шешілді. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде заты бар, жалпы жағдайы тұрақты науқас қандай қалыпта жеткізілуі тиіс?

    1. қатаң түрде отырған қалпында

    2. арқасына жатқызылып

    3. ішімен жатқызылып

    4. сол жақ бүйірімен жатқызылып

    5. оң жақ бүйірімен жатқызылып




    1. ҚР Ұлттық күнтізбесі бойынша гемофильді инфекцияның арнамалы алдын алудың бастамасы мына айлығынан басталады

    1. 1-ші

    2. 2-ші

    3. 3-ші

    4. 4-ші

    5. 5-ші




    1. 5-жастан асқан балаларда көрсеткіштері: 1 секундта күштеп (форсированный) тыныс шығару көлемі (FEV1), күштелген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және максимальды тыныс шығару жылдамдығы (PEF) бағалауға мүмкіндік береді

    1. тыныс демікпесінің ауырлығын

    2. организмнің аллергизация дәрежесін

    3. бронх обструкциясының дәрежесін

    4. организмнің иммундық жүйесінің жағдайын

    5. инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін




    1. Микоплазмалы пневмонияны емдеуде қолдану тиімді

    1. аминогликозидтер

    2. табиғи пенициллиндер

    3. макролидтер

    4. цефалоспориндер 1-ші ұрпағы

    5. жартылай синтетикалы пенициллиндер




    1. Емшек жасындағы балалардың лоқсу себебі

    1. жоғары құрсақішілік қысым

    2. өңештің төменгі сфинктерінің тұрақсыз босаңсуы

    3. жалпы физиологиялық гипертонус

    4. асқазанның пилорикалық бөлігіндегі жоғары тонус

    5. өңештің эзофаго-кардиальды бөлігінің гипотониясы




    1. Ерте жастағы балаларда гипотрофия ІІ дәрежесінде репарацияалды (тағамға толеранттылықты анықтау) кезеңінің ұзақтығы, күн

    1. 1 - 3

    2. 4 - 5

    3. 6-7

    4. 8 – 9

    5. 10-14




    1. Глютен-индуцирленген целиакия кезінде ботқа дайындауға ұсынылады

    1. бидай ұны

    2. жүгері ұны

    3. қара бидай ұны

    4. манка жармасы

    5. сұлы үлпектері




    1. Балалардағы темір жетіспеушілік анемияны емдеудің дұрыс принципін таңдаңыз

    1. емі гемоглобин деңгейі қалыптасқаннан кейін тоқтатылады

    2. темірдің тапшылығын темір препараттарынсыз емдеу мүмкін емес

    3. емі көбіне парентеральды енгізілетін темір препараттарымен жүргізіледі

    4. темір жетіспеушілік анемияда гемотрансфузия міндетті түрде жүргізіледі

    5. темір жетіспеушілік анемияның емі тек қана ауруханада жүргізілуі тиіс




    1. ҚР екпелердің күнтізбесіне сай қызылша, қызамық, паротитке қарсы (ККП) жоспарлы вакцинациясын жүргізетін жасты көрсетіңіз, аймен

    1. 2

    2. 3

    3. 6

    4. 12-15

    5. 18




    1. Вирусты гепатит В-ның жоспарлы арнамалы алдын алу үшін баланың жасын көрсетіңіз

    1. алғашқы 24 сағ, 2, 4 ай

    2. 1-ші тәулік, 3, 4 ай

    3. 2-ші тәулік, 4, 12 ай

    4. 3-ші тәулік, 1, 2 ай

    5. 4-ші тәулік, 4, 5 ай




    1. Манту сынамасының нәтижесі оң болып саналады, егер папула диаметрі (мм)

    1. 1 – 2

    2. 3 – 4

    3. 4 - 5

    4. 5

    5. 13 - 15




    1. Ерте жастағы балалардағы тыныс демікпесінің ұстама кезеңінде бронхообструкцияның басым компоненті

    1. дауыс желбезектерінің ісінуі

    2. бронхтардың кілегей қабатының ісінуі

    3. бронхтардың жазық бұлшық еттерінің спазмы

    4. бронхтардың компрессиясы (сырттан қысылуы)

    5. бронхтардың бұлшық еттерінің спазмы және сырттан қысылуы




    1. Ересек жастағы балалардағы тыныс демікпесінің ұстама кезеңінде бронхообструкцияның басым компоненті

    1. дауыс желбезектерінің ісіктері

    2. бронхтардың жазық бұлшық еттерінің спазмы

    3. бронхтардың кілегей қабатының ісігі

    4. бронхтардың компрессиясы (сырттан қысылуы)

    5. бронхтардың бұлшық еттерінің спазмы және сырттан қысылуы




    1. Егер де балада қызба және шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі болса, онда қалай жіктейсіз

    1. асқынбаған қызба

    2. өте ауыр фебрильді ауру

    3. созылмалы қызба

    4. бактериальды инфекция

    5. ауыр асқынған қызылша




    1. Перзентханада бала, аталған алдын ала егулердің қайсысын және қандай реттілікпен алады?

    1. ОПВ, ВГВ, БЦЖ

    2. ВГВ, БЦЖ, ОПВ

    3. БЦЖ, ОПВ, ВГВ

    4. ВГВ, БЦЖ

    5. БЦЖ, ВГВ




    1. Баланың өмірінің бірінші жылында жүйке іс-әрекетінің бақылауы мына мерзімде жүргізіледі

    1. ай сайын

    2. 2 айда 1 рет

    3. тоқсан сайын

    4. 4 айда 1 рет

    5. жарты жылда 1 рет




    1. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша пневмония деп бағалайсыз, егер мына белгі болса?

    1. жоғары қызу

    2. тыныстың жиілеуі

    3. репризді жөтел

    4. баланың мазасыздығы

    5. қақырықты жөтел




    1. Нәрестеге біріншілік дәрігерлік патронаж жүргізу мерзімі перзентханадан шыққан соң

    1. кез келген күні

    2. алғашқы 3 күнде

    3. алғашқы 5 күнде

    4. бірініші 7 күнде

    5. дәрігер қалауы бойынша




    1. Төмендегілердің қайсысының болуы БЖАИЖ бағдарламасы бойынша ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру деп бағаланады

    1. қақырықты жөтел

    2. тыныш жағдайда стридор

    3. репризді жөтел

    4. жоғары қызба

    5. баланың мазасыздығы




    1. Қандай да болмасын вакцинациядан кейін міндетті түрде бала емханада медицина қызметкерлерінің бақылауында осынша минут болуы тиіс:

    1. 10

    2. 20

    3. 30

    4. 40

    5. 50




    1. № 112/е формасы - медициналық құжаты аталады

    1. баланың даму тарихы

    2. алдын ала егу картасы

    3. диспансерлік бақылау картасы

    4. диагноздарды тіркейтін статистикалық талон

    5. жұқпалы аурулар жөнінде жедел хабарлама




    1. № 063/е формасы - медициналық құжаты аталады

    1. баланың даму тарихы

    2. алдын ала егу картасы

    3. диспансерлік бақылау картасы

    4. диагноздарды тіркейтін статистикалық талон

    5. жұқпалы аурулар жөнінде жедел хабарлама




    1. № 058/е формасы - медициналық құжаты аталады

    1. баланың даму тарихы

    2. жұқпалы аурулар жөнінде жедел хабарлама

    3. диспансерлік бақылау картасы

    4. алдын ала егу картасы

    5. диагноздарды тіркейтін статистикалық талон




    1. Жүкті әйелдің біріншілік босануға дейінгі патронажының негізгі міндеті қандай?

    1. сүт қоспаларымен тамақтандыруды есептеу

    2. болашақ науқастың ата- анасымен танысу

    3. анамнез жинау, қауіп факторларды анықтау

    4. науқастың тұратын көшесімен танысу

    5. отбасы мүшелері мен туысқандарын қарау




    1. Ұйымдастырылмаған балалардың денсаулық жағдайы жайлы ақпараттар жазылатын біріншілік медициналық құжатта жазылады, есепке алу формасының №

    1. 112

    2. 026

    3. 030

    4. 038

    5. 063




    1. Ұйымдастырылған балалардың денсаулық жағдайы жайлы ақпараттар жазылатын біріншілік медициналық құжат, есепке алу формасының №

    1. 112

    2. 026

    3. 030

    4. 038

    5. 063




    1. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы гипохромды анемияны диагностикалауда негізгі көрсеткіш болып табылады

    1. эритроцит төмендеуі

    2. тромбоцит төмендеуі

    3. түстік көрсеткішінің төмендеуі

    4. лейкоциттер төмендеуі

    5. ретикулоциттердің жоғарылауы




    1. Балаларда БЦЖ вакцинациясы техникасын дұрыс сақтамаудың нәтижесінде қандай асқыну туындауы мүмкін?

    1. есекжем

    2. ''суық ''абсцесс

    3. жоғары бөліктің парезі

    4. төменгі бөліктің парезі

    5. неврологиялық бұзылыстар




    1. 2 айлық дені сау бала. Қысқы кезең. Педиатр балаға рахиттің алдын алуын жүргізді. Баланың Дз витаминіне тәуліктік мұқтаждығын көрсетіңіз, ХБ

    1. 70-90

    2. 400-500

    3. 100-300

    4. 600-700

    5. 700-800




    1. Фарингоноьюктивальды қызба қандай инфекцияға тән:

    1. желшешекке

    2. аденовирусты инфекцияға

    3. респираторлы-синцитиальды инфекцияға

    4. риновирусты инфекцияға

    5. паротитті инфекцияға




    1. Рахиттың арнамалы алдын-алуында қандай препарат қолданылады?

    1. панангин

    2. балық майы

    3. В тобы витаминдері

    4. Д витаминінің спиртті ерітіндісі

    5. Д витаминінің сулы ерітіндісі




    1. Бала «екіншілік пиелонефрит, екі бүйректің жинақтаушы жүйесінің толық емес еселенуі, қызметі сақталған» диагнозы бойынша бақылануда. Ремиссия басталысымен неше жылдан кейін бала есептен шығарылады?

    1. шығарылмайды

    2. 1 жыл

    3. 2 жыл

    4. 3 жыл

    5. 5 жыл




    1. 11 жастағы ер балаға «Билиарлы жолдың дисфункциясы» диагнозы қойылған. Гипомоторлы типтің бұзылысындағы ауырсыну сипаты?

    1. белдемелі ауырсыну

    2. оң жақ қабырға астындағы тұрақты кернелген ауырсыну

    3. іштің жоғарғы жартысындағы кеш ауырсыну

    4. кіндік аймағындағы кернелген ауырсыну

    5. іштің оң жақ жартысындағы қысқа уақытты ұстама тәрізді ауырсыну




    1. Рахиттің І дәрежесін емдеу үшін аквадетримнің (Д3) тәуліктік мөлшері қанша?

    1. 2000

    2. 3000

    3. 3500

    4. 4000

    5. 5000




    1. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша анемиямен ауыратын бала медициналық қызметкерге неше күннен кейін қайта қаралуға келетіні жөнінде анасына кеңес беріңіз

    1. 1

    2. 2

    3. 5

    4. 10
    5. 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


  • написать администратору сайта