Главная страница
Навигация по странице:

  • Учебные предметы Количество часов

  • Б.Ә. САҚАЕВ

  • ¦ 1, педагогика ¦4, 2016. аза бiлiм академиясыны баяндамалары 4, 2016


    Скачать 1.24 Mb.
    Названиеаза бiлiм академиясыны баяндамалары 4, 2016
    Дата21.02.2022
    Размер1.24 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла¦ 1, педагогика ¦4, 2016.doc
    ТипДокументы
    #368434
    страница4 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Учебные планы епархиальных училищ Российской империи

    (1868 г.)





    Учебные предметы

    Количество часов

    Закон Божий

    21

    I. Гуманитарные предметы

    42

    Русский язык, церковнославянский язык, словесность

    21

    История

    9

    География

    12

    II. Естественно-математические предметы

    25

    Математика

    18

    Естественная история

    7

    Физика

    7

    III. Графические предметы

    10

    Чистописание

    10

    IV. Прочие предметы

    10

    Педагогика

    2

    Пение

    8 (церк. пение)

    Общее число недельных уроков

    108

    Срок обучения

    6


    Источник: [3, с. 259]
    Из таблицы 3 видно, что обучение в епархиальных училищах имело гуманитарную направленность, что подтверждается числом часов на изучение данного цикла. На цикл естественно-математических дисциплин выделялось 25 часов, 10 часов – на чистописание, 21 час – на изучение Закона Божьего.

    Преподаватели епархиальных женских училищ исключали элементы механического заучивания материала. Преимущественно применялись методы, которые способствовали развитию у учениц мышления и стимулировали их сознательную деятельность. Основными методами обучения были: рассказ, чтение, лекция, беседа, поучение, проповедь, наставление, эвристический метод, самостоятельная работа с источниками и первоисточниками, устные и письменные упражнения, сочинения, рефераты, лабораторные работы [9].

    Трансформация содержания и системы преподавания в епархиальных училищах на всех ступенях развития имела поступательный характер. Все нововведения внедрялись поэтапно, что совершенствовало учебно-воспитательный процесс [6].

    Также следует отметить продуманную внеурочную деятельность девушек, которые учились в епархиальных училищах. Она была разнообразной и способствовала развитию умственных способностей учениц, их мышления и воображения, тщательно подготавливая к будущей жизни жен священнослужителей и/или учителей начальной школы. С этой целью при епархиальном училище функционировало большое количество кружков, в том числе по иконописанию, швейному делу, ткачеству, шитью обуви, садоводству, огородничеству, медицине, гимнастике и т.д.

    Руководство епархиальными женскими училищами осуществлялось в соответствии со сложившейся иерархией – Синод, епархиальный архиерей, съезд духовенства, совет училища. Совет училища включал как представителей духовенства, так и светских лиц [9].

    Главным органом управления епархиальных училищ выступал училищный совет. Он имел широкие полномочия, в том числе: разработка подробных программ по каждому предмету (до 1895 г.) и для дополнительных педагогических классов (до 1907 г.), выбор учебников и учебных пособий, установление количества часов на прохождение определенного курса, назначение на должности преподавателей, воспитательниц, врачей и т.д. [5].

    Таким образом, женские духовные училища помогали дочерям духовенства стать материально независимыми от своей семьи, обеспечивая формирование личности в духе православия и народности. Кроме того, епархиальные училища сыграли немаловажную роль в распространении просвещения и религиозности среди российского населения.
    Список литературы

    1 Святненко А.В. Становлення та розвиток жіночих духовних училищ на Правобережній Україні: друга половина XIX – початок XX ст. / Святненко А. В. // Вісник Національної академії керівних кадрів культури і мистецтв: наук. журнал. – К.: Міленіум, 2013. – № 3. – С. 170-176.

    2 Женское образование [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://knowledge.su/zh/zhenskoe-obrazovanie.

    3 Днепров Э.Д. Среднее женское образование в России: учебное пособие / Э.Д. Днепров, Р.Ф. Усачева. – Москва, 2009. – 251 с.

    4 Лихачева Е. О. Материалы для истории женского образования в России (1796-1828): в 4 т. – Т. 3. – СПб., 1893. – С. 172-173.

    5 Андреева Е. А. Возникновение и развитие епархиальных женских училищ в России (середина XIX – начало XX века): автореф. дис. … канд. пед. наук: спец. 13.00.01. – общая педагогика / Е.А. Андреева. – Москва: МПГУ, 2000. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.dissercat.com/content/vozniknovenie-i-razvitie-eparkhialnykh-zhenskikh-uchilishch-v-rossii-seredina-khikh-nachalo-

    6 Попова О.Д. Женское духовное образование и его роль в изменении общественного положения женщины в России: дис. … д-ра истор. наук / Попова Ольга Дмитриевна. – М., 2009. – 663 с.; [Электронный ресурс]. – URL:http://www.dissercat.com/content/zhenskoe-dukhovnoe-obrazovanie-i-ego-rol-v-izmenenii-obshchestvennogo-polozheniya-zhe...

    7 Семенов Д. Д. Избранные педагогические сочинения / Д. Д. Семенов; под ред. Н. А. Константинова. – М.: Издательство Академии наук РСФСР, 1953. – 400 с.

    8 Двадцатилетие Полтавского епархиального женского училища: материалы для истории училища. – Полтава: Тип. Л. Фришберга, 1894. – 274 с.

    9 Устав Киевскаго женскаго училища духовного вѣдомства, святейшим Синодомъ утвержденный въ 13-й день іюля 1866 года, и дополненный новыми постановленіями. – Киевъ: Типографія Е. Кереръ Бол. Владимір. ул. д. Сьтовой, 1883. – 18 с.
    Түйін

    Мақалада ХІХ-ХХ ғасыр басында діни бағыттағы оқу орындарының қызмет ерекшеліктері баяндалады. Осы бағыттағы оқу орындарының қалыптасуы мен дамуының негізгі шарттары көрсетіледі. Әйелдерге арналған діни оқу орындарының даму кезеңдері талданады. Әйелдерге арналған епархиалдық училищеде тәрбиелеу және оқыту ісін ұйымдастыру ерекшеліктері айтылады.
    Resume

    The peculiarities of educational establishments’ functioning of the  religious affairs’ department in the XIXth – early XXth century in are revealed the article. The basic preconditions of formation and development of these types of establishments are represented. The development stages of women’s religious schools are analyzed.The peculiarities of the organization of training and education in women’s diocesan schools are described. It is noted that women’s religious schools offered an opportunity for the daughters of clergy to get financial independence from their families; they promoted a woman’s personality formation.

    ӘӨЖ (УДК) 796/799.378
    БАСКЕТБОЛДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҚТЫРУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
    Е.К. СЕЙСЕНБЕКОВ

    педагогика ғылымдарының кандидаты,

    Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының доценті

    Б.Ә. САҚАЕВ

    Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, доцент,

    Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының профессоры

    Ә.Ж. ТАСТАНОВ

    педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,

    Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының профессоры,

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
    Аннотация

    Мақалада авторлар білім беру мекемелері мен арнайы спорттық мектептердің оқу бағдарламасында көп қолданылатын спорттық ойындар, соның ішінде, оқу-жаттықтыру сабақтарында баскетболдағы психологиялық дайындықты қолдану жолдары мен әдістері жайлы мәселе көтереді. Қазіргі таңда елімізде дене шынықтыру мен спорт саласына көп назар аударып, түйткілдерді шешуге күш салып жатқанда, спорт саласында мемлекет имиджін ірі халықаралық жарыстарда көтеру үшін, баскетбол ойынын да жұрт назарын аударарлық деңгейге жоғарылату қажет. Спорттық жарыстарда психологиялық дайындықтың қажеттігі зор.

    Түйін сөздер: дене шынықтыру, баскетбол, оқу-жаттықтыру үдерісі, әдістер, психологиялық дайындық, спорттық жарыстар.
    Заманауи баскетболда спортшылардың жарыстарға (әртүрлі деңгейдегі турнирлер, біріншіліктер, кубоктық жарыстар) деген психологиялық дайындығы туралы мәселе әрқашан да өзекті болып табылады. Баскетбол ойыны жақсы жолға қойылған елдерде осы ойын түрінің дамығаны соншалық, ойыншылардың дене, техникалық және тактикалық даярлық қасиеттері, көбінесе, бір деңгейде болады. Сондықтан, қандай да болмасын, ойынның нәтижелері көп жағдайларда психологиялық факторлар арқылы анықталады. Жарыстардың маңыздылығы жоғары болған сайын, ойындар қыза түседі, сол арқылы спортшылардың психикалық хал-ахуалдары аса мәнді бола бастайды. Мұндай дүбірлі жарыстарда жеңіске жету уақыт өткен сайын үлкен психикалық қарбаластық пен моральдық күшті талап етеді [1].

    Спортшылардың нәтижелі дайындығы, көбінесе, оның жетілдіруіндегі стратегиялық бағыттарды дұрыс таңдаумен, сол әртүрлі бағыттарды жасақтауда салынған ішкі қорларын анықтаумен шартталады (В.Н. Платонов, 2005). Енді, осыған байланысты, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдірудің 12 негізгі бағытын, соның ішінде, спорттық мамандықты таңдауда, көпжылдық дайындықтың барлық жүйесін жасақтауда, жарыстық іс-қызметтің оңтайлы құрылымын анықтауда В.Н. Платонов әрбір нақты спортшының барынша жеке-дара дағды-машықтары мен қабілеттіліктерін атап көрсетеді [2]. Жекелендіру қағидасы спортшылардың дайындық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыт көп жылдық жетілдірудің барлық этаптарында даярлықтың жеке бағдарламасын, жұмыстың жеке және топтық түрлерінің үйлесімдігін жасақтауда қажет болатын спортшыларды бағдарлау мен таңдаудың жоғары деңгейін талап етеді [3].

    Жекелендіру мәселелері, соның ішінде, дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі де – жеке ғылымның шегінен шығып кететінін атап көрсету керек. Бұл өзекті мәселе тек педагогтар мен психологтарды ғана емес, сонымен бірге, фәлсапашыларды да, биологтарды да ойландырады. Спорт үшін – морфология, биомеханика, физиология секілді, жаратылыстану пәндері саласы неғұрлым өзекті болып табылады [4,12-89 бб.].

    Сондықтан, жаттықтыру үдерісінде баскетболшылардың психологиялық дайындығына көбірек көңіл бөліну қажет. Жаттықтырушы бапкер ойынның техникасын, тактикасын және баскетболшылардың дене дайындығындағы туындап отырған мәселелермен қатар, психолог бола білуі, өзінің қол астындағы айналысушыларда моральдық күш-ерік, буырқанды сезімдік қасиеттерді тәрбиелей алуы керек. Оларды өзінің сыртқы-ішкі сезімдерін басқара алу, қажетті жағдайларда батылдықты, жеңіске деген күш-ерікті, қажырлықты, ұстамдылықты және салмақтылықты көрсете білуге үйрету керек.

    Баскетболшының психологиялық дайындығы – бұл нәтижелері, көбінесе, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен реттілік, жан-жақтылық пен бекемділік, тәрбиелік оқып-үйрету секілді, жалпыпедагогикалық қағидаларды ұстанған жағдайда болатын педагогикалық үдеріс [5, 41-93 бб.].

    Адамдар арасындағы жеке айырмашылық мәселелері ең күрделі де, қызықты түйткілдердің бірі екенін және болып қалатынын Т.В. Костяк [6] атап көрсеткен. Адамдар арасындағы айырмашылықтың себептерін түсінуге деген құлшыныс баяғыдан бері келе жатқан құбылыс. Заманауи ғылымда жеке тұлғаның қалыптасуы үшін тұқымқуалаушылық және қоршаған орта факторларының арақатынасы туралы сауалдар әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес.

    Қазіргі кездегі ғылым жеке тұлғаның қалыптасуының екі деңгейін дәлелдейді. Бірінші деңгей: психодинамикалық – жүйке жүйесінің динамикасы және құрылымымен байланысты, бөлек жеке тұлғалық сипаттармен көрсетілген. Жеке тұлғалық екінші деңгей: интегралдық – бұл жеке тұлғаның белгілі бір типінде сипатталатын және адам өмірінің жеке стилінің қалыптасуына ықпал ететін жеке сипаттардың бейімділігі. Жеке тұлғаның бірінші (психодинамикалық) деңгейін оқып-үйрену адамның жеке ерекшеліктерінің пайда болуын зерттеумен байланысты. Жеке айырмашылықтардың пайда болуын түсіндіруде үш қалыпты атап көрсетуге болады: гуморальдік, конституционалдық, психофизиологиялық [7, 32-96 бб.].

    Тәрбиелік оқыту қағидасы бүкіл оқу-жаттықтыру үдерісінің мазмұны, әдістері және ұйымдастыруы, сонымен бірге, жаттықтырушы бапкердің жеке тұлғасы мен ұжымның ықпалы арқылы спортшының жеке тұлғасын қалыптастыруда және оны қабылдауда анықталады.

    Спорттық дайындықтың заманауи теориясында спортшылардың дайындығын жекелендіру мәселелерін шешудің бірнеше жолдары бар. Бұл денсаулық жағдайын, жалпы және арнайы даярлық деңгейін, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің дәрежесін, жасын, спортпен айналысу өтілін және т.б. есепке алу; командаларды жасақтау; оқу-жаттықтыру үдерісін ұйымдастыру; дайындықтың барлық түрлерін салиқалы жоспарлау; ойыншылар шешу қажет жеке ерекшеліктерді, ойын ампуласын анықтау мен нақты міндеттерді қоюды оқып-үйрену; жарыс деңгейін реттей алу және қарсыластарды таңдау қағидаларын қарастырады [8, 169-250 бб.].

    Жекелендіру мәселелерімен айналысатын авторлар жеке орындау жеке тұлғаның білім деңгейін, яғни, бір адамның екінші адамнан қайталанбас айырмашылықтарын, және табиғи мен әлеуметтік, дене мен психикалық, туа біткен мен жүре пайда болған ерекшеліктерінің барын атап көрсетеді. Жоғарыдағыларды есепке ала, бұқаралық спорт секілді, жоғары жетістіктер спортында да спортшылардың даярлығын нақты жекелендіру ерекше күрделі міндет болып табылады.

    Әр елдерде, әр спорт түрлерінде аталмыш мәселелер әртүрлі жолдармен, әдістермен шешілуде. Мысалы, Ресейде, Украинада спортшылардың көпжылдық дайындық этаптарында жаттықтыру үдерісін құру технологиясындағы дифференциялық қайталау жолдары, спортшылардың дене даярлығын, функционалдық хал-ахуалдарын, дене жүктемесін мөлшерлеу, жеке оңтайландыру параметрлерін іске асыру ұсынылады [9].

    Амал-тәсілдер мен әдістерді таңдауда салыстырмалы түрдегі жүктеменің әртүрлі параметрлерін жекелендіруге байланысты, спортшылардың дайындық үдерісіндегі жеке қайталау әдіс-тәсілдерін жетілдірудің ең нақты ұсыныстарын ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде кездестіруге болады. Аталмыш бағыттың нағыз мысал үлгісі ретінде академиялық ескек есудегі спортшылардың даярлығын жекелендіруін қарастыратын А.Ю. Дьяченконың жұмысын атап көрсетуге болады. Өзінің жұмысында ол арнайыланған даярлық этапындағы ескек есушілердің іске асыра алу мүмкіндіктерін жетілдіруді басқару негізі ретінде, қашықтықта жүктемелердің функционалдық қамтамасыз етуінің жеке типтерінің талдауы болып табылатынын көрсетті. Ескек есушілердің жеке ерекшеліктері даярлықтың барлық этаптарында тұрақты болып қалатын энергия қамтамасыз етудің аэробтық және анаэробтық бөліктерінің арақатынасы бойынша жіктеледі. Автордың анықтауы бойынша арнайы төзімділіктің жоғары деңгейдегі нұсқалықта көрінуін төзімділіктің бөліктерін бағалау критерийі анықтайтын арнайы талдаудың негізгі элементі ретінде, жаттықтыру үдерісінің жекелендіру қажеттілігін, осыған орай, жоғары функционалдық әлеуеті бар спортшыларда іске асыруға бағытталған ескек есушілердің жаттықтыру жүктемесінің параметрлерін көрсетеді [7, 201-209 бб.].

    Осы сияқты, басқа да авторлардың ғылыми зерттеулерінде жекелендіру амалдарын негізгі параметр ретінде таңдау кезінде жеке тұлғаның типологиялық қасиеттерінің бөлінуі ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың бәрі баскетбол спорттық ойынында психологиялық дайындықты қолданудың әдістері ретінде қолданылады.

    Осылайша, басқа да спорт түрлері сияқты, баскетболда да жекелендіру спортшылардың дайындық жүйесін жетілдіретін, түбі көпғасырлық тарихқа еніп кететін, адамдардың жеке қасиеттерін оқып-үйрететін, жеке тұлғаның классикалық концепциясына сүйенетін (Гиппократ – Галлен ілімі, факторлық және конституционалдық теориялар, нейротип теориялары, жеке тұлғаның жоғары деңгейі) негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

    Саналылық пен белсенділік қағидасы баскетболшының саналы түрдегі өздігінше белсенді іс-қызметіне педагогикалық ықпал етудің оңтайлы арақатынасын қарастырады. Бұл қағиданы іске асыру және нәтижелерге жету үшін, баскетболшының белгілі бір көлемдегі психологиялық тапсырмаларын орындауға, оның психологиялық функциялары мен қасиеттерінің дамуының маңызын түсінуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі бақылауына, жаттықтыру үдерісінде қиыншылықтарды үнемі жеңуге деген құлшынысы болуы қажет.

    Барлық жалпыпедагогикалық қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және шартталған. Барлық қағидаларды бірыңғай біріктіруді іске асырғанда ғана психикалық даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

    Спорт психологиясындағы спортшылардың психологиялық дайындығы – екі этапқа бөлуге болатын күрделі шартты-рефлекторлық үдеріс ретінде қарастырылады: жалпы психологиялық дайындық және нақты бір спорттық жарысқа психологиялық дайындық.

    Жалпы психологиялық дайындық дене, техникалық, тактикалық және теориялық дайындық түрлерімен бірге, бір қатарда тұрады. Ол баскетболшылардың спорттық жетілдіруінің бүкіл кезеңі бойы дайындықтың осы жақтарымен тығыз бірлікте іске асырылады.

    Баскетболшылардың жалпы және психологиялық дайындықтарының негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

    - ішкі түйсіктік немесе сезінулік қабылдау үдерісінің дамуы, соның ішінде, ішкі түйсіктік қабылдаудың арнайыланған түрлерін қалыптастыру мен жетілдіру – уақыт сезінулігі, допты сезіну, кәрзеңкені сезіну және т.б.;

    - зейіннің дамуы, соның ішінде, оның көлемінің, жиілігінің, жан-жаққа бөлінуінің, тұрақтылығының және зейіннің басқа жаққа ауысуының дамуы;

    - тактикалық тұрғыда ойланудың, жадының, ойша көз алдына келтіру мен қиялдаудың, ойындық хал-ахуалды шапшаң, әрі дұрыс бағалай алу қабілеттілігінің, әсерлі тиімді шешім қабылдаудың және өз қимыл-әрекеттік қозғалыстарын бақылаудың дамуы;

    - жарыстарға дайындық және ойын үдерістерінде өзінің буырқанды сезімдерін басқара алу қабілеттіліктерінің дамуы;

    - күш-еріктік қасиеттердің дамуы.

    Кез келген спорттық команда секілді, баскетболдық команданың да моральдық хал-ахуалы команда ішіндегі ойындық болсын, жеке тұлғалық болсын, өзара қарым-қатынастардың сипатына тікелей байланысты болатынын есте сақтаған жөн. Баскетболшылар арасында ұжымдық сана-сезім, үйлесімді өзара қарым-қатынастар мен өзара көмек жасау секілді адамгершілік қасиеттер команданың кез келген деңгейдегі жарыстарда нәтижелі, сәтті өнер көрсетуінің қажетті шарты болып табылады [10, 323-405 бб.].

    Баскетбол ойынын жақсы меңгеру үшін, әрбір спортшыдан ойламаған жерден шығып жатқан кез келген ойындық жағдайларға тез жауап беріп үлгере алуын талап етеді. Олардың барлық іс-әрекеттері таңдаудың күрделі реакция механизмі бойынша өтіледі де, тек жылдамдықпен ғана емес, сонымен бірге, ішкі түйсіктік қабылдаудың да, қарсы жауаптық қимыл-қозғалыстардың да дәлдігімен, өз уақыттылығымен сипатталады.

    Баскетболшының қимыл-қозғалысында өте қажетті жылдамдық реакциясын дамыту үшін, жаттықтыру үдерісіне ойын барысында зейіннің өте жылдам ауысып тұруын, бір қимыл-әрекеттен келесі қимыл-әрекетке шапшаң ауысуын талап ететін, әртүрлі ойламаған жерден одан әрі жалғасып кете беретін жылдамдық жаттығуларының өте көп санын енгізу қажет.

    Баскетбол ойынын талдау барысында баскетболшылардың техникалық және тактикалық іс-әрекеттерінің сәтті нәтижелері, көбінесе, көлем, жиілік, қайта тарқату, тұрақтылық және зейінді ауыстыру секілді, зейіннің осындай ерекшеліктерінің жоғары деңгейде дамуымен анықталады.

    Спорт психологиясында жаттықтыру сабақтары мен жарыстар кезінде шамадан тыс буырқанды сезімдік күш түсірулермен байланысты, кәдуілгі дененің шаршауын және спорттық жұмыс қабілеттілігінің қайта қалпына келуін, жүйкенің шаршауын басу немесе төмендету, жарыс алдында немесе жарыс кезінде жағымсыз буырқанды сезімдік хал-ахуалды басу немесе төмендету, түн уақытындағы ұйқысыздыққа қарсы күрес үшін қолданылатын өзін-өзі реттеудің арнайы амал-тәсілдері жасақталған.

    Баскетболда алаңға шығар, айып доптарын тастар, ойынға шығар, допты ойынға қосар алдында және т.б. жағдайларда ауысымдағы (запастағы) ойыншылардың психикалық хал-ахуалын реттеу үшін арнайы амал-тәсілдер ұсынылады. Мысалы, алаңға шығар алдында ауысым жасаушы ойыншылар орындығында отырған баскетболшылар үшін ұйымдастырушылық тұрғыдағы келесі психологиялық дайындық сөздерін ұсынуға болады: «Таяу уақытта ауысым болады», «Мен барынша жинақымын», «Менің бар зейінім ойынға берілген», «Менің зейінім ойынға жинақы дайын», «Ойынға қосылғым келеді», «Тезірек алаңға шыққым келеді», «Қарсыластар командасы өте күшті, бірақ, біз олардан күштіміз», «Біз міндетті түрде жеңеміз», «Мен жеңіске сенімдімін», «Мен өзіме сенімдімін, мен жеңіс үшін бәрін істеймін», «Мен жоғары деңгейде дайынмын», «Мен ойнауға дайынмын».

    Жоғарыда аталған психологиялық дайындық сөздерін айту кезі, мысалы, айып добын тастар алдында, ойыншы допты еденге бірнеше рет ұрып алып, бірнеше рет тереңірек демалып алып, көз алдына доп тастаудың техникасын ойша елестетіп, допқа бар зейінін салып, барынша демін ішіне алып, әлгі сөздерді айтып барып, допты тастауы керек.

    Негізінен алынғанда, баскетболшылар командасын нақты бір жарысқа даярлау барысында, психологиялық дайындық жоспары тұрғысында келесі міндеттер шешілуі қажет:

    - баскетболшылардың алда ойналатын ойынның ерекшеліктері мен спорттық міндеттерін түйсігімен сезіне алуы;

    - өтілейін деп жатқан жарыстың нақты жағдайлары мен хал-ахуалымен танысу, білу;

    - қарсыластың күшті және әлсіз, осал тұстарын білу, танысу;

    - нақты уақытта өзінің жеке мүмкіндіктерін сезіне алу және бағалауын ішкі түйсікпен сезіну;

    - алдын-ала болатын жарыстың әсерінен туындайтын теріс буырқанды сезімдік күйден шығып, өзін-өзі жеңе алу.

    Баскетболшылардың жарыс алды психикалық хал-ахуалының динамикасына әсер ететін келесі негізгі себептер: жарыстардың маңыздылығы; қатысушылар құрамы; жарыстарды ұйымдастыру; спортшының айналасындағы адамдардың (әсіресе, жаттықтырушы бапкердің) мінез-құлқы; спортшылардың жеке психологиялық ерекшеліктері; өзін-өзі реттеудің әдіс-тәсілдерін меңгеру деңгейі; ұжымдағы психологиялық хал-ахуал.
    Пайдаланылған әдебиеттер

    1 Вальтин А.И. Проблемы современного баскетбола / А.И. Вальтин. – Киев, 2003. – С. 56-89.

    2 Платонов В.Н. Энциклопедия Олимпийского спорта Украины, – Киев, 2005. С. 102-156.

    3 Психология индивидуальных различий: [Тексты (под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я.Романова)]. – М., 1982. – С.23-47.

    4 Ананьев Б. Г. Человек как предмет познания / Б. Г. Ананьев. – Л.: Наука, 1989. – 180 с.

    5 Корягин В.М. Баскетбол / В.М. Корягин, В.А.Боженар. – Киев, 1989. – С.41-93.

    6 Костяк Т.В. Проблема индивидуальных особенностей человека и различные вариан­ты ее решения в психологии / [Электронный ресурс] // All psychology. Все о психоло­гии. – режим доступа: www.allpsychology.ru

    7 Дьяченко А.Ю. Специальная выносливость квалифицированных спортсменов в ака­демической гребле / А.Ю.Дьяченко. – Киев: НПФ «Славутич-Дельфин», 2004.- 338 с.

    8 Сейсенбеков Е.К. Спорт теориясы мен әдістемесі. Оқулық. – Астана. Нұрлы бейне баспасы, 2013. – 331 б.

    9 Козина Ж.Л. Основные научно-методические подходы к процессу индивидуализации 6. подготовки спортсменов (на примере баскетбола) / Козина Ж.Л. // Физическое воспи­тание студентов творческих специальностей: Сб. научных трудов под ред. Ермакова С.С. – Харьков: ХХПИ, 2005. - № 5. – С. 8-20.

    10 Сейсенбеков Е.К. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі, Оқулық, Астана, ЕҰУ баспасы, 2011. – 431 б.
    Резюме

    Статья посвящена для широкого круга специалистов сферы физической культуры и спорта, которые непосредственно занимаются психологической подготовкой спортсменов, в том числе, и баскетболистов.
    Resume

    The article is devoted to a wide range of specialists in the sphere of physical culture and sports, which are directly involved in the psychological preparation of athletes, including basketball-players.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта