Главная страница
Навигация по странице:

  • “қоғамдық психология”

  • Антонио Лабриола

  • Теориялық сана.

  • Қоғамдық психология мен қоғамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі

  • Қоғамдық сананың формалары.

  • Саяси идеология

  • Құқықтық сезімдер

  • Құқықтық әдеттер

  • Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

  • . Өнер философиясы (12-апта, 1 сағат) Эстетикалық сананың мәні Өнер философиясы Қазақ халқының сұлулық философиясы

  • Эстетикалық сана

  • Өнердің функциялары: танымдық

  • 12 тақырып. Тарих философиясы (13-апта, 1 сағат)

  • 2021-22 Философия Дәріс (2). Философия кафедрасы


    Скачать 212.1 Kb.
    НазваниеФилософия кафедрасы
    Дата01.11.2021
    Размер212.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2021-22 Философия Дәріс (2).docx
    ТипДокументы
    #260333
    страница9 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін:саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді.

    Қарапайым немесе әдеттегі сана - адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпыадамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады.

    Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттері мен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде “қоғамдық психология” ұғымын қарастырған дұрыс.

    Қоғамдық психология дегеніміз - белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері.

    “Қоғамдық психология” терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антонио Лабриола (1843-1904) 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.В.Плеханов (1856-1918) үлкен үлес қосты. Ол “қоғамдық сана” терминін “қоғамдық психика” және “таптық идеология” деп бөліп, қоғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын да, мәдениеттің де, әдебиеттің де, философияның да, басқа рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан.

    Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана - маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әдебиетте идеологияны теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастырады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады.

    Идеология - саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет бағдарламаларын, идеологиялық ұстанымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым.

    Қоғамдық психология мен қоғамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі:

    1. Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор;

    2. Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пассивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді;

    3. Идеология жүйелі түрде, идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады.

    Қазіргі уақытта “идеология” термині қайта жаңғырды. Кеңестер Одағы дәуірінде ұзақ уақыт тым асыра идеологияландырылған қоғамда өмір сүргеніміз белгілі. Ол қоғам ыдыраған соң, идеологиялық вакуум, бос кеңістік пайда болды, тіпті қоғамтанушы ғалымдардың өзі бұл терминді айналып өтуге тырысты, “қоғамды идеологиясыздандыру” мәселесі де кеңінен талқыланды. Әрине, бұл көзқарас дұрыс емес, себебі әрбір мемлекеттің өзіндік құндылықтар жүйесі, қоғамның барлық мүшелерінің көзқарастарын бейнелейтін белгілі бір ұстаным-бағыты міндетті түрде болуы тиіс, қоғам онсыз өмір сүре алмайды. Осы күрделі жұмыс қазір белсенді қолға алынып, дамуда. Мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми-теориялық еңбектерінде, Қазақстан халқына Жолдауларында, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген. Оларды жалпы қорытсақ:

    1. Мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

    2. ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;

    3. ішкі ұлттық бірлікті нығайту;

    4. қазақстандық жаңа патриотизмді қалыптастыру;

    5. мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұғырнамасын жасау;

    6. қоғамда жоғары тіл мәдениетін орнықтыру;

    7. аналар мен балаларды әлеуметтік қорғауды күшейту;

    8. жоғары білімді ұлт болуға ұмтылу;

    9. тұрақтылықты, азаматтық келісімді қалыптастыру және тағы басқалары.

    Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), ғылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

    Қоғамдық сананың формалары – ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік үрдіс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды.

    Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық көрініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.

    Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практикалық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде, өмір сүрудің, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рационалдық пен эмоционалдық, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әртүрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді.

    Саяси идеология - белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.

    Саяси идеологияны адамдардың арнайы топтары - идеологтар және идеялар өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал етудің идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын идеологиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше түрлі тәсілдері пайда болды.

    Саяси идеология әлеуметтік саладағы өзгерістер жасаумен қатар жүргенде ғана табысты болмақ. Көптеген партиялар осы факторға баса назар аударады, бұл елімізде соңғы жылдары өткізілген әртүрлі сайлауларға дайындық барысында анық байқалды.

    Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси сана және мораль салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, олардың бір-біріне әсер ету дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің бірлігі, шынайылығы, адамгершіліктік келбеті оның саяси қызметіне, халықтың арасындағы беделіне едәуір ықпалын тигізеді.

    Құқықтық сана - адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.

    Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:

    1) практикалыққұқықтық сана - адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.

    Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашу-ыза.

    Құқықтық дағдылар - адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (мысалы, шығынды өтеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.

    Құқықтық әдеттер - индивидтің құқықтық нормаларды сақтауға деген ішкі қажеттілігі.

    Құқықтық білімдер - құқық саласы бойынша субъектінің түсініктерінің, пікірлерінің, бағалары мен ұстанымдарының жиынтығы.

    Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

    2) Теориялық құқықтық сана - құқықты, оның шекаралары мен нормативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құралдарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі үрдісі мен оның жемісі.

    Мұндай ой қызметінің міндеті - құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды.

    Құқықтық сана әртүрлі қызмет-функциялар атқарады:

    1. танымдық - құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі.

    2. бағалау функциясы - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па - субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине, мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет.

    3. реттеу функциясы - құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы.

    11 тақырып. Өнер философиясы (12-апта, 1 сағат)

      1. Эстетикалық сананың мәні

      2. Өнер философиясы

      3. Қазақ халқының сұлулық философиясы


    Эстетикалық сана - адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбылыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. Ол – рухани мәдениет феномені. Гегель атап көрсеткендей, адамның ақыл-ойы сезімдерсіз өмір сүре алмайды. Эстетикалық сезімнен жұрдай адамды рухани дамыған адам деп айта алмаймыз.

    Эстетикалықты, немесе, сұлулықты асқақтату антика дүниесінен ерекше байқалады. Антика ойшылдары адамның рухани қызметіне ерекше мән берді. Олар руханилықтың ішкі мазмұнына ғана емес, сыртқы формасына да назар аударып, сұлулық, шама, үйлесімдік, кемелдік категорияларын болмыстың негізгі категорияларының қатарына қосты. Антика дүниесі сұлулықты адамның ғана емес, бүкіл дүниенің атрибуты деп түсінді. Яғни, антикалық эстетикада сұлулық туралы ілім болмыс туралы іліммен біртұтас деп қарастырылды және осы ерекшелік Орта ғасыр эстетикасының философиясы мен теологиясынан да байқалады.

    Қайта Өркендеу дәуірінде эстетикалық алдыңғы орынға шықты және адамның сұлулығына басты назар аударылып, Сұлулық Ақиқат пен Ізгіліктен жоғары қойыла бастады және Сұлулық антикадағыдай дүниенің бойында емес, адам қызметінің нәтижесі болып саналатын Өнерде деп жарияланды. Яғни, Ақиқат дүниеге тән, ал Сұлулық өнерге тән деп қарастырылып, Ақиқат пен Сұлулықтың арасы бөліне бастады. Қазіргі терминмен айтқанда, өнер өнер үшін ғана өмір сүреді, Сұлулық Ақиқат пен Ізгіліктен жоғары. Осы ұстаным философия тарихында романтизмде, классикалық неміс идеализмінде, неокантиандықта байқалады. Мысалы, Б.Кроченің пайымдауынша, өнер – ең жоғары нақты дүние, ол танымнан және моральдан тыс, өнерді жасаушы адам өздігінен толыққанды, оған табиғат та, қоғам да керек емес және рухтың ақиқат әлемі, болмыстың ең жоғары нақты көрінісі – өнер әлемі. Сартрдың пікірінше, адамның экзистенциалдық табиғатына бойлай алатын тек өнер ғана.

    Гетенің: Ақиқат мен Сұлулықтың арасында қатаң шекара жоқ., Сұлулық дегеніміз – Ақиқат, табиғат заңдары мен сұлулық заңдары ажырамас бірлікте, табиғаттағы сұлу нәрсенің бәрі – табиғат заңдарының көрінісі. Адам Сұлулықты өнерден ғана емес, табиғаттан, қоғамнан, басқа адамдардан іздейді.

    Ағарту дәуірінде рационализм үстем болды, өнер дүниені танып-білу құралы емес, адамның өзін-өзі жүзеге асыру формасы деп есептелді. ХІХ ғасырдың соңынан бастап С.Къеркегер, Ф.Ницше, О.Шпенглер және тағы басқа ойшылдар рационализмнің дағдарысы туралы жариялап, мәдениетке ақыл-ой, ерік және сезімнің, яғни Ақиақат, Ізгілік және Сұлулықтың бірлігін қайта енгізу идеясын ұсынды. Олардың пікірінше, адам дүниені, өзін танып білу үдерісінде ақыл-оймен немесе ерікпен шектелмей, дүниені эстетикалық тұрғыдан қабылдауы тиіс, тек эстетикалық қана мәдениеттің тұтастығын қамтамасыз ете алады. Бұл пікірге біз де қосыламыз және ол қазақ халқының Сұлулық туралы түсінігіне сай келеді.

    Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, асқақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер, түсініктер, теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық(сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық(идеялар, теориялар) деңгейлерден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала - өнердекөрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сөзсіз. Бірақ өнер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: “Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін”, -деген болатын.

    Өнердің функциялары:

    1. танымдық - өнер туындыларының көмегімен адам өзінің өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады.

    2. тәрбиелік - эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниесіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді.

    3. эстетикалық - өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады.

    4. гедоникалық-өнер туындылары адамға ләззат береді.

    Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолданатын да тұлға, сондықтан өнер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамдық сананың басқа формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер саясаттан жоғары тұруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады.

    Қазақ халқының эстетикалық санасы, Сұлулық туралы түсінігі оның көшпелі өмір салтының негізінде қалыптасты. Шоқан Уәлиханов атап көрсеткендей, табиғат адамды жаратушы ғана емес, оның бүкіл қоғамдық өміріне әсер етуші фактор. Ш.Уәлиханов көшпелілер мәдениетінің экологиялық шарттылығы туралы (материалдық игіліктерді өндіру мәдениетінен бастап киім кие білу мәдениетіне дейін) алғашқылардың бірі болып айтты. Табиғат жеке адамдардың ғана емес, тұтас халықтардың тіршілік-тұрмысының, ұлттық психологиясының, тілі мен өнерінің бастауы екендігін де Шоқан жете түсінді. Оның: «Таудың түнерген тағы көркі сұлу болғанымен, көңіліңізді құлазытып, зілдей боп еңсеңізді басып тұрады... Тауда өмір сүрген соң жайдары, бейқам халық бола кою қиын. ...Сахарада тынысыңыз біртүрлі кеңейіп, ой-өрісіңіз де қанат жаза түседі, онда етек-жеңді кеңге салып, емін-еркін жүресіз...Тек сахаралықтар ғана уайымсыз, көңілі шат жүре алады», - деген ойлары адам мен табиғаттың ажырамас байланысын дәл көрсетеді. Қазақ халқының сөз өнерін аса жоғары бағалаған Шоқан өз халқының ақындық дарынының, суырып салма қасиетінің де құпиясын табиғаттан іздейді, ашық аспан, шексіз кең дала аясында табиғатты тамашалаумен кешкен өмір көшпелілердің таңғажайып поэзиясының, терең ой түйе білуінің негізі болуы керек деген болжам айтады. Бұл жерде де Шоқанның философиялық материализмі анық сезіледі. Шынында да әсем ойды әсем болмыс тудыратыны күмәнсіз емес пе?

    Қазақ халқы Сұлулықты адамның ақыл-ойынан жоғары тұратын немесе бөлек өмір сүретін емес, онымен біртұтас, үйлесімді құбылыс ретінде қарастырды. Бұл ерекшелік қазақтың әйел сұлулығын түсінуінен жақсы байқалады. Қазақ үшін сұлу әйел ең алдымен ақылды әйел. Осындай ұстаным қазақтың көрнекті ақын-жырауларының шығармаларынан жақсы байқалады. Қоғам ойшылы міндетін атқарушы ақын-жыраулар қазақтың болашағы қазақ әйеліне тығыз байланысты екендігін үлкен көрегенділікпен түсіне білді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі ошақтың отын сөндірмеуші қазақ әйелінің қолында.

    Өміріңе мән беретін сүйген жар, рухани мықты ұрпақ тәрбиелейтін ана туралы ойларын қазақтың белгілі ақыны Шал ақын жақсы әйел бейнесі арқылы жеткізеді. Ақынның түсінігінде жаман әйел алған еркектің жауы мен соры үйінде, ол еркекті тек жаман атаққа қалдырады. Мал-дәулетсіз адам кедей емес, «суық үй, арық соғым, өтпес пышақ, шабан ат, жаман әйелдің» иесі кедей. Шал ақын қамшының сабындай қысқа өмірді жақсы әйелмен қосылып, мәнді өткізуге шақырады және осындай әйелдің жан-жақты сипаттамасын береді. Ол ең әуелі ақылды әйел. Шал ақында әйел көркін сипаттаған тіркестер кездеспейді, ол әйелдің ішкі сұлулығына көбірек үңіледі. Жақсы әйел шаңырақтың тірегі, отбасының берекесі. Жақсы әйел жақсы жар ғана емес, ел мен елді табыстырар, ағайын мен ағайынды жалғастырар жақсы келін. Қазақ табиғатынан жатпен де, ағайын-бауырмен де араласуға, іштесуге бейім халық, онсыз қазақты елестетудің өзі қиын.

    Қорыта айтсақ, қазақ халқының Сұлулық философиясы эстетикалық сана туралы негізгі философиялық ұстанымдармен үндес және қазіргі жастарға үлгі боларлық философия.
    12 тақырып. Тарих философиясы (13-апта, 1 сағат)

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта