Главная страница
Навигация по странице:

  • 9 тақырып. Еркіндік философиясы (10-апта, 1 сағат) 1. Еркіндіктің философиялық түсінігі 2. Еркіндік – адамның өзіндік «Менін» жүзеге асыру мүмкіндігі

  • 3. Қазақстанның тәуелсіз дамуы және еркіндік мәселесі

  • Адамның толық еркіндігі мүмкін бе

  • Адам еркін таңдау жасағанда ғана өмірлік мақсатын анықтай алады

  • 10 тақырып.

  • Қоғам және табиғат Қоғамның негізгі ішкі жүйелері Қоғамдық сана және оның түрлері

  • Қоғамның философиялық түсінігі.

  • 2021-22 Философия Дәріс (2). Философия кафедрасы


    Скачать 212.1 Kb.
    НазваниеФилософия кафедрасы
    Дата01.11.2021
    Размер212.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2021-22 Философия Дәріс (2).docx
    ТипДокументы
    #260333
    страница5 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    1. Адамгершіліктік сана. Этика

    2. Этикалық ілімдердің тарихи типтері

    3. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі.
    Мораль немесе адамгершіліктік сана - адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы.

    Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Қоғам өзін сақтап қалу үшін заң принциптерін ғана емес, адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер-принциптер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жын ыстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды.

    Осындай адамгершіліктік реттеуші принциптері этика зерттейді. Этика – адамдардың арасындағы қатынастар және олардан туындайтын міндеттер туралы ғылым. Гегельдің пікірінше, адамгершіліктік субстанцияны адамдардың әлеуметтік тұрғыдан біріккен өмірінен тыс елестету мүмкін емес, яғни адамгершілік феномені қоғамда, адамдардың өзара қатынасында, олардың табиғатқа, құдайға қатынасы арқылы ғана өмір сүре алады.

    Адамгершілік – жазылмаған заңдардың тарихи қалыптасқан жүйесі, қоғамдық сананың негізгі құндылықтық формасы, онда жалпы қабылданған нормативтер мен адам әрекеттерін бағалау бейнеленеді.

    Адамгершілік ережелері бойынша тәрбиеленген адам өмірлік маңызы бар шешім қабылдаған сәтте өзінің ішкі талаптарына, немесе сұраныстары мен қалауларына емес, тек қана парызға сүйенуі тиіс. Адамгершілігі бар адамның бойында қырағы ар-ұждан – өзін-өзі бағалау қабілеті болады. Осы ар-ұждан механизмі тұлғаның екіге бөлінуіне мүмкіндік бермейді, оның өмірін, әрбір ісін үнемі қадағалап отырады. Кант айтқандай, қылмыскер адвокаттың көмегімен өзін қаншама ақтаса да, өзінің ішкі ар-ұжданының айыптауынан, оның қылмыскердің қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болғанын, яғни дұрыс таңдау жасау мүмкіндігіне ие болғанын еске салуынан қашып құтыла алмайды.

    Адамның адамгершілік өмірінің негізгі көрінісі – қоғам мен өзінің алдындағы жауапкершілік сезімі және осыдан туындайтын өзін кінәлау және өкіну сезімдері. Адамдар өздерінің арақатынастарында басшылыққа алатын ережелер адамгершілік нормаларына және жазылмаған заңдарға айналады, оларды қоғам мүшелерінің бәрі тиісті нәрселер ретінде қабылдап, бағынады.

    Адамгершілік ерік еркіндігіне де мүмкіндік береді. Белгілі бір жағдайда қандай шешім қабылдау еркі адамның өзінде, бірақ ол абсолют сипат алмауы тиіс, онда әлеуметтік ережелер де, адамгершілік ережелер де болмайды.

    Адамгершілік немесе моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.

    1. Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі.

    2. Эмпирикалық концепция мораль – адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.

    3. Автономдық концепция бойынша, мораль адамға әуелден, генетикалық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі.

    Моральдың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту - ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.

    Қазақ халқының философиясы этикалық сипатқа ие. Қазақтың ауыз әдебиетінде, ғұлама ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абайдың, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, халықтың қарапайым санасында қалыптасып, күнделікті өмірлік ұстанымына айналған ар-ұждан, ізгілік, қайырымдылық, игілік, бақыт және басқа адамгершілік құндылықтар қазақ халқының өмір сүру ұстанымдарының өзегі екені күмәнсіз. Елбасының

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында атап көрсетілгендей, «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет».

    9 тақырып. Еркіндік философиясы (10-апта, 1 сағат)

    1. Еркіндіктің философиялық түсінігі

    2. Еркіндік – адамның өзіндік «Менін» жүзеге асыру мүмкіндігі

    3. Қазақстанның тәуелсіз дамуы және еркіндік мәселесі

    Еркіндік – адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан, әлі де болса шешімін таппаған мәселе. Еркіндік философияның негізгі категорияларының бірі болса да, философиялық әдебиеттен оны толық сипаттайтын анықтама табу да қиын. Кеңестік философияда еркіндік көбіне тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды да, жеке тұлғаның еркіндігі мәселесі көлеңкеде қалып қоя берді. Еркіндік туралы қазір де әңгіме көп, әсіресе адам еркіндігі қоғамға көгенделген кеңестік жүйе күйрегеннен бері бұл тақырып көп талқыланды, бірақ нақты шешімді табу қиын болып тұр.

    Адамның толық еркіндігі мүмкін бе? Жеке адам бұрынғы заманды айтпағанның өзінде қазір еркіндікке, басқа адамнан, қоғамнан тәуелсіздікке қол жеткізді ме? Өзіңізді толық еркін адам ретінде сезіне аласыз ба? Әлі де болса жауабын таппаған бұл сауалдар алдымыздан үнемі шығып отырады. Зерттеушілердің бір тобы еркіндік бар деп мойындаса, екінші бір тобы оны жоққа шығаруда, ал үшінші көзқарас еркіндікті адам рухына ғана тән, ол адам өлгеннен кейін мүмкін деп тұжырымдайды. Көріп отырғанымыздай, еркіндік тақырыбы күрделі, көп пікірталас туғызып отыр.

    Бірақ қиындығына қарамастан, бұл мәселенің түйінін шешу біздің қоғам үшін аса маңызды. Тәуелсіздікке отыз жыл бұрын ғана ие болған Қазақстан бұрынғы одақ көлеміндегі басқа республикалар секілді еркіндікке ие болудың, оны меңгерудің шым‑шытырық қиындыққа толы кезеңін басынан кешуде. Бұл түсінікті де. Бірден еркіндікке жете қою – иллюзия. Еркіндік адамға да, қоғамға да дайын күйінде берілген, табиғатына тән нәрсе емес. Ол – мәдениет дамуының жемісі, сондықтан да еркіндікке жету мәдениетті меңгерудің қиын да күрделі, қарама‑қайшылыққа толы жолынан өтуді, еркін тұлғалардың бірге өмір сүре білу өнерін үйренуді талап етеді.

    Еркіндік тақырыбын қозғап отырғанымыздың тағы бір себебі – оның мемлекет деңгейінде ғана емес, осы қоғамда өмір сүріп отырған нақты адам, тұлға үшін маңыздылығында. Адам еркін таңдау жасағанда ғана өмірлік мақсатын анықтай алады, басқаның әмірі мен күшінен қорыққаннан жасалған немесе еріксіз таңылған таңдау мәнді өмірге жеткізбейді. Өмірдің мәні туралы ой шерткен философтардың бәрінің дерлік адамның әлеуметтік тіршілік етуші ретіндегі өмірінде арқа сүйер тіректерінің қатарында оның ақыл‑ойы мен еркіндігін атап көрсетуі де сондықтан.

    Еркіндік мәселесінің философия тарихында талдануына көз жіберсек, адамның еркіндігін теріске шығаратын философтардың пікірінше, адам табиғаттың жемісі болғандықтан оның болмысының субстанциональдық негіздерін табиғат белгілейді. Осы ағымның өкілі П.Гольбахтың пайымдауынша, адам бүкіл табиғатпен байланысты, сондықтан табиғат жаратқан өзі сияқты басқа да тіршілік етушілер секілді адам да табиғаттың өзгермейтін заңдылықтарына бағынып өмір сүреді. Оның өмірі табиғат сызған сызықпен жүреді, одан ауытқуға адамның еш шарасы жоқ. Гольбахтың пайымдауынша, адам табиғатқа ғана емес, қоғамдық қатынастарға да тәуелді. Қоғам өз мүшелерінің ойларын, іс‑әрекеттерін белгілі бір бағытқа салып, реттеп отырады, яғни нағыз еркіндікке адам емес, табиғат пен қоғам ие, ал адам үшін еркіндік оған табиғат күні бұрын берген қажеттілік қана, «адам өмірінің бір сәтінде де еркін болмайды, адамды ылғи да оның құштарлығын қоздыратын заттармен байланысты реалды немесе алдамшы пайда билейді».

    Еркіндік туралы діни түсінікке жүгінсек, абсолюттік құндылық ретінде құдай ғана қабылданатындықтан, оның өзі ғана абсолюттік еркіндік және өзіне бағынышты пенделерінің еркіндігін анықтайтын да құдайдың өзі. Дін қоғамда еркіндікті реттеуші, оның шектен шығушылыққа ұласуына тиым салушы құрал ретінде болғаны тарихтан белгілі. Бірақ бұл онша тиімді, нәтижелі бола қоймағаны және қазір де болмай отырғаны жасырын емес. Мысалы, діни көзқарас үстемдік құрған Орта ғасырдан кейінгі Қайта Өрлеу дәуірі шектен шығудың «керемет» үлгілерін көрсетті.

    Марксизм болса, адамды табиғаттан да, қоғамнан да тәуелсіз, тарихты да, өзін де еркін жасаушы деп жариялап, оның еркіндігін «жаңа, тарихи прогрессивті қоғам құруға бағытталған революциялық қызмет еркіндігі», - деп түсінді. Бірақ, бұл еркіндіктің іс жүзінде жеке адамның емес, тоталитарлық қоғамның еркіндігіне айналғаны бәрімізге мәлім. Философиялық терминді қолдансақ, бұл еркіндікті жүзеге асырудың тым әлеуметтендірілген тәсілі. Жеке индивидтің еркіндігі ұмыт болып, ол жалпы қоғамның еркіндігі арқылы өзінен‑өзі жүзеге асады деп түсінілді. Бұл тәсіл нақты еркіндіктің жойылуына әкеліп соқты.

    Экзистенциализмге келетін болсақ, бұл бағыттың өкілдерінің барлығы дерлік адамның қоғамнан еркіндігін қолдайды. Адамның өзі – еркіндік, әлі қалыптасып бітпеген, аяқталмаған жоба. Сондықтан ол үнемі өзінің мәнін іздеу барысында болып отырады. Экзистенциалистердің пікірінше, адам өте күрделі, ауыр, көбіне көзге көріне бермейтін табиғи және тарихи жағдайлардың аумағында өмір сүріп отыр, оларға төтеп беріп қана қоймай, қарсы күресе білу үшін адамға ең әуелі еркіндік қажет. Осындай еркін адамның нақты мысалын Альбер Камю тағдырымен талмай күрескен Сизифтің образы арқылы бейнеледі.

    Еркіндікті адамға ең керек қасиет деп мойындағанымен экзистенциалистердің бәрі дерлік абсолюттік еркіндікке қарсы екенін ескерте кеткен жөн. Николо Аббаньяно абсолюттік еркіндік адамды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, тым есіртіп жіберер еді деп пайымдайды. Оның пікірінше, мұндай еркіндік ойына келгенді істеумен, барлық нәрсеге деген еркіндікпен бірдей болады да, ақыр соңында ештеңеге деген еркіндікке айналады, айналасында жанжал мен кикілжіңнен басқа нәрсе жоқ бірдеңе болып шығады.

    Сонда еркіндіктің өлшемі неде? Біздің ойымызша, еркіндіктің абсолютті еркіндікке немесе шектен шығушылыққа ұласуын тиым салу мен қатты шаралар арқылы тоқтату мүмкін емес. Адам өз еркіндігін сана деңгейінде реттеуді меңгеруі қажет, себебі «еркіндіктің онтологиялық негіздері жоғарыдан берілген емес, қоғам мен адамның өзінде. Осы тұрғыдан алғанда еркіндік адам мен қоғам шеңберінен шықпайтын адам жауапкершілігінің негізі». Яғни, адам еркіндігін реттеуші оның өзі, жауапкершілікті санасына сіңіруі. Адам дүниеге оған дейін қалыптасқан, әлеуметтендерілген қоғамның мүшесі ретінде келеді, саналы ғұмырында осы қоғамда өмір сүреді. Ол осы ортада қалыптасқан шарттылықтарды қабылдауға, олармен санасуға мәжбүр, яғни оның еркіндігі салыстырмалы түрде. Адам осыны ұғынған жөн. Ол бұл дүниеде жалғыз емес, өзінің іс‑әрекеті, қызметі үшін басқа адамдардың, қоғамның алдында жауапты. Бұл жауапкершілік қоғам тарапынан болуы да қажет, әйтпесе қоғам адам еркіндігін реттеп отырған бұрынғы жүйеге қайтып келуіміз оп‑оңай.

    Біздің бұл пікіріміз экзистенциалистердің тұжырымдарына сәйкес екен. Хайдеггердің ойынша, адам өзімен‑өзі, санасының тұңғиық қатпарларында тұйықталып қала алмайды. Ол өзін қоршаған дүниемен, заттармен, адамдармен үнемі қарым‑қатынаста. Адамды қалыптастыратын да, экзистенциалистік терминді қолданып айтсақ, құрастыратын да осы қатынастар. Демек, адам еркіндігінің өлшемі – қоғамның басқа мүшелері. Н. Аббаньяноның да пікірі осы ойға ұқсас, тек ол оны анығырақ білдіреді. Н. Аббаньяноның пайымдауынша, адамның нағыз еркіндігі оның қоғамда орындауға тиісті парызын – ынтымақты қоғамда қайталанбас тұлға бола білу парызын – орындауында. Осы дұрыс пікір еркіндіктің біз бергелі отырған анықтамасының негізі.

    Біздің ойымызша, еркіндік – адамның өзіндік «Менін», өз өмірінің мәнін, өмірлік мақсатын таңдай білу және жүзеге асыру мүмкіндігі. Абсолюттік еркіндік болуы мүмкін емес деп ойлаймыз, еркіндік тек салыстырмалы. Себебі, еркіндік қадам басқан сайын тәуелділікпен бетпе‑бет кездесіп отырады. Ол табиғат пен қоғам, басқа адамдар тарапынан болатын сыртқы кедергілер және адамның өзінің жігерсіздігі, рухының төмендігі, ақылының аздығы секілді ішкі кедергілер болуы мүмкін. Тәуелділік жолы жеңіл де түсінікті. Еркіндік жолы болса, адам үшін ең қиын, ең азапты жол. Еркіндікке адам талай талпыныс, адасудан кейін келедi. Ең бастысы – осы жолдан таймау, ол түбінде адам болуға, яғни мәнді өмір сүруге әкеледі. Өз еркіндігінің абсолютті емес, салыстырмалы екендігін адам ақылының көмегімен, байыпты түрде түсіне білген жөн. Еркіндіктің салыстырмалылығы оны терең уайымға салмауы тиіс. Адам ақылының оптимистік және пессимистік деңгейі болатыны белгілі. Дүниені субъективтік сезіну және түсіну адамды өз еркіндігін асықпай саралауға жетелейді. Ал қоршаған ортаның әсері адам тәуелділігінің себебі емес, алғы шарты ғана. Оны еркіндікке немесе тәуелділікке айналдыру адамның өз қолында. Сондықтан адам өмірге оптимистік көзқараспен қарап, өмір сүруге деген күшті жігермен қарулануы керек, ал пессимизм еркіндікті әлсіретпесе, күшейтпейтіні күмәнсіз. Еркіндікке жетуге ұмтылған адамға күшті жігер ғана емес, мықты ой қажет. Осы ретте белгілі философ Мераб Мамардашвилидің: « ...күшті ой ғана ақиқат. ...Біз әлсіз күйде болғанда, нашар ойлаймыз, нашар іс‑әрекет жасаймыз», - деп, адамды өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын өзінің күшті ойынан (М.Мамардашвили оны беретін философия деп түсіндіреді) қуат алып, ештеңеге мойымай, өзін де, өмірін де дұрыс қалыптастыра алатын мықты тұлға болуға шақырғанын есімізден шығармағанымыз жөн.

    10 тақырып. Қоғам (11-апта, 1 сағат)

            1. Әлеуметтік философия – қоғам туралы философиялық ғылым. Қоғамның философиялық түсінігі

            2. Қоғам және табиғат

            3. Қоғамның негізгі ішкі жүйелері

            4. Қоғамдық сана және оның түрлері


    Әлеуметтік философияқоғамды, мәдениетті және адамды зерттейді,

    қоғамның сапалы өзіндігін, заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, генезисі мен дамуын, тағдырлары мен перспективаларын, әлеуметтік үрдістердің логикасын сипаттайды. Қоғамды басқа да көптеген ғылымдар зерттейтіні белгілі. Әлеуметтік философияның олардан айырмашылығы – қоғамды философиялық тұрғыдан зерттеуінде. Бұл нені білдіреді?

    Әлеуметтік философия – философияның бөлімі, сондықтан философиялық білімге тән сипаттар әлеуметтік философияға да тән. Олардың арасындағы қатынас – тұтас пен жекенің арақатынасы, яғни әлеуметтік философия бөлік ретінде жалпы сипаттарға ие болғанымен, оның өзіндік, қайталанбас сипаттары бар. Олардың екеуіне де тән ұғымдар – болмыс, сана, жүйе, даму, ақиқатжәне т.б. Әлеуметтік философия, жалпы философия секілді, көзқарастық және методологиялық функцияларды атқарады. Қоғамды түсіну қоғамға деген тұтас көзқарастың жиынтығы, қоғамға қатысты барлық ғылымдар тәжірибесінің синтезі. Сондықтан да философия мен жаратылыстану ғылымдарының арасында ешқандай алшақтық, бөліну болмауы тиіс. Әлеуметтік философия қоғамды зерттейтін көптеген философиялық емес ғылымдармен – әлеуметтану, саяси экономия, саясаттану, юриспруденция, мәдениеттану, өнертанужәне тағы басқаларымен тығыз байланысты және өзінің ұғымдарын дамытуда ол осы ғылымдардың ұғымдары мен білімдеріне сүйенеді. Қоғамды әлеуметтану (социология) да зерттейді, бірақ әлеуметтік философия әлеуметтік білімдерді жалпылайды, әлеуметтік танымның жеке салаларын біріктіреді және әлеуметтанудың көзқарастық әдістемелік негізі болып саналады, сол себепті әлеуметтік философия әлеуметтанудан кеңірек және көлемдірек.

    Әлеуметтік философия тарих ғылымымен, тарихи танымның теорияларымен, әдістері және әдістемесімен тығыз байланысты, олардың зерттеу мәселелерінің мазмұны да бір-біріне жақын.

    Қазіргі заманғы қоғамда саясат ерекше орын алады, сондықтан әлеуметтік философияның мәселелері саясаттанудың мәселелерімен үндесіп жатады. Әлеуметтік философия да халық, ұлт, тап, партия, тұлға сияқты саяси субъектілерді зерттейді, саяси праксеологиямен, құқықпен байланысты.

    Әлеуметтік философияны мәдениеттанумен, ұлттық мәдениетпен байланыссыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Мәдениет – қоғам дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі десек, артық емес. Қоғамның прогресс жолымен дамуы оның экономикалық жағдайына ғана емес, өзіндік мәдениетіне, әсіресе рухани мәдениетінің дамуына тәуелді деуге болады және бұл байланыстың өзектілігі қазіргі заманда артып тұр. Сонымен қатар, әлеуметтік философия өзінің дамуында философиялық антропология, әлеуметтік психология, демография ғылымдарымен үнемі қатар жүреді, себебі қоғамды және қоғамды өмірді құрастыратын адам, оның әлеуметтік қызметі.

    Әлеуметтік философия өзінің дамуында табиғат туралы кешенді ғылымдармен – биология, физика, география, космология және тағы басқаларымен де диалектикалық түрде байланысты.

    Қорыта келгенде, әлеуметтік философия – жалпы философияның қоғам өмірі мен адамның өмір сүруінің негізі болып табылатын принциптер мен заңдарды түсіну және сараптау, қоғамды жүйелі және нақты түрде, саясат, экономика, тарих және мәдениет сияқты әртүрлі салалардың өзара байланысы арқылы қарастыратын бөлімі.

    Қоғамның философиялық түсінігі. Қоғамның қарапайым ұғымы белгілі бір жағдайларға байланысты біріккен адамдардың тобын сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, ғалымдар қоғамы, дәрігерлер қоғамы, шаруалар қоғамы, акционерлер қоғамы, қаржыгерлер қоғамы және т.б.

    Қоғамның философиялық, кең түсінігі тарихи даму барысында қалыптасты: қоғам – адамдардың өз өмірлерін өндіру, қамтамасыз ету және қайта өндіру мақсатындағы қызметтерінің жиынтығы. Бұл түсінік антика дәуірінің өзінде-ақ қалыптаса бастады. Мысалы, Демокрит адам алғашында табиғаттың сыйын тұтынып қана қоятын еді, бірте-бірте қолын, ойлау қабілетін дамытты, еңбек құралдарын жасауды, баспана тұрғызуды және киім тігуді үйренді деген болатын. Аристотельдің ойынша, күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін табиғи түрде пайда болған араласудан – отбасы, бірнеше отбасынан – елді мекен, бірнеше елді мекеннен – қоғам қалыптасады және адам – табиғатынан қоғамдық, саяси тіршілік етуші.

    Жаңа Дәуірде Томас Гоббс адам қоғамының екі күйін бөліп көрсетеді: табиғи және азаматтық. Табиғи күйде қоғам “адам адамға қасқыр” формуласы бойынша өмір сүреді, ал азаматтық қоғамның мүшелері өзара келісім-шартқа отырып, өз құқықтарының белгілі бір бөліктерін мемлекетке береді, соның нәтижесінде азаматтық қоғам пайда болады.

    Маркстің пікірінше, қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы ғана емес, адамдар бірін-бірі оларда табатын байланыстар мен қатынастардың күрделі жиынтығы, яғни қоғам – адамдардың өзара әсер етулерінің нәтижесі, олардың маңызды адами (биологиялық, әлеуметтік және рухани) байланыстары мен қатынастарының жүйесі.

    Қазіргі заманғы батыс философтары да қоғамды жеке индивидтердің жиынтығы ретінде емес, әлеуметтік топтар мен жүйелерге біріккен адамдардың бірлескен қызметі ретінде қарастырады. Мысалы, Макс Вебер қоғамды жүйе және құрылым ретінде қалыптастыратын белгі деп әлеуметтік өзара әсер етудің белгілі бір типін айтады. Олар: дәстүрлі, аффектілі, мақсатты-рационалды және құндылықты-рационалды. Дәстүрлі қоғамның құрылымы әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, сенім, билікке деген сакралды қатынастан тұрады, ал индустриалды қоғамда адамдардың мақсатты-рационалды және құндылықты-рационалды әрекеттері басым.

    Философиялық тұрғыдан алғанда, қоғам – материя дамуының ең жоғары формасы, ол кең көлемді табиғи жүйелер әсер ететін ашық жүйе. Қоғамның философиялық түсінігі екі негізгі белгіні қамтиды: 1) қоғам табиғаттың бөлігі; 2) тұтастан (табиғаттан) жеке ретінде бөлініп шыққан қоғам өзінің ерекше заңдарымен дамиды, бұл заңдар табиғат заңдарынан бөлек.

    Қоғам – ашық динамикалық жүйе, бұл жүйеде қоршаған ортамен зат алмасу және энергия алмасу үрдісі үнемі жүріп отырады. Динамикалық жүйе болғандықтан, қоғам өзінің күйін үздіксіз өзгертіп, белгілі бір кеңістік пен уақыт аясында дамиды. Қоғамның дамуы сабақтастыққа ие, яғни алдыңғы қоғам келесі қоғамға негіз болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта