терапия. Санитарногигиенические требования к организации стоматологических кабинетов и отделений
Скачать 263.77 Kb.
|
Санитарно-гигиенические требования к организации стоматологических кабинетов и отделений. Оснащение стоматологического терапевтического кабинета. Стоматологиялық ұйымдардағы үй-жайларды орналастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар 5. Стоматологиялық ұйымдар жеке орналасқан ғимараттарда немесе осы санитарлық ереженiң және қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелердiң (әрi қарай - ҚНжЕ), талаптары орындалғанда, ғимараттарға қоса жапсыра салынған, жұмыс жасауға ыңғайландырылған үй-жайларды пайдалануға болады: 1) стоматологиялық көмек көрсетудi талап ететiн мекемелерде мектептерде, тұрғын үй ғимараттарында, ауруханаларда, санаторийларда, стоматологиялық емханаларды, бөлiмшелер мен кабинеттердi орналастыруға болады. Ғимараттардың жертөлесiнде стоматологиялық ұйымдарды орналастыруға болмайды; 2) ғимараттардың жертөлесiнде қызметкерлерге арналған санитарлық-тұрмыстық қажетке керектi үй-жайларды және қоймаларды орналастыруға болады, олардың тарта-соратын желдеткiш камералары болуы керек; 3) емхананың балаларға арналған бөлiмiнiң жеке кiрiс есiгi, киiм iлгiшi, күту орны және әжетханасы болып, ересектер бөлiмiмен қатысы болмауы керек; 4) стоматологиялық ұйымдардағы рентген, физиотерапиялық кабинеттер, автоклав, электрқондырғылары және электр жүйесiнiң құрылымы және оларды пайдалану, қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер талабына жауап беруi керек; 5) стоматологиялық (терапевтiк, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттік) ұйымдардағы негiзгi стоматологиялық креслоға 14 метр квадрат (әрi қарай - м2) ал қосымша креслоларға 7 м2 орын бөлуi керек. Егер қосымша креслода әмбебап қондырғы болса, жұмыс орны 10 м2 көбейтiледi. Егер табиғи жарық бiр жақтан түсетiн болса, кабинеттiң ұзындығы алты метрден аспауы керек; 6) стоматологиялық қосымша бөлмелер мен оған бөлiнетiн орынның көлемi емхананың қуатына байланысты болып, қолданылып жүрген ҚНжЕ-нiң талаптарына сай болуы керек; 7) ауылды жерлерде хирургиялық және терапевтiк саладағы балаларды және ересек кiсiлердi бiрге қабылдауға арналған жеке кабинеттердiң болуына рұқсат етiледi. 4. Стоматологиялық ұйымдардың үй-жайларының iшiне әрлеу жұмыстарын жүргiзгенде қойылатын талаптар 6. Yй-жайлардың iшiне әрлеу жұмыстарын жүргiзгенде пайдаланылатын барлық материалдарға Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсаты болып, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес жүргiзiледi. Стоматологиялық кабинеттердiң қабырғалары зарарсыздандыру дәрмегiн қосып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзу үшiн ой-шұңқырсыз тегiс болуы керек. Барлық бұрыштары, қабырғалардың төбемен, еденмен қосылған жерлерi тiк бұрыш құрамай, доғал бұрыш құрап, карнизсiз, әшекейсiз болуы керек. 7. Стоматологиялық кабинеттердiң хирургиялық, стерилизациялау бөлмелерi еденнен 1,8 метр биiктiкке дейiн, ал операция жасайтын бөлмеде барлық қабырға тұтас түрде глазурьленген тақтайшалармен жабылуы керек. Панельден жоғарғы тұс майлы бояумен немесе сулы эмульсиямен сырланады. 8. Тiс құймаларының гипстiк нұсқасын дайындайтын ортопедиялық кабинеттерде, тiс техникасының лабораториясының негiзгi үй-жайлары 1,8 метр биiктiкке дейiн барлық қабырға алкидстирольдi, полиеинилацетатты майлы бояулармен немесе нитроэмальмен сырлануы керек. Панельден жоғарғы биiктiк силикатты немесе құрамында клейi бар бояумен боялады. Стоматологиялық кабинеттердiң (операция бөлмесi, оның алдындағы және стерилизациялаудан өткiзетiн бөлме), тiс техникасының лабораториясына бөлiнген бөлменiң төбесi сулы эмульсиямен, майлы немесе клейлi силикатты бояулармен ақ түске боялады. 9. Арнайы тiс техникасының лабораториясына арналған үй-жайдың қабырғалары 1,8 метр биiктiкке дейiн глазурьленген тақтайшамен жабылуы керек. Панельден жоғарғы биiктiк силикатты немесе құрамында клейi бар бояумен сырланады. 10. Стоматологиялық кабинеттiң едендерi поливинильхлоридтi (винил-пластпен, линолеуммен) материалдармен жабылып, араларында саңлау болмас үшiн оларды балқытып бiрiктiредi. Хирургиялық стоматология және операция жасайтын кабинеттердiң еденiне керамикалық тақтайшаларды төсеуге болады. 11. Бұл ұйымдардағы есiктер мен терезелер эмаль немесе майлы бояу арқылы боялып, оның ашып жабуға арналған фурнитураларының беттерi оңай тазаланатындай тегiс болуы керек. 5. Стоматологиялық ұйымдардың жабдықталуына қойылатын талаптар 12. Терапевтiк, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттiк кабинеттерде үш креслодан артық орын болмауы керек, ал хирургиялық кабинеттерде олардың саны екiден аспауы керек және мiндеттi түрде дәрiгерлер бiр бiрiнен биiктiгi 1,5 метрлiк бөлгiшпен бөлiнуi керек. 13. Егер кабинетке табиғи жарық бiр жақтан түсетiн болса, кабинетте орналасқан креслолар жарық көзiне қарап, бiр қатарда орналасуы керек. 14. Амальгама және полимерлiк материалдарымен жұмыс iстеу үшiн терапевтiк және ортопедиялық тiс емдеу кабинеттерiнде келесi талаптарға сай ауа сорғыш шкаф болуы тиiс: 1) шкафтың 30 да 60 сантиметр (әрi қарай - см) өлшемiндегi жұмыс iстейтiн ашық қуысындағы ауаның автономды механикалық түрде тартылуы секундына 0,7 метрден кем болмайтын қозғалысты қамтамасыз етуi тиiс; 2) шкафтың барлық аумағынан ауа шығарылып тұруы тиiс; 3) шкафтың iшкi бетi сынапты өткiзбейтiндей болуы тиiс; 4) шкафтың еденi төгiлген сынаптың тамшыларын жинауға арналған ыдыспен қосылған сызатқа қарай әр қудырма метрге бiр-екi см еңкiш болуы тиiс; 5) шкафқа сынапты ұстап қалатын су жүйесiне қосылған раковина орнатылуы тиiс; 6) шкафтың iшiне амальгаманың тәулiктiк қорын, сынап және амальгама дайындайтын ыдысты, сондай-ақ демеркуризациялау құралдарын сақтау үшiн кiшiгiрiм шкаф орналастырылуы тиiс. 15. Күмiс амальгамасын дайындау кезiнде қолмен жұмыс iстеудi жiбермеу мақсатында амальгаманы араластырғыш үнемi ауа сорғыш шкафтың iшiнде болуы тиiс. 16. Амальгамамен жұмыс iстейтiн бөлмелердi жинап, демеркуризациялауды жеңiлдету үшiн барлық жұмыс жиhаздарының аяқтары 20 см кем болмауы тиiс (демеркуризация - жұмыс орнының сынаппен ластануын шектейтiн шаралардың кешенi). 17. Негiзгi үй-жайдағы тiс технигiнiң жұмыс орнында төмендегiлер: мөлшерi 1,0 X 0,7 метр болатын тiс технигiнiң арнайы үстелi; өзiнiң жеке шаң сорғышы бар жылтыратқыш электрлi машина; газ келетiн түтiк болуы керек. 18. Стоматологиялық кабинеттер сығылған ауаны, оттегiнi жеткiзетiн және вакуумдық жағдайды қалыптастыратын, жүйемен жабдықталуы қажет. 19. Әмбебап стоматологиялық қондырғыларға ыстық және суық суды қосқанда, оларды керегiнде жауып қоятындай вентилдердi қарастыру қажет. 20. Гипстi қолданып жұмыс атқарғанда қалатын қалдық суды раковинаға жiберерден бұрын, оны гипстен тазалау керек. 21. Емдеу кабинеттерi мен тiс техникасының лабораториясында персонал қолын жуатын шынтақ немесе аяқ арқылы басқарылатын крандармен жабдықталған жеке раковина және басқа да өндiрiстiк мақсаттар үшiн құралдарды, ыдыстарды, керек-жарақтарды, және басқа да жабдықтарды жууға пайдаланылатын арнайы ванналар болуы керек. 22. Әрбiр стоматологиялық кабинетте стерилденген материалдар мен құралдарға арналған үстелдер болуы керек. 23. Күту орындары мен қабылдау бөлмелерiнде эмальдан немесе фарфордан жасалған түкiргiштер орнатылуы керек. 24. Едендерi тақтайшадан жасалған үй-жайларда, жұмыс орындарында, аяқты суықтан қорғайтын ағаш төсенiш болуы қажет. 25. Стоматологиялық ұйымдар шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажеттi дәрiлерiмен, зарарсыздандыру дәрмектерiмен қамтамасыз етiлуi керек. 6. Стоматологиялық ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларындағы микроклиматына, жылу жүйесiне, желдетiлуiне қойылатын талаптар 26. Стоматологиялық кабинеттердiң микроклиматы, желдетiлуi, жылу жүйесi, жарықтандырылуы қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай болуы керек. 27. Стоматологиялық емхана ғимараттарында сумен жылыту жүйесiн қарастыру қажет. Орталық жылу жүйесiнiң жылу тасушы суының температурасы 95оС болуы керек. 28. Орталық сумен жылыту жүйесiнде қыздыратын құралдар - негiзiнен, бұрыштағы үй-жайларды есептемегенде, терезелердiң астына орналастырылатын, жеңiл тазартатын, үстi тегiс радиаторлар болуы керек. 29. Стоматологиялық емхана ғимараттарында, стоматологиялық бөлiмшелерiнде, кабинеттер мен тiс техникалық лабораторияларының үй-жайларында ауаның тартылуы бойынша сағатына үш есе және соруы бойынша сағатына екi есе ауа ауыстыратын, сорып-тартатын жалпы желдеткiш қарастырылуы керек. Операциялық үй - жайда тек ауа ауыстыратын жалпы желдеткiш болуы қажет. 30. Жалпы ауыстырылып, сорып-тартатын желдеткiштiң барлығына қарамастан барлық үй-жайларда тез ашылатын фрамугалар мен форточкалар; терапевтiң және ортопедтiң, стерилизациядан өткiзiп, дәнекерлiк жасайтын кабинеттерде механикалық сору шкафтары; тiс техниктерiнiң негiзгi үй-жайлардағы жұмыс орындарында және әрбiр жылтырату орнындағы жылтырату машинасының меншiктi шаң сорғышы болып тiс құю бөлмесiндегi ортадан аластату арқылы тiс құятын пештiң, дәнекерлек бөлмесiндегi газ плитасының, жылтырату бөлмесiнде қыздыру құралдары мен полимеризациялық жұмыс үстелiнiң үстiнде сору зонттары болуы керек. 31. Тiс техникалық лабораторияларының негiзгi үй-жайларында, ортопедиялық стоматология және операция жасайтын кабинеттерiнде ауаны кондиционерлеу қарастырылуы керек. 32. Стоматологиялық ұйымдардың барлық үй-жайларында табиғи жарық болуы қажет: 1) жаңадан құрылып жатқан стоматологиялық емханаларда күн сәулесiнiң тiкелей түсуiнен жұмыс орындарына жарықтың көп мөлшерде түсуiн, сондай-ақ жаз айларында әсiресе елiмiздiң оңтүстiк аудандарында ғимараттың ысып кетуiн болдырмас үшін стоматологиялық кабинеттердiң терезелерiн солтүстiк бағытқа бағдарлау қажет; 2) жұмыс iстеп жатқан, кабинеттерi терiс бағытта орналасқан мекемелерде жаз мезгiлiнде терезелердi тент, маркиз, жалюздер және басқа заттармен көлеңкелеу керек; 3) барлық стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы лабораториясының негiзгi жайларында (терезенiң әйнектелген бетiнiң еден ауданына қатысы) жарықтандыру коэффициентi 1:4-1:5 болып, ал басқа өндiрiстiк жайларда 1:8-ден төмен болмауға тиiс; 4) кабинеттерде табиғи жарық тек бiр жағынан түскен жағдайда екi қатар орналастырылған стоматологиялық креслолардың екiншi қатарында күндiзгi уақыттың өзiнде қосымша жасанды жарық көздерiн қолдануы керек; 5) тiс техникасы лабораторияларының негiзгi жайларында орналасқан тiс техниктерiнiң жұмысшы үстелдерiне табиғи жарықтың сол жағынан түсуiн қамтамасыз еткен дұрыс. 33. Стоматологиялық ұйымдардың барлық үй-жайлары люминесценттi немесе жай шамдардан құралған ортақ жарық көздерiмен қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай қамтамасыз етiлуге тиiс: 1) Барлық стоматологиялық кабинеттерде және тiс техникасы лабораторияларының негiзгi үй-жайларында люминесценттi жалпы жарықты пайдалану барысында сәуле шығару спектрi түстi өзгертпейтiн шамдарды қолдану керек; 2) Жалпы жарық беретiн шамдар жұмыс iстеп отырған дәрiгер көзiнiң аумағына түспейтiндей есеппен орналастырылуға тиiс. 7. Зарарсыздандыру және стерилизациялау тәртiбiне қойылатын талаптар 34. Стоматологиялық ұйымдар барлық үй-жайларына тұрақты түрде ылғалды тазарту және зарарсыздандыру жүргiзiлiп отыруы керек. 35. Стоматологиялық жабдықтар, жиhаздар жарық көзiне кедергi және жинауға қолайсыз жағдай тудырмайтындай болып орналастырылады. 36. Әр стоматологиялық кабинеттерде қажеттi қанықпадағы зарарсыздандыратын ертiндiнi сақтау үшiн, жасалған уақыты көрсетiлген, таңбаланған арнайы ыдыстар болуы керек. 37. Кабинеттерге қажеттi ақпараттық стендтер, кестелер ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн материалдардан дайындалуы қажет. 38. Ауруларды қабылдайтын операциялық, хирургиялық және басқа да кабинеттердiң барлығында микроб өлтiретiн қабырғадан немесе төбеден түсетiн ультра күлгiн сәуле көздерiмен жабдықталуы тиiс: ОБН-150 сәуле түсiрушi есеп бойынша көлемi 30 метр куб бөлме үшiн - бiреу; ОБН-300 - 60 метр куб бөлме үшiн. Сәуле түсiрушiнiң құрамына енетiн тiкелей және шағылыстыратын әсерi бар шамдардың қосқыштарын жеке орнату керек. 39. Стоматологиялық кабинеттер және тiс техникасы лабораторияларының үй-жайларына күнiне үш реттен кем емес Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi рұқсат еткен зарарсыздандыру заттарын қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзедi. Күнделiктi тазалау жұмыстарынан кейiн үй-жайдың ішi 30 минут бойы кварцтеледi, соңынан 15 минут аралығында желдетiледi. Кварцтеуге кеткен уақыт арнайы журналда тiркеледi. Толық тазарту жұмыстары айына бiр рет және эпидемиялық көрсеткiштер бойынша да жүргiзiледi. 40. Тазартуға қажеттi керек-жарақтар (шелек, шүберек, шөтке) таңбаланып және кабинеттер, дәретхана мен басқа үй-жайлар үшiн бөлек қолданылады. Таңбаланған тазартуға қажеттi керек-жарақтар қатаң түрде белгiлi бiр жерде сақталып және тiкелей белгiлi мақсатқа пайдаланылады. 41. Зарарсыздандыратын заттардың жұмысшы ертiндiлерiн дайындау, олармен жұмыс iстеуде техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтай отырып, орталықтандырылған бiр жерде жүргiзiлуi қажет. 42. Терi мен шырышты қабаттардың тұтастығының бұзылуына байланысты жұқпалы аурулардың артифициалды механизмдер арқылы жұғуының алдын алу мақсатында қолмен жұмыс iстеуде, жеке бастың тазалығын сақтаумен қоса, қолданылатын медициналық құралдар мен жабдықтарды стерилизациялау алдындағы тазарту және стерилизациядан өткiзу, зарарсыздандыру ережелерiн сақтауы қажет. 43. Медициналық-стоматологиялық саймандардың барлық түрлерi, әр қолданыстан кейiн зарарсыздандырылуы, стерилизациялау алдында жiтi тазартылып, қолданылып жүрген нормативтi құжаттардың талаптарына сәйкес, стерилизациядан өтуi қажет. Бiр рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар зарарсыздандырылып утилизацияландырылады. 44. Стоматологиялық емханалар мен стационарларда орталықтандырылған стерилизациялау бөлiмдерi құрылуы керек. 45. Балауыз валиктi протездер мен қалыптар өлшеу үшiн киiп көруден бұрын зарасыздандырылады. Тiстiң iзiн түсiретiн қасықтары зарарсыздандырылып, стерилизациядан өткiзiледi. 46. Стоматологиялық кабинеттердегi әртүрлi объектiлердi зарарсыздандыру тәртiбi осы санитарлық ережелердегi 2-қосымшада көрсетiлген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнде тiркелген зарарсыздандыру құралдарын қолдануға рұқсат етiледi. 47. Стерилизациялау алдындағы өңдеу және стерилизациялау тәртiптерi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мекемелерi белгiлеген тәртiппен анықталады. 8. Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау ережесi 48. Стоматологиялық ұйымдардың әкiмшiлiгi медициналық персоналын уақытында және жеткiлiктi көлемде қол жуу үшiн сабын, шөткемен, жеке қолдануға қол орамалымен немесе бiр мәрте қолданылатын қағаз салфеткалармен, жеке қорғану заттарымен (халат, маска, қорғаушы көзәйнектер, қалпақтар) қамтамасыз етуге мiндеттi. 49. Кабинеттерде тамақ сақтауға және iшуге, темекi шегуге, жеке киiмдерiн сақтауға, арнайы киiмсiз жұмыс iстеуге тыйым салынады. Хирург-стоматологтар халаттың үстiнен целофаннан жасалған алжапқыш киiп жұмыс істеулерi керек. Операция жасауға қатысатын хирургтар мен мейiрбикелер стерилденген операциялық киiмдер киедi. Барлық емшаралар бiр мәрте қолданылатын немесе стерилденген қолғаптармен жүргiзiлуi тиiс. 50. Байқаусызда қайта қолданылуды жiбермес үшін, қолданылған инелерге қалпақ кигiзуге тыйым салынады: 1) қолданылған, зарарсыздандырылған шприцтер, инелер және басқа үшкiр заттар тесiлмейтiн арнайы ыдысқа салынады; 2) бiр мәрте қолданылатын шприцтердi жою күйдiру арқылы немесе өнеркәсiптiк қайта өңдеу арқылы жүргiзiледi. Ластанған немесе сынған шыны бұйымдарды арнайы ыдысқа салу үшiн қысқыш немесе карцангердi қолдану қажет; 3) әрбiр жүргiзiлген емшарадан кейiн қолғапты шешпей тұрып, қолды сабындап жылы сумен жуып, артынан қолғапты шешiп қайта жуу қажет. Қол қан немесе сiлекеймен ластанған жағдайда жедел зарарсыздандыратын ертiндiге батырылған тампонмен тазартылуы керек. Организация приема стоматологических больных. Медицинская документация на терапевтическом стоматологическом приеме. Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру 25. Стоматологиялық аурулармен ауыратын халыққа медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі. 26. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11341 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар көрсетеді. 27. ТМККК шеңберінде стоматологиялық медициналық көмек мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК); 2) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК); 3) жедел медициналық көмек. 28. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге МСАК Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі. 29. Медициналық пункттің және фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) орта медициналық білімі бар медицина қызметкері (мейіргер, фельдшер) "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген) сәйкес пациенттерге, оның ішінде стоматологиялық аурулары бар пациенттерге іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. 30. Медициналық пункттің және фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) орта медициналық білімі бар медицина қызметкері (мейіргер, фельдшер) пациенттерді асқынған және созылмалы стоматологиялық аурулардың асқынуы, жарақаттану білікті медициналық көмек көрсету үшін шұғыл және жедел жағдайларда жақын орналасқан стационарлық ұйымға жеткізуді қамтамасыз етеді. 31. Жылжымалы стоматологиялық кабинет (бұдан әрі – ЖСК) медициналық ұйымдардың стационарлық үй-жайларынан тыс, оның ішінде қашықтықта және жетуі қиын елді мекендерде стоматолог дәрігерлер және стоматологиялық аурулар кезінде медициналық көмектің аумақтық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, стоматолог дәрігерлер немесе медициналық ұйымның стоматологиялық емхана бөлімшелерінің немесе стоматологиялық бөлімшесінің штатына кіретін стоматологиялық бейіндегі басқа мамандар медициналық ұйымның, стоматологиялық емханасының немесе стоматологиялық бөлімшенің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады. 32. ЖСК жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жылжымалы стоматологиялық кабинетті ең аз жарақтандыру тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 33. ЖСК маманы тістер, пародант және ауыздың сілемейлі қабықшасының ауруларын анықтауды және емдеуді; тіс-жақ сүйек-бет ауытқуы бар пациенттерді және олардың даму алғышарттарын анықтауды; тіс коронкалары мен тіс қатарларының ақаулары бар пациенттерді анықтауды және емдеуді (протез салу) қамтамасыз етеді. 34. ЖСК маманы аурудың асқынған түрлері бар пациенттерді амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стоматолог дәрігерлерге жібереді; тіс-жақ сүйек-бет ауытқуы және олардың даму алғышарттары бар пациенттерді ортодонтия мәселелері жөніндегі біліктілікті арттырудан өткен стоматолог дәрігерлерге, ал олар болмаған жағдайда ортодонтия мәселелері бойынша біліктілікті арттырудан өткен стоматолог дәрігерге стоматологиялық емханаға жолдайды. 35. Күрделі протез салу қажеттілігі болған жағдайда ЖСК маманы тіс коронкаларының және тіс қатарының ақаулары бар пациенттерді стоматологиялық емханаға жолдайды. 36. ЖСК маманы халық арасында стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізеді, пациенттерге гигиеналық білім беруді және ауыз қуысының дұрыс гигиенасына үйретуді жүзеге асырады. 37. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге КДК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. 38. КДК (көрсетілімдер бойынша) өзіне: 1) шұғыл стоматологиялық көмекті (жіті ауырсыну) (халықтың әлеуметтік қауқарсыз санаттары үшін: ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцесстерді ашу); 2) ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салуды қоса алғанда, маманның жолдамасы бойынша балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен басқа) жоспарлы стоматологиялық көмекті; 3) жақ сүйек-бет аумағында туа біткен патологиясы бар балаларға тіс-жақ сүйек аномалияларын жоюға арналған (ортодонтикалық пластинка) аппаратты пайдалана отырып ортодонттық көмекті қамтиды. 39. Консультациялық көмек көрсету үшін стоматологиялық аурулары бар пациенттерде қосалқы патология болған кезде аралас мамандық дәрігерлері (медициналық көрсетілімдер бойынша) тартылады. 40. Тәулік бойы медициналық байқаумен мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді талап ететін жағдайларда стоматологиялық аурулары бар пациенттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет бөлімшесіне жолдайды. 41. КДК көрсету кезінде стоматолог дәрігер пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне № 907 бұйрығымен бекітілген 071/е нысаны бойынша ("Медициналық қорытынды") консультациялық-диагностикалық қорытындыны береді, онда жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелері, сондай-ақ стоматологиялық ауруы бар пациентті одан әрі емдеу бойынша ұсыныстар көрсетіледі. 42. Стоматолог дәрігер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектік тобын белгілеуге және еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесін анықтауға, сондай-ақ куаландырылған адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін стоматологиялық аурулары бар пациентке құжаттарды ресімдеу үшін консультациялық қорытынды береді. 43. Стоматологиялық ауруы бар пациентке медициналық көмек көрсету барысында онкологиялық аурулар симптомдары анықталған жағдайда, пациентке медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 452 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8687 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетіледі. 44. Диагнозды анықтағаннан кейін, балалардың жақ сүйек-бет аумағындағы қатерлі ісіктерді емдеу мамандандырылған онкологиялық ұйымдарда жүргізіледі. Көрсетілімдер бойынша жақ сүйек-бет аумағында ісіктерді алып тастағаннан кейінгі реконструктивті операциялар көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет бөлімшелерінде немесе онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. 45. Пациенттерге стоматологиялық медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі және оқиға орнында, сондай-ақ жолда өмірге қауіп төнгенде (пациенттің және (немесе) қоршаған ортаның), жазатайым оқиғаларда, жіті ауыр аурулар кезінде ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтиды. 46. Пациенттерге стоматологиялық медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 364 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90990 болып тіркелген) Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысаны бойынша оның ақпараттандырлыған келісімін алғаннан кейін көрсетіледі. Медициналық көмектен бас тарту Кодекстің 93-бабы 3-тармағына сәйкес, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды. 47. Стоматологиялық аурулары бар пациентті жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсетілімдер тәулік бойы медициналық байқаумен білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсету қажеттілігі болып табылады, оның ішінде: 1) диагностика және емдеу үшін анықталмаған және қиын жағдайларда диагнозды нақтылау және емдеудің қажетті схемасын іріктеу; 2) асқыну кезеңінде ауыз қуысы және жақ сүйек-бет ағзаларының созылмалы ауруларын емдеу; 3) қатерсіз ісіктер мен ісік тәріздес ауруларды хирургиялық емдеу; 4) жарақаттарды және жақ сүйек-бет аумағындағы іріңді-қабыну ауруларын емдеу; 5) жақ сүйек-бет аумағындағы ақаулары мен деформацияларды хирургиялық емдеу; 6) жақ сүйек-бет аумағындағы туа біткен патологияларды хирургиялық емдеу үшін. 48. Шұғыл жағдайларда стоматологиялық аурумен ауыратын науқасты емдеуге жатқызу тұрғылықты жері немесе ТМККК шеңберінде бекітілген жеріне қарамастан стоматолог дәрігер, балалар стоматолог дәрігері, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер, станция (бөлімше) жедел жәрдем бригадалары, медицина қызметкерінің алып жүруімен санитариялық авиация жолдамасымен немесе өз еркімен жүгінуі және кез келген басқа да тәсілдермен жеткізілген жағдайларда жүргізіледі. 49. Шұғыл түрде емханаға жатқызу үшін көрсетілімдер: 1) жақ сүйек-бет аумағындағы жіті немесе созылмалы одонтогендік және одонтогендік емес қабыну аурулары; 2) жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттар; 3) жақ сүйек-бет аумағындағы қан кетулер. 50. Ересектерге жақ сүйек-бет аумағында қан кетулерінің, жіті қабыну процесінде (жақтың жіті периоститі, таңдай абцестері), жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттың көлемі аз болған кезде (жақтың шығып кетуі және тістің сынуы) шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің, стоматологиялық емхананың) стоматолог дәрігері көрсетеді. 51. Жақ сүйек-бет аумағындағы айқын қан кетулер, жақтың жіті периоститінің ауыр ағымы, жақтың жіті одонтогендік остеомилиті, жақ сүйек-бет аумағының абцесстері және флегмоналары кезінде ересек халыққа шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер)" мамандығы бойынша дәрігерлер, көп бейінді стационарларда хирургия, жақ сүйек-бет хирургия бөлімшелерінде "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер)" мамандығы бойынша жетілдіруден өткен "жалпы хирургия (торакальді, абдоминалды, трансплантология, колопроктология)" мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді. 52. Жақ сүйек-бет аумағында қан кетулер кезінде, жіті қабыну процестерінде және жақ сүйек-бет аумағының жарақаттары кезінде балаларға шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматолог дәрігерлер, "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша дәрігерлер, "жақ сүйек-бет хирургі (балалар)" мамандығы бойынша стоматологиялық емханаларда, жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшелерінде, көп бейінді балалар стационарларындағы балалар хирургия бөлімшелерінде "жалпы хирургия (торакальді, абдоминалды, трансплантология, колопроктология)" мамандығы бойынша жетілдіруден өткен дәрігерлер көрсетеді. 53. Самай-төменгі жақ буынының қабынуы, дистрофикалық-қабынуы, функционалды-дистензонды аурулармен ауырған ересек халыққа стоматологиялық көмекті емханалардағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), стоматологиялық емхананың стоматолог дәрігері көрсетеді. 54. Самай-төменгі жақ буынының қабынуы, қабыну-дистрофикалық, функционалды-дистензонды аурумен ауырған балаларға стоматологиялық көмекті стоматолог дәрігер көрсетеді және балалар стоматологиялық емханасында, стоматологиялық емханалардың балалар бөлімшесінде, көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшесінде жүргізіледі. 55. Көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшесіне: 1) жақ сүйек-бет аумағындағы қан кетулер; 2) жіті және созылмалы қабыну ауруларының асқынулары; 3) жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттар; 4) жақ сүйек бет-аумағында (көрсетілімдер бойынша) қайта қалпына келтіру бойынша операцияны қажет ететін самай-төменгі жақ буынының функционалды дистензиондық ауруы; 5) жақ сүйек-бет аумағындағы қатерсіз және ісік тәрізді ісіктері бар пациенттер емдеуге жатқызылуы тиіс. 56. Тіс-жақ сүйек-бет аномалиялары мен деформациясын анықтау мақсатында жаңа туған нәрестелерді қарап-тексеруді босандыру ұйымының "неонатология" мамандығы бойынша дәрігері, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қарап-тексеруді стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінің медицина қызметкері, емханадағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), балалар емханасындағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), білім беру ұйымындағы стоматологиялық кабинеттің, жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшесінің, медициналық университеттердегі стоматологиялық клиниканың стоматолог дәрігері көрсетеді. 57. Жаңа туған нәрестеде туа біткен стоматологиялық патологиясы анықталған кезде "неонатология", "педиатрия" мамандығы бойынша дәрігерлер мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету мәселесін шешу үшін баланы балалар емханасының стоматология кабинетіне, балалар стоматологиялық емханасына стоматолог дәрігерге жібереді. 58. Медициналық көрсетілімдер болған кезде стоматолог дәрігер туа біткен стоматологиялық патологиясы бар бала пациентті консультацияға "педиатрия", "жалпы медицина", "оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар)", "травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)", "эндокринология (ересектер, балалар)", "невропатология (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша дәрігерлерге, сондай-ақ, "дефектология", "логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімі бар қызметкерге жібереді. Хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болған кезде мамандығы бойынша дәрігер тіс-жақ сүйек-бет аномалиялары мен деформациялары бар баланы алдыңғы және кейіннен ортодонтикалық емдеумен хирургиялық аралық оңалту үшін балалар ауруханасының жақ сүйек-бет бөлімшесіне медицина университеттерінің клиникаларына хирургиялық емделуге жолдайды. 59. Стоматолог дәрігер тістердің қатты тіндерінің дамуында кемістігі бар бала пациенттерге стоматологиялық емхана немесе мамандандырылған оңалту орталықтары жағдайларында стоматологиялық көмек көрсетеді. Көрсетілімдер бойынша стоматолог дәрігер баланы "педиатрия", "жалпы медицина", "эндокринология (ересектер, балалар)", "медициналық генетика" мамандықтары бойынша дәрігерлерге консультация жолдайды. 60. Беттің және жақ сүйегінің туа біткен және жүре пайда болған кемістігі бар балаларға стоматологиялық көмекті балалар стоматологиялық емханасының, стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінің, көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшесінің стоматолог дәрігері және жақ сүйек-бет (ересектер, балалар) мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді. 61. Тісжегісі бар балаларға медициналық көмекті балалар стоматолог дәрігері көрсетеді және ол балалар стоматологиялық емханасында, балалар стоматологиялық кабинеттерінде (бөлімшелерінде), білім беру ұйымдарының стоматологиялық кабинеттерінде, жылжымалы стоматологиялық кабинеттерде жүзеге асырылады. 62. Балада тісжегінің көптеген зақымдануының (зақымдану қарқындылығының үштен астам көрсеткіші) диагностикасы кезінде стоматолог-дәрігер оны басқа мамандықтардың ("педиатрия", "эндокринология", "оториноларингология", "невропатология", "ревматология", "аллергология", "нефрология") дәрігерлеріне консультацияға жолдайды. Көптеген тісжегісі бар балалар балалар стоматологиялық кабинеттерінің стоматолог дәрігерлерінде диспансерлік есепте тұрады, мұнда оларға клиникалық хаттамаларға сәйкес кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. 63. Жіті ауырсынуы бар балаларға стоматологиялық көмек балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінде, білім беру ұйымының стоматологиялық кабинетінде балаларға стоматологиялық көмек көрсететін медицина университеттерінің стоматологиялық клиникасында кезектен тыс көрсетіледі. 64. Мүмкіндігі шектеулі балаларға (белгіленген мүгедектігі бар балаларға) балалар стоматологиялық емханасында, стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінде, балаларға стоматологиялық көмек көрсететін медицина университеттерінің стоматологиялық клиникасында стоматолог дәрігер стоматологиялық көмекті жалпы ауырсынуды басу арқылы көрсетілімдері бойынша (медициналық көрсетілімдер болған жағдайда және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда) жүргізеді. 65. Парадонта ауруымен ауыратын балаларға медициналық көмекті стоматолог дәрігер балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшеде) және клиникалық хаттамаға сәйкес кейіннен амбулаториялық жағдайда диспансерлік байқаумен емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) стоматологиялық кабинетінде жүзеге асырады. Ауруының ауыр дәрежесі болған кезде стоматолог дәрігер қажет болған кезде балаларды басқа бейінді мамандарға консультацияға жолдайды. 66. Стоматолог дәрігер ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының ауруларымен ауыратын (жіті герпесті стоматит, көп түрлі экссудативтік эритема, кандидоз және басқа да ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының зақымдануы) балаларға медициналық көмек көрсетуді балалар стоматологиялық емханасы, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинеті (бөлімшесі) және клиникалық хаттамаларға сәйкес емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) стоматологиялық кабинетінде жағдайларында жүргізіледі. Стоматолог дәрігер көрсетілімдері бойынша "педиатрия", "оториноларингология", "инфекциялық аурулар", "аллергология", "дерматовенерология", "невропатология", "медициналық генетика" мамандықтары бойынша дәрігерге медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына консультацияға жолдайды. Ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы ауруының ағымы ауыр болған жағдайда балаларды емдеу аурухананың мамандандырылған бөлімшелерінде (диспансерлерде) жүргізіледі. 67. Шектеулі жіті және созылмалы одонтогендік және одонтогендік емес қабыну аурулармен ауыратын, тістердің, беттің жұмсақ тіндерінің және ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының жіті жарақаты бар, жақ сүйек-бет аумағында туа біткен және жүре пайда болған ауытқулары және деформациялары бар балаларға стоматологиялық көмекті балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), медицина университеттерінің стоматологиялық емханаларында стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет (балалар)" мамандығы бойынша дәрігер кезектілікпен жүзеге асырады. 68. Одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының (абсцесстер, флегмоналар, жақ сүйектерінің остемиелиттері, фурункул, карбункул, аденофлегмона, сілекей бездерінің сиаладениті, бетінің көк тамырлар тромбофлебиті) әртүрлі және ауыр түрлері бар балаларға стоматологиялық көмек көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясының бөлімшелерінде көрсетіледі. 69. Жақ сүйек-бет аумағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну (пульпит, перодонтит, периостит, қызыл иек асты абсцесс) аурулары бар балаларға стоматологиялық көмек стоматологиялық емханада, көрсетілімдер бойынша көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясының бөлімшелерінде, медицина университеттерінің стоматологиялық емханаларында көрсетіледі. 70. Шектелген қатерсіз және ісік тәрізді ісіктері, жақ сүйек-бет аумағының мальформациясы бар балаларға стоматологиялық көмекті стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет (балалар) хирургиясы" мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді және стоматологиялық емханаларда, ал беттің анатомиялық аумағының көлемді зақымдануы кезінде көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшелерінде жүзеге асырылады. 71. Меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медициналық көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10880 болып тіркелген) Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. |