Главная страница

Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады


Скачать 419.33 Kb.
НазваниеЖалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
АнкорЖалпы Тәжірибиелік дәрігер тест
Дата06.08.2022
Размер419.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест ЖДП ответ.docx
ТипДокументы
#641555
страница1 из 24
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) пәнінен тест сұрақтары
Есеңгіреу кезінде бәрінен бұрын пайда болады:

=АҚ төмендеуі

=сағаттық диурездің төмендеуі

=тері қабаттарының цианозы

=сананың бұзылуы

=ақтаңдақтың оң белгісі
Енгізілген атропин мөлшерінің әсерлілігі келесі бойынша бағаланады:

=жүрек соғу жиілігі, қарашықтың көлемі, бронхоспазмның болмауы

=мидриаздың болуы, сілекей бөлінуінің болмауы

=қарашықтың көлемі, жүрек соғу жиілігі

=сілекей бөлінуінің, бронхореяның, тершеңдіктің, брадикардияның болмауы

=сілекей бөлінуінің, миоздың, тершеңдіктің болмауы
Тітіркенген ішек синдромының жетекші себебі - бұл:

=нейроваскулярлық күйзелістер

=инфекция

=иммунологиялық бұзылыстар

=тағамның белгілі түрлеріне сезімталдықтың ұлғаюы

=қатерлі қайта пайда болулар
Емделушіде миокард инфарктынан кейінгі 20-күні кеуде тұсында аурсыну, дене қызуының көтерілуі, перикардтың үйкеліс шуылы пайда болды, қанның клиникалық талдауында - ЭТЖ ұлғайған. Едәуір болуы мүмкін:

=Дресслердің инфаркттан кейінгі синдромы

=миокард инфарктының рецидиві

=идиопатиялық перикардит

=миокард жыртылысы

=миокард аневризмасы
І дәрежелі жүрек жетіспеушілігін емдеудің дәрі-дәрмектердің оңтайлы кешенін таңдаңыз:

=диуретиктер мен ААФ ингибиторлары

=диуретиктер, жүрек гликозидтері мен милринон

=β-блокаторлар мен добутамин

=β-блокаторлар, жүрек гликозидтері мен лидокаин

=кордарон, кальций антагонистері мен жүрек гликозидтері
Темекі тартатын, Д-есебінде созылмалы бронхит диагнозымен тұратын 33 жасар әйелде, бір жыл ішінде үшінші рет S9 орналасуымен ошақты пневмония туындайды. Аурулар арасындағы мерзімде тез шаршау, жөтел мазалайды, қан араласқан қақырық болады. Болуы мүмкін диагноз:

=туберкулез

=бронх рагы

=созылмалы бронхит

=инфаркт-пневмония

=бронхоэктаз ауруы
24 жасар емделуші жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38,60С дейін көтерілуіне, басының ауыруына, мойынының тартылуына, арқасының ауырсынуына, жүрегі айнып, құсатындығына, тамағының ауырсынуына шағымданды. Әйгіленістері екі күн бұрын саяжайда пайда болған. Бүкіл денесінде шеті анық көріне қоймаған қызыл дақтар түрінде бөртпелер бар. Қарап тексергенде - жағдайы қанағаттанарлық, мойнының лимфа түйіндері ұлғайған, ұлғайған көкбауыры пальпацияланады, аңқасы қызарған, желке бұлшық еттері ширыққан. Сіздің болжам диагнозыңыз:

=Лайм ауруы

=ЖРВИ

=этиологиясы белгісіз сепсис

=вирусты менингит

=тағаммен улану
Бәрінен кеш дамитын ревматоидты артриттің симптомын таңдаңыз:

=таңғы сіресу

=буындардың ісінуі мен деформациясы

=қан сарысуындағы ревматоидты себепшарт

=субхондральды остеопороз

=тері асты түйіндері
64 жасар емделуші басының айналуына, әлсіздікке, қолдарының діріліне, көз алдында «шібін-шіркей ұшуына» байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерді үйіне шақырды. Ол ІІ типті қантты диабетпен ауырады, осыған орай глибенкламидті (манинил) қабылдайды. Емделушінің үйінде сіз шұғыл әдіспен қандағы 3,1 ммоль/л қант деңгейін анықтадыңыз және шағымдану себептерінің пайда болуынан 2 күн бұрын тізе буындарының ауыруына байланысты "американ аспиринін" қабылдағанын білдіңіз. Осы жағдайда жедел жәрдем шараларынан басқа сіздің ұсыныстарыңызға енуі тиіс:

=емдәміне тәулігіне бір рет картоп немесе макарон өнімдерін қосу

=емдәмді бұдан да қатаң сақтау

=глибенкламид мөлшерін төмендету (артритті емдеу мерзімінде)

=аспирин мөлшерін ұлғайту

=ревматолог кеңесі
Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі кезінде аускультативті естіледі:

=I тон әлсіреуі, систолалық шуыл

=қан тамырларға өткізілуімен дөрекі систолалық шуыл

=Шапалақты I тон, диастолалық шуыл

=жүрек ұшында I тонның және қолқаның үстінде II тонының әлсіреуі

=жүректің бүкіл бетіндегі диастолалық шуыл
Жүректің тампонадасын меңзейді:

=парадоксальды тамыр соғуы (pulsus paradoxus)

=жоғары тамыр соғу қысымы

=Куссмауль симптомы

=күшейтілген жүрек түрткісі

=инспирациялық ентігу
35 жасар әйел кейде пайда болатын, 5-10 минутқа созылатын кеуде тұсындағы ауырсынуға жалпы тәжірибелік дәрігерге шағымданды. Ауырсыну тыныш күйде де, дене жүктемесі кезінде де пайда болады, ешқайда берілмейді. Қазір темекі тартпайды, АҚ бұрын көтерілмеген. Отбасы мүшелерінің екеуі (50 және 56 жастА) жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде - науқастың жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ., ЖСЖ 70 рет/мин. Жүрек ұшы түрткісінің күшеюі анықталады, кеуденің сол жақ бойында систолалық шуыл естіледі, шуылдың қарқындылығы тұрған күйде күшейеді. ЭКГ: ST және Т арнайы емес өзгерістері. Алдын ала қойылған диагноз:

=функционалды шуыл, вегето-тамырлық дистония

=қолқалық стеноз

=гипертрофиялық кардиомиопатия

=митральды стеноз

=өкпе артериясының стенозы
Инфаркттан кейінгі кардиосклерозы мен І-ІІ дәрежелі жүрек жетісреушілігі бар 68 жасар науқастың жыбыр аритмиясына (тұрақты, 4 жыл бойы) қатысты дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:

=жүрек глюкозидтері көмегімен жыбыр аритмияның нормосистолалық түрін сақтау, ал =жеткіліксіз әсерде - β-адреноблокаторларды үйлестіру

=синусты ырғақты қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен (немесе балама дәрі-дәрмектермен) алдын ала емдеу

=стационарда жыбыр аритмияны синусты ырғаққа ауыстыру (хинидин немесе ЭИТ көмегімен)

=тұрақты электрокардиостимуляцияға өту мақсаттырақ

мұндай науқасқа тұрақты терапия талап етілмейді
Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардияның ұстамасы кезінде, әдетте:

=жүрек тондары басеңдеген

=I тон әлсіреген, II тон күшейген

=жүрек тондары күшейген

=I тон күшейген, II тон әлсіреген

=жүректің III тоны естіледі
Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардияны басу үшін едәуір әсерлі дәрі-дәрмекті (таңдамалы дәрі-дәрмек) таңдаңыз:

=аденозинтрифосфат

=новокаинамид

=верапамил

=лидокаин

=ритмилен
Алғаш пайда болған стенокардия кезінде жалпы тәжірибелі дәрігердің тактикасы:

=шұғыл госпитализация

=үйде белсенді қарала отырып, амбулаторлық жағдайда емдеу мен қадағалау

=науқас 2-4 күн сайын емханаға бара отырып, амбулаторлық жағдайда емдеу мен қадағалау

=жоспарлы госпитализация (амбулаторлық жағдайда алдын ала емдеумен)

=емхананың күндізгі стационары жағдайында емдеу
Жас әйелді алдын ала тексеру кезінде АҚ 160/90 мм сын. бағ. дейін көтерілгендігі анықталды. Мерзімді түрде мазалайтын бас ауруына шағымданған. Несеп талдауында дерттану табылмаған. ЭКГ: ST сегментінің айрықша емес өзгерістері. 10 жыл бойы оральді контрацептивтерін қабылдайды. АҚ көтерілуі туындауының едәүір пайда болу себебі:

=оральді контрацептивтерін қабылдау

=артериялық гипертензия

=нейроциркуляторлы дистония

=оральді контрацепцияны дұрыс пайдаланбау салдарынан болған жүктілік

=электролиттік бұзылыстар
Науқас 65 жаста. Бойы 160 см, дене салмағы 105 кг. Шағымы жоқ. Аш қарындағы қандағы глюкоза деңгейі - 6,2 ммоль/л. Осы емделушіні жүргізу тактикасын таңдаңыз:

=емделушіні жүргізу тактикасын шешу үшін пероральды глюкозаға толеранттылық тестілеуін жүргізу қажет

=емделушінің дені сау, бұдан әрі зерттеу мен емдеуді қажет етпейді

=науқаста - қантты диабет, емдәм сақтап, қарқынды күйдегі қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет

=емделушіде - гипогликемия, анамнезін мұқият жинау керек

=несептегі глюкозаның деңгейін анықтау қажет
65 жасар ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерді оң аяғындағы ауырсыну мен парастезияның кенеттен пайда болуына байланысты шақырды. Объективті қарау кезінде оң аяғының басы мен балтыры боп-боз, бозару аяқты көтерген кезде өрши түседі. Оң аяғы басының сырт артериясының соғысы жоқ. Бұл әйгіленістер байланысты:

=артериялық окклюзиямен

=үстірт тромбофлебитпен

=омыртқаның бел тұсы дискінің жырығымен

=балтырдың терең орналасқан тамырларының көктамырлық жетіспеушілігімен

=шеттік нейропатиямен
Бауыр берішімен ауыратын науқастардың ұзақ өмірін қамтамасыз етуге болады, егер:

=құрамына психотерапия кіретін іс-шараларды жүйелі жүзеге асырылса, алкоголь мен гепатотоксикалық заттарды доғарылса, толық қанды реттелген тамақтандырылса және этиотропты ем жүргізілсе

=глюкокортикоидтарды пайдалана отырып, науқасқа жүейлі дәрмектік терапия жүргізілсе

=қатаң шектелген емдәмді мұқият cақтауын қамтамасыз етілсе

=портокавальды анастомоз салу немесе спленэктомия отасы дер кезінде жасалынса

=иммуномодулирлейтін терапияны қолдану
Тоқ ішек дискинезиясының клиникасы байқалады:

=барлық төрт белгілермен

=іш қатумен

=іш өтумен

=ауырсынулармен

=іштің кебуімен

Ойық жара ауруларымен ауыратын науқастарды алдын ала емдеу былай жүргізіледі:
1.мезгілді рецидивке қарсы

2. қолдаушы үздіксіз
3. қолдаушы талаптар бойынша

=1, 3

=1, 2

=2, 3

=1

=2

Қатерлі ісік осы мүшеде болса, асцит жиі болады:

=бауыр

=аналық бездер

=ұйқы безі

=тоқ ішек

=асқазан

Мелена пайда болатын асқазан ішектің жоғары бөлімдерінен қан кету кезінде қанның ең аз мөлшері:

=60-100 мл

=25 мл

=60 мл аз

=250 мл

=500 мл
Тюбаждар тағайындауға көрсеткіш:

=өт шығару жолдарының гипомоторлы дискинезиясы

=өт шығару жолдарының гипермоторлы дискинезиясы

=өттас ауруы

=постхолецистэктомиялық синдром

=бауыр аурулары бауыр ішілік холестазымен
Балалар даму тежелісінің едәуір жиі себебі:

=ішектік мальабсорбция

=муковисцидоз

=психикалық-әлеуметтік депривация

=хромосомдық бұзылыстар

=қатерлі ісіктер
Жалпы тәжірибелік дәрігер 2 айлық баланы тексеру кезінде ІІІ-ІV қабырғааралықта экстракардиальды өтіп жатқан дөрекі пансистолалық шуылды анықтады. Анасының сөзіне қарағанда, нәресте емшектен 130-140 г сүт сорып ішеді. Объективті: нәресте белсенді, физикалық дамуы жасына сай келеді. ЖСС 120 рет/мин, ТЖ 26 рет/мин. Өкпе үстінде - пуэрильді тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығып тұр. Баланы жолдау қажет:

=кардиохирургтің шұғыл кеңесіне

=стационардың кардиология бөліміне

=стационардың кардиохирургия бөліміне

=стационардың соматикалық бөліміне

=педиатрдың кеңесіне
Ұл бала 1 жаста. Өмірінің ІІ жартысында психикалық-моторлық дамуында қалыс қалушылық байқалған, 9 айдан кейін тырыспа дамыған. Қарап тексергенде денесі мен шашының ақ түсі көз тартады. Тырыспа бойынша невропатолог, экзема бойынша дерматологтың бақылауында. Қанның клиникалық талдауы дерттанусыз, несеп талдауы қалыпты. Анасы несебінен "тышқан" иісі шығатындығын айтады. Сіздің диагнозыңыз:

=фенилкетонурия

=гипотиреоз

=балалардың церебральды салдануы

=гликогеноз

=эпилепсия
Бала, 7 жаста, 5-ші күн ауырып жатыр. Дене қызуы 37,60С. Шағымдары: тыныс алудың қиындауы, инспирациялық ентігу, әлсіздік. Қарап тексергенде: тамағында өңес, сыбырлап сөйлейді, терісі боп-боз, ЖСС 120 рет/мин, тондары тұйық, жүрек тұйықтығының сол жақ шегі емшек ұшынан 2 см сыртқа шыққан. Болжам диагнозы:

=дифтерия

=жалған круп

=баспа

=ЖРВИ, миокардит

=лимфоаденит
Екі тәуліктен бері ауырып отырған 10 жасар балаға жалпы тәжірибелік дәрігер шақырылған. Дене қызуы 39,00С. Іші мен белі, басы ауырады. Терісі таза, боп-боз. 19 сағаттан бері кіші дәретке бармаған. Болжам диагнозы:

=жедел гломерулонефрит

=жедел пиелонефрит

=цистит

=атониялық қуық

=қуық-зәрағар рефлюксі
Бала 13 жаста. Үш тәуліктен бері ауырып жүр. Дене қызуы 38,00С. Шағымдары: іштің ауырсынуы, екі рет құсу, жасыл сілемей қоспасымен үлкен дәретке өте жиі отыру. Императивті шақырулар төмен тартады. Сіздің диагнозыңыз:

=сальмонеллез

=тағаммен улану

=псевдотуберкулез

=дизентерия

=іш сүзегі
Баланың тамағына қажетті болып табылатын затты таңдаңыз:

=Глюкоза

=линоль қышқылы

=Крахмал

=таурин

=витамин Е
Стеноздаушы ларинготрахеитке тән:

=инспирациялық ентігу

=экспирациялық ентігу

=коклюш тәрізді жөтел

=битональды жөтел

=дауыстың қарлығуы
Тосыннан болған пневмоторакстың едәуір жиі себебі:

=өкпенің буллезді жылауығы

=өкпе іріңдігі

=өкпе обыры

=бронхоэктаздар

=өкпенің ауасыз солуы
Онкологиялық аурулардың скринингі жүргізіледі:

=адамдардың жекеленген топтарында

=анықталған ісігі бар науқастарда

=60-тан асқан тұрғындар арасында

=бұрын онкологиялық аурулармен ауырған тұлғаларда

="зиянды" өндірістерде жұмыс істейтіндер арасында
Асқазанның обыр алды ауруына жатқызуға болады:

=асқазанның үлкен иінінің созылмалы ойық жарасы

=өттас ауруы

=геморрагикалық гастрит

=Мэллори-Вейс ауруы

=созылмалы панкреатит
Сүт безі обырының"қауіп белгілеріне" жатқызуға болады:

=емшектен қанды бөлінділердің шығуы

=жылдамдаған ЭТЖ

=сүт бездері терісінің қоңыр дақтары

=дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі

=сүт бездерінің жоғары деңгейде шаштануы
Жатыр мойны обырына жиі ұшырайтын әйелдер тобы:

=некеге ерте отырған, баланы көп туған, 45-50 жасар әйелдер

=тумаған әйелдер

=диабет және семіздікпен ауыратын егде әйелдер

=туған, балаларын емшегімен емізбеген әйелдер

=контрацепция мақсатында прогестиндерді қабылдаған әйелдер
Жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуына едәуір тән белгілер:

=іштің төменгі бөлігінде қатты тұрақты ауырсынудың бірден басталуы

=іштің төменгі жағында мезгіл-мезгілді шаншу тәрізді ауырсынудың аяқ астынан пайда болуы

=қасағадан жоғары тұрақты ауырсынудың біртіндеп дамуы

=кіндіктен төмен орналасқан күшті "пышақ сұққан" тәрізді ауырсыну

=іштің төменгі бөліктерінде шаншу тәрізді ауырсынудың біртіндеп пайда болуы
Менингиттің болу күмәнін тудыратын клиникалық белгілер болып табылады:

=қызба, интоксикация, мойын мен дене бұлшық еттерінің тоникалық ширығуы, дене қалпын ауыстырғанда лоқсудың аяқ астынан пайда болуы

=интоксикация, қызба, АҚ жоғарылауы, желке тұсындағы бастың ауруы, көз алдындағы "шыбын-шіркей" ұшуы

=интоксикация, қызба, АҚ төмендеуі, тахикардия, бас айналуы

=интоксикация, қызба, бет нервісінің шала салдануы, артикуляцияның бұзылуы

=интоксикация, қызба, тырысу синдромы, сана бұзылуы
Жұтқыншақ жергіліктенген дифтериясына тән:

=қызба, бір қалыпты интоксикация, тамақтың шамалы ауырсынуы, цианозды бадамша бездеріндегі тығыз сұр түсті өңез

=жедел басталуы, жоғары дене қызуы, айқын интоксикация, қатты қызарған бадамша бездеріндегі сарғыш нүктелі өңез

=жұтыну кезіндегі тамақтағы қарқынды ауырсыну, қатты ісінген, қызарған бадамша бездеріндегі іріңді өңез

=жоғары дене қызуы, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бадамша бездеріндегі ақшыл өрмекші өрнегіндей өңез

=ұзақ уақытқа созылған қызба, гепатоспленомегалия, шамалы ісінген бадамша бездеріндегі некроздық өзгерістер
Тұмау эпидемиясы кезінде бұрын көктамырға нашаны қабылдап жүрген 17 жасар адам басының ауыруына, денесінің дел-салдығына, мазасыздануына, оянған кездегі жарықтан қорқуына шағымданды. Дене қызуы 37,30С, желке бұлшық еттерінің ширығуы. Дәрігер төсектік тәртіп, көп сұйықтық ішу, панадол қабылдауды ұсынған. 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, басы ауырған. Науқас ұйқылы-ояу күйде болды. Шақыруға келген кезекші дәрігер науқасты ауруханаға жатқызды. Диагнозы болуы мүмкін:

=менингококкты менингит

=ауыр тұмау

=СПИД-энцефалопатия

=герпестік энцефалит

=лейкоэнцефалит
Сыртқы құлақтың зақымдануына едәуір тән белгі:

=құлақтың қақсап ауырсынуы

=естудің күрт төмендеуі

=құлақтың соғысты ауырсынуы

=есту жолынан іріңнің бөлінуі

=құлақ бүртігін басу кезіндегі ауырсыну
Трахеотомияға көрсеткішті көрсетіңіз:

=жоғары тыныс жолдарының тығындалуы - бөгде зат

=жедел тыныс жетіспеушілігі

=жедел жүрек жетіспеушілігі

=тыныс жолдарының секреция өнімдерімен тығындалуы

=жедел зат алмасу бұзылыстары
Босанудың басталуы деп есептеген жөн:

=мерзімді толғақтың дамуы

=кілегей тығынның бөлінуі

=қағанақ суларының кетуі

=жатқан бөліктің төмен түсуі

=жатыр тонусының тұрақты жоғарылауы
Жүктіліктің мүмкін болатын белгілеріне жатады:

=іштің ақ сызығы мен сүт бездері ұшының дақтары

=кезекті етеккірдің кешігуі

=іш қатуына бейімділіктің пайда болуы

=жатыр көлемінің ұлғаюы

=ұрықтың жүрек соғуын тыңдау
Миокард инфарктын алған науқаста 6 аптадан кейін кеудесінде ауырсыну мен қызба пайда болды. Тексеру барысында перикардит пен плеврит анықталды. Болжам диагнозы:

=Дресслер синдромы

=миокардит

=кардиомиопатия

=диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

=нейроциркуляторлы дистония
45 жасар әйел қатты эмоциялардан, физикалық жүктемеден кейін күшейетін әлсіздікке байланысты дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде - науқас қолын әрең көтереді. АҚ 200/100 мм сын. бағ., қан сарысуындағы К
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


написать администратору сайта