Главная страница

Баспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі


Скачать 3.97 Mb.
НазваниеБаспен келуі, 1ші позиция, алдыы трі
Дата01.06.2022
Размер3.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDokument_Microsoft_Word.docx
ТипДокументы
#562091
страница3 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

54

Бала 3 жас. Респираторлық инфекциямен ауырған, 10 күннен кейін анасы баланың тез шаршауына, тершеңдігіне, қозғалмалы ойындардан бас тартуына шағымданады. Түнде жөтел мазалайды, анда-санда ұйқы кезінде ыңқылдайды. Қарау кезінде акроцианоз, шырыш қабаттарының көгеруі. Жүрек шекаралары кеңейген, тахикрдия, тондары әлсіз, «шоқырақ» ырғағы. Өкпеде екі жақта майда көпеіршікті сырылдар. Бауыр +1см қабырға доғасынаң төмен, көкбауыры ұлғаймаған.

Қабыну процесін басу үшін қандай препарат қолданасыз:

А) диклофенак

В) +преднизолон

С) циклоспорин

D) неотон

Е) иммуноглобулин в/і

55

Жаңа туған балаға 10 күн. Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде - өкпедегі тыныс әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты, тұрпайы систолалық шу бүкіл жүрек аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бузылу белгілері жоқ. Ықтимал диагноз:

  1. фиброэластоз

  2. ТЖА – жүрекше аралық пердесінің ақауы

  3. +ТЖА – қарынша аралық пердесінің ақауы

  4. ТЖА – ашық артериялық өзек

  5. ТЖА – магистралды тамырладың транспозициясы

56

Жаңа туған балаға 5 күн. Туғандағы салмағы 3200 г.. емшек емгенде терлейді, ентігіп қалады. Терісі бозғылт, үлкен еңбегі сәл шығынқы, бүлкілдейді (пульсация). ТЖ 64 минутына, ЖЖЖ 162 минутына. Өкпедегі тыныс әлсіреген. Тұрпайы систолалық-диастолалық шудан жүрек тондары әлсіз, шуыл бүкіл жүрек аймағында естіледі, punct.maximum төстің сол шетіндегі 2 қабырға аралықта. Бауыры + 2-3 см қабырға доғасынан төмен, тығыздығы жұмсақ-эластикалық.

Өкпедегі гемодинамиканы қалпына келтіру үшін нені тағайындасыз:

А) небулазер арқылы сальбутамол ингаляциясын

В) анаприлин

С) эуфиллин ішкізу

D) дигоксин

Е) +индометацин

57

10 жастағы ұл бала шаршағыштыққа, басының айналуына, қатты қимылдағанда, жүктеме түскенде және тыныштықта ентігуінің пайда болуына, жүрек соғуына, жүрек тұсында ауырсынуына шағымданады. Бұл шағымдар физкультура сабақ кезінде күшейеді.

Осы патологияға тән ЭхоКГ –дағы өзгерістер:

А) сол қарынша қуысының кеңеюі

В) оң қарынша қуысының кеңеюі

С) 2 дәрежелі митралды клапанның пролапсы

D) +қарынша аралық пердесі мен сол қарынша қабырғасының гипертрофиясы

Е) оң қарынша қуысының гипертрофиясы

58

ЖРВИ бар 1,5 жастағы балада айқын шырыш қабаттырың цианоз, акроцианоз, аз өнімді жөтел, ентігу. Анасының айтуынша бұрын да ентікпесі болған, кейде құсу болатын. Қарау кезінде мойын веналары ісінген, «жүрек өркеші». Жүре ұшының түрткісі әлсіреген, сол жаққа ығысқан. Жүрек шекаралары кеңейген сол шекарасы алдыңғы қолтық сызыққа дейін. Жүрек тондары әлсіреген, аритмиялы. Өкпенің төменгі бөліктерінде крепитация. Бауыры +4 см қабырға доғасынан төмен. Аяқтар басы ісінген.

Пациент қандай емге мұқтаж:

А) дигоксин, фуросемид, верапамил

В) +дигоксин, каптоприл, фуросемид

С) анаприлин, фуросемид, кордарон

D) дигоксин, кордиамин, амиодарон

Е) карнитин, кордарон, фуросемид

59

Қыз 10 жаста. Невролог қарағаннан соң стационарға жолдама берді. Шағымдары: есте сақтауы және үлгерімнің төмендеуі, жазуының бұзылуы, еріксіз қозғалыстардың салдарынан заттарды ұстай алмай құлату. Объективті түрде – дене бітімі дұрыс, тамақтану жағдайы қанағаттанарлық. Гиперкинездер, Ромберг қалпында тұрақсыз, сөйлеуі түсініксіз, бұлшық ет гипотониясы, Черни симптомы оң. Шеткері лимфатикалық түйіндер ұлғаймаған. Бадамшалары гипертрофиялы, жұтқыншақтың артқы қабырғасында - лимфоидты гиперплазия. Жүрек тондары кереңделген, ырғақты, ЖЖЖ 90 минутына, ТЖ 20 минутына. Бауыры мен көкбауыры қалыпты.

Таңдау препараты:

А) диазепам, аминолон

В) НПВП (диклофенак)

С) +глюкокортикоидар (преднизолон)

D) аминохинолиндер (делагил)

Е) бициллин

60

14 жастағы қыз дене қызуының 37,5С дейін көтерілуіне, білезік буындарының ауыруына және дем алғанда кеуде қуысының ауырсынуына, жөтелгеніне шағымданады. Ауырғанына бір апта болды, дәрігер амоксициллин тағайындады. Дене қызуы парацетамолмен басылады. 3 күннен соң бетінде және мойын кеуденің алдыңғы бетінде бөртпе шықты. Қарау кезінде бөртпе шыққан жері екі беті және «декольте» аймағы. Мойын, қолтық асты лимфатикалық түйіндер ұлғайған. Буындары сырттан қарағанда өзгермеген, қозғалыстары шектелмеген. Өкпесінде элсіреген везикулярлы тыныс, үйкеліс шуы. Диагноз дәлелдейтін ең хабардар көрсеткіш:

А) жоғары СРБ

В) LE жасушалар

С) АНФ

D) ФНО

Е)+ нативту (екіспиралды) ДНК-ға антиденелер

61

5 жастағы қыз. Білезік, тізе мен тобық буындарының ауырсынуына шағымданады. 3 жасында жедел түрде ауырды - дене қызуы фебрилді цифраларға дейін көтеріліп, оң тізе буынының ісінуі мен ауырсынуынан басталды, бір айдан соң сол тобық буынының ісіну қосылды, 3 айдан кейін екі тізе мен білезік буындары бірдей ауырсынды. Қарау кезінде буындары деформациялы, қол-аяқтарының б/еттері бір шама семген. Тәңертен және күндіз қол-аяқтарының, денесінің бүрісуі байқалады. Басқа ағзалар мен жүйелер жағынан өзгерістер анықталмаған. ЖҚА- 45 мм/сағ, СРБ 35 мг/л, РФ - теріс.

Ықтимал диагноз:

А) ювенилді идиопатиялық артрит, олигоартрит

В) +ювенилді идиопатиялық артрит, полиартрит

С) ювенилді идиопатиялық артрит, жүйелі артрит

D) реактивті артрит

Е) бруцеллезді полиартрит

62

14 жастағы қыз дене қызуының 37,5С дейін көтерілуіне, білезік буындарының ауыруына және дем алғанда кеуде қуысының ауырсынуына, жөтелгеніне шағымданды. Ауырғанына бір апта болды, дәрігер амоксициллин тағайындады. Дене қызуын парацетамолмен түсіреді. 3 күннен соң бетінде және мойын кеуденің алдыңғы бетінде бөртпе шықты. Қарау кезінде бөртпе шыққан жері екі беті және «декольте» аймағында. Мойын, қолтық асты лимфатикалық түйіндер ұлғайған, ауыру сезімі жоқ. Буындары сырттан қарағанда өзгермеген, қозғалыстары шектелмеген. Өкпесінде элсіреген везикулярлы тыныс, үйкеліс шуы.

Емді тағайындаңыз:

А) СҚКП

В) +глюкокортикоидтар

С) цитостатиктер

D) антиметаболиттер

Е) венаішілік иммуноглобулин

63

5 жастағы қыз. Білезік, тізе мен тобық буындарының ауырсынуына шағымданады. 3 жасында жедел түрде ауырды - дене қызуы фебрилді цифраларға дейін көтеріліп, оң тізе буынының ісінуі мен ауырсынуынан басталды, бір айдан соң сол тобық буынының ісіну қосылды, 3 айдан кейін екі тізе мен білезік буындары бірдей ісінді, ауырсынды. Қарау кезінде буындары деформациялы, қол-аяқтарының б/еттері семген. Тәңертен және күндіз қол-аяқтарының, денесінің бүрісуі байқалады. Басқа ағзалар мен жүйелер жағынан өзгерістер анықталмаған. ЖҚА- 45 мм/сағ, СРБ 35 мг/л, РФ - теріс.

Емді тағайындаңыз:

А) пульс-терапия метилпреднизолонмен

В) преднизолон в/ішіне содан соң схема бойынша төмендету

С) +метотрексат

D) биологиялық терапия (мабтера)

Е) циклоспорин

64

7 жастағы қыз. Тізе және тобық буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, жүрісінің қиындауына шағымданады. 10 күн бұрын ангинамен ауырып емделді. Қарау кезінде буындық синдромнан басқа патология анықталмаған. ЛОР дәрігердің есебінде созылмалы тонзиллитпен тұр. Жергілікті педиатр диклофенак тағайындады. 4 күн өткен соң дәрігер қайта қарағанда ауырсыну синдромы азайды, буындардың шамалы ісіну және қозғалыстардың шектелуі әлі сақталуда

Ықтимал диагноз:

А) ювенилді идиопатиялық артрит

В) жедел ревматикалық безгек

С) вирустық артрит

D)+ постстрептококты артрит

Е) остеомиелит

65

5 жастағы қыздың анасы баласының тізе және тобық буындарының ауырсынуына, ісінуіне, жүрісінің қиындауына, тәңертеңгілік бүрісуіне шағымданып жергілікті педиатрға қабылдауына келді. Амбулаториялық жағдайда ювенилді идиопатиялық артрит бастапқы кезеңде (дебютте) буындардың зақымдануын анықтайтын ең растауышы әдіс:

А) ревматоидты фактор анықтау

В) +буындардың УДЗ

С) буындардың МРТ

D) ЖҚА, ЭТЖ, СРБ анықтау

Е) синовий сұйықтығын зерттеу

66

12 жастағы бала. Шағымдары: қыжыл, кышқыл мен ауамен кекіру, төс артында ауырсыну. Қыжыл тамақтан соң, еңкейгенде, жатканда және физкультура сабақтан соң күшйеді. Объективті түрде: тілі ақшыл өңезделген, төменгі 2/2 азу тістердің кариесі. Пальпация кезінде ішінің эпигастрий аймағында шамалы ауырсынуы. ЭФГДС – өңештің төменгі үштен бір бөлігінде шырыш қабатының айқын гиперемиясы және борпылдақтығы, бірлі-жарым эрозиялар, зонд тиіскен жерінде (контакттілі) қанағыштығы. Уреазалық тест теріс. Бірінші таңдау препараты:

  1. алмагель

  2. +омепразол

  3. домперидон

  4. фамотидин

  5. сукральфат

67

Ер бала 13 жас. Шағымдары: тамақтан 1,5 сағат өткен соң және тәңертен аш қарынға ішінің төс астында ауырсынуы. Соңғы кездері ауыруы түңгі уақытта да мазалай бастады. Тамақ уақытша жеңілдік береді. Сонымен қатар ауамен кекіру, жүрек айну байқалады. Әкесінде – созылмалы гастрит, темекі шегеді. Анасында – созылмалы холецистит. Бала жиі құрғақтай тамақ, , фастфуд жейді, тәтті сусындар ішеді. Объективті түрде – тамақтану жағдайы шамалы, тұрақты қызғылт дермографизм, алақандары- гипергидроз. Бала бозғылт, тілі сұрғыл өңезделген. Іші пилородуоденалды аймағында ауырулы, Мендель симптомы оң. Үлкен дәреті қатуға бейім.

Ықтимал диагноз:

A) жедел гастрит

В) созылмалы гастродуоденит, өршу

C) асқазанның ойық жаралы ауруы

D) +он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

Е) функционалды диспепсия

68

14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спортық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 смқабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін растайтын қандай зерттеу:

A) тыныстық тест

В)+ биопсиямен ЭФГДС

C) іш қуысының УДЗ

D) қан биох.анализы (Fe, глюкоза, ферритин, ж.белок, АЛТ, АСТ, СРБ )

Е) стерналды пункция

69

Ер бала 13 жас. Шағымдары: тамақтан 1,5 сағат өткен соң және тәңертен аш қарынға ішінің төс астында ауырсынуы. Соңғы кездері ауыруы түңгі уақытта да мазалай бастады. Тамақ уақытша жеңілдік береді. Сонымен қатар ауамен кекіру, жүрек айну байқалады. Әкесінде – созылмалы гастрит, темекі шегеді. Анасында – созылмалы холецистит. Бала жиі құрғақтай тамақ, , фастфуд жейді, тәтті сусындар ішеді. Объективті түрде – тамақтану жағдайы шамалы, тұрақты қызғылт дермографизм, алақандары- гипергидроз. Бала бозғылт, тілінде сұрғылт өңез. Іші пилородуоденалды аймағында ауырулы, Мендель симптомы оң. Үлкен дәреті қатуға бейім.

Ықтимал диагноз:

A) жедел гастрит

В) созылмалы гастродуоденит, өршу

C) асқазанның ойық жаралы ауруы

D) +он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

Е) функционалды диспепсия

70

13 жастағы гастроэнтерологтың диспансерлік есебінде тіркелген. Бір жыл бұрын күзде ұлтабардың ойық жаралы ауруынан емделді. Диетаны тұрақты түрде сақтамайды. Көктемде емтихан тапсыру барысында диспепсиялық көріністер пайда болды. ЭФГДС: он екі елі ішектің пиязшасында ойық жара I стадиясында « жас ойық жара», созылмалы гастродуоденит өршу стадиясы. Ем тағайындалды.

Ең тиімді вариант таңдаңыз:

A) +омепразол, висмут субцитраты, кларитромицин, метронидазол 14 күн

В) омепразол, амоксициллин, кларитромицин, де-нол, сукральфат 14 күн

C) омепразол, фуразолидон, амоксициллин, ранитидин, де-нол 10 күн

D) висмут субцитраты, клацид, метронидазол, ранитидин 10 күн

Е) омепразол, де-нол, мотилиум, кларитромицин 14 күн

71

Ер бала12 лет. Шағымдары: ішінің жоғарғы бөлігінде аш қарынға ауыруы, тамақтан соң басылуы және қайтадан 40-60 минуттан соң қайтадан пайда болуы, жүрек айнуы, қыжыл. Оқтын-оқтын тез тою сезімі байқалады, кейде тамақтан 20-30 минут өткен соң ішінің ауырсынуы. Ауыру болғанына 1,5 айдай өтті. Қарау кезінде тілі сұрғылт өңезді, жағымсыз иіс. Пальпация барысында эпигастрий және пилородуоденалды аймақта ауырсыну. Үлкен дәреті тұрақсыз, ішқатуға бейім

Ықтимал диагноз:

A) +гастродуоденит

В) асқазан ойық жаралы ауруы

C) он екі елі ішек ойық жаралы ауруы

D) атрофиялық гастрит

Е) функционалды диспепсия синдромы

72

14 жастағы қыз эпигастрий аймағында, сол жаққа қарай ауыруы, ауыру сезімінің арқасына берілуі. Ауыру сезімі тамақтан, әсіресі көп жегеннен, майлы, ашы тамақтан соң пайда болады. Сонымен қатар гамбургер жегенде пайда болады. Симптомдар 6 ай бойы байқалады. Артық салмағы болған соң анда-санда түк тамақ ішпейтін күндер болады. Сол күндері аш қарынға және тек су ішкенде ауыру сезімі басылады, тіпті жоғалады. Үлкен дәреті тұрақсыз, жиірек сұйықтау. Диагноз дәлелдейтін ең хабардар көрсеткіш:

  1. іш қуысы ағзаларының УДЗ

  2. іш қуысы ағзаларының МРТ

  3. амилаза, холестерин, триглицеридтер деңгейі

  4. +эластаза-1 деңгейі

  5. гликолизденген гемоглобин деңгейі

73

1,5 жастағы бала қаралуға ауылдан келген. Ата-анасының шағымдары: көп мөлшерлі , сасық үлкен дәреті, салмақ қоспау, тәбетінің төмендеу. Сұрастыру кезінде бала көкөністерден басқа барлық тамақ жейтіні анықталды. Қарау кезінде бала енжар, теріс мінезді, кейгіш, терісі бозғылт, құрғақ , сұр реңмен, фолликулярлы гиперкератоз, жұмсақ тіндерінің шымырлығы төмен, қол-аяқтары жінішке. Жүрек тондары кереңделген, тахикардия шамалы. Іші үлкен. Нәжісі көп мөлшерлі, ашытқы қамыр сияқты, май жылтырайды, иісі күлімсі.

Қалай түсіндіресіз мына жағдайды:

A) туа біткен панкреатикалық жетіспеушілік

В) ұйқы безінің кистофиброзы

C) лактазалық жетіспеушілік

D) +глиадин көтере алмаушылық

Е) сиыр сүті ақуызын көтере алмаушылық

74

1,5 жастағы бала қаралуға ауылдан келген. Ата-анасының шағымдары: көп мөлшерлі , сасық үлкен дәреті, салмақ қоспау, тәбетінің төмендеу. Сұрастыру кезінде бала көкөністерден басқа барлық тамақ жейтіні анықталды. Қарау кезінде бала енжар, теріс мінезді, кейгіш, терісі бозғылт, құрғақ сұр реңмен, фолликулярлы гиперкератоз, жұмсақ тіндеріінің шымырлығы төмен, қол-аяқтары жінішке. Жүрек тондары кереңделген, тахикардия шамалы. Іші үлкен. Нәжісі көп мөлшерлі, ашытқы қамыр сияқты, май жылтырайды, иісі күлімсі.

Диагнозды растайтын қандай зерттеу өткізу қажет :

A) +антиглиадин антиденелер деңгейін анықтау

В 1-эластазға нәжіс тексеру

C) ремиссия кезінде жінішке ішек биопсиясы

D) лактозамен жүктемелі тест

Е) нәжістегі көмірсулар ахроматографиясы

75

Қыз балаға 4 жас. 2 ай бойы іші ауырсынуы, сұйық дәрет, жүдеу, артралгиялар мазалайды. Екі рет инфекциялық ауруханада ем алып шықты. Өткізілген зерттеу ішек инфекциялардың қоздырғыштарын анықтамады. Қан аралас сұйық дәрет күнінде 10 ретке дейін, кейде түнде де болады. Дәретке отырар алдында тенезмдер пайда болады. Үлкен дәретке шақырымы әр тамақ ішкеннен соң байқалады (постпрандиалды диарея). Пальпация кезінде ішінің оң жақ мықын аймағында ауырсыну және кернелуі анықталады.

Қауіпсіздік деңгейін және дәлелдеген тиімділігін ескере отырып таңдау препаратты тағайындаңыз:

A) диклофенак

В) сульфасалазин

C) +месалазин

D) фуразолидон

Е) преднизолон

76

9 айлық қыз. Анасының шағымдары: дене қызуының 38,7ОС дейін көтерілуі, емшектен бас тарту, емгеннен соң құсу. Антенаталды және постнаталды анамнез ерекшелісіз. Егулер уақытында, реакциялар болған жоқ. Қарау кезінде жоғарғы тыныс жолдары жағынан қабыну белгілері жоқ. Шүйде бұлшықеттеріні ригидтілігі. Терісі бозарған, сұрғылт реңмен, еріндері құрғақ. Өкпеде тыныс қатаңдау, ТЖ 52 минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ 142 минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырады, бала жылай бастайды. Кіші дәреті сирек. Дизурия. Үлкен дәреті сұйық. Ықтимал диагноз:

  1. ауруханадан тыс пневмония

  2. жедел ішек инфекция

  3. жедел іріңді отит

  4. вирустық менингит

  5. +несеп жолының инфекциясы

77

9 айлық қыз. Анасының шағымдары: дене қызуының 38,7ОС дейін көтерілуі, емшектен бас тарту, емгеннен соң құсу. Антенаталды және постнаталды анамнез ерекшелісіз. Егулер уақытында, реакциялар болған жоқ. Қарау кезінде жоғарғы тыныс жолдары жағынан қабыну белгілері жоқ. Шүйде бұлшықеттеріні ригидтілігі. Терісі бозарған, сұрғылт реңмен, еріндері құрғақ. Өкпеде тыныс қатаңдау, ТЖ 52 минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ 142 минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырады, бала жылай бастайды. Кіші дәреті сирек. Дизурия. Үлкен дәреті сұйық

Бастапқы терапия үшін таңдау препараты:

А) амоксициллин ішке

В) ампициллин б/е

С) +цефтриаксон б/е

D) ко-тримаксазол ішке

Е) гентамицин б/е

78

Балаға 5 жас. 3 жасында 2-3 дәрежелі екі жақты қуық-несеп-ағар рефлюксі анықталды. Ата-анасы операциядан бас тартты. Бала нефрологтың есебінде тұр, барлық ұсынымдарын мұқият орындайды. Бақылаулы УДЗ аурудың одан әрі өршуі байқалмайды. Стационарға түскен себебі – ұзақ субфебрилді температура, енжарлық, әлсіздену, бас ауыруы. ЖҚА: жалпы белок 66 г/л, креатинин 124 ммоль/л, мочевина 9,1 ммоль/л, СРБ 12 мг/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1009.

Бастапқы терапия тағайындағанда осы балада қандай препараттан бас тарту керек:

А) цефтриаксон

В) цефепим

С) +гентамицин

D) цефуроксим

Е) котримаксазол

79

Ер бала 11жаста. Анамнезінде жиі ЖРВИ. 9 жасында ангинадан кейін зәрінде микрогематурия, белок іздері, ураттар3+. «Метаболикалық нефропатия» диагнозен бақылауында болды. Соңғы кездері бас ауыруы, енжарлық байқалады. ЖРВИ ауырғаннан бері 4 күннен соң ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Шағымдары: бас ауыруы, бас айналуы, құсу, сирек кіші дәреті. Объективті түрде: бозаруы, бетінің және балтырдың ісінуі, екі қолының треморы. АҚ 160/110 мм сын.бағ. Зәр анализы - макрогематурия, белок 3,5 г/л, эритроциттер жаппай көру аймағында. Олигоурия.

Ықтимал диагноз:

А) жедел постстрептококты гломерулонефрит, нефритикалық синдром

В) созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром

С)+ созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

D) тубулоинтерстициалды нефрит

Е) жеделдеу тез өршитын гломерулонефрит

80

9 жастағы қыз.ауруханаға түскендегі шағымдар: шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі,бұлшықет гипотониясы. Ұзақ уақыт жүргенде шаршайды, оқтын-оқтын бас ауыруы, омыртқа бағанасындағы ауырсыну. Кіші дәретке жиі барады, зәр шығару үшін түнде оянады. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1009, белок 0,62 г/л, эритроцит бірлі-жарым, лейкоцит 5-6 көру аймағында

Ең қажетті әрі хабардар зерттеу:

  1. электромиография

  2. омыртқа бағанасының МРТ

  3. бүйрек МРТ
  4. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта