Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖЕТІНШІ ТЕЗИС Әдеп

  • Сахна жне актер алы сз


    Скачать 0.58 Mb.
    НазваниеСахна жне актер алы сз
    Дата29.04.2023
    Размер0.58 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаHJUVTSAHOJNW26042023211140.docx
    ТипДокументы
    #1098003
    страница11 из 24
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

    АЛТЫНШЫ ТЕЗИС
    Әрекет арқауы әм көкейкесті мақсат

    (Сквозное действие и сверх—сверхзадача)
    «Дәннен өсімдік көктеп шыққан сияқты, жазушының да жекеленген ойлары мен сезімдерінен оның шығармасы өмірге келмек.

    Жазушының аталмыш жекеленген ой мен сезімі, өмірлік арманы оның күллі тіршілігінің өзегін жарып шығып, творчество сәтінде оларға басшылык етеді. Соларды пьесаға негіз етіп алып, аталмыш дәннен өзінің әдеби шығармаларын өсіріп шығарады. Жазушының өмір бойғы қуанышы мен қасіреті, өмірлік арманы, он мен сезімі түгелдей пьесаның іргетасын қалайды: сол үшін жазушы қолына қалам алады. Сахнаға жазушының ой мен сезімін, қуанышы мен қасіретін, арман-мұңын жеткізу спектакльдің басты мұраты болып табылады» (там же, с. 332) деп

    К. С. Станиславский сахналық шығарманың туу процесін дәннен көктеп шыққан өсімдікке теңейді. Демек, көкейкесті мақсат критерийін анықтау үшін, жазушы немесе драматургтің ішкі рухани әлеміне терең үңіліп, оның қолына алуына мәжбүр еткен ойына ортақтас болуы лазым. Көкейкесті мақсат (сверх — сверхзадача) — режиссердің творчестволық ойына, оның күллі адамдық табиғатына қозғау салып, қоздыратын тебіреніс көзінен с а н а л ы түрде өріс алатын процесс. Сондай-ақ, пьесаның ішкі сарайы —«рухани әм қимыл-іс болмысы» мен күллі «психикалық өмірінен» ағыс алатын кұбылыс. Егер жазушы алдында, К. С. Станиславский айтқандай, белгілі бір мақсат тұрса, сол мақсат режиссерге де тиесілі. Ондай мақсат жазушы үшін идея болып есептелінсе, режиссер үшін көкейкесті мақсат болып есептелінеді. Идея мен көкейкесті мақсат — творчествоның Темірқазық жұлдызы. Екеуінің кіндігі бір. Айырмашылық мынада: идея — қағазға түскен «өлі дүние» де, көкейкесті мақсат — әрекетке көшкен «тірі дүние». Идея — жазылып жатқан тұста процесс ролін атқарады да, аяқталған соң тіршілігін тоқтатады. Ал, негізгі мақсат — сол тоқталған процеске өмір береді. Процесс — қозғалыс, әрекет, күрес, өмір. «Көкейкесті мақсат — нәтиже емес, бастау, оятушы, қоздырушы, творчестволық процестің негізгі қозғаушы күші»—дейді А. Таиров. Олай болса, пьесаның көкейкесті мақсатын анықтау үшін ең алдымен оның идеясын анықтау керек. Өйткені, шығарманың күллі ішкі дүниесі идея арқылы талданып, тарқатылады. Енді терең талдаудан өткен туындының алдында: «не үшін қою керек? Қандай мақсатқа қазықтау қажет?» деген мәселе пайда болады. Белгілі бір мақсатсыз спектакль қойылмайды. Мақсатсыз шығарма да тумайды.

    Мәселен, Ф. М. Достоевский адам болмысынан өмір бойы құдай мен сайтанның елесін іздеген көрінеді. Осындай ой оны «Ағайынды Карамазовтар» ды жазуға итермелесе керек. Ендеше, құдайды іздеу аталмыш шығарманың көкейкесті мақсаты болмақ.

    Ал, Л. Н. Толстой болса, өмір бойы жетілу, жаңару, түлеу миссиясына құлшыныс білдіріп отырған, сол себепті оның шығармаларының көкейкесті мақсаты әлгідей ізгі ойлардан пайда болған.

    Антон Павлович Чехов ылғи да әдепсіздікпен, тоғышарлықпен күреске түсіп, жақсы өмір туралы армандаған. Жақсы тұрмыс туралы армандап, соған деген құлшыныс оның көптеген туындыларының көкейкесті мақсатына айналады.

    Демек, пьесада болып жатқан үлкенді-кішілі мақсат болсын, режиссердің шешімі мен артистің әрекеті, ой-арманы болсын түгелдей пьесаның көкейкесті мақсатын айқындау үшін қызмет атқарады.

    «Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы (сквозное действие)- өмірдің басты мағынасы, күре тамыры, жүйкесі, пьесаның тамыр-тынысы.

    Көкейкесті мақсат — пьесаның құнары. Әрекет арқауы — пьесаның қызыл өзегін жарып өтетін лейтмотиві. Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы — артистің құлшынысы мен творчествосына бағыт сілтеуші компас. Әрекет арқауы — пьесаның су асты ағысы. Өзеннің бетіне толқын тудыратын су асты ағысы сияқты, көзге көрінбейтін ішкі әрекет арқауы да сыртқы ойын өрнегі мен әрекет арқылы білінеді.

    Әрекет арқауы — рольдің кейбір жекеленген дербес бөлшектерін біріктіретін негізгі табиғи байланыс көзі. Ол — шашылған моншақтар мен үзілген алқаның маржандарын тізген сияқты, өз алдына жеке-жеке дербес бөлшектерді тізетін рухани жіп.

    Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы — табиғатымызға ұя салған асыл қазына «менге» ынтызар туа біткен өмірлік мақсат көзі. Тұтас шығарма мен рольдің жанды тіршілігінің негізгі мағынасын құрайтын әр пьеса мен әр роль өзінің көкейкесті мақсаты мен әрекет арқауын жасырын ұстайды. Әрекет арқауының түп тамырын құпия түрде басшылық ететін табиғи іңкәрліктен, діни, қоғами, саяси, эстетикалық, мистикалық сезімдерден, туа бітті жетістік пен кемістіктен, адам табиғатында ерекше өріс алған қайырымды, қайырымсыз қасиеттерден іздеуге болады. Айналамызда немесе ішкі рухани тіршілігімізбен сыртқы тіршілігімізде болып жатқандардың бәрі — адам рухы тіршілігінің туа бітті іңкәрлігі мен әрекет арқауының негізгі мағынасы санасыздық байланысының құпиялылығында жатыр.

    Мәселен, сараң кез келген жағдайда өзінің байлыққа деген құштарлығын құпия байланыста ұстауға тырысса; атаққұмар — сый-құрметін; діндар — өзінің діни құлқына; эстет — өзінің артистік идеалын құпия байланыста ұстауға тырысады.

    Әрекет арқауы өмірде болсын, сахнада болсын көпшілік жағдайда санасыз түрде пайда болады. Адамның құлшыныс қажырын санасыз, құпия түрде өзіне тартатын ақырғы мақсат пен көкейкесті мақсат анықталған соң барып, адам рухының тіршілік желісі де айқындалады» (К. С. Станиславский, сочинения, том 4, с. 151) деп жазады сахна реформаторы.

    Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауын бір-бірінен ажыратып, дербес қарауға болмайды. Олар бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі сүйемелдеп отыратын қанаттас, егіз элемент.

    Әрекет арқауы — шаңы басылмайтын табан жол болса, көкейкесті мақсат—ақырғы аялдама. Әрекет арқауы—үдере тартқан көш десек, көкейкесті мақсат— кереге керер құтты қоныс. А. Гончаров: «Дән— спектакльдің темпераменті, көкейкесті мақсат — соған қарай бағытталған мақсат, ал әрекет арқауы — актерді мақсатына жеткізетін табан жол»— деп егіз элементтің творчестволық ролін дәл анықтаған. Демек, көкейкесті мақсатқа апаратын әрекет арқауының табан жол желісі пьеса мен рольдің қызыл өзегін жарып өтетін жүргінші құбылыс. Үзілмей соғатын қырдың қызыл желі іспеттес. Егер, әлгі үздіксіз соққан желдің екпіні бір сәт үзіліп калса, жел — желдік қасиетінен айрылады. Әрекет арқауы да солай, кідіріске тап болса, әрекет желісі үзіліп, творчестволық процесс дағдарысқа ұшырайды. Процесс деген сөздің өзі — жетілу, даму, өркендеу, өрістеу мағынасын білдіретін ұғым. Сондықтан да,

    К. С. Станиславский сахналық ойын өрнегі мен актер әрекетін творчестволық процесс деп атап, өте орынды пайдаланған.

    Егер К. С. Станиславский: «Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы — өмірдің басты мағынасы, күре тамыры, жүйкесі, пьесаның тамыр-тынысы» десе, әрекет арқауы — пьесаның мағынасын мазмұнмен байытып, күре тамырына қан жүгіртетін, жүйкесін азықтандырып, тамыр-тынысын кеңейтетін, кейіпкер мен актердің сарайына көркемдік сәулесін түсіріп, тіршілік сыйлайтын күрделі элемент.

    Творчестволық терең талдауға түскен пьеса кәдімгідей «он екі мүшеге» бөлініп жіліктенеді. Мүше-мүше, жілік-жілік болып боршаланады. Мақсат — әр мүшенің сипаты мен қасиетін түбегейлі зерттеу, қызметін анықтау.

    К. С. Станиславскийдің тілімен айтқанда, толық талдаудан өткен пьеса: перде, көрініс, бөлшектерге бөлініп, одан әрі дәйектемелерге (факт), оқиғалар легіне (событийный ряд) жіктеліп, жібі үзіліп, шашылған моншақтай күй кешеді. Жеке көріністерден пайда болатын мақсат, оқшау бөлшектермен жекеленген дәйектемелер, мүше-мүшеге бөлінген сахналар тарыдай шашылып, бір-біріне бағынбай бей-берекет күйге түседі. Міне, сол кезде шашылған моншақтарды бір-бірлеп теріп, бір жіпке тізеді. Жіпке тізілген моншақ алқаға айналып, мүлік болады. Әрекет арқауы — сол жіп. Шашылған моншақтарда мазмұн болмайды. Ал, алқа күйінде мағына бар. Ендеше, ішкі байланысы үзілген пьесаның магынасы жогалады, идеялық қисын мен сабақтастық тұтастыгы- на ақау түседі. Ой мен мазмұн арқауы- кесілген процесс, өріске шықпайды. Кез келген шығарманың идеялық өзегі мен оқиға желісі —«ұзын арқау, кең тұсау» өрісіне көгенделеді. Арқауы мықты творчествоның өмірі ұзақ. Олай болса, әрекет арқауының атқаратын сахналық қызметі осындай.

    Актердің сахнада өмір сүруі мен оның сезім процесі өнердің өзі сияқты табиғи қалыпта тіршілік сатылылығы мен сабақтастық дамуын қалайды. Ал, көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы осы тіршіліктің қалыптық сипатын реттеуші ролін атқарады. Олар жазушының, режиссердің, артистің творчествосын бүтіндей басшылыққа ала отырып, туындының тұтастығын сақтайды. Егер шығарма желісінде көкейкесті мақсат пен әрекет арқауынан бір сәт ауытқушылық пайда болса, онда шығарманың арқауына ақау түсіп, сылбырлық, ұзақтық белең алады. «Әрекет арқауы» деген атының өзі әрекетшілдік, белсенділік, арқауы мықты дегенге саяды. Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы бірлесе отырып, творчестволық өмір сүру процесін өмірге әкеледі.

    Солай десек, өмір сүру процесі рольдің партитуралық сомдалуы мен көкейкесті мақсаттан және әрекет арқауының белсенді түрде атсалысуынан пайда болмақ. Сахнаға пьеса авторының творчестволық толғақты ойы
    мен артистіц психикалық тіршілігінің ішкі жан дүниесін қозғалысқа салатын көкейкесті мақсат ауадай қажет. Басқаша айтқанда, көкейкесті мақсат құбылысын рольден ғана емес, артистің өз жан сарайынан да іздеген абзал. Субъективсіз, өзінің дара қасиетінсіз өмір сүру процесі қызықсыз болады. Адам тіршілігінің ғажайып қасиеті — даралығында. Даралық деген сөздің астарында актердің өмір тәжірибесінен жинақталған білім, парасат байлығы әм табиғи ой қазынасының қайнары жатады. Ендеше, көкейкесті мақсат — творчестволық ой тебіренісінен, ақыл-парасат биігінен саналы түрде өріс алады. Біздің рухани әм қимыл-іс жаратылысымыздың ішкі әлем-тапырық толғақ процесін бір арнаға бағыттап, оған басшылық ететін де сол. К. С. Сганиславскийдің анықтауы бойынша, көкейкесті мақсат — сана (сознательная), тебіреніс (эмоциональная), қажыр (волевая) болып үшке бөлінеді. Творчество сәтінде осы үшеуі бірдей қызмет атқарады.

    Саналы көкейкесті мақсат — спектакльдің шешімі болса, тебіреністік көкейкесті мақсат — актердің күллі рухани әм қимыл-іс қызметін творчестволық жұмысқа жегетін, ал, қажырлық көкейкесті мақсат—аталмыш екі процестің қарқындылығын, суымауын басқаратын қызу құбылыс.

    Алайда көкейкесті мақсатты іздеудің, анықтаудың, табудың К. С. Станиславский ұсынған жолдары бар. Ол кісі спектакльдің немесе рольдің көкейкесті мақсатын анықтаудың бірақ жолы бар, ол жол — етістіктің сұраулары арқылы іздеу дейді.

    Мәселен, Гамлеттің көкейкесті мақсатын қарастырып көрейік. Егер, «әке есімін ардақ тұтқым келеді» десек, онда әйгілі трагедия үйішілік драмаға айналып кетер еді. Ал, «болмыстың сыр-құпиясын танып-білгім келеді» деп анықтасақ, мистикалық трагедия табиғаты сұранып тұр. Алайда, трагедияның идеялық желісінде осылардың екеуі де бар. Спектакль шешімін бірінші анықтаумен де, екінші анықтаумен де қоюға болады. Бірақ, Шекспирдің бүкіл адамзат баласының алдына көлденең тартқан әлеуметтік проблемасын жалаңаштап шешіп беруге аталмыш екі мақсат әлсіздік танытқан болар еді. Атақты режиссер Гордон Крэг екінші анықтама бойынша қоямын деп Гамлетті құлатқаны белгілі. Сондықтан К. С. Станиславский әйгілі трагедияның көкейкесті мақсатын: «адамзат баласын апаттан құтқарғым келеді» деп әлемдік тұрғыдан шешіп, әлеуметтік маңыз берген.

    Демек, сахналық шығарманың көкейкесті мақсатын анықтағанда оның әлеуметтік үніне, қоғамдық жүгіне баса назар аударған абзал. К. С. Станиславский: «Жазушының шығармасын дүниеге әкелетін көкейкесті мақсат десек, артист творчествосы да сол көкейкесті мақсатқа қарай бағытталуы тиіс» (там же, с. 338) деп жазса, аталмыш элементтің атқаратын сахналық ролі өлшеусіз. Көкейкесті мақсат — драмалық шығарманың әлеуметтік, қоғамдық, көркемдік жүгі мен идеялық желісін адастырмайтын Темірқазық іспеттес құбылыс. Көкейкесті мақсат — пьесаны жан-жақты зерттеп, терең талдау арқылы не үшін? Қандай мақсат үшін? жазылды деген сұраулар арқылы анықталады. Мақсаты дұрыс табылмаған сахналық қойылым — сәтсіздік кепілі. Бұл қағиданы режиссер мен актер естен шығармау керек.

    Біз жоғарыда көкейкесті мақсат пен әрекет арқауының көркемдік критерийі кіндіктес деген пікір айттық. Көкейкесті мақсат —су аяғы айдын болғанда, әрекет арқауы — сол айдынға құятын ұлы ағыс. Айдын аясын ағыс толтырады. Сахналық шығарманың идеялық өзегі мен оқиға желісі таудан құлаған өзен сияқты. Арнасы мен аңғарын балауса мен баққа бөлеп, арындап аққан өзен алқабын гүлжазира масатыға айналдырмай ма? Шалғын шабындық пен жалқын жапырақ гүл атып, мәуесін төгіп тұрмай ма? Әрекет арқауы да пьесаның арнасын аралап, жарып өтетін құбылыс. К.С. Станиславский айтқандай, ол: «пьесаның ішкі психикалық тіршілігінің белсенді қозғаушы күші». Ал, «ішкі психикалық тіршіліктің қозғаушы күші» артистің ақыл-ес, қажыры мен сезімінен қуат алады.

    Егер әрекет арқауының желісі үзілсе, арнасынан айрылған үзік-үзік шорқынды қара су сияқты құбылысқа айналады. «Ұсынылған тосын жағдай», «қарым-қатынас», «мақсат пен бөлшек», «амал-айла», «шындық пен шынайылық», «сенім мен сезімнің» арқауы ыдырап, быт- шыты шығары хақ. Сондықтан осы сахналық элементтерді бытыратпай, жіпке тізіп, тізгініне ие болатын элемент — әрекет арқауы.

    «Егер де сіз ойын өрнегін әрекет арқауынсыз өрбітпек болуға тырыссаңыз, онда, сіз сахнада киелі күш «егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай» арқылы әрекет өтпеген болып шығасыз»; яғни, сіз творчествоңызға өз табиғатыңыз бен түйсігіңізді қатыстырмаған болып шығасыз. Сөйтіп, өнеріміздің басты бағыты мен көкейкесті мақсаты «адамның рухани тіршілігін» сомдай алмайсыз»(там же, с. 339) деп, әрекет арқауының сахна өнеріндегі айрықша ролі мен маңызын ерекше атайды. Тіпті «онсыз «жүйе» де болмайды»— деп тұжырып айтады.

    Сайып келгенде, ұлы адамдардың өмірлік ұлы мақсаттары болады. Өзіміз айтып отырған К. С. Станиславскийдің өмір бойғы армандаған ұлы мақсаты — сахна өнерінің ережесін жасау еді. Сол сияқты Шекспирдің де, Гетенің де, Пушкиннің де, Чеховтың да алдарына қойған ұлы мақсаттары болған. Міне, сондай ұлы мақсатты

    К. С. Станиславский көкейкесті мақсат (сверх-сверхзадача) деп, ал әрекет арқауындағы биік мұратты көкейкесті әрекет арқауы (сверх-сквозное действие) деп атаған. Көкейкесті мақсат — ұлы арман болса, көкейкесті әрекет арқауы — оның іске асуы, орындалуы болмақ.

    Демек, актер әр спектакль ойнаған сайын кейіпкерінің қандай көкейкесті мақсат үшін әрекет ететінін анық білу керек. Өйткені, көкейкесті мақсат суреткер атаулының өмірлік позициясы әм көркемдік концепциясы. Аталмыш элементтің ерекше құндылығы туралы белгілі режиссер Ю. Завадский: «Станиславский енерді өмірлік әйдік миссия ретінде бағалап, өмірдің ісі деп түсінді. Ол өз жүйесін құлдырауға ұшыраған буржуазия театрымен күресу үстінде өмірге әкелді. Орыстың демократиялық өнеріне сүйене отырып, бүкіл адамзат баласының санасына игі әсер етуге үндейтін театр қабырғасын қалап шығарды. Ол өнерді өмірдің ұстазы еткісі келді.

    Ал, өмірдің ұстазы болу үшін, өнерге өмірдің ілгерілеуінен көз жазбау керек болды. Осы тұрғыдан келгенде де Станиславский — суреткер қасымыздан табыла білді, ол өзінің кемеңгерлік түйсігі арқасында заманынан озып кетті, өйткені, ол адамзат баласының ертеңіне мықтап сенген болатын. Оның өзі де творчестволық тәжірибелерге терең сенім артқан табиғатынан суреткер, материалист әрі диалектик, мол шұғылалы оптимист адам болатын. Оның кемеңгерлігі тарих бен уақыт лебін таңқаларлықтай сезіне білуінде еді. Ол әлеуметтік соны шындыққа —ұлттық шындыққа оның толық хұқылы құрылысшысы ретінде еркін енді. Ол жүйенің тарихи процесс ретінде орнауына талас тудырмайтын, құдіретті ғажайып шындық, бұл болашақ реалистік өнеріміздің гүлденуі деп түсініп, зор сенім артты.

    Міне, сол себепті де «көкейкесті мақсат» терминінің астары нені тұспалдап отырғанын түсінбейінше, оның зор мақсаты — суреткердің халық үшін өнер жасайтынын терең сезінбейінше, Станиславскийді де түсіну мүмкін емес. Аталмыш мақсат суреткерден шындықты ұғынуды талап етеді. Ал, Станиславский болса, өз түйсігінің құдірет күші арқасында өмірді де оқи алатын еді» (Ю. Завадский, Об искусстве театра, ВТО, Москва, 1956, с. 41) деп жазса, заманымыздың тағы бір ірі тұлғасы Г. Товстоногов: «Станиславский жүйесіндегі басты нәрсе — негізгі мақсат (сверхзадача) туралы ілім. Пьесаның негізгі ойы мен идеясын Сганиславский осылай атаған. Сенімді әм әсершіл негізгі мақсатты іздеу, сол табылған негізгі мақсатқа күллі спектакльді бағындыру қойылым мен жұмыс жасау кезіндегі Констангин Сергеевичтің ең басты қамы болатын. Алайда, Станиславский негізгі мақсатты театр құлшынысының жеңісі деп есептеген жоқ. «Көкейкесті мақсат» («сверх — сверхзадача») терминін ұсыну арқылы негізгі мақсат (сверхзадача) ұғымын кеңейтті. Ал, көкейкесті мақсат ұғымын ол, артистің, режиссердің, драматургтің күллі творчествосына билік жүргізетін идея ретінде, суреткер — адамның (человека — художника) өмір мұраты ретінде түсіндірді.

    Станиславскийдің пайымдауы бойынша, көкейкесті мақсат адамдарға бүгінгі күнге аса қажет ең маңызды, ең асыл нәрселерді айтуға тиіс. Көкейкесті мақсат сахнадан көрермендер залына тартылған өткел ретінде кез келген классикалық көне пьесаны бүгінгіше сөйлетуге көндіріп, артист пен көрерменнің сезімі мен ой тасқынын байланыстырады» (Г. Товстоногов, Зеркало сцены, 1-том, Ленинград, «Искусство»—1980, с. 40) деп жазады.

    Көкейкесті мақсат К. С. Станиславскийдің азаматтық пафосы әм идеалы. Кейіпкердің терең психологиялық әрі көркемдік шындығын өнерге өрім етіп қана қоймай, бүкіл адамзат баласының аңсаған мәңгілік мұратын жырлайтын аталмыш ілімнің сахналық маңызы әлеуметтік масштабпен безбенделеді. Өйткені, сахна суреткерінің дарыны мен талантын оның өмірлік көзқарасынан бөліп қарауға болмайды. Көкейкесті мақсаттың көздеген концепциясының өзі сол.

    Орыс тіліндегі «задача» сөзінің қазақша баламасы — мақсат, «сверхзадача»— негізгі мақсат, «сверх — сверхзадача»— түпкі мақсат болып келеді. Біз «сверх — сверхзадача»— суреткердің мәңгілік мұраты мен өмірлік асыл арманын бейнелейтің биік мақсат болғандықтан әдейі «көкейкесті мақсат» деп алдық. «Көкейкесті мақсат»—

    К. С. Станиславский межелеген көркемдік идеяға, әлеуметтік әуенге дәл жауап береді әрі оның сахналық сипаты да салмақты.

    ЖЕТІНШІ ТЕЗИС
    Әдеп
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24


    написать администратору сайта