Главная страница

Сахна жне актер алы сз


Скачать 0.58 Mb.
НазваниеСахна жне актер алы сз
Дата29.04.2023
Размер0.58 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаHJUVTSAHOJNW26042023211140.docx
ТипДокументы
#1098003
страница10 из 24
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

БЕСІНШІ ТЕЗИС

Қимыл-іс еркіндігі — актер творчествосының қайнар көзі

(Физическое действие — источник актерского творчества)
...«Табиғаттың артықша тамашасы адам ғой! Оның ойы неткен ізгі! Қабілеті неткен шексіз! Бітімі мен қимылы неткен дара да, дәл десеңші! Әрекеті жағынан періштеге тетелес. Ақыл-құдіреті —тәңірге тән! Дүниенің көркі! Күллі тіршіліктің лұғаты ғой, адам!» (X. Ерғалиевтің аудармасы бойынша) деп тебіренеді Гамлет. Күллі адамзаттың санасын сарғайтқан тылсым құбылыс—«өлім мен өмір» құпиясының сыр-сипатын жеке- дара ашып беруге бел байлаған В. Шекспирдің ұлы перзенті табиғаттың мінсіз жаратылысы — адамның жан сұлулығы мен тән сұлулығын сүйсіне, сұқтана жырлаған ғой. ЬІстық ықылас пен ынтық іңкәрліктен өрілген: «Бітімі мен қимылы неткен дара да, дәл десеңші!» деген отты жолдарда адам баласының бойына біткен тұлғалық әсемдік маржандай мөлдіреп, тізіліп тұрған жоқ па?! Бір-ақ ауыз сөйлемде ақыл-парасат, мінсіз мүсін, сымдай сымбат пен құйын қимыл, қаса сұлу қозғалыс қабілетінің көркемдік тегі сайрап жатқандай болмай ма?

Міне, осындай адам тұлғасының бітімдік сүйкімділігі мен жайсаң жарасымдылығы актердің сахналық қимыл көңіл күйінің безбені болып саналады.

Аталмыш қағида, театр тілінде —сахналық қ и м ы л-і с е р к і н д і г і деп аталады.

Қимыл-іс еркіндігі ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) сияқты егіз сипаттан көген кереді. Рухани әм дене еркіндігінің өзара тығыз байланыстары арқылы актердің қимыл-іс әрекеті сахнада нағыз творчествоның көркемдік іргесін қалайды.

«Табиғат көріксіздік дегенді білмейді. Толқынның шапшуы, бұтақтардың теңселуі, аттың шабысы, күннің түнге айналуы, кенеттен тұрған құйын, тау алқаптарының тыныстауы, сарқыраманың құтырына қарғылақтауы, пілдің ауыр аяны, бегемоттың сұрықсыз пішіні—бәрі-бәрі де әсем: бұларға жаны жоқ сіресіп қалған кәдімгі қолапайсыз бірдеңелер ғой деп қарап, қысылып-қымтырылудың еш реті жоқ» (Евг. Вахтангов. Материалы и статьи, М., Изд. ВТО, 1959, стр. 102) деп жазады Евг. Вахтангов.

Әсілі, табиғат шебер ғой! Аққан өзен, толқыған теңіз, жайқалған орман, ұйқыдағы тау — бітім-болмыс әсемдігімен ғана емес, терең тыныстап, үнсіз мүлгіген сырт көрінісімен де әрі сұлу, әрі тылсым жаратылыс емес пе? Көркемөнер көзімен қараған жанға бұлар қалың ұйқы құшағына еніп, қалғып жатқан жоқ. Олар мәңгі қозғалыс үстінде ғұмыр кешіп, өз заңдылығымен өз беттерінше өмір сүріп жатқан ұлы дүние сияқты жұмбақ құбылыс. Физика ғалымдарының болжамы бойынша, оларды тербеліс бесігіне салып, ғасырлар бойы жиі-жиі тербетіп, қозғап отыратын күш-қуат — магнит өрісінен пайда болатын энергия көзі болса керек.

Ұшар басын дауыл шайқаған шынар ағаш пен бүк түсіп дамылдап жатқан ұйқыдағы тауда да қимыл-қозғалыс бар. Жел теңселткен шынар да, ұйқыдағы тау да әсем. Өйткені, оларда тіршілік, өмір бар. Оларда магнит өрісінен атқылаған энергиялық зарядтың мол қуаты бар. Сол асып-төгіліп жатқан аста-төк энергия көзін табиғаттың өзі еш ысырапсыз орын-орнымен ретке салып отырады. Онда орынсыз шашылып жатқан ысырап деген болмайды. Қара жерді өз кіндігінен ұдайы шыр айналдырып тұру үшін қанша қуат қажет болса, соншама қуат жұмсалмақ. Табиғат — есебінен жаңылмақ емес. Оның тылсым есеп шотында — бітім мен пішіннің, кескін мен келісімділіктің, көрік пен көркемдіктің, әсемдік пен әуезділіктің, сән мен сананың, рух пен дененің, кеңістік пен кемістіктің, ауыр мен жеңілдің—үйлесімдік әрі үнемдік, сабақтастық әрі салаластық сияқты бұлжымайтын таңғажайып тепе-теңдік өз заңдылығы бар. Осы заңдылық арнасында артық-кем, жарамды-жарамсыз деген ұғым болмақ емес. Бірде асырып жіберу, бірде кем пішу, бірде сүйкімді, бірде сұрықсыз болу — адамға ғана тән құбылыс. Табиғат тудырған сана мен саралық, қимыл мен қозғалыс заңдылықтарын бұзатын тек адам. Жаратылыс тарту еткен әдемі қимыл көркіне, козғалыс әсемдігіне ие бола алмайтын да адамның өзі. Қимыл-іс сұлулығының негізі — пластика заңдылығына бағынбайтын да адам. Олай болса, актердің күллі бұлшық ет әм қимыл-іс еркіндігі әлгі айтылған күш-қуат көзін дұрыс басшылыққа алуына байланысты. Кез келген қимыл-қозғалысқа жұмсалатын күш-қуат сол қимылдың шама-шарқына сай не артық, не кем болмауы. тиіс.

Ендеше, бұлшық ет пен қимыл-іс еркіндігінің қайнар көзі —адамның өз бойындағы қуат-күші. Қуат-күш — сұлулық пен әсемдіктің бастау-бұлақ негізі. Анасы — табиғат. Кеңістік пен сахна алаңында қажыр мен қайрат үйлесімдігін үйлестіре білу — адам тәні мен тұлғасының көріктілігін бейнелейтін пластика заңдылығы болып табылады.

К. С. Станиславскийдің пайымды пікіріне құлақ ассақ, шынайы творчестволық процесс табиғаттың органикалық өз заңдылығын дұрыс сақтап, оны дәл пайдаланған жағдайда ғана өзінің негізгі өлшемінен табылмақ. Сол себепті де «жүйені» өмірге әкелген ұлы реформаторға «Ешқандай Станиславский жүйесі деген жоқ,— мызғымайтын бір-ақ қана жүйе бар — ол табиғаттың өз жүйесі» деген ақиқатты айтқызды. Шындық солай болғанда, қимыл-іс еркіндігі табиғат жарасымдылығынан жарастық тауып, табиғаттан нәр алмақ. Сусындайтын суаты да сол. Адамның қимыл-іс аппаратын мінсіз басшылыққа алатын өз табиғаты. Адам табиғаты алдында ойлау жүйесінің биік сатысы — сана парасаты да, әбден шыңдалған актер техникасы да қауқарсыз.

«Артистке, әлі емшектен шықпаған сәби сияқты: көре білуге, жүре білуге, сөйлей білуге әуел бастан дағдыланған абзал. Ал өмірде, біз осылардың бәрін де істей аламыз. Алайда, ен, өкініштісі, көпшілік жағдайда табиғаттың өзі үйлестіргендей етіп оңдырып істей алмаймыз. Сахна алаңында сөйлеген сөзді,жүрген жүрісті, қараған қарасты өмірдегіден өзгеше, қалыпты жағдайда табиғатқа жанастырып, керікті етіп көрсете білу керек: себебі, біріншіден, рампаның өткір сәулесі астында көзге түскен кемшіліктер онан сайын бадырайы көрінсе, екіншіден, әлгі байқалған кемшіліктер сахна алаңындағы актердің күллі жан дүниесіне кері әсерін тигізеді» (К. С. Станиславский, Сочинения,т. 2, стр. 137) деп К. С. Станнславский актердің қимыл-іс қызметіне табиғат заңдылығы қожалық ететінін айтады.

Сөйтіп, актер творчествосының аса маңызды кезеңінің тағы бір басты аксиомасы — бұлшық еттің босаңсу процесін (о процессе освобождения мышц) егжей-тегжейлі зерттеп игеру проблемасы болып табылады.

Дененің құрысып-тырысып (телесные зажимы) қалуы мен бұлшық еттің түйіліп қалуы (мышечная судорога)

актер творчествосында жиі кездесетін ірі індет. Әсіресе, олар актердің дауыс пен тыныс жолдарында пайда болса, тіпті қауіпті. Ашық үнді, әсем дауысты актердің өзі қырылдап, сырылдап сөз сөйлеуден қалады. Ал, егер алда-жалда актердің аяғының бұлшық еттері кенеттен түйіліп қалса, онда ол, аяғына жем түскен аттың күйін кешеді. Сахнада — сал болған адамдай сіресіп қатып қалады. Сондай-ақ қолдары қарысып қалса, дене жансызданып, қақайған ағашқа айналады. Қақаю мен құрысу, тырысу мен сіресу дененің әр жерінде: аяқ-қолдың буын-буынында, мойын омыртқа мен жон омыртқада, топшы мен төс сүйектерінде жиі кездеседі. Бұлар актер творчествосының негіздерінің негізі болып саналатын — қимыл-іс еркіндігінің қас жауы. Аталмыш кінәрат — актерді сахнадан кембағал ғып көрсетіп оның айшықты ойын-өрнегіне нұқсан келтіреді. Ең жаманы, беттің бұлшық еттерінің түйілуі. Мұндай індет кезінде адамның беті қисайып, реңі бұзылады. Қөздері ұясынан шыға бақырайып, бет-әлпеті өзгереді. Жан сарайының небір қылдай нәзік тылсым тебіреністерінің айдай айнасы — ым (мимика) жарасымдылығының сүйкімді сұлу сипаттары өзінің табиғи әсемділігінен айрылады. Кескін-келбеттің: көркі қашып, ажарлы жүзге әжім түседі. Әсіресе, дем мен тыныс органдарының бұлшық еттерінің түйілуі аса қатерлі. Ондайда актер булығып, қылғынып демікпеге ұшырайды. Тынысы тарылып, демі бітіп, сөйлеген сөзі көрермендерге естілмей қалады. Нәтижесінде, актердің сахнада қалыпты өмір сүріп, іс істеуіне кейіпкер бейнесін кескіндеп көркем дүние тудыруына аталмыш кінараттар зор бөгет болады. Көркемдік емес, кемтарлық кереге кереді.

Қимыл-іс процесінде болатын сіресу кінәраты біздің күллі творчествомыз бен белсенділігімізді буып тастаса, бұлшық еттің түйілу індеті тіршілігіміздің психикалық әрекетіне тұсау салады. Мәселен, К. С. Станиславскийдің тәжірибеден өткізген эксперименті бойынша, шамадан тыс ауыр жүк көтеріп тұрып ән айтуға, болмаса монолог оқуға мүмкін емес екен. Ол үшін ауырлықтан құтылып, бұлшық еттің сіресіп, қақаюынан ажырау керек. Олай болса, бұлшық еттер мен буын-буындағы қырыс- тырыстан арылудың жолдарын іздестірген жөн. Олардың ауыр зардабы кейіпкермен қосылып өмір сүруге, іштей тебіреніс күй кешуге мүмкіншілік бермейді. Сондықтан да образ сомдау үшін, ең алдымен бұлшық ет қызметін жөнге салу жағын қарастыру абзал. Өйткені, табиғат заңдылықтарын мансұқ етіп, әрекет еркіндігіне тұзақ салып, шеберлікті шідерлеуге болмайды. К. С. Станиславскийдің ұлағаты бойынша, ол табиғатқа жасалған зорлық, өктемдікпен парапар құбылыс. Актердің қалыпты жағдайда дұрыс жұмыс жасауына бұлшық еттің қатты түйілуі тұрмақ, кейбір буындарда кездейсоқ іркіліс туғызатын болымсыз сіресудің өзі де кедергі болады екен.

Атап айтсақ, адамның он екі мүшесін түгел жайлап алатын індеттер аз емес. Тақымның тартылуы, тамақтың түйілуі, қолдардың қарысып қалуы, сегіз көздің сырқырауы, белдің сіресуі, сіңірлердің тартылып қалуы, желкенің кекжиюі, бұлшық еттердің түйілуі, буындардың қақаюы, өне бойдың тырысуы, беттің жыбырлауы, саусақтардың сереюі— айта беретін еңкею, қаңқаю, бырысқақ, тырысқақ ауруларып туғызады. Егер осы аталған дерттердің ең болмағанда біреуі актермен ілесіп сахнаға шықса, не болары белгілі шығар.

Онда, біз көркемдікті емес, кемтарлықты көрер едік.

Сын-сымбаты мен сыр-сипатын жоғалтқан сұрықсыздықты көріп, жабырқар едік.

Сахна сәні — сұлулық десек, келісімін тапқан кербез қимыл емес, кирелеңдеген күй кешер едік.

Қисық-қыңыр кембағалдың өзі болып шығар едік.

Әлгі дерт тамаққа түссе, тамаққа тас тығылғандай — тіліміз кесіліп, үніміз өшіп қалар едік.

Сөз — сазынан, ән — әуенінен айрылып, сыбырлап қалар едік.

Белге түссе — еңкейе алмай, қаңқая алмай қалбалақтап қалар едік.

Буынға түссе —бүгіле алмай бүгежектеп қалар едік.

Аяққа түссе — тұсаулы аттай кібіртіктер едік.

Мойын омыртқаға түссе — көкке қарап кекжиіп қалар едік.

Сегізкөзден ұстаса сіресіп, серейіп қалар едік.

Қолдардың қарын қармаса,— қанаты сынған құстай қалбаңдар едік.

Жон омыртқадан қармаса,— отырсақ опақ, тұрсақ сопақ болып, мешелге айналар едік.

Қарап отырсақ, әсемдік көзі — пластика заңдылықтарына тәуелді қимыл-қозғалыс арсеналдарымыз кемшіліктер мен кемістіктерден сау емес екен.

Сонда не істеу керек?

Құрысу мен тырысу, қақаю мен сіресуден құтылудың жолы бар ма?

Бар. Ол үшін К. С. Станиславский өзіне-өзі бақылау қою (контролер) жүйесін мықтап жетілдіруді ұсынады.

«Жүйкесі жұқарғап адамдарда бұлшық еттің тырысып қалуы үнемі болып тұрмақ.

Адам болған соң, көпшілік алдында ойын көрсеткей сәтте бұлшық еттің тырысып қалатыны актерлерде де болып тұрады. Белдің сірескенін жазсаң — топшыңа келіп жабысады, одан құтылуың мұң екен — тынысыңнан ала түседі. Сөйтіп, бұлшық еттің түйілігі қалуы біресе ана жеріңнен, біресе мына жеріңнен қайта-қайта қайталап ұстай береді. Сондықтан да аталмыш кінәраттармен жалықпастан, үзбей күрес жүргізе беру керек. Індеттен құтылу қиын, алайда күресе беру керек. Күресудің мәнісі өзіңе-өзің бақылау қоюды күшейту.

Бақылау қоюдың ролі оңай емес: өмірде болсын, мейлі сахнада болсын шамадан тыс құрысу, тырысу, бұлшық еттердің түйілуі болмау үшін бақылау қоюдан бір сәт көз жазбау қажет. Сіресу пайда бола қалса, әлгі бақылаушы оны жойып жіберуі тиіс. Пайдасыз тырысқақты жойып жіберуші және сақтану процестер, механикалық, санасыз машық дәрежесіне дейінгі шеберлік шегіне жеткізілуі тиіс. Бұл аздық қылса— әлгі процесті рольдің тек байсалды тұстарында ғана емес, қимыл-іс кезеңіндегі ең қиын жүйке жұқартатын күрт өрлеу тұстарында да шынайы пайдасы тиетін күнделікті әдетке аймалдыру жағын қарастыру керек» (там же, стр. 135) деп К. С. Станиславский бақылау қоюдың ролі зор екенін жазады.

Бұл — мәселенің бір жағы ғана.

«Әрине, механикалық әдетке әбден төселіп алғанша бақылау қоюды және оны әрекетке бағыттау туралы көп ойлауға тура келеді, ал мұның өзі творчество жасау кезінде алаңдату туғызады. Бірақ, кейін бұлшық еттің құрысын жазуға немесе соған ниет қылғанда тебіреніс сәті өзінің қалыпты сипатына ие болады. Осындай әдетке төселудің өзі класта немесе үйде жаттығулар жасаумен шектеліп қалмай, күнделікті өмірде, сахнадан тыс кезде, адам жатқанда, тұрғанда, ас ішкенде, серуенге шыққанда ат құрғатпай істеліне беруі тиіс. Бұлшық ет бақылауын қимыл-іс табиғатына біржола сіңістіріп, оны өзіңнің екінші тұлғаңа айналдыруың керек. Сонда ғана бұлшық ет бақылаушысы творчество туғызуға жәрдем бере алады» (там же, стр. 135) деп зор талап қояды К.С. Станиславский, өнер адамдарының алдына.

Сахна алаңында қимыл-іс кезінде өзіңнің бұлшық ет әрекетіңде кездесетін жоғарыда айтылған кереғар шырғалаңдарға шырмалып, шатасып қалмауың үшін үнемі жаттығулар жасап, дене шынықтырумен де айналысуың керек.

Актер тұлғасын баптап, күтіп ұстауға арналған «Станиславский жүйесінде»—«Гимнастика, акробатика, би билеу», «Пластика», «Тренинг әм муштра», «Этюдтер мен жаттығулар» дейтін арнаулы тараулар, бөлімдер бар. Сын-сынақтан өткен, дене тәрбиесіне бағышталған аталмыш жаттығулар актер денесінің сымбатты әрі мүсінді болуына, қимыл-қозғалысының кербез де көрікті болуына, сөйтіп, сахнада көркем образ сомдауына баулиды.

Ал, мінсіз мүсін, сұлу сымбат, көрікті қимыл әдемілігін тудыратын тағы бір қозғалыс көзі — адамның қалпы (поза). Мұның өзі — көрермен қауымы алдында талқыға түсетін актердің кескін-кейіп болмысы. Қалпылық қимылдың негізгі қызметі — иіліп бүгілетін дене мүшелерінің барлық буындарына байланысты. Қалпының ағаш құсап қақайып қатып қалуынан құтқаратын мынандай үш жолы барын айтады К. С. Станиславский.

Біріншісі — ойын үстінде тебіреністе тұрып, сыртқы пішіннің жиі-жиі өзгеруіне байланысты сәтте керексіз сіресуден арылу.

Екіншісі — бақылаушының көмегі арқылы керексіз сіресуден механикалық түрде босану арқылы арылу.

Үшіншісі — егер пішін жеке-дара артистің сезімін тудыра алмаса, онда сол пішіннің өз негізіне сүйене отырып, дәлел арқылы арылу.

Қимыл-іс еркіндігі заңдылығының өзегінде — с і р е су, босаңсу және дәлелдеу процестері өмір сүреді. Ендеше, сіресуден —босануға, босаңсудан — дәлелдеуге ұмтылыс жасау керек. Сахнада сіресіп жүріп, кейіпкер бейнесін кескіндеу мүмкін емес. Сіресуден — сезім, тырысудан — толғаныс тумайды. «Ондай актерлердің қақайған қолдары қандай болса, жаны сондай»,— дейді К. С. Станиславский.

Италияның актер техникасына аса жетік трагик актері Джироламо Годзиден дәріс алған атақты Ваграм Папазян: «Годзи мені сан қилы нюанстар арқылы көз жасымды көлдетіп тұрып жылауға үйретті. Жарықты ұтымды пайдалана отырып, актер өзінің шебер ойын өрнегі арқылы көз жасын сахнада ойната алса, ол актер үшін үлкен артықшылық болмақ.

Мен адамзат баласыныц гаммаға бай күлкісін — ең бақытты сәті бүкіл жан дүниесімен ақ жарылып ақтарыла күлуінен бастап, ішек-сілесі қатып шиқылдағанға дейін немесе есі ауыс адамның мырс-мырс етіп күлетініне дейін аудармай салуды үйрендім.Тіпті жан дүниесінің кейбір қиын кезеңдерін тек бет-әлпеттің ымымен ғана емес, дененің кескін-кейпімен салып беруді үйрендім. Менің ойымша, адамның қолдары да тіліміз сияқты сөйлей білегін ділмәр болу керек. Қолдың немесе саусақтың қимылдары арқылы кейіпкердің көңіл күйін айтып жеткізуді де үйреніп алдым.Қажет болған тұстарда арқаның, иықтың немесе тізенің әрқилы көмегімен сахнада біресе биік болып, біресе сұмырай болып, біресе орта бойлы болып көрінуді меңгердім. Сондай-ақ актер өнерінің техникасына жататын осы тектес көптеген қулықтарды үйрендім. Осылардың бәрінің түкке керегі жоқ деп есептейтін актерлер бар, одан да сорақысы осылай ойлайтын актерлерді оқытып жүрген оқытушылар да бар. Бәрі бекершілік. Осындай байлықтардан мақұрым қалғандардың нағыз актер болып шықпайтынын тәжірибе әлдеқашан дәлелдеп берген» (Ваграм Папазян, Жизнь артиста, Москва — Ленинград, 1965, стр. 61) деп В. Папазян актер техникасының аса маңызды ролін бақайшағына дейін шағып айтса, К. С. Станиславский: «қолымыздың саусағы — денеміздің жарқыраған жанары» деген сөзді айтқан. Қос алып Станиславский мен Папазян, актердің күллі қимыл-іс қызметіне осыншама зор мән берсе,— актердің сыртқы техникасы сахнада қандай роль атқаратынын өздеріңіз де сезіп отырған боларсыздар, Құрметті актер қауымы!

О, Сахнаның Сандалкөк Санаткерлері!

Сахнадан Саз Сызғырған Серілер!

Философиялық ойдың кемеңгер Королі Гамлет сүйіп, сыйлаған: «Заманымыздың қысқа да шешен шежіресі!»

Құлақ күйі келмеген домбыра күй шерте ме? Шанағын шаң басып, сағағын кір басып күтусіз қалған аспап — аңыратып ән айта ала ма? Құлағы — күміс, пернесі — пейіштің үні болса да, күтімі жоқ қақыраған домбыра — күн көзінде қалып, жарық-жарық болған астау емес пе? Ұмыт қалған аспап та бір астау да бір!

Ендеше, аттаған аяғымызды аңдап басып, басқан қадамымызды неге есептемейміз?! Сахнаға аяқ салар салмастан құтымыз қашып, үрейіміздің ұшып кететіні неліктен? Қимылымыз қиюын таппай, қирап қалатыны қалай? Қозғалғанымыз — қораш, қимылдағанымыз —оғаш болатын себебі не? Сексеуілдей сексиіп, қара ағаштай қақайып қалатынымыз не? Отырсақ — опырайып, тұрсақ — жапырайып қалатынымыз бар-ау.

Сұлулық пен әсемдіктен өрілген қимыл мен қозғалыс сахнаның сәні емес пе?!

«Жоғары көтерілген қолдардың шлагбаум сияқты илікпей қатып қалғанына өмірде төзуге болар, ал сахнада оған жол беруге болмайды. Қақайған қол адам денесін ағашқа ұқсатып, манекен қылып жібереді. Ондай актерлердің жаны да ағаш сияқты қатты болады. Ал, енді осыған әкеліп сырықтай болып қақайып қалған жон омыртқаны қосақтасаң, адам емес, «емен» болып шыға келеді. Мұндай «ағаш» не жасамақ? Онда қандай өмір болмақ» (там же, стр. 146) деп К. С. Станиславский күйініп жазса, сахнада өзін-өзі сыйлай білетін әрбір актер, қимылы мен қозғалысының үйлесім, ұнасымына, гармониялық жарасым, сыр-сипатына ерекше ден қою керек. Ол үшін актер аттаған әр қадамына жүйелі түрде бақылау қойып дағдылануға тиіс. Бұл — актердің қимыл-іс еркіндігін жете меңгеруіне қойылар басты талаптардың бірі.

Сахналық еркіндік — актердің сахна алаңындағы қалыпты көңіл күйінің қайнаған тас қайнары десек, сол көзден бұрқылдап аққан қос бұлақтай болып, ішкі және сыртқы еркіндік (свобода внешняя и внутренняя) заңдылықтары арна ағызады.

Аталмыш егіз процесс тікелей актердің ішкі еркінділігіне қазықталған. Өйткені сыртқы еркінділіктің сынаптай сырғыған сұлулығы, қимылдағы емін-еркін әбжілдік, қозғалыс көркі түгелдей актердің ішкі еркіндігінен өркен жаяды. Яғни, сыртқы емін-еркінділік — ішкі емін- еркінділіктің жемісті нәтижесі. Ал, ішкі еркінділік — мақсатың мен әрекетіңе деген мол сенім. Өз мақсатына берік адам жалтармай, жалтақтамай батыл қимылдайды, өзіне-өзі сенімді болады. Бұлтағы жоқ, сеніп істелген іс кібіртік туғызбайды, әрекет еркіндігін өмірге әкеледі. Сеніп іс істеудің астарында мол білім, зор парасат жатады.

Олай болса, білім мен парасат адамға сенім туғызады, сенім ішкі еркіндікті дүниеге әкеледі, ал, ішкі еркіндік адамның қимыл-іс әрекетінен, дене мүшесінен әсемдік, көркемдік сипат табады. Тағы да қайталап, қазықтап айтсақ,

с ы р т қ ы е р к і н д і к — і ш к і е р к і н діктің көркемдік нәтижесі. Өйткені, актер өз кейіпкерінің өмір тарихын бүге-шігесіне дейін түгел зерттеп,терең біліп шықканда ғана қаңқайма, шоңқайма, бырысқақ, тырысқақ індетінен біржола ада болу дәрежесіне қол жеткереді. Демек, іштей шексіз сенім — актердің ішкі және сыртқы еркіндігінің тас бұлағы. Өзіне-өзі шексіз сенудің түп төркіні — актердің ұшан-теңіз ересен білімі мен зиялы парасат ізгілік негізіне саяды.

Табиғаты таяз адамнан талант шықпайды. Өзінің ішкі дәрменсіздігін кейбір сыртқы өрескел қимылдарымен жасырып, бүркемелеуге жанын салып жанталасып жүрген әдепсіз актерді титімдей де болса талғамы бар көрермен қауым, аңғармай қоймайды. Көлденең көз көргіш келеді. Солай десек, бұлшық еттің сіресуі мен дененің қақайып қалуы — актердің әдепсіз әрекетінен тамыр тартатын індет деп бағалаған абзал. Актердің техникалық әлсіздігін алдын ала айғақтап, оны жұрт көзіне ұстап беретін опасыз құбылыс: бырысу, тырысудан тұратын дәл осы әдепсіз әрекет. Кейде сахнадан, жиі болмаса да шаршап-шалдығып жүрген актерлерді байқап калуға тура келеді. Оның себебі: күш-қуат көзін дұрыс жұмсай алмау салдарынан бұлшық еттер мен буын буындарда, омыртқалар мен жон арқада болатын сіресулер. Осылай тұла бойдың әр жеріне мықтап шоғырланған тырысу-кұрысу кінәраты актерді қатты қалжыратып тастайды. Шаршаудың алғашқы белгісі —адамды тер басады. Тас бұлауға түсіп терге малшынған адам — асып-сасып, әбігерге түседі. Әбігер мен қарбаласқа түскен адамнан — өнер ауылы алшақ кетеді. Осындай күйге түсіп, тері сорғалаған актерлерді көре- көре әбден ығыр болған К. С. Станиславский қатты күйініп кетіп; «Раз актер потеет на сцене, долой со сцены!»— деп ақырып жіберген ғой!

Ал, біз бейбақтар, артистерге К. С. Станиславский сияқты айбаттана ақырмақ түгілі, ақырын айтуға да бата алмайтын болып алдық...
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24


написать администратору сайта